Ғылыми жоба. Технология, Тақырыбы: "гылыми жоба Жел электр стансасы» макеті" 10 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба. Технология, Тақырыбы: "гылыми жоба Жел электр стансасы» макеті" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ш.Бектасов атындағы ЖОМ





Жел электр стансасы макеті













Әрекеттегі «Жел электр стансасы» макеті




Жел электр стансасы (Жел ЭС) - жел ағынының басқарылмайтын кинетикалық энергиясын электр энергияға айналдырады. Жел ЭС екіге бөлінеді: тұрақты және айнымалы кернеу жел электр стансалары. Тұрақты кернеу жел электр стансасының шығысындағы кернеу, генератор өндіретін кернеу тегіне қарамастан, тұрақты болады. Керісінше жағдайда, айнымалы кернеу жел электрлік стансасы деп аталады.

Жел ЭС-ның негізгі арналуы — ұлттық энергетикалық тораптардан алыс орналасқан тұтынушыларды және ауыл шаруашылығы нысаналарын электр энергиясымен қамсыздау. Басты артықшылығы — қоршаған ортаны ластамайды, қуат көзі (жел) ешқашан сарқылмайды.

.

Жел электр стансасы макетін дайындауга қажетті материалдар:

Шағын электрқозғалтқыш, диод шамы, қаймақ құтысының қақпағы, , канцелияриялық резеңке таспа, 25х35х400мм профиль, оқшаулағыш таспа, мыс сымы, «Момент» желімі, ыстық желім, 150х150х10мм пластмасса

Қолданылатын құрал-саймандар:

Сызғыш, қалам, темір кесетін ара, қайшы, монтер пышағы, біз, дәнекерлеу аспабы, шеңберсызғыш, транспортир, терможелім аспабы т.б.

Макетті дайындау әдісі

Алдымен бұйымның тұғырын дайындап аламыз. Ол үшін бізге 150х150х10мм пластмасса табан, бұрын қолданыста болған ML-40W күндізгі жарық шамынан алынған 25х35х400мм профиль қажет. Профилді шам орнататын тетігімен бірге кесіп алу керек. Ол профилді табанға бекіткенде беріктікті қамтамасыз етеді. Табанға профиль «Момент» желімі мен бекітіледі.




Желім қатқанша қаймақ құтысының пластик қақпағынан шеңбер қыйып аламыз. Кесіліп алынған шеңбердің ішінен R 20мм және R 60мм өлшемде шеңбер сызамыз. Транспортирді пайдаланып шеңберді он екі бөлікке бөлеміз. Алынған диагоналдарды ішкі шенберге дейін кесіп қалақша дайындаймыз.

Қалақшалардағы шеткі шеңбер сызығының дәл ортасынан бізбен тесік жасаймыз. Дайын болған тесіктерге мыс сымын қалақшаның бет жағынан өткізіп, артына шыққан ұшын келесі қалақшаның беткі жағынан өткізуді қалақшаларды толық қамытығанша жалғастырамыз. Осылайша тоқу арқылы қалақшаның қайырылып тұруын қамтамасыз етеміз.


Shape13 Shape10 Shape12

Shape15 Shape14

Shape17 Shape16

Shape19 Shape18

Shape24 Shape22



Дайын болған қалақшаның дәл ортасына, қалақшаның және шарықтың (блоктың) орталықтарын дәл келтіріп желімдейді.

Желімі қатып, бойын ұстаған тұғыр профилінің жоғарғы жағына шагын электрқозғалтқышты желімдейміз. Оның мақсаты мойынтірек ролін атқару және қалақшаға бекітілген шарықты ұстап тұру. Дайын болған мойынтірекке резеңке таспаны, қалақшаға бекітілген шарыкты (блокты) бекітеміз.

Ұшында жетекші шарығы бар, электргенераторы ролін атқаратын шағын электрқозғалтқышқа диод шамын жалғаймыз. Алдын ала шамды электр-қозғалтқышына жалғағау полюстерін тексеріп, анықтап аламыз.

Қалақшадағы шарық пен электргенераторындағы шарыққа резеңке белдікті орнатып, генератор қандай жағдайда оптимал электр қуатын өндіретінін тексереміз. Тексеру үшін мойынтірек электрқозғалтқышын ток көзіне жалғап, белдік пен байланысқан генераторды ілгері-кейін жайлап қозғап, шамның жарқырап жанған жерін белгілеп алады да, сол жерге генераторды желімдейді. Сынақтан өткен генератор мен шам сымдары дәнекерленеді, оқшаулағыш таспамен оралады. Шамды, сымдарды жинақтап, тұғырға ыстық желіммен желімдейді.

Жел электр стансасы макетінің жұмысқа жарамдылығын, шаш кептіретін ФЕН қондырғысын пайдаланып тексереді. Сынақтан сәтті өткен макетті ажарлап, сырлаймыз. Макет қолдануға дайын.






Shape28 Shape25 Shape26

Shape33 Shape34





Shape58




















Қорытынды

Техникалық қритерийлері: салмағы жеңіл, көп уақыт талап етпейді, жасалуы оңай, пластик материалдардын жасалғандықтан мықты әрі берік.

Экологиялық критерийлері: қолданылған материалдардың барлығы тұрмыста қолданылатын материал қалдақтары болғандықтан бұйым экологиялық жағынан таза. Жұмыс орнында қалдықтар, қоқыс аз болады.

Экономикалық критерийлері: аз қаражат жұмсалады, материал табу қыйынға соқпайды.

Қорытындылау: бүгінгі таңда қоршаған ортаны ластанудан қорғау өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Қалдық материалдардыға екінші өмір сыйлап, оларды өнер туындысына айналдыру арқылы аз да болса, қоршаған ортаны ластанудан қорғауға үлес қосасың,айналаңдағыларға қуаныш сыйлайсың.

Макетті – ойыншық ретінде пайдалануға, сыйкәделік бұйым ретінде сыйға тартуға, бастауыш сынып оқушыларына «Жел электр стансасы» тақырыбында сабақ өткенде, көрнекілік құрал ретінде пайдалануға болады.

Алға қойған мақсатым – орта мектепті бітіргеннен кейін, техника саласындағы жоғары кәсіптік оқу орындарының бірінде оқуымды жалғастырып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың дамуына белсенді қатынасу.

Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. «Жел электр стансасы» ғаламтордан, уикипедиялық материал

    2. Ғаламтордан «Как сделеть макет» сайты


Жобаны дайындаған: Қартбаев М.

Жоба жетекшісі: Чукаев Б.У





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2019
753
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі