Материалдар / Ғылыми жоба Тыңдауыр 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба Тыңдауыр 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу жұмысының мақсаты: Құлаққапты қолдануға сараптама жасап, тиімділігін көрсетіп, кері әсерін анықтау. Зерттеу жұмысының міндеттері: Құлаққап туралы жалпылама ақпарат беру; Құлаққаптың пайдалы және зиянды жақтарын мысалдар көрсету арқылы дәлелдеу. Зерттеу жұмысының нысаны: Ғылыми жобаның басты нысаны – Құлаққаптың қолданылуын қарастыру, зерттеу. Зерттеу жұмысының әдістері: Мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізу арқылы, оқушыладың құлаққапты қаншалықты пайдаланатынын талдау және зерделеу. Зерттеу жұмысының жаңашылдылығы: Жылдан жылға Қазақстан жалпыға танымал ірі аймақтық елге айналып келеді. Болашақта, бәсекеге қабілетті білімді , дені сау құрдастарым, аға әпкелерім, іні - қарындастарым өсуіне үлес қосу. Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, зерттеу бөлімі, қорытынды, қолданылған әдебиеттер және қосымшалар тізімінен тұрады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2021
1692
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


















Тақырыбы: Тыңдауыр

Секция: медицина




Ғылыми жетекшісі: Н. Курманбекқызы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық

университеті, Информатика және

қолданбалы математика

кафедрасының қауымдастырылған

профессоры м.а.ф.- м.ғ.к.


Жетекшісі:


Орындаған:





2021 жыл


Кіріспе

Жаңа ғасырдың жаңашыл техникасы саналатын құрылғының бірі ол - құлаққап. Қазір адамдар өз өмірін телефонсыз, телефонды құлаққапсыз елестету мүмкін емес. Ән тыңдап жаныңызды жадырататын құлаққаптың пайдасы мен зияны жайында сөз етпекпін. Құлаққапты жүздеген адамдар әр күні сүйікті әндерін тыңдап жұмысқа, оқуға, кездесуге немесе үйге қайтып бара жатқанда қолданады. Бұл ретте оларға ешкім кедергі келтірмейді.

Құлаққап, кейде тыңдауыр (headphone) — музыка және басқа да дыбыстық сигналдарды дербес тыңдауға арналған құрылғы. Сонымен қатар, құлаққаптар дыбыс жазушы студияларда жазылып жатқан музыкалық композиция тіректерін бақылау үшін қолданылады.

Құлаққаптар ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: Тағайындалуы бойынша студиялық - ең жоғарғы және біркелкі жиілігінің арқасында дыбыс сапасы жақсы бұл құлаққаптарды  дыбыс жазу студияларында қолданады; қарапайым - күнделікті қолданыстағы құлаққаптар. Мұндай тыңдауырлар әдетте төменгі және орташа жиілікке арнап жасалады, сондай-ақ олардың сыртқы дизайніне көп көңіл бөлінеді. Сигнал тарату тәсілі бойынша сымды - ақпарат көзіне сым арқылы қосылады. FM - радио қабылдағышымен қосқан кезде сым антенна қызметін атқарады; сымсыз - сигналды ақпарат көзінен радио толқындардың немесе инфра қызыл сәулелердің көмегімен алады. Каналдар саны бойынша монофонды - сигнал екі дыбыс шығарғыштардың арасында тек бір канал арқылы жіберіледі, сәйкесінше екі жақтан шыққан дыбыс бірдей болады; стереофонды - сигнал екі дыбыс шығарғыштан әр - түрлі каналдармен жіберіледі; көп каналды - әр құлағында екі немесе одан көп дыбыс таратқыш болады. Кабельдің қосылуына қарай екі жақты – жалғағыш  кабель әр құлақшаға қосылады; бір жақты- жалғағыш кабель тек бір құлақшаға қосылады. Кедергілері бойынша төмен омды - 100 Омға жуық кедергімен; жоғарғы – омды - 100 Омнан көп кедергімен. Қосқыштардың түрі бойынша Jack (6,3 мм); Mini-jack (3,5 мм); Micro-jack (2,5 мм); РПВ-1, ШП-4 USB Lightining (кейбір жаңа үлгілерде бар) iPhone 7, iPhone 7 Plus, iPhone 8, iPhone 8 Plus, iPhone 9, iPhone 10 ). [1]

І Негізгі бөлім

    1. Тыңдауырдың шығу тарихы

Өз ғасырында ғажайыптың ғажабы атанып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған құлаққап құрылғысын ең алғаш 1891 жылы француз Эрнест Жюль-Пьер Меркадье АҚШ-та ішкі каналды құлаққапты жасап шығарады. Алайда құлаққап тек қоңырауларға ғана арналады.

1910 жылы инженер - электрик Натаниель Болдуин кәдімгі ас үйінде ең алғашқы сәтті құлаққаптарды жасап шығарады. Дыбыс еш кедергісіз шығып, шынайы ләззат сыйлайтыны АҚШ өнер тапқыштарын қатты қызықтырады.

Джон Косс атты азамат техникалық ілімі, физика ғылымына деген әуестігі болмаса да Милуоки штатындағы өздігінен кереуетінен тұра алмайтын науқастарға көмек көрсетудің амалын қарастырып, ақыры соның нәтижесінде стерео құлаққаптар дүниеге келді. 1957 жылы ұйымдастырылған «Hi-Fi» көрмесінде Косстың құлаққаптары «жыл жаңалығы» деп танылған екен. Құлаққап талайлардың таңданысын тудырады, соның нәтижесінде «Koss» компаниясы дүниеге келеді.[4]

Күнделікті тұрмыста қолдануға ыңғайлы болу үшін 1980 жылы  жапон өнер тапқыштары құлаққапты ары қарай дамытты. Осылайша құлаққап жыл өткен сайын жақсара түсті. 1997 жылы голландиялық өнер тапқыш Яап Хаартсен сымсыз Bluetooth құлаққаптарын ойлап тапты.

 2016 жылы 7 қыркүйекте Apple сымды құлаққаптардан бір жолата бас тартып. Смартфонды lightning iPhone 7 портына қосу арқылы алаңсыз жүруге болады. Қолданушылар бұл типтегі құлаққаптарды бар болғаны $159 сатып алауға болады.

Құлаққап сүйікті әніңді тыңдап, көңіліңді көтеріп алатын бірден - бір таптырмас құрал. Қазiргi таңда құлаққап радио мен өнер саласындағы басты қажеттiлiк болып есептеледі.[2,15]




    1. . 1.1. Тыңдауырдың пайдасы мен зияны

Құлаққап адам өміріне қаншалықты керекті құрал болсада, соншалықты зиян.

Құлаққаптың пайдасы ұялы телефон арқылы екінші бір адаммен сөйлесу барысында сенсорлы телефоннан бөлінетін радио толқынды азайту үшін құлаққапты тағу керек. Ал шулы жерде, зауыттарда, цехта арнайы құлаққапты киген жөн. Өйткені құлаққа әсер ететін дыбыстарды азайтады. Сонымен қатар құлаққаптың пайдасы бұнымен шектелмейді. Қоғамдық орындарда, кабинетте, үйде отырғанда жаныңдағы адамдардың тыныштығына кедергі келтірмей өзің ғана тыңдайсың. Ән десек құлағымыздың құрышын қандырып құлаққаппен тыңдағымыз келеді. Алайда сақтанбай құлаққаптың дыбысын көшеде жоғары қойып тыңдасаңыз, жол апатына ұшырауыңыз мүмкін. Ал оның медициналық тұрғыдан зиянды жағы күнделікті таза жерде тұрмаудың салдарынан әр түрлі инфекциялар туғызады. Егер ұзақ уақыт құлаққаппен әуен тыңдайтын болсақ, құлақтың есту нервісіне зақым келеді. Ал құлақтың есту нервісі жүйке жүйесіне тікелей байланысты. Құлаққаппен дыбысын күшейтіп ұдайы ән тыңдау кереңдікке ұшыратынын алға тартады мамандар. «Құлаққаптың дыбысы тым жоғары болса, құлақтың дабыл жарғағы жарылауы мүмкін. Жарылған дабыл жарғағын 2 - 3 ай бақылаймыз, егер уақыт өте келе бітелмесе ота арқылы қалыпқа келтіреміз. Сондай-ақ құлаққапты ұзақ тақсаңыз, инфекция пайда болады.

Қолдың көмегінсіз селфи түсіруде құлаққапты пайдалануға болады. Ол үшін қарапайым құлаққапты телефоныңызға қосып, өзіңізге ыңғайлап қойып аласыз. Сосын құлаққаптың дыбыс реттегішін басу арқылы қалаған суретіңізді селфиге түсіре аласыз.[3]

Құлаққаптың бірден әсер ететін мүшесі - құлақ. Ең бірінші көрінетін, белгі беретін ауру - кереңдік. Адам құлағы естімегендіктен көп ақпараттарды дұрыс қабылдай алмайды.

Музыка тыңдаған құлаққаппен емес радиодан, магнитафоннан да тыңдаса да болады. Құлаққап бізге ыңғайлы, жақсы болып көрінгенмен, уақыт өте келе оның қандай ауруларға шалдықтыратынын ескере бермейміз. Адам құлаққапты пайдаланғанда біртіндеп кереңдік ауруына тап болады. Сонымен қатар өзіне артық радио толқын мен шектен тыс биоток қабылдайды. Құлаққаптағы дыбыс деңгейінің артуы күйзелістің, яғни адреналин мен кортизол гормондарының күрт өсуіне әкеледі. Бұл айтарлықтай физиологиялық ауытқуларға ұшыратады. Жоғары жиіліктегі қатты дыбыстардың, ауыр музыканың есту мүшелеріне ұзақ әсер етуі психиканың бұзылуына және тежеуге соқтырады. Әрине, жақсы гаджеттерді пайдаланудың да өз артықшылықтары бар, соның арқасында олар үлкен танымалдыққа ие болған. Бұл – өнер табыстың нәтижесі. Бірақ құлаққаптарды пайдалану кезінде белгілі бір ережелерді ескеріп, кеңестерге құлақ асқан дұрыс.[5,25]

Қазіргі кезде ең көп микро ағзалар болатын заттар – ұялы телефон, құлаққап, ақша. Сондықтан құлаққапты пайдалануды бірте - бірте қысқарту керек. Осы уақыттың ішінде де адам радио толқынды қабылдайтындығын ұмытпау керек. Мысал келтірсек, мәселен құлаққапты жол үстінде немесе суық болған кезде тыңдаудан аулақ болған жөн. Бұл сіздің құлағыңызға зиян, тіпті өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.

Құлаққапта музыка ойнап, сіздің біраз жұмысыңыздың жеңіл бітуіне  септігін тигізуі мүмкін, алайда зиянсыз құлаққап болмайды. Құлаққапты тек керек кезінде ғана қолданған жөн. Мысалы, ұялы телефонмен екінші бір адаммен сөйлескенде, сенсорлы телефоннан бөлінетін радио толқынды азайту үшін қолдануға болады. Арнайы бір орында тұрып, сөйлесу керек. Жолда жүріп сөйлесуге, сабақ кезінде сөйлесуге әрине болмайды. Ең бастысы, құлаққаппен кішкентай сәбилерге тыңдауға берудің қажеті жоқ.[6]

Бүгінде құлаққапты үлкен де, кіші де киеді. Бұл әрине музыка тыңдағанда, шетел тілін үйренгенде өте ыңғайлы. Алайда оның қауіпті әрі зиянды жағы барын да ұмытпаған жөн. Қауіпті жағы көшеде не машина рөлінде келе жатып, естімей қалып жол - көлік апатына ұшырауыңыз немесе біреуді қағып кетуіңіз мүмкін.

«Құлаққап  дертіне» ұшыраған адамның негізгі белгісі – айналасынан  бөлектену. Бір жасөспірімнің тек осы  құлаққапқа тәуелді болғанымен­ қатар, мінезі де күрт өзгергенін отбасындағылар  байқаған. Бірақ ешкім қойдыра алмаған. Соңында «мені ешкім түсінбейді» деп құлағын  тығындап, өз - өзінен күйзеліп, отыра беретін күйге жеткен. Ақыры өз - өзіне қол жұмсаған.

Жол ережелеріне ұялы телефонмен сөйлескені үшін айып пұл салатын ереже бекітілгеніне де көп уақыт өте қойған жоқ. Енді құлаққап киіп көлік жүргізгені үшін де айып пұлды қиып салу ережесін енгізсе дұрыс болар еді. Расында, рульде отырып құлаққаптың кесірінен түрлі жол - көлік оқиғаларының басты себепкеріне айналып жатқандар да жоқ емес. Әсіресе, теміржол бойынан ажал құшқандар саны артып барады. Осындай қайғылы оқиғаның бірі пойыз темір жолында рұқсат етілмеген тұстан кесіп өтіп бара жатқан қызды қағып кетті.

Ұшақта ұйықтап кеткен қыздың құлаққабы жарылып, беті күйіп қалды. Музыка тыңдап ұйықтап жатқан жолаушының кенеттен құлаққабы жарылып, қыздың беті мен мойны күйіп қалған. Оқыс оқиға ұшақ әуеде болғанда орын алды. Сымсыз іске қосылатын құлаққаптың батареясы жарылған екен. Ал қыздың өзі бұл кезде музыка тыңдап ұйықтап жатқан. Жарылыстың салдарынан қыздың беті мен мойны, қолы күйіп қалған.

Көшеде де, қоғамдық көлікте де жат ғаламшардан келгендей меңіреу күйде жүреген адамдар да бар. Құлаққапты автобустағы егде кісілерге орын бермеудің таптырмас амалының біріне айналды. Қоғамдық көлікке кірген бойда музыканың даусын барынша жоғарылатып, көзді тарс жұмып алады да, түрегеп тұрған қарттарды, аяғы ауыр келіншектерді аңғармаған болады. Бүгінгі шарықтаған, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның болашағы - біз жастардың қолында екенің ұмытпауымыз қажет! [9]









ІІ Зерттеу бөлімі

2.1. «1.1. Тыңдауырды қаншалықты жиі тағасыз?»

Практикалық жұмыс

Өз зерттеуімде 6 сынып оқушылары арасында «Құлаққапты қаншалықты жиі тағасыз?» деген сұхбаттық сауалнама жүргіздім.

Сауалнаманың мақсаты: Мектеп оқушыларының құлаққапты қаншалықты қолдануын және себебін анықтау. Сауалнама ашық түрде жүргізілді. [1- сурет]

Оқушыдан алған жауаптар төмендегідей болды:

  • Маған құлаққаппен ән тыңдаған ұнайды. Себебі, өзіңнің көңіліңнен шығатын музыканы тыңдағың келеді.

  • Жазғы демалыс кезінде құлаққапты көп қолданушы едім. Қазір уақыт тапшы болғандықтан жиі қолданбаймын

  • Мен құлаққап жиі қолданамын бұл арқылы ағылшын тілін үйренуде аудио кітапты жиі тыңдаймын.

  • Қолым бос кезде ғана киноны құлаққаппен тыңдай отырып, қараймын. Ол 1 сағаттан астам уақытты алу мүмкін.

  • Құлаққаппен таңда сабаққа бара жатқанда 15 минут және сабақтан шығып үйге барғанша тағы да сол 15 минут көлемінде әуен тыңдаймын. Бірақ жолдан өтер алдында әнді өшіремін.

  • Біреумен ұрысып, ренжісіп қалған кезде көңілім түсіп кетеді. Сондықтан құлаққаппен әуен тыңдасам серпіліп қаламын. Шамамен 30 минуттай тыңдауым мүмкін. Ары қарай басым ауырып кетеді.

  • Үйді жиыстырып, ыдыс аяқ жуатын кезімде сүйікті әнімді тыңдаймын.

Құлаққапты жиі тағамын. Көшеде жүргенде де ән тыңдаймын. Бірақ,

жолдан өтер кезде музыканың даусын басып, жан - жағыма қарап өтемін.

  • Құлаққапты қасымнан тастамаймын. Бір қызығы оны ұмытып кеткен кезім болмаған екен. Маған әдет болып кеткен.

Сауалнама жүргізудің нәтижесінде оқушылардың көпшілігі құлаққаппен музыка тыңдайтыны анықталды.

Келесі зерттеуім анкеталық сауалнама «Мен және құлаққап». [2 - сурет]

Сауалнама сұрақтары төмендегідей.

  1. Әуен тындағанды жақсы көресіз бе?

иә / жоқ

  1. Сенде құлаққап бар ма?

иә / жоқ

  1. Құлаққапты қаншалықты қолданасың?

жиі/ әр кезде/ мүлдем

Екінші сауалнама арқылы оқушылардың қаншалықты құлаққапты пайдаланатындығы төмендегі диаграмма арқылы көрсетілді.





2.2. Қатты дыбыстың адам денсаулығына зияны.

Практикалық жұмыс

Құлаққапты үнемі тыңдап, құлақтың есту қабілетін бұзамыз. Құлаққап бізге ыңғайлы, жақсы болып көрінгенмен, уақыт өте келе адам кереңдік ауруына тап болуы мүмкін. Сонымен қатар өзіне артық радиотолқын мен шектен тыс биоток қабылдайды. Құлаққаптың бірден әсер ететін мүшесі – құлақ.

Осыдан шудың адам ағзасына әсерін зерттедім. Қатысушылар ретінде өзімді және Аружанды алдым. Зерттеуімді мектебіміздің медбикесі П. Амановнамен бірге жүргіздім. Менің және Аружанның тәжірибе алдындағы қан қысымдарымызды өлшеп алдық. Сол кезде менің қан қысымы 100/70, ал Аружанның қан қысымы 115/65 болды. Аружан шулы қатты әуенді құлаққапсыз, ал мен шуылы қатты әуенді құлаққаппен тыңдады. 1 минуттан соң біз музыканы өшірдік, содан соң П. Амановна екеуміздің қан қысымдарын қайта өлшеді. Құлаққапсыз әуен тыңдаған Аружанның қан қысымы 115/70 - ке , ал менікі 100/70 - тен 110/70 - ке жоғарылады. [3 - сурет]

Бұл зерттеу нәтижесінде байқағаным, Аружанның қан қысымы қалыпты, ал менікі керісінше, тамыр соғуым жиіледі және қан қысымым бастапқыдан біршама ұлғаюын байқадым. Себебі, құлаққаппен тыңдаған музыка әуені менің құлағыма кері әсерін тигізді. Құлаққапты алғанды менің құлағым шектен тыс қызарып кетті, сосын басымның шуылдағанын байқадым. Құлаққаптыңда құлаққа зиян екендігі тәжірибеден көрдім. Адамның сезу мүшелерінің ішіндегі ең сезімталы  құлақ. Құлағымыз болмаса біз ешқандай дыбысты ести алмас едік.

Келесі зерттеуімді сабақ оқу мен құлаққапты қатар қолдануды жақсы көретін оқушыға жүргіздім. Әсел, Даниярға ақын А.Құнанбаевтың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты өлең шумағын жаттауға берілді. Өлеңді жаттау үшін 10 минут уақыт берілді және Әсел өлең шумағын, құлаққаппен музыкалық әуен тыңдай отырып жаттады. Нәтижесінде, Данияр 1 шумақ өлеңді толығымен айтты . Әсел 4 жол тақпақтың 2 жолын жаттады 2 жолын есіне түсіре алмады. [4- сурет]

Бұл зерттеу барысында байқағаным, шумен қатар тақпақ берілген Әселге тақпақты жаттау барысында біраз қиналды. Себебі: оның тақпақ жаттауға зейіні тұрақсыз болды. Әселдің құлаққаппен музыка тыңдағаны кері әсерін тигізіп, жадына сақтауға мүмкіндік болмағандықтан, тақпақ толық есінде қалмады.

Қазірге оқушылар арасында құлаққап немесе телидидар арқылы музыклық әуенді тыңдай отырып, сабақғын оқып отыратындары бар. Шумен қатар еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, нервтік - эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің метеорологиялық жағдайлардың әсері болады.

2.3. Ғажайып тыңдауыр

Қызылордадағы «Кәсіпкерлер үйінде» облыс жастарының арасында «Байқоңыр Start-up 2» бизнес-идеялар байқауы өткізілді.

Жүлделі бірінші орынды Қызылорда қала­сынан Дастан Айтбайдың «Инновациялық құлақ­қап «Safe headphones» жобасы жеңіп алды. Оған арнайы диплом мен 300 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.

Дастан ойлап тапқан құлаққап ішінде қауіпсіздік сигналы бар. Автомобиль, жол - көлік қызметкерлерінің, жедел - жәрдем машиналарының сигналы іске қосыл­ғанда, құлаққаптағы музыка бірден тоқтайды.

Жақындап қалған көліктің дауысын ажыратып, қауіптің келіп қалғандығын әуенді тоқта­ту­мен білдіреді.

Sony компаниясының Future Labs атты жаңа бөлімшесі ашылды. Оның негізгі мақсаты жаңа инновациялық гаджеттерді өңдеп, оларды көпшілік қолданушыға ыңғайлы етіп, қоғаммен тікелей байланыста болу. Жаңа бөлімшенің көрсеткен алғашқы жобасы Concept N құлақ аспабы болды. Мұндай құлаққапты адам мойнына тағады, ол аудио сигналды тікелей құлаққа жібереді. Одан басқа ешкім ол дыбысты естімейді, ал құлақ ештеңемен жабылмайды. Bluetooth - құлаққап қолданушының құлағына салынбай-ақ дыбыс шығаратын ерекше динамикамен жабдықталған. Concept N құлаққабында дауыстап басқаруға арналған микрофон және фотокамера орнатылған. Гаджет «Arc» кодтық сөзімен басқарылады. Гаджетті қолданған адамдар айтуынша, ол дыбысты таза әрі сапалы шығарады және оны жаныңдағы адамдар естімейді.  Гаджеттің сатылымға қашан шығатыны әлі белгісіз. Бұл әзірге құрылғының прототипі ғана. Осы жобаға ұқсайтын  LG компаниясының Tone Infinim атты өнімі бар. Бірақ онда құлаққаптың сымдық байланысы бар. Көңіл - күйге қарап ән таңдайтын құлаққап. Жақында “Neurowear” компаниясы адам миының жартышарындағы ырғақты анықтайтын, көңіл - күйдің қалауы бойынша ән тауып беретін “Mico Headphones” ғажап - девайсын дүниеге алып келді.[7]
























Қорытынды

Менің зерттеу нәтижелерім көрсеткендей, шу шын мәнінде оқушы денсаулығына жағымсыз әсер етеді, оның жадын нашарлатады және соның салдары ретінде үлгерімі төмендейді. Адамның өмірін жеңілдететін, қолын ұзартып, көңілін көтеретін құрылғылар көбейген сайын қауіп пен қатер де көбейіп барады. Мәселен, бір кездері кереуетке таңылған науқастарға көмек көрсетудің амалы ретінде дүниеге келген құлаққап бүгінде кеселден құтқарушы емес, кеселдің өзіне айналды.

Айналасындағыларды естімейді, естігісі келмейді. Құлақтан кіріп, бойын алған әдемі әуен күндердің күнінде жүйкені жұқартып, саңырау етуі, тіпті, абайламаса ажал құштыруы да мүмкін екендігі белгілі болды. 

Зерттеулерімнің нәтижесінде жиналған барлық деректерден келесі тұжырымға келдім.

  1. Қазіргі заманда құлаққаптар адам өмірінде пайдасы да, зияны да бар.

  2. Өзіңе ұнаған әуенді қасыңдағы адамдарға кедергі жасамай жеке тыңдайсың.

  3. Құлаққапты ұзақ әрі үзіліссіз тыңдау құлақтың есту қабілетін төмендетеді.

  4. Айналасындағы адамдармен қатынасының бұзылуына әкеледі.

  5. Бастың ауруы мен жүйке жүйесінің бұзылуы.

  6. Оқыс жағдайларға тап болуы мүмкін (жан – жағына көңіл аудармау, жол апаты т.с. )

  7. Ересектер тарапынан бақылау болмауы.

Құлақтарынан тығын түспейтін адамның мінезі күрт өзгеріп, қоршаған ортамен қарым - қатынасы азаятынын да білдім. Өзін өзгеге керексіз сезініп, түймедей тығынның ар жағындағы әлемнен сырлас іздеген адам күйзеліске ұшырап, мұның соңы қайғылы жағдаймен аяқталған оқиғалардың көбейіп бара жатыр.

Осы жоба жұмысым арқылы құлаққаптын қанша пайдасы болса, сонша зиянды жақтары бар екенін айтқым келді. Құлаққапты тағу қаншама оқыс жағдайлар мен құлақ ауруына шалдықтырып, адам санасын улап жатыр. Достарымды осы құлаққаптарды дұрыс пайдалануға шақырамын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. https://kk.wikipedia.

  2. Вуджат Дж. Настольная книга погромкоговорителям и наушникам, Изд-во

Hearnet, 1988. [15]

  1. Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz

  2. https://massaget.kz

  3. Справочник врача общей практики Н. П. Бочнов, В. А. Насанова и др// Под

редакцией Н. Р. Палеева – М Издательство Эксмо 2002 – 2 тома. [25]

  1. mangystaumedia.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз

7. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Қызылорда облысы

8. Б.Ерман, ERNUR.KZ

9. https://kaz.nur.kz




















Қосымша 1


«Мен және құлаққап» анкеталық сауалнама.


  1. Әуен тындағанды жақсы көресіз бе?

иә / жоқ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!