Материалдар / Ғылыми жоба Т. Ибрагимов 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба Т. Ибрагимов 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал адам денсаулығын қорғау жөнінде. Кейбір ауруларды қалай емдеу керек екні айтылған. Барлық адамдарға керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2021
1966
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





СҰРАНЫС

Қатысушының тегі,аты-жөні, жетекшінің аты-жөні,лауазымы

Тәліп Шұғыла Әбунасырқызы

Құрманбекова Айгүл биология пәні мұғалімі

Облыс, аудан,қала,село/ауыл/ атауы

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Арыс ауылы

Білім беру мекемесінің атауы

Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебі

Байқау атауы,секциясы

«ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА-2021»

Ғылыми жаратылыстану-адам денсаулығ

Телефоны,ұялы ,е-mail, 3-4 фотосы

87718299746, talipsugyla@gmail.com






















Shape1





2

Мазмұны

І.Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

ІІ.1.Аскөк туралы жалпы мағлұмат

ІІ.2.Аскөктің құрамындағы заттар

Жұмыстың зерттеу бөлімі

ІІІ.1. Аскөктіңөсіп жетілуі

ІІІ.2.Аскөктің адам ағзасына пайдасы.

ІІІ.3.Аскөкті қолдануы.

ІҮ. Қорытынды

Ү. Қолданған әдебиеттер тізімі
























3

Аннотация

Тақырыбы:Аскөктің адам ағзасына пайдасы

Мақсаты:Аскөктің адам ағзасына пайдасын,үй жағдайында тұздық, дәмдеуіш ретінде қолдануы мендәрілік қасиеті барынзерттеу.

Міндеті:Аскөктің дәрілік қасиетін зерттеу;

Өсіп – жетілуін, құрамындағы заттарды анықтау;

Күнделікте тұрмыста емдік және тағамға дәмдеуіш, тұздық ретінде қолданутуралы мәліметтерді жинау арқылы,басқаларға дәріптеу

Өзектілігі: Аскөк шөбін білгенімізбен оның емдік қасиетін, қандай ауруларға ем екенін білмейміз.

Зерттеу әдістері:

-Аскөк туралы мәліметтер жинау, өңдеу;

-Ақпараттарды іздеу, кітапханамен жұмыс жасау;

- Ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;

- Талдау , зерттеу, қорытынды жасау;- Сұрақ-жауап, сұхбат;

Зерттеу объектісі:Аскөктіңпайдасы.

Болжам:

Егер, біз аскөктің емдік қасиеттерін зерттей отырып, күнделікті үй жағдайында пайдаланып денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға, қарапайым халыққа саламатты өмір сүрудің кепілі екенін түсіндіретін боламыз;

Күтілетін нәтиже:

Аскөктің адам ағзасына пайдасынзерттей отырып, болашақта әрбір қазақ отбасының күнделікті үй жағдайында ас мәзіріне қолдануын дәріптеп,үй жағдайында өсіруге, күтуге, қамқорлыққа алуға, оның адам ағзасына пайдасын ұғындыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу, әрбір отбасы саламатты өмір салтын қалыптастырып, өз денсаулықтарын сақтауға үйренеді.


4

І.Кіріспе

Адамның денсаулығы бәрінен де маңызды. Сол себепті адам денсаулығын нығайту жолында күресу керек. Табиғат ананың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу. Аскөкті анам үнемі тағамға, салатқа дәмдеуіш ретінде қосатын.Емдік қасиеті көп деп айтып отыратын. Атам қартайған сайын асқазаны қорытпай ауыратын болды, сол себепті ауруына дәрі ретінде қолданып, аскөк тұқымын ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсарту үшін де тиімді пайдалана білген. Аскөктің бауырға, зәр шығаруға пайдасы барын анықтап, шөбін қайнатып, тұнбасын ішіп, денсаулыққа пайдасы барын анықтадым. Содан бастап, аскөктің қандай емдік қасиеті бар екенін зерттеп білгім келді. Мәліметтер жинақтап, жоба жазуды бастап кеттім. Жобаны жазуға түрткі болған менің анам мен атамның ойы еді және менің жобам «Үздік ғылыми жоба-2021»болсын деп жазуды бастап кеттім.

Адам ағзасы,иммунитеті ауруға қарсы тұру үшін дәрумендер болу керек.Дәрумендерді қайдан аламыз?Әрине оны пайдалы тағамдар мен күн энергиясынан аламыз.Кейбір адамдар осы пайдалы тағамдарды жемейді. Сол себепті мысалы.бургер,лаваш тағамдарына аскөкті қосады.Ал жемей дәруменсіз ағза ауырады,олар қандай жолмен ем жасайды.Дәріерге қаралады,дәрісін алып ішеді,ем қабылдайды.Одан кейін қайталанбас үшін олжағдайды жасамауға тырысады.Менің аскөктен жасалатын дәрім де сол дәрілердің құрамында бар.Себебі аскөк барлық ауруға ем.

Мен аскөк тұқымын алдым,таза құнарлы топыраққа отырғыздым.Күніге су құйып,қарап жүрдім.Ол екі күнде қылтиып шықты.Біріншіөнім бергенде қатты қуандым.Бір апта ішінде өсті,күткен нәтижем ойдағыдай болды. Көп қылып ектім,себебі мен одан талдау жасаймын,құрамын анықтаймын,тағамдарға қосып көремін және дәрі ойлап табамын.Әрине бұл туралы әлеуметтік желі де не болмаса адамдар арасында айтылып зерттелген

5

шығар,бірақ оны көбісі біле бермейді,ары қарай зерттемейді, жарнамаламайды. Жемісін алып ең бірінші сараптама жасадым. Арнайы орында жасап талдадым.Құрамындағы заттар қайдан келді және олар бізге қалайағзаға әсер етеді? деген сұрақтарыма жауап таптым. Аскөк құрамында:су-85,5г,көмірсулар-6,3г,күл-2,3г,ақуыздар-2,5г, диеталық талшық-2,8г,май-0,5г ды құрайды.100грамм -31 ккал адам ағзасына тез сіңетін тағам.Аскөкте бар көмірсулар оңай сіңіп кетеді.Бұл маған керекті дәруменді аскөктің несінен алам деген сұраққа жауабын берді.Аскөктің шөбін қайнаттым,майын алдым,кептірілген түрін жасадым.Аскөктен дәрілер жасай бастадым.Дәмін көріп,құрамын жазып отырдым.Және оны үйімдегі жишеме,анама,өзім және сіңілдеріме бердім. Жишем босанған болатын,баласының іші кепкенде осы мен ұсынған аскөк суын берді.Бақылауда ұстап жүрдік.1 апта ішінде баланың іші өте қалыпты,дұрыс нәтиже берді. Анамның миы тынығып,ашуланғанда тыныштандыратын дәрісі болды.Жасаған әрбір тағамға осы аскөк қосып отырамын,немесе аскөк суын қосамын.Отбасым оны қатты жақсы көретін болды.Мен бұлдәріні толықтай бітпедім.Оны апарып арнайы дәрі шығарылатын орында жасап көрдім,сараптама жасадым.Апайларға тексерттім,олардын ждәрі жасайтын үлгісін көрдім.Дәрі жасайтын,сараптама өткізетін жерлерді араладым,өзіме тәжірибе жинақтадым.Ауылдағы адамдарға ұсынып көрдім.Олар да бағасын берді.Мен үшін керемет жетісітк.Енді оны ары қарай дамыту ғана қалды.Аскөк бүйрек ауруын,ұйқының бұзылуын,депрессияны,өт тастар,несепнәр ауруларын емдейді.Аскөктен жасалған дәрілердің ешқандай қарсы көрсетілімі анықталмаған.Олар адам организміндегі әр жүйені,омыртқа жүйесіндегі жүректен шығатын артерияны жақсартады,қанды сұйылтады,және сол арқылыөір сүруді ұзартады.Қәзірде аскөктен «Торасемид», «Пиртанид», «Эспумизане» әрілері танымал таралған.Оларды әр ауруға ем ретінде тағайындалған.Менің жасайтын дәрім де келешекте осы дәрілер қатарына қосылады.

6

ІІ.Негізгі бөлім:

ІІ.1. Аскөк туралы жалпы мағлұмат

Жалпы аскөкө бір жылдық, көпжылдық шөптесін өсімдік. Ол шатыргүлдер тұқымдасына жатады.Аскөк Үндістан мен Сирия және Түркия мемлекеттерінен шыққан.Қазақстан жерінде иісті аскөк түрі өседі. Көбінесе аскөкті тағамға дәмдеуіш ретінде пайдаланамыз. Адамның тамаққа деген тәбетін ашады, тамақтың дәміңн кіргізеді. Ол хош иісті немесе дәмі арқылы ерекшеленіп тұрады. Тамақтың ыстық немесе суық түріне аскөктің жапырақтарын басқа дәмдеуіштермен бірге қосуға болады. Аскөкті қырыққабат пен қияр, қызанақтарды тұздау үшін қолдануға болады. Адам организміне аскөктер өте пайдалы болып табылады.

7

ІІ.2. Аскөктің құрамындағы заттар

Аскөктің сабағының биіктігі 40 – 120 см болады. Аскөк өткір хос иісті, бұтағы тік болып келеді. Жапырақтары жіңішке, түсі жасыл, көп тілімді, яғни шашақты. Гүлдері майда, ұсақ, қос жынысты, ашық сары түсті келеді.Аскөктің тұқымының құрамында эфир майы 3%- ға дейін болады. Одан су буымен айдау арқылы басқа май түрлерін өндіреді. Жасыл жапырақтарында каротин, хош иісті дәм беретін эфир майлары мен фенхан, флавоноитар мен анетал, аскорбин қышқылы, басқа да химиялық қосылғыштары бар.Аскөк құрамында темір, калий, кальций, фосфор болады. Аскөктер медицинада өте көп пайдаланылады. Тұқымдары сопақша, ұсақ, түсі қоңыр сұрғылт, тұқымының айналасы жұқа қатпарлы қабатпен көмкерілген. Аскөк құнарлы топырақта екі, үш жыл бойы өседі. Аскөк тұқымын күзде немесе ерте көктемде 10 -12 күн аралығында бірнеше қайталап себеді. Жапырақтарын 15см – ге жеткенде 25 – 30 күнннен кейін жинап алуға болады. 80 -120 күнннен кейін тұқымдарын жинап алуға болады.



8

ІІІ.Жұмыстың зерттеу бөлімі

ІІІ.1. Аскөктің өсіп жетілуі

Аскөк шілде, тамыз айларында гүлдеп, қыркүйек айында дәні піседі.Тамыз айларында толық өсіп жетіледі. Аскөк ұрықтары құрғақ, жылы, жарық жерлерде сақталады.

Аскөктер жер шарында жобамен айтқанда 40 % - жуық өседі екен. Олар табиғат талғамайды, кез – келген жерде, өзіне жағымды климатта мекендейді. Аскөктер сулы, таулы, құрғақты, аралас ну орманды және батпақты жерлерде өседі. Өсу ортасында күй талғамайды. Аскөктер медицинада, тағамтану ғылымында, жан жануарлар әлемінде де пайдасы зор. Өзініңмекенетуортасынабайланыстыәртүрліаттарғаиеболады.

Өсімдік атауы

Биіктігі

Гүлдеу мерзімі

Кездесетін орны

Пайдаланатын бөлігі

Жинау мерзімі

Емдік қасиеті

Аскөк

40 – 120

Шілде тамыз

Сулы таулы құрғақ аралас ну орманды батпақты

Шөбі тұқымы

Қыркүйек

жүрек,бауыр, өт, асқазан

ауруы


Аскөктің пісіп жеткен уақыты мынадай күйде кездеседі.

Аскөктің гүлденуі

Аскөктер ұрықты және көшетті болып бөлінеді және егіледі. Өте қарапайым, жеке өзі өсетін, биіктігі 40-120 см , ашық-жасыл түсті, жоғарғы жағы бұтақты түрлері кездеседі.

Жапырақты аскөктер жұмыртқа түстес, ұзындығы 1,5-2 см, жоғарғы бөлігі жапырақтардан құралған болады.

Қолшатырлы аскөктер диаметрі 15 см, немесе 20-25 см болады. Гүл тәріздес аскөктер диаметрі 2-9 см болады. Ұрықты немесе жұмыртқа тәріздес аскөктер эллипс тәрізді болады. Ұзындығы 3-5 мм, ал қалыңдығы 1,5-3,5 мм болады.



9

Аскөктің жемісі және гүлденуі мынадай болады.Бұл тұқымы.

Аскөкті мынандай тәсілмен өсірдім:

Аскөк тұқымы арқылы көбейеді. Аскөктің ұрығын бір стақан суға салып, жарты сағат сақтайды. Жарты сағаттан кейін тұқымының жартысы су түбіне түседі . Су түбінде қалғанын егуге болмайды. Бұлай істеуіміздің себебі: тұқым егілген кезде жылдам шығады. Аскөк егілгенде топырақ бетіне шашылады. Дереу үстінен су себіледі. Күн жақтауында көп тұруы керек. Тұқымды өте қалың емес жұқа яғни сирек себу керек. Сирек себілген тұқым тез әрі жылдам өседі. Себілген тұқым үш күн ішінде қылтиып шығады. Шыққан аскөк сегіз талшықтан тұрады. Бір жұмада аскөктің биіктігі төрт сантиметрге өсті.  

10

ІІІ.2.Аскөктің емдік қасиеті.

Аскөктің тағамды дәмдендіргіштік қасиетімен қоса дәрілік қасиеті бар екенін біздің жыл санауымызға дейінгі адамдар жақсы білген. Оны көне Египетте бауыр сырқатын емдейтін дәрі деп қараған. Ол бүгінде әлем халықтарының барлығында қолдан өсіріліп, күнделікті қажеттіліктерін өтейді. Жағдай талғамай еккен жерінде жақсы жерсініп, бойлап өсе береді. Халық емшілері одан ежелден ұйқы келтіретін, өтті айдайтын, бауырды емдейтін, бала емізетін әйелдерге сүт шығаратын дәрі ретінде қолданып, бай тәжірибе жинақтаған.

Олардың жапырақтарының гипертониялық ауруларға пайдасы зор. Аскөк ұрықтары бронхит ауруларына, аллергиялық және тері ауруларына, гемморой ауруларына да пайдасы бар. Қолшатырлы аскөктер көбінесе аптекалық дәрі дәрімек ретінде қолданылады. Адам ағзасының әлсіреуіне, көз жанарының жақсы көруіне, уақытша арықтауына да пайдасы көп тиеді. Сонымен қатар порфимериялық косметикаларды дайындауға да аскөктің пайдасы бар. Аскөктерден тіс тазалағыштар, крем, иіссулар жасауға пайдаланады. Қан қысымын төмендететін, қантамырларын кеңейтетін, ішектердің жұмысын жақсартып реттейтін, зәрді жүргізіп, қақырық түсіретін дәрілер жасайды.Аскөкті онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында, тыныс алу жолдарын кеңейту үшін деаскөк шырынын пайдаланады.

Аскөкті 2 жастан бастап балаларға берген дұрыс.Ол иммундық жүйесін жақсартып,жақсы өсуіне,шымыр болуына жақсы әсер етеді. Аскөктен дайындалған шай баланың ішек шаншу,жүйке жүйесін нығайтады.Аскөк сүйектегі жетіспеген кальцийді береді.Аскөк әрбір баланың денін сау қылып,шымыр қылып өсіреді.Балаларға іші ауырса,жүйкесі тозса үйіп дәрі бермей,аскөкті берген жөн.Аскөк асқазанға сіңіп,жаңа келген ауруларға қарсы тұрады.Себебіоның құрамында барлық жемістердегі С,Д,А,В дәрумендері және калий,темір,фосфор,каротин,фиамин бар.Ол ағзадағы бүкіл

11

жасушаны қорғайды,тіндерге енеді.Жаңа жасушалар түзілу барысында серпінді жасушаларды береді.Ағзадағы қажет деген мүшелерге барып ,ем береді.Ағзадағы барлық компоненттерді жетілдіреді,күш-қуат береді.

Аскөкті әрбір диетадағы адам іздейді.Не үшін?Себебі аскөк арықтататынын біледі.Аскөкті туылғанынан жеп келе жатқан адам семірмейді.Себебі майды,артық сұйықтықты жоюға көмектеседі.Ол қалай ағзаға әсер етіп,майды кетіреді?Олзат алмасуды іске қосады,кез келген тағамды жиберетін тәбетті азайтады.Себебі оның құрамында көп мөлшерде су мен ақуыз бар.Сол арқылы ақырындап денені тазартуды бастайды.Денеге жеңіл энергия мен сергектік сыйлайды.Денедегі артық салмақтыыдыратып,сыртқа шығаруға көмектеседі.Мысалы адам денесіндегі тері арқылы,дәрет арқылы. Салмақты қалыпты жағдайға түсіреді.Салмағыңыз орында,өзіңізге сай болса, сіздің ағзаларыңыздұмыс жұмыс істей алады.Ұйқы безіңіз осы аскөк арқылы қалыпқа келеді.Ұйқыңыз тыныш және сергек болады.Ағзадағы зат алмасу қалыпты жүреді.Диетаны ұстауға ащы лимон немесе дәмдеуіш,дәрі ішкеннен гөрі аскөкжеген дұрыс.Ол текбір ғана жұмыс атқарып қоймай.барлық ағзаны ретке келтіреді.

Ғылыми медицина жас балаларға арнап одан аскөк суын дайындайды. Ол үшін аскөк майының бір бөлігіне 1000 бөлік тазартылған су қосып дайындайды.

1.Аскөктің ұнтақталған дәнінен бір шай қасықты бір стақан қайнап тұрған суға салып, жабық ыдыста бір сағат бұқтырады. Іш жүрмей қатып қалған кезде осыдан әр жолы 2 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішеді. Аталған ауруға арпа және аскөк тұқымынан алып, ұнтақтап, оған алоэнің кептірілген қабығынан қосып, соның бір шай қасығын бір стақан қайнап тұрған суға салып, жарты сағат жабық ыдыста бұқтырады. Осыны бір ас қасықтан ас алдында күніне 3 рет ішетін болса, ішек жұмысын реттейді.

12

Picture 1 Аскөкті зерттеу,тәжірибеPicture 2



13

2.Зәр жүрмей бегеліп қалса ұнтақталған аскөк тұқымынан 2 ас қасықты, ырғай тамырынан ұнтақталған 3 ас қасықты, жантақтың шөбінен бір ас қасықты, алоэнің құрғатылып, ұнтақталған жапырақ үгітіндісінен бір ас қасықты араластырып алады да осыдан бір ас қасықты 300 г қайнап тұрған суға салып, жабық ыдыста жарты сағат ұстайды. Дәрі дайын. Осыдан бір ас қасықты ас алдында, 3 күніне үш рет ішеді. Бір емделу барысы 15 күн.

3.Адамның ұйқысы қашып, көңіл-күйі бұзылған кезде бір стақан аскөк тұқымын ұнтақтап, оған екі ас қасық ұнтақталған шүйгін шөп тамырын қосады да, жарты литр таза кагор шарабына салып, 20 минут ақырын қайнатады. Осыны 2 сағат бұқтырып қойып, жатар алдында сүзіп, 50 грамнан ішеді. Бір емделу барысы 7 күн.

4.Өт пен бүйрекке тас байланған кезде 2 ас қасық аскөк шөбін тұқымы, шөбі, жапырақтарын ұнтақтап, 500 г кайнап тұрған су құйып, су моншасында тағы 20-30 минут ұстайды. Осыны бұқтырып, салқындаған соң жылыдай ас алдында 3-4-ке бөліп ішеді. Бір емделу барысы 21 күн.

5.Зәр жолдарының ауруына, зәр бөгеліп, жолдары ашып ауырған кезде бір ас қасық аскөк тұқымын бір стақан қайнап тұрған суға 20-30 минут жабық ыдыста бұқтырып, сүзіп, бір ас қасықтан күніне 5-6 рет ішеді.

6.Қан қысымының өзгеруіне бір ас қасық ұнтақталған шөбін 250 г қайнап тұрған суына салып, 30 минут бұқтырады. Осыны астан бұрын жарты стақаннан ішіп, 10 күнге жалғастырады.

7.Аллергиядан тері бүлініп, қотырланғанда аскөк шырыны мен шөбін суға қайнатып алып, екеуін қосады да қотыр үстінен компресс жасайды.

8.Көздің көру қабілеті нашарлап, үстіңгі қабатына жұқа қабат өсіп шыққан кезде аскөк шырынына таза дәкіні батырып, көзге компресс жасау.



14

9.Дене күйіп қалған кезде аскөк шырыны мен шөбінің қайнатындысын жылыдай көзге компресс жасайды.

ІІІ.3. Аскөкті қолдануы.

Аскөкті тұздау

Аскөкті тұздау үшін гүлдеп үлгермеген жас аскөкті іріктеп алып, оның тамырын кесіп тастайды. Сосын аскөкті жақсылап жуу керек. Пышақпен шапқымен жақсылап ұсақтап турап, банкаға салады. Банкаға салынған аскөкті тұз сеуіп, тұздап,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!