Материалдар / Ғылыми жоба "Ұзақ жасаудың сыры"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба "Ұзақ жасаудың сыры"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұзақ жасаудың сыры
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2018
903
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Адамның ұзақ жасауының сырлары мен тигізетін әсерлері (себептері) Мысалы, Карелл, Коринчевский, Пирл  өмiрлiк процестердiң нәтижесiнде, жасушалар өзiнде және өздерiн қоршаған ортада жиналған зат алмасу өнiмдерiмен уланады деп санайды. Богомольцтiң көзқарасы Мечниковтың көзқарасына қарама қайшы келедi. Оның ойынша ағзаның қартаюы дәл жалғаушы терi қабатынан басталады.  Ағзаның жалғаушы терi қабатының өз жасы болады. Жалғаушы терi қабатының физиологиялық жүйесi, А.А. Богомольцтiң түсiнiгi бойынша,  ағзада төтенше маңызды трофикалық қызмет атқарады, ол арқылы және оның белсендiлiгi арқасында қаннан жасушаларға заттардың тiршiлiк ету әрекетiне қажеттi паренхималар келiп түседi.

           .Адам өмірінің ұзақ жасауы үшін сүттің маңызы өте зор. Сүттің құрамына әр түрлі заттар кіреді және ол жеке бөлшектердің  қоспасы ретінде  емес, күрделі коллоидтық жүйе ретінде қарастыру керек.1 кг сүттің орташа химиялық құрамы 2720х10 Дж\кг (650 ккал) калорииге тең.     Бір кг сүттің құрамында 33 г ақуыз, 38 г май және 47 г сүтті қант бар. 0,5 л  сүтті қолдану  барысында бір күндік май қажеттілігі 50%-ға ақуыз 30%- ға фосфолиттер,  6,3%- ға кемиді. Сүт — минералды заттардың (негізінде кальций, фосфор),  микорбөлшектердің, витаминдердің құнды негізі болып табылады.Сүттің құрамды бөлшектері  жоғары төзімділігі және  сіңімділігі қасиетіне ие болады. Д.Аллисонның пайымдауынша  казеиннің төзімділігі 95- % ға,  альбуминдікі 97- % ға жетеді. Сүттің ақуыздары толық құнды болып табылады. Олардың құрамында таптырмайтын өмірлік маңызды аминқышқылдар бар (триптофан, фенилаланин, метионин, лизин, валин, треонин, аргинин, цистин, изолейцин және лейцин). Сүт майының  сіңімділігі 95- % ды құраса сүтті қант 98- % ды құрайды. Сүттің  сіңімділігі ас қорыту үрдісінде жүзеге асады,  сүт ішек – қарын жолының жұмысын қамтамасыз етеді. Сүттің құрамды бөлшектерінің  жақсы қорытылуы ақуыз, май және көмірсутектердің жоғары сіңімділігі  арқасында сүт диеталық қасиеттерге ие болады. Сонымен қатар ол  организмнің қышқылды —  сілтілі  тепе-теңдігінің  реттелуіне қатысады. Сүтті қолдану барысында  организм ортаның жағымсыз  факторларынан жақсы  қорғалады. Сүт ақуызы маңызды  қорғаныс факторы  болып табылады. Өйткені ол амфотерлік  қасиетке ие, қышқыл мен сілтілік жұптарды байланыстырады, зиян басқа да  заттарды нейтралдайды. Сүттің химиялық құрамы өте  күрделі. Сүттің құрамына 250-ге жуық компоненттер, сонымен қатар май қышқылының 20 глицеридті түрі, 23 витаминдер, козеин мен басқа ақуыз ертінділерінің бірқатар фракциялары, 20-дан астам  амин қышқылы  30 макро және микробөлшектер, қанттың 4 түрі, пигменттер, ферменттер, фосфатиттер, лимон қышқылы кіреді. .[6]М.Ж.Нұрышевтің зерттеулеріне жүгінсек бір литр сүттен жасалатын өнімдерді (айран, май, құрт, т.б.) адам күнделікті өз рационында қолданатын болса, ол адам орта есеппен өз өмірін 10-12 жылға ұзартатыны айтылған. Онымен қоса егер біздің ата-бабаларымыз жаңадан туған балаға қырықынан шыққанша биенің сүті немесе уызымен көректендірген болса, көшпелі қазақ халқы 2-2,5 есе көп болған болар еді. Ерте кезде 7-9 құрсақ көтерген шешеден 1-2 бала тірі қалып жүрген, ол әйел адамдарының 90% нан астамы анемия, авитаминоз, сүттің күрт аз болуына тікелей байланысты болған, ал жас нәресте организімінде 40 күнге дейін иммунитеті қалыптаспайды. .[9] Сол кезде жетпеген сүтті, биенің сүтімен толықтырғанда біздің халқымыздың саны мүлде басқаша болар ма еді? Неге десеңіз биенің сүтінің құрамы ананың сүтіне ұқсастығы өте жоғары.                     Салауатты өмiр салтына ең басты- еңбекқорлық, үнемi бұлшық ет қызметi, рационалды тамақтану мен белсендi тынығу жатады.Бiрақ алдын — ала қартаюмен күресу үшiн, тек қана өмiрдi жалғастыруға қажет және пайдалы нәрселердi ғана емес, сонымен қатар адам денсаулығына зиян келтiретiн нәрселердi де  бiлу қажет.Денсаулықты бұзатын табактағы никотин мен спирттiк iшiмдiктердегi  алкоголь. Темекi шегушiлер өздерiнiң ғұмарлықтарын жүйке жүйесiнiң тынысымен түсiндiредi. Шынында бұл тым адасушылық болар едi. Себебi негiзiнде темекiнiң жаман әсерi бiрден бiлiнбейдi. Әсiресе никотин жүйке жүйесiне  қатты әсерiн тигiзедi. Басында ол толқытады, содан соң ортаңғы жүйке жүйесiн қанатады. Сонымен жүйке жасушалары тозады. Шылым шегу жүректiң жұмыс жүйесiне терiс әсер етедi. Егер де денi сау адамның жүрек соғысы минутына 70-72 болса, 2-3 тал темекiден кейiн жүрек қағысы 100-120- ға дейiн барады. Жүрек ауруымен ауыратын адамдардың 60 %  шылым шегедi.  Алкоголь- никотин сияқты «жүйке уы». Ол  аздап, бiрақ үнемi iшiлгенмен қоса, сирек, бiрақ көптеп iшiлгенде де адам денсаулығына зиян келтiредi. Қанға тез құйылған  алкоголь ағзаның барлық  мүшелерi мен тамырларына сiңiп, оны құлдыратады.[6]          Қазақ халқы бірінші кезекте  жүрек және жұйке жүйесінің ауруымен, қайғылы оқиғалардан немесе жарақаттан, апаттардан  онкопатологияларда сонымен қатар салауатты өмір салтын жүргізбейтіндігінен – темекі, спирт ішімдіктерін  қолдануына байланысты қайтыс болады. Әлбетте назар аударыңыз! Әйелдерге қарағанда ер адамдар жиірек қайтыс болады. Өмір ұзақтығын айқындайтын ортақ санды қарамай-ақ, барлық халықты әйелдер мен ер адамдарға бөлсек не аламыз? 61 жас ер адамдарда, 72 жас әйел адамдарда. Айырмашылығы кішкентай емес -11 жыл. Мұнымен қоса, біз Қазақстанда  әрбір бесінші еркек 50 жасқа толмай қайтыс болады деп жар саламыз.          Қазақстан Республикасы орнықты дамудың негізгі өлшемі болып табылатын өмір сүру сапасы  деңгейі бойынша  да әлемнің негұрлым  дамыған елдерінен    артта қалып келеді.          Қазіргі әлемде өмір сүру сапасы   негізгі құрамдас бөліктермен: өмір сүрудің ұзақтығымен,  әл-ауқатының деңгейімен  және  қоршаған ортаның  жай — күйімен айқындалады.          Қоғам, табиғат, және адам халықаралық университетінің  (Дубна, Ресей) өмір сүру сапасы  индексі бойынша рейтинг көшбасшысы  Норвегияның коэффиценті – 3,83, Ресей – 1,57, Қытай – 0,34-ке тең болғанда,   Қазақстан 1,17 коэффицентпен 78- орында тұр.            Қазақстанда халықтың денсаулық жағдайы  мен адамдардың өмір сүруінің ұзақтығы басқа елдердің көрсеткіштерімен  салыстырғанда елеулі түрде  арта қалып отыр. Осылайша,  халықтың  өмір сүруінің орташа  ұзақтығы 2005 жылы 65,9 жасты құраса, ал Жапонияда бұл көрсеткіш  80 жасқа жақындайды.Өмір сүру ұзақтығы
    МемлекеттерӨмір сүрудің орташа ұзақтығы
    Қазақстан65,9
    Россия65,4
Великобритания78,5
Эстония71,2
Азербайджан72,2
Украина67,4
Жапония80


                   Сол арқылы өмір сүру сапасының  көрсеткіштерін ең жоғарғы әлемдік көрсеткіштерге жақындатып, айтарлықтай жақсарту қамтамасыз етілетін болады. [8]Пайдаланылған  әдебиеттер
  • А.В. Колосов,Е.А. Альтшулер «Ұзақ өмiр сүру туралы ғылым»,
     Мәскеу «Бiлiм» баспасы 1974 жыл
  • «Денсаулық» журналы,»Жедел басу» №11- 2007 ж.
  • «Егемен Қазақстан» №11- 2006 ж.
  • Л.П Леонтьева «Адам қанша жасайды?» Алматы «Қазақстан» 1983 ж
  • П.Гарб «Ұзақ жасаушылар» Мәскеу «Қарқын» 1986 ж.
  • Ф.Углов, И.Дроздов «Өз ғасырымызды  сүріп жатырмыз ба?»                                    Мәскеу «Жас Қыран» 1983 ж.
  • «Ақ желкен» журналы, «Жедел басу» №1- 2007 ж.
  • Қостанай таңы газеті №16- 2008 ж.
  • Нурушев М.Ж. Адаевская лошадь; эволюция, современное состояние и перспективы разведения// Астана-полиграфия. – 2005. – 383 б.


















Ұзақ өмір сүрудің құпиясы

   1912 жылы Түркістаннан шыңатын «Қара Құт» газетінде ұзақ жасаған он екі қарияның берген ақыл-кеңесі жарық көреді. Онда мынадай ережелер бар.1.  Таза ауада көбірек жүргеніңіз дұрыс.2.  Уақтылы демалып, ерте тұру керек.3.  Ұйқыңыз 6 сағаттан кем, 7 сағаттан артық болмасын.4.  Шай мен кофені аз ішіп, темекі мен арақты мүлдем тастағаныңыз абзал.5.  Етті аз жегеніңіз жөн.6.  Күнде таңертең ыстық ванна қабылдаңыз.7.  Киіміңіз шәйі матадан болмасын.8.  Бойдақ болсаңыз, үйленіңіз.9.  Өте ыстық жерлерден аулақ болыңыз.10.Ішкі мүшелереңізді қалпына келтіру үшін малдың өкпе-бауырын, жүрегі мен бүйрегін көбірек жеңіз. Оған қосымша көз, тіл, құлақ және миды да пайдаланыңыз. Сөйтіп, өзіңіз үшін салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Жасыңыз қаншаға келіп тұрса да, «Мен қартайдым» деп айта көрмеңіз. Ол сіздің миыңызға күшті код болып еніп, кәрілікті тез келтіреді. Сонымен, өзіңізше тұжырым жасап көріңіз.









































Қартаймай ұзақ жасауға бола ма?Feb 10, 2016 0 797https://etjendi.egemen.kz/wp-content/uploads/2016/02/%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%BE%D1%81%D1%82%D1%8C.jpgБүгінгі таңда Елбасы халықтың өмір сапасы мен ұзақтығын арттыру мәселесін мемлекеттік стратегиялық міндет ретінде атауда, елімізде ұзақ жасау заманауи ғылыми-зерттеулердің басымдылық бағыты ретінде қарастырылуда. Сапалы ұзақ ғұмыр, дұрыс қартая білу секілді қазіргі замандағы өзекті мәселелерді ғылыми-көпшілік тұрғыдан талқылау мақсатында көрнекті ғалым, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді ШАРМАНОВҚА жолығып, ой бөліскен едік.https://etjendi.egemen.kz/wp-content/uploads/2016/02/%D1%88%D0%B0%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2.jpg– Төрегелді Шарманұлы, осыдан біраз жыл бұрын біздің басылымның басшысы Сауытбек Абдрахмановтың өзіңізбен жасаған сұхбаты «Менің биологиялық жасым елуге жеткен жоқ» деп аталып еді… Ол сөзіңіз елді бір елең еткізген болатын. Кәрілік пен ұзақ жасау көріністерінің қандай айырмашылығы бар?– Ой, ол әңгіме барысында айтылған сөз еді, Сауытбек соны жалаулатып тақырыпқа шығарып жіберді ғой. Онысы теріс те болған жоқ. Көп адам хабарласқаны есімде. Мен ол сұхбатты кейіннен шағын кітапша етіп бастырып та алдым. Талай кісіге тараттым.– Сонымен, өзіңіз айтқан «елу жасқа» қашан келмекшісіз?– Келеміз ғой, келеміз… Сұрағыңа көшейік. Егер адамның туғаннан кейінгі өмірін бірнеше кезеңге бөліп қарайтын болсақ, қарттық соның ішіндегі ең негізгілерінің бірі болып табылады. Яғни, кәрілік кейіп дегеніңіз – адамның барлық мүше жүйесінің қызметі, жалпы зат алмасу қарқыны баяулаған, есте сақтау қабілеті төмендеген, көз жанары мен есту қабілеті нашарлаған, ауыздағы отыз тістің берекесі қашқан, шаш ағарып, сиреген, жүзіңді әжім торлап, белің бүгіліп, тізе сыр беріп, қыңқыл-сыңқылдан көз ашпайтын сияқты келеңсіз көріністер. Ал ғылыми көзқарастың тұрғысынан алғанда қазіргі заманда ұзақ жасау және кәрілік кезеңдері тек адамның жасымен өлшенбейді. Бұл ұғымдардың арасы өте алшақ. Ұзақ жасауды жеке адам және қоғам көлемінде өзге, жаңа мәнде ұғынуға ұмтылу қажет. Ұзақ жасау дегеніміз – тек көп жылдар бойы өмір сүру ғана емес, ол – ауруға берілмеген, ақыл-ой дүниесі кең, түсінігі терең қалыпта өтетін, толыққанды өмір жылдары. Ұзақ жасауға, сапалы өмір сүруге қазіргі заманда адами капитал, стратегиялық инвестиция, бәсекеге сай экономикалық дамуға ықпалын тигізетін ұғым ретіндегі заманауи көзқарас қалыптасуда.– Халықтың жалпы жас құрылымында қандай өзгерістер байқалады?– Адамзат тарихының өне бойында (ХХ ғасырды алмағанда) адам өмірінің орташа ұзақтығы 30 жастан аспаған, тіпті, 1910 жылы Чили халқында бұл шама небәрі 29 жасты ғана құраған, тек АҚШ-та ғана 49 жас болған. Қазақстанда 1897 жылы адам өмірінің орташа ұзақтығы 32 жылға теңелген. Бұрын елуден асқан адамның өзі қартқа санала беретін. Абай «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» деген өлеңін 1886 жылы жазған ғой. Сонда Абай 41 жаста екен. Ал қазір қырықты «қылшылдаған қырық» деп қараймыз.Бүгінде барша әлемде демографиялық өзгерістердің ерекше, қайтымсыз үрдісі орын алуда. Бұл халықтың жаһандық қартаюына апарады және ұзақ жасаудың үдемелі үдерісінде айқын байқалады. Бүгінде ғаламшарда тұңғыш рет адамдар орта есеппен 60 жасты еңсеріп, ғұмыр кешуде.2016 жылдың 1 қаңтарында төрткіл дүниені мекендеген адам саны 7 миллиардтан асса, БҰҰ-ның болжамы бойынша 2050 жылы 9 миллиардтан аспақ. Осының барлығы 60-тан астам елде ұрпақ өрбітудің төмендеген тенденциясының артуынан орын алып отыр. Мысалы, Иранда 70-жылдары парсы әйелі отбасына шаққанда 7 сәби дүниеге әкелсе, бүгінде небәрі – 1,74, Австрияда – 1,5, Жапонияда – 1,2 сәбиден келеді. 1950 жылы 5 жасқа дейінгі бала саны халықтың 10 пайызын құраса, 45-50 жастағылар үлесі – 6, ал 80 жастан асқан адам саны – небәрі 1 пайыз. Ал қазіргі уақытпен салыстырғанда, 20 жылдан кейін барлық жас тобындағылар теңесіп, 5 пайызды құрамақ.– Жаһандық көлемде алғанда адамдардың өмір жас ұзақтығының артуы қандай үрдістермен қосарланады?– ХХ-ХХІ ғасырдағы өлімнің және өмір жас ұзақтығының динамикасын талдау бұл үрдістердің жазыққа шығуға бағытталуын, белгілі бір шектік мәнге ұмтылуын көрсетеді. ХХ ғасырдың екінші жартысында әлеуметтік-экономикалық дамуға және ғылымның, оның ішінде медициналық ғылымның ілгері басуына байланысты дамыған елдерде адамдардың өмір сүруі үшін жайлы жағдай жасалуына және қорғаныс деңгейінің сәйкес жағдайда қамтамасыз етілуіне сай өмір жас ұзақтығы адамның биологиялық түр негізінде жоғары шегіне жеткендей, орташа жас ұзақтығының мәні әйелдерде 85 жасқа, ерлерде 80 жасқа жетуімен сипатталады. Өмір жас ұзақтығының 80 жастан асуы халық санының 5 еседей артуына апарады және күрделі технологиялық, әлеуметтік және ресурстық міндеттердің шешілуін талап ететін созылмалы аутоиммундық, онкологиялық аурулар қаупінің едәуір артуымен қосарланады.– Қартаю үрдісін ғылыми тұрғыдан қалай түсіндіруге болады?– Қартаю себептерін түсіндіретін амалдардың барлығы бір арнаға тоғысады, мысалы, уытты молекулалар саналатын бос радикалдардың әсерінен организм мен тіндердің қызметінің бұзылып, тозу теориясы; немесе генетикалық деңгейде бағдармаланған үрдіс; немесе молекулалық және жасушалық деңгейде түрлі зақымдануға апаратын организмнің микроб, вирустармен күресінің нәтижесі ретінде қабыну үрдістерін басу әсері. Осының барлығына сай кәрілік – жасқа байланысты даму заңдылығы кезеңінде және физиологиялық қордың, өмірлік жеке қабілеттердің төмендеуімен, көптеген аурулар қаупінің артуымен, түпкілікті нәтижесінде өлімге апарумен сипатталатын құбылыс.Әлемде күн сайын 150 000 адам өмірден өтеді, секундына 2 адамнан, олардың үштен екісі, яғни, 100 000 адамның өлімі кәріліктен болады. Бұл бүкіл әлемге тән жағдай. Индустриялық тұрғыдан дамыған елдерде кәрілік өлімнің 90 пайызы жағдайындағы себебін құрайды. Бұл дегеніміз, басқа кез келген себепті өлімге ұшыраған әр адамға кәрілікке байланысты ұшыраған қарттардың 10-на сәйкес келеді.– Төрегелді Шарманұлы, ал енді ұзақ жасауға ықпал ететін басты факторларды атасаңыз…– АҚШ, Канада, Еуропа елдерінде 90 жастан асқан ондаған мың қатысушының өмір салтына, тұқым қуалау және экологиялық жағдайына жасалған көп факторлық егжей-тегжейлі талдау көрсеткендей, гиперхолестеринемия, артериалдық гипертензия, артық салмақ, темекі шегу, гиподинамия секілді өлім қаупінің басты факторларын төмендету күтілгендей жалпы өлімді азайтуға ықпал етпеген, бірқатар жағдайда, керісінше, оны арттырған. Ұзақ жасау факторымен тек жүйке жүйесінің тұрақтылығы, мінездің жайдарылығы және емдәмдегі (диетадағы) күрделі бұзылыстардың болмауы секілді ұзақ ғұмыр үшін қажетті, бірақ, жеткілікті саналмайтын шарттар арасында ғана мәнді байланыс анықталған.Осы уақытқа дейін адам өзінің биологиялық жасының шегіне жетсе, яғни, дәлірек айтқанда «қаусаған» жағдайда (қартайған емес, нақты қаусаған), кез келген заманауи медициналық технологиялар оны өлімнің тырнағынан ұзақ мерзімге алып қала алмайды деп саналып келген еді.– Халықтың ұзақ жасауын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан денсаулық сақтау және әлеуметтік салалар қандай міндеттерді орындауы тиіс?– ХХ ғасырдың соңында дамыған капиталистік елдерде байқалған денсаулық сақтау саласындағы дағдарыстың мәні – өлім аузындағы адам өміріне қосымша жылдарды жаулап алудың жыл сайын күрделірек және қымбатқа түсуінде. Қосымша өмір жылының құны қолданылатын әрекет-амалдардың түріне байланысты әр елде әртүрлі болады. Ол бірнеше доллардан жүздеген мың долларға дейін құбылуы мүмкін. Қазір егде жастағы адамдар қоғамға, көбінесе, медицина саласына қымбатқа түседі. Тек соңғы екі жылдағы егде жастағы адамдарға медициналық қызмет көрсетудің шынайы құны, шамамен, өмір бойғы медициналық қызмет көрсетудің үштен бірін құрайды.Бұдан шығатын тұжырым – сапалы ұзақ ғұмыр міндеттерін шешу денсаулық сақтау және әлеуметтік салалар үшін теңдессіз қиындықтармен түйіндеседі, оларға орасан күрделі міндеттерді шешу қажеттігі туындайды, ал бұл іргелі ғылымның еншісінде. Сондықтан, қартаю құбылысы денсаулық сақтау саясатын түбегейлі өзгертуді, ауруларды емдеуге ғана негізделген үлгіден бас тартуды талап етеді.Қартаю көріністерімен күрестегі денсаулық сақтау саласындағы шараларды әзірлеуде егде жасқа байланысты шығындарды толықтыруға бағытталған тәсілдермен қатар адамның өмірлік қабілеттері мен жеке тұлғалық дамуын күшейтетін амалдарды да қарастыру қажет. Денсаулық сақтау саласының алдында егде жастағы адамның ауруларын емдеу ғана емес, олардың жоғары өмір сапасын қолдау міндеті де қойылған, бұл дегеніміз – мүмкіндігінше ауырмау, күнделікті өмірге белсенді қатысу қызметін сақтау.
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!