Материалдар / Ғылыми жоба. Тақырыбы: "Дәруменге бай-асқабақ" 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба. Тақырыбы: "Дәруменге бай-асқабақ" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушым «Дәруменге бай- асқабақ» тақырыбын қызыға алып, асқабақтың өсу процессін бақылады. Асқабақтың табиғи және биологиялық құрамын анықтай отырып, оның пайдалы жақтарын зерттеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2021
2450
23 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Алматы қаласы Алатау ауданы

«№196 жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Зерттеу жұмысының тақырыбы:



Дәруменге бай-асқабақ







Бағыты: Тірі табиғат

Дайындаған: Ханаева Лияна, 3«А» сынып оқушысы

Жұмыс жетекшісі: Касенова Айнұр Омаровна -

бастауыш сынып мұғалімі





Алматы-2018









Аннотация

Бұл кітапшадан «Дәруменге бай-асқабақ» оның қасиеті мен пайдасы туралы кең көлемде жинақталған деректермен танысасыздар. Асқабақтың өзі және оның түрлері мен дәнектерінің емдік қасиеттері жайлы мағлұматтар енгізілген.


Аннотация


В этой книге «Богатая витаминами тыква» широко раскрывается его польза для человека и лечебные своиства. А так же рассказывается какие лечебные своиства имеет тыква и его семена.


Annotation.

In this book, “Vitamin pumpkin” is widely disclosed its use for human and medical properties.

























Пікір


Оқушым «Дәруменге бай- асқабақ» тақырыбын қызыға алып, асқабақтың өсу процессін бақылады.Асқабақтың табиғи және биологиялық құрамын анықтай отырып, оның пайдалы жақтарын зерттеді.Оқушымның зерттеу жұмыс нәтижесін «өте жақсы» деп бағаладым.



Ғылыми жетекшісі: Касенова Айнур Омаровна-бастауыш сынып мұғалімі







































Жоспары:

І. Кіріспе

II.Негізгі бөлім
2. 1. Асқабақтың шығу тарихы және түрлерімен таныстыру.

2. 2. Асқабақтұқымдастар сипаттамасы

2. 3.Асқабақты өсіру технологиясы

2.4.Асқабақтың емдік қасиеттері және басқа да пайдалы қасиеттерінің маңыздылығын білу.

III. Қорытынды бөлім

Пайдаланған әдебиеттер

Қосымшалар






























I.Кіріспе

Зерттеу жұмысының әдістемесі:

Асқабақ туралы деректер жинақтау, өңдеу, суреттер жинақтау, сызбалар даярлау.Асқабақтың пайдасын зерттей отырып, біршама ауруларға,әсіресе оның дәнектерінің ішекқұрт ауруларына ем екенін, шипалық қасиеттерін анықтау.

Жұмыстың мақсаты:

Асқабақтың табиғи және биологиялық құрамын анықтай отырып, оның пайдалы жақтарына зерттеу жүргізу арқылы нәтижелерді практикалық қолдану, салаларын анықтау.

Міндеттері:

  • Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

  • Ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізу (ақпараттар жинау, деректер жинақтау, өңдеу, суреттер жинақтау, сызбалар даярлау, интернет материалдарын пайдалану.)

  • Жұмыс нәтижесін шығару.




Болса да табиғаттың бір есебі,
Әлсіздер күштіменен теңеседі.
Мәңгілік мызғымайтын тас қой десең,
Тасты да, жарып шығып гүл өседі.

Ақын ағамыз жырлағандай, адам табиғаттың бір бөлігі. Адамға қажет дәрі – дәрмек, киім – кешек, тамақ түрі табиғаттан алынады. Қазіргі таңда жер бетінде өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрі бар екен. Өсімдік, ол – тіршілік, ол – өмір, ол – жердегі барлық тірі ағзаларға өмір беріп тұрады.
Асқабақ бірнеше мың жылдар бойы өсіріліп келе жатқан өсімдік болып табылады. Америкадан таралған және шамамен 20 шақты сорты бар деп есептелінеді.
Асқаба
қ – ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік.



5



























6



II.Негізгі бөлім


2. 1. Асқабақтың шығу тарихы және түрлерімен таныстыру.


АСҚАБАҚ (pumpkin- ағылшынша),(орысша –тыква) - асқабақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдік. Асқабақ біздің заманымыздан бұрын ІІІ ғасырда  Мексикада, Перуде белгілі болған. 15 ғасырдың ақырында Мысырға әкелінген. Асқабақ – ежелден егілетін өсімдік. Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейді. Асқабақтың Қазақстанда 9 түрі таралған. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Біздің елде асқабақтың үш түрі: қатты қабықты, ірі жемісті және мускат өсіріледі.
Асқабақ – қияр, қарбыз, қауын сынды бақша көкөністерінің туыстасы. Асқабақты жеуге жарамды және техникалық (түтікше және музыкалық аспаптар жасалатын) деп екіге бөледі. Жер шарында бұл көкөністің ондаған түрі бар: оның үш түрі біржылдық, қалған жетеуі көпжылдық. Сіз бен біздің бақшамыздан немесе аналарымыздың дәмді тағамдарынан көріп жүрген асқабақтың түсі сарғылт болғанымен, жасыл, ақ, сары, қызыл және сұр түсті асқабақтар да бар екен. Асқабақтың орташа салмағы 4-8 кг, ал ең жоғарғы салмағы – 800 кг. Асқабақтар Антарктидадан басқа кез келген жерде өсе береді және айтарлықтай күтімді қажет етпейді.
















7

2. 2. Асқабақтұқымдастар сипаттамасы

Асқабақ – көп күн талғамайтын, ексе бау - бақшаның бәрінде өсе беретін бір жылдық өсімдік. Сабағы жерге жатып, желі тартып өседі. Жапырағы ірі, гүлі сары, жемісі әр түрлі, кейде ересек адамның құлашы жетпейтіндей үлкен болып өседі. Асқабақ тұқымдастардың ұзын сағақты, жай жапырақтары болады. Гүлдері жапырақ қолтығында, шашақты гүлшоғыр түрінде немесе жеке өседі. Көпшілігі даражынысты, кейде қосжыныстылары да кездеседі. Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары, 5 тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5 - еу, оның 4 - еуі тұтасып, екі - екіден біріккен. Бір аталығы бос тұрады. Кейде 5 аталық тұтасып, гүл ортасында ғана түзеді. Аталық тозаңдағы имек. Аналық жатыны үш ұялы. Жемесі - қабақ. «Қабақ» деген - өсімдіктердің сырты қатты, шырынды жеміссерігі болатын жидектес жемісі.




































8








8






2. 3.Асқабақты өсіру технологиясы

Асқабаққа тоқталатын болсақ, ол кез-келген құнарлы заттары жеткілікті топырақта өсе береді. Учаскенің көлеңкелі не жарық түскіш болғанына мән берілмейд. Олар барлық жерде бірдей өседі.

Асқабақтарды сәуір айының ортасында отырғызады. Тұқымды 10 см тереңдіктегі қуысқа 3-5 данадан салады.Топыраққа асқабақтың дәнін сулап отырғызса,біраз уақыттан кейін тамыры ,одан кейін сабағы,сабағынан алғашқы жапырағы ашылады.Одан кейін 2-ші,3-ші жапырағы пайда болады.Біраз уақыттан кейін барып гүлдеп,гүлінен жемісі пайда болады.

Жеміс піскен кезде жинауды бастайды. Ауа-райы суымай тұрғанда, асқабақтарды жинап алу шарт, өйткені аз да болса үсіген   асқабақтар сақтауға жарамсыз болып қалады






9















10

2. 4. Асқабақтың емдік қасиеттері және басқа да пайдалы қасиеттерінің маңыздылығын білу.


Бүгінгі тақырыбымызға арқау болып отырған асқабақ жидегі адам денсаулығына пайдалылығы жағынан өзге жеміс-жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге аса бай.
Асқабақты тағам ретінде пайдалану сонау ерте замандардан басталған. Өйкені, археологиялық қазба жұмыстары асқабақтың осыдан үш мың жыл бұрын пайдаға асырылғандығын анықтады. Оның дәндері перулік үндістердің табыттарынан табылған. Ежелгі Грек және Рим тұрғындары кепкен асқабақтарды сұйықтықтар құятын ыдыс ретінде қолданған.
Құрамында жасанды талшық, ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және A, B1, B2, PP және C дәрумендері, ағзадағы зат алмасу процесін жедел­дететін Т және қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері, калий, кальций және темір бар. Құрамында дәрумендердің көптігінен болар, ол мың бір ауруға ем боларлық көкөніс деп есептеледі. Асқа­бақтың шипалық қасиеттеріне тоқталсақ, жүрек әлсіздігінен жүдеген­дерге ем ретінде қолданылатын асқа­бақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» дәрігерлер отқа немесе суға күйген науқастарға жарасын таңуға кеңес береді.


Асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қаназдықтан жапа шегетіндерге көмек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем.

Асқабақтың құрамында судың,жасанды талшықтың,дәрумендердің көп болғандықтан оның ішіне ,яғни жұмсақ жеріне асқабақтұқымдастардың дәнін(қияр,қауын) немесе бөлме өсімдіктерін егіп өсіруге болады.

Асқабақтың дәрілік қасиеттеріде жеткілікті.Дәріханаларда арнайы дәрумен ретінде «Асқабақ майы» ұсынылады.




11

Орта ғасырларда-ақ асқабақ тұқымдарының пайдалылығы оның мәйегінен кем емес екені мәлім болған, олардың құрамында 40% дейін аса пайдалы тағам майы бар екен.  Асқабақ тұқымынан алынатын майдың емдік қасиеттерін құрметтегні соншалық, Австрияда (бұл елде асқабақ майын қолмен өндіру тарихы басталған), австриялық азаматтардың денсаулығы үшін аса пайдалы болатын асқабақ тұқымының майы тек қана дәрізат ретінде қолдану керек, сондықтан оны тек қана дәріхана дүңгіршектерінде сатуға болады деген арнайы жарлық шығарылыпты.. Сол баяғы кездерде осы өсімдік өнімінің қымбаттылығы туралы Еуропада асқабақ майының 200 грамдық бөтелкесінің құны « салмақты алтын жүзіктің бағасына тең болатын» деген факті айқын дәлелдейді.

Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жояды.















12



Қорытынды.

Қорытындылай келе, әрбір өсімдікті егіп, көп өнім алуға, тағамдық жағына емес, сонымен қатар шипалық, емдік, дәрілік қасиеттерін пайдалануды ұсынамын.

Мен асқабақ шырынын жасадым. Шырын жасауға ашық сарғыш түсті жұмсақ мәйегі бар ұсақ сортты асқабақ қолданамын. Асқабақ шырынын жасағанда оның дәнін де қосамын. Асқабақ шырынын дайындап алып оған сәбіздің шырынын араластырамын. Кішкене мөлшерде бал қосамыз. 1 кг тазартылған өнімнен 750 гр шырын шығады. Бұл шырынды үнемі балаларға беріп тұруға болады. Шырын – ағза мен ас қорыту жүйесін тазартады, көздің көру жүйесін жақсартады, ми жұмысын белсенді етеді. Бүйрек жұмысын жақсартады, іш қатқан кезде пайдалы. Баланың бойының өсуіне ықпал етеді.


















13




Ұсыныс:

1. Асқабақтың құрамында адам ағзасына қажетті витаминдер көп болғандықтан асқабақтың түрлері жерімізде көптеп өсірілсе;
2. Асқабақтан түрлі тағамдар дайындауға мүмкіндіктің барлығын біле отырып, өндірісте тұрмысқа қажетті тағамдар шығарылса;
3. Асқабақтың дәні тазаланып, кептіріліп, арнайы санитарлық зертханадан өткізіліп, қапшыққа салынып, сауда айналымына көп шығарылса;


770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!