Материалдар / Ғылыми жоба Тақырыбы: Желімнің шығу тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба Тақырыбы: Желімнің шығу тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу жұмысымен айналысатын оқушыларға және кез келген шығармашылықпен жұмыс жасайтын, оқушысының жан-жақты іздену жұмыстарына бағыт-бағдар беретін ұстаздарға ұсынылып отырған материал. Бұл материал тақырыбы да өзгеше. Оқушым екеуіміздің бірігіп, ойлана отырып, ақылдаса келе алған зерттеу жұмысымыздың тақырыбы. Өйткені желім арқылы жасалатын бұйымдарға қызығушылықпен қарап, өзі де көптеген бұйымдарды жасаған кішкене ғана қыздың сұрағы: Осы желім қалай пайда болды, апай? Міне осы сұрақтан кейін зерттеу жұмысын бастап кеттік, ауданға барып қорғадық. Әріптестерімнің керегіне жарап қалар деген ойдамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2018
1004
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ғылыми жоба

Тақырыбы: Желімнің шығу тарихы.

КІРІСПЕ
Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей- деп М. Әуезов атамыз айтқандай, адам еңбек ету үшін қаншама құрал-жабдықтар қажет десеңші... Соның бірі адамның қажеттілігіне, пайдасына жарайтын зат желім екен.

Желім әр түрлі материалдарды бір-біріне байланыстыратын зат. Желім матер-иалдардың бет қабаты мен желімдік қабаттың арасында байланыс түзеді. Желім құрамына әр түрлі толықтырғыштар, еріткіштер, бағы басқалары кіреді.

Табиғи желімдер өте ерте уақыттан белгілі. Адамзат оларды өсімдіктер мен ерте жануарлар майынан жасаған. Табиғи желімдер үш топқа бөлінеді: жануарлар тек-ті, өсімдік текті және минералдық. Олардың кемшілігі ылғал жерге төзімсіз, тез шіриді және жабыстырғыш қасиетін ұзақ уақыт сақтай алмайды.

Желімнің пайда болуы Неолит дәуірінен басталады. Тутанхамон фараонның мүрдесінен табылған заттардың ішінде ара балауызы, сүйек желімі және смола (шайыр) болған. Египтяндықтар о дүниеде қажет болады деп есептеген. Тағы бір қызық жағдай , Лондондық банк тонаушылар желімнің бір түрін кассирдің қолын қабырғаға желімдеп қою үшін пайдаланған екен. Оны тек хирургиялық клиника дәрігерлерінің көмегімен ғана шеше алатын болған.

2.1 Желімнің шығу тарихы

Малдың кепкен майсыз сүйегінен, мүйізі мен тұяғынан сүйек желімін жасауға бо-лады. Сүйек желімін мүйізі ірі жануардың сүйегін тазалап, оны майсыздандырып және күкірт қышқылына салып өңдейді. Жақсылап өңдеуден өткеннен кейін арна-йы аппаратқа салады. Су мен будың ықпал етуі арқылы желім-глютин пайда бо-лады.Сүйек желімі құрғақ не қатты түрде болады. Қоянның терісі мен шелқабаты-нан жасалатын желім ұзақ және жақсы желімделуімен әйгілі. Желатин желімі жа-нуардың мүйізі мен сүйегінен алынады. Жасалу жолы құрғақ желатинді аз ғана суға аралыстырып біраз уақытқа қойып қояды. Көтерілгеннен кейін су буында қыздырып, 0,2-0,3 г глицерин қосады. Желімнің бұл түрін суретшілер бояу кезін-де пайдаланады. Балық желімі өте қымбатқа бағаланады, оны балықтың кө-піршікті үлдір қабығынан жасайды. Суық суда жуылып, престеледі. 50 г. балық желімін 1 л. суға 2-3 сағатқа салып қойып ерітеді. Мұндай желімнің иісі де, дәмі де болмайды. Сол себепті мармелад, кәмпит, яғни тағамдар дайындауда пайдала-нады. Казейн желімі сүт белоктарының негізінде жасалады. Желімнің бұл түрі фаянс, пластмасса, ағаш материалдарын біріктіруге арналған. Бұл желім ұнтақ түрінде беріледі.

Өнеркәсіпте тақта түріндегі желім шығарылады. Тақта желімдер мөп-мөлдір болады. Мұндай желімдер ұйысып қоюланған болса, бұл оның сапасының төмен екенін білдіреді. Тақта түріндегі желімді үгітіп ұсақтайды да таза ыдысқа, ең дұрысы ақ қаңылтырдан жасалған консерві банкіге салады. Ұсақталған желімді толық жабатындай етіп су құяды. Сөйтіп ол желімді бір тәулік бойы сақтайды. Желімнің ісініп көтерілуіне кейде 6-12 сағаттың өзі де жеткілікті. Желімнің сапасы төмен болса оның ісініп көтерілуі кезінде су қатты бұлдыр тартады, сондай-ақ тақта желімнің сапасы бүлінеді. Желім ісініп көтерілген кезде оны 70-80 градусқа дейін қыздырады. Желімді қыздырғанда оттың қызуы тым күшті бомауы керек. Өйткені күйген желім іске жарамай, желімнің жабыстырып ұстайтын сапасы жойылады және қарайып кетеді. Желімдеп жабыстыру кезінде оның қоюлығы да маңызды рөл атқарады. Дайын болған желім ешқандай түйіртпексіз, бірқалыпты қоймалжың, мөп-мөлдір қалпында сорғалап ағуы тиіс. Егер желім тым созылып немесе тым сорғалап ақса, қою түйіршіктер кездессе,ондай желімнің сапасы төмен болады.

2.2 Желім түрлері

Сұйық желімдер - әмбебап желімдер, соның ішінде желімдердің кең тобы үшін пластмасса, ағаш желім, қағаз үшін желімдер. Екі нұсқасы бар: еріткіш немесе еріткіштері (негізі - су) жоқ. Мұндай желімдер беттердің түрлі типтері үшін пайдаланылады және әсіресе мынадай жағдайларда қолайлы болып табылады: тез нәтиже қажет; қажет болғанда қағаз деформациясын болдырмау; кеуек материалдардың жабысуы үшін. Мысалға желім түрлері әр түрлі жағдайларда қолданылады, яғни, ағаш, картон, былғары, тұс қағаздарды желімдеу және т.б. Желімдеу ісінің негізіне желімнің ағаш бөліктеріне сіңіп, таралу процесі жатады. Желім жіңішке жіп тәрізді талшықтарымен үстіңгі қабаттарды бір-бірімен берік байланыстырады. Желімдеудің сапалы болуына көптеген факторлар әсер етеді. Солардың қатарында желімнің тиісті бөлшектерге неғұрлым терең әрі біркелкі сіңуін, желімделетін үстіңгі қабаттардың бір-бірімен өте тығыз байланысуын, ағаш материалдарының қаншалықты дәрежеде дымқыл екендігін, желімнің нақты кездегі жағдайын және сапасын, пресске салған кездегі қысым күшін, сондай-ақ пресстен шыққаннан кейінгі төзімділік уақытын айтуға болады.

Қазіргі уақытта адамдар па йдаланатын желімнің түрлері өте көп. Үй құрылысында және жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде, күнделікті тұрмыстық жағдайда пайдалантын желім түрлері өте көп. Оқушылардың еңбек сабағында қолданатын желімдері құрғақ және сұйық түрде кездеседі. Оны көбінесе қағаз желімдеуде (аппликация) пайдаланады.

Үй құрылысында пайдаланатын желім түрлері:

ПВА желімі- картон, әйнек, ағаш бұйымдарын желімдеуге арналған. Желімді бұйымға жұқа етіп жағып, бір-біріне жапсырады, 20 минуттан кейін жабысады, мықтырақ болу үшін 1 күн ұстау қажет.

«Момент-1» желімі – ағаш материалдары, темір, тері-былғары, резеңке және т.б. бұйымдарды біріктіруге арналған. Құрамында улы заттар болғандықтан қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Яғни мұндай желімді оттан алыс ұстау қажет.

Эпоксидті желім- металл, керамика, әйнек, ағаш т.б. заттарды желімдеуге арналған. Әсіресе үлкен үй-жайларды (офис, спортклуб, салон) әрлеу кезінде қолданады. БФ-2 , БФ-4 желімі- металл, пластмасса, ағаш, әйнек, керамика, теріге арналған желім. Бұл желімнің электроизоляционды қасиеті бар. БФ-6 желімі- мақта-матаға арналған түрі. 88Н желімі- резеңке және материалды металға жабыстыру кезінде қолданады.ПВА желімі (тұрмыстық) - тұсқағаз (обой) желімдеуге арналған желім. ПВА желімі (кеңсе) – қағаз, картонды желімдеуге арналған. ПВА супер желімі- ағаш, қағаз, картон, әйнек, фарфор, мата, былғары т.б. желімдеуге, суреттер, линолеум, плитка төсеуде пайдаланылады.

Желімді тек қағаз не үйді жөндеу жұмыстарында ғана емес тағы да тұрмыста да қолданады екен. Яғни ыдыс-аяқты, әсіресе қатты күйе болған ыдыстарды тазалауда пайдаланады. Үлкен ыдысқа су қайнатып, сұйық желімнің бір құтысын құяды. Сосын кір болған ыдыстарды сол суға салып, бірнеше уақыт қайнатады. Содан соң таза сумен шаяды. Желім күйені алып түседі, ал ыдыс болса жарқырап шыға келеді.

Желім түрлері


Үй құрылысына арналған желім түрлері

Еденге арналған желім Қабырғаға тұсқағаз желімдеу


Кафель төсеуге арналған желім Плитка төсеуге арналған желім

Аяқ киімдерді желімдеуге арналған желім түрлері


2.3 Желімдеу технологиясы
Желімдеудің сапасына әсер ететін фактор ретінде желімнің қаншалықты дәреже-де қоюлану керектігін де естен шығармау керек. Оған қосымша айтарымыз – же-лім қабатының қалыңдығы шамаммен 0,1 мм болуы тиіс. Желімдеп құрастырудың беріктігі мен сапасы ағаш материалдарының дымқылдығы 12-15 пайыздан аспай-тын кезде жоғары болады. Ағаш материалдарының дымқылдығы 8-10 % болған кезде өте жақсы, берік желімделеді. Өйткені ол желімнің құрамындағы суды өз бойына тартып алады.  Желімдеп жапсырылатын үстіңгі беттердің жағдайына ке-летін болсақ, олардың аздаған кедір-бұдырлау болғаны, жете өңделмегені мақұл. Өйткені бұл жапсырылатын үстіңгі қабаттардың желіммен жапсырылатын аума-ғын арттыра түседі. 

2.4 Желімдеу технологиясымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Керекті жеріне аздап қана жақ .
2. Көлемді нәрсе желімдегенде, желімді әуелі оның ортасына жақ, сосын оны таяқшамен тарат. 
3. Жолақша немесе майда нәрсе желімдегенде абайла. 
4. Желімдеген бөліктің үстінен таза қағаз жауып, сыртынан қолыңмен сипап бас.
5. 5-10 минут салмақтылау, тегіс затпен бастыр.
6. Желімдеп болған соң міндетті түрде қолыңды сабындап жу. 


ІІІ.Қорытынды.
Қорытындылай келе, не зат болмасын адамның ұшқыр ойы мен білімді жоғары деңгейде меңгергеніне байланысты әр түрлі заттарды жасауда тек еңбек арқылы қол жететінін байқадық. Енді осы желімді пайдалана отырып, мен өзімнің сүйікті пәнім еңбек сабағында және үйде бос уақытымда жасаған жұмыстарымды ұсы-намын.

Аппликация кезіндегі жұмыс түрлері

Картон мен жұқа қағаз және бисерді пайдалану арқылы желіммен жұмыс

Макарон өнімінен жасалған ваза

Бисермен жасалған жұмыс (пластмасса мен желімнің байланысы)

Аяқ киім желімдеу сәті

Тұсқағаз желімдеу кезінде









IV. Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақ тілі терминдер сөздігі 1 том

  2. Химия ЖББМ 11-сыныпқа арналған оқулық Мектеп баспасы

  3. Bilimsite. Kz

  4. https: // kk.m. wikipedia.org Желім

  5. Балалар әлемі: Қызықты мәлімет



7



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!