Материалдар / Ғылыми жоба "Сүттің пайдасы" бастауыш сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Сүттің пайдасы" бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сиыр сүтінің химиялық құрамы өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және сүттің түрлеріне тығыз байланысты.Сүт барлық жастағы адам үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім.100 грамм сүтте 3 граммға жуық ақуыз 3,2 грамм эмуль-гацияланған оңай сіңетін май, оңай сіңірілген калций мен фосфор қосындылары, белгілі мөлшерде А1, В2,Д витаминдері бар және жазда қыстағыдан едәуір көп болады.100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килоколория береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2021
6670
67 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы «Меңдіқара ауданы білім бөлім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп – гимназиясы»КММ











ҒАЛЫМБЕК АЙЛАНА

ӘСЕТҚЫЗЫ







3 «А» СЫНЫП

Жұмыстың тақырыбы:

«СҮТТІҢ ПАЙДАСЫ»





Бағыты: Таза табиғи орта – «Қазақстан – 2030» стратегиясын іске асырудың негізі

Секция: экология-валеология;география

Пәні: дүниетану

Жетекшісі:Махмутова Сауле Мурзашовна

Бастауыш сынып мұғалімі





Боровской

2021 жыл



Аннотация

Біздің жобамыздың басты мақсаты- сүт пайдасын зерттеу,адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланатынымен кеңірек танысу.Ақтан жасалатын тағамдардың түрлеріне және пайдасына көз жеткізу.

Міндеттері:

  • Сүттің пайда болу тарихын зерттеу;

  • Сүттің құрамын оқып-білу;

  • Сүттен жасалатын тағамдардың жасалу жолын зерттеу және үйрену.

  • Сүт тағамдарының маңыздылығын білу

Сүт өнімдері және оның пайдасы

Зерттеудің болжамы-егер мен сүт жайлы көбірек оқып білсем, онда сүттің көптеген сырларын ашар едім.

Зерттеу нысаны - адам

Зерттелетін зат – сиыр сүтінен жасалатын тағамдар

Зерттеудің өзектілігі - кейбіреуіміз сүтті күнделікті өмірде пайдаланғанымен,оның көптеген пайдасын,өзіне тән сырын біле білмейміз.

Мәселе: сүт тағамдарының адам денсаулығына пайдасы бар екенін зерттеу.

Зерттеу әдістері

- ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;- бақылау;- зерттеу

-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.

Зерттеу кезеңдері:

  1. Дайындық кезеңі: тақырыпты анықтау, мақсатын, болжауын айқындау,зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгеру.

  2. Теориялық кезеңі: тақырып бойынша әртүрлі ғылыми әдебиеттерден және энциклопедиядан деректер жинау, іздену және үйдегі әжеммен бірлесе отыра жинаған мәліметтерімді жүйелеу.

  3. Зерттеу және бақылау кезеңі: сүттен жасалатын өнімдердің жасалу жолын зерттеу және бақылау.

  4. Қорытынды кезеңі: алынған және үйренген нәтижелерді достарыммен бөлісу, жобамды қорғау.

Зерттеу жаңалығы: Білікті дәрігерлердің пікірінше, сүтті дәрумен ретінде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін пайдаланғаны дұрыс.Себебі, сүт — шипалы тағам. Құрамында адам ағзасына өте қажетті жетпістен астам зат бар. Сүт адамның есте сақтау қабілетін арттырып қана қоймай, жоғары қан қысымын түсіреді, күш- қуатты толықтырады, әсіресе іш құрылысына, жүрек ауруына пайдалы. Сүттен жасалған сусынның асқазан ауруын емдеуде әсері зор.

Нәтижесі: іздену және бақылау арқылы зерттеу жұмысымның алға қойған мақсатымның орындалуы, болжамның дәлелденуі.

Қорытындыларын практикалық қолдану салалары: зерттеу жұмысының алға қойған мақсаттарын орындай отырып, әр адам өз денсаулығын сақтау үшін күнделікті сүт және ақ тағамдарын пайдаланса, өзіне тән ерекше иісі бар асқазан жұмысын жақсартуға, көздің көру қасиетін арттыруға және дене қызуын түсіруге таптырмайтын ем.













































Кіріспе

«Ақ – дертке дауа, жанға шипа»

халық даналығы

Менің осы тақырыпты таңдау себебім, менің отбасым мен ес білгелі төрт түлік малды ұстап келеді.Сонымен қатар әжем үнемі бізге «Ақ – өте пайдалы тағам» , деп айтып отырады.Кішкентай кезімізден бастап құрт, май, қатық ішкізеді және шамалы науқастансақ сүтпен емдеп жазады. Сол себептен осы сүттің адам өміріндегі пайдасы зор екенін түсініп, оны зерттеуге бет алдым. Ал кейбір сыныптас достарым сүтті мүлдем ішпейді екенін білдім.Сол достарыма сүттің адам ағзасына пайдасы өте зор екенін ұғындырғым келді.Осындай кезде маған мынадай ой келді: «Сүт деп нені айтады?Оның тарихы қайдан бастау алады?

Осы сұрақтарға жауап іздеп ең алдымен энциклопедияны ақтарып,интернеттен мынадай анықтама таптық:

«Сүт- төрт түлік малдың өнімі – қоймалжың, тәтті сұйық зат»

Осы анықтаманы тереңірек түсіну үшін,сұраққа нақты жауап алу үшін біз осы тақырыпта ғылыми жоба жазуға бекіндік. Сүт тағамдарының адам өміріндегі пайдасын, маңыздылығын білу.

























Негізгі бөлім

2.1.Сүттің шығу тарихы

Сүт өнімдерінің тарихы ежелгі заманнан бастау алады. Сақ заманы кезінде көшпенділер мәдениетінде қымыз өнімі белгілі болды «Ақ – дертке дауа, жанға шипа» демекші, бүгін біз сүт және сүттен жасалатын тағамдар туралы тоқталамыз. Сүттің өз адам денсаулығына пайдасы зор. Қазақ халқының бұл қасиетті сусыны төрт түлік малдан өндіріледі. Халқымыз тіршілігін, шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстырып, тіршілікке пайдалануды шебер игерген.
М.М.Құлдыбаев.атты ғалымның мәліметі бойынша қышқыл сүттің ұзақ сақталып, өзіндік дәмі мен иісі бар екендігін бұрынғы заманда өмір сүрген малшылардың білген. Олар бұл өнімнің ағзаға пайдалы әсер беретіндігін сезген.Жалпы сүт қышқылды өнімдер ассортименті жеткілікті сан түрлі болып келеді. Қымыз, айран,шұбат,йогурт сияқты өнімдер бұрыннан белгілі. Ең бірінші қымыз туралы құжаттық мәлімет Геродоттың «Грек-мысыр жауынгерлері туралы тарих» еңбегінде б.з.д. 470 жылы жазылған болатын.

Соңынан ұлттық сүт қышқылды сусындар пайда бола бастады: Украинада – қатық, Ресейде – простакваша мен варенец, Арменияда – мацун, Грузияда – мацони, Түрікменияда – чал,Кавказда – айран,Қазақстан, Татарстанда – қымыз, Египетте – лебен, ал Болгария, Грекия, Түркияда йогурт дайындайды.Сүттің ғажайып қасиетін алғашқы адамдар да өте бағалаған.Барлық уақытта әр халық оны емдік мақсатпен қолданған. Үнді жазбасында сүттің ғажайып,ең керемет қасиеттерге ие екендігін көрсеткен.Ежелгі үндістер,сүт адамға зор ғанибет сыйлап,денсаулығын нығайтып,жастықты сақтайды деп санаған. Л.А.Банникова еңбегі бойынша ғылыми деңгейде сүт қышқылды өнімдерді емдік мақсатта қолданудың негізін салған Нобель сыйлығының лауреаты, орыс ғалымы И.И.Мечников еді. Оның тұжырымы, ауру мен қартаю ішкі ағзадағы интоксикация құбылысына байланысты деп есептелді. Асқазанның шіру микроорганизмдері әсерінен денсаулықтың әлсіреуіне әкелетін токсикалық метаболиттер пайда болады. И.И. Мечниковтың тұжырымдамасы бойынша «ағзадағы сүт микроорганизмдердің көп мөлшерде болуы басқа шіріту микроорганизмдерінің көбеюіне жол бермейді», сол себепті де өмір жасын ұзарту мен денсаулықты сақтау үшін күнделікті тамақ рационына «айран» және «қышқыл сүт» енгізіп тұру керек.

Айта кететін бір жағдай, И.И.Мечников өмірінің 15 жылын да үздіксіз айранды пайдаланып өткен болатын, бұл оның күш қуатының жақсы болуына және өз денсаулығын қалыпта ұстауына әсер еткен.Жамбыл атамыз да кешке 1 кесе айран ішіп жатқан. 99 жасқа жетуімнің сыры осы деген атаның өзі. Ежелгі Грецияда сүт «жастықтың сусыны» деп,табиғаттың керемет сыйы деп есептеген, мәңгілік өмір береді деп сенген.

2.2.Сүттің түрлері

Түйе сүті-шұбат, жылқы сүті--қымыз, сиыр сүті, қой сүті, ешкі сүті, ешек сүті т.б.

2.3. Сүттің құрамы

Сүттің құрамы мен қуаты

Сиыр сүтінің химиялық құрамы өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және сүттің түрлеріне тығыз байланысты.Сүт барлық жастағы адам үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім.100 грамм сүтте 3 граммға жуық ақуыз 3,2 грамм эмуль-гацияланған оңай сіңетін май, оңай сіңірілген калций мен фосфор қосындылары, белгілі мөлшерде А1, В2,Д витаминдері бар және жазда қыстағыдан едәуір көп болады.100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килоколория береді.

2.4.Дәрігерлердің пайдалы кеңестері

Сүттің пайдасы

Мамандардың айтуынша,сүттің адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, сүт қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, құяң мен өтке пайдалы. Сүтті құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады

Отандық дәрігерлер ,диетолог мамандар -пікірі

Білікті дәрігерлердің пікірінше, сүтті дәрумен ретінде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін пайдаланғаны дұрыс.Себебі, сүт — шипалы тағам. Құрамында адам ағзасына өте қажетті жетпістен астам зат бар. Сүт адамның есте сақтау қабілетін арттырып қана қоймай, жоғары қан қысымын түсіреді, күш- қуатты толықтырады, әсіресе іш құрылысына, жүрек ауруына пайдалы. Сүттен жасалған сусынның асқазан ауруын емдеуде әсері зор. Дегенмен, дәрігерлер сүтпен емделуді бастамас бұрын кеңес алғанды дұрыс көрдік.

Жүрек қысылып ауырғанда1 стакан сүтке 3 тамшықара зере тамызып ішсе қояды.

Сүттің денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін білу үшін,мектебіміздің дәрігері Каденова Роза апаймен әңгімелесіп,кеңес сұрадым.Ол кісіге сұрақтар қоя отыра,тағы да көп нәрсені біліп,таныстым.Біздің болжауымыз бойынша сүттің пайдасы мен кері әсері де болуы керек қой.Сондықтан нақтырақ түсіндіруін сұрадық.Дәрігер бізге оны да түсіндіріп берді. Сүтті кішкентай еметін балалар ең аз дегенде алты ай толық емуі керектігін ана сүтін басқа сүттер алмастыра алатынын түсіндірді. Өйткені олардың ағзалары әлі түгелдей қалыптаспағандықтан.Сондықтан 1 жасқа дейінгі балаларға сүтті қолданғандығы дұрыстығын жөн -деді. «Ертеде патша баласы ауырып көрмеген, емдемеген емші қалмайды . Сонда Геппокрад балаға сездірмей есек сүтін ішкізеді. Апта өтпей бала ес жиып жазылады.»- деп ертегі айтып,ендеше ауырмаймын десеңдер күніне 1 стакан сүт ішіңдер, сүт тағамдарын пайдаланыңдар деді.

Сүт өнімдерінде кальций бар, сүйекті, тісті нығайтады, бұлшық еттің қызметін жақсартады, қанның түзілуі үшін қажет, тәннің жұқпалы ауруларға күресін күшейтеді. Сонымен қатар сүт адам ағзасын артық салмақ қосудан сақтайды. Сүттің құрамындағы кальций ағзадағы майдың желінуіне әсер етіп және оның жиналуына кері әсер етеді екен. Ал американдық ғалымдар майлылығы аз сүт жүрек ауруларына, әсіресе қан қысымының көтерілуі мен инсультке шалдығуды 50 % кемітеді дейді Сиырдың сүті несеп ауруларына пайдалы, ойды ұшқырлайды, уланғанда көмектеседі. Японияның Ұлттық институты /Токио/ жасаған зерттеулерінің қорытындысы бойынша асқазанның ракпен ауруының болдырмауының алғашқы профилактикасы сүт тағамдарын қолдану болып табылады. Сүтті жөтелгенде, суық тигенде ішеді. Адам организмі уланған жағдайда да сүтті қолданады. Ауырған кезді тосып отырмай күнделікті сүтті ішіп отырған денсаулыққа пайдалы.


2.5.Сүттің қолданылуы

Медициналық жағдайда

Тағам түрлерін жасауда

Косметологиялық жағдайда

2.6. Сүт тағамдары

Уыз,сүт, айран , құрт,ірімшік, қызыл ірімшік, май, кілегей,қаймақ, көже,қымыз, шұбат,сүзбе, шалап.Сиыр, қой,ешкі,түйе малдарының жаңа сауылған, пісірілгенғ шикі сүттерін пайдалана отырып, қолма-қол ішуге, сақтауға жасалынады. Сүтқазақ халқының ертеден ұрпаққа жалғасқан құнды тағамдары.

3.2.Сүт қолданылуын зерттеу

а) Косметологиялық жағдайда зерттеу үшін ірімшік пен бал қосылған масканың рецептін тауып алдық.Ол үшін-1 шай қасық ірімшік,1 ас қасық сүт,1/2 қасық бал қажет.

Бұл кезде бізге менің тәтем көмек көрсетті.Ол осы қоспаны 3апта қолданып көріп,нәтижесінде бет терісінің ылғалданғанын,өңінде өзгеріс пайда болғанын айтты

ә) Мен жазғы ыстықта шөлдеп дүкеннен кола, басқада сусындарды алып іштім . Бірақ шөлім қанбады. Бір күні апам сен оданда шөлдесең мына көже сусынды ішіп көрші, сусыныңда қанады, қайта шөлдемейсің, қарныңда тоқ болады деді . Шынында солай болды.Содан бері шөлдесем көже сусынын ішетін болдым.

б) Алманы үккіштен өткізіп, ыстық сүтке араластырып30 минутбетін жауып одан маска жасаса бет терісі ағарады т.с.с.

Тағы да мынадай деректер бар:

  • Сүт ішу жатыр қатерлі ісігінің қаупін арттырады. Қазіргі уақытта сүт тұтыну мен 1-типтегі диебеттің арасындағы тәуелділікті растайтын дәлел жоқ.

  • Халықтың шамамен 70 пайызы бір деңгейде лактозаны көтере алмайды. Ал бұл сүт ішетіндерге қиындық тудыруы мүмкін. Бірақ, олар құрамында лактоза аз сүтті іше алады. Оның үстіне, ірімшік пен йогуртта лактоза айтарлықтай аз болады, сондықтан оларды тұтынуда ешқандай қиындық туындамайды.

3. Біздің зерттеу жұмысымыз

3.1. Сүттің қолданылуын зерттеу

Мен әжеммен бірге сиырдың сүт беру кезеңдерін және сүттің алынатын өлшемін бақыладым. Менің бақылауым бойынша сиырдың сүті жаз мезгілінде өте көп болады екен.Өйткені жазда мал жайлауда ,өрісте емін-еркін жайылып жүреді.Сонымен қатар сол мезгілдегі шөптің құнарлылығы да жақсы болады –деді атам.Ал күзге қарай сиырдың сүт беру мөлшері азаяды, себебі күн суытады және олардың қоректерінің құнарлығы азаяды екен. Ал қыста кей сиырлар суалады. Сонымен қатар сүттің майлылығы да әртүрлі болатынын анықтадым. Менің отбасым қазіргі таңда 3 сиыр ұстап отыр. Ол сиырды атам жайлайды және бұзауларын күтіп-бағады.Ал анам сол сиырды күніне екі рет сауады.Әжем сүттен май алады, қаймақ алады және құрт жасайды. Енді мен сол сүттен алынатын тағамдардың жасалу жолын әжеммен бірге зерттеп білдім. Сүттен жасалған әр тағамның пайдасы өте көп. Менің әжем "сүт іш, ағарасың" деп айтады. Сүт тағамдарының адамның ағзасына пайдасы бола тұра қаймақ пен майды көп мөлшерде жеу адам ағзасына зиянын келтіреді. Өте майлы болғандықтан көп мөлшерде қолдану бауырдың ауруына әсер етеді.

Ірімшік дайындау технологиясы

Алдымен сүтті қазанға құйып, алдын ала жуылған мәндірді (жас қозының ұлтабары) үлпершек жағын сүтке батырып, қазанның бетін жауып 2-3 сағат ұйытып қояды. Сүт ұйығаннан кейін мәндірді алып, жуып, кептіру үшін іліп қояды. Қазанның астына от жағып, ұйыған сүтті бүлкілдетіп, сары суы сарқылғанша баяу қайнатып, пісіреді. Дайын болған ірімшікті сүзіп алады.Мәндірмен дайындалған ірімшіктің дәмі өте ерекше болады. Сүттің құрамындағы табиғи қанттың мөлшеріне қарай сәл тәттілеу, хош иісті, түсі қызғылт сары, өзі жұмсақ келеді.

Ірімшіктің құндылығы мен құпиясы

Ірімшік тек қана сүттен дайындалатын және әбден қайнатылып, сарысуынан бөліп алынатын тағам болғандықтан, сүттегі маңызды қоректік заттар ірімшікте екі есе көп болады. Атап айтқанда: толыққанды сүт майы, оның құрамында өте маңызды (арахидон, линолды, линоленді) май қышқылдары және А, Е, Д, В1, В2, В6, В12, РР, С дәрумендері бар. Сүттегі лактоза жүрек-жүйке тамырларының қабілеттілігін арттырады.

Ірімшіктің құрамында адам ағзасының қызметі үшін маңызды макро-микро элементтердің барлығы бар, сондықтан сүт тағамдары – күш-қуаттың қайнар көзі. Сары су қант диабетімен ауырғанда қанттың төмендеуіне әсер етеді. Артық салмақтан арылуға, қан тамырларының кеңеюіне әсер етеді.

Абу Али Ибн Сина «Адам баласы үшін ең жақсы, ең маңызды тағам – сүт» деген. Осы ретте өндірістік жолмен жасалатын сүттерден емес, еркін жайылып, шөп жеген малдың табиғи сүтінен жасалған тағамдардың адам ағзасына өте пайдалы екенін айта кету керек.

Құртты өкпе, асқазан, сүйек ауруларына ем және суық тиіп ауырғанда сорпаға қосып ішкен дұрыс. Дәрігерлер қазіргі кезде балаларға құртты үнемі жеуді ұсынады.

Тортасын айырған майды құрғақ жөтел кезінде 1 қасық күніне 3 рет ішсе жөтелді тез басады. Себебі тамақты жібітеді.








  1. Қорытынды

Біздің халық сүтті қатты қадірлеген.Айталық, «ақты баспа» -дейді.Ақ дегеніміз не? Бұл – сүт, айран, қатық, қымыз, шұбат ... Осының барлығы ақтың құрамына кіреді.Өйткені ол – сүт.Мал өзінің төлін алғашқыда сүтпен асырайды. Адам баласы анасының сүтімен жетілетін болса, малдың төлі де – сол, өзінің енесінің ақ сүтімен өседі. Мал да өз ұрпағын ақ сүтімен жетілдіреді. Біз қазақ халқы төрт түлік малдың қадірін жан-жақты білген, өзінің өміріне тірек еткен. Сол себепті сүттен жасалатын тағамдарды «ақ» деп атап, оны құдіретін білетін халықпыз.

Сүттің пайдасы өте зор.Оның емдік қасиеттеріне байланысты кеңінен қолдануға болады және қолдану керектігін түсіндім.

Сүттің құрамында адам ағзасына пайдалы барлық химиялық қоспалар бар екенін аңғардық.Сүттің өте ертеде алғашқы адамдарға дейін пайда болғанын, ата-бабаларымыз оны тағам ретінде де,ем-дом ретінде де пайдаланғанын оқып білдік.

Осы тақырып төңірегінде көптеген мағлұматтар ала отыра,өз зерттеу жұмысымызды жүргізіп,көзімізбен көріп,дәлелдеуге тырыстық.Бұл жұмыс бізге қатты ұнады.Осы жұмысымызды келешекте ары қарай жалғастыру жоспарымызда бар.Сүт өнімдерінде кальций бар, сүйекті, тісті нығайтады, бұлшық еттің қызметін жақсартады, қанның түзілуі үшін қажет, тәннің жұқпалы ауруларға күресін күшейтеді. Сонымен қатар сүт адам ағзасын артық салмақ қосудан сақтайды. Сүттің құрамындағы кальций ағзадағы майдың желінуіне әсер етіп және оның жиналуына кері әсер етеді екен. Ал американдық ғалымдар майлылығы аз сүт жүрек ауруларына, әсіресе қан қысымының көтерілуі мен инсультке шалдығуды 50 % кемітеді дейді Сиырдың сүті несеп ауруларына пайдалы, ойды ұшқырлайды, уланғанда көмектеседі. Японияның Ұлттық институты /Токио/ жасаған зерттеулерінің қорытындысы бойынша асқазанның ракпен ауруының болдырмауының алғашқы профилактикасы сүт тағамдарын қолдану болып табылады. Сүтті жөтелгенде, суық тигенде ішеді. Адам организмі уланған жағдайда да сүтті қолданады. Сиыр сүтінің химиялық құрамы өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және сүттің түрлеріне тығыз байланысты.Сүт барлық жастағы адам үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім.100 грамм сүтте 3 граммға жуық ақуыз 3,2 грамм эмуль-гацияланған оңай сіңетін май, оңай сіңірілген калций мен фосфор қосындылары, белгілі мөлшерде А1, В2,Д витаминдері бар және жазда қыстағыдан едәуір көп болады.100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килоколория береді.



Менің ұсыныстарым:

  1. Сүт туралы әлі де тереңірек зерттегім келеді.

  2. Қазіргі медицинада сүттің емдік қасиеттерін қолдану енгізілсе.

  3. Адам ағзасына пайдалы сүт сусындарын әр оқушы, әр отбасы тиімді қолданса.

  4. Қазақстанның барлық тұрғындары төрт түлікті өсіріп, ақтан жасалған тамақты үнемі тұтынып, өз денсаулықтарын жақсартып отырса...

Қазақстан жерінде тұратын барлық ұлт өкілдері салауатты өмір салтын ұстанып, өз денсаулығымызды сақтай білейік!

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқараауданы білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы»КММ-нің

2 «А» сынып оқушысы

Ғалымбек Айлана Әсетқызының «Сүттің пайдасы» тақырыбына жазған ғылыми жұмысына

Сын пікір

Мамандардың айтуынша,сүттің адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, сүт қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, құяң мен өтке пайдалы. Сүтті құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады.Ғылыми жұмыста қазақ халқының «ақ» деп дәріптеген сүттің адам өміріндегі жалпы адам ағзасына тигізер пайдасы мол екені зерттеліп, жазылған.Осы тақырып төңірегінде көптеген мағлұматтар ала отыра,өз зерттеу жұмысымызды жүргізіп,көзімізбен көріп,дәлелдеуге тырыстық.Бұл жұмыс бізге қатты ұнады.Осы жұмысымызды келешекте ары қарай жалғастыру жоспарымызда бар.Сүт өнімдерінде кальций бар, сүйекті, тісті нығайтады, бұлшық еттің қызметін жақсартады, қанның түзілуі үшін қажет, тәннің жұқпалы ауруларға күресін күшейтеді. Сонымен қатар сүт адам ағзасын артық салмақ қосудан сақтайды. Сүттің құрамындағы кальций ағзадағы майдың желінуіне әсер етіп және оның жиналуына кері әсер етеді екен. Ал американдық ғалымдар майлылығы аз сүт жүрек ауруларына, әсіресе қан қысымының көтерілуі мен инсультке шалдығуды 50 % кемітеді дейді Сиырдың сүті несеп ауруларына пайдалы, ойды ұшқырлайды, уланғанда көмектеседі. Японияның Ұлттық институты /Токио/ жасаған зерттеулерінің қорытындысы бойынша асқазанның ракпен ауруының болдырмауының алғашқы профилактикасы сүт тағамдарын қолдану болып табылады. Сүтті жөтелгенде, суық тигенде ішеді. Адам организмі уланған жағдайда да сүтті қолданады.

Зерттеу нәтижесі қомақты болу үші

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!