Материалдар / Ғылыми жоба Құстар, 7-11 сыныптарға
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба Құстар, 7-11 сыныптарға

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жұмыс аудандық 1 орын иеленген жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2024
260
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Шығыс Қазақстан облысы

Аягөз ауданы

«Горный жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Жобаның тақырыбы: «Байқошқар ауылында қыстайтын құстардың түрлік құрамы мен маңызы»



Бағыты: «Таза табиғи орта – Қазақстан 2030 адам дамуының негізі»


Секция: биология


Жоба авторы: Хабасов Руслан 10 – класс оқушысы











Ғылыми жетекші: М.Ғ. Қуанышбаева, Семей қаласы Шәкәрім университеті, Жаратылыстану ғылымын оқыту кафедрасының доценті, биология ғылымы кандидаты

Жетекші: Куттыбаева Ботакоз Амирсанаевна






Аягөз қаласы

2019 жыл, қазан






МАЗМҰНЫ

Кіріспе..............................................................................................................................3

I. Ғылыми теориялық бөлім

1.1 Ғылыми еңбектерге шолу………………………………….................…...............5

1.2 Зерттеу аймағының физикалық және географиялық сипаттамасы....................8

1.3 Зерттеу нысандары мен әдістері............................................................................9

II. Ғылыми тәжірибелік бөлім

    1. 2.1 Байқошқар өңірінде қыстайтын құстардың түрлік құрамы................................12

    2. 2.2 Құстардың аңықтағышы мен сипаттамалары......................................................13

    3. 2.3 Құстардың экологиялық ерекшіліктері және маңызы.........................................31

Қорытынды.....................................................................................................................36

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................................37






























КІРІСПЕ

Құстар жоғары сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген жануарлардың бір тобы. Құстар класының 31 отрядқа топтастырылған 8000 – нан аса түрі белгілі. Соның ішінде Қазақстанда 25 отрядынан 503 түрі кездеседі. Бұл құстардың маңызды және кең таралған түрлері мектептің биология курсында оқытылады.

Құстардың көпшілігі мекен етіп жүрген ортасында көптеген зиянкестерді, бунақденелілерді, кеміргіштерді жойып табиғат пен адамзатқа зор пайдасын тигізеді. Құстар үшін қорек құстардың таралуына, өсімталдығына тағы басқа тіршілік жағдайына әсер етеді. Қыс көптеген жануарларға өте ауыр кезең. Қан температурасы жоғары құстардың көбі қыста белсенді түрде тіршілік ете береді. Бұларға жақсы қыстап шығу үшін тек жем жеткілікті болса болғаны. Бірақ қыс мезгілінде азық қоры жеткіліксіз. Соңдықтан жазда тарықпай күн көретін құстардың бірқатары қысты күні тіршілік ете алмайды. Сол себепті басым көпшілігі жылы жаққа, қорегі мол жерге қыныс аударып, ұшып кетеді. Бірақ кейбір насеком қоректі құстар да суық жақта қыстап қалады, сол жерге бейімделіп тіршілік ете береді.

Орман құстарының тіршілігіне қардың бөгеті жоқ. Қайта қар жұқа болса, олардың тығылатын жері болмай қара суықта қырылып қалады. Бұл құстардың көпшілігінің тіршілік әрекеті адаммен, табиғатпен тығыз байланысты.

Құстар тіршіліктің бір бөлігі болғандықтан, олардың да тіршілік ету заңдылықтары бар. Осыған байланысты құстардың адамға тигізетін пайдасы – бұл көктем уақытындағы ағаштар мен басқа өсімдік қоректі зияңды насекомдардың личинкаларымен, әртүрлі жұлдызқұрттармен қореткеніп, өнімді жақсартады. Үлкен қалаларда шашылып қалған тамақ қалдықтарын жеп, санитарлық қызметін атқарады (тоқылдақ, торғай, қараторғай, сауысқан, қарғалар).

Құстардың адамның рухани өмірінде алатын орны зор. Құс адамның қанатты достары. Құстардың аса ұшқыр келетіндігі, өте әдемі қауырсындары, құлаққа жағымды әдемі дауысы-осының бәрі оларға табиғаттың өзі сиға тартқан ғажайып көрінісі деуге болады.

Қорыта айтқанда, құстар адам үшін пайдалы және қымбатты, олар адам маңайында тыныш тіршілік етуі қажет. Біздің жеріміз ұрыс даласындай қарғалармен ғана шектелмей, адам жүрегін елжіретер әнші, пайдалы, сүйкімді құстар да болуы керек. Осындай құстардың маңызын түсініп, біліп қана қоймай, олардың тіршілігін зерттеп, табығаттағы мөлшерін аңықтау жұмыстарымен айналысу қажет. Сондай-ақ кең көлемдей құстардың санағы барлық елдерде көптеген жылдар бойы жүргізіліп келеді. Алынған нақты нәтижелер батыс елдерде, біздің елімізде зоологтардың, географтардың, экологтардың сұрауы бойынша жүргізіліп келеді.

Әр жылдары құстарға жүргізілген зерттеулер құстардың жетілікті популяция санын, сондай-ақ антропогендік фактор әсерінен болған өзгерісін көрсетіп отырады.

Біздің елімізде құстарды қорғау шараларын қолдануда. Құстар адамның ерекше қамқорлығын талап етеді. Сондықтанда құстарды, әсіресе, сирек түрлерін аулауға тыйым салынған. Мезгілсіз, рұқсат қағазынсыз, ататындармен күрес, құстардың санын арттыру, ұяларды бұзудан қорғау және тағы басқа да шараларды ұйымдастыру жолға қойылған. Яғни, мемлекетімізде барлық құстарды дерлік қорғау туралы арнаулы заңдар мен ережелер қабылданған. Құстар көптеген елдердің экономикасында маңызды орын алады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Байқошқар өңіріндегі қыстап қалатын құстардың түрлік құрамын зерттеу және олардың туыс деңгейіне дейін анықтағышын құру, экологиялық және биологиялық сипаттама беру. Осы мақсатта келесідей міндеттер қойылып отыр:

  • Байқошқар өңірінің қыстап қалатын құстардың түрлік құрамын анықтау, олардың туыс деңгейінде анықтағышын құру.

  • Құстардың биологиялық экологиялық сипаттамасын беру.

  • Қыстап қалатын құстар мектеп бағдарламасында 7, 8, 9 сыныптарда «Тірі ағзаларды жүйелеу» бөлімінде қарастырылады. Сондай-ақ кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда аймақтық компанент ретінде пайдалануға әдістемелік нұсқау беру.

  • Құстарға қамқорлық көрсету.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Байқошқар өңірінде қыстап қалатын құстардың түр құрамын анықтап, анықтағыш құрал ұсыну.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы:

  • Зерттеу жұмысының қорытындылары биология пәнінен «Тірі ағзаларды жүйелеу» бөлімінде құстарды анықтауда қолданылады.

  • Байқошқар маңында қыстап қалатын құстардың түр құрамы мен олардың сипаттамасы жергілікті немесе аймақтық компонент ретінде мектептерде биология курсын оқытуда және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда пайдаланылады.




















І. Ғылыми теориялық бөлім

1.1 Ғылыми еңбектерге шолу

Қазақстанның құстары жайды ең алғашқы мәліметтер 18 ғасырдың басында, ғылым академиясының ғалымдары республикамыздың біраз жерлерінде болғаннан кейін пайда болады. Қүстардың географиялық таралуы тек жалпы сипатта беріліп, тіршілік ету ерекшеліктері жайлы мәліметтер өте аз берілді.

Еліміздің құстарын зерттеудің алғашқы кезеңі Н.П. Рычковтың (1762,1772) және П.С. Палластың академиялық экспедицияларымен тығыз байланысты. Олар республика территориясындағы жануарлармен бірге өсімдіктерін, геологиясын, өлкенің этнографиясы мен тарихын зерттеген [8].

1909 ж. Г.И. Поляков Н:В. Зайцев, Д.Костромнин және И Федосов Зайсан көлін, Ертіс өзенінің аңғарын, Марқакөл көлін зерттейді. Олармен құстардың 640 балапандары, құстары, жұмыртқалары мен ұялары жиналып, зерттеу нәтижелері баспаға шықты.

Қазақстан авиафаунасын зерттеушілерінің бірі В.Н. Шнитников өз зерттеулерін 1907 -1956 жылдар аралығында жүргізді. Зерттеулер нәтижесі «Птицы Семиречье» атты монографиясында берілді. Семей қаласының орнитафаунасын 1918 жылы В.А. селевин зерттей бастайды. Қалада бақылаулар жүргізе отырып, ол 1923-1932 жылдар аралығында қазақстандық экспедицияларға қатысып, құстарды зерттеп, Семей музейіне жібереді [12].

1932 жылы Алматыда Қазақ ССР ғылым академиясы құрылады. Негізгі орнитологтары Л.М. Шульмин мен С.И. Снигиревский, кейінірек И.А. Долгушин жұмыс істей бастайды. Долгушин «Птицы Казахстана» атты 5 томдық кітапты дайындайды. Ол Қазақстан территориясында кездесетін 488 құстардың түрлері сипатталған.

Жалпы Қазақстан орнитафаунасын зерттеуде көптеген ғылыми еңбектер жазылған: «Птицы Казахстана» (5 томдық; 1950-1974 жж.), «Поговорим о птицах» (1985), «Мир птиц Казахстана» (1989), Сондай-ақ, Базарбеков К.У., Ляхов О.В. Определитель птиц (1992), Березовиков Н.Н., Губин Б.М., Гуль И.Р., Ерохов С.Н., Карпов Ф.Ф., Коваленко А.В. «Птицы пустыни Таукума» (Юго-Восточный Казахстан), Киев-Львов (2000).

К.Н. Благосклоновтың «Гнездование и привлечение птиц в сады и парки» деген еңбегінде құстарды қала тіршілігіне бейімделуіне байланысты 3 топқа бөледі: 1 - синнатроптар – қаладан басқа ешқандай жерде кездестіре алмайтын түр; 2 - урбофилдер – булар адамның көмеленсіз қалаға өздері байімделеді, өзгеретін жағдайға бейімделген; 3 - урбофобтар – қалада өздеріне қолайлы биотоптар (шалғындар, батпақтар) болса бейімделеді [5].

Ташкент мемлекеттік университетінің қызметкері А.Н. Аюпов студенттермен бірлесе отырып, Ташкент қаласында қыстайтын қарға тәрізді құстардың санағын жүргізді. Бұны «Ташкент қаласында қыстайтын қарға тәрізді құстар» деген қорытынды жұмыспен аяқтады. Ол зерттеулерінде қалада 4 түрлі қарға тәрізділердің ұшып келетінін аңықтады. Олар: сауысқан, ала қарға, тоған, ұзақ. Аюповтың бақылаулары бойынша қарға тәрізді құстардың көбі қазан айында келесі қатар бойынша ұшып келеді. Айдың басында ала қарғалар, ортасына таман тоғандар тобы, айдың аяғында ұзақтар ұшып келеді. Сауысқандар қай жерге ұя салса, сол жерде қыстап қалады. Кейбіреулері ұшып келеді, олар саябақтар мен бақтарда жүреді. Аюпов бақылау барысында қазан айының басында қыстайтын ала қарға тоғандарға қосыларды, ал ұзақтар жеке күйінде қалатындығын анықтаған.

1979 жылы В.П. Денисовтың «Қарға тәрізді құстардың Пенза қаласында қыстауы» деген еңбегі шықты. Ол еңбегінде ала қарғаның негізгі ерекшеліктері, оның қорегін іздеудегі тәуеліктік миграциясы түнейтін орындары жайлы айтылған. Тұрақты түнейтін орындары саябақтар. Осыған байланысты жылына 40 мың ала қарғалар қыстайды. Бақылау барысында ала қарғалардың күндіз болсын, түнеу кезінде болсын топ-тобымен жүретінін, түр өзінің тобынан ажырамайтынын бақылады [12, 16].

И.С. Равкиннің «Опыт оценки обилия и распределения врановых птиц Песковских областей» атты еңбегінде мынадай нақты мәліметтер бар: бақыланған орнынан сауысқанның, ала қарғаның, ұзақтың тығыздығы алынған. Ұзақтың мөлшері – 500 мыңға сауысқандікі 22 мыңға, ал қарғанікі 114 мыңға, тоғанның 23 мың мөлшері алынды. Жалпы, қарға тәрізді құстардың мөлшері 1 млн, биомассасы – 250 тонна болады [19].

1985 жылы Орехова – Зуева педагогикалық институтының қызметкері А.В. Лентеев студенттермен бірге қалаға ұшып келетін қарға тәрізділердің санын шығарады. Алынған нақты мәліметтер қаладағы қыстайтын қарға тәрізділердің санын шығарады.

А.Н. Мурашев 1976 – 1986 жылдардағы Москва, Калинин облысының территориялларынан жинап алынған материалдарды аша отырып, мынандай тұжырым жасаған: «Қарғалардың таралуы антропогендік жағдайларға және еліміздің аудандарының әртүрлілілгіне байланысты» - деді. Бұлардың тіршілігі қала мен ауылда өтсе де олардың ұялары көлдер мен өзендер жағалауында көп екенін тұжырымдады [8].

1975 – 76 жылдары А.Н. Кусенков, А.Д. Тихоненко Гомель қаласындағы қысқы құстардың санын және оның экологиясын аңықтап зерттеді. Бақылау барысында олар құстардың тіршілік ету орталары қазіргі көп қабатты үйлер мен аралас үйлер бар аудандар деп көрсетті. Гомель қаласындағы зерттеулер бойынша (А.Н. Кусенков, А.Д. Тихоненко) қарға тәрізді құстарды аңықтау, олардың азықтық орталары арқылы жүзеге асырылады. Қыста қарға тәрізді құстардың тиісті әсері үлкен 33,4 % - ке жуық, ал аралас жеке аудандарда 49,8 %. Қалада қыста қарға тәрізді құстарды аңықтау, олардың азықтық орталары арқылы жүзеге асырылады. Қыста қарға тәрізді құстардың 20 – 25 %-ті қалада қоректенеді деген тұжырымдар айтты [18,23].

Құстардың сыртқы және ішкі құрылысы ұшуға бейімделген. Бұл адамзат назарын өзіне ертеден аударып келген. Ұшудың әр түрін (қанатын қағып ұшу, қалықтап ұшу), сондай – ақ құстардың дене құрылысының ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде адам осы білімін авиация техникасында пайдаланады.

Құстар қауымының құрамы маусым бойынша өзгеріп отырады. Кейбір құстар қыстап қалады, ал көбі қысқа қарай басқа жақтарға ұшып кетіп, көктемде кайтып оралады. Олардың басым көпшілігі Африканың, Индияның және Қытайдың жылы аймақтарында қыстап шығады. Олардың ұшу жолының ұзақтығы 6 – 11 мың километр аралығында болады. Ал, қанаттары алтын сияқты жылтырап тұратын ржанка деген құс, тіпті 16 мың километрге дейін ұзақтыққа ұшып бара алады екен. Олар Атлантикадан жылына екі рет ұшып өтеді [30].

Қазақстан құстары қайда ұшып кетеді екен? Мұны білуге соңғы 50 жыл ішінде зерттеушілердің республикамыздағы құстарға кигізген білезіктері арқылы аңықтайды. Қазақ Ғылым академиясының зоология институтына әр елдегі ұсталынған құстардың білезіктері келіп түседі Дания мен Оңтүстік Индияға біздегі Алакөл көлінде жүрген шурегей үйректер ұшып барыпты. Солтүстік Индияда Қапшағай су қоймасы маңынан білезіктелген құстар байқалған. Пәкістанда Жамбылдың қараторғайы ұсталынған [8, 9].

Американдық ақ тамақты тентекқұс насекомдармен қоректенеді қыскезінде ұшатын насекомдар болмайды. Сондықтан бұл құстар энергиясын сақтап қалу үшін, қысқы ұйқыға кетеді. Аз уақытқа тентекқұстың дене температурасы 6 ° С градуска дейін төмендейді. Қалыпты жағдайда бұл құстардың дене температурасы 40° С шамасында [4].

Құстар жоғары сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше мамандалған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан бауырмен жорғалаушыларға жақын прогрессивті бұтағы. Құстардың басқа омыртқалылардан ажыратуға болатын негізгі белгілері: а) құстардың орталық жүйке жүйесі жақсы жетілуі нәтижесінде әртүрлі жағдайларға жақсы бейімделіп, мінез-құлықтарын күрделі болуы; 2) зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің дұрыс болуына байланысты температурасы жоғары және тұрақты; б) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті, қозғалу және өршу қабілеті жойылмаған; в) көбею процесі біршама жетілген (жұмыртқа басуы, ұрпағына қамқорлығы, балапандарын қоректендіруі) [35].

Адамзат табиғатты қашан да туған анасына балап, оның көрікті де көркем көріністерін массаттана жырлады. Адам сәнді де жылы киіну үшін бағалы аңдарды, қауырсыны әдемі құстарды аулауда олардың санының азаюына себеп болды. Мысалы, 1870-1875 жылы көптеген елдерде практикалық және ғылыми жағынан маңызды ақ құстардан айрылады [17].

Көптеген құстардың 139 түрі мен өзгеше түрлері тек қана браконьерлер қолдарынан жойылып кеткен. Алайда табиғат өз әсемдігін қалпында сақтап, ондағы тіршілік атаулыға шашау шығарғысы келмейтін табиғаттың нағыз жанкүйер достары планетамыздағы жан-жануарларды қорғап қалудың барлық шараларын ойластырды. «Қызыл кітап» деген атауды ұсынған Англиядағы белгілі капитан Роберт Скоттың ұлы Питтер Скотт еді. Питтр Скотт қызыл Казарка туралы құнды зерттеулер жүргізіп құстардың тіршілігімен шұғылданатын ғалым суретші. Совет Одағында құстардың 770-тей түрі бар. Қазіргі заманғы қүстар 40 отрядқа топтастырылады. Солардың республикамызда кездесетін 12 отрядындағы 43 түрі сирек кездесетін қүстар түрлеріне жатады. Олар ескек аяқтылар, сирақтылар, қоқиқаздар, қаз тәрізділер, жемін күндіз аулайтын жыртқыш құстар, тауықтар, дуадақтар, балшықшылар, шағалалар, шілдер, торғайлар отрядының өкілдері болып табылады [13].

Қыстап қалатын құстарды зерттеуде көптеген пайдалы кеңестер Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау Ассоциациясы шығарған «Как наблюдать за птицами или как стать хорошим бёдвочером» (Алматы, 2008) еңбегінен алуға болады [27, 31].



1.2 Зерттеу аймағыныңтын физикалық

және географиялық сипаттамасы.

Шұбартау өңірі республикамыздың Шығыс бөлігінде орналасқан, солтүстігінде Павлодар облысы, батысында Қарағанды мен Жезқазған, оңтүстігінде Талдықорған, шығысында Шығыс Қазақстанның басқа аудандарымен шектеледі.

Шұбартау өңірінің климаты континентальды, өзгермелі, ауа райы жазы ыстық, қысы суық жылдық және тәуліктік ауа температурасының айырмашылығы үлкен, жауын-шашын аз түседі. Қысы суық, қар аз түседі, жазы ұзаққа созылады, ыстық. Қыстың ең суық айы - қаңтар, ал ең ыстық ай – маусым.

Шұбартау өңірінің территориясының ылғал мөлшері жеткіліксіз әрі тұрақты емес, ылғалды жерлер Байқошқар өзенінің маңы, басқа да су қоймалары төңірегінде кездеседі.

Шұбартау өңірінің жазық қыратты, таулы бөліктерінде қуаңшылық байқалады. Шұбартау өңірінің территориясы бірнеше географиялық аймақтарға бөлінеді: далалы, шөл-далалы, шөлді, таулы, қыратты, далалы –орманды. Шығыс Қазақстан облысының физико-географиялық орнының өзіне тән ерекшелігі, дүние жүзілік мұхиттардан өте алыста орналасуы, оның климатына әсерін тигізеді.

Шұбартау өңірінде мынадай топырақ түрлері бар: ормандық сұр топырақ, ашық сұр топырақ, таулық-далалық, таудың қара топырағы, кәдімгі қара топырақ, күлгін ашық-күлгін, қоңыр топырақтар. Топырақтың жиі кездесетін доминанттық түрлері: сілтілік, кәдімгі және оңтүстік қара топырағы, қара қоңыр топырақ, күлгін топырағы, ашық-күлгін, қоңыр, сұр-қоңыр топырақтар қатарына жатқызуға болады. Аңызақ жердің өтінде тұрған сусымалы құмды бекітіп, ылғалды ұстап, аймақтың экологиялық жағдайын жақсартады. Ылғалдың жеткіліктілігіне орай (судың тасуы, еспе судың жақындығы) аймақтың өсімдік жамылғысы өзінің сан алуандығымен, молдығымен ерекшеленеді.

Өзен жайылымдарында шалғын шөптер, ылғал сүйгіш жалпақ жапырақты ормандармен алмасады. Ағашты өсімдіктерден қара терек, ақ терек, тал, қайың, көк терек, бұталардан: ырғай, тобылғы, итмұрын, долана, мойыл, қара жидек өседі. Құмдақты жағада сүттіген, қара аңдыз өссе, су жағалауында қамыс, қырықбуын, ақ тұңғиық кездеседі. Алқа, қара терек, қызыл бояу, қара жидек, дәрілік түймешетен, қияқ, ит бүлдірген, итошаған, сүттіген сияқты дәрілік өсімдіктер де өте көп [20].

Шығыс Қазақстан обылысының жазық және аласа жерлерінде өзен торы аз кездеседі. Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын Ертіс өзені обылыстағы негізгі су магистралі. Ал қалған өзендердің суы аз болғандықтан Балқаш, Алакөл сияқты түйықталған ішкі су ағынын құрайды. Бұлардың ішіндегі түрақты ағатын өзендер: Ертіс, Үржар, Еміл. Өзендердің көпшілігі жаз айларында құмға сіңіп (Ащысу, Шаған, Бүғаз, Бақанас, Қарақол) тартылып қалады. Жыра-сайлармен ағатын маусымды өзендер тек қар суымен, жаңбыр суымен толығады да, аңғары мен қазаншұңқыры құмды қиыршық тасты болғандықтан, құмға тез сіңіп кетеді.



1.3. Зерттеу нысандары мен әдістері

Қазақстанда құстардың 500-ден астам түрі кездеседі (ұялайды, ұшып өтеді немесе қыстайды). Табиғатта бақылау жүргізгенде дүрбі көмектеседі, ол әр уақытта қол астында болуы керек. Ең алдымен құстың қандай белгілеріне көңіл аудару керек? Біріншіден, дене мөлшері, ол түсінікті болуы үшін барлық белгілі түрлердің торғайлардың, сайрауйықтардың, кептерлердің және т.б. құстардың мөлшерімен салыстыру. Екіншіден, реңінен көзге бұрын түсетін түрлері – дақтарына, қанаттарындағы «айнасына», жолағына және тағы басқаларына көңіл аудару керек. Содан кейін, тұмсығының пішіні мен түсіне, аяғының ұзындығы мен түсіне зер салу керек. Анықтауға мінез-құлығының, қозғалуын (ұшу типі – қанаттарын қағу жиілігі, қалықтау, қанаттарын жазу және жинап алуы, құлдилап «сүңгу» және басқалары, жерде қозғалу тәсіліне – жүруіне және секіруіне және т.б.), дауысын сипаттау да көмектеседі. Сол сияқты мекендеу ортасының типін, яғни, мысалы, орман, тау немесе су қоймаларының жағалаулары және құстардың тікелей орны, мысалы, ағашта, бұталарда, жерде орналасуын сипаттаған да дұрыс. Міндетті түрде кездескен күні мен орнын жазып отыру қажет.

Бұл бақылау жұмыстарын 2018-2019 жылдардың ішінде қазан, қараша, желтоқсан айларында жүргіздік. Құстардың санын аңықтадық. Санақ жүргізу барысында барлық кездескен құс жазылып алынады, осы әдісті орнитологтар жиі қолданады. Бұл тәсіл нақты мәліметтер алуға, ұсақ және орташа масштабтағы географиялық жағдайға арналған. Санақ жүргізу кезінде қажетті құралдар: маршрут, күнделік, қарындаш, дүрбі, фотоаппарат, кітап.

Бақылау барысында алдын – ала белгіленіп алынған бағыт бойынша қозғалып отырады, бақылаушының жүру жылдамдығы төмен болу керек, себебі кездескен түрді анықтап көріп жазып алу үшін. Күнделікке алдымен күнді, ауа – райының жағдайын, уақытты, жүріп өтетін бағытты жазып, салып қою қажет. Құсты көрген мезетте күнделікке жазылатын мәліметтер: түрі, кездескен түрлердің саны, түдің жағдайы мөлшермен жазылуы қажет. Мысалы, торғайлар 30 – 40 түр кездесті. Санақ барысында жүріп өткен жол карта бойынша алынады. Санақ жүргізіліп болған күні кешінде бақылаушы мәліметтерін күнделікке қоюы қажет.

Құстарды бақылау Байқошқар ауылының орталық саябағында және орманда жүргізілді. Санақ ашық және желсіз күндері жүргізілді. Әр жүргізу уақыты 1-1,5 немесе 2 сағатқа созылды, жүру қашықтығы 2,5 – 3 шақырым. Бақылау кезінде жеті еселі дүрбі пайдаландық. Б.А. Кузнецовтың «Определитель позвоночных животных СССР» кітабының 2 томын және Н. Н. Карташевтің «Практикум по зоологии позвоночных» оқу құралдары пайдаланылды. Құстарды дауыстарынан, көзбе – көз, дүрбі арқылы көріп анықтадық. Анықтағышты қолдану үшін құстын дене бөліктерінің қалай аталатынын, қауырсын аймақтарын, дене мөлшерін дұрыс өлшеу және құстың жынысын анықтауды үйрену керек [20,31].

Құстарды анықтайтын кесте үлкен құстарға арналып құралған. Балапандар мен жас құстарды аңықтауға келмейді.

Дене бөліміндегі арқа жағындағы қауырсын – үстінгі деп аталады, кеудесіндегі қауырсын ішкі, басына неғұрлым жақын бөлімін – алдынғы, құйрығындағы қауырсыны – артқы деп атайды (1 сурет).

Дене бөліктерінің мөлшері құсты аңықтауда үлкен маңызы бар.

Құстардың аталығы мен аналығы сыртқы белгісі бойынша ажыратылады.




Құстың сыртқы құрылысы

1-сурет






























II. Ғылыми тәжірибелік бөлім

2.1 Байқошқар өңірінде қыстайтын құстардың түрлік құрамы.

Байқошқар өніріндегі қыстайтын құстардың 3 отрядқа 8 тұқымдас 9 туысқа біріктірілген 13 түрі анықталды (1 кесте). Сонымен қатар кездескен құстардың орташа саны анықталды. Ол бойынша үлкен топты құстардың ішінде үй торғайы, дала торғайы және самырлар, бір үйірдегі 26-39 құс аралығында кездесті. Анықталған құстардың 10 түрі торғайтәрізділер тұқымдасына, 2 түрі тоқылдақтарға және 1 түрі көгершінтәрізділер тұқымдасына жатады. Түр саны бойынша ең үлкені - торғайтәрізділер тұқымдасы (1 диаграмма).

1-кесте

Байқошқар өңірінде қыстайтын құстардың түр құрамы.

Отряд

Тұқымдас

Туыс

Түр

Орташа саны

Көгершін тәрізділер - Сolumbae

Көгершіндер - Columbidae

Кептерлер – Columbia

  1. Көк кептер Columbia livia

20

Тоқылдақтар - Piciformes

Нағыз тоқылдақдар - Picidae

Теңбілді тоқылдақтар - Dendrocopos

  1. Үлкен тоқылдақ - Dendrocopos mojor

1-3




3. Кіші тоқылдақ-Малый пестрый дятел (Dendrocopus minor L.)

1-3

Торғайтәрізділер - Passeriformes

Самырлар - Bombycillidae

Bombicilla

4.Самыр Bombicilla garrulrs


35


Құзғындар - Corvidae

Сауысқандар -

Pica

5. Сауысқан- Pica pica

4-5



Қарғалар - Corvus

6. Ала қарға - Corvus cornix


10-15


Шымшықтәріз-ділер - Синицевые Paridae

Шымшықтар - Parus

7. Сарыбауыр шымшық - Parus major L.


30


Ткачиковые - Passeridae

Торғайлар - Passer

8. Үй торғайы - Passer domesticus .

45




9. Дала торғайы - Passer montanus .

40


Құнақтар - Fringillidae


Пайыздар -Carduelis

10. Кәдімгі пайыз -

Carduelis carduelis

15



Суықторғайлар - Pyrrhula

11. Кәдімгі суықторғай Pyrrhula Pyrrhula

10


Сайрақтәріз-ділер Turdidae

Сайрақтар Turdus

12. Шетен сайрағы - Turdus pilaris L.

10




13. Қылғытпа сайрақ Turdus viscivorus

5


1 диаграмма


2.2. Құстардың анықтағышы мен сипаттамалары

Қыстап қалатын құстардың отрядтарының анықтағышы

1. Екі саусағы алдыға, екі саусағы артқа бағытталаған. Артқа бағытталған саусақтарының тырнағы алдыңғы саусақтарынан кіші, тұмсығы тік, астыңғы тұмсығының қыры өткірленген. Көздері бастарының екі жағында орналасқан және екі жаққа бағытталған. Тұмсығының үстінде етті өсіндісі болмайды, танау тесігі тұмсығында немесе оның үстінде орналасқан.

1. Тоқылдақтар ортяды

- Үш саусағы алдыға, бір саусағы артқа бағытталған_________________________________________________________2

2. Дене мөлшері орташа немесе кіші құстар. Қанаттары мен құйрығы күрт үшкірленбеген. Танау тесігінің үсті жақсы жетілген етті өсіндімен аздап жабылған. Үй көгершініне ұқсас келеді

2. Көгершін тәрізділер отряды

- Танау тесігінің үсті жақсы жетілген етті өсіндімен жабылмаған_________________________________________________________3

3. Артқы саусағы алдыңғы саусақтарымен бір деңгейде орналасқан. Артқы саусағының ұзындығы алдыңғы саусақтарының 1/3 ұзындығына тең (тырнақтарын есептемегенде). Ортаңғы және шеткі саусақтары бір-бірімен бірігіп өспеген, негізіне дейін бос болады 3. Торғайтәрізділер отряды


1. Көгершінтәрізділер отряды

Кептерге ұқсас дене мөлшері орташа немесе кіші құстар. Жыныстық диморфизм байқалмайды. Бір жерден басқа жерге көшуі мүмкін. Өсімдік қоректі (дәнқоректі). Отряд бір ғана Кептерлер (Columbidae) тұқымдасынан және екі: Түркептер және Кептер туысынан тұрады. Семей өңірінде қыстап қалатын тек бір ғана түрі Көк кептер анықталып, сипаттама беріліп отыр.

Тұқымдас: Кептерлер - Columbidae

Туыс: Кептерлер – Columbia

Түр: Көк кептер - Columbia livia

Бұл отрядқа саны көп кептерлер жатады. Жер бетінде тіршілік ететін әртүрлі формалары бар. Біздің фаунамыздың типті өкілдері: жабайы көк кептер және көп тараған кәдімгі көгершін.

Бұлар қауымдық құстар, қауымдас құрап ұялайды, қорегіне және су ішуге тобымен ұшып барады. Массасы – 240 – 360 г. Бұлардың белі ақ, және 2 қара жолағы қанатында көлдененіңен болады. Отырықшы құс. Ұяларын адамның тұрағына салады, бұл қолға үйретілген түрлерінде, жабайы түрлері ұясын жарықшағында орнатады. Ұясын бұталардан, өсімдік тамырынан жасайды.




Аталығы мен аналығы ұясын бірігіп жасайды. Ұя салуы қолға үйретілгендері ақпан айында, жабайы түрлері наурызыдың аяғында, сәуірдің басына дейін салады. Ұяға екі түсті жұмыртқа болады. Аналығымен аталығы 17 күн басады. Балапандары алғашқы күні жемсау маңынан бөлінген қорекпен қоректенеді. Балапандары ұядан 30-35 күннен кейін ұшады, бірнеше күннен кейін ата- аналары 2 –ші рет ұя салуға кіріседі. Ұя салу аяқтаған соң кептерлер топтанып қорегі бар жерге көшеді. Кептерлер әртүрлі өсімдіктердің тұқымдарымен жерден қорек тауып жейді.


2 сурет


2. Тоқылдақтәрізділер отряды

Дене мөлшері кіші және орташа құсар. Сүректі ағаштарда тіршілік етеді. Ағаш бұтақтарында жақсы өрмелеуге бейімделген. Негізінен бунақденелілермен, сирек өсімдік тұқымымен қоректенеді. Ағаш діңдерінде ұя салады. Бұлардың ішінде қыстап қалатын, жылы жаққа ұшып кететін түрлері де бар. Қазақстанда тек Нағыз тоқылдақтар тұқымдасы кездеседі. Байқошқар өңірінде шұбар тоқылдақтар туысының екі өкілі: Кіші шұбар тоқылдақ және Үлкен шұбар тоқылдақ кездеседі.

Тұқымдас: Тоқылдақтар-Дятлы Picidae

Туыс: Шубар тоқылдақ-Пестрый дятел

Түр: Үлкен тоқылдақ - Dendracopes major

Бұлар түсті бояулы, ағашқа өрмелейтін аяқтары және күшті тұмсықты, қызылшақа балапанды құстар. Негізгі қорегі ағаш қабығы астындағы насекомдар болатын және оларды суырып алып қоректенетін тоқылдақтардың тұмсығы қашау сияқты түзу болады да құйрығы серппе тәрізді қызмет атқаратын серпімді қауырсындардан құралған. Бұлардың бәрі өте пайдалы кұстар.

Ересек кезінде аталықтарының арқасы қара ірі және кіші ақ дақтары болады. Маңдайы ақшыл-қоңыр, басы қара аздаған көкшіл металдық жылтыры бар және шүйдесінде көлденең қызыл жолағы бар. Арқасы, белі және құйрықүсті қара түсті, ал тамағы басының екі жағы және мойны ақ түсті. Тұмсығының астынан желкесіне қарай мойнының екі жақ бүйіріне қарай қара жіңішке жолақ өтеді. Бірінші реттік қақпа қанаттары қою сұр түсті, қоңыр реңді және ішкі, сыртқы желпуіштерінде бес-алты ақ түсті тамшы пішінді дақтары болады. Мұндай ақ дақтар тек жетілмей қалған бірінші реттік сыртқы желпуіште болмайды. Ал екінші реттік желпуіш қауырсындарында ақ дақтар тек қауырсынның негізінде ғана болады. Екінші реттік қақпа қауырсындары қара, желпуіштерінде ірілеу келген жекелеген ақ дақтары бар. Иық және ортаңғы қанатын жабушы қауырсындары ақ түсті болып келеді. Қанаттары жинаулы тұрғанда арқа жағында ақ дөңгеленген сурет береді. Құйрықтары шұбар, екі ораңғы бағыттаушы қауырсындары жалпақ көлденең қара жолақтары бар ақ түсті болып келеді. Кеудесі мен құрсағының жоғарғы жағы ақ, жаз кезінде бұл дене бөліктері ашық қоңыр реңді болады. Құрсағының төменгі бөлігі және құйрығының асты ашық қызыл түсті.

Ересек аналығы аталығына ұқсас болып келеді. Бірақ дене мөлшері кіші және желкесінде көлденең қызыл жолағы болмайды. Тұмсығы қою-мүйізді түсті, негізінде қара қылтандармен көмкерілген, аяқтары жасыл-сұр.


3 сурет


Жас құстары ересек формаларымен салыстырғанда басының төбесі қызыл, қауырсындарының түсі күңгірт түсті келеді; денесінің екі бүйірі мен құрсағы қою түсті көлденең шұбар ала. Көзінің нұрлы қабаты қоңыр.

Шығыс Қазақстан аудандарындағы құстардың дене мөлшері: аталығы – қанаты – 127-139 мм, құйрығының ұзындығы 82-91 мм, тұмсығы 25-29 мм, жіліншігінің ұзындығы – 22-25 мм; аналығы – қанаты – 132-139 мм, құйрығының ұзындығы 81-96 мм, тұмсығы 25-27 мм, жіліншігінің ұзындығы – 22-24 мм.


Туыс: Шұбар тоқылдақ - Dendrocopos

Түр: Кіші тоқылдақ - Dendrocopus minor L.

Біздің фаунамыздағы ең кіші құс. Аталығының ересек күйінде маңдайы ашық қоңыр түсті, басының төбесі ашық қызыл түсті.

Желкесі, арқасының жоғарғы бөлігі және құйрық үсті қауырсындары қара түсті. Арқасының орта бөлігі қара жолақтары бар ақ түсті. Ортаңғы екі жұп қауырсындары қара, шеткілері қара жолақтары бар ақ түсті болып келеді. Бірінші реттік қақпа қауырсындары ішкі және сыртқы желпуіштерінде ірі ақ дақтары бар қоңыр-қара түсті. Екінші реттік қақпа қауырсындары ақ көлденең жолақтары бар қара түсті. Қанаттарының асты ақ. Басының екі жағы ақ, қоңыр реңді. Тұмсығының негізінен тамағының екі жағына дейін «мұрт» тәрізді қара жолақ өтеді. Тамағы бөтегесі және құрсағы қара ұзынынан шұбар ала келген сұрғылт ақ түсті. Аналығы ересек күйінде аталығына өте ұқсас болады, айырмашылығы басының төбе жағы қызыл болмайды, маңдайы мен шүйдесі ақ түсті. Тұмсығы мен жіліншігі қорғасын сұр түсті. Көздің нұрлы қабығы қызыл-қоңыр түсті.

Жас құстар бірінші жылы жалпы аналығына ұқсайды. Алайда басының төбесі ақ емес, қоңыр. Біріншілік қақпа қауырсындарының жоғарғы жағындаақ дақтары болады. Ондай дақтар ересектерінде болмайды. Сонымен қатар бөтегесі мен құрсағында көптеген ұзынынан қара жолақтар болады.

Кіші шұбар тоқылдақ әдетте жалпақ жапырақты – қайыңды, көктеректі ормандарда, сирек аралас қарағайлы-қайыңды, кейде бұталарда немесе жеке тұрған ағаштарда ұя салады.

Бұл құстар тек қана бунақденелілермен қоректенеді, әсіресе орман зиянкестерімен. Жаз кезінде ашық жерлерде жүретін бунақденелілермен, ал қыста ағаш қабығының сайларындағы немесе қабық астында жасырынған бунақденелілермен қоректенеді.

Құстардың ұя салатын орындарға көшуі ақпан-наурыз айларында байқалады. Ұяларын жалпақ жапырақты ағаш – қайың, көктерек, шілік және 0,5 метрден – 2 метрге дейінгі биіктікте салады.

Қазақстанның климаттық жағдайында мамыр айынан маусым айының басына жұмыртқа сала бастайды. Маусым айының аяғында жас құстары сары шымшықтарға қосылып көшіп жүре бастайды. Қазақстанның климаттық жағдайында құстардың көшуі әсіресе тамыз айының аяғынан қазан айы бойы байқалады. Тоқылдақтар өздерінің ұялары ареалынан қашық кетпей қыстайды, бірақ бір бөлігі оңтүстікке қарай көшеді.

Құстардың дене мөлері: аталықтары – қанаттары 92-97, құйрығы 54-64, тұмсығы 16-17, жіліншігі 15 мм.


4 сурет


Кіші шұбар тоқылдақ орманда және саябақтарда орасан зор пайда әкелетін құстардың бірі. Әсіресе олардың пайдасы басқа құстар тұра алмайтын жіңішке бұтақтарда бунақденелілерді жоюын айтуға болады.


3.Торғайтәрізділер отряды

Түрге ең бай отряд (5000 түр), басым көпшілігінің дене мөлшері кішкентай, сирек орташа болып келетін, сыртқы келбеті мен тіршілік ету әрекеті алуан түрлі болып келетін құстарды біріктіреді. Қыстап қалатын және жылы жаққа қоныс көшетін құстар. Көпшілігінде жыныстық және жастық диморфизм анық байқалады.

Тұқымдастарының анықтағышы

1. Құйрығы қанаттарынна қысқа. Құйрығы қара түсті, онда жалпақ қызыл немесе сары түсті жолағы болады. Басында айдаршасы бар. Үстіңгі тұмсығында үлкен ойыстар болады. Онда ұсақ қауырсындар мен жабылып тұратын, танау тесігі орналасады 1. Самырлар тұқымдасы

-Басында айдаршасы болмайды­___________________________________2

2. Жіліншігі 34 мм-ден артық (әдетте ұзынырақ). Үстіңгі тұмсығының түбінде (негізінде) ұштары танау тесігін жауып тұратын қылтанақтәрізді қауырсындары бар 2. Құзғындар тұқымдасы

-. Жіліншігі 34 мм –ден қысқа. Сары түсті құстар қанаттары 130 мм-ден қысқа. Танау тесігі қатты қылтантәрізді қауырсындармен жабылған. Майда құстар 3. Шымшықтар тұқымдасы

3. Тұмсығы салыстырмалы қысқа, конус пішінге аздап ұқсас келеді ___________________________________________________________________4

- Тұмсығы конус пішінді емес, әдетте ұзарған, кейде бізтәрізді немесе қысқа, жалпақ, жоғарғы жағынан жалпайған_____________________________5

4. Қанаттары жиналып тұрғанда бірінші реттік қақпа қауырсындарының негізінде ақ, ақшыл немесе қызыл-қоңыр теңбіл байқалады; осы қауырсындардың жоғарғы үштен бір бөлігінде дәл осындай түстегі келесі теңбіл орналасады 4. Торғайлар тұқымдасы

- Бірінші реттік қауырсындарында жоғарыда көрсетілген теңбілдер болмайды. 5. Құнақтар тұқымдасы

5. Тұмсығының бұрыштарында көлденең орналасқан кем дегенде 2-3 (әдетте одан көп) қылтанақтар салбырап тұрады. Танау тесіктері ашық. Тұмсығы жоғарғы жағынан қысыңқы емес, оның биіктігі танау тесігі бөлігінде енінен ұзын 6. Сайрақтар тұқымдасы


Самырлар тұқымдасы

Бұл үлкен отрядқа барлық құстардың жартысынан көбі (5000 түр шамалы), соның ішінде әнші құстардың бәрі жатады. Олардың сипаттаушы белгілері: төрт саусақты аяқтары бар ол саусақтарының үшеуі алға караған, біреуі кейін караған. Мөлшері әдетте майда болады, орташа мөлшерлілері сирек кездеседі. Балапандары жұмыртқадан шыққанда дәрменсіз болады. Торғай тәрізділер біркелкі дауысты және әркелкі дауысты болып, көмей бұлшықеттерінің кұрылысы мен орналасуына карай екі отряд тармағына бөлінеді

Туыс: Bombicilla

Түр: Самыр - Bombicilla garrulrs

Ересек аталықтар мен аналықтар өте ұқсас. Жалпы реңі біркелкі, сұрғылт-қоңыр, қызыл шарап реңі бас бөлігінде анық байқалатын және беліне қарай біртіндеп азайып, құйрық үстінде мүлде жоғалып кетеді де құстың бөлігі таза сұр түске ие болады.

Көзінің артындағы, жүгені (уздечка) және мұрын тесігін жауып тұратын қауырсындары қара түсті. Тамағында аналықтарында кішірек және нақты шекарасы көрінбейтін, ал аталықтарында үлкенірек қара дағы болады. Астыңғы тұмсығының негізінде ақ жолағы болады.

Біріншілік қақпа қауырсындарының сыртқы желпуіштерінің ұшында сары дақтары және ішкі желпуіштерінде ақшыл дақтары бар қара-қоңыр түсті болып келеді. Екіншілік қақпа қауырсындарының ішкісі қаңыр түсті, сыртқы желпуіштері қоңырқай сұр түсті, ұстарында ақ дақтары мен, оның ең ұшында ланцет трізді ашық қызыл пластинкалары бар.

Құйрығы негізіне қарай сұр түсті, ұшына қарай көкшіл құбылмалы реңді бар қара түске айналады. Құйрығының ұшында жалпақ сары жолағы болады. Кейде бағыттаушы қауырсындардың ұшында сол сары түстің үстінде қызыл түсті пластинка болады. Құйрық асты қауырсындары ашық-қоңыр түсті.


5 сурет

Жас құстардың қауырсындары қоңырқай сұр түсті. Денесінің бауыр жағы сұрғылт келген, анық емес ақшыл теңбілді келеді. Жас құстарда тамағының астында қара дақ болмайды. Көзінің нұрлы қабығы қоңырқай. Тұмсығы мен аяқтары ересектерінде қара, жас формаларында қоңырқай.

Қанатының ұзындығы 104-124 мм, аналықтарының денесінің ұзындығы 107-120 мм, құйрығы 58-66 мм, жіліншігі 19-21 мм, тұмсығы 9,2-11,4 мм.

Қысқы уақытта негізінен ормандарда, өзен жағалауындағы бұталы ормандарда, ауыл қалалы жерлердің бақтарынан кездестіруге болады. Самыр далалы және шөлді жерлерге тіпті уақытша да тоқтамай ұшып кетеді. Құстардың келуінде міндетті жағдай, ол жеміс-жидек ағаштарының болуы. Сондықтан Қазақстанның шығыс бөлігінде итмұрын өсетін және адамдар тұратын жерлерде долана, сібір алмасы кездесетін мекендерде тіршілік етеді.

Самыр дене мөлшері сауысқандай, бірақ одан айырмашылығы денесі сүйір емес, дөңгеленген жинақы. Қоңыр түсті болғанымен өте әдемі құстар. Құйрығындағы сары жолағы және қанатындағы ақ, қара жолақтары қанық түстердің ішінен бірден көзге түседі. Сонымен қатар ерекшелендіретін белгілерінің бірі құстар көтеріп түсіре алатын басында айдаршасының болуы.

Өте сирек жалғыздан кездестіруге болады, негізінен саны – 10-20 кей кездері 50-ге дейін жететін топ құрады; алыс жерлерге ұшқанда тіпті саны 100-ге дейін болады. Дауысын сипаттау өте қиынға түседі: қатты анық ысқырыққа ұқсас дыбыс шығарады. Бұл құстардың орысша атауы дауысына байланысты аталған. Ұшуы шапшаң, түзу сызықты, әдетте салыстырмалы биік ұшпайды. Сирек 40 метр биіктікте ұшады.

Құстардың тағы бір ерекшеліктеріне өте тамақсаулығы және мұнымен оның қыстағы мінез-құлқы түсіндіріледі. Қыста уақытының көп бөлігін тамақ іздеумен өткізеді және сол жерден тек барлық қорек қоры біткеннен кейін ғана кетеді. Олар алуан түрлі жеміс-жидектермен қоректенеді: долана, аю бадам, сібір алмасы, итмұрын, шеңгел, бөріқарақат, қасқыржеміс, шырғанақ және қалдық жеміс-жидектерді де жейді.

Самырдың адам үшін маңызы онша көп емес, бірақ бұлардың тобы бақтар мен саябақтарға қыс кезінде әсемдік береді. Сондай-ақ бұл құстар жеміс ағаштарының тұқымдарының таралуына септігін тигізеді.

Құзғындар тұқымдасы

Торғайтәрізділер отрядының ішіндегі ең ірі құстар. Түрлі ландшафттарда сондай-ақ адам тұратын жерлерді мекендейді. Бұлар қорек талғамайды, жануар, өсімдік тектес қорекпен қоректенеді. Көпшілігі бір жерде мекендейді, аздаған бөлігі көшіп тіршілік етеді.

Туыстаcтарының анықтағышы

1. Қанаттары құйрығынан ұзын. Құйрығы дөңестенген немесе түзу қиылған____________________________________________________________2

- Қанаттары құйрығынан ұзын. Құйрығы сатылы.

2. Қанаттарында бірден көзге түсетін ашық көкшіл айнашасы жоқ. Құйрық үсті қара немесе сұр 1. Қарғалар туысы

- Арқасы мен құйрықүсті қара. Қанаттары мен құйрығы жақсы көрінетін көк немесе жасыл металл жылтыры бар қара түсті 2. Сауысқандар туысы


Туыс: Сауысқандар - Corvidae

Түр: Сауысқан - Pica pica.

Қазақстанда көп мөлшерде таралған. Ағашты – бұталы ормандарда да кездеседі. Сусыз шөлейтерде сауысқанжар төзімді келеді. Бұлар ұя салған жерлерінде қыстайды. Ересек аталығы мен аналығы бір – біріне ұқсас. Басы, кеудесі, арқасы, жапқыш қанаттары қара түсті, металдық жылтыр реңі бар, әсіресе қанаты мен құйрығында аңық байқалады, көк және жасыл түсті. Қанаттарының асты қоңырқай қара. Құйрығы ұзын, сатылы, қара, үстінгі жағы күлгін көрінеді. Ұзын құйрығына қарамастан, өзі жақсы ұшқыш. Тұмсығы мен аяғы қара. Дауысы қарғалар мен ұзақтардың дауыстарымен салыстырғанда жағымды. Әсіресе, аудан орталығындағы саябақтармен тамақ қалдықтарының маңынан жиі кездеседі. Түнейтін орындары биік ағаштары бар ауыл шетіндегі және мектеп ауласындағы бақтар. Көп ұшып жүретін биік маңы (күл – қоқыста), қалдық тастайтын орындар және көше бойлары.

6 сурет


Әртүрлі қорекпен қоректенеді. Олар өздерінің ұяларын тығып салады. Қала, ауыл маңында немесе биік ағаштардың ең ұшар басына таман салады. Адамға жақындаған сайын ұясын жоғарлата береді. Ұяларын ұсақ бұтақшалардан шар тәрізді етіп салады. 4 – 7 ұсақ сұр дақтары бар жұмыртқасынан 17- 19 күнде балапандары шығады. Балапандарын екеуі бірге қоректендіреді. Сауысқандар кейде қарғалармен бірігіп, басқа құстардың ұяларын бұзады. Пайдалы жағы: көптеген зиянды насекомдар мен және олардың дернәсілдерімен қоректенеді. Бақыланған ауданда бұл құстардын саны – 125, яғни доминант болып табылады.


Туыс: Қарғалар - Corvus

Түр: Ала қарға - Corvus cornix

Пішіні ірілеу, аталығы мен аналығы түсі, көлемдері жағынан ұқсас. Басы, тамағы, жемсауы, қанаты, құйрығы, сирағының қауырсындануы қара түсті. Мойыны, арқасы, құрсағы және денесінің бүйірі ақшыл – сұр түсті. Тұмсығы мен аяғы қара. Биік ағаштары бар жерлерде жүреді. Ұясын биік ағаштардың басына, ескі және бұзылған үйлерге салады. 2-7 жасылдым дақтары бар жұмыртқаларын аналығы 17 – 19 күн басады. Балапандары тамыздың басында ұшып кетеді, өздері қыстық жерге көшеді, көкек айына дейін сонда болады.


7 сурет


Ала қарғалар үнемі тобымен жүреді. Жаз айларында көптеген құстардың ұясын бұзады. Бақша дақылдарына көп зияны жоқ, бірақ мол азығын бүлдіріп тастайды.

Адамға тез үйреніп алады. Көп кездескен жерлері – үйлер маңы, тамақ қалдықтары төгілген күл – қоқыстар жанында. Биік ағаштарға, көшелерде қолайлы жер болса, сонда түнейді. Барлық бақылау ауданында біркелкі таралған. Соның ішінде зерттеп отырған ауданнан 110 дарақты санадық.


Шымшықтар тұқымдасы - Paridae


Туыс: Шымшықтар - Parus

Түр: Сарыбауыр шымшық Большая синица Parus major L.

Сарыбауыр шымшық қозғалуы шапшаң болып келеді. Дауыстары үнді, әсем. Олар әртүрлі дәндермен, нан үгімділерімен қоректенеді. Аталығының басы, мойынында және құрсағында ұзынан қара жолақты, сары металдық реңі бар. Құрсағының қалған бөлігі және денесінің бүйірі сарғыш түсті, арқасы сары – жасыл. Арқасының артқы бөлігі және тұмсығының үсті сұр, көгілдір реңді. Аяғы қорғасын түстес, тұмсығы қара, барлық ауданда біркелкі таралған. Үнемі ағаштар арасында ұшып жүреді, қонуын сирек көрдік.

Ұяларын көбінесе жасанды ұяларға салады. Ұяны аталығы мен аналығы салады. 15 жұмыртқа басады. Жұмыртқалары ақ, аздап жылтырайды, көбінесе қоныр қызыл болады. Оны аналығы 13 – 14 күн басады. Аналығы анда – санда тамақ әкеліп тұрады. 2 рет ұялайды, біріншісі сәуірде – 9-15 жұмыртқа, екіншісі маусы айында – 7-11 жұмыртқа. Қыстап қалатын түрлер.

Көбіне шымшықтар қорек іздеп терезелерге жиі келіп қонып отырады.

Шымшықтар бақшаның тазартушысы. Олар үйлердің бақшаларындағы ағаштың нәзік бұтақшаларына қонып отырады.


  1. сурет


2. Торғайлар тұқымдасы

Дүние жүзінде 250 ге жуық түрі бар. Қазақстанда 7 түрі тіркелген. Құстардың негізгі шығу орталығы Африка болып саналады, олар Еуропа, азия және австралияда кең таралған. Дене тұрқы 7,6-30 см аралығында болады. Түстері мекен ету ортасына байланысты болады.


Туысас: Торғайлар - Passer

Түр: Үй торғайы Домовой воробей Passer domesticus

Қазақстанның барлық территориясында кең таралған деуге болады. Аталығының басының жоғарғы жағы қою сұр. Ұсақ қара шұбырлары бар. Құйрығының үсті қонырқай сұр. Арқасы қызыл – қоныр, ұзынан қара шұбырлы жолақтары бар. Беті сұр, иегі, тамағы, жемсауы және кеудесінің жоғары бөлігі қара, тұмсығы қара, сирағы қонырқай. Аналығының тұмсығы қою – қоныр, тұмсығының түбі ашық түсті.

Ұясын әртүрлі төбелерге, саңылауларға салады. 5-6 дағы бар жұмыртқасын аналығы 12 күн басады. Жылына 2 рет жұмыртқалайды. Күзде топ құрайды, кейде жауторғаймен бірге егінге зияң келтіреді.

Жеке үйлер маңы мен тамақ қалдықтары маңында, ұсақ бұталы ағаштарда жиі кездеседі. Әсіресе, таңертеңгі мезгіл мен түн кезінде күн көзі бар да, ағаштарда сайрап жүреді. Үнемі топпем ғана жүреді.

Бақыланған аудандағы құстардың доминантты болып табылады. Аудандағы дарақтар саны 250.


9 сурет


Туыс: Торғайлар - Passer

Түр: Дала торғайы - Passer montanus.

Сусыз шөлейт, биік таулы жерден басқа Қазақстанның барлық жерінде кең таралған. Бұл өте кішкентай торғай. Басының жоғары бөлігі қоныр түсті, қара дақтары бар. Аналығы мен аталығының түсі біркелкі. Өте қозғалмалы, өзінің қорегін адамдардың үйінің маңынан іздейді. Ерекшілігі - түнер кезінде ауыл шетіне ұшып кетеді. Тұмсығы қара, аяғы ашық – қоныр түске боялған. Ұясын төбелерге, індерге, саңылауларға, жасаңды ұяларға салады. Жазда 2 рет балапан шығарады. 5-6 дағы бар жұмыртқаны аталығы мен аналығы бірге басып шығарады. Дауысы жағымды.

  1. сурет


Үнемі үй торғайымен немесе өздері тобымен көшелер бойында, үйлердің, тамақ қалдықтары төгілген қоқыстар маңында жүреді.


Құнақтар тұқымдасы

Негізінен жалпақ жапырақты және аралас қалың емес ормандарда, жарық орман шоқтарында, шалғындық және ашық алаңдары бар ормандарда ұя салады. Таза қылқан жапырақты ормандарда кездеспейді. Бірақ қайыңмен, еменмен аралас ормандарда ұя салады. Ұяларын негізгі ағаш діңінен алшақ, жерден 4-6 метр биіктікке салады. Ұяларын өсімдіктердің жіңішке және иілгіш сабақтарынан тоқиды.

Туыс: Пайыздар -Carduelis

Түр: Кәдімгі пайыз - Carduelis carduelis

Өздеріне ғана тән сырқы реңіне байланысты оларды басқа құстар оңай ажыратуға болады. Басының алдыңғы бөлігі қанық қызыл, төбесі қара, ұрттары мен құйрық үсті ақ, арқасы каштан түсті. Жас құстарының бастарында қызыл түс болмайды, арқасы мен төсі ұсақ теңбілді болып келеді, қақпа қанаттарында сары жолақтары ересектеріне қарағанда жақсы байқалады. Ұшуы толқында. Жиі ағаштың биік төбелерінде және сымдарда отырып ән салады.

Тыныштықта отырған құсқа зер салып қарасақ оның қанық түстерге боялған дене бөліктері бірден көзге түседі. Маңдайы, тамағы қызыл, қара қанаттарында қанық сары жолақтары бар. Арқасы қоңыр, қоңыр рең ақ төсінде де байқалады. Құйрығы қара түсті ақ ұсақ дақтары бар. Аналығы аталығына ұқсас реңді. Бірақ оның басындағы және мойнындағы қызыл түсі азырақ және түсі қанық емес. Желкесіндегі қара жолағы жіңішкерек.

Орман шеттеріндегі ағаштарда, саябақтарда тіршілік етеді. Қалың орман массивтерінде кездеспейді.

Насекомдармен және өсімдік тұқымдарымен қоректенеді, әсіресе бітелерді көптеп құртады. Көктем мен күз айларында түйетікен, ошаған арасында қоректенеді. Жиі топ болып қалаларға ұшып келіп өсімдік тұқымдарымен қоректенеді.

Кәдімгі пайыз орман құсы емес. Күзден бастап қыс айларында оларды ашық алқаптар мен орман шеттерінен көруге болады. Бұл жерлерде олар өсімдік тұқымдарымен қоректенеді. Көптеген дарақтар бірігіп үлкен топ құрады. Бірақ сәуір айында олардың тобын кездестіре алмайсыз. Себебі осы уақытта олар ұя салып, жұмыртқа басуға көшеді. Бұл кезде бір жұп екінші жұптан алшақ ара қашықтықта ұя салады. Негізінен жалпақ жапырақты және аралас қалың емес ормандарда, жарық орман шоқтарында, шалғындық және ашық алаңдары бар ормандарда ұя салады.


  1. сурет


Таза қылқан жапырақты ормандарда кездеспейді. Бірақ қайыңмен, еменмен аралас ормандарда ұя салады. Ұяларын негізгі ағаш діңінен алшақ, жерден 4-6 метр биіктікке салады. Ұяларын өсімдіктердің жіңішке және иілгіш сабақтарынан тоқиды. Ұяларының сыртқы қабырғаларын мүктермен, өсімдік мамықтарымен, қыналармен бекітеді. Ұяның ішін қауырсындар мен жануарлардың түктерімен көмкереді. 4-5 ақшыл жасыл күлгін түсті дақтары бар жұмыртқа салады.

Денесінің ұзындығы 12-13 см., қанатын жайғанда 24 см., салмағы 13-18 г.


Туыс: Суықторғайлар - Pyrrhula

Түр: Кәдімгі суықторғай - Pyrrhula Pyrrhula

Кәдімгі суықторғай көзге тез түсетін орманды желдерде кең таралған құстардың бірі. Торғайдан біраз үлкен, салмағы 32-34 г. Аталаықтарының қауырсындарының реңі өте әдемі болады. Басының төбе жағы және құйрығы қара. Мойнының артқы жағы мен арқасы ашық сұр түсті. Астыңғы және үстіңгі құйрық қауырсындары ақ. Денесінің астыңғы бөлігі қанық қызыл түсті.

Аналықтарында қызыл түс сұрғылт қоңыр түске өзгереді. Барлық қылқан жапырақ ормандарда таралған. Мамыр айларында жұп құрып ұя сала бастайды. Ұяларын горизонтальды бұтақта 2-5 м биіктікте салады. 4-7 ақшыл көк жұмыртқа салады. Балапандар ұяда 13-15 күн болады. Бір жазда екі рет ұрпақ береді. Қыркүйек айларында түлеп, ересек формаларына ұқсайды. Олар аздаған топ құрып, осы топ қыс бойы бірге жүреді. Қатты суықтарда құстар көптеп қырылуы мүмкін. Суықторғайлар негізінен қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты ағаштардың өсемдіктердің тұқымдарымен, бүршіктерімен, жас өркендерімен қоректенеді. Балапандарында негізінен өсімдіктермен қоректендіреді, бунақденелілерді тек сирек жағдайда жейді.

12 сурет


Сайрақтар тұқымдасы

Кең таралған тұқымдастардың бірі. Жер бетінде олар секіріп қозғалып, жерден олар көктемгі-жазғы периодта сонымен қатар ерте күздегі болатын омыртқасыздармен қоректенеді. Қоректерінің ішінде стафилиндер, ызылдақ қоңыз, өлексежегіштер, қоңыздардың дернәсілдері, жер ақ көбелетерінің жұлдызқұрттары, гарпиидер, пілләтоқушылардың қуыршақтары, жауынқұрттар. Күзде, қыста, және ерте көктемде түрлі жидектермен қоректенеді – итмұрын, бөріқарақат, долана, жиде, аршаның бүрлерімен, шетенмен.


Туыс: Сайрақтар - Turdus

Шетен сайрағы - Turdus pilaris L.

Ересек аталақ басының төбесі, мойны, құлағын жабушы қауырсындары, белі және құйрық үсті сұр немесе қою-сұр, басында түрлі деңгейде қара-қоңыр теңбілдері болады. Арқасы, иығы, екінші реттік ішкі қақпа қауырсындары мен қанаттарының үстіңгі қауырсындары каштанды. Арқа және иық қауырсындарының ортасы қара, қанат қауырсындарының ұшы қара дақты. Қақпа қанаттары қою қоңыр түсті, желпуіш қауырсындарының сыртқы жиегі бірінші реттік қақпа қауырсындарында жіңішке ақшыл сұр, ал екінші реттік қақпа қауырсындарын жалпақ сұрғылт қоңыр жиекті.


13 сурет


Бағыттаушы қауырсындары қара-қоңыр, орталық жұп қауырсындарының негізінің екі жағы сұр. Көзінің үстінде ашық түсті қасы бар. Тамағы ұзынынан қара жолақтары бар сары-қоңыр түсті, бетегесі мен төсі сарғыш охра түсті, бөтегесінде ланцеттәрізді қара теңбілдері бар және төсінің екі жағында дөңгеленген дақтары бар. Екі жақ бүйірінің қауырсындарында жиектері ақ қою-қоңыр ірі дақтары болады. Төсінің ортасы, құрсағы қол асты және астыңғы жабын қауырсындары ақ, құйрық асты қоңырқай теңбілдері бар ақ түсті. Аяқтары мен тырнақтары қара немесе қою-қоңыр, тұмсығы сары, ұшы қара-қоңыр.

Аналығы жұмыртқа салар кезде жалпы аталығына ұқсас болғанымен қауырсындарының түсі ашық реңді болуымен ерекшеленеді. Күзгі уақытта құстардың үсті сарғыш (оливковый) реңді, төсі охра түсті болып келеді. Тұмсығы қою-қоңыр, тұмсығының асты үстімен салыстырғанда аздап ашық түсті. Жас құстарда басының төбесі мен мойны ашық қоңыр, арқасы сирек ашық түсті теңбілдері бар қоңырқай, белі мен құйрық үсті қоңырқай-сұр түсті. Қақпа және бағыттаушы қауырсындары ересек формалары тәрізді.

Көзінің үстінде ашық сары-қоңыр қасы бар. Үзеңгішесі қоңыр. Тамағы, бөтегесі және төсінің алдыңғы бөлігі ашық охра түсті, қара дақтары бар. Төсінің ортасы мен бауыры ақ, екі бүйірі және құйрығының асты қою қоңыр теңбілді. Аяқтары мен тырнақтары қоңыр, тұмсығы қою қоңыр түсті, астыңғы тұмсығының негізі сарғыш келген.

Қанатының ұзындығы 136-153 мм., құйрығы 96-117 мм., табаны 31-36 мм, тұмсығы 12-20 мм.

Олар шағын топ құрып ұя салады. Жұп жұбымен бір-бірінен бірнеше ондаған метр қашықтықта ұя салады. Бұл құстар бір талда бірнеше жұп болатын сирек жағдайда коллония құрайды.



Туыс: Сайрақтар Turdus

Қылғытпа сайрақ - Turdus viscivorus

Қылғытпа сайрақ ән салатын құстрадың бірі. Орта шамамен дене ұзындығы 27 см. Салмағы 140 грамға дейін. Қауырсының түсі үстіңгі жағы сұрғылт-қоңыр және бауыр жағы қара-қоңыр теңбілдері бар ақ түсті болып келеді. Қанаттары асты ақ. Аталықтары мен аналықтарының бірдей түсті болып келеді.

Олардың аталуы олардың мінез құлықтарына сәйкес келеді. Бұл құстар өзара жиі төбелесіп калады. Бірақ бұларды өте үріккіш, сақ құстар деп айтуға болады.

Олардың тұрақты мекен жайлары негізінен орман асты қаулап өсетін өсімдіктері бар, қарағайлы және биік ағашты аралас ормандар. Олар топ құрып бұлақ, өзен-көлдердің маңында орналасады. Оларды ағаштан ағашқа ұшып жүргенде немесе жерде қорек аулап жүргендерін саябақтармен алаңдардан көруге болады. Құстардың қорегі әртүрлі омыртқасыздар кіреді.


14 сурет


Сайрақтар сонымен қатар ұсақ бақалар мен бауырменжорғалаушыларды да аулайды. Жұмытрқа салар уақытта, ол әдетте сәуір айының аяғы мен мамыр айының басында, құстар жұп-жұпқа бөлініп, аналықтары сүректі ағаштарда жіңішке бұташықтардан, шөптереден, қыналар мен мүктерден ұя салады. Кей уақыттары ұяларын 20 метр биіктікке дейін салады. Әдетте ұяларын ағаштың ортаңғы биіктігіне салады. Ұяларының қабырғалары мен саз-балшықпен бекітеді. Аталықтары ұя салуға қатыспайды, ол аналығының қасында болып оны қорғайды. Аналығы көкшіл-жасыл түсті қою түсті дақтары бар 3-тен 6-ға дейін жұмыртқа салады. Ерте көктемде қорек жеткілікті болған жағдайда құстар 2 балапанға дайін өсіріп шығарады.

Аталықтарының дыбысы баяу, анық және қатты шығады. Олардың ән салуын тек жұп құрар алдында ғана естуге болады. Сондай-ақ басқа ән салатын құстардан айырмашылығы олар күндізгі уақытта ән салады.


2.3 Құстардың экологиялық ерекшіліктері және маңызы.

Құстардың миграциясы. Құстар жер бетінде кең таралған омыртқалылардың бірі. Алайда әр жердегі құстардың кездесу саны әр түрлі.

Қазақстан құстарға бай республикалардың бірі. Қазақстан териториясында құстардың 59- тұқымдас және 19 отрядқа біріктірілген 500-дей түрі кездеседі.

Құстар мекен ету ортасына қарай бұта-орман, батпақ-шалғын, шөл-дала, жыртқыш, су құстары сонымен қатар жағдайдың маусымдық өзгеруіне қарай жылы жаққа ұшып кететін және қыстап қалатын құстар болып жіктеледі.

Қысқа қарай көбінесе бунақденелілермен қоректенетін құстар жылы өлкелерге ұшып кетеді. Дегенмен өсімдіктермен қоректенетін кұстардың көпшілігі біздің жерімізде қыстап та қалады. Ондай құстар мысалы, шиқылдақ торғай, бозторғай, сары шымшық, қара бауыр, көктеке, тоқылдақ, құр, меңіреу құр, ұлар сияқты құстар республикамызда жаз және қыс айларында тіршілік етеді.

Шымшық - торғай тәрізділер отрядының кезеген торғай тұқымдар отрядына жатады. Қазақтанда тек Көкшетау қыратында таралған. Қанатының ұзындығы 70 мм, салмағы 13 гр. Еркегі жасыл сарғыш түсті, оның төбесінде бір шоқ қауырсын -"тақиясы"(айдары) бар, қанат, құйрық қауырсындары қара, оларға жолақты болып сары қауырсындар араласқан, құстың бауыр жағы ақ түсті болып келеді. Ұрғашы шымшықтың арқасы жасыл-сұрғылт тартқан, бауыры ақшыл келеді. Құс ұясын ағаш басына салады.

Шіл - тауық отрядының құр тұқымдасына жататын құс. Осы тұқымдастың ең ұсақ және тұрғылықты құсы. Мекендейтін жері Қалба жотасының ормандарында. Сұр түсті, көлденең тартылған қара қауырсындары бар. Қоразының алқымында қара дағы, төбесінде айдары болады. Қанатының ұзындығы орта есеппен 175 мм, салмағы 430 гр, ұясын жерге салады.

Көктеке -торғайлар отрядының көктеке тұқымдасына жататын сайрауық құс. Қазақстанда екі түрі бар. Ертіс маңындағы ормандарды, Алтай мен Сауырды мекендейді. Келген жерінде тұрақтап қалатын, ал кейбір құстары коныс аударады. Тұмсығы ұзынша, үшкір, басы үлкендеу, құйрығы шолақ болып келеді. Арқасы сұр, құрсағы ақшыл. Қанаты шамамен 77 мм, салмағы 16 гр. Ұясын ағаш кеуегіне салып, оның қабырғаларын балшықпен тегістейді.

Бозторғай - сайрауық құстар тұқымдасы, торғай отрядына жатады. Қанатының ұзындығы 84-тен 140 мм-ге дейін, салмағы 18-76 гр, түсі әдетте бозғылт, көбінесе мекендеген жерінің түсіне қарай өзгеріп отырады. Бірақ құрлықта дерлік тараған 75 түрінің Қазақстанда 13 түрі кездеседі. Жүйрік құс. Үнемі жерге ұялап, 3-6 жұмыртқа салады. Кейбір түрлері қайтады, енді біреулері қайтпай бір жерден екінші жерге көшіп-қонып жүреді.

Қырғауыл - тауық отрядының қырғауыл тұқымдасына жататын құс. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында, кейде Тянь-Шаньның тау бөктерінде кездеседі. Өзен аңғарында, бұта арасында мекендейді. Тауықтан айырмашылығы - құйрығы ұзын. Қоразының қауырсыны өте әдемі келеді, қызғылт, қою жасыл, күлгін түстер үйлесім тапқан. Мекиені сарғыш, сұрғылт, мойыны қызғылт түсті. Қоразы мекиенінен ірілеу. Қанатының ұзындығы 245мм, салмағы орта есеппен 1150 гр. Тұрғылықты құс. Жерде жүргенімен, көбінесе ағаш басына қонақтайды. Ұясын жерге салады.

Тоқылдақ - құс отряды. Қазақстанда бір отряд тармағы, бір тұқымдасы, бес туысы, тоғыз түрі бар. Ең ірісі - қара тоқылдақ (салмағы 360 грамм, ұзындығы 240 мм-дей), ең кішісі шұбар тоқылдақ (салмағы 21 гр, қанатының ұзындығы 93 мм). Қауырсыны қалың, шұбар түсті құс, төбесінде қызыл, қара не сарғыш айдары болады. Бірқатары тұрғылықты құс, кейбіреулері қоныс ауыстырып отырады. Орманда, тоғайда мекендейді. Ағаш дінін ойып ұя салады.

Бұл аталған құстардың біздің жерімізде қыстап шығуға қалатындығын немен түсіндіруге болады?

Қысқа қарай кететін құстар суықтан емес, аштықтан құтылуға тырысады. Сондықтан олардың қоректік заттарды табатын орны неғұрлым жақын болса, миграциялық сапары да қысқа болады. Мәселен, ұзақ қоректерін жер бетінен теріп жейді де, сол себепті қар жамылғысы жоқ жерлерде қыстауға қалады. Жаппай қар басу аймағы өте қашыққа бармайды. Сол сияқты оның шекарасы да тұрақты емес, қысқы жауын-шашыны мол жылдары ол оңтүстікке, ал қар аз түскен жылдары - солтүстікке қарай жылжиды. Осыған сәйкес құстарда бірде алысқа бірде жақынға ұшып кетеді. Орманда шетеннің түсімі көп жылдары шымшықтар қыстап қалады, олар жидектердің қорын тауысқан соң қалаларда пайда болады. Пайдаланылған су төгілетін өзендердің, мұз қатпаған учаскелерінде көбінесе жабайы үйректің шағын топтары қыстап шығады.

Шіл бұлдырық және меңіреу құр қар астына тығылып, аяздан аман қалады. Тіпті өте кішкентай сары шымшық, шөже торғай аязды түнді қар астындағы тышқан індерінде (әрине жердің жұқа қабатының астында, мысалы, шыршалы орманда) өткізе алады.

Алайда қар жамылғысы барлық құсқа бірдей қолайлы болмайды. Мысалы қырғауылдар өте күшті аязға шыдайды, бірақ жер бетін қар бүркеп, азық табуға кедергі жасалғанда олардың жағдайы қиындап кетеді. Өйткені қыста өз азығын ағаштардан табатын бұлдырық және басқа орман құстарының айрықша қырғауылдар жер бетінде қоректенеді. Қары қалың қыста сұр кекіліктердің жағдайы қиындайды. Бұл кезде олар ор қояндар қарын қазған жерлердегі күздік егістерді шоқи отырып, солардың "қолына" қарап қалады.

Табиғат біздің көптеген құстарымызга жұмсақ қар бетінен жүру үшін тамаша бейімділік берген. Қысқа қарай ақ кекілік ұсақ, серпімді және жылы қауырсындардың мамық "байрақтарын" киеді. Шіл, бұлдырық және меңіреу құрдың аяқтарының саусақтарын қауырсын жаппаған, оның есесіне онда қысқа қарай мүйізді пластинкалардан ерекше "бұдырлар" өсіп жетіледі, осының жәрдемімен құстар мұз басқан бұтақтарға қонып отырады.

Дегенмен, қары жұқа өтетін қыс біздің жазғы қонақтарымыз қара торғай, шымшық және басқа да жер бетіндегі насекомдармен қоректенетін құстарға әсер ететін болуы керек. Топырақтың ең терең қатуы шегіртке дернәсілдерінің, моллюскалардың және топырақта мекендетін құрттардың жұмыртқаларының тіршілігін жояды. Ал мұндай азықтық мөлшері аз болған жағдайда балапан басып шығару кеміп, сонын салдарынан балапандар саны да аз болады.

Біздің ендікте, қыста тек сүтқоректілер мен жылы қанды жануарлар, яғни құстар ғана активті тіршілік ету қабілетін сақтайды. Олар аязға төзімді болып келеді. Себебі құстардың "жылы тоңы"- мамығы бар. Ең бастысы олардың мұндай бақытсыздықтан жылуды өте жақсы реттейтін қабілеті құтқарады. Құстардың жылы қанды немесе гомотермді деп аталатыны да осыдан.

Құс денесінің қауырсынданбаған жалаңаш құстарының қанмен қамтамасыз етілуі басым болады. Қантамырлары кеңейген. Бұл құстарда ыстық қан тез де мол ағылып, оларды тоңдырмауға мүмкіндік береді.

Тіпті қысқы жағдайларға жақсы бейімделген құстар мүмкіндік болған жағдайда тек қар ғана құтқарады.

Құстардың қыста тіршілігіне бейімділігі олардың бұтақтардың үстімен және қар үстімен жүгіруімен ғана шектеліп қана қоймайды.

Қыста құстардың көріністері жаздағы көріністеріне қарағанда басқаша болады. Көбею кезінде көптеген құстар жұп құрып, балапандарын шығарған соң, бірге тіршілік етеді. Құрлар да, қара құрларда ұя салар кезінде аз ғана уақыт бәрі бірге болады да, кейін жеке-жеке тіршілік етеді. Бірақ күзге таман олар қайтадан топтанып тіршілік етеді.

Ұсақ құстар кейбір кезде өте үлкен топ болып жүреді. Құрлар мен қара құрларға келетін болсақ бұл құстар қыста шағын топ болып қана қыстайды. Әдеттегідей, ұя салар кезінде үнемі бірге болатын, тұрақты бір құстар ғана жиналады.

Қыста түраралық қатынастары да өзгереді. Жазда әрбір құс түрі, әрбір жұп (кейбір кезде тіпті әрбір құс) өзінше, өз бетінше тіршілік етеді. Қыста анда -санда құстардың әртүрлі түрден тұратын тобын кездестіресін оның үстіне бір топқа бірігетін құстар түрліше топ құрады. Осы орайда әсіресе "сары шымшық тобы" ерекше белгілі. Мұның "сары шымшық тобы" деп аталу себебі, топты сары шымшықтар бастайды. Бірақ бұл топта сары шымшықтардың түрінен басқа көктеке, торғай тіпті тоқылдақ та болады. Олар жеміс бағында немесе орманда өздерінің белгілері бір маршруттарымен жүреді. Топтағы әрбір құстың орны қатаң түрде белгіленеді. Кейбір құстар жіңішке бұтақтарды, енді біреулері діңгектерді тінтілесе, тағы біреулері, шыққан қоректерді бақылайды.

Құстардың қоректенуі.

Жер бетіндегі қоректермен қоректенетін құстар -бозторғай, т.б. азықты самғап ұшып табады. Сол жер бетіндіе қоректер қардың қалың қабатының астында қалады.

Қар онша қалың түспейтін мекендерге жерден қоректенетін құстар кейде қыстап та қалады. Бірақ олар сол мекенде тұяқты ірі мал болса ғана қыстай алады. Өйткені олар құс қорегін барлық жүрген жерлерге жаяды , жерге түскен жем құс үшін қорек болып табылады.

Қыста құстарға адамдардың жақын болғаны дұрыс. Жазда ормандарда мекендейтін сары торғай қыста ауыл қоршауларына немесе ауылдың өзіне көшеді. Қиын кездерде адамға кейде ауланатын құстар да, мысалы қоңыр шілдер де жақындайды. Қаңбағын жел қуған ашық даладан, әсіресе қарлы қыста жем табу қайда. Ал адамдар маңынан қырмандар мен сарайлардың айналасынан әрқашанда қорек табуға болады.

Бәрінен де құстар орман және бұтақтардың арасында қысты жақсы өткізеді. Орман ішінде жел онша соқпайды. Қар да қалың болмайды. Оның үстіне құстар қорегін негізінен ағаштардан табады. Көптеген құстар үшін қарағай, шырша бүршігі, яғни қылқан жапырақты ағаштар тұқымы, қарағай бүршігі жақсы қорек болып табылады. Шіл қыста қандағаш пен қайынның сырға гүлін бүршіктерін тіпті бұтақтарында жеп тастайды.

Жемсауындағы жемнің 77 пайызынан астамы әдетте осындай азықтар болады. Қара құрлар қыстыгүні тіршілік ететін жеріне байланысты қарағайдың, шыршаның және қайыңның қылқан жапырақтарын қорек етеді. Құрлар болса қыста арша жидегін, қайыңның сырға гүлін және оның бүршіктерін жейді.

Мұндай құстарға қар қанша қалың болса да олар қоректерін әр уақыттада алады. Бұл жағдай ақшыл құрлар үшін ғана қиын. Себебі олар тал бүршіктерін жақсы жейді. Ақшыл шілдің қыста жемісіде негізінен осы. Ал тал бұталарын қыста, әсіресе қары қалын орман шеттерінде қар басып қалады.

Дегенмен қардың қалың болуы, қорегін ағаштардан табатын құстарға да кедергі болатыны бар. Кейбір кезде бұтақтарға түскен қар қалың болып, тығыздалады да қатып қалады. Мұндайда сары шымшықтар бұтақтың қары жоқ, ішкі жағына жабысып -ақ қорегін тауып жей алады.

Шиқылдақ торғай- кішкентай нәзік құс. Бірақ ол жіңішке имек тұмсығымен қысқа қарай ағаш қабығының мүлде көзге түспейтін жарығына паналаған қуыршақтар мен жұлдызқұрттарды немесе тәуір азық салынған жұмыртқаларды оңай тауып жейді.

Құстарды үстеме қоректендіру.

Құстарды бір жерге дәніктіру жолдарының бірі- оларды қыста қосымша қоректендіру. Қосымша қорек беретін жерге тәулігіне бір рет келіп тұратын құстардың оннан астам түрлерін айтып кетуге болады. Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында қосымша қорекке тез үйренетін және көбірек келетіндері әсіресе үлкен сары шымшық. Мұндай қорек беретін жерге жабайы кептерлер мен торғайлар да ұшып келе береді. Үлкен сары шымшыққа қосымша қоректі ауыл жерлерден басқа ірі қалаларда да беруге болады. Өйткені бұл өте пайдалы, құстар қыста жем іздеп, барлық жерлерге ұшып барады. Жемге үйренген құстар көктемде ол жерлерден алысқа ұшпай ауыл, қалалардың төңірегіндегі ормандар мен саябақтарда ұя салып, балапан шығарады. Ал келесі жылы суық түсе бастаған кезде және жем азайған мезгілде олар былтырға қосымша жем алған жердегі астауға келіп көптеп ұшып жүреді.

Жақсы жолға қойылған ірі орман шаруашылықтарында және қорықтарда құстарға үстеме жем беру жүмыстары ерте уақыттан бері жүргізіліп келеді. Мұндай жерлерде үстеме жем беретін жерге пайдалы құстардың өте көп түрлері ұшып келіп жем жеп тұрады. Әсіресе , көп келетіндері шымшықтың бес түрі, ал олардың ішінде үлкен сары шымшықтан басқа орман шымшығы, қара шымшық, көгілдір шымшықтарды атап кетуге болады. Кейде орман арасында орнатылған жем салатын астаушаларға үлкен және кішкентай тоқылдақтарда ұшып келіп, жем жейді.

Қыста қосымша жем әсіресе жеміс бақтарында тіршілік ететін құстарға өте қажет. Жеміс бақтарының ішіндегі жемге ұшып келіп қоректенетін құстардың түрлері аз болғанымен, олардың саны айтарлықтай көп болады. Солтүстік Қазақстанмен Алматы облыстарының жеміс бақтарына біраз жылдар бұрын үлкен және көгілдір сары шымшықтар жерсіндірілген.

Қыста құстарға үстеп жем шашу, біріншіден, олардың санын тез көбейтуге себепкер болады. Ерте көктемде жұптасқан сары шымшықтар жаз бойы ең аз дегенде екі рет жұмыртқа басып балапан шығарады.Сөйтіп,олардың саны күзге қарай он еседей көбейеді.Бірақ қыстап шыққан құстардың көктем кезіндегі саны күрт азайып отырады. Өйткені бұл құстардың 90 пайызы қыста суықтан емес аштықтан жем таба алмай қырылып қалады. Екіншіден-үстем қоректенудің жас құстардың бақтарға дәнігіп, көбею кездерінде қорек, жем беретін астаушаның төңірегінен ұялар салып,балапан ұшыруға мәжбүр етеді.

Ауа райы қолайсыз күндері, мәселен, көк тайғақ болып, жабысқақ қар жауып тұрған кезде және өте қатты суықта сары шымшықтар таңертеңнен кешке дейін үстем жем беретін астаушаның іші әртүрлі жеммен қай уақытта болса да толып тұрғаны дұрыс. Өйткені аязды күндері құстар тек сол астаушыдағы жеммен ғана қоректенеді. Мұндай ауа райы қолайсыз уақытта күні бұрын бірнеше жерге астаушалар орнатып олардың ішіне әртүрлі жем іліп қойса, көптеген пайдалы құстар қыстайды.

Құстарға үстеп азық беру жұмыстарын қар түспей, ерте күзде бастаған жөн. Сонда ғана бақтардың арасында ұшып-қонып әрі-бері көшіп жүрген құстар жиналып, үйреншікті бола бастайды. Ал, кейбір бунақдененлілермен ғана қоректенетін құстар әсіресе сары шымшықтар тамыз айының аяғынан бастап -ақ жемді іздей бастайды. Себебі бұл кезде құстар ұстап жейтін көптеген бунақденелілердің түрлері азая бастайды және қалың қар жауғанша олар көп қырылады.



















Қорытынды


Құстар - жағдайдың маусымдық өзгеруіне қарай жылы жаққа ұшып кететін және қыстап қалатын құстар болып жіктеледі. Қазақстан жерлерінде жаз және қыс айларында да тіршілік ететін құстар түрлеріне – дала торғай, бозторғай, тоқылдақ, сары шымшық т.б.

1. Зерттелген аймаққа қыстайтын құстардан 13 түрі анықталып, оларға сипаттама берілді; оның ішінде - Көк кептер, Шубар тоқылдақ, Самыр, Сарыбауыр шымшық, Сауысқан, Ала қарға, Қара қарға, Үй торғайы, Дала торғайы. Олар 3 отрядқа және 8 тұқымдасқа біріктірілді. Ең кең таралған торғайтәрізділер отрядын жатқызуға болады. Зерттелген құстардың туыс деңгейінде анықтағышы құрылып сипаттамасы берілді.

2. Қыста азықты жерден қоректенетін құстар қар онша қалың түспейтін мекендерге қыстап қалады. Ал қалың қар қабаты болатын кезде кейбір құстар қарағай, шырша бүршігін, қарағай жаңғақтарын және т.б. өсімдіктердің тұқымдарын қорек етеді.

  1. Қыста суықтан емес аштықтан жем таба алмай көптеген кұстар қырылып қалады. Сондықтан да құстарға үстеме жем беру яғни, қосымша қоректендіру қажет. Демек күні бұрын бірнеше жерге астаушалар орналастырып олардың ішіне әр түрлі жем салып іліп қойса, көптеген пайдалы кұстар қыстан аман шығады.

  2. Құстарға санақ жүргізу барысында үлкен топ құрып ұшатын құстардың ішінде самыр, дала торғай, үй торғайы, өкілдерінің саны 30-45 аралығында болды.

  3. Сайрауық құстардың дауыстарын аутотренинг ұйымдастыру барысында қолдану өте тиімді.

  4. Зерттеу нәтижелерін аймақтық компанент ретінде мектеп биология курсында 7, 8, 9 сыныптарда, «Тірі ағзаларды жүйелеу» бөлімінде пайдалануға болады. Құстардың шығу тегі, құстардың маңызы мен оларды қорғау тақырыбына биология сабағының оқыту әдістемесі және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда пайдалануға болады.














Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Базарбеков К.У., Ляхов О.В. Определитель птиц. Павлодар 1992.

  2. Бейсенова А.С. Физико - географические исследования Казахстана. А-Ата.1982.

  3. Березовиков Н.Н., Губин Б.М., Гуль И.Р., Ерохов С.Н., Карпов Ф.Ф., Коваленко А.В. «Птицы пустыни Таукума» (Юго-Восточный Казахстан), Киев-Львов 2000.

  4. Бутьев В.Т., Зубков Н.И., Иванчев В.П. и др, «Птицы России и сопредельных регионов», том-6. Москва 2005.

  5. Благосклонов К.Н. Гнездование и привлечение птиц в сады и парки. М., Изд-во МГУ, 1991.

  6. Быков Б.Г Вводный орешек флоры и растительности Казахстана.– в кн. Растительный покров Казахстана. Алма-ата , 1966г.

  7. Вольский В.А. В лесах над Березиной. М., 1958., 258 б.

  8. Гаврилов. Э.И."Фауна и распространение птиц Казахстана". Алматы, 1999.

  9. Гладков.Н.А. Құс қанатты досымыз. Алматы. Қайнар, 1982.,

  10. Гладкова Н.А., Михеева А.В. Жизнь животных. Т.5., М., 1970.

  11. Голованова Э.Н. Птицы над полями. М., 1975.

  12. Долгушин И.А. Птицы Казахстана. Т.1. А.-Ата, 1960.

  13. Долгушина И.А. «Птицы Казахстана» том 2. Алма-ата 1962.

  14. Егорина А.В. и др. Физическая география ВосточноөКазахстанской области. Усть-Каменогорск, ВГИ, 2000.

  15. Жизнь животных по А.Э. Брэму. Т.4., М., 1937.

  16. Животные Казахстана. А.-Ата., Наука. 1984.

  17. Коротков Д.В. «Зимующие птицы лесов и полей», Москва 2004.

  18. Козлова Е.В. «Птицы зональных степей и пустынь Центральной Азии» Ленинград «Наука» 1975.

  19. Ковшарь А.Ф. «Птицы Казахстана» том 5. Алма-ата 1974.

  20. Карташев Н.Н., Соколов В.Е., Шилов И.А. «Практикум по зоологии позвоночных» Москва 2004.

  21. Қайымов.Қ. Аяулы хайуанаттар. Алматы., Мектеп., 1979.

  22. Қайымов.Қ. Қызықты зоология. Алматы., Мектеп, 1975.

  23. Ковшарь А.Ф. Мир птиц Казахстана. А.-Ата. 1988.

  24. Көшімбаев.С. Сарыарқа - Алматы: Қайнар, 1989.

  25. Кузьменко.Б. Ертіс өңірі- Алматы: Қайнар., 1984.

  26. Материалы по фауне и экологии наземных позвоночных Казахстана. А.-Ата. 1963.

  27. Мальчевский «Орнитологические экскурсии», Ленинград 1981г.

  28. Наумов.С.П. Омыртқалылар зоологиясы. Алматы., Мектеп., 1970. Б. 141-142.

  29. Олжабекова К.Б., Есжанов Б.Е. Омыртқалылар зоологиясы 2 том. Алматы, Эверо 2011.

  30. Рябицев В.К. «Птицы урала, Приуральяи и Заподной сибири», Екатеринбург, 2000.

  31. Скляренко С.Л., Кашкаров О.Р. «Как наблюдать за птицами, или как стать хорошим бедвочером», Алматы, 2008.

  32. Степанян А.С. Состав и распределение птиц фауны СССР. М., 1978.

  33. Соколов В.В. Жизнь животных. Т. 6. М., 1986.

  34. Сұлтанкұлов.Т. Хайуанаттар тіршілігінің ғажайыптары. Алматы: Қайнар. 1977.

  35. Соловьев С.А., Вартапетов Л.Г., Жуков В.С., Пашкова Е.И., Соловьева Ф.С., Самсонов И.В. «Птицы городов лесостепи Юго-заподной части Западной Сибири и Северного Казахстана» Вестник Омского университета. 2011 №4. Б 187-189.

  36. Хроков.В.В, Камелев.А.И. Птицы озер и болот. Алматы, Қайнар, 1982.


38


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!