Материалдар / Ғылыми жоба: Зерттеу жұмысының тақырыбы:Асқабақтың пайдасы.4-сынып оқушысы Бүркіт Балауса
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба: Зерттеу жұмысының тақырыбы:Асқабақтың пайдасы.4-сынып оқушысы Бүркіт Балауса

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба: Зерттеу жұмысының тақырыбы:Асқабақтың пайдасы.4-сынып оқушысы Бүркіт Балауса.1. Бүркіт Балауса өзінің ғылыми жобасында асқабақты үй жағдайында өсіріп оның адам ағзасына пайдасын жазды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қазан 2022
1211
21 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп КММ









Зерттеу жұмысының тақырыбы:

Асқабақтың пайдасы.



Дайындаған: Бүркіт Балауса «4Б» сынып оқушысы

Бағыты: Дүниетану

Жұмыс жетекшісі: Байсексенова С.С -

бастауыш сынып мұғалімі



















Көкпекті ауылы -2022жыл







Мазмұны:

І. Кіріспе.

II.Зерттеу бөлім.
2. 1. Асқабақтың шығу тарихы және түрлерімен таныстыру.

2. 2. Асқабақты өсіру технологиясы .

2.3.Асқабақтың емдік қасиеттері және басқа да пайдалы қасиеттерінің маңыздылығын білу.

2. 4.Асқабақтан дайындалатын тағамдар.

III. Қорытынды бөлім.

Пайдаланған әдебиеттер.


































Аннотация


Осы ғылыми жұмыста асқабақ жайында көптеген қызықты мәліметтер жинақталған. Асқабақтың адам денсаулығына пайдасы туралы жан-жақты қарастырған.





Аннотация


В этой научной работе рассмотрено тыква, которая заинтересовала учащихся начальной школы. И учащиеся предоставляют много интересной информации о тыкве. Тыква предоставляет комплексные преимущества для здоровья человека.



Annotation



In this scientific work reviewed by a pumpkin, which is interested in primary school pupils. And pupils provide a lot of interesting information about the pumpkin. Pumpkin provides comprehensive benefits to human health.



















І.Кіріспе бөлім .
Кіріспе

1.Асқабақ дегеніміз не?

  1. АСҚАБАҚ (pumpkin- ағылшынша),(орысша –тыква) - асқабақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдік. Асқабаққа тоқталатын болсақ, ол кез-келген құнарлы заттары жеткілікті топырақта өсе береді. Учаскенің көлеңкелі не жарық түскіш болғанына мән берілмейд. Олар барлық жерде бірдей өседі. Асқабақ – қияр, қарбыз, қауын сынды бақша көкөністерінің туыстасы. Асқабақты жеуге жарамды және техникалық (түтікше және музыкалық аспаптар жасалатын) деп екіге бөледі. Жер шарында бұл көкөністің ондаған түрі бар: оның үш түрі біржылдық, қалған жетеуі көпжылдық. Сіз бен біздің бақшамыздан немесе аналарымыздың дәмді тағамдарынан көріп жүрген асқабақтың түсі сарғылт болғанымен, жасыл, ақ, сары, қызыл және сұр түсті асқабақтар да бар екен.

Өз жұмысымда асқабақтың қасиеттерін анықтап, зерттеуді мақсат еттім.

Жұмыс тақырыбы: Асқабақтың пайдасы.

Жұмыс мақсаты- асқабақты үй жағдайында өсіріп технолигиясымен танысып оны іс-тәжірибеде қолдану .

Жұмыс міндеттері:

-Зерттеу жұмысын ұйымдастыру

-Ізденіс жұмыстары :дерек жинау

-Жұмыс нәтижесін шығару

II.Зерттеу бөлімі


2. 1. Асқабақтың шығу тарихы және түрлерімен таныстыру.


АСҚАБАҚ (pumpkin- ағылшынша),(орысша –тыква) - асқабақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдік. Асқабақ біздің заманымыздан бұрын ІІІ ғасырда  Мексикада, Перуде белгілі болған. 15 ғасырдың ақырында Мысырға әкелінген. Асқабақ – ежелден егілетін өсімдік. Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейді. Асқабақтың Қазақстанда 9 түрі таралған. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Біздің елде асқабақтың үш түрі: қатты қабықты, ірі жемісті және мускат өсіріледі. Асқабақтардың Алтайская, Мозолеевская, Бирючекутская, Миндальная, Столовая зимняя, Кашкарская, Палавкаду сияқты сорттары бар.

Асқабақты тағам ретінде пайдалану сонау ерте замандардан басталған.

Өйткені, археологиялық қазба жұмыстары асқабақтың осыдан үш мың жыл бұрын пайдаға асырылғандығын анықтады. Оның дәндері перулік үндістердің табыттарынан табылған.

  1. 2. 2.Асқабақты өсіру технологиясы

  2. Асқабаққа тоқталатын болсақ, ол кез-келген құнарлы заттары жеткілікті топырақта өсе береді. Учаскенің көлеңкелі не жарық түскіш болғанына мән берілмейд. Олар барлық жерде бірдей өседі.

  3. Асқабақтарды сәуір айының ортасында отырғызады. Тұқымды 10 см тереңдіктегі қуысқа 3-5 данадан салады.Топыраққа асқабақтың дәнін сулап отырғызса,біраз уақыттан кейін тамыры ,одан кейін сабағы,сабағынан алғашқы жапырағы ашылады.Одан кейін 2-ші,3-ші жапырағы пайда болады.Біраз уақыттан кейін барып гүлдеп,гүлінен жемісі пайда болады.

  4. Жеміс піскен кезде жинауды бастайды. Ауа-райы суымай тұрғанда, асқабақтарды жинап алу шарт, өйткені аз да болса үсіген   асқабақтар сақтауға жарамсыз болып қалады













2.3 Асқабақтың пайдасы және емдік қасиеті

Денсаулыққа пайдасы. Асқабақ әсіресе асқазаны ауыратындарға таптырмайтын дәрі. Сонымен бірге жүрегі әлсіздерге, түрлі аурудан жүдеп, шаршағандарға қуат беретін бірден-бір пайдалы ас. Асқабақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» күйген денеге таңуға да болады. Мұны дәрігерлер де мақұлдайды. Отқа, ыстық суға күйіп қалғандар үй жағдайында асқабақтың сары етін алып таңса болғаны.
Мың да бір ауруға дауа болатын асқабақтың пайдасын айтып тауысу мүмкін емес. Ол:
– көзі нашар көретіндерге;
– қаназдыққа (анемия);
– семіздікке;
– несеп-жыныс жүйесінің көптеген ауруларына;
– өт айдауға;
– бүйрекке;
– паразиттерді жоюға көмектеседі.
Науқастарға жарасын таңуға кеңес береді. Асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қаназдықтан жапа шегетіндерге көмек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем.
Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп-жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жояды.
Құрамында жасанды талшық, ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және A, B1, B2, PP және C дәрумендері, ағзадағы зат алмасу процесін жедел¬дететін Т және қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері, калий, кальций және темір бар. Құрамында дәрумендердің көптігінен болар, ол мың бір ауруға ем боларлық көкөніс деп есептеледі.
Асқазаныңыз қыжылдаса…
1 Егер дәрігерлік тексерулер сіздің асқазаныңызда қышқылдың жоғары екенін анықтаса, асқынудың алдын алу үшін кәдімгі араның балын пайдаланыңыз. 30-35 грамм балды стакандағы жылы суға салып ерітіп, тамақ ішуден 1,5-2 сағат бұрын, болмаса тамақ ішіп болған соң 3 сағаттан кейін ішіңіз.Бал қосылған суды күніне 3 рет ішесіз. Бірақ есіңізде ұстаңыз, бұл емді қабылдап жүргенде басқа тәттілерді қолданбау керек.
Егер асқазан қышқылы тым жоғары болса, балды суды таңертең ішіп, оған мүмкіндігінше сүзбе, болмаса сүт қосу керек.
2 Кәдімгі картоптың сөлін сығып алыңыз да стаканның төрттен бір бөлігін толтырып тамақ ішуге жарты сағат қалғанда күніне үш рет ішіңіз. Күн өткен сайын бұл мөлшерді көбейте беруге болады. Емделу мерзімі 4-5 апта. Асқазандағы қыжыл қайтады.
3 Асқазандағы қышқылды тауық жұмыртқасының ақуызы айтарлықтай қалпына келтіре алады. Жұмыртқаның ақ бөлігін тамақтың алдында салқындатылған қалпында ішеді. Асқазан аурулары асқынғанда тауық жұмыртқасының белогынан буға пісіріліп дайындалған амлет аса пайдалы.
4 Суға немесе сүтке пісірілген асқабақ ботқасы асқазан қышқылының азаюына әсерін тигізеді. Сол үшін асқабақтың ұзаққа шыдайтын түрін алып, үйіңізде сақтасаңыз қажет кезінде пайдасын көре аласыз.
Асқабақ - мың бір ауруға ем

Аяулы оқырмандарымызға күнделікті тұрмыста жиі пайдаланатын көкөністердің қасиеттері мен пайдасы туралы әңгімелеуді жалғастырамыз. 
Бүгінгі тақырыбымызға арқау болып отырған асқабақ жидегі адам денсаулығына пайдалылығы жағынан өзге жеміс-жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге аса бай.

Асқабақ дәнегінің пайдасы.
Жүрек пен қан тамырына пайдасы. Асқабақ дәнектерінің құрамында жүрек жұмысын қалыпқа келтіре алатын магнийдің жеткілікті мөлшері бар. Магний жүрек бұлшық еттерінің жұмысын жақсартып, ырғақтың бұзылуына тосқауыл қояды. Ғылымда дәлелденгендей, холестериннің жоғары деңгейі жүрек, қан тамырлары ауруларын тудырады. Ал дәнектердің құрамындағы фитостеролдар қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Қан қысымын тұрақтандыратындықтан, гипретониктарға жиі шағып тұруға кеңес беріледі.

Ми жұмысын жақсартады. Асқабақ дәнектерінің құрамындағы триптофан аминқышқылдары ағзамыздағы серотиннің өнуіне жол ашады, бұл ұйқының толықтай жақсаруына септігін тигізе алады. Дәнек бойындағы цинк бас мидың жұмысын қалыпқа келтіріп, есте сақтау қабілетін жақсартып, ағзадағы шаршауды басады.
Ескерту! Асқазан-ішек жолдары қатты бұзылған, ішек жолдары зақымданған, асқазан шырынының қышқылдығы жоғары адамдарға асқабақ дәнектерімен әуестенбеуге кеңес беріледі.


2. 4Асқабақтан дайындалатын тағамдар.

Манты — орталық Азия тұрғындарының дәстүрлі асына айналып кеткен тағам. Мантыны қарапайым күннің дастарханына да, мерекелік дастарханға да әзірлей береді. Ол тойымды, дәмді, әрі бәрінің сүйікті асы. Ең дәмді нұсқасының дайындалу жолын ұсынамыз:

Құрамы:

Ет — 500 гр. (қойдың еті дұрыс)

Пияз — 500-600 гр. ( 5 дана)



Асқабақ — 500 гр. (бір асқабақтың тең жарты бөлігі)

Тұз бен бұрыш — бір ас қасықтан.Қамырына:Жұмыртқа — 2 дана Ұн — 2 стақан.Салқын су — 1 стақан

  Дайындалуы:Тартылған етке қарағанда, майда етіп туралған еттен дайындалған манты дәмдірек болады. Пияздың көптігі тағамды шырынды етеді, әрі иісі де мұрынды жарады.


ІІІ Қорытынды бөлім.
Қорыта келгенде асқабақты көп өсіру қажет екен. Дәрілерден гөрі асқабақты молынан пайдаланып түрлі ауруларға қарсы бірден бір ем екеніне көз жеткіздім.Өз бақшамызда өсіріп дастарханымыздың сәнін ,дәмін келтіретін түрлі тағамдар жасап күнделікті өмірде пайдаланып отыруымыз керек.

Бүгінгі таңда өзіндік назар аударуды талап етер мәселе болып саналады.

Сондықтан емдік, дәрілік қасиеттетерін пайдалана отырып адамдарға күнделікті асқабақты тұтынуға кеңес берер едім.

Асқабақты зерттей отырып оның пайдасының көп екеніне көзім жетті. Зерттеу жұмысым әлі де толықтыруды қажет етеді. Мен әлі де жұмысымды толықтырып, зерттеуімді жалғастырамын. 




Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қ. Қайым.Биология Алматы. Атамұра 2003ж.
2. Әлімқұлова Р. Өсімдік тану.
6-7 сынып, оқулық Алматы «Рауан» 1995.
3. Биологический энциклопедический словарь. - М.: «Советская энциклопедия», 1989.
4. Жизнь растений, в 6 томах. - М.: «Просвещение», 1974-1982.
5. Красная книга Казахской ССР. Часть 2. Растения. - Алма-Ата: «Наука», 1981.
6. Қайымов Қ. Қызықты зоология. - Алматы: «Мектеп», 1974





































Абай облысы Көкпекті ауданы

Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінің оқушысы :

Бүркіт Балаусаның ғылыми жұмысына



Пікір

  1. Бүркіт Балауса өзінің ғылыми жобасында асқабақты үй жағдайында өсіріп оның адам ағзасына пайдасын және одан түрлі тағмдар жасалатыны туралы жазды.Балауса зерттеу жұмысында асқабақтың қалай өсетінін білді .Асқабақтарды сәуір айының ортасында отырғызады. Тұқымды 10 см тереңдіктегі қуысқа 3-5 данадан салады.Топыраққа асқабақтың дәнін сулап отырғызса,біраз уақыттан кейін тамыры ,одан кейін сабағы,сабағынан алғашқы жапырағы ашылады.Одан кейін 2-ші,3-ші жапырағы пайда болады.Біраз уақыттан кейін барып гүлдеп,гүлінен жемісі пайда болатынын білді.Асқабақтың адам ағзасына тигізетін пайдасына нақты мәліметтер келтірген. Оның адам өмірінің денсаулығын жақсартуда көптеген шипалық қасиеттерін анықтады. Асқабақтың кеңінен таралған түрлеріне анықтама берген. Балауса зерттеу жұмысында асқабақтың пайдалы жақтарын, емдік қасиеттерін танытуда көптеген материалдарымен таныса отырып, одан түрлі тағамдар жасап көрсете білді. Ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған .







Жетекшісі:С.С Байсексенова

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!