Материалдар / Ғылыми жоба. Тақырыбы: Маңғыстаудағы сексеуіл өсімдігі және қара сабын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба. Тақырыбы: Маңғыстаудағы сексеуіл өсімдігі және қара сабын

Материал туралы қысқаша түсінік
С қара сабын қазақ халқының тұрмысымен біте қайнасқан тұтыну бұйымдарының бірі. Оның негізгі құрамы – сексеуіл өсімдіктердің күлі мен кәдімгі малдың майы. Жоғарыда аталған өсімдіктерді күзде жапырағы сарғайған кезде қиып, не орып әкеліп, кептіріп, өртеп, күлге айналдырады. Күлді қазан толы суға қайнатып, күлдің құрамындағы сақарды тұндырып алады. Сосын оны қашан қойылғанша тоқтамай араластырып отырады. Өсімдік күлі ақырында ақ ұнтаққа, яғни ақ талқанға айналады. Міне, сақар дегеніңіз осы. Бұл қазақтың өсімдік күлін мәнерлеп сақар жасау өнері саналады. Ал, сабынға айналдырғанда бір шыны сақарға бір шыны май құйып, тағы да отқа қойып араластырады. Сақар мен май араласып, иленген қамыр формасына келгенде оның көлеміне қарай қойдың не түйенің жүнін қосады. Себебі, сабын бір-бірін жақсы ұстап тұруы үшін. Әбден араласып болған сабынды таза бұлға, яғни матаға домалақтап
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
1640
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



С қара сабын қазақ халқының тұрмысымен біте қайнасқан тұтыну бұйымдарының бірі. Оның негізгі құрамы – сексеуіл өсімдіктердің күлі мен кәдімгі малдың майы. Жоғарыда аталған өсімдіктерді күзде жапырағы сарғайған кезде қиып, не орып әкеліп, кептіріп, өртеп, күлге айналдырады. Күлді қазан толы суға қайнатып, күлдің құрамындағы сақарды тұндырып алады. Сосын оны қашан қойылғанша тоқтамай араластырып отырады. Өсімдік күлі ақырында ақ ұнтаққа, яғни ақ талқанға айналады. Міне, сақар дегеніңіз осы. Бұл қазақтың өсімдік күлін мәнерлеп сақар жасау өнері саналады. Ал, сабынға айналдырғанда бір шыны сақарға бір шыны май құйып, тағы да отқа қойып араластырады. Сақар мен май араласып, иленген қамыр формасына келгенде оның көлеміне қарай қойдың не түйенің жүнін қосады. Себебі, сабын бір-бірін жақсы ұстап тұруы үшін. Әбден араласып болған сабынды таза бұлға, яғни матаға домалақтап орап, кептіреді. Жақсылап кепсе, сабыныңыз дайын болды деген сөз


Қара сабынды жасауда қатып қалған заңдылық жоқ. Әркім өз қалауымен әр түрлі етіп жасай береді. Кей адамдар әртүрлі хош иісті шөптердің нілін,үлпілдек жапырағын ұнтақтап сабынға қосу арқылы сабынды хош иісті етіп те жасайды.


Ал, емдік қасиетіне келсек...


Қара сабын адам денесіне шыққан жараны, сыздауықты қоймайды. Қара сабынмен қотыр болған адамды да емдеп жазады. Ол үшін ешқандай да дәрі-дәрмек сатып алудың қажеті жоқ. Қазір біраз аллергологтар көптеген тері ауруларының бүгінгі заманғы сабыннан пайда болып жатқандығын да жоққа шығармайды.


Бұрын қара сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке болған екен. Себебі, қара сабынды әркім жасай бермеген. Ауыл жұртшылығы кім сабын жасаса, соған сәлем айта келіп, қара сабынды қалап сұрап алады екен. Қазан түбінде қалған сабынның бөліктерін кішкентай етіп, әдемілеп домалақтап, балаларды жуындыруға пайдаланған. Мұны бұзаушық деп атайды. Сонымен қатар, бұзаушықты «мынау сенің бұзаушығың» деп қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған. Демек, қара сабын қазақтың тұрмысында жалғыз тұрмыстық бұйымның ғана рөлін атқармаған болып тұр ғой.


Ешкім қара сабын өндіруді мемлекеттік деңгейде қолға алайық деп отырған жоқ. Шындықтың бетіне тура қарасаңыз оның мүмкін еместігіне көзіңіз жетеді. Алайда, қара сабынды керек қылатындарға оны даярлау түк те қиындық тудырмайтынын айтқымыз келеді. Жоғарыда аталған өсімдіктер елімізде жеткілікті. Жасалуы да қарапайым, ешқандай техника керек емес, жуан қара қазаныңыз болса болғаны.


Қара сабын ұмытылып бара жатқан ұлттық өнімдеріміздің бірі ғана. Басқа да қаншама ұлттық өнімдеріміз ескерусіз ұмытылып бара жатыр. Өткен тарихымызға мойын бұрып қарасақ, қазақтың патенттелмеген тапқырлықтары жетерлік. Осылардың барлығын зерттеп, зерделеп, заман талабына сай жаңғыртып, қоғамдық өндіріске салсақ, сұранысқа ие боларына еш күмән келтірмейміз.



«Сақар жасау үшін алдымен сексеуілдің күлін қайнатамыз. Оны бір күн тұндырғаннан кейін сақар пайда болады. Сақар болғаннан кейін май құйып қара сабын әзірлейміз. Сақарды дәстүрлі сабынға айналдыру үшін көбінесе қойдың немесе сиырдың майын қосып қайнатамыз. Себебі олар табиғи шикізат қайнар көзі болып саналады. Ал оны қайнатудың тиісті шарттары бар», – дейді Тұрымқан апа. Бұдан кейін бұл кісі сабынның әзірлену барысы туралы егжей-тегжейлі түсіндіре бастады. Сұйық май қосылса, сабынның езілгіш, тез ерігіш келетінін айтады ол. Қазан отын жағудың да өз ережесі, бабы бар көрінеді. Алғашында оттың қызуын арттырып алып, сосын қызу ақырындап бәсеңдетіледі. Ал қазандағы сақар үздіксіз араластырылады. Дұрыс араласпаса, түбі қазанға жабысып қалады. «Жасаған сабын жақсы дайындалғанда аппақ көбік шығады. Ескеретін тағы бір жайт, сақар мен құйылатын майдың анық өлшемін сақтағанымыз абзал. Бір кесе сақарға екі кесе май құямыз. Майы көп болса, майға шашалып қалады, майы аз болса, сабын қатты болып шығады», – дейді көненің көзін сақтаушы.



«Қара қойдың терісін,

Сабындап жусаң ағармас», – деп Бұхар жырау жырына қосқан сабын сөзі Шал ақынның өлеңінен де байқалады:

«Сабының сақар болды дені келін,

Көрмедің шыбын құрлы мені келін». Демек, қара сабынның қазақ арасындығы қолданысы арыда жатыр. Оған қара сабынның VII-VIII ғасырдағы әдебиеттерден кезіккені дәлел. Кейбір деректер Ресейде сабынның ХІХ ғасырдың ортасына дейін орыс ақсүйектеріне ғана белгілі болғанын алға тартады.

Ертеректе қара сабынды адам уланғанда құстырып, ішін тазалауға да пайдаланыпты. «Көбінде кездесетін ілме, шетпеге де қолданылады. Қара сабыннан біраз қырып алып, баланың арқасын ысып тараймыз. Оны денеге жағып, біраз сіңіргенше сылап-сипаймыз. Сыртын табиғи, мақтадан жасалған шүберектермен орап тастаймыз. Сөйтіп, ет пен терінің ортасындағы желді кетіріп, шетпе, ілме болған адамдарды емдеуге болады. Түрлі тері аурулары, сиыр теміреткісі де ет пен терінің ортасындағы азықық жетіспеуінен, жүйке-жүйенің дұрыс жұмыс істемеуінен туындайды. Аурудың асқынбаған жағдайында қара сабынмен шомылдырып да, сырқатты құлан-таза айықтыруға болады», – дейді дәрігер. Сақармен ауруға шалдыққан малдарды емдеуге де болады екен. Бұрынғы кездері бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдепті. Мал тұяқтарын сақарлы суға малып-ақ жазып алған екен. Сондай-ақ адамның өкпе ауруы, әсіресе, малдың өкпе жөтел ауруларын емдеген.


Бұзаушықты білесіз бе?


Тұрымқан апай «Сабынды дайындап біткенде әке-шешелеріміз ыстықтай беліне орап алатын. Денеге өткен ыстығы пайдалы деп. Мұның жас балаларға пайдасы бар, бөрткен, қотыр шықпайды» дейді. Кішкене нәрестелердің іші кеуіп ауырғанда кіндік бөлімін қара сабынмен сыласа пайдалы. Қара сабыннан қазанның түбінде қалған азырақ бөлігін кішкентай етіп, әдемілеп домалақтап, балаларға сақтайды. Мұны «бұзаушық» деп атайды. Бұзаушық баланы шомылдырғанда жұмсалады. «Мынау сенің бұзаушығың» деп қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған.

Бұл сабынның балаларға қолданылатыны – химиялық қоспасыз, табиғи болғандықтан. «Баланы біз қырқынан шыққанша, бір күні тұзды суға, енді бір күні сабынды суға саламыз, біріншісінде тұз сіңіп, терінің пысуына көмектеседі, ал екінші күні қара сабынмен жуады. Бұл қазақ медицинасында терінің жетілуіне, бұлшық еттердің жақсы дамуына көмегі тиеді деп есептелінеді», – дейді Мақсат Әбдіқадыр.

Жарқын СӘЛЕНҰЛЫ


Мақсат ӘБДІҚАДЫРҰЛЫ, дәрігер:


Қара сабын – қазақтың дәстүрлі тұрмысында пайдаланады. Оның негізгі құрамы – сексеуілдің күлі. Онда натрий, тотықты гидрат бар. Ол жануар майымен араластырып жасалады. Мұны қазақ медицинасында ежелден балалардың, ересектердің сыртқы терілерін, киім-кешегін жууға пайдаланған. Негізінен, тері ауруы, жел-құз, ет пен терінің ортасындағы қара желге өте жақсы көмегі болған. Терідегі түрлі қышыма ауруларына ешқандай дәрі-дәрмексыз қара сабынмен ішкі киімдерін жуып, өзі шомылдырғанда-ақ жақсы болып кеткен деседі жұрт. Қара сабынды суық тигенде сылайтын май ретінде қолдануға болады, ісікке, домбыққан жарақатқа тартса, бітеу жараның соқтасын сорып алады.


Қара қойдың терісін,Сабындап жусаң ағармас, – деп Бұхар жыраудың жырына енген сабын сөзі Шал ақынның өлеңінен де байқалады.

Сабының сақар болды деді келін,

Көрмедің шыбын құрлы мені келін.Демек, қара сабынның қазақ арасындағы қолданысы арыда жатыр. Оған қара сабынның 17-18-ғасырдағы әдебиет- терден кезіккені дәлел. Кейбір деректер ресейде сабынның 19-ғасырдың ортасына дейін орыс ақсүйектеріне ғана белгілі болғанын алға тартады.Қара сабынды суық тигенде сылайтын май ретінде қолдануға болады. ісікке, домбыққан жарақатқа тартса, бітеу жараның соқтасын сорып алады. Ертеректе қара сабынды адам уланғанда құстырып, ішін тазалауға да пайдаланған. Сақармен ауруға шалдыққан малдарды емдеуге де болады. Бұрынғы кездері бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдеп, тұяқтарын сақарлы суға малып, жазып алған екен. Сондай-ақ адамның өкпе ауруы, әсіресе малдың өкпе,жөтел ауыруларын емдеген. [1:5]

Кішкене нәрестелердің іші кеуіп ауырғанда кіндік бөлімін қара сабынмен сыласа пайдалы. Қара сабыннан қазанның түбінде қалған азырақ бөлігін кішкентай етіп, әдемілеп домалақтап, балаларға сақтайды. Мұны бұзаушық деп атайды. Бұзаушық баланы шомылдырғанда істетіледі. Мынау сенің бұзаушығың деп, қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған.Қара сабынды итсигектен басқа сексеуіл, алабота, сарқурай, ермен , шекілдеуік қатарлы өсімдіктердің күлінен де жасауға болады. Қара сабын жасау бірнеше күннің шаруасы. Оның киімге жұққан май дақтарын кетірудегі рөлі айрықша. Онымен кір жуғанда қолды бөрттіріп, қышытпайды, кері әсер бермейді. Ертеде қазақ қыздары төгілген қара қолаң шаштарын осы қара сабынмен жуған. Шаштары майланбаған, түспеген.

Халқымыз қара сабынды киелі санаған. Сондықтан да оған қатысты жекелеген ырым-тиымдар бар. Мәселен, сабын жақсы қайнамаса, тасып-төгіліп кетсе, дұрыс жасалынбаса, қайнатқан адамның жолы ауыр болады деп пайымдаған. Сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке, ауыл жұртшылығы кім сабын жасаса соған сәлем айта келіп, қалап-сұрайтыны тағы бар. Оған қатысты ырымның бірі жасау кезіндегі аластау.

Бүгінде қара сабынды жасау мен пайдалану қытай мен моңғолиядағы қандастарымыз арасында жақсы сақталған. Алайда оны Қазақ елінде зерттеп, зерделеп, кең қолданысқа енгізу жағы аз. Алда осы бағыттағы жұмысты жандандырған дұрыс. Өйткені, ол біздің атадан қалған асыл қазына, ардақты мұрамыз!!!

Қара сабынның ғылыми заңдылығына тоқталсақ өнеркәсіпте май мен натрий тотығының гидритін шикізат етіп, кір сабын жасайды.Кірді жуу барысында, киімдегі май дақтары сабынға тигеннен кейін, сабын молекулалары май дақтарын қоршайды.Онан соң үйкелу, шайқалу барысында үлкен май дақтары кішкене май дақтарына айналып, ең соңында киімнен шығып, суға таралады да , эмулся қалыптастырады, міне осылай кірді кетіру мақсатына жетуге болады Ал қара сабынның негізгі шикізаты май мен сақар. Ал сақардың негізгі құрамы натрий, калий тұздары қоспасы. Әдетте сақар өндіруге істетілетін өсімдік күлінің құрамында калий негізі, натрий тұздары қатарлы құрамдар мол болады. Міне бұл өнеркәсіпте кір сабын жасау техникалық заңдылықтарымен сай келеді. .[3] Сондай-ақ, қара сабын табиғи өсімдіктерді шикізат етіп жасалатындықтан оның киімдегі кірді кетіру қуаты жоғары, әртүрлі шикізатта істелген киімдердің барлығына үйлеседі, әрі өңін түсірмейді.Сондай-ақ адам денесіне кері әсері жоқ болу мен қатар мұны жасағанда кейбір тері ауыруларының алдын алуда өзіндік рөлге ие.!

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісіАдам - табиғаттың перзенті, бір бөлшегі. Табиғат - адамның асыраушысы, яғни тамағы, киімі, үй - панасы, дәрі - дәрмегі. Әрбір тұтынған затымыз таза табиғи болса - деніміз сау болады. Бүгін мен сіздерге таңғажайып табиғаттан алынатын - қара сабын туралы мағлұмат бермекпін. Медицина дамымаған кезде жұқпалы дертпен қалай күрескен? Қазіргі дәріхана сөресінде толып тұрған дәрі - дәрмек орнына не қолданған? Міне, осы сұраққа жауап іздеп тапқандай болдым. Ғажайып табиғаттың сырын білген халқымыз жұқпалы дертке ем болатын және адам қажетіне жараған сабынды ерте кезден – ақ қолдан әзірлеген. Қазақтың қара сабыныБағзы халқымыз көшіп - қонып, жаз жайлау, қыс қыстауда күнелтіп жүріп, өзінің кір - қоңын, киім - кешегін, көрпе - жастығын мұнтаздай таза ұстаған. Даласы қалай таза болса, үй - іші де сондай ретті, оюлы сырмағы қағулы, түскиіз, шымылдығы жуулы тұратын. Әсіресе, халық өзі қолдан жасайтын қара сабыны кірді кетіруімен, емдік қасиетімен, үнемділігімен ерекше. Бүгіндері ұмыт болып бара жатқан бұл сабынды жасаудың өзі оңай шаруа емес. Сақар – күлден шығадыБізде мұны қара сабын деп атайды. Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар. Қара сабынды итсигектен жасауға болады.Итсигек, жапырақсыз –,жататын бір жылдық шала.батыс, оңтүстік облыстарында кең таралған. ,,жерлерде өседі. Биіктігі 30 – 75(100) см, ұзындығы 5 – 6 метрге жетеді.көп. ұсақ, қынап тәрізді қабыршаққа ұқсас, пішіні үш бұрышты, қарама-қарсы орналасқан, ұзындығы 2 – 3 мм. Сарғылт, қызыл түсті ұсақ бұтақша ұшында құрайды.–. пішінітәрізді.–айларында гүлдеп, жемістенеді. Итсигектің жасыл бұтағынан 7 түрлі (, , т.б.), күліненжасау,илеу үшін алынады. [3] Әуелі, сары күзде буыны пісіп, сабағы қатайған итсигекті бір жерге жинап өртейді. Кейініректе күнбағысты соғып алған соң, оның қапағын кептіріп, соның да күлін пайдаланатын болды. Итсигектің күлін суытып, кендір қалтаға салады. Әсіресе, кесек - кесек боп ұйыған күл қорытпасынан сақар көп шығады. Күлің қанша көп болса, сонша жақсы, себебі, төрт - бес қалта күлден, жарты қалта сақар алынады. Қалтадағы күлді шиден жасалған шыптаның үстіне жұқа бұл жайып, айналасын кенеулеп, ойыққа төгіп, астына үлкен тегене қояды, күлдің үстінен сақылдап қайнаған суды құяды. Сол кезде күлдің сөлі, нәрі сумен бірге ағып, тегенеге жиналады. Сол суды тұнытып, астындағы тұнбасына қоспастан майланған қазанға құйып қайнату керек. Нілі сорғыған күлді ауыстырып, жаңалап, астындағы жиналған суды тұндырып, майланған қазанға дер уақытында құйып алу керек. Қарағай, қайың, тораңғы секілді бір қалыпты маздап жанатын ағаштармен қайнаған күлдің суы құрғақ сақарға айналады. Төрт - бес қазан күлдің сөлді суынан жарты қазан сақар жинауға болатынын ескерсеңіз, қыруар еңбектің жемісі арқылы келетінін бағамдай беріңіз. Мұнда ескеретін бір жайт, күнбағыстың немесе итсигектің күлі болса да, оның үстінен құйған сумен ағатын ащы нілі көбірек болғаны өте маңызды. Әдетте, тегенедегі күл суының түсі қызылкүрең бояуға жуық. Оны қайнату барысында, алған сақарыңыз майда, уытты болады. Бұл өзара қоспалар арқылы ажырату әдісі. Бұрынғы апаларымыз күз келсе болды, алаботаны өртеп, неғұрлым көбірек сақар жинауға ұмтылатын. Себебі, алған сақары бір жыл бойы сабын жасауға жетуі керек. Сақар – сабын құрамының негізгі қоспасы. Сақар алу барысы бір күннің шаруасы емес. Бір қазанмен қайнатар болсаңыз, үш - төрт күн қатарынан нілді суды қайнатқанда, үлкен бір әулеттің бір жылдық сабынына қажетті қоспаны даярлай аласыз. Мұны үш - төрт түтін бірігіп, бірге итсигекті өртеп, күлдің нілін ағызып, одан сақар жасап та жатады. Есесіне, үш - төрт жерошаққа қара қазан асып, сақарды да көбірек алуға тырысады.Сақардың сабын жасаудан бөлек, өзіндік емдік істерге қолдануға тұрарлық қасиеттері де жетерлік. Соның бірі – әртүрлі ауруға шалдыққан малдарды емдеуге жарамдылығы. Әсіресе, бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдеп, тұяқтарын сақарлы суға малып, жазып алатын бұрындары. Қара қазан қайнағанБіз сабынға қажетті ең негізгі қоспаны алуды үйрендік делік, енді сабынды қалай жасауға болатынын айталық. Ауыл - аймақта сабын жасау үрдісі үш - төрт ақ жаулықтыға ғана бұйыратыны бар. Өйткені, сабынды көрінген адам қайната алмайды. Мұнда халқымыздың түсінігінше, сабыны дұрыс қайнамаса, тасып - төгіліп кетсе, дұрыс жасалынбаса, сабын қайнатқан адамның жолы ауыр болады деп пайымдаған. Жақсылыққа жорымаған. Мұндай кезде сабын жасайтын адам қазан маңына бөгде кісіні жолатпаған. Көбінесе, оңаша, қалтарыс жерде қасындағы от жағып, ошақтың күлін төгіп, қолғабыс ететін адамнан басқаларға қазанға қарауға рұқсат бермейді. Бұл – ырым. Оны бұлжытпай орындау өте маңызды. Алдымен, ішіңізден бісімілләны айтып, алладан игілікке істеуін сұрайсыз жасар жұмысыңызды.

Әбден тазалап жуылған, майланған қазанға бір кесе сақар салсаңыз, оның үстіне дәл сол кесемен қойдың немесе басқа малдың екі кесе майын қосасыз. Бұл жерде қандай малдың немесе ненің майын қосуыңызға байланысты өзара теңшемелі бұл өлшем өзгеруі де мүмкін. Қазаныңыз үлкен болса, үш - төрт кесе сақар салып, соған сай май құясыз да, еппен қайната бастайсыз. Қазаныңыз қайнаған сайын оны арнайы ағаштан жасалған қалақшаңызбен үзбей араластырып отырыңыз. Бұл күймей, барлығы бір қалыпты қайнау үшін қажет шара. Қазан үш рет қайнайды. Қайнаған сайын, бетіне суық су бүркіп, ожаумен аздап құйып отырасыз. Үшінші рет қазаныңыз тасыған соң барып, қазандағы араласпаңыз болды деуіңізге болады. Бір қазан сабынды ыстық күйінде сабынға бөлудің де өз жөні бар. Егер жасаған сабыныңыз көп болса, үлкен сабыннан екі - үшеуін домалақтап, арнайы матаға әдемілеп орау ләзім. Мұндай сабындар көбінесе кір - қоң жууға арналады. Жалпы, сабынды көптігіне қарай, үшке, беске, жетіге бөледі. Тақ санға бөлудің де өзіндік мән - маңызы бар екендігі анық. Кейде сабын әбден даяр болғанда оның ішіне жуылған, майдалап түтілген жүнді қосып жатады. Бұл жыл бойы істету үшін домалақтап жасаған сабыныңыз бөлініп кетпес үшін қолданатын амал.[5:2] БұзаушықСабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке сынды. Бұл өзі қиындығы көп жұмыс болғандықтан әрі кім көрінген жасай бермейтіндіктен, ауыл жұртшылығы кім сабын жасаса соған сәлем айта келіп, сабын қалап - сұрайтыны бар. Қазандағы сабынды үлкен шүберектерге әртүрлі деңгейде ораған соң, қазанның түбінде қалған азырақ бөлігін кішкентай ғып, әдемілеп домалақтап, балаларға сақтайды. Мұны бұзаушық деп атайды. Бұзаушық баланы шомылдырғанда істетіледі. Мынау сенің бұзаушығың деп, қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған. Кейде көрші - қолаңның келіндері қасына жас баласын ертіп келетіндіктен, баласына арнайы бұзаушық жасап та беретін болған. Ауыл - аймақ сабын сұрап келсе, өзінен артылғанын беру дағдылы іс. Бірақ үлкен сабынды ортасынан бөліп, жартысын беру дәстүрі жоқ. Ондай кезде сабыннан берекет, үйден құт кетеді деп ырымдайды.

Қара сабынды жасардағы ырымдар:1. Үйдің айналасы оңаша тыныш болған2. Қайнап жатқан сабынды ешкімге көрсетпеген3. Дайын сабынды қатқанша ешкімге бермеген4. “Бұзаушық” сабын жасап, жас аналарға берген5. “Сопақша” сабынды қызмет көрсеткен қыз - келіншектерге берген.Қара сабынның керемет қасиеті:1. Кір қоңды кетіру деңгейі жоғары (бұрын қазақ майлы тағамдарды, етті көп жегендіктен, киімдері соған сай майласып кететін, оны тап - таза етіп қара сабынмен жуған. Қазіргі кір кетіргіш тазартқыштар сияқты қолды бөріттіріп, қышытпаған.2. Жұқпалы тері ауруының емі. (Қышыма, қотыр, бөрітпе, безеу сияқты жұқпалы ауруларға кір сабынды жағып күніне төрт - бес рет жуған)3. Шаш тазартқыш (Қазақ қыздары төгілген қара қолан шаштарын осы қара сабынмен жуған. Шаштары майланбаған түспеген.4. Тұмау емі (тұмауратқан адамға жұқа матаға қара сабынды сулап жағып, иіскеткен. Әр иіскегенде он минут жұмсаса мұрны ашылып аурудан тез айыққан.5. Ыдыс тазартқыш (ыдыс - аяқтарын қара сабынды суға езіп сумен жуғанда ыдыс тап - таза болған)Қолдан жасалған сабын несімен тартады?• Бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі – табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптер.• Тазартудан бөлек (негізінен сол үшін қолданылады) ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді. Ал бұл үшін өте маңызды.• Қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Бұл дүкендегі ұсқынсыз, химиялық хош иісті сабын кесегі емес, оның әр шығарылымы өздігінен қызықты әрі ерекше.• Сабынды қолдан жасау барысында тұтынушының қалауы мен қажеттіліктері ескеріледі. Құрамы: түс, көлемі, пішіні – барлығы да арнайы тапсырыс бойынша жасалына алады.• Қолдан жасалған сабын жас балаларға да, жасы үлкендерге де ерекше сыйлық бола алады.• Қолдан сабын жасау бизнесін ұйымдастыру үшін көп қаражат қажет емес. Ғимаратты жалға алудың және арнайы құрал жабдықтарды сатып алудың қажеті жоқ. Енді мен сіздерге сабын дайындауды көрсетейін.Сабын жасау үшін не қажет?1. Балаларға арналған сабын қажет.2. Майлар, шөптер, сүт, бал т. б.3. Толықтырушылар (бояулар)Балалар сабынын үккіштен өткізіп, су құйып қыздырамыз да, май, шөп, сүт, бал т. б. қосып қоймалжын қалыпқа енгенше баяу отта қайнатамыз.

Қорытынды:

Ізденіс жұмыстарының нәтижесінде итсигек өсімдігінің бағалы қасиеттерін, оның табиғаттағы, адам өміріндегі алатын орнын анықтап табиғатты аялай білудің маңызы түсіндім. Итсигектің құрылысы мен оны жинау кезеңдері жөніндегі деректерді жинақтауда көптеген әдебиеттермен жұмыс істелді. Атап айтқанда, итсигектің қайнатпаларынан ерігіштік , сорғыштық қасиетінің бар екені туралы қорытынды жасалды. Сонымен қатар, сабын дайындаудың халықтық технологиясын оқып үйреніп, іскерлік дағдыларды қалыптастыруда көнекөз қариямен кездесудің маңызы зор болды. Итсигек – мәдени өсімдік екенін білдім. . Итсигек – малды емдеуге қолданылатын дәрілік өсімдік. Шымкент қаласындағы Химия-фармакология зауытында итсигектің жасыл сабақтарынан анабазин өндіріледі. Анабазиннің-сутекті тұзы темекі тарту әдетін қойдыруға жақсы әсер етеді. Анабазининсектицид ретінде, сондай-ақ малдарды емдеуге қолданылады. Бірақ Анабазиннің улылығы жоғары болғандықтан өндіруге тыйым салынған. Ұсыныс1. Мектепте қолдан сабын жасау үйірмесі ашылса2. 4 - ші сыныптың еңбекке баулу пәніне қолдан сабын жасау әдісі енгізілсе










Пайдаланған әдебиеттер:

1. “Дала мен қала” газеті №4 2012 жыл

2. “Жұлдыз” журналы №3 1998 жыл

3. “Ақпарат материалдары” (интернет)


4. Емші газеті №15 2005 жыл


5. Алтын сақа газеті №9 2011 жыл



Қасиетті де, киелі әулиелер мекені Қаратал ауданы тарихы мен оның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жайлы мәліметтер мен зерттеулер көпшілік қауымды, соның ішінде география пәні мұғалімдері мен өлкетану зерттеушілерін қызықтыратын тақырып болып саналады. Сондай қызығы мен қырлары бастау алатын мәселе – осы ауданның бренді «қара секеуілдің» құпиялылығы болып табылады. Оның өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан тақырыптың өзектілігі еш күмән тудырмайды. Ғылыми жоба тақырыптың мазмұнын ашуға арналған кіріспе, 3 тараудан тұратын негізгі бөлім, қортынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Оларда сексеуілдің бүгінгі жай – күйі, қасиеттері, даму болашағы жан-жақты қарастырылған. Жобада сексеуілдің түрлері мен қара сексеуіл жайлы көптеген мәліметтер, деректер сарапталған. Автордың тілі жатық, сөз қоры мол. Әр тарауға тұнымды ой пікір, түйін жасалған жоба өзіндік зерттеу мүшелігі бар туынды болып қалыптасқан. Сондықтан мен бұл жобаны барлық сұранымдарға жауап беретін ізденіс әрекетінің жемісі ретінде бағалап, оны облыстық, республикалық жарыстарға ұсынуға әбден лайық деп санаймын.




























.Сексеуілдің Қазақстанда өсетін үш түрінің ерекшелігі, бір-бірінен айырмашылығы


Сексеуіл – бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Қазақстандағы орман қорының жартысына жуығын сексеуілді тоғай алып жатыр. Оның көлемі 5 млн шаршы метр деп есептелінеді. Өткен ғасырда 40-50 жылдары сексеуілді отын қоры ретінде пайдаланған. Бақанас, Сары-Үйшік-Отырар, Мойынқұм және Қызылқұмда сексеуілден отын дайындаған.Сексеуіл қорын сақтап қалу үшін бір жылдары көшеттер отырғызылыпты. Алайда жылма – жыл сексеуіл отынға көп дайындалғандықтан,сексеуіл орманы сиреп кетті.Енді мүлде жойылып кету қаупі сексеуілге төніп тұр.Сондықтан сексеуілді қорғау шараларын күшейту қажет. Сексеуілдің гүлі ұсақ, қосжынысты – бірүйлі, қабыршық тәрізді гүл жапырақтың қолтығында 4-тен орналасады. Көктемде гүлдейді. Жемісі – қанатты жаңғақша, қыркүйек-қазан айларында пісіп жетілі, қараша – желтоқсан айларында жерге төгіледі. Сексеуіл тұқымынан көбейеді, өркендерінен өсіп жетіледі. Ол 30-60 жыл тіршілік етеді.


Қазақстанда 3 түрі өседі. Олар қара сексеуіл, ақ сексеуіл және зайсандық сексеуіл. Жалпы бұлар Қазақстандағы орман қорының 48 пайызын алып жатыр.


Ақ сексеуіл – бойы 1,5-тен 2,5 метрге дейін жететін тал-шілік. Негізінен құмдауыт әрі сортаңдау жерлерде өседі. Құрғақшылыққа бейім. Оның тамыры 10-11 метр тереңдікке дейін кетеді. Сирек те болса ара-арасында бұтақтарының биіктігі 5 метрге дейін өсетіндері бар. Оның жас бұтақтарын түйелер құмарта жейді. Ғалымдардың айтуына қарағанда, бұл жануарлар сондай 3 метрлік бұтақты жесе 12 кг. азықтық масса алады екен. Ал ұсақ малға оның жердегі жіңішке сынық бұтақтары мен қураған жапырақтары тоя жеуіне жарап жатыр. Соған қарағанда бұл сексеуілдің азықтық жұғымдылығы жоғары болса керек. Ақ сексеуіл шөлдің құмды жерлерінде өседі.


Өркендері майда, қою-жасыл түсті шырынды. Жапырақтары жетілмегендіктен, ағзалық заттар жас өркенінде түзіледі. Ерте көктемде өркендерінде майда ашық-қоңыр түсті гүлдері дамиды.


Қара сексеуіл — Сырдария, Іле, Шу өзендерінің төменгі ағыстарының аңғарларында тоғай болып өседі. Биіктігі 6 метрге дейін жетеді, тұзды, сортаң топырақта өсетіндіктен, жасыл өркендері тұзды болады. Жапырақтары болмайды, діңдері қисық, жиі бұтақталған, тамыры 8-12 тереңдікке еніп, жерасты тұзды суын сорады. Фотосинтез үдерісі жас өркендерінде жүреді. Қара сексеуіл аққа қарағанда жуандау әрі ірі келеді. Оның өсу биіктігі көбіне 7 метрге дейін жетеді. Ал тамыры 11 метрден де тереңдікке кетеді. Бұлар шоғырланып өседі. Алыстан қарасаң қалың жынысты орман тәрізді. Өз ұрығы есебінен табиғи түрде өсуге бейім. Осы екеуіне тән ерекшеліктер Зайсан сексеуілінде де бар.


2.Сарысу ауданында сексеуіл ормандарының таралу аймағы және оның қоршаған ортаға маңыздылығы


Мен Жамбыл облысының сарысу аумағында сексеуілдің өсетін жерлерін білу үшін Саудакент елдімекеніндегі «Орман шаруашылығы» мекемесіне барып,сексеуіл өсетін аймақтың картасымен таныстым. Мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 532092га жерді құрайды, орналасқан жері Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында орталық усадьба орналасқан. Мемлекеттік орман қорының жері 3 орманшылыққа бөлінген: Байқадам, Түгіскен, Жайлаукөл. Мекеменің бөлінген бөлімше жер көлемі төмендегі 1,1 таблицада көрсетілген:


Таблица 1,1


п\п Орманшылық Көлемі,га Орманшылықтың конторы орналасқан жері. Қашықтығы,км барлығы % мекеме конторына дейін жақын темір жол станциясы


1 Байқадам 7702 1,5 Жаңатас 30 —


2 Түгіскен 177351 33,3 Досбол 70 100


3 Жайлаукөл 347039 65,2 Жайлуакөл 200 230


Барлығы: 532092 100 300 330


Мемлекеттік орман қорығының жалпы аумағы 532092 гажерді құрайды, оның ішінде орманды алқабы 190505 га,осының ішінде, екпе ормандар 13571 га жерді құрайды,соның ішінде 7702 га жері таулы өңір – 1,4%,және 524390 га тегіс құмды өңір – 98,6%,өсіп жетілген орманды алқабы – 36% көлемінен,ағаш өспеген жерлері – 45%,ормансыз жерлері – 19%.


Сарысу ауданында сексеуілдің екі түрі өсіріледі.Олар:ақ сексеуіл және қара сексеуіл. Бұлар тұқым және көшет арқылы отырғызылады. Мекемеден солтүстіктен оңтүстікке қарай арақашықтығы – 205км,ал шығыстан батысқа қарай – 90км. Мекеменің мемлекеттік орман қоры жері 10 негізгі бөліктен құралған.Үш бөлігі «Бетпақдала» — құмды -өңірде орналасқан,екі бөлігі «Мойынқұм» — құмшағыт


өңірінде орналасқан,бес бөлігі «Қаратау және Боралдай» — таулы өңірде орналасқан орналасқан. Осы өңірлерді мемлекет өз қарауына алған.


Сексеуілдің қоршаған орта үшін маңызы зор.Сексеуіл тұрмыста отын ретінде қолданылады.Ол әлемдегі ең күшті отын ағашы. Оның қызуы еменнен де күшті.


Сексеуілдің беріктігі таңқаларлық.Тек сексеуіл ғана топырақтың тұздануы мен құнарсыздығына,жазғы ыстық пен құрғақшылыққа, қысқы қақаған суыққа төзе алады. Ештеңкеге мойымастан жайлап өсе береді.


Сексеуіл қыста қар тоқтатып, топырақта ылғалдың сақталуына және мал жайылымына қажетті шөптердің өсуіне көп пайдасын тигізеді. Бұрындары жұрт сексеуілдерді отқа тамызық ретінде пайдаланатын. Нарықтық қатынастың алғашқы жылдары бұл жағдай күрт өзгерді. Көмірдің жетіспеушілігі мен қымбаттаушылығы елді мекендерде тұратындарға ауыр тиіп, сексеуілді таза отын ретінде қолдана бастаған. Сондай-ақ тақыр жерлерде де өсуге бейім.Сексеуілді қорғаныш ететін жануарлар мен жәндіктер қаншама.Әсіресе түз тағылары киіктерге сексеуілдер арасы өсіп-өнуіне өте қолайлы.Сексеуілдің шырпысын жаққанда түскен күлден сахар (тыңайтқыш) өндіріп алады.Сексеуілдің жас өркендерін қыста қой,түйе жиді.Ойлана келе сексеуілдің қоршаған ортаға маңызы зор екенін білдім.Бізге де неге бос жатқан алқаптарымызға сексеуіл екпеске?


Орман алқаптарының тағы бір қатерлі жауы – өрт. Өрттің үлкен алқапқа таралып кетпеуіне кедергі болатын жол бойларымен қатарластырылып өртке қарсы айдаулар жасау. Себебі,жолақ өртке тірелетін негізгі кедергі болар еді.Сексеуіл ормандарының жағдайын зерттей келе,сексеуілдің пайдалы жағын ескере отырып,оның жойылып кетпеу жолдарын және Сарысу ауданында сексеуілді көптеп өсіруді ұсынамын.Мен,Қазақстанды отынға бай әрі жасыл желекті ел болғанын қалаймын.


3.Сексеуілден қара сабын алу әдісі


Ерте кезде халық сексеуілдің шырпысынан сақар қайнатқан.


Сақар – қазақтың кәдімгі қара сабыны одан да ертерек пайда болған.Сақар сөзі тілімізге парсының (шэхар) сөзінен кіріккен.Қазақи әдіспен сақар алу мынадай жолмен жүзеге асырылады:сексеуілдің шырпысын қазан айында жинап алып оны кептіреді.Кепкен шырпыны алдын ала су себіліп,тапталып,сыпырылған тегіс әрі тақыр жерге мол етіп үйіп өртейді.Күлін су сеппей суытса,ол қорып,байланып қалады.Содан соң қазанға су құйып,күл қосып,сақырлатып қайнатады.


Сақар қайнатқанда ұзын сапты былғауышпен басып араластырып отырады.


Сақарды күні бойы қайнатып,түн асырып тұндырып қояды.Тұнбаны сілті деп атайды.Әрі қарай сақар алу үшін,түн асқан сілтіні ертесіне отты баяу жағып,былғауышпен араластырып,әбден қоюланып,құрғақ ұнтаққа айналғанша қайнатады.Ұнтаққа айналған сілтіге (сақарға) ірі қараның сүйекте рінен алынған майды немесе балықтың майын қосып, араластырып әбден қайнатады. Қоюланған кезде шүберекке орап, немесе қалыпқа құйып, белгілі бір кейіпке келтірсе,сақар яғни қара сабын дайын болады.Қара сабын берік болу үшін кейде қойдың жүнін,ешкінің түбітін,түйенің шудасын қосып та былғайды.Қара сабын дайын болған соң,одан үзіп алып,қолымен сығымдап,көршілерге,абысын-ажынға үлестіреді.Оны Бұзаушық деп атайды.


4.Қара сабынның емдік қасиеті


Кезінде күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылып,бұл күндері ұмыт бола бастаған қазақтың қара сабыны – сақардың емдік,шипалық қасиеттері де көп болған.


Малдың сүйегін қайнатып, оған сәл сілті қосып,майын қалқып алып,іш ауырғанда, тұмау тигенде аздап ішкізген.


Бас ауырғанда адамды қара сабынмен басын жуып,жылы бүркеп жатқызып қойса, бас ауыруы қояды.


Бөртіп, қызарып шыққан денедегі жараны,теміреткіні сақармен жуып емдеген.


Көз,құлақ іріңдеп ауырғанда қара сабынмен жуады.


Жас нәрестені бір күн қара сабынмен, бір күн тұзды сумен жуындырады.


Денеге шыққан шиқанның ауызына қара сабын тартады.


Бұзаушықпен беті-қолын жуған баланың тәні таза болып, дерт жуымайды.


Ертеректе сексеуілдің сақарынан жасалған қара сабынды уланған кезде іш айдатуға,құстыруға пайдаланған деген дерек бар.Ал құрт болған жылқыға 9-11 сықпа сақар жұтқызу арқылы ем жасаған.


Бүгінде сабынды тазалыққа болмаса емге пайдаланып жүргендер шамалы.


Қорытынды


Ғылыми көпшілік әдебиеттермен жұмыс істеу барысында сексеуілдің емдік,азықтық қасиеті басым екені анықталды.Қазақ арасында сабын сөзі әлде қайда ертеректе пайда болғанын мына мысалдан аңғаруға болады:


Қара қойдың терісін


Сабындап жусаң ағармас…


Бұқар жырау (1666-1791)


Ізденіс жұмысының нәтижесінде сексеуілдің бағалы қасиеттерін, оның табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсініп,табиғатты аялау қажет екенін ұқтым.Оның өмірдегі маңызды қасиеттерін жан-жақты тұжырымдадым.Қазақта: «Сабын кірді ашады, сабырсыз сырды ашады» -демекші сабынның алу жолдарын үйрендім. Дегенмен сексеуілдің берер пайдасы көп екеніне көзіміз жетті. Бос жатқан жерлер қаншама…Осы жерлерге сексеуіл ексек,сары даламыз жасыл желекке айналар еді деген ұсынысым бар.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


1 .Биология 7 сынып авт : Қ.Қайым . Сәтімбеков Р


2..Биология және салауаттық негізі.


3.Денсаулық журналы.№5,6,1992.,№4,2003ж.


4.Қазақ энциклопедиясы 1-том Аяпов.


5..Л.Я.Склляревский. «Лекарственные растения в быту».


6..Э.Іскендіров. «Дәрілік өсімдіктер».






























Негізгі бөлім


А) Сексеуіл өсімдігіне сипаттама


Сексеуіл – бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Биіктігі 12 метрге дейін жетеді. Сексеуілдің «галаксилон» деген грекше аты «тұзды ағаш» деген мағына береді. Бұл атау сексеуілдің тұзға төзімділігіне байланысты шыққан.


Сексеуіл көпжылдық бұта тектес өсімдіктер қатарына жатқызылады.


Ә) Мүшелер құрылысына сипаттама:


Тамыры: Тамыр жүйесі өте күшті дамыған. Жанама тамырлары топыраққа 10 – 11 метрге дейін таралған.

Сабағы: Сабағы мен бұтағы бунақты, бұлардың діңі қисық, мықты, морт болып келеді. Бұжыр-бұжыр сабақ діңінің сүрегі ауыр, суға батып кетеді.

Гүлі: Сексеуілдің гүлі ұсақ, қосжынысты, бірүйлі, қабыршақ тәрізді гүл жапырақтың қолтығында 4-тен орналасады.

Гүлсеріктің күлте жапырақшалары бесеу, аталығыда бесеу болады. Аналығы – біреу.


Жапырағы: ұсақ қабыршақ тәрізді.

Гүлдеу мерзімі: Сәуір, мамыр айларында гүлдейді.

Жемісі: — қанатты жаңғақша.

Жемістің пісіп жетілу мерзімі. Қыркүйек, қазан айларында пісіп жетіліп, қараша айларында жерге төгіледі.

Көбеюі: Тұқымынан көбейеді.

Өсуі: Сексеуіл жас өркендерінен, өсіп жетіледі.

Б) Сексеуілдің түрлері


Қазақстандағы орман қорының жартысына жуығын сексеуілді тоғай алып жатыр. Оның көлемі 5 млн шаршы метр деп есептеледі. Қазақстанда сексеуілдің 3 түрі өседі. Олар мыналар:


Ақ сексеуіл

Қара сексеуіл

Зайсан сексеуіл

Сексеуіл туысы көбіне Маңғышлақ, Ақтау, Қызылорда облыстарының құм далаларында, Жамбыл облысының Шу аудандарында, Алматы облысының Балқаш ауданының жерлерінде, Балқаш, Зайсан көлдерінің айналасында кездеседі.


Енді сексеуілдің Қазақстанда кездесетін түрлеріне тоқталайық.


Ақ сексеуіл (Саксаул белый). Биіктігі 6 метрге жететін бұта немесе ағаш тектес өсімдік. Діңінің диаметрі 10-20 см-ге жетеді. Қабығы жылтыр.


Діңіндегі қыртысының түсі сұрғылт, сары болып келеді. Дихотомиялы бұтақтанып кеткен морт және буындаған жас өркендері күзде қатаяды да, түсіп қалады. Ұзындығы 2 миллиметрдей ғана қабыршақ немесе ине тәріздес ұсақ жапырақтары сұрғылт жасылдау бұтақшаларға қарама-қарсы орналасады. Қос жынысты, гүлдері қысқарған өркенге шығады.


Кездесетін жері: Ақ сексеуіл Арал теңізінің, Алакөл және Балқаш көлінің Сырдария, Іле өзендерінің жағалауларында, Бетпақдалада, Қызылқұмда және Мойынқұмда, құмды шөлдерде, көшпелі құмдарда өседі. Қара сексеуілге қарағанда ол құм басуға, құрғақшылыққа төзімді, бірақ тұзға аса шыдамды емес, сондықтан ойпат жерлерде аз кездеседі. Қатты және үгітілгіш ағашы отқа жақсы жанады. Шөлді аудандарда егістің айналасына, ауыл шетіне құмнан қорғану үшін өсіруге болады.


Қара сексеуіл (Саксаул черный).

Биіктігі 10-12 метрге жететін бұта немесе ағаш тектес өсімдік. Сұрғылт қоңыр түсті діңінің диаметрі 35 см.


Оның ұшында жоғары қарай тік өскен әжептеуір шырынды жас бұтақтары бар. Жетілмеген жапырақтары сүйел тәрізді. Жер асты суы жақын бекіген тығыз құмы бар. Жазық алқаптағы ойпаттарда жақсы жетіліп, онда көбіне тығыз тоғай құра алады. Әсіресе, республиканың құмды, сорлы және тақыр жерлерінде өседі.


Таралу аймағы: Қара сексеуіл Үстіртте, Арал теңізі, сырдария, Шу, Іле өзендерінің жағасында, Бетпақдала мен Қызылқұмда тараған.


Республиканың солтүстігінде және таулы аудандарда кездеспейді. Топырақтың тұздылығына төзімді. Тұқымдары және түбірінен шыққан сидам шыбықтары арқылы көбейе алады. Өте мықты қатты ағаштары сұрғылт қоңыр түсті. Ағашының көлденеңінен сынуы өте қиын, оның есесіне ұзынынан жақсы қақырап сынады.


Отын үшін пайдаланылады. Бұтақтары ерекше болғандықтан одан әр түрлі бейнелер жасауға болады.


Шөлді аудандардағы ауылдарды құм басудан сақтау үшін өсіруге болады.


Зайсан сексеуілі (Саксаул зайсанский) немесе бұта сексеуіл.

Биіктігі 4,5 метрге жететін бұта тектес өсімдік. Кәрі діңінің түсі ашық қоңыр, жас бұтақтары ақ сұр түсті, Редукцияға ұшыраған жапырақтарының пішіні сүйел немесе үш бұрышты төмпешік тәрізді. Олар бұтақта қарама – қарсы орналасады.


Таралу аймағы: Қазақстанда Зайсан көлінің жағасы мен Алматы облысындағы Торайғыр тауының құмды және тасты топырақтарында өседі. Жергілікті жерде отынға пайдаланылады.


Сексеуілдің бұл түрі республикада өте аз жерде өседі, сондықтан оның табиғи тоғайын қорғап өсіруді кеңейту қажет.


Бағзы заманда халқымыз көшіп-қонып, жаз жайлау, қыс қыстауда күнелтіп жүріп, өзінің кір-қоңын, киім-кешегін, көрпе-жастығын мұнтаздай таза ұстаған. Оған себеп, байырғы қазақ халық өзі қолдан «қара сабынын» жасаған. Қара сабын кірді кетіруімен, емдік қасиетімен, үнемділігімен ерекше болған. Атадан балаға мирас болып жеткен бұл шаруа бүгінде күн санап көмескіленіп, мүлде ұмыт болуға айналғаны жасырын емес.


Ал, бізде мұны қазіргілер «кір сабын» деп атайды. Сабын жасау үрдісін бүгіндері ауыл-аймақтағы ақ жаулықты әжелеріміз ғана білуі мүмкін деп ойлаймыз. Әжелеріміздің айтуынша, әуелі, сары күзде буыны пісіп, сабағы қатайған сексеуілді бір жерге жинап өртейді. Кейінгі кезде күнбағыстың майы мен күлін пайдаланатын болған. Сексеуілдің күлін әбден қайнатып, оны бір күн тұндырады. Содан соң әлгі бір қалыпты маздап жанған отқа қойып әбден қайнағаннан кейін күлдің суы құрғап сақарға айналады. Сақар – сабын құрамының негізгі қоспасы. Күлің қанша көп болса, сонша жақсы, себебі, төрт-бес қалта күлден, жарты қалта сақар алынады. Сақар сабынға айналдыру үшін қойдың немесе сиырдың майын қосады. Бұрын әжелеріміз күз келсе болды, сабын қайнатуды әдетке айналдыратын болған. Сақардың сабын жасаудан бөлек, өзіндік емдік істерге қолдануға тұрарлық қасиеттері де бар. Соның бірі – әртүрлі ауруға шалдыққан малдарды емдеген. Әсіресе, бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдеп, тұяқтарын сақарлы суға малып, жазып алған. Сондай-ақ, ертеректе қара сабынды адам уланғанда құстырып, ішін тазалауға да пайдаланыптын болған. Қара сабынды сексеуілден басқа алабота, сарқурай, дермене өсімдіктерінің күлінен де жасалған. Ертеде қазақ қыздары төгілген қара қолан шаштарын осы қара сабынмен жуған. Шаштары майланбаған, түспеген.


Халқымыз қара сабынды киелі санаған. Сондықтан да оған қатысты жекелеген ырым-тиымдар бар. Мәселен, сабын жақсы қайнамаса, тасып-төгіліп кетсе, дұрыс жасалынбаса, қайнатқан адамның жолы ауыр болады деп пайымдаған. Сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке, ауыл жұртшылығы кім сабын жасаса соған сәлем айта келіп, қалап-сұрайтыны тағы бар. Оған қатысты ырымның бірі жасау кезіндегі аластау.


Бүгінде қара сабынды жасаумен пайдалану қытай мен моңғолиядағы қандастарымыз арасында жақсы сақталған. Алайда, бүгінгі осы сақар жасау жағы мүлдем жоқ. Алда осы бағыттағы осы жұмысты жандандырып қазақтың брендіне неге айналдырмасқа. Бұл жайлы ойланғанымыз дұрыс болар.


Халық мұрасын жаңғыртушы Тұрымқан Оспанқызы – қазақтың қара сабынын қайнату ісінің шебері. Атадан балаға мирас болып жеткен бұл шаруа бүгінде күн санап көмескіленіп, мүлде ұмыт болуға айналғаны жасырын емес.


«Сақар жасау үшін алдымен сексеуілдің күлін қайнатамыз. Оны бір күн тұндырғаннан кейін сақар пайда болады. Сақар болғаннан кейін май құйып қара сабын әзірлейміз. Сақарды дәстүрлі сабынға айналдыру үшін көбінесе қойдың немесе сиырдың майын қосып қайнатамыз. Себебі олар табиғи шикізат қайнар көзі болып саналады. Ал оны қайнатудың тиісті шарттары бар», – дейді Тұрымқан апа. Бұдан кейін бұл кісі сабынның әзірлену барысы туралы егжей-тегжейлі түсіндіре бастады. Сұйық май қосылса, сабынның езілгіш, тез ерігіш келетінін айтады ол. Қазан отын жағудың да өз ережесі, бабы бар көрінеді. Алғашында оттың қызуын арттырып алып, сосын қызу ақырындап бәсеңдетіледі. Ал қазандағы сақар үздіксіз араластырылады. Дұрыс араласпаса, түбі қазанға жабысып қалады. «Жасаған сабын жақсы дайындалғанда аппақ көбік шығады. Ескеретін тағы бір жайт, сақар мен құйылатын майдың анық өлшемін сақтағанымыз абзал. Бір кесе сақарға екі кесе май құямыз. Майы көп болса, майға шашалып қалады, майы аз болса, сабын қатты болып шығады», – дейді көненің көзін сақтаушы.


«Қара қойдың терісін,


Сабындап жусаң ағармас», – деп Бұхар жырау жырына қосқан сабын сөзі Шал ақынның өлеңінен де байқалады:


«Сабының сақар болды дені келін,


Көрмедің шыбын құрлы мені келін». Демек, қара сабынның қазақ арасындығы қолданысы арыда жатыр. Оған қара сабынның VII-VIII ғасырдағы әдебиеттерден кезіккені дәлел. Кейбір деректер Ресейде сабынның ХІХ ғасырдың ортасына дейін орыс ақсүйектеріне ғана белгілі болғанын алға тартады.


Ертеректе қара сабынды адам уланғанда құстырып, ішін тазалауға да пайдаланыпты. «Көбінде кездесетін ілме, шетпеге де қолдан¬ылады. Қара сабыннан біраз қырып алып, баланың арқасын ысып тараймыз. Оны денеге жағып, біраз сіңіргенше сылап-сипаймыз. Сыртын табиғи, мақтадан жасалған шүберек¬термен орап тастаймыз. Сөйтіп, ет пен терінің ортасындағы желді кетіріп, шетпе, ілме болған адамдарды емдеуге болады. Түрлі тері аурулары, сиыр теміреткісі де ет пен терінің ортасындағы азықық жетіспеуінен, жүйке-жүйенің дұрыс жұмыс істемеуінен туындайды. Аурудың асқынбаған жағдайында қара сабынмен шомылдырып да, сырқатты құлан-таза айықтыруға болады», – дейді дәрігер. Сақармен ауруға шалдыққан малдарды емдеуге де болады екен. Бұрынғы кездері бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдепті. Мал тұяқтарын сақарлы суға малып-ақ жазып алған екен. Сондай-ақ адамның өкпе ауруы, әсіресе, малдың өкпе жөтел ауруларын емдеген.


Бұзаушықты білесіз бе?


Тұрымқан апай «Сабынды дайындап біткенде әке-шешелеріміз ыстықтай беліне орап алатын. Денеге өткен ыстығы пайдалы деп. Мұның жас балаларға пайдасы бар, бөрткен, қотыр шықпайды» дейді. Кішкене нәрестелердің іші кеуіп ауырғанда кіндік бөлімін қара сабынмен сыласа пайдалы. Қара сабыннан қазанның түбінде қалған азырақ бөлігін кішкентай етіп, әдемілеп домалақтап, балаларға сақтайды. Мұны «бұзаушық» деп атайды. Бұзаушық баланы шомылдырғанда жұмсалады. «Мынау сенің бұзаушығың» деп қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған.


Бұл сабынның балаларға қолданылатыны – химиялық қоспасыз, табиғи болғандықтан. «Баланы біз қырқынан шыққанша, бір күні тұзды суға, енді бір күні сабынды суға саламыз, біріншісінде тұз сіңіп, терінің пысуына көмектеседі, ал екінші күні қара сабынмен жуады. Бұл қазақ медицинасында терінің жетілуіне, бұлшық еттердің жақсы дамуына көмегі тиеді деп есептелінеді», – дейді Жарқын Сәленұлы.


Мақсат ӘБДІҚАДЫРҰЛЫ, дәрігер:


Қара сабын – қазақтың дәстүрлі тұрмысында пайдаланады. Оның негізгі құрамы – сексеуілдің күлі. Онда натрий, тотықты гидрат бар. Ол жануар майымен араластырып жасалады. Мұны қазақ медицинасында ежелден балалардың, ересектердің сыртқы терілерін, киім-кешегін жууға пайдаланған. Негізінен, тері ауруы, жел-құз, ет пен терінің ортасындағы қара желге өте жақсы көмегі болған. Терідегі түрлі қышыма ауруларына ешқандай дәрі-дәрмексыз қара сабынмен ішкі киімдерін жуып, өзі шомылдырғанда-ақ жақсы болып кеткен деседі жұрт. Қара сабынды суық тигенде сылайтын май ретінде қолдануға болады, ісікке, домбыққан жарақатқа тартса, бітеу жараның соқтасын сорып алады


В) Сексеуіл өсімдігінің энтомологиялық жаулары.


Биология ғылымында «энтомология» сөзі бұнақдене деген мағына береді.


Сондықтан Сексеуілдің ең бірінші жауы Сүген қоңызы (жук-усач) болып табылады. Оның личинкалары температура көп өзгермейтін сексеуіл тамырмойнының айналасын бұрандалап тесіп кіріп алады да жыл сайын көбейе береді. Оның тескен «туннельдеріне» шөл саңырауқұлағы-перия орны теуіп, ағашты жей береді. Біртіндеп сексеуілдің ара да балта да сындыра алмайтын темірдей ағашы борпылдап жұмсарады. Енді күшті жел соққан кезде әлі де көп жыл жасауға шамасы бар сексеуіл ағашы құлап қалады


Г) Сексеуіл өсімдігінің маммалогиялық жаулары


Сексеуіл өсімдігінің маммалогиялық жауларына жер асты құм тышқандары жатады. Құм тышқандары жер астында сексеуілдің тамырын түк қалдырмай жеп қояды . Құм тышқан жерасты жұмысымен қанағаттанып қана қоймай сексеуілдің гүлі мен жемісін де жеп қояды: Жемісі жер бетінен 2-3 метр биік орналасқанына қарамастан тышқан оған өрмелеп шығып, бұтағын бағбандарша кесіп түсіреді . Кейде бір жылдық жемісті түгелдей құртып жібереді. Құм тышқандар суы мол шырынды жас бұтақтарды да қиып түсіреді де, сусынын қандырады . Кесілген бұтақтың орнына бұрынғыдан да шырынды бұтақ өседі, тышқан оны да кесіп сусындайды. Осылай көп қайталанған соң ақыры сексеуілдің күші таусылады да кеуіп қалады.


Д) Сексеуіл өсімдігінің антропогендік жаулары


Ал сексеуілдің үшінші антропогендік жауларына адамдар жатқызылады екен.


Сексеуілді отап, құртып жоюдан арыға аса алмайтын пенделер арамызда аз емес көрінеді . Нақты кезеңде Жаңақорған ауданында 549000 гектар аймақта тоғайлы сексеуілді алқап бар Әрине бұның өзі аз көрінеді


Жаппай жаңа шаруашылықтар ашыла бастаған 1964 жылдан бастап 2001 жыл аралығында осы өңірдің өзінде 11 мың гектар жердің сексеуілі құртылған деген қорытынды келтірілген: Құртылуының себебі сол кезеңдерде құрылыстар салу мал қораларымен ыстауларды орналастыру кезінде табтғатпен санасқан ешкім болмағаны көрініп тұр. Бүгінгі таңға дейін сексеуілдің орны үңірейіп тұрса да, сексеуілді ұрлап сататын қарақшылар азаймаса күннен күнге көбею үстінде


Е) Сексеуілдің қоршаған ортаға тигізетін пайдасы


Құмды шөлдің қорғаны болып табылады. Олай дейтініміз құмды бекітіп ұстап тұрады.

Сексеуілдің жас өскіндері түйеге, қойға жақсы азық. Оның себебі жас бұтақ жапырақтың қызметін атқаратын болғандықтан құрамында малға қажетті барлық органикалық заттар болады. Және көп суы бар. Бұл малға бір жағынан азық болса, екіншіден сусын.

Сексеуіл шөлдің тірі қазба байлығы болып табылады. Оның себебі Отқа жаққандағы қызуы жағынан нағыз қазба байлық тас көмірден кем түспейді.

Сондықтан да Қазақстан мен Орта Азия халықтары сексеуілді мақтанышпен жасыл көмір деп те атайды. Сексеуіл ағашынан сапалы көмір дайындайды

Сексеуіл күлінен сақар ( тыңайтқыш) өндіріледі

Қорғау шаралары


Сексеуілді ұрлап сататын қарақшыларға тиым салу

Әлі жас өскін сексеуілден 4 түлік малдарды алшақ жаю

Шөлді жерге әр гектарға қалып бойынша 5 келіден сексеуіл ұрығын себу

Сексеуілді сындырып бүлдірушілерге орман қорғау мемлекеттік мекемесі бекіткен штраф ( айыппұл) салу

Орман қорғау мекемесі жұмысшыларына құм ішінде еркін жүре алатын көліктер (мотоцикл) бөлу


Зерттеу мақсаты: Ұлтымыздың сабын жасау дәстүрін жаңғыртып, күнделікті тұрмыста қолдану .


Міндеттері:


1.Сабын алатын өсімдіктерді танып біліп, кеппешөптер жасау.


2.Сабын алудағы химиялық реакцияларды зерттеу.


3.Тәжірибе арқылы табиғи өнімнен сабын жасау.


Зерттеу нысаны: сабын жасау үрдісі (шикізат, шикізат сапасы, өнім, өнім сапасы)


Ғылыми болжамы: Күнделікті тұрмыста әр отбасы сабынды дайындау дәстүрін ұмытпай, келер ұрпаққа мұра етіп қалдырады.


Өзектілігі:


Күнделікті тұрмыста сабынды жасап, оның емдік қасиеттерін ескере отырып, экологиялық таза өнімді пайдалану.


Зерттеу кезеңдері:


І. Ізденіс. Сабынды жасаған үлкен әжелерден сұхбат алу арқылы мәлімет жинап, ғылыми әдебиеттерден, газет – журналдардан, ғаламтордан іздедім.


ІІ. Мәлімет жинау. Сабынның шығу тарихы мен жасау технологиясы туралы мәліметтерге шолу.


ІІІ. Зертханалық бақылау. Жетекшімен бірге тәжірибе арқылы сабын жасау.


ІV. Талдау жасау. Сабынның пайдасын зерттеу.


Зерттеу тәсілдері: ақпарат жинап, танысу, жоспарлау, талдау, салыстыру, іздену, зерттеу.


Зерттеу жаңашылдығы: Сабын жасау дәстүрін зерттеу жұмысы арқылы жаңғыртып, жетілдіру.


















Жоспары




І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім2.1.Сабынның шығу тарихы2.2.Сақар алынатын өсімдік түрлері2.3.Қара сабынның керемет қасиеті2.4.Қолдан жасалған табиғи қара сабынІІІ. ҚорытындыIV. Пайдаланған әдебиеттер




























Кіріспе


Адам - табиғаттың перзенті, бір бөлшегі. Табиғат - адамның асыраушысы, яғни тамағы, киімі, үй - панасы, дәрі - дәрмегі. Әрбір тұтынған затымыз таза табиғи болса - деніміз сау болады. Бүгін мен сіздерге таңғажайып табиғаттан алынатын - қара сабын туралы мағлұмат бермекпін. Ғажайып табиғаттың сырын білген халқымыз жұқпалы дертке ем болатын және адам қажетіне жараған сабынды ерте кезден – ақ қолдан әзірлеген. Сабындану дегеніміз— химиялық реакция басында майларды гидролиздеу жолымен сабын жасау процесі. Сабындану процесі кезінде триглицеридтер натрий немесе калий гидроксидімен реакцияға түсіп, глицерин мен сабын деп аталатын майлы қышқыл түзеді. Сабындану реакциясы барысында күшті қышқылдар немесе негіздер катализатор.ретінде қолданылады. Сабын — жоғары карбон қышқылдарының тұздары . Сабынның құрамына пальмитин С және стеарин қышқылдарының тұздары (негізінен, натрий мен калий тұздары) кіреді және оның суда ерігіштігі құрамындағы металл катионына байланысты болады. Калий тұздары суда натрий тұздарына қарағанда жақсы ериді, ал магний, кальций, барий тұздары суда ерімейді. Сұйық сабынның құрамына калий, қатты сабынның құрамына натрий катиондары кіреді. Бір лабораторияда қызық тәжірибе жасалған. Микроскоппен әуелі лас және жуылмаған қолдың терісіндегі микробтардың санын санаған. Одан кейін қолды таза сумен жуып, тағы да микробтарды санаған. Ең соңында қолды сабынмен жуып барып, тағы да микробтарды санаған. Сонда жуылмаған лас қолдың терісінің бір квадрат миллиметрінде миллионға жуық, таза сумен жуылған қолда – 200 мыңдай, ал сабынмен жуылған қолда – бар-жоғы 20 мыңдай бактерия анықталған. Міне, осылайша дененің тазалығы мен денсаулық сақтауда сабынның алатын маңызы дәлелденді. Сабын майды жуу және химиялық реакцияларда май қышқылдарын бейнераптандыру ( нейтролизациялау) жолымен арнайы сабын қайнататын зауыттар мен химиялық фабрикаларда жасалады. Сабынды суға еріткенде, көпіршіктер пайда болады да, сонымен ыдыс және киім жуылады. Адам денесінің тазалығын және жеке бастың гигиенасын сақтауда сабынның алатын орны зор екенін бәрімізде білеміз.












ІІ. Негізгі бөлім 2.1.Сабынның шығу тарихы Сабын [1] – тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Оны көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода тәсілі табылғаннан кейін жедел өркендеді. Орта ғасырларда сабын өндіру жөнінен Марсель портты қаласының аты шықты. Қазақ арасында сабын сөзі одан әлдеқайда ертерек пайда болғанын мына мысалдардан аңғаруға болады. Мәселен, Бұқар жырау (1668-1791 жж) өлеңдерінде мынандай жолдар бар екен:Қара қойдың терісін,Сабындап жусаң ағармас…Одан кейінірек Шал ақын Құлекеұлы (1748-1818 жж) былай депті:Сабының сақар болды дені келін,Көрмедің шыбын құрлы мені келін 2.2 Сақар алатын өсімдік түрлеріның 4 түрі: Хива сораңы, жалпақжапырақты сораң, Регель тарбақайы, Торғай








Ақ алабота Сексеуіл Ол 30-60 жыл тіршілік етеді. Сексеуіл діңі жаққанда жылу ды көп бөледі. Сондықтан отынға пайдаланылады. Сүрегін жаққанда түскен күлден сақар (тыңайтқыш) өндіріп алады. Сексеуілдің жас өркендерін қыста қой, түйе жейді. Ақ сексеуіл құм бекітуге пайдаланылады. Қант қызылшасы Шпинат Бұйырғын 2.3. Қара сабынның керемет қасиеті:Қара кір сабынның үй шаруашылығында алатын орны өз алдында шипасы да айтарлықтай.1. Кір қоңды кетіру деңгейі жоғары (бұрын қазақ майлы тағамдарды, етті көп жегендіктен, киімдері соған сай майласып кететін, оны тап - таза етіп қара сабынмен жуған. Қазіргі кір кетіргіш тазартқыштар сияқты қолды бөріттіріп, қышытпаған)2. Жұқпалы тері ауруының емі. (Қышыма, қотыр, бөртпе, безеу сияқты жұқпалы ауруларға кір сабынды жағып күніне төрт - бес рет жуған)3. Шаш тазартқыш (Қазақ қыздары төгілген қара қолаң шаштарын осы қара сабынмен жуған. Шаштары майланбаған , түспеген.4. Тұмау емі (тұмауратқан адамға жұқа матаға қара сабынды сулап жағып, иіскеткен. Әр иіскегенде он минут жұмсаса мұрны ашылып аурудан тез айыққан.5. Ыдыс тазартқыш (ыдыс - аяқтарын қара сабынды суға езіп, сумен жуғанда ыдыс тап - таза болған)Емдік қасиетіЕртеректе қара сабынды адам уланғанда құстырып, ішін тазалауға да пайдаланыпты. «Көбінде кездесетін ілме, шетпеге де қолданылады. Қара сабыннан біраз қырып алып, баланың арқасын ысып тараймыз. Оны денеге жағып, біраз сіңіргенше сылап-сипаймыз. Сыртын табиғи, мақтадан жасалған шүберектермен орап тастаймыз. Сөйтіп, ет пен терінің ортасындағы желді кетіріп, шетпе, ілме болған адамдарды емдеуге болады. Түрлі тері аурулары, сиыр теміреткісі де ет пен терінің ортасындағы азықық жетіспеуінен, жүйке-жүйенің дұрыс жұмыс істемеуінен туындайды. Аурудың асқынбаған жағдайында қара сабынмен шомылдырып да, сырқатты құлан-таза айықтыруға болады», – дейді дәрігер. Сақармен ауруға шалдыққан малдарды емдеуге де болады екен. Бұрынғы кездері бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдепті. Мал тұяқтарын сақарлы суға малып-ақ жазып алған екен. Сондай-ақ адамның өкпе ауруы, әсіресе, малдың өкпе жөтел ауруларын емдеген.Кір сабынды сатып аларда оның иіссіз немесе қош иістендірілген түріне қызықпай, кәдімгі қара кір сабынды таңдауымыз керек. Оның емге қолданылатына да сол табиғи түрі.2.4. Қолдан жасалған қара сабынCақар — ақ түсті, ұнтақ зат, ол күлден шығады. Ауада ылғал тартып үгіледі.Суда жақсы ериді.Нағашы әжем майға сақар қосып «қара сабын» жасап көрсетті. Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар. Сол әдіс бойынша ауылдық жерден сексеуілді жинап алып келіп, өртеп , әжем қара сабын жасау жолын көрсетті.Сексеуіл шөбін өртеп, оның күлін алды. Сол күлден сақар алынады екен. Аулаға шағындау қазанды алып, астына от жақтық. Майланған қазанға үш кесе сақар салып, үстіне малдың алты кесе тоң майын қостық. Қазанды баппен қайнаттық. Әжем екеуіміз арнайы ағаштан жасалған қалақшамен араластырып отырдық.Қазанымыз қайнаған сайын бетіне көбікше пайда болады. Қазан қайнаған сайын баппен араластырып, бетіне су бүркіп отырдық. Әбден қайнаған соң сабынымыз дайын болды. Әжем сабынды ыстық күйінде бөлудің мәні бар екенін айтты. Дайын болған қара сабынды төртбұрыштап матаға орап, бөлдік. Әжемнің айтуынша бұрынғы кезде тоң майдың орнына сүйекті әбден маңызын шығарып қайнатып, майын қолданған дейді.Сабынды көрінген адам қайната алмайды. Мұнда халқымыздың түсінігінше, сабыны дұрыс қайнамаса, тасып - төгіліп кетсе, дұрыс жасалынбаса, сабын қайнатқан адамның жолы ауыр болады деп пайымдаған. Жақсылыққа жорымаған. Мұндай кезде сабын жасайтын адам қазан маңына бөгде кісіні жолатпаған. Көбінесе, оңаша, қалтарыс жерде қасындағы от жағып, ошақтың күлін төгіп, қолғабыс ететін адамнан басқаларға қазанға қарауға рұқсат бермейді. Бұл – ырым. Оны бұлжытпай орындау өте маңызды. Алдымен, ішіңізден «бісімілләны» айтып, Алладан игілікке істеуін сұрайсыз жасар жұмысыңызды. Әбден тазалап жуылған, майланған қазанға бір кесе сақар салып, оның үстіне дәл сол кесемен қойдың немесе басқа малдың екі кесе майын қосамыз. Қазаныңыз үлкен болса, үш - төрт кесе сақар салып, соған сай май құямыз да, еппен қайната бастаймыз. Қазанымыз қайнаған сайын оны арнайы ағаштан жасалған қалақшаңызбен үзбей араластырып отырамыз. Бұл күймей, барлығы бір қалыпты қайнау үшін қажет шара. Қазан үш рет қайнайды. Әр рет қайнаған сайын, бетіне суық су бүркіп, ожаумен аздап құйып отыру керек. Үшінші рет қазаныңыз тасыған соң барып, қазандағы араласпаның болды деуге болады. Қазандағы сабынды ыстық күйінде сабынға бөлудің де өз жөні бар. Егер жасаған сабыныңыз көп болса, үлкен сабыннан екі - үшеуін домалақтап, арнайы матаға әдемілеп орау керек. Мұндай сабындар ғажайып - табиғи қара сабын.Осыларды ескерсек ата бабаларымыздың тұрмыстағы химиялық үрдістерді білгендігінің айғағы. Шамамен малдың тоң майын қосқанда дайын сабынға айналады. Сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке сияқты. Ауыл адамдары кім сабын жасған үйге сәлем айта келеді, сабын қалап сұрайды. Осы дәстүрді білетін жұртшылық, сабынды шүберекке ораған кезде қазанның түбінде азырақ бөлігін бөлек алып қалып, балаларға сақтайды, көршілерге , сұрап келген ауыл-аймаққа береді. Сабыннан берекет, үйден құт кетпесін деп ырымдап береді.Қара сабынды жасардағы ырымдар:1. Үйдің айналасы оңаша тыныш болған2. Қайнап жатқан сабынды ешкімге көрсетпеген3. Дайын сабынды қатқанша ешкімге бермеген4. "Бұзаушық” сабын жасап, жас аналарға берген5. "Сопақша” сабынды қызмет көрсеткен қыз - келіншектерге берген.


















































Қорытынды


Қыстауын қыстап, жайлауда жазды өткізіп, бір жерден, бір жерге көшіп-қонып жүрсе де, халқымыз ешқашан киімін, көрпе-жастығын кірлетпей, тазалыққа аса мән берген. Салауатты өмір сүру үшін малдың сүті мен етін де тиімді пайдаланған. Қазіргі қоғамда әлем ғалымдары жылқымыздың қымызымен құртына да қызығушылық тудырып отыр. Тұрмыстық қажеттілігімізге орай өзіміздің ата бабамыздан қалған дүниелерді іске асырып, қолданысқа еңгізсек нұр үстіне нұр болар еді. Үй ішін де, тұскиіз, сырмағын оюмен өрнектеп қана қоймай, сонымен қатар мұнтаздай таза ұстау дағды болып қалыптасқан.Қазақ халқы майлы тағамды, етті көп жейтіндіктен, киімдері де соған сай майласып кетеді, сондықтан қара сабынды кір-қонды жақсы кетіретін қасиетіне байланысты өздері қолдан жасап, пайдаланған. Сонымен қатар қара сабынның емдік қасиеті мол. Қышыма, қотыр, бөрткен шықса, қазақ сабынымен бір-екі рет жуса жазылып кетеді. Қазіргі кейбір сабындардың әсерінен аллергия, қайызғақ түсіріп, шашты құрғатып немесе майластырып жіберетін қасиеттер қазақтың қара сабынына тән емес. Ата-бабаларымыз шаштарын сусабынсыз кәдімгі қолдан жасаған сабынмен жуған, қазақ қыздары тірсегіне төгілген қолаң шаштарын да осы сабынмен жуып, күтіп-баптап ұстаған. Соның бірі – әртүрлі ауруға шалдыққан малдарды емдеуге жарамдылығы. Әсіресе, бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдеп, тұяқтарын сақарлы суға малып, жазып алатын бұрындары. Еліміздің әр өңірінде халық тұрмысына ыңғайлап өзіндік атаумен яғни диалектілермен атау да кездеседі.Қазіргі күннің өзінде халық арасында жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде бет - әлпеттеріне шығатын түрлі жағымсыз бөртпелерге және әр түрлі қышымаларға (қазіргі кезде аллергия деп аталады) да емдік дәрі ретінде пайдалану кең етек жайған. Осының бәрін ескере келсек түпкілікті зерттеу арқылы көптеген емдік және пайдалы жақтарын табумызға болатынына көзіміз жетеді. Сондықтан бұл ғылыми жобаның маңызы ерекше. Емдік және күнделікті тұрмыста қолданылу маңызына жете мән беру керектігін бүгінгі күннің талабы.Қолдан жасалған сабын несімен тартады?• Бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі – табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптер.• Тазартудан бөлек (негізінен сол үшін қолданылады) ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді. Ал бұл үшін өте маңызды.• Қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Бұл дүкендегі ұсқынсыз, химиялық хош иісті сабын кесегі емес, оның әр шығарылымы өздігінен қызықты әрі ерекше.• Сабынды қолдан жасау барысында клиенттің қалауы мен қажеттіліктері ескеріледі. Құрамы: түс, көлемі, пішіні – барлығы да арнайы тапсырыс бойынша жасалына алады.• Қолдан жасалған сабын жас балаларға да, жасы үлкендерге де ерекше сыйлық бола алады.• Қолдан сабын жасау бизнесін ұйымдастыру үшін көп қаражат қажет емес.


Ұсыныс:1. Ауыл шаруашылығында жұқпалы мал ауруы аусылды қара сабынның сақарымен емдесе.2.Сабынды ауылдық жерде дайындалу іске асырылса.3.Күнделікті тұрмыста қара сабынды қолданса.






















































Пайдаланылған әдебиеттер:

К.Кайым, Р.Сатимбеков, А.Аметов, Ж.Кожантаева . Биология жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: « Атамұра», 2007.

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 507 бет

Пайдалы кеңестер. 2013 ж 25-бет

Денсаулық энциклопедиясы 195-бет

М.Б.Усманова, К.Н.Сакарьянова . Химия Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. 2009 Алматы: «Атамұра». 198-199 бет

Интернет материалдары


















Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 6 том, Алматы, 2004ж;


2.Қ.Сыбанбеков “Биология ғажаптары”, Алматы, Қайнар, 1993ж;


3.Биқұмар Кәмәләшұлы “Ауа райының” қазақи дәстүрлі болжамдары”, Алматы, Өнер, 2006ж;


Қаратал күндіз – күміс, түнде – алтын.

Интернет материалдары.


Тақырыбы: Қасиетті қара сабын


Бағыты: «Таза табиғи орта – адам дамуының негізі»


Секциясы: Биология


Автор туралы мәлімет: 7 а сынып оқушысы Бақытжанова Аружан Ерікқызы


Білім беру ұйымының атауы: Қызылорда облысы, Арал қаласы «Т.Г.Шевченко атындағы № 13 орта мектебі» КММ


Жетекшісі: Темірхан Жаннұр ІІ санатты биология пәні мұғалімі


Ғылыми жетекші: А.Т.Байкенжеева

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік


университетінің доценті, б.ғ.к


Зерттеу болжам:


Қара сабын табиғатқа зиян тигізбесе және адамға пайдалы болса, оны кең көлемде өндіріп, күнделікті қолданып жүрген сабындармен қатар қолдануға болады.




Зерттеу мақсаты:

Қара сабынның жасалу жолын біле отырып, оның адамға тигізер пайдасын, оның қасиеттерін анықтау.




Зерттеу кезеңдері:

1 – кезең – зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және материалдар жинақтау


2- кезең – жинақталған материалды сұрыптап сол арқылы негізгі мақсатты ашу;


3 –кезең – эксперимент жасап, жұмысты жүйелеу, рәсімдеу, қорытындылау, жазу;




Зерттеу әдістері:

Зерттеуді жинақтау, саралау, әдеби – ғылыми талдау басшылыққа алынды.




Зерттеу жаңалықтары мен зерттеу дәрежесі:

Ерте заманда халқымыз өз жасап, пайдалану осы заттың ұмыт болып бара жатқан жасалу жолын қайта жаңғыртып, оның пайдасы жайында кең көлемде мәлімет беретін жұмыс болып табылады.




Жоспары:

І. Кіріспе бөлім



ІІ. Негізгі бөлім


Теориялық бөлім


Зерттеу бөлімі


2.1 Қара сабынның химиялық құрамы


2.2 Қара сабынның жасалу жолдары


2.3 Қара сабын туралы аңыз


2.4 Қара сабынның керемет қасиеті


ІІІ. Қорытынды


ІҮ. Пайданылған әдебиеттер тізімі


Ү. Қосымша


Ғылыми жетекші – жұмыс туралы пікірі


Зерттеу күнделігі


Кіріспе


Адам - табиғаттың перзенті, бір бөлшегі. Табиғат - адамның асыраушысы, яғни тамағы, киімі, үй - панасы, дәрі - дәрмегі. Әрбір тұтынған затымыз таза табиғи болса - деніміз сау болады. Бүгін мен сіздерге таңғажайып табиғаттан алынатын - қара сабын туралы мағлұмат бермекпін. Медицина дамымаған кезде жұқпалы дертпен қалай күрескен? Қазіргі дәріхана сөресінде толып тұрған дәрі - дәрмек орнына не қолданған? Кез келген дүкенде сатып ала алатын сабын болса, оны үйде жасаудың қажеттілігі қанша? Міне, осы сұрақтарға жауап іздедім. Тапқан жауабымды сіздерге жеткізсем деп едім. Ғажайып табиғаттың сырын білген халқымыз жұқпалы дертке ем болатын және адам қажетіне жараған сабынды ерте кезден – ақ қолдан әзірлеген.


Сабын ұғымы әр елде әр-түрлі аталады. Мысалы италяндықтардың "sapo" сөзін ағылшындықтар күнделікті тұрмыста "soap" деп атаған. Ал франсуздықтар - "savon" деп атаған. Осыдан топшылай келе сабын ұғымын франсуздардан келді деуімізге әбден болатын секілді. Батыс ғалымдары археологиялық қазба жұмыстары кезінде осыдан 2500 жылдай бұрын жазылған қыш тақта тапты. Онда сабын жасау технологиясы тәтпіштеп жазылған. Онда бұл әдіс, ағаш күлі мен суға қайнатылған майдың қоспасы негізінде жасалады делінген. Бірақ бұл қоспаның нақты атауы жазып көрсетілмеген. Ал Мысыр археологторы Ніл өзені аңғарындағы қазба жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, сабын өндірісінің шамамен 6 мыңдай жыл бұрын пайда болғанын дәлелдеп отыр. Сабынның шыққанына мыңдаған жыл уақыт өтсе де, кейбір ел тұрғындары сабын орнына хош иісі үшін ұнтақтар әзірлеп сонымен денелерін ысқылаған. Сондай-ақ желім, бұрша ұнын, балшықты да пайдаланған.




2.1 Сабынның химиялық құрамы

Сабын - тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Сабындану дегеніміз— химиялық реакция басында майларды гидролиздеу жолымен сабын жасау процесі. Сабындану процесі кезінде триглицеридтер натрий немесе калий гидроксидімен реакцияға түсіп, глицерин мен сабын деп аталатын майлы қышқыл түзеді. Сабындану реакциясы барысында күшті қышқылдар немесе негіздер катализатор.ретінде қолданылады. Сабын — жоғары карбон қышқылдарының тұздары RCOOMe . Сабынның құрамына пальмитин С15Н31СООН және стеарин С17Н35СООН қышқылдарының тұздары (негізінен, натрий мен калий тұздары) кіреді және оның суда ерігіштігі құрамындағы металл катионына байланысты болады. Калий тұздары суда натрий тұздарына қарағанда жақсы ериді, ал магний, кальций, барий тұздары суда ерімейді. Сұйық сабынның құрамына калий, қатты сабынның құрамына натрий катиондары кіреді.




2.2 Қара сабынның жасалу жолы.

Бізде мұны «қара сабын» деп атайды. Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар. Әуелі, сары күзде буыны пісіп, сабағы қатайған алаботаны бір жерге жинап өртейді. Кейініректе күнбағысты соғып алған соң, оның қапағын кептіріп, соның да күлін пайдаланатын болды. Алаботаның күлін суытып, кендір қалтаға салады. Әсіресе, кесек - кесек боп ұйыған күл қорытпасынан сақар көп шығады. Күлің қанша көп болса, сонша жақсы, себебі, төрт - бес қалта (дағар) күлден, жарты қалта сақар алынады. Қалтадағы күлді шиден жасалған шыптаның үстіне жұқа бұл жайып, айналасын кенеулеп, ойыққа төгіп, астына үлкен тегене қояды, күлдің үстінен сақылдап қайнаған суды құяды. Сол кезде күлдің сөлі, нәрі сумен бірге ағып, тегенеге жиналады. Сол суды тұнытып, астындағы тұнбасына қоспастан майланған қазанға құйып қайнату керек. Нілі сорғыған күлді ауыстырып, жаңалап, астындағы жиналған суды тұндырып, майланған қазанға дер уақытында құйып алу керек. Қарағай, қайың, тораңғы секілді бір қалыпты маздап жанатын ағаштармен қайнаған күлдің суы құрғақ сақарға айналады. Төрт - бес қазан күлдің сөлді суынан жарты қазан сақар жинауға болатынын ескерсеңіз, қыруар еңбектің жемісі арқылы келетінін бағамдай беріңіз. Мұнда ескеретін бір жайт, күнбағыстың яки алаботаның күлі болса да, оның үстінен құйған сумен ағатын ащы нілі көбірек болғаны өте маңызды. Әдетте, тегенедегі күл суының түсі қызылкүрең бояуға жуық. Оны қайнату барысында, алған сақарыңыз майда, уытты болады. Бұл өзара қоспалар арқылы ажырату әдісі. Бұрынғы апаларымыз күз келсе болды, алаботаны өртеп, неғұрлым көбірек сақар жинауға ұмтылатын. Себебі, алған сақары бір жыл бойы сабын жасауға жетуі керек. Сақар – сабын құрамының негізгі қоспасы. Сақар алу барысы бір күннің шаруасы емес. Бір қазанмен қайнатар болсаңыз, үш - төрт күн қатарынан нілді суды қайнатқанда, үлкен бір әулеттің бір жылдық сабынына қажетті қоспаны даярлай аласыз. Мұны үш - төрт түтін бірігіп, бірге алабота өртеп, күлдің нілін ағызып, одан сақар жасап та жатады. Есесіне, үш - төрт жерошаққа қара қазан асып, сақарды да көбірек алуға тырысады.


Сақардың сабын жасаудан бөлек, өзіндік емдік істерге қолдануға тұрарлық қасиеттері де жетерлік. Соның бірі – әртүрлі ауруға шалдыққан малдарды емдеуге жарамдылығы. Әсіресе, бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдеп, тұяқтарын сақарлы суға малып, жазып алатын бұрындары.


Біз сабынға қажетті ең негізгі қоспаны алуды үйрендік делік, енді сабынды қалай жасауға болатынын айталық. Ауыл - аймақта сабын жасау үрдісі үш - төрт ақ жаулықтыға ғана бұйыратыны бар. Өйткені, сабынды көрінген адам қайната алмайды. Мұнда халқымыздың түсінігінше, сабыны дұрыс қайнамаса, тасып - төгіліп кетсе, дұрыс жасалынбаса, сабын қайнатқан адамның жолы ауыр болады деп пайымдаған. Жақсылыққа жорымаған. Мұндай кезде сабын жасайтын адам қазан маңына бөгде кісіні жолатпаған. Көбінесе, оңаша, қалтарыс жерде қасындағы от жағып, ошақтың күлін төгіп, қолғабыс ететін адамнан басқаларға қазанға қарауға рұқсат бермейді. Бұл – ырым. Оны бұлжытпай орындау өте маңызды. Алдымен, ішіңізден «бісімілләны» айтып, Алладан игілікке істеуін сұрайсыз жасар жұмысыңызды. Әбден тазалап жуылған, майланған қазанға бір кесе сақар салсаңыз, оның үстіне дәл сол кесемен қойдың немесе басқа малдың екі кесе майын қосасыз. Бұл жерде қандай малдың немесе ненің майын қосуыңызға байланысты өзара теңшемелі бұл өлшем өзгеруі де мүмкін. Қазаныңыз үлкен болса, үш - төрт кесе сақар салып, соған сай май құясыз да, еппен қайната бастайсыз. Қазаныңыз қайнаған сайын оны арнайы ағаштан жасалған қалақшаңызбен үзбей араластырып отырыңыз. Бұл күймей, барлығы бір қалыпты қайнау үшін қажет шара. Қазан үш рет қайнайды, қайнаған сайын, бетіне суық су бүркіп, ожаумен аздап құйып отырасыз. Үшінші рет қазаныңыз тасыған соң барып, қазандағы араласпаңыз басын болды деуіңізге болады. Бір қазан сабынды ыстық күйінде сабынға бөлудің де өз жөні бар. Егер жасаған сабыныңыз көп болса, үлкен сабыннан екі - үшеуін домалақтап, арнайы матаға әдемілеп орау ләзім. Мұндай сабындар көбінесе кір - қоң жууға арналады. Жалпы, сабынды көптігіне қарай, үшке, беске, жетіге бөледі. Тақ санға бөлудің де өзіндік мән - маңызы бар екендігі анық. Кейде сабын әбден даяр болғанда оның ішіне жуылған, майдалап түтілген жүнді қосып жатады. Бұл жыл бойы істету үшін домалақтап жасаған сабыныңыз бөлініп кетпес үшін қолданатын амал.


Бұзаушық


Сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке сынды. Бұл өзі михнаты көп жұмыс болғандықтан әрі кім көрінген жасай бермейтіндіктен, ауыл жұртшылығы кім сабын жасаса соған сәлем айта келіп, сабын қалап - сұрайтыны бар. Қазандағы сабынды үлкен шүберектерге әртүрлі деңгейде ораған соң, қазанның түбінде қалған азырақ бөлігін кішкентай ғып, әдемілеп домалақтап, балаларға сақтайды. Мұны бұзаушық деп атайды. Бұзаушық баланы шомылдырғанда істетіледі. Мынау сенің бұзаушығың деп, қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған. Кейде көрші - қолаңның келіндері қасына жас баласын ертіп келетіндіктен, баласына арнайы бұзаушық жасап та беретін болған. Ауыл - аймақ сабын сұрап келсе, өзінен артылғанын беру дағдылы іс. Бірақ үлкен сабынды ортасынан бөліп, жартысын беру дәстүрі жоқ. Ондай кезде сабыннан берекет, үйден құт кетеді деп ырымдайды.


Алабота (лат. Atriplex) — біржылдық шөп текті өсімдік.

Биіктігі 20 — 80 см, кезек жапыратқты, шөлге шыдамды өсімдік. Денесінде ұсақ тозаңы болады. Орталық Азияға, Қытайдың батыс бөлегіне (лат. Atriplex centralasiatica), және өзге бір түрі Сібірге көп тараған. Жемісін күзде жиып алып дәріге пайдаланады


Алдымен «Ол кім? Бұл не?», «Дәрілік өсімдіктер», энциклопедия және басқа да ғылыми көпшілік әдебиеттермен, газет-журналдармен жұмыс істей отырып, алабота тұқымдасының сыртқы құрылысымен таныстым.


Алабота тұқымдасына бүкіл жер шарына тараған бір жылдық немесе көп жылдық сортаң топыраққа төзімді өсімдіктер жатады. Сабақтарының түрлеріне қарай ағаш (сексеуіл); бұта (баялыш); жартылай бұта(изен, итсигек); шөптесін (алабота) болып бөлінеді.Қазақстанда бұлардың 47 туысы, 218 түрі бар. Бұлардың көпшілігінің сабағы бұтақты болып келеді, жапырақтары кезектесіп, немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері түссіз, ұсақ гүлшоғырына жиналып, масақ құрайды. Жемісі – жаңғақша. Тұқымының сақиналы немесе оралма ұрығы болады.


Алабота – бұл кәдімгі арамшөп, жол жегінде, егістіктерде кездеседі. Алабота тік сабақты, жапырақтары өте жиі тармақталған сабаққа кезектесіп, кейбіреулерінде қарама-қарсы орналасады, жапырақтарының пішіні әр түрлі, Жапырақ бетінде ақшыл дақтары болады. Алабота – бір үйлі, дара жынысты гүлді өсімдік. Көріксіз майда гүлдері шоқ-шоқ болып топтанып масақ тәрізді гүл шоғырын құрайды. Гүлсерігі – бес тармақты, жеміс қабы- үлпекті. Аталығы – 5, аналығы – 1. Тұқымы тығыз қабықты бозғыл қара түсті, жылтыр болып келеді. Бозғылт тұқымдары ерте, түсі қарасы кеш піседі. Оны халық медицинасында және бояу дайыдауда пайдаланады.


Алабота өсімдігінің биохимиялық құрамы мен дәрілік қасиеттері.


Алботаның арамшөп ретінде зиянынан гөрі адам өмірінде емдік, азықтық қасиеті басым екенін білдім. Бүгінгі таңда халықтың әл-ауқатының төмендеуіне байланысты қышыма ауруы ауылды жерлерде көп таралуда. Осыған қарсы күресуде алаботаны пайдалагуға болады.


1 л суға 40-60 г ұнтақталған алаботаны 10-15 минут бұқтырып, бөлме температурасында суытып, сүзіп алып, қотырды жуады.Оның «Денсаулық» журналының және Пастушенковтың «Дәрілік өсімдіктер» кітабындағы деректер айғақтады.


Жас өспірімдердің тік ішегіндегі паразит құрттарды (аскарида) түсіру үшін алаботаның 1- 2,5 грамын 1 стакан суға бұқтырып, аш қарынға тамақ ішуден 1 сағат бұрын 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішкізеді. Бұл емді ежелгі грек дәрігері Гиппократтың өзі ұсынған.


Үлкен дәреттің дұрыс жүрмеуінің басты себебі - өт пен бауырдың, ұйқы безі қызметінің бұзылуы. Асқазан, ішек қуысы, әсіресе үлкен дәрет жүрмей қалған да балалардың мешел ауруына, зәр, өт жүрмей қалғанда мынадай қайнатпаны пайдаланады: 4 ас қасық кептіріліп, жанышталған алаботаны 1 стакан қайнаған суға 10 минут бұқтырып, бөлме температурасында суытып, сүзіп алып, бір стаканнан аш қарынға күніне 3 рет ішеді.


Халықтық медицинада жас алаботаны жаныштап, сөлі шыққан соң денеге шыққан сыздауық пен шиқанның ауызына тартса, ішіндегі ірің мен соқтасын тартып алады дейді. Бұдан жас алаботаның құрамындағы макроэлементтер мен биохимиялық қосылыстардың ерігіштік, сорғыштық қасиетінің бар екенін анықтауға болады.


Тамыз айында бау-бақшадан немесе егістіктен 50 кг алабота жинау керек.


Алаботаны күн тимейтін көлеңке жерге кептіру. Алабота қызып, шіріп, кетпес үшін күнделікті екі уақыт аударыстырып, отыру керек. Бір айдан кейін кептірілген алаботаны өртеп, күлін алу. Сақар алу. Ол үшін қазанға су құйып, қайнаған су үстіне алаботаның күлін, күлдің нілі суға әбден шыққанша 20 минут отқа қайнату . Қайнау барысында күл құрамындағы еритін тұздар ериді, түзілген ерітіндіні шұңғыл ыдысқа құйып алып, күл түбіне шөккенше тұндырған дұрыс.


Ерітіндінің бетіне шыққан жеңіл затарды сүзгімен сүзіп алып, түбіндегі тұнбасын төгіп тастау қажет. Қазанды тазалап жуып, ішін жақсылап күнбағыстың майымен және тоң маймен майлау. Сүзіп алған 3 л нілді суды қазанға құйып, әбден су алғанша қайнату. Су қоймалжыңдана бастағанда отты баяулатып, ерітіндіні араластыру. Су тартылғанда ерітінді сақарға айналады. Су мүлде суалған кезде қазан түбінде пайда болатын ұнтақ-сақар деп аталады. Сақардың да емдік қасиеті бар. Жылқының ішіндегі паразит құрттарды түсіру үшін сақардың 9-11 сықпасын жұтқызып, емдеуге болады. Сақарды қазаннан салып алып, құрамында К2СО3 – тің бар екені төмендегі тәжіриебемен анықтауға болады.


Құрамындағы затты анықтаған соң, қазанды қайта жуып,900г тоң май салып, қатты қыздырады. Қайнаған майдың үстіне 250 г сақар салып, отты жайлап қана жағып қазандағы затты қайнату(от көп жағылса сабын жалындап күйіп кетеді). Сабын үйіріліп, біріккен кезде қазан құрғақ тегіс жерге түсіріліп, суытылады. Нәтижесінде 750г қара сабын алын


Қара сабынды жасардағы ырымдар:


1. Қайнап жатқан сабынды ешкімге көрсетпеген


2. Дайын сабынды қатқанша ешкімге бермеген


3.“Бұзаушық” сабын жасап, жас аналарға берген


4. “Сопақша” сабынды қызмет көрсеткен қыз - келіншектерге берген.


2.3 Қара сабын туралы аңыз


Қазақтың қара сабынымен біріншіден кір жуамыз . Қара сабын кірдің өңін түсірмейді, өңін ашып , реңіне жарқындылық силайды бұл ертеден бері келе жатқан қазақ ауылындарындағы басты кір жуу құралы . жас балалар , жаңа туылған сәбилердің қаны жүрмей , денесі көкшіл тартып , құсып ауырады , тіпті бұл ауыру кезінде шыдай алмай өліп кетуі мүмкін бұл ауыру «Шетпе» деп аталған шетпе екіге бөлінген :


1. Жел шетпе


2. Қан шетпе


Қан шетпені адамдар қойдың терісіне салып емдеп алған,бірақ жел шетпе емдеуге ырық бермеген. Міне, сол кезде осы қара сабынмен баланы шомылдырған. Сол кезде бала жел шетпеден құлан –таза айыққан. Ал үлкен адамнан жас балаға дейін «Ілме»ауруымен ауырған. Бұл ауру кезінде адамның еш нәрсеге тәбеті тартпай,басы айналып,құсып , іші өтеді. Ол ауруды адамдар инемен адамның терісінің астындағы жіпшелерін үзу арқылы қиын тәсілмен емдеген. Бірақ, оның тағыда бір шипасы бар болған. Ол осы қара сабынмен ілме болған адам шомылса ауруынан лезде айығып кетеді. Қазақ халқы мал баққан халық , малдарының ішінде әсіресе жылқы «қата» ауруына ұшыраған. Қата ауруы кезінде жалбыршақ қарын жұмысын тоқтатқан. Осы ауру кезінде қара сабынды көпіршітіп малдың аузына құйған. Сол күннен кейін малдың шөпке тәбеті ашылып, ауруынан айыққан. Оның медицинада ғана емес косметикалық пайдасы да орасан . Ертеде қыз-келіншектер бетін осы қара сабынмен жуған. Ол терінің түлеуін (қартаюын ) тежеуілдеткен және ол теріге өң беріп, ажарландыра түскен. Бәрімізге белгілі ертеде қыз-келіншектер бұрымды болып келген. Олар шаштарын жуу үшін арнайы терек күлінен қара сабын жасаған. Теректің күлінен жасалған қар сабын өте жұмсақ және құнарлы болған. Онымен жуған шаш өңін жоғалтпаған.


2.4 Қара сабынның керемет қасиеті:

1. Кір қоңды кетіру деңгейі жоғары (бұрын қазақ майлы тағамдарды, етті көп жегендіктен, киімдері соған сай майласып кететін, оны тап - таза етіп қара сабынмен жуған. Қазіргі кір кетіргіш тазартқыштар сияқты қолды бөріттіріп, қышытпаған.



2. Жұқпалы тері ауруының емі. (Қышыма, қотыр, бөрітпе, безеу сияқты жұқпалы ауруларға кір сабынды жағып күніне төрт - бес рет жуған)

3. Шаш тазартқыш (Қазақ қыздары төгілген қара қолан шаштарын осы қара сабынмен жуған. Шаштары майланбаған түспеген.



4. Тұмау емі (тұмауратқан адамға жұқа матаға қара сабынды сулап жағып, иіскеткен. Әр иіскегенде он минут жұмсаса мұрны ашылып аурудан тез айыққан.



5. Ыдыс тазартқыш (ыдыс - аяқтарын қара сабынды суға езіп сумен жуғанда ыдыс тап - таза болған)

Адамның қолына тікен немесе ағаштың жаңқасы кіріп кеткен жағдайда оны инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындайда кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.


Егер шашыңыз қалың әрі ұзын болғанын қаласаңыз, онда мамандар шашыңызды кір сабынмен жууға кеңес береді. Сусабынды пайдаланып болғаннан соң, артынша басты кір сабынмен жуу керек. Содан соң суға бір-екі тамшы сірке суын қосып шашты қайта жусаңыз, шаштың түбін қатайтуға көмектеседі. Оған қоса, таз ауруына шалдыққанда дәрігерлер кір сабынмен жуынуға кеңес береді. Бетті аптасына екі рет кір сабынмен жуу керек. Ол беттің тері қабатына терең сіңіп, бетті майланудан сақтайды. Кір сабынмен жуынғаннан кейін, артынан балаларға арналған крем жағуды ұмытпаңыз. Моншаға түсуді ұнататындарға кеңес.


Буға түсерде сыпырғыны кір сабын салынған суға батырып қолданса, теріңіз тазарып қана қоймай, денеңіз сергіп қалады. Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады. Іріңдеген жараларға сықпа майын жаға бергеннен, кір сабынның көмегін пайдаланған да пайдалы. Ол үшін кір сабынды ірі үккіштен өткізіп, табаға ені 1 сантиметр етіп жаймалап салыңыз. Үстінен сабынның көлемінен екі есе асатындай етіп сүт құйып, әбден қою болғанша баяу отта бір жарым сағат бойы қайнатыңыз. Суыған осы қоспаны жұқалап қағаз бетіне жағып, жара үстіне дәкемен орап қойсаңыз жетіп жатыр. Үш күн қайталасаңыз жараның іріңдеуі қойып, тез жазылып кетеді.


Көгерген, жарақаттанған жеріңізді кір сабынмен жусаңыз, жараны асқынуынан және микроб тусуінен қорғайды. Жараның бетін күніне екі-үш рет жусаңыз жеткілікті. Күйіп қалған жараға (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады. Дәрі-дәрмектен, улы заттардан абайсызда уланғанда немесе сәбилер металл заттарды жұтып қойғанда, аздап сабын суын ішкізіп, аууханаға жеткізуден бұрын шұғыл алдын алу шарасын жүргізуге болады. Оны қолдануда көңіл бөлетін тұстар: әсте көп мөлшерде ішкізіп жіберуге болмайды. Таза сабынды жұқа жапырақтап турап, қайнаған жылы суға ерітеді. Сосын, ересек адамға 300-500 мл, ал балаларға 100-200 мл ішкізсеңіз улы зат құсықпен бірге түседі. Және маталл заттардың асқазанды зақымдауынан сақтана тұруға болады. Ит тістеп алған жағдайда қан тоқтағаннан кейін жараға сабын ертіндісіне малынған дәкені басыңыз. Құлап қалған жағдайда дереу кір сабынды жағыңыз, ол көгеруден сақтайды. Ер адамдар қырынғаннан кейін тері тітіркенсе, кір сабынмен сабындап қоюға болады. Көпіршік кебуін күтіп, кепкеннен кейін сумен шайыңыз.


Сонымен емдік қасиетімен бірге тұрмыстық қасиеті де бар, атап өтер болсақ:


1. Дәрі-дәрмектен, улы заттардан абайсызда уланғанда немесе сәбилер метал заттарды жұтып қойғанда, аздап сабын суын ішкізіп, емханаға жеткізуден бұрын шұғыл құтқару жүргізуге болады. Қолдануда көңіл бөлетін тұстар: әсте көп мөлшерде ішкізіп жіберуге болмайды. Таза сабынды жұқа жапырақтап турап, қайнаған жылы суға ерітеді. Сосын, ересек адамға 300-500ml, ал балаларға 100-200ml ішкізсеңіз улы зат құсықпен бірге түседі. Және матал заттардың асқазанды зақымдауынан сақтана тұруға болады.


2. Күйікке (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады.


3. Газ шелегінен газ қашу жағдайы туылған сәтте сабынды жылытып саңлауына жақсаңыз тоқтата тұруға болады.


4. Қымбат метал сағаттың білекке тиіп тұратын бөліктеріне сабын жағып, құрғақ шүберекпен сүртіп тастасаңыз тердің металды бүлдіруінен сақтануға болады.


5. Қабырғаға немесе ақ бұлға қыл қаламмен жазу жазарда түрлі-түсті сияға аздап сабын ертіндісін қоссаңыз жазу тіпті де айқын түседі әрі ұзақ мерізімге жазудың өңі ағарып кетпейді.


6. Қабырғаға қағаз жапсырғанда, аздап сабын ертіндісін қоссаңыз қағаз оңай жапсырылады және желімнің қабыршықтанып түсуінен сақтана аласыз.




Қорытынды

Біз соның ішіндегі бүгінгі таңдағы ұмыт болып бара жатқан, бұрынғы әжелеріміз өз қолдарымен қазанға бұлғап, қатырып алатын қара сабыны туралы әңгіме етуді жөн көрдік. Қазіргі ұрпақ қара сабынды көрмегелі қашан. Дүкенге сабын алуға бара қалсаңыз бүгінгі заман талабына сай өндірілген сабынның сан түрін кездестіруге болады. Алайда, қазақтың байырғы қара сабынын емге таппайсыз. Қара сабын тек кірді ғана алмайды, оның ерекше емдік қасиеті бар екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Кезінде ата-бабаларымыз осы қара сабынмен басы-көзін де, кір-қолаңында жуған. Сол сабыннан бетіміз бөртіп кетті, шашымыз түсіп қалды дегенді естіген емеспіз. Керісінше қазір бір сабын сатып алып едім: «бетім бөртіп кетті, шашымды түсірді, денемді қышытты» деп уәж айтатындар көп. Себебі, бүгінгі сабындардың құрамы химиялық қоспаларға толы. Пайдалануға қолайлы болғанымен адам денсаулығына зиянды жақтары көптеп кездеседі. Қара сабынды қалай дайындайды? Қырық түрлі дертке шипа қара сабынды дайындаудың түк те қиындығы жоқ. Дайындалу технологиясы барынша қарапайым. Ал, кез келген ұлылық қарапайымдылықтан бастау алады. Сонымен, қара сабын қазақ халқының тұрмысымен біте қайнасқан тұтыну бұйымдарының бірі. Оның негізгі құрамы - алабота, түйеқарын, ермен, сексеуіл қатарлы өсімдіктердің күлі мен кәдімгі малдың майы. Жоғарыда аталған өсімдіктерді күзде жапырағы сарғайған кезде қиып, не орып әкеліп, кептіріп, өртеп, күлге айналдырады. Күлді қазан толы суға қайнатып, күлдің құрамындағы сақарды тұндырып алады. Сосын оны қашан қойылғанша тоқтамай араластырып отырады. Өсімдік күлі ақырында ақ ұнтаққа, яғни ақ талқанға айналады. Міне, сақар дегеніңіз осы. Бұл қазақтың өсімдік күлін мәнерлеп сақар жасау өнері саналады.


Қара сабын қазақтың тұрмысында жалғыз тұрмыстық бұйымның ғана рөлін атқармаған. Ешкім қара сабын өндіруді мемлекеттік деңгейде қолға алайық деп отырған жоқ. Себебі, бүгінгі ұрпақ оның қадір-қасиетін түсіне бермейді. Алайда, қара сабынды керек қылатындарға оны даярлау түк те қиындық тудырмайтынын айтқымыз келеді. Жоғарыда аталған өсімдіктер елімізде жеткілікті. Жасалуы да қарапайым, ешқандай техника керек емес, үлкен қара қазаныңыз болса болғаны. Қара сабын ұмытылып бара жатқан ұлттық өнімдеріміздің бірі ғана. Басқа да қаншама ұлттық өнімдеріміз ескерусіз ұмытылып бара жатыр. Өткен тарихымызға мойын бұрып қарасақ, қазақтың патенттелмеген тапқырлықтары жетерлік. Осылардың барлығын зерттеп, зерделеп, заман талабына сай жаңғыртып, қоғамдық өндіріске салсақ, сұранысқа ие боларына еш күмән келтірмейміз.


Ұсыныстар


1. Мектепте қолдан сабын жасау үйірмесі ашылса. Сыныптарда технология пәнінен «Үй жағдайында сабын жасау әдісі» курсы ұйымдастырылса;


2. Кір сабын синтетикалық жуғыш құралдарын нарықтан ығыстыратындай сұранысқа ие болса, яғни кермек суда да өз қасиетін жоғалтпаса;


3. Көненің көзін қайта жаңғыртып қара сабынды яғни сақар сабынды дайындап, емдік қасиетке пайдаланса;


Пайдаланған әдебиеттер:


1. А.А.Иващенко «Қазақстан өсімдіктер әлемі», «Алматы кітап» 2004 жыл,176 бет 2. С.А.Арыстанғалиев; Е.Р.Рамазанов «Қазақстан–өсімдіктері немесе «Растения Казахстана», Алматы «Ғылым» баспасы 1977жыл, 77-79 беттер


3. Д.Б.Муханов, Т.Ж.Мұсақұлов, Н.А.Суворов, «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» Алматы «Мектеп» баспасы, 44-45 беттер.


4. Ө.Қ.Ақылбеков Қара сабынның емдік қасиеті.«Денсаулық» журналы 1992ж. №5


5. Н.Т.Сыбанбеков «Биология ғажаптары» «Алматы кітап» 1973жыл 139-141 беттер.


6. Р.Ә.Адамбаева, Б.Д.Әлібекова, Е.Т.Бостанова «Өсімдіктану», Алматы «Рауан» баспасы, 1997жыл, 123бет. 7. Ә.Р.Іскендіров, «Қазақстан дәрілік өсімдіктері»


7. “Дала мен қала” газеті №4 2012 жыл


8. “Жұлдыз” журналы №3 1998 жыл


9. Алматы «Ғылым» баспасы1982жыл, 77 бет




10.“Ақпарат материалдары” (интернет)



«Арал қалалық Т.Г.Шевченко атындағы № 13 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 7 а сынып оқушысы Бақытжанова Аружанның «Қасиетті қара сабын» тақырыбындағы ғылыми жобасына


Пікір



Адам - табиғаттың перзенті, бір бөлшегі. Табиғат - адамның асыраушысы, яғни тамағы, киімі, үй - панасы, дәрі - дәрмегі. Әрбір тұтынған затымыз таза табиғи болса - деніміз сау болады. Бүгін біз сіздерге таңғажайып табиғаттан алынатын - қара сабын туралы мағлұмат бермекпіз. Медицина дамымаған кезде жұқпалы дертпен қалай күрескен? Қазіргі дәріхана сөресінде толып тұрған дәрі - дәрмек орнына не қолданған? Міне, осы сұраққа жауап іздедік. Тапқан жауабымды сіздерге жеткізсем деп едім. Ғажайып табиғаттың сырын білген халқымыз жұқпалы дертке ем болатын және адам қажетіне жараған сабынды ерте кезден – ақ қолдан әзірлеген.


Бағзы халқымыздың көшіп - қонып, жаз - жайлау, қыс - қыстауда күнелтіп жүрсе де, өзінің кір - қоңын киім - кешегін, көрпе - жастығын мұнтаздай таза ұстауының сырын, немен тазартқанын, тазартқыш табиғи заттың құрамы туралы және сабын жасаудағы жаңа табиғи әдісті ұсынуы оқушының ізденімпаздығын көрсетеді. Бақытжанова Аружан ғылыми жұмыс жазуға, ізденуге ғылыми пайымдаулар жасауға қабілеті мол екенін байқатты. Аружанның ұмыт болған тарихи деректерді ізденуі басқа оқушылардың қызығушылығын оятты. Ізденушінің ой - оралымдары ғылыми дәлдікке негізделген, көңілге қонымды. Зерттеу ғылыми жұмыстардың талабына сай жазылғанмен, әлі де ізденіс үстінде. Үлкендерден сұрап мәлімет толықтырды, зерттеу жұмысының келесі бөлімінде Аружан қара сабынды өз қолымен дайындап, оны әртүрлі жағдайда қолданып көруді негізге алып отыр. Келешекте ғылыми жоба ізденулермен толықтырылады деп ойлаймын.


Жетекші: Темірхан Жаннұр





Достарыңызбен бөлісу:

00000000




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!