Материалдар / Ғылыми жоба "Табиғи бояуларды жергілікті өсімдіктерден дайындау технологиясы" 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Табиғи бояуларды жергілікті өсімдіктерден дайындау технологиясы" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жоба технология пәні мұғалімдеріне қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2018
3542
15 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

«С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ







Тақырыбы:

Т абиғи бояуларды жергілікті өсімдіктерден дайындау технологиясы













Орындаған: 8 сынып оқушысы

Суйеуханқызы Гүлдана


Жетекшісі: технология пән мұғалімі

Күмісхан Меруерт








Кіріспе

Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Адамзат коғамының рухани және мәдени корының кымбат казыналарының бірі - халыктың колөнері мен әдет-ғұрпы, кай халықтың болсын бітім тұлғасы, психологиялық, этникалық жан сезім белгілері оның колөнер мен әдет-ғұрып, салт-санасынан көрінеді. Өткен ел тарихын, тұрмыс-тіршілігін ой елегінен өткізер болсақ, халық өміріңдегі әдет-ғұрып, салт-санасының дамуы тарихи оқиғалардан кейін заманның өзгеруіне байланысты болғаны айқын.

Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата дәстүрі халықтық өнер желісін үзбей, халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды көздерінің қарашағындай сақтап, ілгері дамытып өркендету - өнегелі іс. Адам өміріндегі қоғамдық салт-дәстүр, әдет-ғұрып қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына карай байып, мазмұны тереңдеп келе жаткан тәрбиелік мәні өте зор тағылым. Мұны ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибе белгілсрінен көруге болады. Сәндік-қолданбалы өнерге негізделген көркем-шығармашылық сабақтар мектеп оқушыларына белсенділік береді, бейнелі ойлауын, қиялдауын да-мытуға ықпал етеді,. Мәселен, халықтың сәндік-қолданбалы өнер туындыларындағы бейнелер мен ою-өрнектерде берілген оюлар, түйсіктер мен түсініктер, тұжырымдар, халықтың дүниетанымы жеке тұлғаның эстетикалык сапаларын жетілдіре түседі. Бояу түстері мен материалдың, бұйым формасы мен нақыштарының үйлесімділігі, олардың әсемдігі мен жарасымдылығы адамның ой ұшқырына әсер етіп, оның рухани жан дүниесін байытады. Саналуан, киын да күрделі өрнектерді жүзеге асыру шығармашылықты шыңдайды, сәндік-қолданбалы өнер сабақтарында ырғақ, бояу түстері, сызбалардың икемділігі туралы негізгі үғымдарды меңгереді. Олардың әртүрлі материалдар мен құралдарды пайдалану тәсілдері туралы түсініктері қалыптасады.

Біздің ата-бабаларымыз ежелден-ақ матаны, былғарыны, жүнді, ағашты, кірпішті, сүйекті, қағазды, басқа да заттарды өздері қалаған түрлі түске бояу тәсілін, құпиясын білген, оны жете меңгеріп, дамытқан. Негізінен қазақтардың көп қолданғаны белгілі түске бояйтын органикалық қосылыстар мен оптикалық ағартқыштар, өсімдіктерден, кейде жануарлардан алынған табиғи бояулар. Қазақтар түрлі топырақ, жемістерді де бояуда қолдана білді.

Қазақстан өсімдік қорының байлығы жағынан ең бай республиканың бірі. Осындай байтақ өлкенің табиғи жағдайы біркелкі емес, соған байланысты әр аймақтың өзіне ғана тән өсімдігі бар. Табиғат алуан түрлі өсімдікке бай. Өсімдіктерді мұхит түбінен де, орманды даладан да, шөл мен шөлейт жерлерден де, таудан да тіпті суық аймақтардан да кездестіруге болады. Ғалымдардың есептеуі бойынша, өсімдіктердің 350 мыңнан астам түрі болса, тек біздің елімізде 15 мыңдай түрі бар. Соның ішінде жергілікті жерде өсетін өсімдіктер пайдасының бір сыры- табиғи бояу беретіндігінде болып отыр. Табиғи бояу алынатын өсімдіктердің саны да, түрі де сан алуан Мен тұратын Абай ауданы Аркат ауылы маңында табиғи бояу алынатын жантақ, жалбыз, шеңгел, жыңғыл, қызыл мия, түймедақ, қына т.б. көптеген өсімдіктер өседі.

Жұмыс мақсаты:

Еліміздің дәріптеп, қастерлеп келген қолөнердің тегін тектеу, болмысын тану барысында табиғи бояудың маңызын ашу, жергілікті өсімдіктер пайдасының құндылығын арттыру, тұрмыста қолданысын кеңейту.

Жұмыстар міндеттері:

1.Жергілікті өсімдіктерді анықтау
2.Табиғи бояудың ерекшелігін саралау
3.Жергілікті өсімдіктерден табиғи бояуларды дайындау ерекшеліктерін айқындай отырып,табиғи бояу мен жасанды бояудың айырмасын, олар жөніндегі көне көз кісілердің көзқарасын корсету
4.Жергілікті өсімдіктерден табиғи бояу дайындау тәсілдері, олар жайлы ғылыми ұстанымдарға тоқталу.

Ғылыми жұмыстың жаңалығы:

Өсімдіктер пайдалана отырып, жіптердің табиғи жолмен бояу сонау ерте заманнан қолөнер пайда болғалы бері күні бүгінге дейін тарих көшінен қалған емес. Бұл жөнінде көптеген ғылыми еңбектер жарык көрген.

Ғылыми жұмыстың әдістері:

  • Күнбағыс қабығы
    • Қына
    • Адыраспан
    • Шыршаның қабығы
    • Еменнің қабығы
    • Тал мен қайың қабығы
    • Жүзімннің тамыры

Зерттеу әдістері:

1) Дәстүрлі сипаттама әдісі
2) Салыстырмалы әдіс
3) Топтау әдісі
4) Жинақтау тәсілдері
5) Зертханалық әдістер



































  1. Табиғи бояу алынатын өсімдіктер

Бояу алынатын өсімдіктердің бір қатарына түрлеріне тоқтала кетсек:

Күнбағыс қабығы (тек «гигант» сортынан). Мақта бояйтын қоңыр бояу, дәнінің майынан олиф әзірлейді, сабағы мен жапырағынан химиялық ерітінділердің көмегімен бояу алынады, айна өндірісінде пайдаланады.

Қоянсүйектің тамыры мен сабағы. Олардан бояу алынады, онымен жүнді және мақтаны бояған, одан кілем тоқып, киіз басқан, алаша жасаған.

Жүзгіннің сабағы. Одан қасық, ожау жасаған, тамырындағы илік зат — таниннен қызыл күрең бояу дайындаған, теріні бояған.

Адыраспанның қауашағынан қызыл күрең бояу дайындалады, онымен мақта, жүн маталарын бояуға болады.

Шыршаның қабығы. Одан ерітінді әзірлеп, теріні илейді, тамырынан бояу алып, теріні бояйды, шыршаның қарамайын (смоласын) қайыққа, телеграф діңгегіне жаққан.

Еменнің қабығы. Одан ерітінді әзірлеп, теріні илесе, ол жұмсақ болады және де оның бояуы кетпейді.

Тал мен қайың қабығы. Жүн бояйтын қоңыр бояу алынады.

Атқұлақ дәні. Мақта бояйтын қызыл күрең бояу алынады.

Қына. Одан алынған бояу шаш, тырнақ бояуда қолданылады.

Басма – керемет қасиеттері бар табиғи бояу. Ол – индиго атты өсімдіктен жасалатын сұр-жасыл ұнтақ.

Жыңғыл қабығы. Бұтақтары мен жапырақтарынан бояу шикізаттары алынады.

Жалбыз- бояуға сары, қоңыр сары, қою қоңыр рең береді.

Қызыл мия тамыры- тұз және кваста пісірілген жүндер қоңыр түсіне боялады

Бұлардан басқа Қазақ жерінде арша, бөріқарақат, барқытшөп, қырмызыгүл, жаңғақ, жуа, сәбізден де бояу алынып, бояулы өсімдіктердің бірқатарынан алынған бояу тағамдық, косметикалық заттар өндіруде пайдаланылады.




  1. Қазақтың бояу жасау дәстүрі

Бірқатар өсімдіктен табиғи бояудың жасалу жолдарымен таныстыра, тоқтала кетсек:

Рауғаштың тамырынан бояу алу. Қыркүйек айында рауғашты түр бірімен қазып алады, жіпке тізіп, кептіреді. Осы кепкен түбірді қажет кезінде ұсақтап, келіге салып түйеді де ұнтақтайды. Сосын оны отқа қатты қайнатпай, суға бөктіріп қояды. Жылымшы тартып, жібісімен қоймалжың терінің бетіне жағып, бояуы сіңгенше 2 тәулік жайып тастайды.

Талдың қабығынан бояу алу. Таулы жерде, су жағасында өскен тал қабығының бояуы жақсы. Ол кептіріліп, түйіледі, ұсақталады, суға қайнатылып, үлкен науға құйылады. Сәл салқындасымен талқыда әбден иленіп жұмсарған ірі қара терісін салып қояды да, оны бір айға жуық сонда ұстайды. Тері қызыл былғары болып шыға келеді. Одан аяқ киім тігеді.

Жосадан (қызыл топырақтан) бояу алу. Қызыл топырақ негізінен жар қабақтардан кездеседі. Оны келіге салып ұнтақтап, үгітеді де, «балықтың майы» тәрізді сұйықтықты қосып сұйылтады. Киізді осы сұйық қызыл бояуға батырып алып, ағаш бұйымдарды бояуға кіріседі.

Анар жемісінің қабығынан бояу алу. Қабығын кептіреді, ұсақтайды, сосын оны жылы суға салып, бөктіріп қояды. Жібіген соң қоймалжыңын терінің бетіне жағып тастайды.

Қынадан бояу алу. Оны жинап, суға салып қайнатады, булап бөктіреді, сосын оны өңделген терінің үстіне жағады. Қынамен тағы да боялатын заттар: тері, сүйек.

Өсімдіктен жасалатын табиғи шаш бояуы осы қынадан жасалынады. Үй жағдайында қолдануға болатын қарапайым қына шаштың бетін қаптап, ішіне сіңбейді. Нәтижесінде қызыл-қоңыр, қоңыр түстердің түрлі реңктеріне қол жеткізуге болады. Қауіпсіз шаш бояумен қоса, қына шашқа күтім көрсетіп, көлем беріп, жылтырлата түседі.



  1. Кілем тоқудағы табиғи бояудың маңызы

Үй жиһазы – кілемді жерге жайсаң – төсеніш, қабырғаға ілсең – сән. Оны негізінен, сәндік, бөлме жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету мақсатында тұтынады. Ол – қазақ халқының көне заманнан бері келе жатқан дәстүрлі үй мүлкінің көріктісі. Шығыс елінде кілемді тоқып, тұтынбаған халық болған емес. Кілем тұтынуға қолайлы, төзімді, шаң-тозаңнан тез тазартылады, ылғалдан, құрғақшылықтан қорықпайды, күтіп ұстаса, күйе түспейді әрі аса бағалы мүлік. Кілем бетіндегі сан қилы сәнді өрнектер-көшпелі халықтың өмір шежіресін баяндайды. Бұрын өмір сүрген ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі, көшпелі елдің ағаш үйі, мал қорасы, ескі қорғандар, жүзім баулары, бәрі-бәрі осы кілем өрнектерінде бейнеленіп тұр. Кілемдегі суреттер шартты түрде бейнеленгенімен, онда өмір шындығы айқын аңғарылады. Біз білетін деректер: тоқылатын кілемдердің ішінде Түрікменстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Қазақстанның кілемдері өздерінің көрнектілігі жағынан басқа халықтың кілемдерінен көш ілгері. Өйткені, ұлттық кілемдер – осы республика қолөнерінің төл туындысы, негізгі түрі.

Мұражайларда сақталған түкті кілемдерге қарап біздің елімізде, әсіресе ХІХ-ХХ ғасыр­ларла кілем тоқу өнері қатты дамығандығы аңғарылады. Әйтсе де, ар­хеологиялық қазба жұмыстарына қарағанда кілем тоқу өнер­нің тарихы тереңде жатқаны анық. Алтай жеріндегі археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған тоқыма бұйымдары бұған дәлел. Қазақтың ғұлама ғалымы Әлкей Марғұлан да қазақ түкті кілемінің өзі бірнеше түрге бөлінгенін айтады. Әсіресе орта ғасырлардан бері ақсүйектердің еншісі болып келген орда кілем, қалы кілем, масаты кілем, жібек кілемдер көздің жауын алатындай бір-бірінен өткен әдемі. Осы күні мұражайларда сақтаулы түкті кілемдердің көбі Оңтүстік Қазақстан шеберлеріне тиесілі. Бұл өңірде өткен ғасырдың 60-жылдары киіз басу мен кілем тоқу өнері жаппай белең алған. Жаздай жуып, тазалап, түтіп дайындаған жүнді апаларымыз қыстай иіріп шығатын. Күні бойы үй тірлігінен бір босамайтын апа-әжелеріміздің кеш болса ұршығын алып пештің түбіне жайғасатыны әлі есімде. Содан жаз шыға әлгі дайын болған жіптерді бояп, ауылдағылар кезек-кезек кілем құратын. Алғашқы күні ауылдағы білгір үш-төрт әйел ерлер жасап берген бойы 5-6 метр, ені 2,5 метр шамасындағы қалыпқа кілем құратын. Сосын оны үш-төрт қыз 20-30 күн бойы бел жаз­бай тоқитын. Міне, осы мысалдан-ақ бір кілемнің өзіне қаншама маңдай тер төгілетінін байқауға болады. Кілем құрылған үйде қой сойылады, арты кәдімгідей тойға ұласып жататын. Тағы бір айта кетер жайт — өзге ағайын-туыс бой­жеткен қыздарын кілем құрған үйге міндетті түрде екі-үш күнге асар­ға жіберетін және кілемші қыздарға көрші-қолаң, ағайын-жекжат ара-арасында арнайы ас әзірлеп алып келетін. Егер мұндай жайттар сәл саябырсып қалса кілемші қыздар үйге келген әзілі жарасқан жандардың біріне ар­найы кілемге арналған түрлі-түсті жіп­терден шашақ жасап, соны ұстатып жібереді. Бұл дегеніңіз келесі «кезек сіздікі» дегенді біл­діреді. Шашақ байланған жан көп ұзамай қыздарға тәтті тағамын алып келуге міндетті. Бұл «мін­дет­тен» құтылмаса ол кілемші қыз­дардың маңайына да жолай ал­май қалады. Әсіресе домбыра-гитара тартатын бозбалалардың кеш болса кілем құрған үйді жағалай­тыны да қызық. Қазір осы үрдістің бәрі ұмыт қалып бара жатқаны өкінішті. Кілем ерте кезден қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып есептелсе,қазірдің өзінде де маңызын жойған жоқ.Кілем- арнаулы қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салынып,әрбір шаршы метріне шамамен 230-400 –ге дейін, ал өнбойына бір миллионға жуық жіп тіндерін келтіріп өте тығыз тоқылатын аса бағалы бұйым.Жазбаша ескерткіштерге қарағанда,бұрынғы замандарда киіз үйдің ішінен ұстап,еденіне төсеумен бірге,кілемді киіз үйдің туырлық пен үзігі орнына жапқан.

«Кілем өрмегі»Ерекше сән мен сұлулыққа толы үй жасауы – кілемнің өрмегін «Аспалы өрмек» немесе «Кілем өрмегі» деп атайды. Кілемнің бой жіптерінің жоғарыдан төмен қарай кейде 3, кейде 4 бет болып тізілуі осы кілем өрмегіне тығыз байланысты. Ең бірінші, оның арқауы иіріліп алынады. Оған пайдаланылатын заттар: түйе жүні аралас (кейде шуда аралас) мақта, жібек. Осыларды қолдана отырып, кілем арқауын әрі мықты, әрі жуандау етіп иіріп жасайды. Бой жіптермен қатарлас түк және өрнек жасаушы жіптер тұрады. Бұл жіптер қойдың биязы жүнінен, түйенің жүнінен өзге жіптерге қарағанда бостау етіп иірілуге тиісті. Кейде бұл жіптердің бой жіптердің үстінде арнаулы күзеулерде бос тұратынын да білеміз. Оны кілем тоқушы шебер өз қалауынша суыртпақтап отырып арқау мен бой жіптерге іледі де кілемге түр салады.

Өрмек қазақтың қолөнеріндегі кілем, алаша, кілемше тәрізді бұйымдарды тоқу ісінде қолданылатын өте қарапайым әдіс. Күрделі техникасыз, барлық жағдайда қолдануға болатын, қажетті жабдықтары оңай табылатын өрмек екі түрлі. Біріншісі – аспалы немесе термелі өрмек. Мұндай өрмекке кілем тәрізді тұтас, енді заттар тоқылады. Екіншісі – жай өрмек. Ол шекпен, алаша, қап, қоржын, белбеу, терме бау, басқұр сияқты енсіз нәрселерді тоқуға арналған. Өрмекке арналып иірілген жіптер жасалатын бұйымына, салынатын жолақтарға, өрнектерге байланысты бірнеше түсті болып, олар бөлек-бөлек домалақтанып қойылады. Өрмекке жеңіл әрі жиі қолданылатын өрнектің екі түрі: «су» өрнегі, «тіс» өрнегі. «Су» өрнегі өрмектің белгілі бір шетінен ерсі жіппен қарсы жіптің өнбойын бір түсті етіп жүгірту арқылы тоқылса, «тіс» өрнегін осы екі жіптің екеуін екі түсті түрмен жүгіртіп (астыңғы жіп қара, үстіңгі жіп ақ) тоқиды, - дейді кілемшілер. Өрмекке мүйіз, өсімдік, геометриялық кескіндер тәрізді күрделі өрнектерді тоқу – «терме» тоқу (термелеп тоқу) деп аталады. Термелеп тоқу тәсілі қазақ шеберлерінің өрмек өнерінің ең бір көп тараған және көркем дүниелерді тоқуға ең қолайлы түрі. Қазақ жерінің кей аймағында терме тоқудың алты түрлі тәсілі пайдаланылады. Олардың ішінде «қайыра теру», «кежім теру», «бұқар теру» тәрізді де түрлер бар.

Кілемнің ою-өрнегіндегі бояулар

Мал шаруашылығымен айналысқан (қой, түйе өсірген) барлық халықта да кілем тоқу өнері дамыған. Олардың кілемдері де, алаша, текеметтері де сан алуан түр мен түске толы. Бәрі де құлпырып көз тартады. Негізінен, қазақта кілемше теріліп тоқылатын бұйымдардың жіптері ашық та арайлы көп түсті бояумен боялса, кілем өрнегінде, әсіресе, қызыл фонға қара, көк, сары және ақ түсті өрнектерді көбірек жүргізу дәстүр болып қалыптасқан. Қазақтың қолөнерін зерттеуші М.Ш.Өмірбекова өзінің «Қазақтың ою-өрнектері» деген еңбегінде кілем жіптерінің бояуы жөнінде былай деп жазады: «Бояудың өзінде нышандық мән болғандықтан, қиылған ою-өрнек түрлі – түске боялғанда, ол белгілі бір мазмұндау, философиялық ойды білдіреді. Ою-өрнектегі бояу түсінің сан құбылмалылығы бірден көз тартады. Бояулар бір-бірімен үйлескенде терең мағынаны меңзейді. Сан алуан көріністер қоғам өмірі мен адам қызметінің ауқымдылығын, шексіздігін, белгілі бір мақсатты көздейтінін баяндайды. Жалпы айтқанда, бояу үндестігі, бояу шешімі ою-өрнек өнерінде идеялық және эмоциялық мәні бар негізгі арқау болып саналады, сондай-ақ, ою-өрнектегі әрбір бояудың өзіндік тарихы барын аңғару қиын емес. Ою-өрнек өнерінде бояулар күрделі роль атқаратын, ондағы ой мен идеяны бейнелеу сияқты күрделі мақсатта қолданылғанын білеміз».

Табиғи бояуларды қолданып жұмыс жасауда кілем тоқу өнерін айта кетпесек болмайды. Кілемдердің оюларын бояу өнері ерте заманнан басталып, бұл өнер түрлері дәстүрге айналып, осы уақытка дейін жалғасып келеді. Ерте уақытта бояу дайындау үшін өсімдіктер және минералды пигменттер қолданылады. Олар боялған жіптерге жұмсақтық және әртүрлі түстер мен реңдерге ауысып тұра береді, бұл кілемнің жалпы түс үйлесіміне әсер етеді.

Кілем кәсібінде бояу ісі өте маңызды қызмет атқарады. Кілем шеберлері өсімдіктерден табиғи бояуларды жасаған. Өрнек әшекейлерді бояудың түсіне қарай оюластырудың мәні де зор.

Біздің заманымыздағы ашық және әртүрлі түсті кілемдерден олардың айырмашылығы XIX ғасырдың аяғындағы кілемдер қанықтырылған қызыл түсті негізгіою-өрнегі көк түсті, ақ, жасыл, сары және басқа да түстердің аздаған қосындысынан тоқылған. Бір және басқа да түстердің қосындысы көптеген кілемдерде қолданылатын түстердің маңыздылығын көрсетеді, шамасы сол сәттілікті тілеудің нышандық мәні мен өмірді мәңгіліктендірумен байланысты болса керек.




























Қорытынды

Табиғи бояу алынатын өсімдікке бай Арқат ауылы халық қолөнеріне кең өріс ашатын бірден бір аймақ. Олай болса осындай елде туылған менің болашақтағы мақсатым-қазіргі таңда ұмыт болып бара жатқан қолөнерді жалғастыру және кеңейту.

Ғылыми жұмысымды қорытындылай келе, мынадай ұсыныс-пікірлерімді білдіремін:

  • Жергілікті жерде табиғи бояу өндіретін ботаникалық бақ ашылса;

  • Жергілікті жердің өсімдіктерінен табиғи бояудың алынуына арнайы

әдістемелік көмек ретінде кітап шығарылса

  • Халық қолөнері жайлы түсінікті, қызықты, мазмұнды жазылған деректемелер, фильмдер көбірек тартылса;

  • Ұлға-ата-салтын, қызға-ана дәстүрін үйретіп баулитын жаңа типті мекемелер ауқымын көбейту мәселелері қарастырылса, этномәдениетіміздің дамуына зор ықпал етер еді.

Мен келешекте табиғи бояуды жергілікті өсімдіктерден дайындау ісін зерттеуді жалғастыра отырып, халқымыздың қолөнер мәдениетін дамытуға өз үлесімді қосамын.


















Пайдаланылған әдебиеттер.

1)     Тәжімұратов Ә. Шбердің қолы ортақ.- Алматы: Қазақстан, 1977 ж

2)     Мұқанов Қ Жүннен жасалатын бұйымдар.- Алматы:Қайнар 1990.144б

3)     Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері.-Алматы: Өнер, 1987

4)     Мектептегі технология №9 2012 ж Алматы қаласы

5) Интернет беттері


12


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!