Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба "Семей өңіріндегі медреселер"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сәлеметсіздер ме, құрметті әділқазы алқалары және оқушылар! Мен Төлеуғазин Елжан Әділғазыұлы С. Бекбосынов атындағы орта мектебінің 10 сыныбында оқимын.
1 слайд:
Назарларыңызға ұсынылып отырған ғылыми жобаның тақырыбы: «Семей өңіріндегі медресселер».
2 слайд:
Жұмыстың жоспары бойынша келесі мәселелер қарастырылды.
(Жоспарды жатқа айту керек)
Бірнеше ғасырлар бойы қазақ жеріндегі халықтың сауаттылығын арттыру мақсатында көптеген деректерге сүйене отырып, ұлылардың еңбектерінде, шығармаларында білім беру ордалары туралы жырланған. Қазақ қоғамында XIX ғасырдағы мектептер мен медреселердің халық ағарту ісінің дамуы қарқынды жүрген. Ғылыми зерттеу жұмысымда осы кезеңдегі оның ішінде Семей өңіріндегі халқымыздың сауатын ашуға арналған білім жүйесі қалай жүргізілгендігі, патша өкіметінің саясаты кезіндегі қазақ елінің білім алуы, сол кездегі оқу құралдары, мектептегі оқытылатын пәндері мен мұсылман медреселеріндегі оқу жүйесін, сонымен қатар халқымыздың сауатын ашуға кедергі болған жағдайларды қарастырдым.
3 слайд:
Зертттеу жұмысының мақсаты:
XIX ғасырдағы Қазақстан жеріндегі, Семей өңіріндегі білім беру жүйесін зерттеу, соның ішінде діни мектептер мен медреселердегі басты білім беру жүйесіндегі оқулықтар, оқу бағдарламалары, даму белгілері, кезеңдерін жүйелеп, бүгінгі білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие жүйесінің дамуын, мұғалімдер құрамы және мамандар даярлау кадрлары жан-жақты зерттеу.
Зертттеу жұмысының міндеттері:
1. Семей өңіріндегі сондай-ақ XIX ғасырлардағы мектептер мен медреселерді зерттеу;
2.Мектептердің даму тарихнамасын анықтау, мектептегі оқу-тәрбие үрдісі
ұйымдастырудың ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтау;
3.Білім ордаларындағы оқу жоспары, бағдарламалары, оқулықтар мен оқу
құралдарына сипаттама беру;
4.Тақырыптың маңыздылығын, тарихи сипатын терең түсіне біліп, толық
ашу үшін материалдар мен ақпараттар жинастыру және қорытынды
жасау .
(Мақсаттары мен міндеттерін жатқа айту керек)
4 слайд:
Келесі слайдта XIX ғасырдағы Семей өңіріндегі ағарту ісінің дамуындағы негізгі кемшіліктерді атап өтуге болады.
Мысалы:
-
мұғалімдердің жетіспеушілігі;
-
мектеп үйлерінің талапқа сай келмеуі;
-
қаражаттың жетіспеуі;
-
патша өкіметінің Орта Азия мен Қазақстанды ислам дінінің тарауына қарсылығы;
-
басқалар.
(Слайдтан кемшіліктерін жатқа айту керек)
Қазақстанда халық-ағарту ісінің дамуына кедергі болған негізгі себеп - оқу орындарының барлық буындарында дерлік білімді ұстаздардың жетіспеуі. Томскінің, Қазанның, Мәскеудің, т.б. ірі мәдени орталықтардың оқу орындарын бітірген мамандар Қазақстандағы ауыр материалдық және тұрмыстық жағдайға төзбей, қайтып оралатын. Жалақының аздығы, оқу ісін ұйымдастырудағы олқылықтар, оқу құралдарының, кітаптардың жетіспеуі де халық ағарту ісінің қарқындап дамуына кедергі болды.
5 слайд:
XIX ғасырдың аяғында Семейдегі ағарту ісінің жүйесіне тоқталатын болсақ, ол келесі суретте көрсетілген, яғни суреттен көріп отырғанымыздай бастауыш оқу орындары, приход мектептері, толықтырылмаған гимназиялар, орыс-қазақ аралас мектептері және ауылдық сауаттылықтың негізін үйрететін мектептер.
Семей жеріндегі алғашқы мектептер. Орыс-қазақ мәдени қатынастары Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуымен байланысты. Осы тарихи оқиғамен қазақ халқының арасында діни емес білім берудің тарауының алғашқы қадамдары байланысты болып табылады.
XIX ғасырдағы Қазақстанда мұсылмандық білім алу көптеген жасанды кедергілерге тап болды. Мұсылмандық оқу орындарын аралаған патша шенеуніктері көшпелі халық арасында салауыттылықтың таралу мүмкіндігіне сенімсіздікпен қарады.
Бүкіл Қазақстан бойынша қанша мектеп және медресе болғаны мұрағат материалдарында анықталмаған. Сонда да мына мәліметтерді келтіруге болады. Семей облысының 13 қалалық мектебінде 1887 жылы 605 ұл бала оқыған (15 мың ер адамға 1 оқушыдан келіп отыр), ал 1912 жылы Торғай облысының Қостанай уезінде 494 оқушысы бар тоғыз ер балалар және қыздар мектебі жұмыс істеген. Бұл мектептерде әліппені оқытып, арифметикалық төрт амалды үйретті және құран сүрелерін жаттататын.
6 слайд:
Медресе жан-жақты білім беруге негізделді. Онда құранды оқумен қатар мүлікті мұраға қалдыру және бөлу туралы заң, юриспруденция, тарих, философия және жаратылыстану энциклопедиясы, араб тілінің грамматикасы, догматика, логика сияқты ғылым салалары, математика, орыс тілі оқытылды.
Мектептер мен медреселердің, қалалық және басқа кітапханалардың жабдықталуын негізінен жеке адамдар, қайырымдылық ұйымдары, жергілікті мұсылмандық қоғамдар көтеріп отырды.
Жаңа оқу жүйесінің негізі 1884 жылы эксперименттік жәдидтік мектептердің нәтижесінен, яғни, кадимистік мектептерде 5 жылда берілетін білімді, олар 2 жылда беріп тамаша жетістікке жетті. Бұл мектептердің жаңа әдісті жүйемен оқу жұмысын бастауы, мектеп құрылысындағы жаңа бағыт, түбегейлі өзгерістер жасаудың алғашқы бастамасы болды деуге болады. Себебі, мұндай мектептердегі оқу жұмысында мұсылмандық белгілерді сақтай отырып, сауат ашу әр ұлттың өзіндік ана тілінде болуы еді.
Жаңа әдістегі мектеп-медреселердегі білім берудің мазмұнына шариғат, ислам тарихы, қасиетті тарих және т.б діни пәндермен қатар ана тілі және араб тілі, тарих, география, арифметика, ал кейбіреулерінде табиғи тарих пәндері еніп, жалпы білім берудің сапалық деңгейін арттырды. Бұл мектептерде сауат ашу жұмыстары «дыбыстық» және «тұтас сөз» әдістерімен жүзеге асырылды.
Жәдид әрекетінің басты мақсаты – мектеп оқушыларына жаңаша оқу- жазу үйрету болды.
Жәдид мектептерінде мынадай пәндер оқытылды: Құран кәрім, діни қажеттіліктер, тәжуит (құранды мақалдап оқу), түрікше сабақ, тарих, география, есеп, жазу, емле, сурет, діни және ұлттық әндер, хыфыз, (жаттау), архитектура, Каванд-ы шифахие (денсаулық жайлы).
Мұсылмандық оқу жүйенің құрамында тағы бір мектеп түрін - Қарыхана деп атаған.
7 слайд:
Келесі слайдта жаңа әдісті жадидтік мектептердің білім беру ісінің ұйымдастырылу ерекшеліктері көрсетілген.
8 слайд:
Бұл слайдта бастауыш білім
берудегі оқу жоспарларының
салыстырмалы үлгісі көрсетілген. Сонымен қатар, тақырыпты зерттеу
барысында Қазақ қоғамындағы ауылдық
мектептерінің, Орыс-қазақ ( орыс-түзем немесе аралас)
мектебінің, Жеті жылдық қазақ мектебінің
бастауыш сыныбының оқу жоспары салыстырмалы түрде
қарастырылған.
Өңіріміздегі мектептердің қалыптасуы мен дамуы жолындағы білім беру мазмұнын анықтауға негізделген оқу жоспары мен оқу бағдарламалар жүйесінің әртүрлі мектептерде педагогикалық көкейкесті мәселелерді шешудегі атқарған қызметі мен ролін анықтап көрсеттім.
9 слайд:
Келесі слайдта прогимназияның бастауыш білім беру сатысы және приходтық, шіркеулік мектептердің білім беру ерекшеліктері салыстырмалы түрде көрсетілген.
10 слайд:
Шәкірттер бұл бағдарламаның жүйесі бойынша мұсылманша сауат ашу, ислам тарихын және араб тілі пәндерінде дыбыстық және тұтас сөз (сөзді бірінші жаттау, содан кейін буынға, дыбысқа бөлу, сөздің мазмұнын түсіндіру) әдістері арқылы оқу-жазуға үйрету, арабша хат тану, Аллаға
құлшылық ету рәсімдері мен намаз ережелерін дұрыс сақтап оқуға үйрену, дұға оқу, қажылық, ораза, зекет сонымен бірге тазалық сақтау, араб әдебиетінің жинақтары (Абабь-у-Знания-Вадик), стилистика, (Кирағат Тюрки) түсіндірмелі оқу, үйрену, (тюрко-саффи) түрік тілінің грамматикасы жөнінде білім алған. Ал арифметика пәнінде 100-ге дейін санау, төрт амалды орындау тәсілін қолдану, 1000 саны және бөлшектеп есеп шығаруды үйренген.
Медреседегі білім берудің даму кезеңдері әрқилы болды және сол кезеңдерде сансыз мұсылман ғүламалары медресе жүйесін жетілдіруге үлес қосқан.
Медреседегі оқу курсы «Алғашқы ілім» деп аталатын парсы тіліндегі сұрақ-жауап түрінде жазылған оқу құралын игеруден басталған.
Бұлардың көпшілігі өмірлерінің ақырына дейін медресе ұрығын сепкен ізгілікпен адамгершіліктің қалпын сақтады. Бұған артында сөзі қалған, кейінгіге өнегесі мирас қазақ зиялыларының баршасының дерлік дүниетанымының бастау көзі - медресе болғаны дәлел бола алады.[10]
Абайша айтсақ:
Баламды медресеге біл деп бердім,
Шен алсын, қызмет қылсын деп бермедім.
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім,- деп айтқан екен.
Қазақ жеріндегі жаңа оқу жүйесінің (төте оқу) дамуына оқу орындарында, осы тектес оқу бағдарламалардың дүниеге келіп, қолданысқа ие болуы және қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие барысын ұйымдастыру жайлы ой-пікірлері мен педагогикалық мұралар қазақ тілінде оқытатын ұлттық мектептердің пайда болуына негіз болды.
«...Қазақтың тағдыры - келешекте ел болуы мектебінің қандай негізде құрылуына барып тірелді. Мектебімізді таза, сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» - десе Мағжан Жұмабаев, көрнекті педагог – әдіскер, ғалым – Ахмет Байтұрсынов «Шәкірттерді оқытуда табысқа жету мұғаліммен, рухани бейнесімен, білімімен, шеберлігімен, педагогикалық даярлығымен анықталады»,-деп жазды. Осы Ұлы тұлғаларымыздың айтқан сөздері осы уақытқа дейін расталып, дәлелденіп отыр.
Оқу-ағарту ісін ілгерілетудегі басты мәселелердің бірі - мұғалімдерді даярлау болды. ХІХ ғасырда аяғында Қазақстанның көптеген өңірлі аймақтарында мектептердегі білім беру жағдайы төмендеп кетті. ХІХ ғасырдың аяғында оқу-ағарту проблемасын шешуді күн тәртібіне қойып мұғалімдер съезі, конференциялар, қазақ ғалымдарының съездері шақырылып, білім беру ісін нығайту мен баспа істерін дұрыс жолға қою мәселелері қаралып талқыланды.
Сол кездегі мұғалім мамандарды даярлау оқу мекемелері 10-шы слайдта берілген.
1930-1932 жылдар аралығында жоғары дәрежелі білімді 445 мұғалім, оның /65-і қазақ/ және 1069 орта дәрежелі білімді мұғалім /770-і қазақ/ даярланды, педагогикалық техникумдардағы оқу мерзімі қысқартылып, мұғалімдерді тездеп даярлау бағыты іске асырылды. Басқа салаларда жүрген мұғалімдік білімі бар адамдар мектепке қайтарылды.[8]
Бұған дейін де, кейін де бастауыш мектептер жоқшылықтан қол үзіп кете қоймады. Қиыншылықтар мен кемшіліктер жаппай бастауыш білім беру ісінің жүзеге асырылуын еш жоққа шығара алмайды. Дегенмен, қазақ зиялылары құрған қазақ ұлттық бастауыш мектебінің ыдырауына алып келді, мектептегі жазу-оқу жұмыстары латын таңбасына ауыстырылды, әрі өкімет тарапынан жасалған қазақ ұлты үшін тағы бір кедергі – рухани байлықтан арылу кезеңі еді.
11 слайд:
Көрсетілген тарихи мерзімде қазақ жерінде бастауыш мектептің дамып қалыптасуын мектептің жаңа типтері, олардағы білім мазмұны мектеп қажеттерінің елеулі өзгеріске ұшыраған уақыттарын деректі мұрағат құжаттарына сүйене отырып, үш кезеңге боліп қорытындылауымызға тура келді.
Бірінші кезең (1861-1890 ж.ж.) отаршылдардың оқу-ағарту саласындағы жұмыстары, бастауыш орыс, орыс-қазақ (орыс-түзем немесе аралас) мектептердің пайда болуы және олардың мұсылмандық ескі оқу жүйедегі оқу орындарымен қосарлана дамуы.
Екінші кезең (1891-1895 ж.ж.) бастауыш орыс-қазақ мектептері қызметінің дамуында оқуды әр халыққа ана тілінде ұйымдастыру мәселелері және мұсылмандық жаңа оқу жүйесі жадизмнің қалыптасып дамуы мен қазақ ұлттық бастауыш мектептерінің іргетасының қалануы.
Үшінші кезең (1899-1920 ж.ж.) Жадидтік оқу жүйесіндегі ұлттық қазақ бастауыш мектептері және кеңестік қоғам құрылымындағы мектеп, ондағы білім берудегі жаңашылдық сипат.
12 слайд:
Зерттеу барысында келесі әдебиеттер тізімі қолданылды.
13 слайд:
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!
4