Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба "Тұрғылықты жердің ою-өрнектері"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ШҚО облысы Зайсан ауданы әкімдігінің
М.Дәуленов атындағы мектеп-интернаты КММ
Тақырыбы:Тұрғылықты жердің ою-өрнектерінің ерекшеліктері.
Секциясы: этномәдениеттану
Авторы: Турарова Арна Қуанышқызы
Жетекшісі: Бастаубаева Болат Маметолдақызы
І санатты бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
М.Дәуленов атындағы мектеп-интернаты
Мазмұны
Аннотация.......................................................
Кіріспе..............................................................
Жоба тақырыбының өзектілігі.......................
Жүргізілген ғылыми тәжірибелер..................
Сырмақтың жасалу жолдары.......................
Қортынды бөлім.............................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................
"Қазақстанның болашақ мәдениетін қалыптастыру үшін тарихи құндылықтарымызды барынша зерттеп, қайта қалпына келтіру, оларды сақтап зерттеуге мән беріп, өткен тарихымызды ұрпаққа жеткізуміз керек"
Н.Ә.Назарбаев
Аннотация
Қазақ сәндік қолданбалы ою-өрнегі жайлы сөз қозғағанда көз алдыңызға әсемдік пен сұлулық әлемі еріксіз елестейді.Оны бір қасиетті сөздер өнердің қай саласы болмасын сазгерлік, әдебиет, бейнелеу және т.б. өнердің барлық салаларына ортақ дүниелер.Қазақ халқының ежелгі замандардан-ақ қалыптасып,үнемі дамумен,жетілдірумен келе жатқан ою-өрнегі сол сұлулық әлемінің ішіндегі ерекше бір саласы.Ою-өрнек тарихы тереңде жатқан теориясы күрделі әсемдік өнер.
Казахское народно-прикладное искусство, ассоцируется с красатой нежнстью,благородством казахского народа.Эти национальное качества используются в любом жанре искусства. В литературе,архитектуре,культуре и т.д.
Народно-прикладное искусство, является одной из древнейших искусств,а также в современном мире оно постоянно обновляется и пребряжается казахский национальный орнамент - это вид искусства, корнями уходящий глубоко в историю,и имеющий сложную теорию.
Kazakh folk- arts and crafts, is associ a ted with beauty,generosity of the Kazakh people. These national guality used in my genre of art in liferature in architecture, sculpure etc.Folk -arts and crafts s one of the oldest arts,as well as in the modern world is constantly updated and changld.
Ғылыми жобаның негізгі мақсаты: Халқымыздың қолданбалы өнер мәдениетіне тоқтала отырып, оның маңыздылығын ұғыну; Рухани мәдениеттің бөлшегі ретінде қазақ халқының салт дәстүрін зерттей отырып, тарих қойнауындағы ою өрнектердің түрлерін ажырату; Күнделікті тұрмыста қажетті заман талабына сай заманауи тұрғыда жаңа ою өрнекті пайдалану.Тұрғылықты жердің ою-өрнектерін зерттеу.
Ғылыми жобаның міндеті:1.Қазақ ою өрнегінің түрлерін және қолданылуын, маңызын қарастыру,мағынасын ашу.
2.Тұрғылықты жердің ою-өрнектері туралы мәліметтер жинақтау.
3.Ою-өрнектерді болашақ ұрпаққа дәріптеу.
Ғылыми жобаның гипотезасы: Ою-өрнектің қазіргі заман талабында сән үлгісінен қалмауы, қазақтың ою-өрнектерін пайдалану арқылы ұлттық салт-дәстүрді сақтау, жаңарту, жаңа үлгідегі ою өрнектің, сырмақтың қазақ халқы үшін маңыздылығмен таныстыру.
Ғылыми жобаның зерттеу кезеңдері: Сырмақшылық өнері, сырмақтың әсем, әрі тұрмыстық салтта өте ыңғайлы екендігін дәлелдейтін мәліметтер жинастыру, сырмақтың түрлерімен танысу. Оюдың алатын орны мен қазақ үшін маңыздылыңын түсіндіру, оның сән үлгісі ғана емес, өзіндік салт-дәстүрі бар екенін дәлелдеу. Өзіндік пікір, тұжырым жасау.
Кіріспе бөлім
«Ою ойғанның ойы ұшқыр»,- дейді қазақ.Ою-өрнек дегеніміз – геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып, үйлесімді құрылуы. Ою сөзін латынның ornamentum (орнамент), ал өрнек сөзін орыстың узор сөзінің баламасы ретінде қолданып келеміз.
Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру «Ою» деп аталады. Ал киім – кешекке, түскиізге,сырмаққа және т.б. қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, бақұрға және қоржынға түсірілетін түрі. Геометриялық бедерлерді «Өрнек» дейді. Өрнекті тасқа, ағашты күйдіріп, қашап, бояп түсіруге болады. Қазақ ою - өрнегін көне тәсілмен жасау кезінде шеберлер оның дәлме – дәлдігін сақтамай –ақ, көзбен мөршерлеп қиып, ою - өрнектің тең пропорциясын жасай білген. Мұны бізге мұра болып қалған көне ескерткіштерден айқын көруге болады. Оюлардың өзіндік көркемдік мәні және сюжеті болады, дегенмен, өрнектегі барлық элементтер ырғаққа бағынады. Ою - өрнек элементтерінде формальді түрде бейнеленетін элемент жоқ, олардың барлығының мазмұны бар. Ою - өрнек өнері мүсін немесе сұңғат сияқты өз бетімен өмір сүре алмайды, әрқашан қосалқы рөл атқарады.
Қазақ ою-өрнегінің өзіне тән даму жолдары мен тарихы бар. Бұл тарих сонау «Андронов мәдениетінен» бастау алады. Бұл дәуір біздің заманымызға дейінгі екі мың жылдарда мекен еткен. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізген архиологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Тарихи – ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою - өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал - әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенін білеміз. Бұған дәлел – қазақтың алғашқы ою - өрнек үлгілерінен андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени мұраларын ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті. Ою-өрнек өнері қазақ халқының қолөнер саласында кең қолданып келе жатқан көне өнердің бір түрі. Қазақтың әр саласында, мейлі ол құрылыс болсын, мейлі ол сән әлемі болсын оюлар мен өрнектер алғашқы элементтердің бірі ретінде қолданылады. «Қазақ» деген кезде ең алдымен біздің ұлттық ою-өрнектеріміз көз алдымызға келетіні даусыз.Ою-өрнектердің қазіргі кездегі жағдайын сөз етпес бұрын оның ежелгі тарихына тоқталғаным жөн болар.
Қазақ халқының ою - өрнегі – ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою - өрнектер өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі.
Өзіміздің Шілікті обаларынан табылған әшекей бұйымдардағы өрнектер осының дәлелі.Ою-өрнетегі әшекей белгілер халықтың қоршаған орта өмірі туралы ұғым түсінігін,ойлау жүйесінің,көркемдік ой қиялының көрінісі.
Қазақ ою-өрнегі бейнелеу өнерінің сәндік үлгісі ғана емес ол философиялы ойға,терең мағынаға негізделген.
Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс – көктің, балық – судың, ағаш – жердің белгісі. Бұйымдарда жан – жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т.б. және өсімдіктердің түрлері кеңінен белгіленген.
Ою - өрнек өнері – қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре.
Ою-өрнек өнерінің даму барысында әрбір тарихи дәуірдің өз таңбасы бар. Ою-өрнек үлгісінде әр халықтың ерекшеліктері, халықтың келбеті айқын танылады.
Қазақ қолөнерінде қолданылатын түстердің символдық мәні бар: көк түс- аспанның , қызыл –оттың,күн көзінің, ақ түс- ақиқаттың ,сары- ақыл парсаттың,қайғы мұңның,қара – жердің, жасыл – жастықтың ,көктемнің символы.Бұйымдағы ою-өрнек осы түстердің бірімен бейнелегенде ғана оған белгілі мән беріледі.
Негізгі бөлім
Менің зерттеген ғылыми жобам ежелгі ата-бабамыздың ұлттық өнері күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдарын қайта жаңғырту.Соның ішінде ою өрнектердің сырмақ өнерінде қолданылуы жөнінде таныстыру.
Ою-өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар үш топқа бөледі.
-
Өсімдік типтес ою-өрнек. Көкөніс өрнектерінде өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, дәні т.б негізгі элементтері көрінеді.
-
Зооморфтық ою-өрнек. Өрнектер негізінен жануарларды, аң-құс т.б. түрлі жәндіктерді, олардың мүшелерін бейнелейді.
-
Космогониялық өрнек. Өрнектер дөңгелек, ирек, торкөз болып құралады
Жоғарыда аталған негізгі ою-өрнек түрінен бөлек қазақ шеберлері көп қолданылатын ою-өрнек элементтерінің мынандай атаулары бар:
А) Аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер: ай, күн, жұлдыз, айшық, аймүйіз, құс жолы, жұлдызша, кемпір-қосақ, т.б.
Ә) заттардың атауына байланысты өрнектер: балға, балта, тарақ, балдақ, күмбез, табақ, қармақ, т.б.
Б) эпиграфиялық өрнектер – яғни, жазуды өрнек тәріздендіріп, белгілі бір заттың бейнесіне келтіре әдемілеп, астарлап жазу.
В) ру таңбалары мен ел таңбалары және малға салынатын ен-таңбаларға байланысты ою-өрнек элементтері: тұмар, айшық, босаға, абақ, тарақ, көз,шөміш, шылбыр, көсеу, ашамай, т.б.
Ою-өрнектердің композияциялық түрлеріне жеке жеке тоқталып кетсем
Өсімдік типтес оюларды шеберлер өз бұйымдарын сәндеуде өсімдіктер мен гүлдердің суреттерін көп қолданған. Мысалы оларға ағаш, жапырақ, үш жапырақ, гүл, үш гүл, жауқазын, өткізбе және т.б жатады.
Гүл өрнегі-гүлдердің барлық түрінің символы.Шебер әйелдердің киім-кешектерін әшекейлеуде гүл өрнектерін жиі қолданады.
Келесі өрнектің бірі табақ. Ол күрделі композияциядан тұрады, яғни ортасында гүлдер, жапырақтар, шырмауықтар орналасады да жиегі "су"
өрнегімен әшекейленеді.Бұл өрнектер үй жиһаздарында түс киіздерді, аяққапарды, дастархандарды әшекейлеуге қолданылады.
Геометриялық ою-өрнектер көбінесе үй жиһаздарында көбінен кездеседі. Ол барлық дерлік бұйымдарда орын алады, көбінесе, жалпы композиция құру барысында, негізгі күрделі ою-өрнектерді жалғастырушы, толықтырушы рөлін атқарады.Оларға ирек, балдақ, шынжара, қармақ, тұмарша, төртқұлақ,ботакөз облары жатады.
Космоногиялық ою өрнектер көк әлеміне қатысты ою-өрнектер.Мысалы шеңбер,шимай,бітпес, жұлдыз, ойшық, шұғыла, төртұшқы.
Енді өзіміздің тұрғылықты жердің ою-өрнектеріне келетін болсақ.Жалпы Шығыс Қазақстан облысында зооморфты ою-өрнектерді кең көлемде қолданылады екен.
Зооморфтық ою-өрнектер — өрнектің негізгі композияциялық түрі. Зооморфтық өрнектер жануарлар әлемін бейнелейді.
Көшпелі қазақтар тамаша ақынжанды адамдар болған. Олар төрт түліктің, аң мен құстың түр-тұлғасының сұлу бітімін тани біліп, олардың бейне-бедерлерін ежелден-ақ қолөнерде қолдана білген. Зооморфтық өрнектердің ішіндегі ең кең тарағаны мүйіздерді бейнелеу еді. Бұл тек мүйіз тәрізді доғалы «қошқар мүйіз» емес, сонымен қатар осы өрнектің барлық түрлері мен композициясы: «мүйіз», «қос мүйіз», «сынық мүйіз». Халық шеберлері тек мүйіз ғана емес, сонымен қатар жануарлардың өзге де дене мүшелерін бейнелеуді кеңінен қолданған. Бұл жерде «түйе мойын» , «құс қанаты», «қаз мойны» бейнелерін атауға болады. Осы ою - өрнектермен үй заттары, жиһаз, қару - жарақ бұйымдары да әсем көркем безендіріледі. Қазіргі уақытта ою - өрнектер сәукеле, айырқалпақ, қамзолдың алдыңғы өңірі, аяқ киім қонышы секілді соңғы үлгідегі киімдерді әшекейлеуде қолданылады.
Ғалымдардың пайымдауынша қазақ ұлттық ою-өрнектерінің, әзірше 230-дай түрі ғана анықталған. Біз солардың ішіндегі халық арасында ең көп тараған «мүйіз» тектес ою-өрнек туралы сөз етпекпіз.
«Мүйіз» оюы қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп отырған. Мысалы: «қошқармүйіз», «арқармүйіз», «бүғымүйіз», «қырықмүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «төртқұлақ», «түйетабан», «сыңарөкше», «қосалқа», «қүсқанаты», «қаз-табан». Колөнер шеберлері осы элементтердің сан түрлі композициясын жасап, бүйымдарға ұтымды пайдаланып келеді.
«Қосмүйіз» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі
мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп
аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен түрмыстық
заттарды, киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын
қой, ешкі, сиыр, бүғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін
бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін
сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, камзолдың алдыңғы
жағына, етіктің қонышына
салады.
«Тоғызтөбе» ою-өрнегі ең көне оюлардың бірі болып
саналады. Бұл өрнек қимақтар мен қарлұқтардың қолөнерінде сақталған
және кезінде «тоғыз-төбе» ою-өрнегі Айша-бибі күмбезінің
кірпіштерін өрнектеу үшін қолданған. Ал қазіргі кезде қазақ,
қырғыз, түрікмен, қарақалпақ қолөнерінде
кездеседі.
«Арқармүйіз» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін
бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас,
бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып
келеді. (Кілем, тұскиіз, сырмақ, кесте, киім-кешек пен үй
жиһаздарында
кездеседі).
«Сыңармүйіз»
«қосмүйіз»,
«қошқармүйіз» деп аталатын оюдың тек бір жақ сыңарын
ғана бейнелейтін өрнек түрі. Шебер орналастырылған «сыңармүйіз»
өрнек композициясында дараланып тұрмай, жымдасып келеді,
үй-жиһаздары мен тұрмыстық заттарға, сондай-ақ киім-кешек,
қару-жарақ т.б. бетіне салынатын ою-өрнектің бәрінде кездеседі және
текемет, сырмақты әшекейлейтін, жиегіне жүргізілетін өрнектің бір
түрі.
«Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа
иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың
құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып
тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі
аңғарылады.
Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем,
былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде
кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен
ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де
тігіледі.
«Қырықмүйіз» ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала
қосылған, көп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе
дөңгелек не төрт-бұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы
тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған
бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон,
кежім, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ
кездеседі).
«Сынықмүйіз» морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт
рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен
алашаларды, сондай-ақ әртүрлі қалталарды безендіру үшін
пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне
үқсайды.
«Төртқұлақ» ою-өрнегінің төрт тармағы зооморфты
немесе көгеніс оюларынан құралған, ортасы крест бейнесін жасайды.
Төрт тармақтан дөңгелек, «төртбұрыш», «төртжапырақ» құрайтын
ою-өрнектер жасалады. Бұл оюлар, кебеже, жүк-аяқ, аяққап,
батырлардың шапанының жауырынына, қалқанға, шалбардың тізе тұсына,
дөдегенің ортасына немесе шет бұрыштарына
салынады.
«Үшқұлақ»,
«Үшжапырақ» ою-өрнектері барлық қолөнерге тән үш
мүйізді, үш жапырақты, үш тармақты болып бейнеленеді. Х-Х1 ғасырда
Тараз қаласындағы моншаның қабырғалары үш жапырақты ою-өрнекпен
бейнеленген.
«Түйемойын« ою-өрнегі түйенің мойнына ұқсап
иіле көтеріліп барып тармақталатын мүйіз оюы. Мұндай өрнек мәнері
көбінесе күрделі бір мүйіз оюларымен түтас келеді де,»түйемойын»
өрнегі сол топта өз алдына оқшауланып өзге денелерден озып тұратын
түйенің ұзын мойнына
ұқсайды.
«Өркеш» ою-өрнегі түйенің қос өркешін
бейнелейді. Сырмақ, текемет, түскиіздерге салынатын ою-өрнек
композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен
аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу
тек симметриялық тепе-теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар
береке-бірліктің, көбеюдің символын
білдіреді.
«Айыр» ою-өрнегі «ашатұяқ», «айыртұяқ» өрнегі кейде
«айыр» өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айыр құралға ұқсас
болып келеді.
«Ботакөз» ою-өрнегі әшекейлі композицияның
ортасына салынатын немесе бірнеше қайталанып келіп, шетін
көмкеретін жиектеме түзейтін ою. Сырт пішіні ботаның көзіндей
дөңгеленген ромбқа үқсайтын геометриялық ою-өрнек. Бұл орамалдың
шетін көмкеретін жиектеме
түзейді.
«Каңқа» ою-өрнегі тоқыма бұйымдарында
қолданылады. Малдың құрап қалған сүйегін тұспалдайды. Алаша, басқұр
бау т.б. тоқыма бұйымдар негізінде өрнек ретінде
салынды.
«Қаpma» ою-өрнегі төрттүлік малдың дене
мүшелеріне еліктеуден шыққан, және сол мүшелердің атымен аталып
кеткен. Бұл өрнек түрі ағаш оюда, зергерлік бұйымдарда, кесте
тігуде кездеседі. «Қарта» өрнегі жүрекке ұқсаңқырап
келеді.
«Қабырға» бұл өрнекте қарама-қайшы түстер қатар
алынады. Ақ немесе сары фонда қара өрнек жүргізіледі. Бұл өрнек
ағаш бетіне бедер түсіруде, кесте тігуде кездеседі және басқұрға да
осы өрнектер жиі
бейнеленеді.
«Омыртқа» ою-өрнегін кестелерден, өрме шилерден,
сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардан жиі көреміз. Бұл өрнек түрі
омыртқаның түрін тұспалдайды, ол әртүрлі үйлесімде түрленіп ою
композициясының ортасына және жиегінде
қолданады.
«Қайнар» ою-өрнегі малды өлкеде өмірге келген,
оюдың түстері салкын түстер гаммасынан кұралады. Бүл ою-өрнек
жайылымдар мен суаттардан тапшылық көрген елде пайда болған өрнек
мал таңбасына ұқсайды немесе судың бір тамшысынан
тұспалдайды.
«Қошқармүйіз» ою-өрнегі – байлық пен молшылықтың
нышаны. Қошқармүйіз онымен қатар әр заттың көлемі, сәнділік
пайдалану деңгейіне қарай әр алуан жапырақ тектес бітпес оюлар
салынады. Бұл өрнектер «иірім», «шиыршық», «түйетабан», «құсмұрын»
т.б.аттармен
аталған.
Бұл мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық
қоңыр ою-өрнектерімізді,кәзіргі жаһандық заманда аман сақтап,
жастарымыздың бойына ұялата білу біздің
парызымыз.
Негізгі тақырып тұрғылықты жердің ою өрнектерінің ерекшеліктері.Тұрғылықты жердің яғни Шығыс Қазақстан облысында зооморфты ою өрнектер көп қолданылатынын білдім.Негізінен осы оюлар сырмақ сыруда кең көлемде қолданылады екен.
Сырмақ (қыр. Шырдак) — киізден жасалып, өрнектелген қазақтөсеніштері. Көбіне үйдің қабырғалары мен еденін сәндеу үшін қолданылатын қолдан жасалған, арнайы тоқу технологиялары бар бұйымдар.
«Сырмақ» атауы оны дайындау әдісінен алынған. Қазақта «сыру» деген сөз арасын жиі етіп тігетін тігістің түрі, жиі етіп бастырып тігу дегенді білдіреді.
Алғашқы сырмақ пішінінің қалыптасуына қазақ елінің ежелгі тұрмысында кездесетін қарапайым жағдайлар себеп болған. Мысалы, көнерген киіздерді қабаттап төсеу, одан соң оны қобырай бермеу үшін қабаттап көктеу. Осындай жағдайдан бара-бара қабаттауды белгілі бір пішінге келтіріп, ықшамдап төсеп, көктеуді де бірте-бірте жиі тігістерге ауыстырып, одан әрі сыруға көшкен деп санауға болатын сияқты. Бұдан әрі басылған кесек киіздерден қалаған мөлшерде кесіп алып, оны қабаттап сырып, шағын төсеніштер жасала бастаған.
Сырмақ киізінің басылуы. Әдетте сырмақ жасалатын киіз не шымқай ақ, не шымқай қара болуы шарт.Киіз түйіртпек, ошаған, тесік болмауы тиіс. Мұндай кемшіліктер оюға, сыруға, біртегіс жиектеуге бөгет жасайды. Сондықтан сырмақ басатын киіздің жүні, оның өңі күні бұрын таңдалып, ол көбінесе қозы жүнінен алынады. Оны сабағанда да ерекше қадағалап, үлпілдетіп сабайды. Осындай іріктеліп алынған жарамды жүннен сырмаққа арнап бет басады. Бет болатын ақ немесе қара киіздің екеуі екі бөлек басылады. Оны ысырап етпес үшін көлеміне қарай әрі шағын, әрі жүнді үнемдеп жұқалау етіп басады. Сондықтан алдын-ала оның көлемін, оған салынатын ою-өрнектің қандай болатынын қарастырады.Сырмақтың беті кейіннен не киізбен, не кенеппен астарланып сырылады.
Ою-өрнекті киізге басып тігу оны мезгілінен бұрын тозудан сақтайды. Сапалы жасалған сырмақ 50 жылға дейін шыдас береді. Қазақ әйелдері сырмақтың киіз үйдің қай тұсына төселетініне дейін алдын ала өлшеп-пішіп алған. Соған байланысты сырмақтар өзінің көлеміне, қолданылу мақсатына қарай төр сырмақ, төсек сырмақ, от киіз, от сырмақ, төрткүл сырмақ, үлкен сырмақ, шай сырмақ, жамбас сырмақ, тері сырмақ, тері бөстек деген түрлі атауларға ие болған.
Ал көлем жағынан алғанда қазақ сырмақтары негізінен 4 түрге бөлінеді. Мұның ең үлкені — көш сырмақ. Бұл сырмақты көшкенде жүк артылған түйенің үстіне жабуға арнайды, жалпы келемі 3—5 метрдей болады. Екіншісі — төсеніш сырмақ, жалпы көлемі 3—3,5 метрдей. Мұндай сырмақтар кейде киіз үйдің төрі бейнелес ірге жағы етектене дөңгеленіп, ал от жағы бүрілген сияқты тарыла дөңгеленіп, от басымен тәрге дәлденіп жасалады. Ол тамның, шошаланың, киіз үйдің төрінің от жағына жалғастырыла төселеді. Үшіншісі — төр сырмақ, көлемі 2—5 метр. Бұл жиекті, оюлы сырмақ. Мұны сыйлы қонақтар келгенде төрдегі жалпы төсеніш киіздің үстінен, қонақ көрпенің астынан салады. Төртіншісі — төсек сырмақ немесе төсек алды сырмағы деп те атайды. Көлемі 2—2,5 метр, жер төсектің орнына немесе төсектің алдына төсейді.Сырмақтардың кейде 1—1,5 метрлік шағын түрлері де кездеседі. Олар бір кісілік сырмақ деп аталады.
Түр жағынан алғанда да қазақ сырмақтарының 4 түрлі атауы бар. Оларды «ақ сырмақ», «қарала сырмақ», «жиекті сырмақ», «дебіске сырмақ» деп атайды. Ақ сырмақты бояулы жиекпен немесе түсті матамен оюламайды. Оны тек шуда жіппен ғана тоқылған жиекпен немесе таңдайлап иірген қарала жиекпен жиектейді. Қарала сырмақты қара және ақ киізден ойыстырып, астарлап, сырып жасайды. Оюларды құраған тігістің үстіне бояулы жиек бастырылады. Бұл бұрын сән-салтанатта сыйлы қонақтарға төселетін, көш жүгіне жабылатын еді. Жиекті сырмақты тұтас бірыңғай ақ немесе қара түсті киіздің бетіне бірнеше түсті бояумен өрнектеп жиек бастыру арқылы жасайды. Мұны мүлікті тең етіп бууға, жолға алып шығуға және басқа да күнделікті тұрмыста көп пайдаланған. Дебіске сырмақты жасағанда тұтас киіздің бетіне әр түсті матаны оюлап бастырып, сол оюлардың шет-шетіне жіңішке жиек басады. Кейде кестеленген тұтас матамен тыстап та дебіске жасайды.
Қазақ халңының ескі ғұрпында мал еті мүшелері әрбір кісіге сыбаға ретінде белгіленгені тәрізді, үй-іші төсенішінің үй мүліктерінің де жас мөлшеріне қарай арнаулы адамдары болған. Мысалы, ақ сырмақты қазақтың ескі ғұрпында көбінесе күйеуі бұрын келмеген оң жақтағы қыздың астына немесе қара жамылып, жоқтау айтып отырған жесірдің астына төсейтін. Ал дебіске сырмақты төсек үстіне, төсек алдына, жас келіншектер мен күйеу жігіттерге төсей- тін. Дебіске сырмақты тұс киіз орнына да пайдаланған.
Сырмақтың көлемі мен түрлері.Сырмақ жасаушы шеберлер өзі білетін немесе қолында бар ою үлгілерінің қайсысын алып, оны қалай орналастыруды қарастырады. Сонымен қатар киіздің көлеміне қарай оны көп кесіп, қырдасынды көп түсірмеу жағын да ойластырады. Сонан кейін сырмаққа арналған киіздің оң бетін еденге жаяды. Таңдап алынған ою-өрнектердің қағаз бен тыңыр теріге түсірілген үлгісін киіздің үстіне салып, сол үлгінің ізімен өткір пышақпен немесе қайшымен мінсіз етіп қиып алады да сырмақ бетіне салады. Оң беті қара киізден ойылған болса, оның ортасы ақ киіздің ортасына түседі. Сырт оюлары ақ киіздің шетіне келіп, ақ киіздің ортасы осы қара шеттің ішінен орналастырылған, екі түсті, оны жөрмеп тігеді. Осы тәртіппен сырмақтың оюлы беті құрастырылып болған соң ою жапсарларының үстінен боялған жиек бастырады. Мұны жиектеу дейді. Оюларын жиекпен басып болған сырмақты астар төсеп, бетпен қоса сыриды. Сырудың тігісі де екі түрлі: біріншісі — жеке жіптің өзімен әрлі-берлі тік шаншып сыру арқылы тігу де, екіншісі — қос жіппен сырып тігу. Бұл әдіс инедегі жіптің астынан тағы бір жіпті бос төсей отырып сыру арқылы іске асырылады. Мұндай тігіс тігін машинасының тігісіне ұқсайды. Сырмақты сыру үнемі ою-өрнектердің бағытымен оюлана сырылады. Сырылып болған соң сырмақтың шеттерін тегістеп қиып, шетіне жиек бастырады. Жиек жіптер неғұрлым ашық түсті, ұяң ақ жүннен иіріледі. Ақ жүнге бояу жақсы қонады. Жиек жібін иіру алдында одан істегелі отырған бұйымының көлеміне қарап қанша метр немесе қанша құлаш керектігін алдын-ала есептеп шамалайды.
Шамалап мөлшерлеудің бұл түрін жіп иірушілер «алқым», «домалақ» деп атайды. «Екі ұршық жіп», «бір алқым жіп», «төрт алқым жіп», «бір домалақ жіп» деген сөздер де осы шамалап мөлшерлеуден шыққан. Жиекке арналған жіпті жалаң қабат түрінде біреуін оңқай, біреуін солақай етіп иіреді. Содан кейін оларды өзді-өзіне қосады да, оны екі қабаттап екі бөлек етіп тағы иіреді. Бұл екі қабатталып иірілген екі бөлек жіпті екі «тін» деп атайды. Бұдан кейін екі «тінді» екі бөлек домалақтап мөлшерін біліп алған соң, оны бояуға салу үшін қайтадан төгеді де, жарты метр шамасындай етіп босатып шумақтайды. Мұны жіпті келептеу дейді. Келептенген жиек жіпті қазанға салып бояумен бірге аударыстыра отырып қайнатады. Қайнату үстінде жиек жіптің қылшықтары бүріліп, сыптығырланады да бояу жақсы сіңеді. Қазақтың халықтық әдісінде бояуға ашудас, мүсәтір, түз қосып, аздап май салады. Бояу сіңіп, қайнап болған жіпті сол келептеулі қалпында сөреге іліп, кептіреді. Бояудың бір қалыпты сіңуі үшін сөредегі жіпті де сағат сайын аударыстырып отырады. Әбден кеуіп болған соң оңқай домалақ пен солақай домалақты қатар жарыстыра отырып бір ұшынан бастап ысқылайды. Ысқылау үстінде жиек жіп тағы да тазарып әрленеді. Ысқылаудан өткен жиектің екі тінін қосып (оны ширатпайды) бір домалаққа жинайды. Мұны «бас» деп атайды. Басқа төгілген оңқай, солақай екі тінді жарыстыра отырып сырмаққа бастырады. Сонда бастырылған жиектің қатар түскен ширатындысындағы оңқай иірім мен солақай иірім қарсыласа келіп біркелкі және әдемі таңдай өрнегін жасайды.
Қазақ қолөнерінде арнайы басылған немесе дайын тұрған ақ киіздерден жасалатын заттар көп. Сырмақ, текемет, төр киіз, тұс киіз сияқты көлемді мүліктерден басқа да көлемі шағын заттар бар. Олар: аяққап, қол дорба, сандық-қап, төсек көмкеруі, керегеқап, асмалдық (орнектелген түйе жабу), тоқым, кебенек, қалпақ, телпек және т. б. Мұндай заттарды жасауға қажетті киізді көбінесе оюлап кеспей тұтас күйінде пішіп алып, өрнекті соның бетіне жапсыра тігеді. Ондай өрнектерді салу үшін кейде әр түсті түрлі маталарды оюластырып, кейде бір түсті матаның бетін әр түрлі жіппен өрнектеп кестелейді. Көбінесе мұндай мүліктердің шетшеті көмкеріліп, жібек жіптермен шашақталып, әр жерінде келетін баулары да тоқыма әшекейлі келеді.
Сырмақтың пайда болуының
тарихын шолу арқылы оның этномәдени мазмұнын ашып көрсетуге
болады.
Киіздер мен текеметтер қай заманда да тұтынушылардың
қажеттіліктерін өтеп келгендігі даусыз. Дегенмен, қоғам дамуы мен
тұрмыс мәдениетінің өсіп-өркендеуіне қарай бұл бұйымдардың осы
күйінде кейде тазалыққа, тұтынуға тиімсіздігі байқала бастаған.
Осыған орай адамдардың тұрмыс деңгейінің, талап-талғамының өсуінің
әсерінен қолдануға ыңғайлы, жеңіл әрі көркем, көлемі шағын
төсеніштер пайда болды. Сырмақтың пайда болуына о баста тұрмыста
кездесетін қарапайым жағдайлар себеп болған тәрізді. Айталық,
көнерген киіздерді қабаттап төсеу, одан соң оны қобырай бермеу үшін
қабаттап көктеу. Осындай жағдайдан бара-бара қабаттауды белгілі бір
пішінге келтіріп, ықшамдап төсеніп, көктеуді де бірте-бірте жиі
тігістерге ауыстырып, одан әрі сыруға көшкен деп санауға болатын
сияқты. Алғашқы сырмақ пішіні осылай қалыптасқан. Бұдан әрі
басылған кесек киіздерден қалаған мөлшерде кесіп алып, оны қабаттап
сырып, шағын төсеніштер жасала бастаған. Зерттеушілердің айтуынша,
мұндай сырмақтар алғашында, әрине, орта салынбай жасалды. Бүтін
күйінде ығына қарай сырылуы, сондай-ақ сол кездегі таңба –
белгілер, нанымдар бойынша оюлар түсірілді. Бірте-бірте қабатталған
киіздердің жиектерін жөрмеу, төрт шетін бойлап, қабаттарын бекіте
түсіп, сырудан түскен сызықтарға сәйкес сыру түсіру арқылы сырмақ
ортасынан төртбұрыш шығарылған. Одан кейін сырмақ шеттерін нығайтып
бекіту үшін жіп есіп алып, сырмақтың шетін жию пайда болды.
Кейінірек ақ, қара түсті жүндерді пайдаланып, қарама-қарсы түстерді
шабыстырып қолдану тәсілімен сырмақтың шетін жиектеу келіп шықты.
Оның ішкі жағына да сәйкес жиек басып, су тарту арқылы сырмақтың
бетіне төртбұрыштар түсіріліп, жиектердің ара-арасы сырылып отырды
(шабыстырып қолдану – қарама-қарсы түстерді қиыстырып келтіру,
жиектеу – түсті жіппен тігіп жиек салу, көмкеру, су тарту – оюды
қатарлап орналастыру үшін яки алма-кезек түсіру үшін бүкіл ою
тұлғасының желісін үзілдірмей, ұластырып салу. Су – бүкіл ою
тұлғасының сабағы, желісі, өзегі. Сырмаққа қатысты желі атауы
жиірек қолданылады. Ал кесте өнерінде мұндай желіні су деп айтады.
Қазақ сырмақтарының ою-өрнегі осы желі, яғни суы арқылы
жасалады).
Сырмақ оюларының түстері
Өрнек-әшекейлерді бояудың түсіне қарай орналастырудың зор мәні бар. Әрбір түс белгілі бір тәртіппен кезектесіп отырмаса өрнек әрсіз, нашар болып шығады. Ретсіз орналасқан бояу түстері қандай жақсы ою болса да күңгірт, солғын түске айналдырады.Ою-өрнектерді әр түсті бояулармен алмастырып отырудың кейде мазмұнға байланысты логикалық ұғымы да бар. Бояу мен түстерді таңдап пайдаланудың қазақ халқының этнографикалық тарихымен де байланысты символдық мәні болған.
Фон және суреттердің түсі жөніндегі шешімдер композициялы болып келеді. Қазақтарда қайсыбір түстің символдық мәні бар: көк түс- аспанның символы, қызыл түс-оттың, күн көзінің символы, сары түс-ақыл-парасаттың, қайғы-мұңның символы, қара түс-жер символы, жасыл түс-жастықтың, көктемнің символы. Затты осы түстердің бірімен бояғанда, оған белгілі мән беріледі. Демек, бояу мен түсті таңдап орналастыру тарихында әрбір елдің ұлттық өзіне тән талғамы мен тағлымы болған.
Әрбір бояу-нақышқа дейін сыр аңғартады.Мысалы, Шығыс Қазақстан облысынан кәнігі шебер Бәди Бәбішева мейрамкүндері,қуанышты жайдарлылықты білдіретін қызыл,қызғылт сары гүлді кілемдер кіре берістен-ақ көз тартып жатуы керек дегенді айтады.Бұл үй иелерінің қонақжайлылығынан,асқақ көңіл-күйінен хабар береді.
Кейде қарапайым элементтер немесе күрделі әшекейлер астарлы ойды байқатып,бір ауылдағы,үй-ішіндегі елеулі оқиғадан хабар береді.Мысалы, қаза жағдайында киіз үйдің кіре-берісіне енді кілемшелер ілінеді.Егер өлген кісі қарт адам болса - ақ ,жас бала болса – қызыл, орта жастағы адамға ақ пен қара оюлы жолақты кілемшелер тұрады.
Сонымен қатар, ою нақыштары дәуірлік оқиғалардың белгілері, мұраттары бола алады.Шет ою түрлеріне жататын семсер үщ, пышақ үш ,ай балта – жаугершілік заманның белгісі.Оюлар негізінен шет ою және шаршы ою деп екіге бөлінеді.
Жаңашылдығы
Қазіргі ою-өрнектегі негізгі элемент – қошқармүйіз немесе мүйіз. Бұл өрнек ежелгі түркі тайпаларының барлығында негізгі мәнер ретінде кездеседі. Өткен ғасырда кітаптың мұқабасына, ішіне әрлеу үшін Еуропа баспагерлері өсімдік пен жеміс-жидек гүлдерінің нақты бейнесін салса, қазақ суретшілері қазіргі басылымдардың бірнеше бетіне түрлі формадағы ою-өрнек элементін бейнелейді.
Ою-өрнекті сан құбылтып, әдемі өрнек шығару, тепе-теңдікті, ырғақты және заттың мөлшерін сақтай отырып қиылған ою-өрнекті бұйымдарға талғаммен ұтымды орналастыра білу қолөнерінің шеберлерінің талғамына, ой-өрісіне, танымы мен біліктілігіне байланысты деп ойлаймын. Көнеден келе жатқан элементтер ғасырлар бойы түрленіп, оюлардың жаңа элементтері пайда болды.
Қазір бұл өнер жаңа бағытта дамып келеді. Бүгінгі кезде өнердің бұл түрі бұқаралық өндірісте брендтерге, бизнес-компаниялардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың брендтік композицияларына әсер ететін құралға айналып отыр.
Дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында ұлттық ою-өрнектерді архитектура, киім дизайнінде, зергерлік бұйымдар, ыдыстар жасауда қолдана отырып әлемдік бренд жасалынады. Бұл брендтік сипат өрнектердің белгілі типіне сүйенеді, қазіргі таңда олар геометриялық символдар.
Дәстүрлі ою-өрнек түрлері тек киім дизайнын немесе бұйымдарды әшекейлеуде ғана емес, сонымен қатар үй интерьерінде де қолданылып отыр. Интерьерде қолданылатын этно-стиль негізгі үш қағидаға сүйенеді – қарапайымдылық, шынайылық және тарихи құндылықтарға жақын болу. Этно мотивтермен безендірілген үй тарихты еске түсіруі керек. Мұндай интерьер жасау өте үнемді тәсіл. Себебі ата – әжелерімізден қалған жиһаздарды, құралдарды, тұрмыстағы заттарды пайдалануға болады.
Қорытынды
Қорытындылай келе, аталған ғылыми жобамызды орындаудағы мақсатымыз, халқымыздың қолынан шыққан қолөнер туындыларының ұлттық ерекшеліктерін, ою-өрнек өнерін жете түсіндіріп, оқушыларды қолөнерге баулу. Халқымыз еңбек пен өнерге егіздеп қараған, қол өнері шеңберлігін жоғары бағалаған. Өнер - өмір бұлағы, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Ұлттық қолданбалы өнерді, оның қоғамдағы тәрбиелік мәнін жан - жақты түсіну үшін әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсінуі шарт.
Сондықтан біз халық өнерін, айнала қоршаған әсемдікті, сұлулықты жете түсініп, сүюіміз қажет, өнердің ғажайып сырларын ашып, оқып үйренуіміз қажет. Өнер - жастарды рухани, эстетикалық тәрбиелеуде қабілетін арттылудың сенімді күшті құрал болып табылады. Ою - өрнек өнері адамға тән ізгі қасиеттерді қастерлей білуге үйретеді. Халық мәдениеті, өнері, дәстүрлі даму тарихы жайлы қанша айтқанмен, әрбір адам немесе халықтар өз қолымен жұмыс істеп, жасаған жұмысының әсемдігін көрсете білсе, халық қолөнерін дамытуға қосар үлесі мол деп шексіз болмау.
Ұсыныстар
- Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра бағдарламасы бойынша қамқорлық жасалынып, оқушыларға , студент жастарға қолөнер сабағына дайындалуға шағын журналдар шығарылса;
- қолөнер түрлері мектепте пән ретінде өтсе жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті сүюіне ықпал жасары анық;
- Оқушыларға ұлттық нақыштағы киім үлгілері ұсынылса, оқу құралдарының безендірілуіне ою-өрнек кең көлемде ұсынылса; шеберлер даярлайтын арнаулы оқу орындары ашылса, ұлттық қолөнер дамыған болар еді. - Ұлттық нақыштағы киім-кешектер қарапайым өмірде қолданысқа енсе деймін.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедиясы/Ә.Нысанбаев
2.Қазақ халқының қолөнері/C.Қасиманов
3.Сырмак (орыс.) Большая советская Энциклопедия
4.Ғаламтордан алынған: https://kk.m.wikipedia.org/wiki ;;https://www.inform.kz/kz/syyly-konakka-toselgen-syrmak_a2837