Материалдар / Ғылыми жоба Тақырып: "Ғылымның екінші ұстазы-Әбу Насыр Әл-Фараби"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба Тақырып: "Ғылымның екінші ұстазы-Әбу Насыр Әл-Фараби"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепішілік Зерде байқауына ұсынылған ғылыми жобамыз. Оқушының жас ерекшелігіне сай жасақталып, жазылған. Әріптестерге көмек ретінде ұсынамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2024
87
1 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

42 Н.Балғымбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп







Ғылыми жоба тақырыбы:

«Ғылымның екінші ұстазы - Әбу Насыр әл-Фараби»



Бағыты: Қазақ тілі және әдебиет

Автор: Жанатұлы Жанарыс

Жетекші: Жұмаш Зүльфия Аманбайқызы











2024-2025 оқу жылы

2«и»-сынып оқушысы Жанатұлы Жанарыстың «Ғылымның екінші ұстазы - Әбу Насыр әл-Фараби» атты ғылыми зерттеу жұмысына


Пікір

Ғылыми зерттеу жұмысында 2«и»-сынып оқушысы Жанатұлы Жанарыс Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби және оның ғылыми еңбектері мен қатар, рухани әлемі туралы мәліметтер жинап, ұлы ойшыл бабамыздың еңбектерімен танысып, әртүрлі ғылыми еңбектерін зерттеуді мақсат еткен.

Ғылыми жұмыстың жазу барысында оқушы Шымкент қаласында орналасқан Әл-Фараби атындағы орталық кітапханаға саяхат жасаған. Кітапханадағы Әл-Фарабидің осы кезге дейін сақталып келген мол мұрасымен қатар, көптеген еңбектері жайында, жалпы оның қаншама таңқаларлық ғылыми және аспан әлемі ғарыш кеңістігі туралы ғажайып жұмыстарын бақылап,зерттеген. Бүгінгі мектеп оқулығында кездесетін Әл-Фараби бабамыздың ұлы еңбектерін көзбен көріп, танысу оқушының қызығушылығын арттырып, оны тек алға жетеледі.

Жанатұлы Жанарыстың бұл зерттеу жұмысын әдебиеттік оқу, жаратылыстану зерттеу негіздері сабақтарында, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Ғылыми жұмысты оқи отырып, оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады. Оқушы өзінің зерттеу жұмысында түрлі әдебиеттерді ізденімпаздықпен пайдалана білген.Зерттеу жұмысы баланың жас ерешекшелігіне лайық.

Жетекшісі: №42 Н.Балғымбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімі:

Жұмаш Зүльфия Аманбайқызы



Мазмұны:


І. Кіріспе...........................................................................................3

ІІ.Негізгі бөлім

2.1.Әбу-Насыр әл-Фараби өмірбаяны..............................................4

2.2.Әл – Фараби Ислам өркениетінің тарихында ..........................5

2.3Әл-Фарабидің рухани әлемі........................................................7

2.4.Ғылымның екінші ұстазы - Әбу Насыр әл-Фараби..................8

ІІІ. Қорытынды...........................................................................10

ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................12































І. Кіріспе

Тұлғаны тану – парасаттылық. Хакім Абай айтқан нұрлы ақылға сабыр қонса парасаттылық орнамақ. Сабырлылық – адам көркі. Қандай қиын, тар заман бол­са да, сабыр сақтау халқымыздың ата дәстүрі.

Әл-Фараби – Шығыс пен Батыс әлемінің үздік жетістіктерін үйлестірген, өркениеттер тоғысында озық ой айтқан ғибратты ғұлама. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және шығармашылық мұрасы да – мәңгілік қуат алатын асыл қазынамыз. Әйгілі ғалымның еңбектері аса мазмұнды әрі ауқымды. Ол математика, филология, химия, астрономия, философия, медицина, логика, әлеуметтану, саясаттану, юриспруденция, этика және тағы басқа көптеген ғылым саласын дамытуға орасан зор үлес қосты.

Әл-Фараби феномені – теңдесі жоқ құбылыс. Оның баға жетпес ғылыми мұрасының жалпыадамзаттық маңызы бар. Ұлы ойшыл – орта ғасырларда ірі сауда орталығы, ғылым-білім және мәдениет ошағы болған Отырардың тумасы. Ол – әлемдік деңгейдегі тұғырлы тұлға, біздің мақтанышымыз.

Әл-Фараби – Батыс және Шығыс мәдениеті арасындағы алтын көпір. Ұлы ұстаз ғылымның басты мұраты адамзат игілігіне қызмет ету деп білді. Оның пікірінше, ғылым өркениетті дамыту жолында нақты пайда әкелуі керек. Ғылымның дамуын философия, мораль және діни нормалармен үндестік арқылы қарастыру – ойшыл дүниетанымының басты ерекшелігі.

Әл-Фараби еңбектерін аударып, жариялау XII ғасырларда басталды. Оның ең танымал туындылары – «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Даналық негіздері», «Музыканың үлкен кітабы», «Ғылымдар жіктемесі» және тағы басқа.

Әл-Фарабидің рухани әлемін терең және жан-жақты зерттеу – уақыт талабы.




ІІ. Негізгі бөлім

«Бүкіл мұсылман шығысының аса ұлы ойшылы әл-Фараби грек философиясының ең терең қырларына дейін бойлап, байыбына жетті. Сондықтан да шығыста философияның ғылыми зерттеудің шын мәнінде, бастаушы кім дегенде, басқа ешкім де емес, тек соның есімі аталуы керек»

А.Мюллер,

немістің шығыстанушы ғалымы

Ә бу-Насыр әл-Фараби өмірбаяны

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Түркістан облысындағы Арыс өзенінің Сырдария өзеніне барып құятын сағасындағы Отырар (Фараб аймағы) қаласында дүниеге келген.

Ұлы ұстаздың толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде «Тархан» деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.

Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдадта әл-Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.

Әбу Насыр – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ ғалымдарының ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында «Екінші Ұстаз» атауына ие болды. Ұлы ұстаздың шығармашылық мұрасы орасан зор, 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар, айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат және этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» деп аталады. Оның атақты «Музыка туралы үлкен трактат» деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Әл – Фараби Ислам өркениетінің тарихында

Орталық Азия, Қазақстан жəне бүкіл Шығыс халықтарының əлемдік ғылым мен мəдениет тарихында Отырар қаласының данышпан тумасы, ұлы ойшыл, философ, ғалым-энциклопедист əл-Фараби айрықша орынға ие.

Орталық Азия мен Қазақстан сонау Шығыс Жерорта теңізінен қазақ даласына дейін созылып жатқан, адамзат өркениетінің ежелгі ошағы пайда болған кең-байтақ аймаққа кіреді. Дəл осы жерде мыңдаған жылдар бұрын ежелгі Шығыстың бүкіл экономикасын қуаттандырған екі негізгі шаруашылық – егін жəне мал шаруашылықтары, одан кейін қолөнер мен қалалар пайда болған. Ерекше атап өтер жайт, осы аймақтың халықтары мен елдері ерте кезден бастап-ақ бір-бірінен бөлек өмір сүрген жоқ, олар тұрақты түрде мəдени, экономикалық жəне этностық байланыстар мен қарым-қатынаста болды.

Бұл кезеңде Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының материалды жəне рухани мəдениеті керемет гүлдеді, қалаларда зəулім сəулет құрылыстары жасалды, көркемөнер мен сəулет өнерінің алғашарттары орын алды.

ІХ-ХІІ ғасырларда Орталық Азия мен араб халифатының мəдениеті сол кездегі еуорпалықтан əлдеқайда жоғары дəрежеде болды. Оның тарихи зор еңбегі еуропалықтардың Шығыс халықтарының жетістіктерімен танысуын қамтамасыз еткен шығыстық ғалымдардың ілімдері мен іс-əрекеттері меңгеріліп, шығармашылық тұрғыда өңделген көптеген антикалық дəстүрлердің (əсіресе, жаратылыстану ғылымдары мен философия саласы) кең таралуы деп есептеуге болады. әл-Фараби, әл-Бируни, Ибн Сина жəне көптеген басқа да ойшылдар тек халифаттың ғана емес, бүкіл адамзат мəдениеті мен ғылымына аса ірі үлес қосты. Медициналық шығармалар мен математикалық трактаттар, астрономиялық кестелер мен түрлі тілден (ең алдымен, антикалық) аударылған араб аудармалары Батысқа жетіп, жүз жыл бойы орасан зор абыройға ие болды. Батыс еуропалық əдебиеттің дамуында да Шығыстың рөлі айрықша болды.

Əл-Фараби Орталық Азия мен Қазақстанның жоғары деңгейдегі ежелгі жəне ортағасырлық өркениетінің жемісі болып қана қойған жоқ, оның шығармашылығында Мысыр, Сирия, Иран, Ирак, Солтүстік Африка халықтарының мəдениеті мен ғылыми жетістіктері баяндалған. Фараби Үндістан мен антикалық əлемде жасалған барлық нəрсенің ұлы мұрагері болды.

Осы ұлы ғалымдардың арасында Əбу Насыр əл-Фараби үлкен орын алады.

Əл-Фарабидің ғылыми қызығушылықтары таңғаларлықтай кең. Оның мұрасында математика, медицина бойынша еңбектері бар, ол Шығыс музыкасының теориясына, алхимия мен магияға қатысты маңызды еңбектерді жазды. Ұлы ұстаздың осы ғалымдық шығармалары оны əлемдік мəдениетті жасаушылардың қатарына қойды.

Ұлы ойшыл тіл туралы ғылымды, грамматика, логика, поэтика, физика жəне т.б. бөліп сол кездегі ғылымның классификациясын жасады. Әл-Фарабиде дін мен философия мәселесі негізгі орын алады.

Əл-Фарабидің «халықтар» ұғымына берген анықтамасы да қызық. Оның пікірінше бір халық екінші халықтан екі нəрсемен: табиғи əдет-ғұрып пен табиғи қасиеттер жəне тілмен ерекшеленеді. Халықтар əдет-ғұрыптары мен қасиеттері географиялық ортаның əсерімен қалыптасады.

Әл-Фарабидің рухани әлемі

Әлемдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын мұсылман мәдениеті адамзат өркениетінің даму тарихында маңызды роль атқарған әрі бүгінгі күнге дейін түрлі әлем елдерінің түрлі өмір аясына әсер етуін жалғастыруда. Осыдан мұсылмандық Шығыс халықтарының рухани құндылықтарын философиялық зерделеуге деген табиғи ұмтылыс пайда болып отыр.

Ортағасырлық Ислам мәдениеті мен философиясы өз дәуірінен озып, бүгінгі күнде де адамзат игілігі үшін қызмет етуде. Екінші ұстаз атанған әл-Фараби сынды ғылымдағы ірі тұлға арқылы қазақ халқы өзін мақтан тұтады. Ол өзінің керемет философиялық ілімдері арқылы түркілік ойлау, түркілік дүниетаным, түркілік интеллект мүмкіндігінің қаншалықты жоғары екендігін бүкіл Еуропаға паш етті. Ортағасырлық Ислам ренессансының Еуропа ғылымына жасаған ықпалы Еу­ропалық ренессанс дәуірінің басталуына алып келіп, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының дамуына жасаған әсері еуропалық өркендеу дәуірінің бетін ашты.

Орта ғасырлық ислам философтары Аристотель мен Платон трактаттарын араб тіліне аударып, Шығыс философиясының негізін қалады.

Әл-Фараби – Ислам философиясының негізін салушы.

Әл-Фарабидің ойы бойынша, философия ақиқаттың өзі және ақиқат туралы білімді іздеу үдерісінің атауы, сондықтан барлық ұлы ойшылдар мен философтар бірдей ойлайды және бір қорытындыға келеді.

Әл-Фараби рухани әлемінің қалыптасуы антикалық философиялық дәстүрді бойына сіңірумен байланысты. Анығырақ айтсақ, Аристотель мен Платон философиясы әл-Фараби ойларының теориялық қайнар көзі болды. Платонның (неоплотонизмнің) және Аристотельдің философиясы әл-Фарабидің философиясының теориялық негізі болғанымен, оның дүниетанымын тек қана плотонизм мен аристотелизмнің қосындысы деп білуге болмайды.

Түйіндеп айтқанда, ұлы ғұлама Әбу-Насыр әл-Фарабидің философиялық, логикалық-гноселогиялық, әлеуметтік пікірлерімен, эстетикалық, теориялық, жаратылыстану ғылымдары салаларындағы пікірлерімен, ғылыми тұжырымдарымен жете танысу, оның дәуірін терең түсінуге мүмкіндік береді. Оның ғылыми ой-пікірлері өзінен кейінгі дәуірдегі Шығыс пен Еуропа халықтарының философиялық, эстетикалық, қоғамдық этикалық ой-пікірін және өнердің дамуына, жалпы рухани құндылықтардың дамуына әсер етіп, үлкен ықпалын тигізіп отыр. Ұлы өркениет философы Әбу-Насыр әл-Фараби рухани әлемі адамзат өркениеті мен рухани құндылықтарының биік шыңы.

Ғылымның екінші ұстазы - Әбу Насыр әл-Фараби

Өмірінің ақырғы күндерін Аллепо және Дамаскіде өткізген әл-Фараби энциклопедист ғалым ретінде ғылымның барлық саласына елеулі еңбек сіңірді. Ол барлық ғылымды

  • логика, жаратылыстану, математика;

  • этика, саясат деп екіге бөледі.

Оның қолынан музыка теориясы, физика, заң, әлеумет, астрономия, медицина, логика, философия ғылымдарына арналған көптеген еңбектері шықты. Аристотель оқуларын дамыта және жалғастыра отырып, әл-Фараби көзі тірісінде ақ «Екінші ұстаз» (Аристотелден кейінгі) деген атақ алады. Зерттеушілердің айтуынша әл-Фараби еңбектерін бөлек-бөлек қағаздарға жазып, көрінген шәкірттеріне бере салады екен. Соның салдарынан оның еңбектерінің арабша көп нұсқасы жоғалып кеткен. Бірақта арабша нұсқасы жоғалып кеткен еңбектерінің біразы латынша, еврейше аудармаларда сақталған. Оның бұл енбектерін Еуропа ғалымдары кең түрде пайдаланған. Ал араб ғалымдары әл-Фараби тірі кезінде де, өлгеннен кейін де оны өздерінің ұстазы деп білген. Әсіресе, оның еңбектерін Орталық Азия ғалымдары жоғары бағалаған. Әл-Фараби еңбектерінің кейбіреулері кейінгі кездерде неміс, ағылшын, француз тілдеріне аударылған. Мысалы Дерлангер Б. өзінің «Араб музыкасы» атты француз тілінде шыққан енбегінде әл-Фарабидың «Қитаби музыка ал-кабир» деген еңбегін толық келтірген. Әл-Фарабидың бұл еңбегі дүние жүзінде музыка жөнінде жазылған еңбектердің ең ірісі болып табылады. Немістің белгілі ориенталисы Диатерци 1890-1895 жылдары Лейденде әл-Фараби жөнінде еңбектер шығарған және Фараби кітаптарының бірнешеуін арабша бастырған. Европа тілдерінде шыққан «Ислам энциклопедиясы» атты жинақтарда да әл-Фараби туралы үлкен мақалалар басылған. Шығыс елдерінде Фараби туралы жазылған еңбектер көп.




















ІІІ. Қорытынды


Әл-Фараби бабамыздың парасатты ғұмыры бүгінгідей жаһандану заманында жас ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп өсіру жолында үлкен үлгі-өнеге. Ғылым, білім іздеп, жаһанды шарлаған ойшыл түркі, араб, парсы тілдерімен қатар грек, қытай, латын, санкскрит және басқа да ғылым дамыған тілдерді меңгереді.

Қазіргі уақытта Әл-Фараби ойлары мен тұжырымдарының өзектілігі қайтадан арта түсуде. Сондықтан да биылғы барша мерейтойлық іс-шаралар ұлы ойшылдың рухани мұрасын насихаттауға, зерделеуге, оның ғылыми және әлеуметтік-мәдени маңызы бар инфрақұрылымдық объектілерін құруға, сондай-ақ әл-Фарабиді мәңгі есте қалдыруға бағытталды.

Ойшылдың еңбектерін тәржімалау жұмыстары қолға алынды, Әл-Фараби туралы жаңа кітаптар жарыққа шықты, ұлы ғалым туралы деректі фильмдер жасалды. Бұқаралық ақпарат құралдарында Әл-Фарабиге арналған хабарлар циклі, тақырыптық айдарлар мен бөлімдер ұйымдастырылды.

Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасын және оның қазіргі әлемдегі өзек­тілігін талқылау түрлі елдердің ғалымдары мен әлемнің жетекші фарабита­ну­шыларының ірі халықаралық конференцияларда талқыланатын тақырыпқа айналды. Әл-Фарабидің шетелде жаңа орталықтары ашылды.

Біз ұлы бабамыздың ғылыми жаңа­лықтарын жаңа ғасырдың сұранысына сай зерделеуге де бас мән беріп келеміз. Әл-Фараби мұрасының аясында жасанды интеллект, этика және рухани дамумен байланысты проблемаларды зерделеу бойынша пәнаралық жобаларды қолдауға қаржы бөлінді.

Түркістан облысындағы Әл-Фараби мұрасын жаңғырту және Отырар қалашығын ірі туристік кластер ретінде қалпына келтіру бойынша бірқатар іс-шара­лар кешені өткізілді. Ізгі қоғам туралы Әл-Фарабидің идеясын креативті және өзгеше түрде насихаттауға бағытталған жастар бастамалары қолдау тапты.

Бұл орайда, кез келген бәсекелестікке төтеп беретін әрі ұл­ты­мыздың ұлы қасиеттерін бойына сіңір­ген ұрпақ қалыптастыруда әл-Фараби баба­мыздың мұраларын жастардың бойына барынша сіңірудің мәні ерекше зор!

Сонымен қатар ұлы ойшыл дүниеге келген Ұлы Дала төсінде отандық ғылымды өркендету де өте өзекті мәселе. Өздеріңіз білесіздер, әл-Фараби бабамыз осыдан мың жылдан астам бұрын дүниенің мәңгілігін, танымның болмысқа тәуелдігін айқындап парасат туралы ілімді сараптап, саралады. Сол замандардың өзінде дала кемеңгері «Ғылымдар тізбегі», «Бесінші трактат», «Медицина каноны», «Қайырымды қала», «Риторика», «Бақытқа жол сілтеу», «Вакуум туралы» және басқа да он­даған іргелі еңбектер жазғанын ескер­сек, ұлы баба ұрпақтары қазіргі таңда тарихи әрі табиғи сабақтастықты қамтамасыз етуге міндетті деп есептейміз!

Ұсыныс: зерттеу барысында алынған нәтижелерді әдебиет сабақтары мен тәрбие сағаттарда қолдануға болады.
















ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақ энциклопедиясы


  1. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005



  1. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар, Алматы, 1973.



  1. Шолақова Р. Əл-Фараби — Шығыстың ғұлама ғалымы // Қазақ тарихы. — 2012.



  1. Қасымжанов А., Əлінов А. Əл-Фараби // Қазақ: Оқу құралы. — Алматы: Білім, 1994



  1. Ислам ғұламалары / Ауд. С. Ибадуллаев. — Алматы: «Ғибрат» баспа үйі, 2008



  1. Екінші ұстаз əл-Фарабидің «Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында» пайымдамасы // Қазақ: Оқу құралы. —Алматы: Білім, 1994.



8.Интернет сайттары:

https://alfarabilib.kz,, kk.wikipedia.org






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!