Материалдар / Ғылыми жоба "Сәндік қолданбалы өнер. Кілем тоқу"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Сәндік қолданбалы өнер. Кілем тоқу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәндік қолданбалы өнер. Кілем тоқу туралы ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2018
6139
40 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«С. Бекбосынов орта мектебі» КММ













Shape1












Тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер. Кілем тоқу.


Шығармашылық жұмыстың авторы: Қуанышбек Талшын


Жетекшісі: Күмісхан Меруерт Тохтарқызы










2017-2018 оқу жылы


Жұмыстың мақсаты:

Халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы тоқыма өнерін,оның ішінде кілем тоқу өнерін жан-жақты зерттеп, үйрену.

Жұмыстың міндеті

Қазақтың қолданбалы сәндік қолөнері жайлы білу;
Тоқу өнері жайлы мағлұмат алу;
Тоқыма тоқу технологиясын үйрену.









Кіріспе бөлім Адамзат коғамының рухани және мәдени корының кымбат казыналарының бірі - халыктың колөнері мен әдет-ғұрпы, кай халықтың болсын бітім тұлғасы, психологиялық, этникалық жан сезім белгілері оның колөнер мен әдет-ғұрып, салт-санасынан көрінеді. Өткен ел тарихын, тұрмыс-тіршілігін ой елегінен өткізер болсақ, халық өміріңдегі әдет-ғұрып, салт-санасының дамуы тарихи оқиғалардан кейін заманның өзгеруіне байланысты болғаны айқын.

Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата дәстүрі халықтық өнер желісін үзбей, халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды көздерінің қарашағындай сақтап, ілгері дамытып өркендету - өнегелі іс. Адам өміріндегі қоғамдық салт-дәстүр, әдет-ғұрып қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына карай байып, мазмұны тереңдеп келе жаткан тәрбиелік мәні өте зор тағылым. Мұны ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибе белгілсрінен көруге болады. Сәндік-қолданбалы өнерге негізделген көркем-шығармашылық сабақтар мектеп оқушыларына белсенділік береді, бейнелі ойлауын, қиялдауын да-мытуға ықпал етеді,. Мәселен, халықтың сәндік-қолданбалы өнер туындыларындағы бейнелер мен ою-өрнектерде берілген оюлар, түйсіктер мен түсініктер, тұжырымдар, халықтың дүниетанымы жеке тұлғаның эстетикалык сапаларын жетілдіре түседі. Бояу түстері мен материалдың, бұйым формасы мен нақыштарының үйлесімділігі, олардың әсемдігі мен жарасымдылығы адамның ой ұшқырына әсер етіп, оның рухани жан дүниесін байытады. Саналуан, киын да күрделі өрнектерді жүзеге асыру шығармашылықты шыңдайды, сәндік-қолданбалы өнер сабақтарында ырғақ, бояу түстері, сызбалардың икемділігі туралы негізгі үғымдарды меңгереді. Олардың әртүрлі материалдар мен құралдарды пайдалану тәсілдері туралы түсініктері қалыптасады.

Халык шеберлерінің колынан шыққан бұйымдарын талдап қана коймай. соларға ұқсатып жасау баланың шығармашылык жұмысқа, ұлттық өнерге сүйіспеншілігін арттьірады, әдемі заттар жасауға талпындырады.

Ұлттық сәндік-қолданбалы өнері қаншама жылдар бойы жасалып, жетіле түскен аса кәсіби дағдылар мен амал-тәсілдерге негізделген. Олар арқылы карапайым да көркем мәнерлілікке қол жеткізуге болады. Оларды жұлдызша. айшық, ирек сызықтармен бедерленген керамикалык ыдыстардан; ағаштан ойып жасалған бұйымдардан; жіптерді өру, айқастыру, шатыстыру аркылы токыған токыма үлгілерінен; құю, бедерлеу, жапсыру тәсілдерімен, асыл тастарымен, бағалы металдарымен ерекшеленген зергерлік өнер туындыларынан көруге болады. Халык өнерінің шығармашылығын игеру адамның кәсіби шеберлігін қалыптастыруда сәндік- талғамын тәрбиелеп қана қоймай, саздан бұйымдар жасау, ою-өрнектер түрін кұрастыру, оларды дамыта колдану, ағаш ұксату мен ою жұмыстарын орындау, тоқыма, кестелеу әдістерін меңгеру сиякты шығармашылық тұрғыдағы жұмыстармен жеке айналысуға құштарлығын оятады.

«Сәндік-қолданбалы өнер элементтерін бүгінгі күнге дейін өзінің маңызын жоғалтпаған өнердің бір түрі кілем тоқу, киіз басу, киім тігу, ши тоқу, сырмак сыру өнері. Қазақстанда кілем және кілем бұйъімдары көшпенді қазақтың тұрмысында ерекше орын алды, әсіресе, киіз үй жиһазы ретінде ағаш бұйымдары маңызды болды.

Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнерін шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен. Өнер туындыларының бетбедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шерткендей. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі – тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.

Жүн – жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Қой ,ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп мата өндіруге, тоқыма, кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні – күзем және жабағы жүніне бөлінеді. Қойдың қозысынан алынған жүнді қозы жүндеп атайды. Қойжүнінқырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды. Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қажет. Содан кейін жүнді тарақпен тарап, қолмен түтеді.Жүнді машинамен, қолмен иіруге болады. Өндірісте жасалған бұйымдар жоғары бағаланатындықтан әр түрлі басылым беттерін де шеберлер өзінің өнерін көрсету ,сол арқылы халыққа белгілі бір бұйымды тоқу әдісін көрсетеді

Кілем тоқу тарихынан 
Үй жиһазы – кілемді жерге жайсаң – төсеніш, қабырғаға ілсең – сән. Оны негізінен, сәндік, бөлме жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету мақсатында тұтынады. Ол – қазақ халқының көне заманнан бері келе жатқан дәстүрлі үй мүлкінің көріктісі. Шығыс елінде кілемді тоқып, тұтынбаған халық болған емес. Кілем тұтынуға қолайлы, төзімді, шаң-тозаңнан тез тазартылады, ылғалдан, құрғақшылықтан қорықпайды, күтіп ұстаса, күйе түспейді әрі аса бағалы мүлік. Кілем бетіндегі сан қилы сәнді өрнектер-көшпелі халықтың өмір шежіресін баяндайды. Бұрын өмір сүрген ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі, көшпелі елдің ағаш үйі, мал қорасы, ескі қорғандар, жүзім баулары, бәрі-бәрі осы кілем өрнектерінде бейнеленіп тұр. Кілемдегі суреттер шартты түрде бейнеленгенімен, онда өмір шындығы айқын аңғарылады. Біз білетін деректер: тоқылатын кілемдердің ішінде Түрікменстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Қазақстанның кілемдері өздерінің көрнектілігі жағынан басқа халықтың кілемдерінен көш ілгері. Өйткені, ұлттық кілемдер – осы республика қолөнерінің төл туындысы, негізгі түрі.

. Мұражайларда сақталған түкті кілемдерге қарап біздің елімізде, әсіресе ХІХ-ХХ ғасыр­ларла кілем тоқу өнері қатты дамығандығы аңғарылады. Әйтсе де, ар­хеологиялық қазба жұмыстарына қарағанда кілем тоқу өнер­нің тарихы тереңде жатқаны анық. Алтай жеріндегі археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған тоқыма бұйымдары бұған дәлел. Қазақтың ғұлама ғалымы Әлкей Марғұлан да қазақ түкті кілемінің өзі бірнеше түрге бөлінгенін айтады. Әсіресе орта ғасырлардан бері ақсүйектердің еншісі болып келген орда кілем, қалы кілем, масаты кілем, жібек кілемдер көздің жауын алатындай бір-бірінен өткен әдемі. Осы күні мұражайларда сақтаулы түкті кілемдердің көбі Оңтүстік Қазақстан шеберлеріне тиесілі. Бұл өңірде өткен ғасырдың 60-жылдары киіз басу мен кілем тоқу өнері жаппай белең алған. Жаздай жуып, тазалап, түтіп дайындаған жүнді апаларымыз қыстай иіріп шығатын. Күні бойы үй тірлігінен бір босамайтын апа-әжелеріміздің кеш болса ұршығын алып пештің түбіне жайғасатыны әлі есімде. Содан жаз шыға әлгі дайын болған жіптерді бояп, ауылдағылар кезек-кезек кілем құратын. Алғашқы күні ауылдағы білгір үш-төрт әйел ерлер жасап берген бойы 5-6 метр, ені 2,5 метр шамасындағы қалыпқа кілем құратын. Сосын оны үш-төрт қыз 20-30 күн бойы бел жаз­бай тоқитын. Міне, осы мысалдан-ақ бір кілемнің өзіне қаншама маңдай тер төгілетінін байқауға болады. Кілем құрылған үйде қой сойылады, арты кәдімгідей тойға ұласып жататын. Тағы бір айта кетер жайт — өзге ағайын-туыс бой­жеткен қыздарын кілем құрған үйге міндетті түрде екі-үш күнге асар­ға жіберетін және кілемші қыздарға көрші-қолаң, ағайын-жекжат ара-арасында арнайы ас әзірлеп алып келетін. Егер мұндай жайттар сәл саябырсып қалса кілемші қыздар үйге келген әзілі жарасқан жандардың біріне ар­найы кілемге арналған түрлі-түсті жіп­терден шашақ жасап, соны ұстатып жібереді. Бұл дегеніңіз келесі «кезек сіздікі» дегенді біл­діреді. Шашақ байланған жан көп ұзамай қыздарға тәтті тағамын алып келуге міндетті. Бұл «мін­дет­тен» құтылмаса ол кілемші қыз­дардың маңайына да жолай ал­май қалады. Әсіресе домбыра-гитара тартатын бозбалалардың кеш болса кілем құрған үйді жағалай­тыны да қызық. Қазір осы үрдістің бәрі ұмыт қалып бара жатқаны өкінішті.

Кілем тоқу әдістері.

Кілем ерте кезден қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып есептелсе,қазірдің өзінде де маңызын жойған жоқ.Кілем- арнаулы қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салынып,әрбір шаршы метріне шамамен 230-400 –ге дейін, ал өнбойына бір миллионға жуық жіп тіндерін келтіріп өте тығыз тоқылатын аса бағалы бұйым.Жазбаша ескерткіштерге қарағанда,бұрынғы замандарда киіз үйдің ішінен ұстап,еденіне төсеумен бірге,кілемді киіз үйдің туырлық пен үзігі орнына жапқан.

«Кілем өрмегі»Ерекше сән мен сұлулыққа толы үй жасауы – кілемнің өрмегін «Аспалы өрмек» немесе «Кілем өрмегі» деп атайды. Кілемнің бой жіптерінің жоғарыдан төмен қарай кейде 3, кейде 4 бет болып тізілуі осы кілем өрмегіне тығыз байланысты. Ең бірінші, оның арқауы иіріліп алынады. Оған пайдаланылатын заттар: түйе жүні аралас (кейде шуда аралас) мақта, жібек. Осыларды қолдана отырып, кілем арқауын әрі мықты, әрі жуандау етіп иіріп жасайды. Бой жіптермен қатарлас түк және өрнек жасаушы жіптер тұрады. Бұл жіптер қойдың биязы жүнінен, түйенің жүнінен өзге жіптерге қарағанда бостау етіп иірілуге тиісті. Кейде бұл жіптердің бой жіптердің үстінде арнаулы күзеулерде бос тұратынын да білеміз. Оны кілем тоқушы шебер өз қалауынша суыртпақтап отырып арқау мен бой жіптерге іледі де кілемге түр салады.

Өрмек қазақтың қолөнеріндегі кілем, алаша, кілемше тәрізді бұйымдарды тоқу ісінде қолданылатын өте қарапайым әдіс. Күрделі техникасыз, барлық жағдайда қолдануға болатын, қажетті жабдықтары оңай табылатын өрмек екі түрлі. Біріншісі – аспалы немесе термелі өрмек. Мұндай өрмекке кілем тәрізді тұтас, енді заттар тоқылады. Екіншісі – жай өрмек. Ол шекпен, алаша, қап, қоржын, белбеу, терме бау, басқұр сияқты енсіз нәрселерді тоқуға арналған. Өрмекке арналып иірілген жіптер жасалатын бұйымына, салынатын жолақтарға, өрнектерге байланысты бірнеше түсті болып, олар бөлек-бөлек домалақтанып қойылады. Өрмекке жеңіл әрі жиі қолданылатын өрнектің екі түрі: «су» өрнегі, «тіс» өрнегі. «Су» өрнегі өрмектің белгілі бір шетінен ерсі жіппен қарсы жіптің өнбойын бір түсті етіп жүгірту арқылы тоқылса, «тіс» өрнегін осы екі жіптің екеуін екі түсті түрмен жүгіртіп (астыңғы жіп қара, үстіңгі жіп ақ) тоқиды, - дейді кілемшілер. Өрмекке мүйіз, өсімдік, геометриялық кескіндер тәрізді күрделі өрнектерді тоқу – «терме» тоқу (термелеп тоқу) деп аталады. Термелеп тоқу тәсілі қазақ шеберлерінің өрмек өнерінің ең бір көп тараған және көркем дүниелерді тоқуға ең қолайлы түрі. Қазақ жерінің кей аймағында терме тоқудың алты түрлі тәсілі пайдаланылады. Олардың ішінде «қайыра теру», «кежім теру», «бұқар теру» тәрізді де түрлер бар.

Кілемнің ою-өрнегіндегі бояулар

Мал шаруашылығымен айналысқан (қой, түйе өсірген) барлық халықта да кілем тоқу өнері дамыған. Олардың кілемдері де, алаша, текеметтері де сан алуан түр мен түске толы. Бәрі де құлпырып көз тартады. Негізінен, қазақта кілемше теріліп тоқылатын бұйымдардың жіптері ашық та арайлы көп түсті бояумен боялса, кілем өрнегінде, әсіресе, қызыл фонға қара, көк, сары және ақ түсті өрнектерді көбірек жүргізу дәстүр болып қалыптасқан. Қазақтың қолөнерін зерттеуші М.Ш.Өмірбекова өзінің «Қазақтың ою-өрнектері» деген еңбегінде кілем жіптерінің бояуы жөнінде былай деп жазады: «Бояудың өзінде нышандық мән болғандықтан, қиылған ою-өрнек түрлі – түске боялғанда, ол белгілі бір мазмұндау, философиялық ойды білдіреді. Ою-өрнектегі бояу түсінің сан құбылмалылығы бірден көз тартады. Бояулар бір-бірімен үйлескенде терең мағынаны меңзейді. Сан алуан көріністер қоғам өмірі мен адам қызметінің ауқымдылығын, шексіздігін, белгілі бір мақсатты көздейтінін баяндайды. Жалпы айтқанда, бояу үндестігі, бояу шешімі ою-өрнек өнерінде идеялық және эмоциялық мәні бар негізгі арқау болып саналады, сондай-ақ, ою-өрнектегі әрбір бояудың өзіндік тарихы барын аңғару қиын емес. Ою-өрнек өнерінде бояулар күрделі роль атқаратын, ондағы ой мен идеяны бейнелеу сияқты күрделі мақсатта қолданылғанын білеміз».

Кілем жіптері

Қандай кілемді де қойдың, түйенің жүнінен, шудасынан иірген жіптен (екеуін араластырмай) тоқиды. Кілем тоқылу ерекшелігіне қарай (түкті, тықыр), материалына байланысты (жүн, жібек, мақта, кендір талшығы), көлеміне орай (қос күмбезді, бес күмбезді), ою-өрнектеріне сәйкес түрліше аталып, бірнеше топқа бөлінеді. Солардың ішінде түкті кілем бірнеше қабаттан тұрса, оның негізгі арқауы жекелеген жіптерден және бір-біріне тығыз араласқан түйіндерден құралатыны мәлім. Қалың түк жіптердің ұшын біркелкі қырқу арқылы жасалады да, ол әлгіндей түйіндерді жауып, көрсетпей тастайды. Содан, түктің ұзындығы 3 мм-ден 18 мм-ге дейін де жетеді. Бұл түк кілемнің қалыңдығын, мықтылығын арттырады, оны барқыт тәрізді жұмсақ етіп көрсетіп, кілемге айрықша сән береді.

Тек тақыр кілемнің (палас, сумаха, шпалер, терме алаша, т.б.) тоқылуы басқаша. Ол бір өріс жібінен бір қабатты екі жақты тығыз етіп тоқылып, жасалады. Біздің елімізде мұнымен қатар, түгі қырқылмаған, кейде түгінің жартысы қырқылып, жартысы қырқылмаған аралас кілемдер де шығарылып келеді.

Кілем жіптерінің басты түрлері:

Еркек жіп. Ол – кілем тоқу үшін керілген желі жіптерінің күзуде тұрған үстіңгі жіптері.

Ұрғашы жіп. Бұл – керілген желі, төсек жіптің төменгі күзусіз жіптерінің атауы.

Күзу. Ол – керілген желі, төсек жіптің орта шенінен көлденең түскен белағашпен еркек жіпті жалғастырып тұратын кілем жібі.

Тарту жіп. Белағаштың үстінен екі басына бекітілген күзуді тартатын жіпті осылай деп атайды.

Арқау. Еркек жіп пен ұрғашы жіптің арасынан әрлі-берлі өткізілетін бас жағындағы шатысты ұстап тұратын жіпті шеберлер осылай деп атап кеткен.

Жіппен жасалатын амалдар:

Шатыс. Керілген жіп желілерінің, яғни еркек жіп пен ұрғашы жіптердің күзу арқылы адарғының көмегімен айқасуын «шатыс» дейді.

Шалу. Керілген желіге салынатын түрлі еркек жіптен алып ұрғашы жіпке шалып орау. Оны шалу немесетүр шалу деп те айтады.

Жіптіңқашуы. Кілем тоқу үшін керілген жіп желісінің үзіліп кетуін шеберлер «жіптің қашуы» , - дейді.

Жіпжалғау. Керілген желі жіптерінің үзігін немесе қашқанын тауып байлауды «жіпжалғау» деп атайды. Егерде ол байланбаса, кілемге салынып жатқан түрдің қисық түсуі мүмкін.

Жіпті сирексіту. Керілген жіп желілерінің арасынан арқау өткізілген соң ұйысқан жіп аралығын тоқпақпен (оны кейде тарақ деп те атайды) түйгіштеп, сол желі жіптерінің арасын ажыратады. Мұныңатауы – сирексіту.

Жіп иірудің екі түрлі құралы бар. Олар: ұршық және аяқпен айналдыратын жіп иіргіш. Ұршықпенжүниірудіңекіәдісі: шүйкенісолқолдыңсыртынаіліпқойыпиіру; шүйкеніжоғары (үйдіңқабырғасына, сәкіге, керегегежәнет.с.с.) іліпқойыпиіру. Иіріпкележатқандажіпүзіліпкетсе, оны шүйкеніңүлпілдекұшыменжалғастырақояды.

Түрлі-түстіжіптерменкілемтүгіншығару

Жақсыиірілген, әдемі боялған түрлі-түстіжіптерменкілемтүгі былай шығарылады: әр түрлі бояулы жіптерді әр бір екі өріс жібіне түйілдіреді. Бұлар көбінесе, қос шалымды, кейде бір жарым шалымды тұзақша түрін де болады, ұшы бетіне шығарылады, сосын қырқып тасталынып отырады. Ал, бірыңғай қатар жатқан тұзақшалардан соң арқау жібін жүргізеді, сөйтіп, алдыңғыларына қарай оны тарақпен нығыздай қағып қояды. Кілем түгі үшін жүннен иірілген жіпті (кейде жібек жіп), өріс және арқау үшін мақта жіпті пайдаланады.

Кілем тоқылатын құрылғы

Кілем тоқитын заманымыздың соңғы жаңалықтарымен жасалған арнайы станоктар ауылдық жерлерде болған жоқ, қазір де кездеспейді. Соған қарамастан, кілем тоқушы шеберлер арнайы жабдық, құрылғыларды ойлап тауып, тиімді пайдалана білді.

Кергіағаш. Кілем тоқылатын, оның жібін керіп тұратын арнайы ағаш. Мұнда желінің басынан және аяғынан кілем тоқылатын орында жіп жүгіртіледі де, бұл ағаш оны керіп тастайды. Тоқылатын кілем мөлшеріне сәйкес желі аз да, көп те болуы мүмкін.

Белағаш. Бұл – кілем тоқу үшін керілген жіп желісін күзу арқылы байланыстырып тұратын көлденең ағаш.

Адарғы. Кергі ағашта тоқылып жатқан кілемнің еркек жібі мен ұрғашы жібін ерсілі –қарсылы, жоғарылы-төменді алмастырып тұратын белағашпен қатар жатқан ағашты адарғы дейміз.

Аяқ. Белағашты көтеріп тұратын, аша басты тіреу ағаштың атауы – аяқ. Оны керілгенжелі-төсек жіптің бел ағашының екі басына тіреп қояды.

Тоқпақ. Ол керілген желідегі еркек жіп пен ұрғашы жіптің арасынан арқау жіп өткізілгеннен кейін жіп арасын түйгіштейтін шеге тісті ағаштан жасалады. Атауы – тоқпақ, кейде оны тарақдеп те атай береді. Өйткені, бір жағынан тараққа да ұқсайды.

Қайшы. Керілген желідегі жіпке шалынғаннан соң тегістеу үшін қажет. Осы қайшымен кілемнің түгін қырқып, тегістейді.

Кілемнің түрлері мен түстері

Қазақтың терме өрмегімен кілем, тақыр кілем, құр, таңғыш, желбау, бесбау, есіктің тастамасы, қоржын, сандық қап тәрізд ібұйымдар тоқылады. Қазақ халқының қолөнерін зерттеуші С.Қасиманов өрмекпен тоқылатынүйжиһазына кілемді де жатқызады. Сол себепті біз өз мақаламыздың атын «Кілем – көріктіжиһаз» деп атаған болатынбыз.

Өрмекпен тоқылатын кілемдер

Құнды бұйым-кілем өндіру үрдісі екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады. Біріншісі – қолмен кілем тоқу, екіншісі – машинамен кілем жасау. Қолмен кілем тоқу ағаштан жасалынған тоқыма станоктарында атқарылады. Қолмен тоқылған кілемдер өте берік болып, кейде жүз жылдан астам уақыт бойы пайдаланылады. Қолдан түкті кілемді тоқығанда оған қажетті заттар: жүн (қойдың, ешкінің, түйенің), мақта-мата, жібек, зығыр, кендір жіптері.

Кілемнің түгі былай шығарылады: әр түрлі бояулы жіптерді әрбір екі өріс жібіне түйілдіреді. Бұлар көбінесе қос шалымды, кейде бір жарым шалымды тұзақша түрінде болады, ұшы бетіне шығарылады, сосын қырқып тасталынып отырады. Ал, бірыңғай қатар жатқан тұзақшалардан соң арқау жібін жүргізеді, сөйтіп, алдыңғыларына қарай оны тарақпен нығыздай қағып қояды. Кілем түгі үшін жүннен иірілген жіп (кейде жібек жіп), өріс және арқау үшін мақта жіпті пайдаланады.





Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б.
Білім саласындағы кез-келген пәннің жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық.Мектептегі технология пәні басқа пәндерге ұқсамайтын,өзіндік атқаратын қызметі мен тәлім тәрбиелік мүмкіндігі зор пән.Технология пәнінің базалық мазмұны оқушылардың болашаақ кәсіптерін анықтау қабілеттерін дамытады,өздерін өздері танып білулеріне технология әлемін зерделеуіне,әр түрлі кәсіби салалар бойынша қабілеттіліктерін,біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік жасайды.

ІІІ.Кілем түрлері және жіптері

Жүн – жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Қой , ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп мата өндіруге, тоқыма, кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні – күзем және жабағы жүніне бөлінеді. Қойдың қозысынан алынған жүнді қозы жүн деп атайды. Қой жүнін қырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды. Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қажет. Содан кейін жүнді тарақпен тарап, қолмен түтеді.
Жүнді машинамен, қолмен иіруге болады. Өндірісте жүн иіру технологиясында жүн иіретін арнайы машиналар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар күнделікті тұрмыста да жүн иіруге арналған жүн иіруші аппараттар қолданылады.
Тоқу түрлері: тура және кері қатарлармен тоқу
Айналдырып шеңбер жасай тоқу.
Тізбек бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасына өткізіп алады. Осылайша қайталана береді.
Ілмекпен тоқуда негізгі элементтері – бос шалу, біріктіру бағаншасы, шалмасыз бағанша, шалмалы бағанша, екі шалмалы бағанша, үш шалмалы бағанша, төрт шалмалы бағанша, пико, жарты бағанша және т.б.
Ілмек бізбен тоқу кең тарап, тоқу арқылы жасалған бұйымдар жоғары бағаланатындықтан әр түрлі басылым беттерінде шеберлер өзінің өнерін көрсету үшін ілмек бізбен тоқудың шартты белгілерін ойлап тауып, сол арқылы халыққа белгілі бір бұйымды тоқу әдісін көрсетеді.

Ұршық – жүнді қолмен иіруге арналған негізгі аспап. Бұл қарапайым аспап, әр елдің ұршығының сыртқы қалпы өзінше ерекшеленеді. Қазақтың ұршығы 30см шамасында сабы конус тәрізденіп келеді. Ең жуан жеріне сақина кигізілген. Оның ішкі тесігінің диаметрі-2, 5 мм, ал, сыртқы өлшемі -30мм.
Тоқыма үшін қажетті құралдар:
1. Біз.
2. Жіп
Біздің өзі әрқалай бөлінеді. Мысалы:
1. Қарапайым сым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқуға, мойын орағыш тоқуға, баскиім, т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады.
2. Екі басы сым темірден жасалған, ортасына түтікше пластмасса кигізілген қарапайым біз.
3. Ілмек біз. Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі. Ілмек біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. Мысалы ата-бабаларымыздың бұл бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған. Ал қазіргі заманда арнайы сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл бізді қолданғанда жуан жіптерді жуан ілмек бізбен, ал жіңішке ілмек бізбен тоқу керек.Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б.

ІV.Қазақ кілемдері.

Түкті, тықыр, барақ кілемдер. Қазақстанның оңтүстік облыстары мен Арқада түкті, тықыр, араб кілемдерін тоқу, Семейде кілем кестелеу күшті дамыған. Түксіз қазақ кілемдерін тоқудың бірнеше тәсілі қолданыста. Оның кең тараған түрі – басты өрнектерінің «араби» болып жасалынатыны. Яғни, мұндай кілемді тоқуда жіңішке және жалпақ өрнекті белдеулерді шебер алмастыра отырып, арабы кілемнің әсем суретін құрайды.Қазақтар шаршы кілемді орта тұсын шаршылармен немесе ромбылық әшекейлермен безендіріп тоқиды, тақта кілемді орта бөлігіне ұдайы алмастырылып тұратын түсті белдеулерді орналастырып, ал олардың ортасына алуан түсті жіптерді қайта әдіптеу арқылы сатылы өрнектер салып жасайды. Түксіз кілем оюларына қошқар мүйіз, құс тұмсық, ботакөз, тұмар, тарақ, тағы да басқа ою нұсқалары салынады. Кілем өрнегінде әсіресе, қызыл фонға қара, көк, сары, ақ түсті өрнектер көбірек жүргізіледі.Қазақтарда біз жоғарыда айтқан кілем түрлерінен басқа, терме кілем, шешенгүл кілем, шатыргүл кілем, қараман түр, талас кілемі деген де кілемдер кездеседі. Кейінгі кезде жас шеберлер өз кілемдерін «Бақыт кілемі», «Қыз қуу», «Неке қию», «Ғарыш», «Жер серігі» деп те атап жүр. Тіпті қазіргі қазақ кілемдерінде алып құрылыстар, өскен ауыл өмірі, замандастар келбеті, қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылардың бейнелері де өрнектелуде. 
Қазақтың ұлттық кілемдерінің ежелден келе жатқан түрлері – ата-бабаларымызыдың асыл мұрасы. 

Кілемді сақтау әдістері.

Кілемнің тозбауы және әдемілігі мен қылдақтығын арттыру үшін оның астына киіз немесе жұмсақ резеңке салады. Еденге төселетін кілемнің орнын ауыстырыл отырған жөн.

Кілемді төсер алдында еденнің кірін кетіріп, шаңын сүртіл әбден құрғату керек. Төсеген кезде кілемнің жиырылып, бүктеліп қалмауын қадағалау қажет. Тоқыма кілемдерді қатты сыпырғышпен немесе шаңсорғышпен аптасына бір рет тазалайды. Қатты щеткаларды пайдаланбаған жөн. Түгіне қарсы тазалау ға да болмайды.

Кілемді жұмсақ, иілгіш заттармен қаққан дұрыс. Оны ағаш қорғанға немесе кір жаятын арқанға іліп қағуға болмайды, мұндай жағдайда кілемнің арқау жіптері зақымданады. Қағылған кілемніқ екі жағынан бірдей сыпырғышпен сүрту керек. Қысты күндері кілемнің түкті жағын үстіне қаратып қар салып тазалаған тиімді. Майысқақ шыбықпен немесе тал сыпырғышиен бірнеше рет орнын ауыстырып таза қардың үстінде әбден тазарғанша қағу керек. Таза жүннен қолдан және машинамен тоқылған кілемдерге қаракүйе мен кілем қоңызы түседі.

Кілемнің пайдасы мен зияны.

Қазір байқап қарасаңыздар, шаң жинайды, қағып-сілкуге, тазалауға қиын деген сылтаумен көп үй киіз бен қолдан тоқылған кілемді пайдаланбайтын болған. Оның орнына синтетикасы көп зауыт-фабриканың заманауи бұйымдары көбейген. Әрине, бір қарағанда түрлі-түсті бояуымен көз тартатын бұл бұйымдардың денсаулыққа қаншалықты пайда-зияны бар екенін ескеріп жатқан ешкім жоқ. Біздің қазақ өзгелер сияқты үстелде шоқиып отырғанға үйренбеген, көбі (әсіресе ауылдық жердегілер) жерге, төсеніштің үстіне бір-екі қабат көрпеше төсеп отырады. Тіпті жантайып жатып, самаурын-самаурын шай ішетіні тағы бар. Мұндайда табиғи жүннен жасалған киіз бен кілем әрбір қазақтың үйінде болса артықтық етпейтінін ішіміз сезеді.

V. Әлем халықтарының кілемдері.

Түрікмен кілемдері «ушан», «құла» кілемі, «пенди», «гауһар», «иомуд», «бешир» т. б. деп аталады. Негізінен түсі қызыл, геометриялық түзу сызықты өрнектермен әсемделеді.

Кавказ кілемдері «куба», «шируан», «хила», «қазақ», «карабах», «дербент», «микрах», «ахты» т. б. деп аталады. Түрі қызыл, көк, көгілдір, алқызыл, сары, ақшыл түсті болып келеді. Ою-өрнек ретінде гүл, жапырақ, құс, жан-жануарлар бейнесі қолданылады.

Қытай кілемдерінде әртүрлі түстегі балық, жан-жануарлар, мифтік құбыжықтар,айдаһарлар т. б.бейнеленеді. Сондай-ақ лотос, таушылдық гүлдері өрнектелген кілемдер де кездеседі. Олардың ортасы ою-өрнексіз көбінесе сары, қошқыл көк, алқызыл түсті болып келеді. Тағы бір ерекшелігі — оның түгі кілемдегі ою-өрнекті аша түсетін ыңғаймен ұзынды-қысқалы болып қырқылады. Ою-өрнек түгінің қысқа қырқылуы кілем түрінің әдемілігін арттыра түседі.

Түріккілемдері «анатоль», «анкара», «смирна», «бергамо», «брусеа», «ушак» т. б. депаталады. Гүлді (парсы көлемдерінеқарағандабіржүйегетүсірілген) жәнеою-өрнектіболыпкеледі.

Француз кілемдері «савонарри», «обюссон» типіндегікілемдердегүлсалынғаною-өрнектісуреттербасымдауболады.

Иран кілемдері: «исфахан», «қашан», «фараған», «хорасан» депаталғанкілемдерәлемгеәйгілі.

Қазіргі кезде күнделікті тұрмысқа керекті жеңіл-желпі заттарды станоксыз да қолмен тоқуға болады.Қолмен тоқу ерекше жабдықты, арнаулы орынды, белгілі мезгілді керек етпейтін қарапайым, әрі тиімді өнер.

Тоқыма қол өнердің ең көне және кең таралған түрі.Мектепте оқушылардың тоқыма өнеріне деген қабілеттері арттыру мақсатында кілем тоқу, шілтер тоқу, кесте тоқу, бисермен тоқу, т.б. түрлерін кең көлемде үйретемін.

Тоқыма өнерінің шығармашылық жұмыс жасарда, оқушы алдына мақсат қойып жоспар жасайды. Тоқу әдісінің ерекшелігін, алуан түрлілігін, оқушылар қызығушылық таныта отырып меңгергенін көпшілікке дәріптеу мақсатында теледидардан көрініп, шығармашылық жұмыстарын көремелерге, жәрмеңкелерге дайындау, сабақтың тартымдылығын арттырып, оның қызықты да,нәтижелі өтуіне ықпал етеді.Заман талабына сай мектепте сәндік-қолданбалы өнерге, көнеден келе жатқан тоқыма өнеріне үйрету бүгінгі таңда үлкен мәселенің бірі болып отыр. Қазір тоқыма өнерінің шарықтап етек жайған уақытында оқушыларға кесте тоқу, кілем, гобелен, бисермен тоқу және әртүрлі тоқыма өнерін үйретуді мектеп бағдарламаларына көбірек енгізіп, оқушының шығармашылық қабілеттерін жандандырса, болашақ ұрпақтың ұлттық мәдениетін көтеру арқылы ұлттық деңгейімізді көтерер едік.

Қазіргі кілемнің көбі шетелдік. Алматыдағы жалғыз кілем фабрикасы да жұмысын тоқтатқан. Ол кезінде республикадағы сюжетті ою-өрнекті кеңінен пайдаланып кілем тоқыған ірі өндіріс ошағы еді. Қаншама мекемелер мен мұражайларға арнайы кілем тоқыған Алматы кілем фабрикасы өнімінің сапасы аса жоғары болды. Қолы жеткен үйінің төріне осы кілемді төсеуге ұмтылатын. Нарықтың қыспағы бұл фабриканы да айналып өтпеді.

Қорытынды

Кілем — Ұлы Жібек жолы бойымен тасымалданған маңызды тауарлардың бірі болған. Тіпті тарихта ақсүйектер бір ел мен екінші елдің татулығын ойлап кілемді тарту-таралғы ретінде сыйға тарту үрдісі бар. Қалай болғанда да бұл бастауын шығыстан алған қасиетті өнер. Парсы, Түркия, Қап тауы, Түрікменстан, Үндістан, Пәкстан, Қытайда бұл өнер аса дамыған. Кілем өрнегінде әр ұлттың өз тарихы, дәстүрі, ой-қиялы айқын айшықталған. Әр ұлт бұл өнерді өзіне тән етіп көрсеткісі келеді, бірақ біздің дәуірімізге дейінгі заманда да бұл өнердің кеңінен қолданылғаны тарихи зерттеулерден белгілі. Сондықтан тамыры тереңде жатқан осынау қасиетті өнердің бұдан былайғы дамуына ден қойғанымыз жөн.
Халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным түсінігінің жарқын айғағы. 
Мемлекетіміз мектептің алдына жаңа бір міндет қойып отыр – өмірге қадам басқан жастар жаңа заман талабына сай, өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, нарықтық жағдайда алдындағы мақсатын анықтай алатын экономикалық білім алуы тиіс.

Менің зерттеуім бойынша.

Дүние жүзіндегі ең үлкен кілем ең алғаш 1959 жылы Ашхабадта тоқылды.Оның көлемі 192 шаршы метр еді.1965 жылы Түрікмен шеберлері мұны екі есе ұлғайтты.Бұл кілемнің көлемі 252 шаршы метр,салмағы бір тоннадан асады.Армян шебері АкопКемешян көлемі 46 шаршы метр кілем тоқыды.1966 жылы Витевск кілем камбинаты көлемі 144 шаршы метр кілемнің салмағы 300 кг түкті кілем тоқыды.Қазақстан кілемшілерінің ішінде 1926 жылы Париж көрмесінде бәйге алған қарт ана Барлыбаева Рымжан,1950 жылғы республикалық көрменің жүлдегері болған Қонақбаева,1960 жылдың жүлдегері Сағатова,Маңғыстаулық Айтмағанбетова,Келес ауданынан 14 жасында кілемшілікпен аты шыққан Тауасарова.Сонымен қатарҚазақстан орталық музейнде Шоқан Уалихановқа арналып тоқылған кілем бар екенін білдім.1937 жылы Алматы кілем фабрикасының Амангелді батырға арнаған кілемі Москвадағы мұражайға жіберіліпті.Оның көлемі 20 шаршы мет































Қолданылған әдебиеттер:
1. “Пайдалы кеңестер” журналы. 
2.“Мектептегі технология” журналы. 
3. “Шаңырақ” 1991ж Нұрғалиева Р. Н
4. Қасиманов «Қазақ қолөнер» кітабы.
5. Шебердің қолы ортақ.Энциклопедия.

6. “Технология” оқулығы 5-9 сынып


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!