Материалдар / Ғылыми жоба "Түрлі ұлттардың қазақ даласына келу тарихы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Түрлі ұлттардың қазақ даласына келу тарихы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан халқының көпұлтты болу тарихын баяндау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2018
2108
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Жоспар



Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақстанға қоныстанған ұлттардың қоғамдық саяси өміріндегі ерекшеліктерін саралап көрсету. 

Зерттеу жұмысының мәні. ХХ ғасырдың 30-жылдардың соңында Қазақстанға қоныстанған әртүрлі ұлттар мен этностардың саяси тағдыры, әлеуметтік жағдайы және олардың республика экономикасы мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесін айқындай отырып, тәуелсіздік жылдарындағы ұлттар қатынастарын қарастыру болып табылады. 

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысы Қазақстанға қоныс аударған ұлттардың тарихи тамырын, көшу себептерін, орналасуы мен ел шаруашылығына қосқан үлестерін, жергілікті халықпен үйлесіп кетуін тарихи, теориялық-әдістемелік және деректемелік негізінде қарастыра отырып, объективті түрде баға беруді мақсат етіп қойдым.


Хронологиялық шеңбері. Қазақстанға қоныс аударылған ұлттар мен этностардың 1935-2009 жылдар аралығындағы тарихы алынды. 
























Тақырыбы : Түрлі ұлттардың қазақ даласына келу тарихы


І. Кіріспе «Отаны бірдің –тілегі бір , жүрегі бір »


ІІ. Негізгі бөлімі

А) .Әртүрлі ұлттардың Қазақстан территориясына жер аударылуы мен қоныстандырылуы


Ә)Жер аударылған ұлттардың Қазақстан төңірегіне орналасуы

Б) Әртүрлі ұлттардың Республиканың халық шаруашылығының дамуына қосқан үлесі .

ІІІ.Қорытынды : Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі





ІV. Ұсыныстар

V Пайдаланылған әдебиеттер



















І. Кіріспе

«Отаны бірдің –тілегі бір , жүрегі бір »

Халықтарының Ассамблиясын құру керек» деген. Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаевтің жарлығымен 1995 жылы 1 мартта Қазақстан халқы Ассамблиясы құрылды. Н.Ә. Назарбаев 2007 жылғы ақпан айындағы « Жаңа Қазақстан –жаңа әлемде » атты жолдауында Қазақстан халқының алдына үлкен жауапкершілік жүктеді.Өз халқының бір шаңырақ астында бірлік пен ынтымақтықты сақтап, еңбек етуге шақырды.Бұрынғы Кеңес үкіметінің құрамында болған өзге республикада дәл осындай сындарлы саясат жоқтың қасы. Қазақстан халықтары,этностық орталықтарында түрлі іс-шараларды өткізіп тұрады және мемлекет қаржылай көмегін көрсетуде. Қазақстанда этностық қоғамдық ұйымдардың саны жылдан –жылға өсіп келеді.Кезінде Бүкіл Ұлттар Ұйымының бас секратары Кофи Аннан: «Қазақстандағы ұлттар арасындағы бірлік пен тұрақтылық , жетістіктері басқа мемлекеттерге үлгі» деген және Қазақстанға іс-сапармен 2001 жылы келген Рим папасы I Иоанн Павел де өзінің халықтар арасындағы достыққа жоғарғы пікірін білдірген болатын . Мемлекеттің қолдауымен 11 тілде газет, жұрналдар шығарылып, 44 телестудия 12 тілде ( радио-18) 7 тілде ақпарат беріп, әр ұлт өкілдері өз тілдерінде сөйлейді.Заманауий дамыған кезеңде әр ұлттардың өз тілінде интернетте сайдттары бар.Ұлттық театрлар ( орыс,ұйғыр,корей ,өзбек т.б.) жұмыс істейді.Қазақстанда өмір сүріп отырған өзге ұлт өкілдерінің дамуына барлық жағдай жасалған. Мысалы: қазақ хандары да өз көршілерімен,басқа ұлт өкілдерімен достық қарым- қатынас орнатып, мемлекетті, халықты бейбітшілік аясында ұстауға бар күштерін аямаған.Достық қарым-қатынас орнату үшін өз ұлдарын аманат ретінде өзге мемлекетке берген кездері де болды. Қарапайым халықтар арасында достықты (тамыр) депте атаған. Кеңес үкіметі кезіндегі саяси қуғын-сүргін,халықтарды депортациялау етек алған кезеңде қазақ елі басқа ұлт өкілдеріне керегесін керіп, уығын тігіп,шаңырағын тіктеп берді. Елбасымыз туралы бейне фильмдегі балалық кезіндегі көріністе, бәйгіден ұтып алған кілемді кавказ ұлтының отбасының төріне төсеп бергені әр жасөспірімге тәрбиелік маңызы бар көрініс.. Бұл болашақ Қазақстан халықтарының достығының беріктігі мызғымасы анық .Ұлы Отан соғысы жылдарында да жеңіске халықтар достастығы үлкен рөл атқарған .Қазақ халқының ақыны Ж.Жабаевтің « Ленинградтық өрендерім» атты өлеңі қоршаудағы қала халқына үлкен жігер беріп, өмір сүруге талпындырған. Соғыс жылдарында бір үзім нанды бөліп жеген өзге ұлт өкілдерінің алдыға қойған мақсаттары тек жеңісті жақындату еді.Тарихи деректерді тізе берсек өте көп. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан ұлттарының тілегі мен арманы да бір. Елбасымыздың Қазақстан еліне, халқының өркендеуіне,Отанымыздың гүлденуіне арнаған «Қазақстан-2030» , «Қазақстан-2050» , « Нұрлы жол-болашаққа- бастар жол» түрлі бағыттағы реформаларын халқы қолдап, түрлі салада еңбек етуде. Біздің Қордай ауданында да, түрлі ұлт өкілдері тату –тәтті өмір сүріп, қоян-қолтық еңбек етуде. Ауылымыздың өзінде түрік,әзербайжан, неміс,өзбек,орыс,поляк,қырғыз,татар,чешен т.б ұлттар өмір сүруде. « сен қандай ұлтсың?» деп, бөліп жармай достық қарым-қатынаста өмір сүріп, жылдар өз арнасымен жылжып өтіп жатыр. Бұл бабалардың салып берген сара жолдарымен келе жатқан достық қарым –қатынастың жалғасы деп білемін . Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Қиындық атаулыны жеңетін бір – ақ күш бар, ол – бірлік, ендеше жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарымызды сақтап қалу үшін ол сондай қажет».Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзге Республикаларында қантөгістер мен қақтығыстар болып жатқанда, татулық пен бірліктің арқасында жас мемлекетімізді жасақтап, өтпелі кезеңнен шығынсыз өттік емес пе?, Қазақстанның болашағы тек қана халықтардың ынтымағында» — деген бағдар сілтіген болатын .

-1-

Міне Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достастығы арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп , ілгері басып келеді . Қазақстан бірлігі бүгінгі таңда бибіт өиір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықыласы мен достық ниетінің кепілі . Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды.

Кең байтақ Қазақстанда 130 –дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр . Әрине бұл қазақ халқының ұлылығынан «Кең болсаң , кем болмайсың »дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар

Қазақ осы – айтатұғын елге сыр ,

О ағайын , халық емес сол кесір ,

Қазақ осы аңғал –саңғал жабусыз ,

Қазақ осы ағыл – тегіл , көл –көсір

Қазақ осы дала дейтін , күн дейтін ,

Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін .

Қазақ осы қарасың ба , ақсың ба ,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін , деп жырлаған Қадыр Мырзағалиев ағамыз айтқандай , ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында татулықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім



Әр түрлі ұлттардың Қазақстан территориясына жер аударылуы мен қоныстандырылуы

Кеңестік жаппай қуғын-сүргін тарихы көптеген зерттеулерге арқау болды. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары мен 50-ші жылдарының басы КСРО-да көптеген адамдарды, тіпті тұтастай халықтарды күштеп жер аударудың орын алған кезеңі еді.  Патша үкіметі қазақ жерін толықтай өз меншігіне айналдыру үшін славян ұлттары көбірек қоныстандыруға тырысты. Үкімет біріншіден, қазақ жеріндегі пайдалы қазба көздерін уысында ұстауда республика көп ұлтты мекенге айналдырудың үлкен мәні барын есепке алса, екіншіден бұл өлке түрлі сынақ жүргізуге аса қолайлы еді. Қазақстан саяси жағынан алғанда кеңес жүйесіне қауіп тигізетіндерді жер аударуға аса қолайлы мекен болды. Сондықтан кеңес үкіметі шекара маңындағы халықтарды ішке, яғни қазақ жеріне әкеліп орналастыра бастады. 30-жылдың соңына қарай Қазақстанға қуғынға ұшыраған ұлттарды жаппай зорлап қоныс аудару кең өріс алды. Қазақ халқы өзінің көп ғасырлық тарихында небір қиын - қыстау кезеңдерді басынан өткерді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және игеру жылдары Қазақстанға қаншама ұлт өкілдері қоныс аударды. Халықтың құрамы күрт өзгерді. Ұжымдастыру жылдары қуғынға ұшыраған қазақтар шет елдерге қоныс аударып, сонда мекен етіп қалды. Ал керісінше индустрияландыру, тың игеру жылдары келген басқа ұлт өкілдері үшін Қазақстан екінші Отанына айналды. 1937 жылы екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қиыр Шығыстан 96 мың кәріс отбасымен көшіріліп әкелінді. 1940 - 1941 жылдары батыс шекарадан 105 мың поляк Қазақстанға күшпен жер аударылды. Ұлы Отан соғысы басталысымен Еділ өзені бойын мекендейтін 1

-2-

миллионнан аса неміс шығысқа көшірілді. Олардың 400 мыңы Қазақ даласына келді. 1943 - 1944 жылдары мыңдаған қалмақтар, қарашай, қырым татарлары, балкарлар, чешендер, ингуштар біздің елге жер аударылды. Соғыс кезінде 2, 5 миллиондай басқа ұлт өкілдері Қазақстанға қоныстанды. Тың игеру жылдары 2 миллиондай басқа ұлт өкілдері тағы көшіріліп әкелінді. Қазақстан территориясына Қиыр Шығыстың 23 ауданынан көшірілген корейліктер Қазақстанның Оңтүстік өңіріне, Арал теңізі мен Балқаш көлі маңына орналастырыла бастады. Қоныстанушылар үлкен қиыншылыққа тап болды. Ұлттарды өз жерінен көшіруде мемлекеттік шығындар да көбейді. Соғыстан кейінгі жылдары республика халық шаруашылығының барлық саласында еңбек етіп, оның өркендеуіне өз үлестерін қосты. 1957 ж. олардың елдеріне қайтуына, ұлттық-мемлекеттік құрылымдарының қалпына келтірілуіне байланысты КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлықтары мен КСРО үкіметінің қаулы-қарарларына қарамастан олардың негізгі бөлігі осында түпкілікті қалып қойды. Тек Кавказ түріктері, немістер мен Қырым татарларына еліне қайтуға жағдай жасалған жоқ. Бүгінде олардың бәрі Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматтары. Қазақстан Республикасының Ата Заңында дініне, тіліне, шыққан тегіне қарамастан, Қазақстанды мекен ететін барлық ұлттардың тең екендігі жазылған Олардың балалары ана тілін үйренеді. Түрлі ұлт тілдерінде газеттер шығып тұрады, театрлар жұмыс істейді. Қаншама түрлі ұлт тұрса да мемлекеттік тіл қазақ тілі болып қала береді.

Жер аударылған ұлттардың Қазақстанға орналасу

Сол кездің өзінде-ақ олардың көпшілігін қоныстанған орындарынан қашуын тоқтату үшін республика ішінде қалалардан, аудан орталықтарынан және темір жол станциялары аймақтарынан алыс жатқан мал совхоздары мен колхоздарға бос жатқан жаңа жерлерді игеруге пайдаланып бұл ішкі қоныс аудару «науқаны» әлденеше рет жүргізілді. Бұндай әрекеттерден шығындар да көбейді. Мысалы, 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының игерілетін суармалы жерлерінде колхозшылды көбейту керек болды. Осының нәтижесінде бетпақ даланы игеруге 3 мың жер аударылғандар үгіттеліп жіберілді. Жағдайларының жақсаратына сенген олар көшуге келісім берді. Бірақ оларға жаңа жерлерде де жер аударылғандар екенін білдіретін құжаттарын өзгертуге құқы болмады. Барған жерлерде де олардың материалдық-тұрмыстық жағдайлары төмен болды. Өйткені иесіз далаға тез арада баспана, мектеп, аурухана сала қою оңайға түспеді. Олардың тұратын жерлері жертөлелер, қамыстан салынған үйлер немесе бір баспанаға бірнеше отбасылары тұратын барақтар еді. Кері қайтуға жол алыс, қаражат болмады және кетуге рұхсат та болған жоқ. Олардың орналасқан жерлерінде өткізілген заттары қайтарылып, үйлері жоқ қоныс аударылғандарға өкімет тарапынан үй-жай бөлінеді делінді. Бірақ соғыстан кейінгі тұралаған уақытта бұл жағдайлар орындалмады, керісінше оларға жергілікті халықтар көмектерін аяған жоқ. 
Күштеп қоныс аударылғандардың өмірін, тұрмыс-тіршілігін реттейтін арнаулы жеке құқықтық актілері мен нормалары болды. Мысалы, 1945 ж. 8 қаңтардағы бір қаулыда «Әдейі қоныс аударылғандар Кеңес Одағы азаматтары сияқты барлық жағдайларды пайдалана алады» - делінді. Бірақ бұл сөз жүзінде қоныс аударылғандардың өмірінде көптеген өзгешеліктер болды. Олар бақылаушы коменданттың рұхсатынсыз елді мекеннен ешқайда шыға алмайтын болды. Жер аударылғандардың тұрмыстық-тіршілігін жаңа қоныстанған жерлерінде халық комитетінің ішкі істерінің арнайы комендатуралары бақылауға алып, тәртіп бойынша жиі-жиі тексеріп отыруды әдетке айналдырды. Әрбір өзім білерлік тез арада ашылып отырды. Әрбір заң бұзушылық тез арада ашылды. 
Қоныс аударылғандар үш күн мерзім ішінде отбасындағы өзгерістерді баланың тууы, өлім, кеткен адамдар, ажырап қалған туысқандарымен табысу, емделу, тұрағының және

жұмыс орнының ауысуы жайлы тағы басқа деректерді үнемі комендатураға хабарлауға тиіс болды. Олар өздері тұрған жерлеріндегі тәртіпке, күнделікті істелінетін істерге көңіл бөліп, қатаң бақылауға бағынулары керектін, өйтпеген жағдайда тәртіп бұзушы ретінде 100 сомға дейін айыппұл төлеп, 5 күнге дейін қамауға алынды. 
Жаңа жердің жағдайына, құқықтық ережелерге наразы болып, тұруға белгіленген елді мекендерді өз беттерінше тастап кеткен, немесе қашқан адамдар ұсталып, қатаң қылмыстық жазаға тартылып отырды. Мұндай адамдар бас бостандығынан айырылып, ауыр жұмыстарға жіберілді. 
Осындай заң режимі олардың тұрмыс жағдайларын ауырлата түсті. Оларды отанын сатқандар немесе халық жаулары ретінде қарап жекелеген басшы қызметкерлер әртүрлі сылтаулармен жұмысқа алмауға, жәрдем бермеуге тырысты. Кейде жұмыстың жоқтығынан күнделікті тіршіліктегі хал-ахуалдары нашар болды. Тұрмыстағы мұндай келеңсіздіктер олардың жаппай ауруларына себеп болды, қашу оқиғалары да көптеп етек алды. 
Арнайы жер аударылғандар үшін жеке құқықтық мәні бар заң актілері мен нормалары қатаң сақталып, ал керісінше олардың материалдық мұң-мұқтажына байланысты мәселелер толық шешімін тапқан жоқ. Соғыстан кейінгі шаруашылық күйзелісі, жалпы экономикалық қиындықтар барлық халыққа ауыр тигені мәлім. Сондықтан
жер аударылғандарды орналастыру немесе республика көлемінде басқа жерге көшіру қосымша материалдық шығындарға әкеліп соқты. 
Дегенмен, жер аударылған халықтардың тұрмыс-тіршіліктерінде әртүрлі кедергілер мен келеңсіздіктер қысылтаяң уақытта жергілікті тұрғындардың да ауыр кезеңдердегі тұрмысына орайласып келіп тұрды. Себебі бұл күштеп қоныс аударылып келген халықтарға жасалынып отырған азын-аулақ болса да көмектерді тұрғылықты халықтың аузынан жырып берумен бірдей болды. Алайда ауыр болса да елімізде мемлекет тарапынан да олардың тұрмыс-тіршіліктеріне, мүмкіндігінше материалдық қолдау (мал, үй-жай, азық-түлік, киім-кешек) көрсетіліп тұрды. Дегенмен соғыстан кейінгі қиыншылық пен тапшылықты бүкілхалық басынан өткерген еді. 
Диссертацияның «Жер аударылған халықтардың 1946-1960 жылдарда халық шаруашылығын өркендетуге қосқан үлесі» атты екінші тарауда соғыстан кейінгі тұралаған халық шаруашылығын қалпына келтіру мен олардың осы кезеңдегі тарихы байланыстырыла қарастырылды. Соғыс кезіндегі қорғаныс өндірістеріне, жаңадан салынған теміржол құрылысына, тау-кен өндірісіне шұғыл жасақталған жүйе - Еңбек армиясы еді. Еңбек армиясының құрамында мыңдаған адамдар жіберілді. Ондағыларға жұмыстың ауырлығына қарамай кез-келген нормалар беріліп, олардан соны орындау талап етілді. Жер аударылған халықтардың ішінде әсіресе немістерге деген сенімсіздік күшті болды. Олар лагерлік типтегі Еңбек армиясының барлық этаптарынан өтті. Бұндағы жұмыстарға неміс ер азаматтарының 15-55 жас аралығындағы және неміс әйелдерінің 16-дан 45 жасқа дейінгілері тартылды. Еңбек армиясы 1946 жылдың соңына дейін ұйымдасқан түрде жасырын жұмыс істеді. 1946 ж. кейін Еңбек армиясы лагерлері мен колониалары таратылып, ондағылар күнделікті өмір статусына ауыстырылды. Алайда еңбек резервтерінің мобилизациялық жоспары бойынша 16 жастағылардан жоғарғылар ФЗО (ФЗУ) арқылы жұмысшы мамандықтарын алып, міндетті түрде жұмысқа жіберіліп отырды. 
Ендігі жерде оларды кейінгі жұмыстарға пайдалану әдістері халық шаруашылығындағы әрқилы еңбек түрлерімен жалғасты. Кеңес Одағы Министрлер кеңесінің 1946 ж. 9 шілдедегі №1480-650 қаулысымен «Халық шаруашылығын қалпына келтіру және өркендету туралы» мемлекеттік жоспар бойынша бұл жұмысқа жер аударылғандардан бірінші кезекте тартылды. 
Дегенмен олардың міндетті еңбек саласы халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңіне дәл келгенімен жер аударылған халықтарды алғашында еңбекке пайдалануда жұмысшылар мен басқарамалар арасында әртүрлі қақтығыстар да кездесіп тұрды. Мысалы, 1946 ж. Зырянов кен басқармасында өндіріс жоспарының қысқаруына байланысты жұмыстан бірінші кезекте жер аударылғандар шығарылған. Мамандықтары барлары мен ерекше цехтарда істейтін 178 адам жұмыссыз қалдырылды. Мұндай жағдайдан кейін олардың жағдайлары күрт төмендеп кетті. Кейіннен олар басқа жерге көшірілді. 

Әртүрлі ұлттардың Республиканың халық шаруашылығының дамуына қосқан үлесі
Елдің ауыр әлеуметтік тұрмыс жағдайларына қарамастан әртүрлі ұлттар республиканың мәдениетіне, экономикасына елеулі үлестерін қоса білді. Олар ірі өнеркәсіп, пайдалы қазба орындарында, зауыт, фабрика, ірі құрылыс, өндіріс орындарында және ауылшаруашылығында жұмыс істей жүріп, өзінің ұлттық қасиеттерін ұмытпауға тырысты. Қоныс аударылған халықтар әртүрлі әлеуметтік топтарға жатты. Бұлардың арасында зиялы қауым өкілдері, жұмысшы табы да, шаруалар да болды. Дегенмен олар өзінің мамандығы бойынша қызмет етпеді. Олардың білімі, мамандықтары ескерілмеді. Білікті инженер немесе экономист колхоз, совхоздарға малшы, күзетші, тракторшы т.б. қара жұмыстарды істеді. Мәселен, өз жерлерінде мұнай саласында қызмет еткен шешен-ингуштар мен зауыт-фабрикаларында жұмыс істеген поляк, немістер колхоз-совхозды жерлерге қоныс аударылғаннан кейін өз мамандықтары бойынша емес, ең ауыр қара жұмыстарға жегілді .
Жер ауып келгендердің бастапқы кездерде жалақылары да өте төмен болды. Дегенмен жақсы жұмыс істеп, көзге түскендерге, күнделікті еңбек мөлшерлерін орындап жүргендерге жалақы мөлшерін көбейтіп отырған. Оларға еңбекақы тамақ түрінде де берілді. Соғыс басталған жылдары төмен жалақыға қарамастан майдан есебіне, әскери техника жасауға Ақмола облысының неміс ұлт өкілдері 70 миллиондай ақша жинап берген.
Неміс ұлттары кен өндіру орындарында, оның ішінде алтын өндіру кеніштерінде жұмыс істеген. Олардың арасында ауылшаруашылығында еңбегімен көзге түсіп, үкімет тарапынан Еңбек Қызыл Ту орденімен 8 адам марапатталды. Шешен ұлт өкілдерінен 1946 жылы ірі өнеркәсіп орындарында 826 адам жұмыс істеп, оның көпшілігі қажірлі еңбектерімен көзге түскен. Ірі өнеркәсіп, кәсіпорын, фабрика, зауыттарда жұмыс істейтіндердің арасында социалистік жарыстар өткізіліп, өзге ұлт өкілдерінің арасында суырылып алға шыққандар да болды. Ауылшаруашылығында жер аударылғандар арасында үздік еңбектерімен көзге түсіп, Кеңестер Одағының түрлі марапаттауларына ие болғандардың қатары көбейді. Павлодар облысында мемлекет тарапынан 131 адам марапатқа ие болған. 

1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге қоныс аударғандар тың белсене атсалысып, олардың араларынан да үкімет марапатына ие болғандар

болды. 1955 жылы 29 маусымда КОКП ОК-нің «Қоныстанушылар арасында саяси жұмысты жаппай күшейту туралы» қаулысының қабылдануы ұлттар арасында үгіт-насихат жұмысын өрістетті. Алайда олардың ана тілінде дәрістер оқу, радиодан түрлі бағдарламалар мәселелері қолға алынбады.



Хронологиялық шеңбері. Қазақстанға қоныстанған ұлттар

Әрі халқымыздың басым көпшілігі өздерін Қазақстанның азаматы ретінде танитыны айдан айқын. Сондықтан азаматтық қоғам идеяларын жалпы ұлттық идеялармен үйлестіре отырып, республикадағы азаматтық қауымдастықты қалыптастыруға әбден болады.

1999 жылғы Бүкілхалықтық санақ Қазақстан тұрғындарының ұлт құрамында саны жағынан бірінші орында қазақтар, екінші орында — орыстар, үшінші орында — украиндар, төртінші орында — өзбектер, бесінші орында — немістержәне т.с.с. болғандығын көрсетті.

Қазақтар Оңтүстік Қазақстан облысында — 13 мың, Алматы облысында — 925 мың, Шығыс Қазақстан облысында — 740 мың, Жамбыл облысында — 640 мың адам. Ал орыстар Шығыс Қазақстан облысында — 700 мың, Қарағанды облысында — 610 мындай, Қостанай облысында — 430 мыңдай, Солтүстік Қазақстан облысында — 360 мыңдай, Павлодар облысында — 330 мың, Ақмола облысында — 330 мың адам орналаскан.

Украиндардың ең көбі ҚостанайҚарағандыПавлодарСолтүстік ҚазақстанАқмола облыстарында шоғырланған.Беларустар Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарына көптеп түрақтаған. Өзбектердің көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысында түрады. Немістер Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында топтаскан. Татарлар Қарағанды, Оңтүстік ҚазақстанҚостанайПавлодарСолтүстік ҚазақстанАлматыЖамбыл облыстарында көптеп мекендейді. Ұйғырлардың көп бөлігі Алматы облысында,дүнгендер — Жамбылда, түріктер Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түрады. Корейлер —Алматы облысында, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күрділер — Алматы мен Жамбылда, ал тәжіктер, негізінен, Оңтүстік Қазақстан облысында көп шоғырланған.

Тек 19891999 жылғы санақ нәтижелері республикадағы этникалық топтардың қатарында орыстардың үлес салмағытөмендегенін көрсетті. Оған көші-қондық ағымдар, табиғи өсімнің азаюы, әлеуметтік жағдайдың нашарлауы кері әсеретті. Қазақстанға алыс және шетелдердегі қазақтардың көшіп келуі де жергілікті халықтың абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштеріне өзгерістер әкелді.

19891995 жылдардағы орыстардың көші-қондық кері ағымдары қарқынды жүрді, нәтижесінде барлық облыстарда олардың абсолюттік санының азаюы байқалды. Қоныс аударушылардың көпшілігі 19791989 жылдары Оңтүстік ҚазақстанЖезқазғанБатыс Қазақстан және Атырау облыстарынан шыкса, 19891993 жылдары Маңғыстау,ҚызылордаАлматыОңтүстік ҚазақстанТалдықорғанАқтөбе облыстарынан кете бастаған.

Ал Қазақстандағы жалпы демографиялық жағдайға байланысты туудың кеми түсуі мен оның табиғи өсімге әсер етуі де орын алуда. Оған төмендегідей жағдайлар: қазақтарда көп балалы отбасынан орташа отбасыларға, орыстарда орташа отбасылардан аз отбасыларға ауысу жүріп жатыр. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік-экономикалықтұрмысының шапшаң өзгеруі, көші- конның барлық түрлері және т.б. факторлар ықпал етті. Табиғи өсімнің азайып, өлімнің көбеюін және жастық құрылымның қартаюын 19911995 жылдарда туған балалардың саны кестесінен көруге болады.

Әсіресе демографиялық өсу қарқынының баяулай түсуі, негізінен, қала жұртының, кейіннен ауылдық жерлерде бала санының шектеле бастағанын білдіреді. Ал ұлттар аралас тұратын ірі қалалар мен өндіріс орталықтарындағы халықсаны ауылдан келушілер есебінен толығуда, яғни кенттену барысы жылдам жүруде. 1989 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстанның 50 қаласының 6-уында ғана қазақтар 50%-дан артады. Қалған қалаларда орыстар мен басқаұлттар басым. Бірақ алдағы кезеңде кала тұрғындарының ішінде қазақтардың үлесі арта түспек деп күтілудеміз.







Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі


Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО-дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек» дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған ғой. Ең ерекшелік сол – кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мысалы, Ресейде мұндай үрдіс жоқ.
Қазір адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көбейіп, қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр. Бұған әрине, қуанасың және мақтанышпен айтасың. Осындай ел бірлігі мен тұтастығы жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар
.

Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысына дүниежүзі риза десек артық айтпаймыз. Әрине, оның басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғаны айтпаса да түсінікті. Түрлі ұлттардың мәдени сыйластығымен  Ел бірлігін сақтау титульді ұлттың ғана мүддесін көздеумен шектелмейтіндіктен, Қазақстанда тұратын барлық этностардың ана тілдерін, мәдени мұралары мен дәстүрлерін еркін дамытуға аса көңіл бөлінген.Әр ұлттың өзінің ата – дәстүрі, салт санасы болатыны сөзсіз.






































149 «Қызылту»орта мектебі










Тақырыбы : Түрлі ұлттардың қазақ даласына келу тарихы





Оқушының аты - жөні : Дүйсенбек Айша

Жетекші : Тымбаулиева Маржан









2015 оқу жылы



































Мазмұны



І. Кіріспе «Отаны бірдің –тілегі бір , жүрегі бір »--------1-бет


ІІ. Зерттеу бөлімі

А) .Әртүрлі ұлттардың Қазақстан территориясына жер аударылуы мен қоныстандырылуы ..................................................2-бет




1. Жер аударылған ұлттардың Қазақстан төңірегіне орналасуы
-------------------------------------------------------------------
3-4-бет


3 Әртүрлі ұлттардың Республиканың халық шаруашылығының дамуына қосқан үлесі .........................................................5-6 бет


.6-бет


ІІІ.Қорытынды

Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі...............................7-бет





VІ. Пайдаланылған әдебиеттері...................................................................10-бет

ІV. Ұсыныстар................................................................................................11-бет

Мазмұны.........................................................................................................12-бет

























-1-




І. Кіріспе

«Отаны бірдің –тілегі бір , жүрегі бір »

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Қиындық атаулыны жеңетін бір – ақ күш бар, ол – бірлік, ендеше жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарымызды сақтап қалу үшін ол сондай қажет».Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзге Республикаларында қантөгістер мен қақтығыстар болып жатқанда, татулық пен бірліктің арқасында жас мемлекетімізді жасақтап, өтпелі кезеңнен шығынсыз өттік емес пе?, Қазақстанның болашағы тек қана халықтардың ынтымағында» — деген бағдар сілтіген болатын .

Міне Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достастығы арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп , ілгері басып келеді . Қазақстан бірлігі бүгінгі таңда бибіт өиір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықыласы мен достық ниетінің кепілі . Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды.

Кең байтақ Қазақстанда 130 –дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр . Әрине бұл қазақ халқының ұлылығынан «Кең болсаң , кем болмайсың »дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар

Қазақ осы – айтатұғын елге сыр ,

О ағайын , халық емес сол кесір ,

Қазақ осы аңғал –саңғал жабусыз ,

Қазақ осы ағыл – тегіл , көл –көсір

Қазақ осы дала дейтін , күн дейтін ,

Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін .

Қазақ осы қарасың ба , ақсың ба ,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін , деп жырлаған Қадыр Мырзағалиев ағамыз айтқандай , ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында татулықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім














Қазақстан территориясына түрлі ұлттардың келу себебі

Кеңестік жаппай қуғын-сүргін тарихы көптеген зерттеулерге арқау болды. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары мен 50-ші жылдарының басы КСРО-да көптеген адамдарды, тіпті тұтастай халықтарды күштеп жер аударудың орын алған кезеңі еді. 

Патша үкіметі қазақ жерін толықтай өз меншігіне айналдыру үшін славян ұлттары көбірек қоныстандыруға тырысты. Үкімет біріншіден, қазақ жеріндегі пайдалы қазба көздерін уысында ұстауда республика көп ұлтты мекенге айналдырудың үлкен мәні барын есепке алса, екіншіден бұл өлке түрлі сынақ жүргізуге аса қолайлы еді. Қазақстан саяси жағынан алғанда кеңес жүйесіне қауіп тигізетіндерді жер аударуға аса қолайлы мекен болды. Сондықтан кеңес үкіметі шекара маңындағы халықтарды ішке, яғни қазақ жеріне әкеліп орналастыра бастады. 1926 жылғы санақ нәтижесіне сүйенсек, Қазақстандағы халықтың жалпы саны 6. 229, 9 адам болып, оның ішінде 3. 627,6-сы жергілікті қазақтарды құрады. 

30-жылдың соңына қарай Қазақстанға қуғынға ұшыраған ұлттарды жаппай зорлап қоныс аудару кең өріс алды. Қазақстан территориясына ең алғаш болып қоныс аударылған ұлттың бірі поляктар болды. Олар Украина территориясында шекараға жақын жердегі аудандарда қоныстанған еді. Сталиндік қуғын-сүргін салдарынан осы поляк ұлты көбірек тұратын аудандар жойылды. Негізінен қоныс аударуға үкіметтің 1936 жылғы 23 қаңтардағы «Украин КСР-нен Қазақ АКСР-на қоныс аудару» жөніндегі және 1936 жылғы 26 сәуірдегі «УКСР-нан Қазақ АКСР-нің Қарағанды облысына экономикалық қамтамасыз ету» жөніндегі қаулысы негіз болды. 

Жоғарыда аталған қаулылар бойынша 1936 жылдан бастап Украина шекаралық аймақтарынан қоныс аударылатын 35,820 поляк ұлт өкілдерінің 35,739-ы, яғни 99,8%-і Қазақстанға жіберіліп, Солтүстік өңірлерге орналастырылды. Бұғанға дейін де Қазақстанда 1926 жылғы санақ есебіне сүйенсек, 5000 поляк ұлты мекен еткен. Олар ХІХ ғасырдағы Ресей патшалығының Сібір өңіріне қоныс аударған поляк революционерлері мен ХХ ғасырдың басында Польша корольдігіндегі экономикалық дағдарыстарға байланысты қоныс аударған поляктар еді. КСРО территориясына поляктардың екінші толқыны 1939 жылы басталды. Тұтастай алғанда, КСРО-ның батыс аймағынан қазақ даласына жер аударылғандардың саны 190 000 адам болған Соғыс қарсаңына қарай Қазақстанда 102 мың қоныс аударылған поляктар болған. 

1937 жылдың шілде-қазан айлары аралығында БК(б)П Орталық Комитетінің Саяси бюросы Армения, Әзірбайжан, Орта Азия республикалары мен Қиыр Шығыс шекаралара маңына тазарту жүргізу жөнінде шешім қабылдады. Бір уақытта сол ауадандардағы «сенімсіз» адамдарды жою мәселесі көтерілді. 1937 жылдың 5 шілдесінде БК(б)П Орталық Комитетінің Саяси бюросының шешімімен Армения шекарасы маңайындағы 500 шаруашылықты 3-5 айды ішінде көшірілу тиіс болды. Ал 14 шілдедегі Саяси бюроның «Шығыс аудандардағы шекара мәселесі» турасындағы шешімі тазарту жүргізеті аймақтардың қатарын көбейтті. ІІХК-на Армян, Әзірбайжан, Түркменстан, Өзбек және Тәжік КСР-індегі шекаралық өңірдегі сенімсіз элементтерді көшіруді басқару жүктелінді. 1937 жылғы 27 қыркүйектегі БК(б)П Орталық Комитетінің Саяси бюросының қаулысы бойынша Армениядағы сенімсіз элементтердің қатарына күрд отбасылары да жатқызылды. 

Күштеп қоныс аударылған халықтардың бірі корей ұлты. Корейлер негізінде Қиыр Шығысқа ХІХ ғасырдың 60-жылдары қоныстана бастаған. 1917 жылғы санақ бойынша Приморье губерниясындағы корей шаруа отбасының саны 9308 болса, бұл 1922 жылы 18407-ге, ал 1925 жылы 21555-ке жетіп, қоныстанушылар саны шамамен 120-130 мың адамды құрады. 

1937 жылдың шілдесінде Жапонияның Қытайға басып кіруіне орай кеңес өкіметі елдің Қиыр Шығысындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кейбір іс-шараларға баруға туралы келді. 1937 жылдың 21 тамызында КСРО Халық Комисарлар Кеңесі мен БК(б)П Орталық Комитетінің «Корей халқын Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралық аудандарынан көшіру туралы» біріккен қаулысы шықты. 

Корейлердің Қиыр Шығыстан КСРО-ның ішкі аймақтарын көшірудің себебін кеңестік үкімет Жапония тарапынан төніп тұрған соғыс қаупінен деп түсіндірмекке тырысты. Бұл негізінде корейлердің Жапон үкіметіне жасырын қызмет атқарулары мүмкін деген күдікпен туындаған еді. Қиыр Шығыстың 23 ауданынан көшірілген корейліктер Қазақстанның Оңтүстік өңіріне, Арал теңізі мен Балқаш көлі маңына орналастырыла бастады.

Соғыс қарсаңында Кеңестік үкімет Түркия мен Иран шекараларына жақын орналасқан аз ұлттарға деген сенімсіздігін күшейте түсті. Шекара аймақтарында тұратын күрд, ирандық, ассириялықтар мен түріктерді ішкі аймақтарға көшіру барысы 1937-1938 жылдар аралығында жүрігізілді. Түркіменстан, Әзірбайжан, Грузия мен Армян КСР-нен күрд, армян және түріктерді көшіру мәселесі олардың шетелдерде туыстарының барлығы және олармен байланыс ұстауынан туындады. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Кеңес өкіметі бұл ұлт өкілдеріне үлкен сенімсіздікпен қарады. Қазақстанның Алматы мен Оңтүстік өңірлеріне көшірілген күрдтерді орналастыруға 1938 жылы 400 мың сом ақша бөлінген .Немістер жер аударылды. Екінші дүние жүзілік соғыс басталған кезде, гитлерлік әскерге көмектесуі мүмкін деген желеумен Еділ бойынан немістер қудаланды. 1939 жылғы санақ бойынша КСРО-да 1 427222 немістер мекендеген
30-жылдардың ортасына дейін Қазақстанда тұрып жатқан 51 102 неміс ұлт өкілдері кеңестік қоғамның толық құқылы мүшесі болып келген. Қазақ жеріндегі немістердің саны 1936 жылы 28 сәуірде поляк ұлт өкілдерін Украинадан көшіру жөніндегі КСРО ХКК-нің қаулысынан кейін көбейді. 1936 жылдың соңына дейін, атап айтқанда шілде мен қыркүйекте поляктармен бірге
1941 жылдың 6 қыркүйегінде Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің қаулысы бойынша немістер Қазақстанның Қарағанды облысына, Жамбыл облысына, Қызылорда облысына, Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастыру шешілді.
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және соғыс жылдарында Қазақстанға жер аударылған корей, шешен, ингуш, түрік, болгар, Қырым татарлары және басқа халықтар мен этникалық топтар өкілдері соғыс кезінде және соғыстан кейінгі жылдары республика халық шаруашылығының барлық саласында еңбек етіп, оның өркендеуіне өз үлестерін қосты. 1957 ж. олардың елдеріне қайтуына, ұлттық-мемлекеттік құрылымдарының қалпына келтірілуіне байланысты КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлықтары мен КСРО үкіметінің қаулы-қарарларына қарамастан олардың негізгі бөлігі осында түпкілікті қалып қойды. Тек Кавказ түріктері, немістер мен Қырым татарларына еліне қайтуға жағдай жасалған жоқ. Бүгінде олардың бәрі Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматтары. Олардың соғыстан кейінгі Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі арнайы зерттеуді қажет ететіндігі айқын



ІІІ.Қорытынды


Пайдаланылған сілтемелер тізімі:
1.Боздақтар мәңгі жадымызда 1979-1989. Алматы. «Өлке». 2006.
2.Егемен Қазақстан. 1996ж. 18 ақпан.
3.Барт А.И. Книга Памяти. А., 2000.
17 бет.

Пайданылған әдебиеттер тізімі:
1.Наш сосед Афганистан.
Ташкент. 1980. 9бет.
2.Теплинский.Л.Б. История советского-афганских отношений. М.Мысль. 1988. 82бет.
3.Боздақтар мәңгі жадымызда 1979-1989. Алматы. «Өлке». 2006.
4.Назарбаев Н.Ә. «Ғасырлар тоғысында». А., Өнер. 1996жыл. 18-бет.
5.Меримский В.А. Военно-исторический журнал. 1993. N11. 34бет.
6.КорниенкоГ.М «Новая и новейшая история». М., 1993. N3, 112-бет.
7.Назарбаев Н.Ә. Казақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуымен
дамуының стратегиясы. Алматы, 1992.37б.
8.Назарбаев Н.Ә.Қазақстанның болашағы қоғамдық идеялық бірлігінде.
Алматы, 1993.52 б.
9.Назарбаев Н.Ә.Қазақстан-2030 Жолдауы. Алматы, 1997.11 б.
1
0.Назарбаев Н.Ә.Әділеттің ақ жолы. Алматы, 1991.54 б.
1
1.Назарбаев Н.Ә.Тарих толқынында. Алматы, Атамұра, 1999.64 б.

Мерзімді басылым маериалдары :
1.Егемен Қазақстан.
1996ж. 18 ақпан.
2.Казахстанская правада. 1999. 23 наурыз
3.Егемен Қазақстан. 1995. 18 қараша.
4. Егемен Қазақстан.Біз-интернационалистерміз. 2009, 13 ақпан,8б
5. Егемен Қазақстан. Ауған синдромы. 2009, 25 ақпан.14 б
6. Егемен Қазақстан. Жарияланбаған соғыс 2009,14 ақпан. 8 б.
7. Егемен Қазақстан.Біз-интернационалистерміз. 2009, 13 ақпан,8б
8. Егемен Қазақстан. Ауған синдромы. 2009, 25 ақпан.14 б
9. Егемен Қазақстан. Жарияланбаған соғыс 2009,14 ақпан. 8 б.
10. Егемен Қазақстан. Ауған синдромы. 2009, 25 ақпан.14 б











Ұсыныстарым:


1 . Мектеп бағдарламасында ауған соғысына арнайы тарау беру;

2. Мектептің 1-11 сынып аралығында ауған соғысы және оған қатысқан жерлестеріміздің ерлік жолдарын насихаттау бағытында арнайы тарау беру;

3. Жастарды патриоттық сезімге, Отаншылдыққа баулу үшін, Ұлы Отан соғысы және ауған соғысы ардагерлерін қатыстыра отырып үйірме, әскери клуб т.б. ұйымдастыру;

4. Облыс орталығындағы өлкетану мұражайында ауған соғысына қатысты бірнеше тақырыптық көрмелер ұйымдастыру;

5. Бүгінгі дейін облыс орталығында ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған тағызым ескерткіші жоқ. Соған байланысты қала, облыс әкімшілігінен ескерткіш ашуға қаржы бөлуін сұрау, болмаған жағдайда жастар акциясын өткізу;

6. Күні бүгінге дейін ауған соғысы әлі де өз деңгейіндегі бағасын ала алмай келеді. Қазақстан Республикасы Заңдарында ауған соғысына қатысушылар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендердің қатарына жатады. Сондықтан ҚР Парламентіне сұрау салып, ауған соғысына қатысушылар туралы арнайы заң қабылдауын және олардың әлеуметтік қорғауын қамтамасыз етуді сұрау;

7. Ауған соғысы туралы кітаптар, эсселер жинағын шығару керек;

8. Ауған соғысында жерлестеріміз ерен ерліктердің үлгісін көрсетті. Алайда кеңестік қатаң да қатал жүйе «орыс еместерді» жан-жақты қысып, кемітіп көрсетуге тырысты. Батыр атағын беруге тұрарлық ерлік жасаған Серік Баймаханов, Сәндібек Инабатов, Батыржан Шалғынбаев т.б. жерлестерімізге қаза тапқаннан кейін «Қызыл жұлдыз» ордендерін берумен шектелді. Сондықтан бүгінде тәуелсіздік алғаннан кейін келер ұрпаққа өнеге, тәрбие беру үшін бұл азаматтарды Отанымыздың жоғары наградаларына қайта ұсыну қажет;

9. Республикалық, облыстық деңгейде ауған соғысы кезінде туындаған әндер фестивалін ұйымдастырып, арнайы ән альбомдарын, бейне клиптерді шығару керек.

10.« Тағзым» өмір кітабын түрлі – түсті етіп қайта басу керек.










-11-



Мазмұны



І. Кіріспе

Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы...........................2-бет


ІІ. Зерттеу бөлімі Ерлік ел талғамайды...................................................5-бет


1. Ел атағын - ер шығарар (Өмірі мен қызметі).........................................5-бет


3.Ардагер айтқан әңгіме (Сыр сұхбат)........................................................6-бет


4. Ардагер жетістігі- ел жетістігі (марапаттары, жетістіктері).................8-бет


ІІІ.Қорытынды

Ауған соғысының арыстаны - Қазақ елінің патриоты...............................9-бет


VІ. Пайдаланылған әдебиеттері...................................................................10-бет

ІV. Ұсыныстар................................................................................................11-бет

Мазмұны.........................................................................................................12-бет












І. Кіріспе «Отаны бірдің –тілегі бір , жүрегі бір »


ІІ. Негізгі бөлімі

А) .Әртүрлі ұлттардың Қазақстан территориясына жер аударылуы мен қоныстандырылуы


Ә)Жер аударылған ұлттардың Қазақстан төңірегіне орналасуы

Б) Әртүрлі ұлттардың Республиканың халық шаруашылығының дамуына қосқан үлесі .

ІІІ.Қорытынды : Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі





ІV. Ұсыныстар

V Пайдаланылған әдебиеттер







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!