Ғылыми жоба, Тақырыбы: "Мүсін өнері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба, Тақырыбы: "Мүсін өнері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жобаның жазылу үлгісі көрсетілген. Барлық пән мұғалімдеріне қажет болады
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Кіріспе
Қазіргі кезде мүсін өнері даму жолында. Өздеріңіз
байқағандай кішкентайғана Сарқан қаламыздың өзінен мүсін
өнерін жиі байқауға болады. Мысалыға алып қарасақ орталық
алаңда тұрған М.Тынышбаев атамыздың мүсіні, Жоңғар
Алатауы Ұлттық паркінің ішінде және қаламыздың кейбір
жерінде тұрған жануарлар мүсіні. Мүсіншінің жасаған
нысандары қалалардың көркін ашуға оның рухани дамуына,
сондай-ақ елдің елдігін танытуға септігі мол туындылар. Сол
мүсіндерге деген қызығушылықтың арқасында өзімізде
жасауға бел будық. Жұмыс барысында құрылыс гипсі тез
қатып жұмыс жасауға қолайсыз болды.

Мақсаты:
- гипспен жұмыс кезінде оның тез қатпауы үшін әртүрлі
заттар қосу арқылы тез арада қатпайтын қоспа жасау.

Міндеттері:
- ғаламтор, әдебиеттерге шолу;
- гипстің құрамын оқып білу;
- қоспаға қосатын әртүрлі заттарды дайындау;
- тәжірибе жасау;
- қоспаларды бақылау;
- зерттелген нәтижеге талдау жүргізу;

Зерттеуді міндеттері бойынша кезегімен жүргізіп әртүрлі
қоспаларды салыстыру. Тәжірибеде тез арада қатпайтын
қосындыны анықтап практикалық жұмыста қолдану. Оны
анықтау үшін бізге тәжірибе жұмыстарымен зерттеу
жұмыстары керек болды. Осы тақырып төңірегінде көптеген
мағлұматтар ала отыра, өз зерттеу жұмысымызды жүргізіп,
көзімізбен көріп, дәлелдеуге тырыстық. Мүсін өнерінің қыр-
сырын анықтап оны тиімді пайдаланумен насихаттау бұл
зерттеу жұмысымның өзектілігін көрсетеді.





3


Page 2

І. Жұмыстың зерттеу бөлімі.
1.1. Мүсін өнері туралы жалпы түсінік.
Мүсін туралы қысқаша мағлұмат
Мүсіндеу- көркемөнердің бір түрі. Мүсін өнері-латынша
кесу, шабу, жону деген мағынаны білдіреді. Мүсіндеудің
сызба мен кескіндемеден айырмашылығы барлық көлемін,
пішінін анық көрсетеді. Мүсін өнері ежелден келе жатқан көне
өнердің бір түрі болып табылады. Ол тас дәуірінен бастап
қалыптасқан, өңделе келіп классикалық өнерге айналған.
Мүсіндеудің түрлері: Монументті мүсіндеу және рельеф.
- Монументті мүсіндеуде оның барлық жағынан қарауға
болады.
- Рельефті мүсіндеуде жазықтық бетінде орындалады.
Қазақ мүсін өнерінің қалыптастырушысы Хакімжан
Наурызбаев (1925-2009 ж.ж) Парасат кавалер орденінің иегері.
300 ден астам жұмысы бар. Солардың ішінде ең танымал
жұмыстары: «Абай Қ ұнанбаев» (1960) ескерткіші,
«Ш.Уәлиханов» (1969) Қазақстан Ұлттық Ғылым
Академиясының алдында орналасқан биіктігі 8м, «Ж.Жабаев»
ескерткіштері тұлғалық мүсінге жатады. Астана қаласындағы
Есіл өзені арқылы өтетін көпірлерде орналасқан Төлеген
Досмағанбетовтың «Барыс» мүсіндері, бұлар да сәндік
монументальды мүсінге жатады. Мүсін тек бір ғана фигурадан
емес екі немесе одан да көп фигурадан тұруы мүмкін.
Солардың бірі Достоевский мұражайының іргесін де
орналасқан қоладан жасалған «Ш.Уәлиханов пен
Ф.Достоевский» мүсіндері. Бұл мүсіндердің авторы Мәскеулік
мүсінші Д.Г.Эльбакидзе. Д.Г. Эльбакидзенің Семей
қаласындағы тағы бір жұмысы 1972 жылы жасалған Абай
көшесінде орналасқан «Абай» ескерткіші.








4


Page 3

1.2 Тақырып таңдау
Алысқа бармай-ақ өзіміздің кішкентайғана Сарқан
қаламыздың өзінен мүсін өнерін жиі байқауға болады.
Мысалға алып қарасақ орталық алаңда тұрған М. Тынышбаев
атамыздың мүсіні,




Жоңғар Алатауы Ұлттық паркінің ішінде және қаламыздың
кейбір жерінде тұрған жануарлар мүсіні.


Тау арқарының мүсіні.


Қырғауыл құсының мүсіні.





5


Page 4


Бұғының мүсіні.


Аюдың мүсіні.

Осы мүсіндерге деген қызығушылықтың арқасында өзімізде
жасауға бел будық.
Мүсін сомдауға көптеген заттар негізгі материал бола
алады. Мысалы ағаш, түрлі тастар, саз балшықтар, гипс,
металл, пластилин т.б. Осылардың ішінде мүсіндеуге үйрену
үшін оқушыларға ең ыңғайлысы - саз балшық пен пластилин.
Олардың жақсы бір қасиеті ырыққа көнгіш, тез
иленеді, жасаған мүсін формасын қалай өзгертем десең де
ыңғайлы. Бірақ одан жасалған мүсін ұзаққа сақталмайды.
Сондықтанда мүсінді құрылыс гипсінен жасауды жөн көрдік.
Жасайтын мүсінді таңдау барысында әртүрлі ойлармен
ойымыз сан-саққа кетті. Заманның басты идеяларын
бейнелеуге мүмкіндік беретін белгілі тақырыптар төңірегінде
ой толғауға талпыныс, мүсін өнерінің басты қағидасы болып
қалды.
Барлығымыз ақылдаса келе қызыл кітапқа еніп түрі
жойылып бара жатқан қар барысын жасайтын болып шештік.
Барлық елдің алдында ұмыт бола бастаған барыстың түрлерін
есте қалдыру үшін оқушылардың алдында күрделі міндеттер
тұрды. Бұл жұмыста қар барысының ерекшелігінғана
6


Page 5

көрсетпей оның тарихымен де танысқанды жөн көрдік.
Мұндағы барыстың пропорциясы, туындының орнатылу
кезеңіндегі композициялық құрылысы сонымен қатар
эстетикалық талғам мен көркемдік басты назарда болды.
Жұмыс барысы:
- Қар барысы бар суреттер арқылы оның келбетімен
танысу
- Мүсінді тұрғызу үшін ДВП материалын дайындау
- Қар барысы аяғына нық тұру үшін шеге және сым
темірмен мүсіннің қаңқасын жасау.
- Дайын болған қаңқаға құрылыс гипсін жапсыру
арқылы қар барысының дене бөлшектерін шығару.
- Жұмысты безендіру, бояу, әрлеу.
Оқушылар бейнеге зейінмен үңіле қарап, оның
ерекшеліктерін анықтап, сыртқы пішінді барыстың мінезімен
бет-әлпетінің өзгешеліктерімен ұштастыра отырып, өз
әсерлерін дәл мүсіндеуге тырысу басты ұстаным болды.
Жұмыс барысы бойынша атқарған жұмыстар:
1. Қар барысының келбетімен танысуға арналған
суреттер







7


Page 6



2. Мүсінді тұрғызу үшін ДВП материалын дайындау


3. Қар барысы аяғына нық тұру үшін шеге және сым
темірмен мүсіннің қаңқасын жасау.


4. Дайын болған қаңқаға құрылыс гипсін жапсыру
арқылы қар барысының дене бөлшектерін шығару.









8


Page 7

ІІ. Мүсін өнеріндегі қиыншылықтар
Жаңа жұмысқа қызығушылықпен кірісіп кеттік қар
барысының суретін тауып, керекті материалдарды дайындап
барыстың қаңқасын тұрғыздық. Дайын қаңқаға гипсті
жапсырып бастағанда құрылыс гипсі суға араласқанда өте аз
уақытта қататынын байқадық. Бұл химиялық процесс біздің
жұмыс істеуімізге үлкен кедергі болды. Осы процесс
шығармашылық жұмыспен айналысуымызға себепкер болды.

Мақсатымыз: Құрылыс гипсімен жұмыс кезінде әртүрлі
қоспа қосу арқылы гипстің құрамы бұзылмай белгілі бір уақыт
ішінде жұмсақ қалпында сақталып қалуын зерттеу.

Міндеттеріміз:
- ғалам тор, әдебиеттерге шолу;
- гипстің құрамын оқып білу;
- қоспаға қосатын әртүрлі заттарды дайындау;
- тәжірибе жасау;
- қоспаларды бақылау;
- зерттелген нәтижеге талдау жүргізу;

2.1 Монументті мүсін жасау кезіндегі қиындықты шешу
жолдары.
Зерттеу жұмыстары
Мақсатымыз айқын, міндетіміз анық болғандықтан зерттеу
жұмысын бастап кеттік. Зерттеуді аудандық кітапханамен
ғалам тор желілерінен бастадық. Керекті материалдармен
мәліметтер жинап гипстің құрамын анықтадық. Құрылыс
гипсінің құрамында күкірт қышқылы мен кальций тұздары бар
екен.

9


Page 8

Бізге керекті қоспаны даярлау үшін керекті материалдарды
дайындадық.
Олардың қатарында:
- су,
- ПВА желімі,
- сұйық сабын,
- лимон қышқылы,
- глицерин,
- медициналық спирт кіреді.


Бұл материалдар қолда болғандықтан көлемдері бірдей
болатын 6 ыдысқа 50 грамм су құйдық.
1-ші ыдыс: таза ауыз суы;
2-ші ыдыс: ПВА желімімен араласқан су;
3-ші ыдыс: сұйық сабын араласқан су;
4-ші ыдыс: лимон қышқылы араласқан су;
5-ші ыдыс: глицерин араласқан су;
6-ші ыдыс: медициналық спиртпен су;

10


Page 9




Барлық ыдыстарға салмағымен көлемі бірдей болатын
құрылыс гипсін толығымен араластырдық.


Зерттеу жұмысы бойынша төмендегі кестедегі
көрсеткіштерді байқадық.

11


Page 10

Қоспалардың қатып қалу уақытын анықтауға арналған кесте:

Бұл кестені бірігіп жасап, зерттелген қоспалардың қату
уақыттарын анықтай отырып толтырдық. Зерттеу жұмыстары
ойдағыдай өтіп, тәжірибеміз осындай көрсеткіштер көрсетті.
Бізге керек талапты тек лимон қышқылы, гипс, су араласқан
қоспа орындады.











12
Қоспаны шығаруға арналған материалдар
Таза ауыз су

ПВА желімі

Сұйық сабын

Лимон

қышқылы

Глицерин

Медициналық спирт

Таза ауыз су 2
мин.

Таза ауыз су 3-4
мин.

Таза ауыз су 2-2,5
мин.

Таза ауыз су 25-30
мин.

Таза ауыз су 5-6
мин.

Таза ауыз су 3-4
мин.


Page 11

ІІІ. Жұмыстың нәтижесі және оны талқылау:

Жоба барысында алдымызға қойған міндеттердің
барлығымен бөлек-бөлек жұмыс істеп мақсатымызға
толығымен жеттік деп ойлаймыз. Зерттеудің нәтижесі
құрылыс гипсімен жұмыс кезінде, әртүрлі қоспа қосу арқылы
гипстің құрамы бұзылмай белгілі бір уақыт ішінде жұмсақ
қалпында сақталып тұруы дәлелденді. Оны анықтау үшін бізге
тәжірибе жұмыстарымен зерттеулер үлкен көмек көрсетті. Бұл
жұмыстың арқасында қар барысы мүсінін толыққанды аяқтап
әр бөлшегін асықпай байсалдылықпен жасауға қол жеткіздік.









13


Page 12

ІV. Қорытынды
Гипспен жұмыс кезінде оның тез қатпауы үшін әртүрлі
заттар қосу арқылы тез арада қатпайтын қоспа жасадық. Осы
тақырып төңірегінде көптеген мағлұматтар ала отыра, өз
зерттеу жұмысымызды жүргізіп, көзімізбен көріп, дәлелдеуге
тырыстық. Зерттеу жұмысымызда материалды жүйелі түрде
құрып, жұмыс жолдарының жеңіл жағын анықтап, нағыз
мүсінші бола алатынымызды дәлелдедік.
Бұл жұмыс бізге қатты ұнады. Осы жұмысымызды
келешекте ары қарай жалғастыру жоспарымызда бар.
Біздің ұсынысымыз: Монументті мүсіндеу кезіндегі жеңіл әрі
оңай жолдарын, енді үйреніп келе жатқан немесе мүсін
өнеріне деген қызығушылығы бар жас жеткіншектерге
толығымен таныстырып, түсіндіру.

Аяқталған қар барысының мүсіні.






14


Page 13

8. Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы
тізіммен мынандай тәртіпте беріледі:
- Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
- Қ.Ералин, Қ.Болатбаев. Сәндік-қолданбалы өнер сабақтары.А.
Өнер 2001
- К.Амиргазин.Қазақ қолөнері. Алматы 2014
- Шмидт И.М. Беседы о скульптуре. М., Искусство, 2003
- Елатомцева И.М. Станковая скульптура. М, "Высшая
школа", 2005
- История зарубежного искусства. М., Изобразительное
искусство, 2004
- Виппер Б.Р. Введение в историческое изучение
искусства. М., Изобразительное искусство, 2005
- История мирового искусства. БММ АО, М., 2008










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
08.12.2020
1244
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі