Материалдар / Ғылыми жоба "Шилі өңіріндегі жер-асты суларының маңызы"9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Шилі өңіріндегі жер-асты суларының маңызы"9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тақырыптың мазмұны «Шилі өңіріндегі жер-асты суларының маңызы» тұрғысында қарастырылып отыр.Қазіргі кезде табиғатты қорғау су ресурстарын тиімді пайдалану, сақтау мақсатында болып отыр. Шилі жеріндегі бастау, бұлақ, өзен- көлдерді және оларды қорғау туралы судың маңызы мен ластану себептері айтылады.Су туралы халық даналығы бұлақтардың атауларына сипаттама беріледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
656
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ғылыми жоба

Шилі өңіріндегі жер-асты суларының маңызы.

Кіріспе

Бұл тақырыптың мазмұны «Шилі өңіріндегі жер-асты суларының маңызы» тұрғысында қарастырылып отыр.Қазіргі кезде табиғатты қорғау су ресурстарын тиімді пайдалану, сақтау мақсатында болып отыр. Шилі жеріндегі бастау, бұлақ, өзен- көлдерді және оларды қорғау туралы судың маңызы мен ластану себептері айтылады.Су туралы халық даналығы бұлақтардың атауларына сипаттама беріледі. Бұнда туған жердің сұлулығын мақтан тұтуға экологиялық тепе-теңдікті сақтауда болып отыр.Қазіргі таңда адамзат баласының алдында тұрған экологиялық проблемаларды аз да болса шешу жолдарын көрсету. Ұлы жазушы Ш.Айматов «Экологиялық проблемалар ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі ғой, өйткені адамның өмір сүретін ортасы туралы, болашақ ұрпақтар өмірі туралы болып отыр» деген. Адамзат санасына экологиялық білім мен тәрбиені беру мақсатында, қоршаған ортаны қорғау ережелерін ұғындыру жайында мағлұмат береді.

Су- тіршілік көзі.

Су- біздің байлығымыз. Тіршілігі оттексіз өтетін ағза бар, бірақ сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан ағзалар денесі 50-ден 90%-ға дейін судан тұрады. Адам су ішпей бір апта ғана шыдайды. Су-табиғатта ең көп тараған зат. Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр. Қалған үштен бір бөлігі ғана құрлық-таулар мен жазықтар.Судың адам өмірінде, табиғатта, өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығында алатын орны ерекше. «Су бар жерде өмір бар » деп халық бекер айтпаған. Су әрбір дененің , әрбір клетканың ішінде кездеседі және оның өмір сүруіне тікелей қатысып отырады. Мысалы, адам денесінің 65%-(бұлшық етте 75-78%, сүйекте 48-50%-не дейін) судан құралған. Жеміс пен өсімдіктерде 76% -дан 98% -ға дейін су болады. Өмірдегі болатын барлық биологиялық процестер сумен байланысты. Судың өмірде, биологиялық процестерде ғана емес, сонымен қатар ерте дәуірден бастап-ақ қоғамда, шаруашылықта және жол қатынастарында, өндірісте үлкен маңызы бар екендігі белгілі. Су табиғатта үш күйде кездеседі: қатты, сұйық және газ түрінде.

Сұйық түрде: мұхиттарда, теңіздерде, өзендерде, көлдерде және жер қыртыстарында кездеседі. Жер астынан тұма арқылы шығады.

Қатты күйде: қар мен мұз түрінде.

Ал газ түрінде : атмосферада бу ретінде және топырақ пен тас жыныстарында ылғал түрінде кездеседі.


Шилі өңіріндегі судың маңыздылығын халыққа жеткізу.

Біздің ауылымызда есеп бойынша 42 бұлақ бар екендігі белгілі. Көлемі ірілі-кішілі бұл күнде бұл бұлақтардың кейбілеулерінің суы тартыла бастады. Дегенмен де әлі күнге дейін қысы жазы тоқтамай ағып жатқан бұлақтарда баршылық. Менің Шилі жерім қасиетті жер.Бұлай атау себебім табиғаты сұлу, сулы-нулы жер, шөбі шүйгін,аты әлемге әйгілі 2007жылы шілде айының 7- жұлдызында ЮНЕСКО-ға кірген «Науырзым қорығына шектесіп жатыр ». Біздің өңір суы мол, күн сәулесі көп түсетін орманға, өсімдіктерге, шалғын шөптерге өте бай және ауыл шаруашылық (астық) дақылдары өнімді шығады.

Біздің ауыл судан ешқандай мұқтаждық көріп отырған жоқ. Жаңағы тек қана бұлақтармен ғана емес,бұрыннан ауыл ішінде 2 үйге 1 құдық қазылып берілген. Халқымыз айтады ғой ”Судың да сұрауы бар” деп. Соған байланысты қолымыздағы бар байлықты жоғалтып алмайық. «Қолда бардың қадірі жоқ» дегендей ауылымыздың табиғатын бұлақ суын ысырап қылмай сақтау керек. Ата-бабамыз «Жер қазына, су-алтын, мал-байлық» деп тегін айтпаған. Күнделікті оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ауырғанда ішетін дәріміз, тамағымыз, ішер-суымыз, тыныс алар ауамыз- осылардың бәрі табиғаттың сыйы. «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген адам, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпайды» деп академик Қ.И.Сәтбаев айтқандай, мен осындай қасиетті жер Шилі ауылында туғанымды, тұрғанымды мақтан етемін.Біздің ауылдың суын ем ретінде қолдануға болады. (асқазан алты рет қайнатылған су ем есебінде жүреді). Үш ай бойы біздің суды ішіп асқазан ауруынан арылған адам бар. Табиғи сүзбеден өтілген дүкендегі «Аква», «Tassay» суларынан да тәтті


Бұлақтардың пайда болу тарихы


Басбұлақ”бұлағы.

Бұл бұлақ ауылымыздан 10 шақырым жерде. Басбұлақ аталу себебі, бұлақ қыраң жерде бұлақ бастауы ретінде ағып жатыр. Бұрынырақта осыдан 40-50 жыл бұрын бұл жерде шымнан салынған үйде адамдар тұрған, мал баққан . Сол кездің өзінен бері бұл осы күнге дейін сылдырап ағып жатыр. Ертеде үлкендер бұл маңды «Ұялы қызыл»деп те атаған. Себебі, бұл жердің ағашы бұлақ маңында дөңгеленіп, ұя тәрізденіп өскен.

Ата мекен Басбұлақ

Мына сөзге сал құлақ,

Жағалай біткен көк құрақ

Көлденең түскен жапырақ.

Суыңменен тартсайшы

Азаматты сен бұлақ.

Келдік біз,міне, қасыңа

Жебей гөр енді, аруақ

Ертеде тұрушы ең бу болып,

Шөп шығушы ең ну болып.

Сөйткен жерім Басбұлақ

Қалдың енді қу болып.


Басбұлақ”бұлағы.


Ортабұлақ” бұлағы.

Ауылымыздан 3 шақырым жерде. Лагерь маңайында ағаш ішінде, жағасы жайқалған шалғын шөп, ауылымыздың орта тұсында болғандықтан, осылай атаса керек.


Аяқ бұлақ” бұлағы.

Ауылымыздың ішінде бұрқылдап, құмы бүлкілдеп қайнап жатқан шағын ғана бұлақ. Сол себепті бұлақтың соңы тәріздес солай атап кеткен.


Тас бұлақ” бұлағы.

Бұл бұлақ та ауыл ішінде.Бұлақ маңына арнайы үй салынған. Таспен қоршалған бассейн тәріздес қайнап ағып жатқан бұлақ. Бұл бұлақтың суы бірқалыпты ортаймай ағып жатқан бұлақ. Ауылымызға келген қонақтар да осы бұлаққа соқпай, су алмай кепейді.Себебі бұл бұлақтың дәмі ерекше дәмді.



Ши” құдығы.

Бұл бұлақ Бабашал қабағында ағып жатыр. Бұл бұлақтың айналасында текемет басатын-қамыс тәрізді ши өсіп тұрады.

Тасоба” бұлағы

Бұл жерде үлкен оба (төмпе тау ) тәріздес бар. Тұтас тастарды шекіп, диірмен тасын жасаған. Сол себепті солай атап кеткен.

Малиновка” көлі.

Қарағайлы жерінде сай бойында шағын ғана көл бар. Сай ішінде жабайы малина

( таңқурай) өсіп тұр. Сол себепті бұл көл «Малиновка» аталып кеткен. Жаз уақытында адамдар осы көлге барып шомылады.

Өкірек” бұлағы.

Ауылымыздан 10-12 шақырым жерде. Бұрынырақта бұл бұлақтың ағысы қатты гүрілдеп, өкіріп аққан, алыстан ағысы естіліп тұрған. Соған байланысты үлкендер “Өкірек” деп ат қойған.

«Жар» көлі.

Бұл көлдің көлемі орташа. Жағасына көк құрақ, қамыс өскен. Суы балыққа бай. Аққу, қаз, үйректер бұл көлге қонақтап тұрады.




Туған жеріміздің байлығын қорғап, халық даналығының тыйым сөздері мен экологиялық тәрбие беру.

Біздің қазіргі кезде ауылымыздан күнделікті тастамай айтып жүрген экологиялық мәселелерге, халқымыз ертеден мән беріп тіршілік әрекетін соған жүргізе білген. Күнделікті тұрмыс-тіршілігінде табиғаттың барлық жанды, жансыз туындыларына қиянат көрсетуге үнемі қарсы тұрып, «обал», «сауап» деген ұғымдарды кейінгі ұрпақтарға ұлағат етіп қалдырған. Жалпы табиғат байлықтарына және оның дара туындыларына да арнайы айтылған экологиялық тыйым сөздер де халық арасында кеңінен таралған. Ондай тыйым сөздердің тәрбиелік мәні өте зор. Мысалы, күнделікті мұқтажымызды өтеп жүрген ауыз судың тазалығын сақтауға арналған тыйым сөздер: «Суға түкірме», «Суын ішкен құдыққа түкірме» ,«Су анасы-бұлақ»,«Судың да сұрауы бар», «Бұлақты бұлғама» , «Судың кеткені – тіршіліктің кеткені» . Осы айтылған әрбір сөзде қаншама терең мағына ұлағатты ұғым жатыр десеңізші.
Қазақ ырымында түнде су алуға барған адам суды қастерлеп оған тас лақтырып алдын ала ұйқысынан оятып, одан соң су атасы Сүлейменнен рұқсат сұрайды.
Бұлай етпеген жағдайда алған су арам болады деп есептеген:
Су атасы- Сүлеймен,
Айдыныңа тас аттым
Рұқсат ет балаңа,
Су алуға болама?
Түн ұйқыңды ояттым,
Толқыныңды аяп тым
Тұнығыңды қорғаймын,
Лайласам оңбаймын.
Су атасы Сүлеймен.
Рұқсат ет балаңа
Су алуға болама?- деп 3 рет қайталап айтып алған су, адал болады деген ырымның ұқтырар ұлағаты мол.

Қорытынды:

Бұл тақырыптың негізгі мақсаты дәл қазіргі уақытта және болашақта маңызы зор мәселе ауыз судың табиғи тазалығын сақтап қалуымызда. Көптеген ғалымдардың болжамы бойынша қазіргі кезде Шилі ауылы Торғай жазықтығында орналасып тұр. Әріректе бұл жерде теңіз болған деп есептейді. Осыған дәлел ретінде бідің ауылымыздың төңірегінде
42 бұлақ көзі бар. Оның 17-20 көзі әлі күнге дейін мөлдіреп ағып жатыр.

Бұл жұмыстың көлемінің аздылығын ескерте келгенмен де, бұл жұмыстың дәрежесін түсірмейді деп ойлаймын. Қостанай төңірегіндегі таза су мәселесі күрделі. Науырзым ауданының өзінде Шилі жерінде суы мол болса ,90 шақырым жерде (Дәмді, Мереке ауылы) су тапшы жоқ. Ауыз су тасымалданады.

Өз сөзімді қорытындылай келгенде қазіргі күнде бүкіл адам баласын ойландырып отырған экологиялық мәселелерге, ауылымыздағы су көздерін сақтап қалуға көмегімізді тигізуіміз керек .Судың ластануы, тұрмысқа пайдаланған заттардың суға төгілуі, құдықтардың лас шелектермен ластануы. Сол себепті біз баға жетпес байлық-суымызды сақтай білуіміз керек.

Суды қорғау ең негізгі азаматтық парыз екенін айта келе, мына өлең шумағымен қорытындылаймын:

“Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса, тірлік тәмам бауырым.

Судың біздер біле тұра қадірін,

Көп болған соң ұмытамыз маңызын“.

Баймағамбетова Ш.Б.

Науырзым ауданы

Шилі орта мектебі


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!