Материалдар / Ғылыми жоба «Заманауи ағылшын сөздерін жасөспірімдердің сөйлеу лексиконында қолданылуы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба «Заманауи ағылшын сөздерін жасөспірімдердің сөйлеу лексиконында қолданылуы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Заманауи ағылшын сөздерін жасөспірімдердің сөйлеу лексиконында қолданылуы»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2020
793
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













МАЗМҰНЫ

Аңдатпа....................................................................................................................1

Кіріспе......................................................................................................................3

1-ші бөлім................................................................................................................4

1.1 Кірме сөздер тарихы........................................................................................4

1.2 Кәзіргі таңдағы «Ағылшындық»....................................................................4

2-ші Негізгі бөлім................................................................................................5

2.1«Англотизация» бұл қалыпты өздігінен болатын тілдік үдеріс пе?...........5

2.2 Кірме сөздерді байланыс аясы бойынша классификациялау...................6

2.3 Оқушылардың зерттеу нысанына көзқарасы.............................................8

3-ші бөлім Түйін және Қорытынды ой.........................................................10

Қолданылған әдебиеттір тізімі......................................................................12






















Аңдатпа

Меруерттің «Заманауи ағылшын сөздерін жасөспірімдердің сөйлеу лексиконында қолданылуы»

зерттеу жұмысы.

Жұмыстың мақсаты: ағылшын тілінің  кірме сөздеріне сараптама жасау арқылы жас ұрпақтың күнделікті ауызекі сөйлеуіне ағылшын тілінің қалай әсер ететіндігін көрсету.

Жұмыстың гипотезасы:

Жастар арасында ағылшын тілінің кірме сөздерін пайдалану көптеп орын алуы әлеуметтік орта ма әлде тілдік идеология ма.

Зерттеу обектісіретінде жасөспірімдердің тілдік қолданыстағы «ағылшындық» сөздер қарастырылған.

Айтылатын сөздердің тілдік біліммен байланысты болуын зерттеу гипотезасы ретінде қарастырды..

Осы жұмыс барасында; бірнеше саладағы кең тараған сөздер зерттелді;

Сол сөздердің қолдануындағы қызығушылық қарастырылды;

жиналған мәліметтерді нақтылау және де бір шешімге келуді міндет ретінде қарастырды.

Көптеген сараптамалар мен зерттеулер және сауалнамалар нәтижесінде ағылшындық сөздердің қолданылуы ағылшындық заманауи сөздер екені нәтижеде анық зерттеліп қорытындыланды.















1

Annotation


Meruert's "Use of modern English words in the lexicon of adolescents" research work. The purpose of the work: to show how the English language affects the daily speech of the younger generation through the analysis of English keywords. Hypothesis of work: Whether the use of English passwords is more common among young people, whether it is a social environment or a language ideology. The object of research is the use of "English" words in the language of adolescents. He considered the connection of spoken words with linguistic knowledge as a research hypothesis.In the course of this work; common words in several areas were studied; Interest in the use of those words was considered;

The task was to clarify the collected data and come to a decision.

As a result of many analyzes, studies and surveys, it has been clearly established that the use of English words is a modern English word.


Аннотация

Исследовательская работа Меруерта "Использование современных английских слов в лексике подростков". Цель работы: показать, как английский язык влияет на повседневную речь подрастающего поколения посредством анализа английских ключевых слов. Гипотеза работы: является ли использование английских паролей более распространенным среди молодежи, будь то социальная среда или языковая идеология. Объект исследования - употребление «английских» слов в языке подростков. Он рассматривал связь произносимых слов с лингвистическими знаниями как исследовательскую гипотезу.

В ходе этой работы; были изучены общие слова в нескольких областях;

Был рассмотрен интерес к использованию этих слов;

Задача заключалась в том, чтобы уточнить собранные данные и прийти к решению.

В результате многих анализов, исследований и опросов было четко установлено, что использование английских слов - это современное английское слово.










2

«Заманауи ағылшын сөздерін жасөспірімдердің сөйлеу лексиконында қолданылуы»

1.КІРІСПЕ

Ана тілін қадірлей отырып, өзге тілді білуге ұмтылу – бізге қойып отырған өмірдің талабы.

Басқа тілдерден келген кірме сөздер- табиғи және тұрақты үдеріс. Халықтар, елдер, мемлекеттер әрқашан бір-бірімен байланыста болғандықтан басқа тілдерден кірме сөздердің келуі заман талабы.

Ақпараттық тасқынның күшейюі-ғаламдық интернет желісінің пайда болуы, дүниежүзілік экономикалық нарықтың дамуы, халықаралық туризм, мәдениет байланыстары , ақпараттық технологиялар, халықаралық олимпиадалар, фестивальдар – осының барлығы ағылшын тілінен енген кірме сөздерінің келуіне себеп болды

Біздің күнделікті сөйлеу әрекетіміз- ол  жастардың тіл мәдениетінің сауаттылығы мен мәдени эстетикалық құндылығының  көрсеткіші ғана емес,  ол- бүкіл қоғамға берілетін мінездеменің көрсеткіш құралы болып есептеледі .Сонымен қатар ол жас ұрпақтың рухани мәдениетінің қалыптасуының, адамгершілік және зияткерлік дамуының маңызды факторы болып табылады.

Мақсаты: ағылшын тілінің  кірме сөздеріне сараптама жасау арқылы жас ұрпақтың күнделікті ауызекі сөйлеуіне ағылшын тілінің қалай әсер ететіндігін көрсету.

МІНДЕТТЕРІ:

1.Тақырыпқа байланысты теориялық материалдарға талдау жасау.

2.Ағылшын тілі пәнінің білімдерін тереңдету, молайту.

3.Кірме сөздерінің келу себептерін анықтау.

4.Осы тақырыпқа байланысты оқушылар арасында сауалнама өткізу.

5.Оқушылар арасында көп пайдаланатын кірме сөздерінің сөздігін құрастыру.

Гипотеза:

Жастар арасында ағылшын тілінің кірме сөздерін пайдалану көптеп орын алуда.

Күтілетін нәтиже:

Қазіргі заман талабына сай ағылшын тілі халықаралық тіл болып есептеледі . Ағылшын тілінен келген кірме сөздер-тілдің дамуының бір жолы. Ағылшын тілі жастардың арасында үлкен орын алуда екені анықталады.

3

Тәжірибелік маңызы: бұл жұмысты ағылшын тілі сабағында, тіл мәдениеті немесе факультатив сабақтарында қолдануға болады және кірме сөздерді одан әрі зерттеу мақсатында пайдалануға  болады.  



Ғылыми жаңалығы: Ағылшын тілінің кірме сөздерінің біздің лексикаға ену себебін анықтау мақсатында көптеген тіл мамандары сонау 20 ғасырдың басынан бері зерттеп жатса, біздің аудан бойынша бұл мәселенің бірінші рет қаралуы –ғылыми жұмыстың жаңашылдығы болып табылады.

1.1 Кірме сөздер тарихы

Заманауи әлемде ағылшын тілінің маңыздылығы күшеюде, ол «ым-белгі» тіліне айналуда, оның әлемдік дәрежесі жоғарлау үстінде, оның әлем тілі ретінде қолданылу аясы кеңеюде. Ақпараттану, ғаламдық компьютерлік  интернет торабынының пайда болуы, әлемдік экономикалық нарықтың , халықаралық туризм саласынының дамуы, мәдени байланыстар- осының бәрі жаңа кірме сөздердің пайда болуына себеп болып отыр. 1898 жылы Герман империясының канцлері Отто Бисмарк : «Заманауи тарихтың қозғаушы күші- Солтүстік Американың ағылшынша сөйлегені»- деген екен. Жүздеген жыл өтсе де, бұл сөз өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. 2004 жылы Эдинбургте  ағылшын және өзге тілдер келешегінің  мәселесі бойынша өткен Британдық Кеңес конференциясының қатысушылары 2010-2018жылддары ағылшын тілін оқып-үйренушілердің саны Британиядан тыс елдерде 2 миллиардқа жетеді деп ұйғарған. Бүкіл ғаламшарда  жақын уақытта 3 миллиардтан астам адам ағылшын тілінде сөйлейтін болады делінген.

1.2 Кәзіргі таңдағы «Ағылшындық»

Қазіргі жағдайды талқылай келе, көптеген филологтар мен лингвистер кірме сөздердің біздің лексикаға алаңдататын қарқынмен енуде екенін атап өткен. Қазіргі жасөспірімдер мен жастардың ауызекі сөйлеуінде ағылшын тілінің сленгтерін өте жиі қолдануы алаңдатушылық туғызып отыр. Өз ойларын, сезімдерін ағылшын тілінде жеткізу жастарға жеңілірек көрінеді. Мүмкін ұлт болып қалыптасқаннан бері алғаш рет әкелер мен балалары арасында пайда болған алшақтық -адамгершілік критерийлері бойынша емес, ол тілге байланысты болып отырған сияқты.

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресстің даму заманында, қоғамдық өміріміздің қарқынды өзгеруі, өте көп мөлшерде жаңа сөздер сөз қорымызды толықтыруда, тіпті  кей сөздердің мағынасын түсініп те үлгермей қаламыз. Екі немесе бірнеше тілдердің бір- бірімен қарым-қатынасының сөздік пен сөз құрылымдарына әсер етуі –тілдік байланыс деп аталады.

4

Адамзаттың тарихи даму үдерісінде ұлт тілдері үнемі бір-бірімен байланыста болады. Ақпараттық ағынның күшеюі, ғаламдық интернет жүйесінің пайда болуы, елдер арасындағы байланыстардың кеңеюі, әлемдік сауданың, экономиканың, ақпараттық технологиялардың дамуы және олимпиадалар мен түрлі халықаралық фестивальдарға қатысуы, сән көрсетілімдері - осының бәрі біздің тілімізге жаңа сөздердің енуіне себеп болып отыр. Шет тілді  халықтармен етене жақын қарым-қатынас жасаудың қажеттігі артты. Осының бәрі шет тілдік кірме сөздердің енуіне жағдай туғызып қана қоймай, сонымен қатар олар халықаралық терминдер жүйесіне енгізілген.

Қазіргі таңда жер бетінің халықтарының 4\1 бөлігі ағылшын тілінде сөйлеседі, миллиардтаған адамдар оны оқып-үйреніп жүр.

Заманауй ақпараттық технологиялар материалдары ағылшын тілінде жазылған, халықаралық ғылыми конференцияларда барлық баяндамалар ағылшын тілінде оқылады және осы тілде басылымдарға шығады. Халықаралық келісімсөздер аудармашының көмегінсіз, екі жақ бойынша ағылшын тілінде жүргізіледі.

2.Негізгі бөлім

2.1«англотизация» бұл қалыпты өздігінен болатын тілдік үдеріс пе?

Ағылшын тілінен енген кірме сөздердің осы заманғы тілдер арасында алатын орны қандай, нақтырақ айтсақ- біздің ауызекі сөйлеуімізде, жастардың сленгтерінде; «англотизация» бұл қалыпты өздігінен болатын тілдік үдеріс пе, әлде әлеуметтік-идеологиялық себептермен байланысты ма? Мен зерттеу жұмысымды осыған арнадым. Сонымен қатар бақылау, жүйелеу және классификациялау сияқты әдістер арқылы кірме сөздерді  байланыс аясына қарай жүйелеп, олардың БАҚ пен ауызекі сөйлеудегі  қолдану жиілігін анықтауға тырыстық.



Әлеуметтік сауал. «Кірме сөздерді күнделікті өмірде қолданудың себептері » тақырыбында мектеп оқушыларынан сауал алынды. Зерттей келе қазіргі жасөспірімдердің лексиконына шетел сөздерінің енуінің бірнеше себептері бар екен:

1.Әр түрлі құбылыстарға, жаңа заттарға және түсініктерге атау қою қажеттігі. Мысалы: ноутбук, сканер, интернет, адаптор, миксер.

2.Біздің тілімізде кейбір заттардың балама атауларының болмауынан: чипсы, бейнеклип т.б

5

3.Бір нәрсені сипаттау үшін сөз құрылымдарының орнына, көп түсіндіріп жатпай, англицизм көмегімен бір сөзбен ғана айтуға болады. Мысалы: пиллинг, мейк ап, уикенд, шопинг жасау т.б

2.2 Кірме сөздерді байланыс аясы бойынша классификациялау

Жарнамалардағы, хабарландырудағы және этикеткалардағы (жапсырмалардағы) жазылған шетел сөздері жасөспірімдердің лексиконынан орын алуына және оларды насихаттауда ерекше рөл атқарады. Қазіргі уақытта жапсырмалары ағылшын тілінде жазылған түрлі тауарлар шығып жатыр: «MilkyWay»  (cүт жолы), «Baunty» (жомарт), «Nuts» (жаңғақтар),  «Head and Shoulders»  (бас пен иық), «Fairy» (сиқыршы) жуғыш құралдар, «Tide» (кір жуғыш ұнтағы). Аудио және бейнеаппаратураларда мынадай жазуларды көруге болады: Push,Stop, Wind, Low, High, Noise  және т.б. Киімдердегі жазулар олардың қайда жасалғанын, киімнің сапасы немесе оны қалай күту керектігі туралы ақпарат болады: Made in China; 100% cotton; Wash 30-40 С. Соңғы жылдары киімдердегі әртүрлі жазуларды жарнама үшін, кейде географиялық атаулармен, күлдіргі сөздермен безендіру сәнге айналған. Мысалы, футболкалардағы мынадай жазулар: Kiss me!; California; Montana; Milk is better than Wine; Star Wars; Drink Coca-Cola; I love you!; Let’s go shopping! және т.б.



Көптеген жазулар біздің тілімізге әбден сіңіп кеткен кірме сөздерден тұрады. Мынадай сөз тіркестерін де жиі естуге болады: «Бұл сондай керемет шоу болды»; «тамаша клип»; «бестселлер сатып алу»; «бұл нағыз хит емес пе»; «пицца сатып алу керек».



Әртүрлі байланыс аясына жүгіне отыра, әрбір жасөспірім ағылшын тілді сөздерді кезіктіреді:



1. Билік, саясат. Соңғы жылдары еліміздің саяси лексикасында шетел сөздері пайда болды. Мысалы, министрлер советінің басшысы қазір премьер-министр, орынбасары – вице-премьер деп айтады.

2. Бұқаралық ақпараттар жүйесі. Бұл сала аясы англицизммен қарқынды толығуда. Интернет- кірме сөздерді қолдану бойынша ең «рекордсмені»  деп айтуға болады, әсіресе жарнама мәтінінде, оқиғалар туралы хабарламаларда және т.б. Негізінде бұл салада өте көп кәсіби тіл мамандары жұмыс жасайды және олар сөйлеу мәдениетін халыққа жеткізуші болу қажет, алайда

6

шынайы  өмірде бәрі керісінше: БАҚ, соның ішінде әсіресе телеарна біздің тілімізге басқа кірме сөздердің енуіне күшті ықпал жасауда.3. Спорт. Бізге үйреншікті көптеген сөздер ағылшын тілінен енген екен. Оларға мына сөздер жатады: спортсмен, футбол, бодибилдинг, фитнес, спринтер, армрестлинг.4.Техника. Жаңа технологияларға жаңа атаулар құрастырады және олар ағылшын тілінен енген сөздер болып табылады: компьютер, ноутбук, мобильді, сканер, органайзер, клавиатура, монитор.

5. Кино, музыка. Бұл сала ағылшын тілінің әйгілі атағын шығарған сала деп есептелінеді. Қазір көптеген поп жұлдыздар ағылшын тілінде ән салады, көптеген фильмдер де ағылшын тілінде түсіріледі, түрлі әйгілі сөз тіркестері бар, мысалы, А.Шварцнеггердің атақты сөзі : I'll be back; Дима Биланның әнінің қайырмасы: Never- ever let me go; Шекспирдің «To be or not to be, that is the question» бұлар жастардың күнделікті сленгтерінде қалып қояды.

6. Экономика. Бұл салада мынадай кірме сөздер кездеседі: инвестиция, маркетинг, дилер, брокер.

7.Білім. Эдвайзер, полилингвал, лексика, фонетика, тинейджер

БАҚ пен ауызекі сөйлеуде басқа тілден енген сөздердің қолдану жиілігі.Басқа тілден енген сөздердің басым бөлігі жастар сленгтерінде, әсіресе тинейджерлер тілінің маңызды бөлігіне айналған. Зерттеулер көрсеткендей, жастардың лексикалық сөз қорының тиімді көзі БАҚ \интернет\, техника \компьютерлік технологиялар \ , поп-мәдениет \кино, музыка\

Әрине, бұл деректерге социо-мәдени баға беруге болады, Бұл оқушылардың шетел тілін үйренуге ынтасын арттырады. Жастар сленгтері- маңызды әлеуметтік фактор болып табылады. Жасөспірімдер үшін әлеуметтену өте маңызды, олар үшін сленг сөздерін қолдану, әсіресе ағылшын тілінен енген сөздерді қолдану, қайсыбір жастар тобына кіруге мүмкіндік беретін рұқсатнаманың «коды» немесе «кілті» іспетті. Сондықтан шетел терминологиясында сленгтерді in- grouplanguage\ in group vocabulary (топтар арасында қолданатын сөздер) деп айтады. Компьютершілердің «өз тілі» яғни «топтардың тілдері»  деген бар, олар геймерді хакерден, ал юзерді флешмобилден жылдам ажыратуға мүмкіндік береді. Сноубордистер сленгтің көмегімен араларындағы жаңа қосылған адамның гуффи ме, әлде нормал екендігін бірден айыра алады. Шетел тілінен енген бұл сөздер тіл байлығымыздың молаюына мүлдем кедергі келтірмейді, себебі нақты әлеуметтік қызмет атқарады, олардың көпшілігі уақыт өте кейбір әлеуметтік топтардың ескіріп, жоғалуына байланысты тілімізден де жоғалады. Оған мысал хиппи сленгі бола алады

7

 2.3 Оқушылардың зерттеу нысанына көзқарасы



Ағылшын тілінен енген сөздерді қолдану өзіндік сәнге\ модаға\ айналуы жастар ортасында стереотиптің қалыптасуымен сипатталады. Біздің заманымыздың осындай стереотипі бұл- американдық қоғамның өмір сүру деңгейінің әжептәуір жоғары екендігі және ол елдерде техникалық прогрестің қарқынды дамуы, барлық әлемді өзіне қаратуы. Өз тілдерінде ағылшын тілінің кірме сөздерін қолдану жастарды осы американдық мәдениетке, олардың өмір сүру стиліне біршама жақындатады. Дегенмен ағылшын терминологиясына қатысты әлеуметтік айырмашылық та байқалады. Жастарға қарағанда ересектерде бөтен лексиканы қабылдау қарқыны төменірек. Қазіргі уақытта халықтың білім деңгейі жоғарлануынан, кірме сөздерді игеру жеңілірек.  Жоғарыда айтып кеткендей, біздің елімізде шетел тілін меңгерген адамдар саны артуда, әсіресе жастар арасында. Белгілікті ортада жастардың англицизмдерді қолдануы олардың жоғары ақпараттанғандығын және басқалардан артықшылығын көрсетеді. Кейбір шетел сөздері жастардың тілдерінде  өз орталарында бұрмаланып қате айтылады және бұл сөздер халық арасына тез таралып кетеді. Бұл сөздер көбінесе айтылу, яғни дыбысталу кезінде қате айтылған кірме сөздер болып табылады. Ол сөздер кейбір дыбыстардың дұрыс айтылмауынан, кейбір дыбыстардың қосылуынан немесе орын ауыстыруынан пайда болады.



 Мысалы: Шузы shoes сөзінен – туфли;                                                       

Бутсы Boots- ботинки сөзінен;                                                

Супермен superman сөзінен – сверх-человек;               

Хаер hair сөзінен – шаш

Ағылшын тілінің кірме сөздері мектеп өмірінің ауызекі сөйлеуінде  де кездеседі, мысалы: мектеп оқушыларының жаргоны «инглиш» сөзі  «English» - ағылшын тілі  (инглиш бола ма?),

«холидей»- «holiday» - демалыс

(өмірімде бәрі O’K , болады жақында холидей)                                

  «френд» - «friend» - дос, жолдас (Ол менің гелфрендім)                  

    «комп» - «computer» -  компьютер                                                  

«мазер-фазер» - «father- mother»  - (әке-шеше мазер-фазер үйде ме?)

8



Жоғарғы сынып оқушыларынан қашықтықтан \7-9- сыныптар\ олардың келешек өмірінде ағылшын тілінің маңызы туралы сауал қойғанда, олардың жауабы:



Мен шетелге саяхатқа барғым келеді – 42%

Бұл маған жақсы жұмыс табуға зор мүмкіндік  береді – 18%

Шетел азаматтарымен сөйлескім келеді – 10%

Мен ағылшын тілінде газет- журналдар, кітап оқығым келеді-9%

Мен шетелде оқығым келеді – 11%

Ағылшын тілі-мектеп бағдарламасы бойынша оқылатын пән- 100%

Сонымен қатар мен өзімнің шағын ортадағы туысқан жасөспірімдерден күнделікті қолданылатын сөздерге тағы бір сауал жүргіздім.Ол сауалға 50 адам қатысты.Күнделікті сөйлеу лексиконында

«Ok» -14 адам қолданады. «Hi» сөзін 2адам, «Bye» сөзін 1 адам, «Easy»сөзін 7 адам «You know» сөзін 6 адам, «Yes» сөзін 5адам, «Crazy» сөзін 5 адам, «Stop» сөзін 2 адам, «Win» сөзін 1 адам қолданады екен.













9


3.Түйіндеу және Қорытынды ой

Біздің еліміз ертеден басқа елдермен саяси, сауда, ғылыми және мәдени байланыста болғандықтан тіліміз басқа тілдермен байытылып отырған. Бұндай сөздер біздің халыққа жаңа заттар, дәстүрлер мен түсініктерге жаңа атаулар берді. Гипертілдердің пайда болуы көптеген мәселелер туғызады. Бұл мәселелерді шешу эколингвистика- тілдердің бір-бірімен байланысын зерттейтін 21 ғасырдың өзекті ғылым саласының тұғырында. Әлемнің ағылшын тілді емес елдерінің халқы мәдениаралық қарым-қатынасқа дағдылану қажет, сонымен қатар өз тілінің тазалығын, ұлттық мәдениетін сақтап қала білу керек. Тәжірибе көрсеткендей,  уақыт өте тілдегі артық және қажетсіз сөздер өздігінен түсіп қалады.

Англицизмдерді қолданудың кейбір артықшылығын да айтып кету қажет:

-біріншіден, кейде англицизмдерді қолдану ыңғайлы, өйткені олар қысқа да нұсқа айтылады;

- екіншіден, ұзақ аудармалардан гөрі, англицизмдер бәріне түсініктірек.

- үшіншіден, бұл сөздер біздің күнделікті тілімізге енген, әсіресе жастар мен Бұқаралық ақпараттар құралдарына ;

- төртіншіден, кірме сөздер нормативті лексикаға жатады

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!