Материалдар / Ғылыми жоба: Tea-drinking traditions

Ғылыми жоба: Tea-drinking traditions

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлыбритания мен Қазақстанның шәй ішу дәстүрлері. Ғылыми жоба толықтай ағылшын тілінде орындалған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Маусым 2024
191
3 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрлігі Ұлытау облысы білім басқармасының «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ





Секция: ағылшын тілі

Пәні: ағылшын тілі







ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Тақырыбы: Traditions of tea-drinking in England and Kazakhstan









Ғылыми жоба қорғаушы: 6 сынып оқушысы Сембай Азиза

Жоба жетекшісі: Ибраева Салтанат Нургалиевна



















2024

Мазмұны

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2.1 Шайдың шығу тарихы

2.2 Англияда шайдың пайда болу тарихы

2.3 Англияның шай ішу дәстүрлерінің ерекшеліктері

2.4 Қазақстанда шайдың пайда болу тарихы

2.5 Қазақтың шай ішу дәстүрлерінің ерекшеліктері

2.6 Англия мен Қазақстандағы шай ішу дәстүрлерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары

3. Шай ішу статистикасы

4. Сауалнама

5. Сөздік

6. Қорытынды

7. Әдебиеттер тізімі















Аннотация

Traditions of tea drinking in England and Kazakhstan” тақырыбы бойынша жеке ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу барысында шайдың пайда болу тарихын, сонымен қатар Қазақстан мен Англия аумақтарында пайда болу тарихын зерттеп, жалпы сипаттама беріледі.

Ағылшын тіліндегі “Traditions of tea drinking in England and Kazakhstan” атты ғылыми жобада ағылшын және қазақ шай дәстүрлері туралы материалдар зертеледі, Англия мен Қазақстанның шәй дәстүрлеріне тән белгілерді сипатталады. Осы елдердегі шай ішу ерекшеліктері анықталатын болады.

Англия мен Қазақстандағы шай ішу дәстүрлері” тақырыбындағы ағылшын тілі бойынша балаларға арналған зерттеу жұмысы барысында Англияның мәдениеті мен дәстүрлерімен таныспайынша, Англия туралы шынайы түсінікке ие болу мүмкін емес деп санаймын. Оқытылатын тіл елінің мәдениеті саласындағы қосымша білім осы елді жақсырақ түсінуге көмектеседі, және де салт- дәстүрлерді зерттеу адамның өз елінің тарихына деген қызығушылығын оятады. Ал екі елдің дәстүрлерін салыстыру олардың мәдениетін түсінуге ықпал етеді.

















1. Кіріспе

Бүгінде дүниежүзінде 250-ге жуық мемлекет бар, және олардың әрқайсысы өз ерекшеліктері бар. Әр халықтың әртүрлі салаға қатысты – ұлттық тағамдарынан бастап, әдет – ғұрыптары, қонақ күту дәстүрлері, өнімдерді қолдану мен егін жинауға дейін өздеріне тән дәстүрлері бар.

Үнемі ылғалдылық, жауын-шашын, тұман болатын және созылмалы аурулардан алда тұру мүмкіндігі көп көрінетін Ұлыбританияда өмір сүру ұзақтығы әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіштерінің бірі болып табылатыны мені таң қалдырады. Британдықтардың ұзақ өмір сүруінің сыры ағылшын шайын ішудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрінде жатыр. Ангияда шайдың алатын орны ерекше. Оны ішу дәстүрін патшайым да, қарапайым британдықтар да сақтайды.

Бұл дәстүр шай демделуінен бастап ішу әдебіне дейін ерекше, оны ұстанушылар да жетерлік.

Таңдалған тақырыптың өзектілігі мынада: Елдің мәдениеті мен дәстүрлерімен таныспай ол елдің нағыз болмысын түсіну қиын. Олардың ішіндегі ең таңқаларлығы шай ішу дәстүрі;

Салт-дәстүрлерді оқу адамның өз елінің тарихына деген қызығушылығын оятады;

Екі елдің болмысын түсіну халықаралық қатынастарды жақсартуға ықпал етеді.

Мәселе: Ағылшын пәнінің мектеп бағдарламасында біз Англияның мәдени дәстүрлері, соның ішінде шай рәсімдері туралы көптеген материалдар алмыз, бірақ бұл ерекше дәстүрді егжей-тегжейлі таныстыратын нақты ақпарат аз. Ағылшын шай ішу дәстүрін жақсы түсіну және осы саладағы білімімізді кеңейту үшін біз осы ақпаратпен жұмыс істеп, оны басқа оқушылармен бөлісуді жөн көрдік.

Жұмыс тақырыбы: ағылшын және қаазақ шай ішу дәстүрлерін зерттеу және талдау.``

Жұмыс мақсаты: Елдің ұлттық мәдениетінің бір бөлігі ретінде ағылшын шай ішу дәстүрлерін зерттеу. Қазақстандағы шай ішу дәстүрлерімен салыстырамыз.

Гипотеза: егер Англия мен Қазақстанда шай ішудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері болса, онда ағылшындар мен қазақтар ұсынатын шай этикетінің белгілі бір ережелері бар және олардың бір-бірінен айырмашылғы бар. Біздің елде шайдың таралуына Англия ықпал еткен шығар?

Зерттеу объекті: шәй дәстүрлері

Зерттеу әдістері: 1. Ақпарат жинау 2. Материалды жүйелеу 3. Анализ 4. Сауалнама жүргізу

Практикалық маңызы: Біз әзірлеген материалды әр түрлі жастағы адамдар: мұғалімдер, сыныптастарым өз бетінше білім алу үшін және сыныптан тыс жұмыстарда пайдалана алады.



2. Негізгі бөлім

Шай сусынының таралу тарихы бар. Оның отаны – Қытай. Үш ғасыр ішінде шай қытайлардың ұлттық сусынына айналған (IX ғ. басында). Шайды XIX ғасырдың ортасына дейін Қытай өзі ғана сатып келді.

527 жылы шай сусыны Үнді елінде пайда болған. Үнділердің қара халқы шаймен тек XIX ғ. аяғында, тіпті XX ғ. басында негізінен ағылшындар арқылы таныс болды.





2.1 The history of tea

Tea was first discovered in the mountains around Sichuan and Yunnan in China. According to the earliest legend, Emperor Shen Nung first drank when some unidentified leaves fell into his pot of hot water. Allegedly, Shen Nung used to wander the country recording the effects of infusions made from the leaves and berries of various plants. He discovered that tea cured him of a stomach ache contracted as a result of drinking a toxic herb. Furthermore, tea drinking became an elaborate art form during the Tang Dynasty (616-907). Over time, the practice of drinking tea spread across Asia, and later to Europe and America.

It is drunk everywhere on the earth. Annually increase the consumption of this drink. By popularity, the tea was in second place in the world after water and submitted to all continents. Every country has its history of the spread of tea. Tea is popular in many countries and each country has its traditions and preferences for drinking tea. Returning to the sources of tea traditions in England and Kazakhstan, we are going to compare tea traditions in these countries.

Англияда шайдың пайда болу тарихы

Шайдың алғашқы құжатталған дәлелі 1658 жылы жарияланған Томас Харвидің газет жарнамасында болды. Сол мақаладан үзінді: “Қытайлар “чаа” деп атайтын барлық дәрігерлер мақұлдаған бұл тамаша сусынды азық-түлік қоймасының орталық бөлімінен валютаға сатып алуға болады”.

Мақалада шайдың негізгі артықшылықтары көрсетілген:

  • Шай сізге күш пен қуат береді

  • Бас ауруы, бас айналу және бастағы ауырлық сезіміне көмектеседі

  • Шаршау мен апатияны жояды

  • Шай тыныш ұйқыға ықпал етеді, сананы нұрландырады және есте сақтауды күшейтеді

Харви шай сата бастағанда, бағасы өте жоғары болды: 450 грамм құрғақ шайдың құны 16 шиллинг болды, бұл сол уақыттағы бес континеттік долларға тең болды. 1700 ж. аяғында шай танымал бола бастады да, бағасы 450 грамм үшін 1,5 шиллингке төмендеді.

Харви Англияға сүтті шайды алғаш енгізгендердің бірі болды. Атап айтқанда, ол “Сүт қосылған шай денені нығайтуға көмектеседі” деп жазды. Бастапқыда британдықтар заманауи дәстүрге қарағанда шайға шафран, имбирь, мускат жаңғағы және тұз қосқан. Сүт қосындысы бізге Монғолиядан келді дейді және олар әлі күнге дейін сүтпен шай ішеді.

It is difficult to believe but the British, the nation for its love of tea, were the last to learn about tea in Europe. English tea-drinking traditions have a long history. Tea was brought to England in the 17th century by a Portuguese princess, who married King Charles II of England from China and India, it was very expensive. The reason was that the members of the church called it a “sinful drink” because it was coming from a non-Christian country. So it was taxed to 119% and therefore tea became a drink for the rich and the aristocracy. However, from the 18th century, tea began to be used by the common people too.

English tea drinking has a long history that is very popular nowadays.

Traditions of Tea drinking in England

English Breakfast Tea is a very typical British tea culture. It comes with milk and the choice of additional add-ins. This is the most common way of drinking tea. Furthermore, it is also known as “builders’ tea” as this was the drink of choice by workers taking their morning tea break. Tea is brewed directly in a mug with the tea bag. Then, milk and sugar are added if needed. Tea often comes with a biscuit, a sandwich or a slice of cake when.

Afternoon tea used to be a very popular pastime. People sometimes have a cup of tea with a sandwich and a slice of cake at a time. Along with the tea, you will find traditional British-style sandwiches such as cucumber, egg and cress, tuna or ham. Cakes, pastries and the very British scone with butter, clotted cream and jam are also a part of British tea culture. If you want to try an authentic afternoon tea when you are in Britain there are many hotels which serve it at teatime.

High tea, on the other hand, is a full meal served with tea, including meat, bread, side dishes and dessert.

Traditional tea drinking in Britain takes place at “five o’clock” and is a universally recognized occasion for communication, at which the British drink hot and strong Ceylon or Indian tea.

Traditional English tea drinking requires the following attributes:

  • a large table covered with a white fabric tablecloth (white and blue can be used), and high chairs;

  • napkins;

  • tea set (teapot, jug for boiling water, milk jug, strainer, tea pairs, sugar bowl, dessert plates, teaspoons, forks and knives; instead of one large teapot there may be several small ones);

  • vases with fresh flowers (white would be nice);

  • the tea (Indian or Ceylon!);

  • snacks for tea.

Before serving you tea, a conscientious Englishman will first ask what kind of tea you prefer. The following varieties are considered mandatory: Assamese, Darjeeling, Lapsang Souchong and Earl Gray.

The tradition of English tea drinking is very popular. The routine in England is built from tea-drinking to tea-drinking.



Қазақстанда шайдың пайда болу тарихы

Ұлы Жібек жолы ұлы дала елінің кеңістігіне орасан зор жаңалықтар әкелді. Мұның бір дәлелін халық жырларынан табуға болады.

Оң жақтан үнді, парсы, араб келген,

Сол жақтан шүршіт, моңғол, қалмақ келген,

Батыстан балқан елі қатынасса

Шығыстан Қытай, Қашқар шай әкелген. – дегендей орта ғасырларда Қытай, Орта Азия қатынастары Манжури мен Жоңғария жаулап алушылығы тұсында сауда арқылы қазақ жеріне көптеп тарала бастайды.

Қазақ жеріне шай дәстүрі үш тараптан, атап айтқанда Оңтүстіктен, Шығыс Түркістаннан және Ресейден тарады. Біздің өмірімізде шай көпшілік ішер сусын ретінде XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғаырдың басында кеңінен тарай бастады. Қазақстанда шайдың және шай ішу рәсімінің кең етек жаюы XIX ғасырдың екінші жартысында орын алды.



Қазақ халқының шай ішу дәстүрі

Қазақ халқы үшін шай беру дәстүрі ерекше мәнге ие болған және шай берудің бірқатар түрі бар. Шайдың бояуын әркім өз қалауына қарай таңдайды. Егде адамдар көбіне қою етіп қаймақ, қалампыр, бұрыш, май қосып дәмдеп, жұмсартып ішеді. Сүт тапшы Қараөзек жақта шәугімнің ішіне сүр төстік, қазы қарта, немесе жіліктің майын және тары, құрт, ірімшік салып қайнату тәсілі де бар. Ал қазанда қайнатылған шайға тұз қосып, сары май қосып шай ішу түрі Шынжан Монғолия қазақтарында әлі де бар.

Әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге еніп кеткен бір қасиет бұл қазақ халқының қонақжайлығы. Бір шәйнек шай беру – жаңа түскен келін шайы, үй көрсетіп шай беру, ағайын, дос-жаранның қайғысына ортақтасып шай беру ежелден келе жатқан игі дәстүріміз.

Келіннің қолынан шай ішу. Жас түскен келінге қойылатын талаптардың маңыздысы. Шай беру рәсімінің соңында үлкендер батасын беріп, ыдысына сыйлығын тастап кетеді.

Тәтті шай дәстүрі. Ежелден қазақ халқында құдалардың орны ерекше болып саналған. Құда құдағылар бір-бірін әулиедей құрметтеп, әрқашан ортақ бір шешімге келуге тырысқан. Құда құдағилардың білісу, танысу, келісім, ынтымақ шай рәсімі “тәтті шай” деп аталады. Бұл кездесу екі жақтың той алдында отбасымен кең дастархан басында өтеді. Осы рәсім арқасында екі жақ алдағы той жайлы барлық күрделі сұрақтарды шешу. Тәтті шай дәстүрі екі жасқа маңызды. Олар алдағы неке қию рәсіміне, әрі екі отбасының берік одағына сенімді бола бастайды.

From ancient times the relationship between the parents of the groom and bride

were very important. The parents always were trying to have a warm and trustful relationship. The very first meeting of the parents is called “Tatti Shai”. During this ceremony, both sides meet to discuss all the questions related to the marriage, wedding ceremony and all the other fetes. Tatti shai is an important tradition for both sides that gives a chance to increase trust between new relatives.

Англия мен Қазақстандағы шай ішу дәстүрлерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Зерттеу тақырыбы бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған көлемді материалды зерттей отырып, біз Англия мен Қазақстандағы шай ішу дәстүрлерінің ерекшеліктерін сипаттап, салыстырдық. Атап айтқанда: шай ішудің ағылшындар мен қазақтар үшін қандай мәні бар, оған екі халықтың беретін мән мағынасы, дастарханда не болуы керек. Зерттелген материалды талдай отырып, шай дәстүрлерінің ұқсастықтары мен айырмашылығына қатысты мынадай қорытынды жасауға болады.

Ұқсастығы: Екі елдің дастархан әрлеуіне мән беретіні және қонақтарына сый құрмет көрсетуі. Шай дастарханында тәтті нан, тоқаштар, кәмпиттер қоюы. Екі елдің шай ішуді ерекше рәсім ретінде қабылдауы. Ағылшындар үшін де, қазақтар үшін де шай ішу дәстүрінің мағынасы зор, адамдармен жақсы қарым-қатынас орнату үшін, кейбір мәселелерді шешу үшін жиналатын дәстүр болып табылады. Екі елде де шайды сүтпен ішеді және ағылшындарда “Five o’clock tea” бар және ол қазақтарда “Бесін шай” деп аталады. Мәліметтер бойынша шайға сүт қатып ішу Европаға монғол шапқыншылығынан кейін енген. Кешкі шайға қазақтар да, ағылшындар да көк шай ішуді қалайды. Мәліметтерге жүгінсек бұл дәстүр де әлемнің түпкір-түпкіріне Қытай елінен тараған.

Айырмашылығы: Қазақ халқының шай дастарханындағы ерекше атрибуты – самаурын. Шай жиынтығының дәстүрлі пішіндері әртүрлі: Англияда олар ұзартылған пішіндерді ұнатады, ал Қазақстанда биік емес, томпиған кеседен шай ішуді жөн көреді. Қазақ және ағылшын шай үстелдерінде ұсынылатын шай түрлерігің айырмашылығы бар. Қазақстанда дәстүрлі түрде қара шай ішеді, ал Англияда шай этикетіне сәйкес қонаққа таңдау үшін шайдың бірнеше түрін ұсыну қажет.

Шай ішу статистикасы

Шай – Қазақстан халқының күнделікті тұтынатын өнімі. ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, елімізде жылына 22 мың тонна шай ішіледі. Бұл – Қазақстанда әр адам жылына 1,34 келі шай ішеді деген сөз

Шайды көп ішетін елдер арасында жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, әр қазақ адам басына шаққанда жылына 1-2 кг шай ішеді екен. Қазақтардың шайды қалай ішетіні туралы XIX ғасырдың орта шенінде жапондық зерттеуші М.Киттар «Қазақтар шай ішкенде уақыт та, орын да талғамайды. Кез келген тамақтан бұрын да, кейін де іше береді» деген екен.

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстан шай тұтыну жағынан әлемде 10-орында.

Сауалнама

Зерттеу жұмысымыздың аясында біз социологиялық сауалнама жүргіздік. Оның мәнісі шәйді қанша пайыз ішетінін, оны қаншалықты жиі ішетінін, қай бренд пен шайдың түрін қалайтынын, қайдан сатып алатынын және нені басшылыққа алатынын анықтау болды.

Біз 12 мен 62 жас аралығындағы 20-ға жуық адаммен сұхбат жүргіздік. Зерттеу барысында келесі нәтижелер алынды: 83% шай ішкенді ұнатады, 50% қант қосылған шай ішеді, 62,5% шайды жиі ішеді, 62,5% сусымалы жапырақты шайды, 37,5% Greenfield брендінің шайын ішеді, қара 41,6% шай ішеді. , 66,6% айына бір рет шай сатып алады, 50% дәміне қарай шай таңдайды, 58,4% супермаркеттерден шай алады, көпшілігі бүкіл отбасы үшін шайдың бір түрін таңдайды - 79,2%.

Сондай-ақ біз Англия мен Қазақстандағы шай ішу дәстүрлерінің ерекшеліктерін оқушылардың білу деңгейін анықтау үшін сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға барлығы 20 адам қатысты. Сауалнама нәтижелерін талдай отырып, оқушылардың қазақ және ағылшын шай ішу ерекшеліктерін жеткілікті түрде білмейтіндігі туралы қорытынды жасауға болады. Жалпы қате жауаптар саны 68% болса, дұрыс жауаптар саны 32% құрады. Осылайша, Англия мен Қазақстандағы шай алғаш рет қашан келді деген сұраққа 81% және 85% дұрыс емес, 19% және 15% дұрыс жауап берді. Ағылшын және қазақ тілінде шай ішуде не маңызды деген сұраққа жауап беру кезінде оқушылар арасында айтарлықтай қиындықтар туындады. Қате жауаптарды респонденттердің 76% және 85%, дұрыс жауаптарды 24% және 15% берген. «Ағылшынша» және «қазақша» шай қалай аталады деген сұраққа оқушылардың көбі дұрыс жауап берді - сәйкесінше 95% және 98%, дұрыс емес- 5% және 2%. Оқушылардың 86%-ы қай елде әйнек ұстағыштағы стаканнан шай ішетінін біледі. Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі дәстүрлі ағылшын шайының қай уақытта болатынын білмейді – 57%. «Британдықтар күніне қанша кесе шай ішеді?» Деген сұраққа оқушылардың 90%-ы қателескен. Осылайша, студенттердің көпшілігі ағылшын және қазақ шай ішу ерекшеліктері туралы аз біледі. Айта кету керек, студенттердің басым бөлігі (81%) шайды жақсы көреді және оны жиі және қуанышпен ішеді.

Қорытынды

Зерттеу барысында ағылшын және қазақ шай дәстүрлерін тілдік, мәдени, публицистикалық, ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып зерттеп, талдадық. Британдықтар мен Қазақстандықтар шай этикетінің белгілі бір ережелерін сақтайды және олар бір-бірінен ерекшеленеді деген гипотезамыздың қажетті растауын таптық. Зерттеу бөлімінің нәтижелеріне сүйене отырып, барлығы дерлік шайды жақсы көретініне және күніне бірнеше рет ішуді ұнататынына қарамастан, оқушылар Англия мен Қазақстандағы шай ішу дәстүрінің ерекшеліктері туралы аз біледі деген қорытындыға келді. Оқушылардың көпшілігі ағылшын шайының қазақ шай ішуінен айырмашылығын білмейді, бұл біздің таңдаған тақырыбымыздың өзектілігін тағы бір рет растайды. Осылайша, оқу барысында барлық берілген тапсырмалар орындалды. Ағылшын мен қазақша шай ішу дәстүрлерін зерттеп, салыстыра отырып, жұмыстың мақсаты орындалды.

Біз жинаған материалды оқу орындарындағы өлкетану сабақтарында пайдалануға болады, сонымен қатар жиі саяхаттайтын, ағылшын тілін үйренетін немесе жай ғана әртүрлі елдердің дәстүрлерін зерттеуге қызығушылық танытатын және білімін кеңейткісі келетін адамдардың барлығына қызықты және пайдалы болуы мүмкін.

Ел атауы

Жылына адам басы

тұтынады

Турция

Морокко

Ирландия

Мавритания

Великобритания

Сейшельские острова

Объединенные Арабские Эмираты

Кувейт

Катар

Казахстан

6,87 кг

4,34 кг

3,22 кг

3,22 кг

2,74 кг

2,08 кг

1,89 кг

1,61 кг

1,6 кг

1,54 кг



Шай ішуден Топ- 10 ел















Сөздік

Tea-drinking- шай ішу

Ceylon tea- цейлон шайы

Tea-room- шайхана

Tea-spoon- шай қасық

Tea-pot- шәугім

Tea-growing- шай өсіру

Kettle- шәйнек

Tea-cup- кесе

Tea-leaf- шай жапырағы



To brew- демдеу

Custom- дәстүр

Ritual- ритуал

Tea advertisement- жарнама

A strong cup of tea with milk- Сүт қосылған қою шай

Tea-time- шай уақыты

Tea houses- шай үйі

Tea gardens- шай бақтары

Tea breaks- шай үзілісі

Tea party- шай кеші


Әдебиеттер

  1. https://forbes.kz/news/2014/12/19/newsid_75465

  2. https://alashainasy.kz/interested/shay-shu-jonnen-alemde-neshnsh-oryindamyiz-42981/

  3. https://www.teabloom.com/blog/how-does-a-british-tea-culture-look-like/

  4. Чай по английский. Избранное. Чай

  5. Колодяжная Л.Н. Познакомьтесь: Великобритания. – Изд. 2-е, испр. – М.: Рольф, 2001.- 160 с.

  6. Британцы и еда. Журнал для изучающих английский язык “ SpeakOut ”, №6, 2003г., 32 c.

  7. https://e-history.kz/kz/news/show/2179







9


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ