Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба:Кәрібжан Нүсіпжанұлы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
П І К І Р
Бүгінгі заман талабына сай, болашақ ұрпақтары рухани бай, зияткерлік білімді, адамгершілікті етіп, тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше.
Мектеп – білім мен ғылымның қайнар бұлағы. Сол бұлақтан нәр алған 10 «А» сынып оқушысы Аман Мерей «Ер есімі – ел есінде» тақырыбындағы зерттеу жұмысы талапқа сай орындалған. Жұмысты жүргізу барысында шәкірт жинақтау, бақылау, сипаттау, суреттеу сынды әдістерді тиімді пайдалана білген. Зерттеу жұмысының мақсаты – оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
Зерттеу жұмысында зерттеу әдістерінің тиімді жүйесінің пайдалануы мен тарихи, дерекетерге ақиқат тұрғыдан талдау жасалынған.
Ғылыми жобаның нәтижесі нақты жазылған. «Ер есімі – ел есінде » ғылыми жобасы зерттеуінің нәтижелері ғылыми негізделген, мазмұнының логикалық құрылымы мен ішкі бірлігі жүйеленген. Ғылыми жобаның материалдары нақты деректерге сүйеніп жазылған.
Зерттеу жұмысын жүргізгенде оқушы ұлы Абайдың «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген сөзін берік ұстанып, жас ұрпақ ретінде ертеңгі күнге үлкен арман – мақсатпен қарайды, елінің баянды бақыты үшін жан аямай еңбек етуге бел буады.
Автор тақырып аясында алынған өзекті мәселені толығымен қамтып, қойылған мақсат пен міндеттеріне қол жеткізген және ғылыми зерттеу еңбегі өз деңгейінде орындалған.
Аннотация
Кәріпжан Нүсіпұлы — Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Ленин атындағы қой кеншерының №3 бөлімшесінде 1940 жылдың наурыз айының 13- ші жұлдызында дүниеге келген. Әр шығармасы мен өлеңін жүрегінің қанымен жазып, елінің абызы биігіне көтерілген , бүгінгі қазақ әдебиетінің құзар шың қаламгері Кәріпжан Нүсіпұлы - Хан тәңірі сынды.
Кәріпжан Нүсіпұлының шығармаларындағы баяндалатын оқиғалардың көбі Қарт Алатау бөктері мен ежелгі Жібек жолы бойына орналасқан Меркі мен Тараз аралығындағы (бұрынғы Луговой) ауданының Құлан өңірінен түлеп ұшқан алуан өнер саңлақтары,батырлары,ақындары.Сонымен қатар
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ................................................................................................................... 2
Негізгі бөлім..........................................................................................................4
2.1.Кәріпжан Нүсіпұлының өмір жолы......................................... .....................4
2.2. Тарих тарландарын жырға қосқан Кәріпжан..............................................8
2.3 ...........................................................................11
Қорытынды..........................................................................................................15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................16
Кіріспе
Қоғамдық сананың айырықша саласы – өнер. Өнердің жалпы адамзат мәдениетінен алатын орны ерекше,адамдардың парасат дүниесінде атқаратын қызметі орасан.Өнерде суретшінің құралы – бояу,әншінің құралы – үн,бишінің құралы – қимыл болса,ақынның құралы- тіл.
Әрбір өнер адамының бәрінен бұрын жаны сұлу,адамгершілігі мол,мінезге бай,білімі терең және мәдениеті биік болуы керек.Осындай өнер адамына тән қасиет жерлесіміз ,Құлан өңірінен шыққан ақын Кәріпжан Нүсіпұлының бойында бары анық.Оған дәлел оның өлеңдері мен шығармалары.Ақын өлеңдерін әр түрлі тақырыпта жазған.Келешек ұрпақты өз Отанын сүюге,құрметтеуге насихаттаған өлеңдері мен шығармалары – зерттеу жұмысының негізі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында әрбір азаматтың патриоттық сезімін қалыптастырып,сүйіспеншілігін арттыратын туған жер екендігі айтылады.Яғни Елбасының сөзімен айтқанда «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе,өскен ауылыңа,қалаң мен өңіріңе,яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады».Мақалада алға қойылған міндеттердің қатарында « Туған жер» бағдарламасын қолға алу ұсынылған.Бұл дегеніміз Туған өлкеміздегі ұлы тұлғалар,елеулі азаматтардың халыққа жасаған игі істері мен ерен еңбектерін келер ұрпаққа үлгі етіп таныту.Осы орайда ақын,жазушы Нүсіпұлы Кәріпжанның өлеңдері мен шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту біздің міндетіміз.
Жұмыстың мақсаты:
Елім деп еңіреп өткен бабаларымыздың өнегесін үлгі ете отырып, бүгінгі ұрпаққа өлкеміздегі сырлары ашылмай жатқан құнды деректерді зерттеу және өлке тарихын ашу, Тәуелсіз Қазақстанға деген патриоттық сезімін дамыту.
Жобаның міндеттері.
Құдіретті сөз өнерінің барша қасиеті бойынан табылатын тума талант екендігі туралы түсінік беру;
Талант иесінің туындыларының дүниеге келуі ұлт өнері үшін , оның келешегі , бүгінгі тарихы мен болашағы үшін ерекше құндылық екендігін таныту;
Кәріпжан Нүсіпұлының ауданымыздың мәдениеті мен өнеріне қосқан үлесін жұртшылыққа таныту.
.
Зерттеу жұмысында қолданған әдіс-тәсілдерім:
-
Тақырып бойынша материалдар жинақтау;
-
Әңгімелесу;
-
Сұхбаттасу;
-
Талдау;
-
Қорытындылау;
Күтілетін нәтиже:
Ақын Кәріпжан Нүсіпұлының шығармашылығының зерттелуі, талант иесінің туындыларының қырлары мен сырларының насихатталуы, кемел еліміздің патриоттарын тәрбиелеуге ықпалын тигізуі.
Негізгі бөлім
2.1.Кәріпжан Нүсіпұлының өмір жолы.
2.1.Нүсіпұлы Кәріпжан – журналист,ақын.Ол 1940 жылдың наурыз айының 13- ші жұлдызында Ленин атындағы қой кеншерының №3 бөлімшесінде кедей шаруа отбасында дүниеге келген.1946 жылы мектеп табалдырығын аттап,мектеп жанындағы интернатта жатып оқыған.Оған куә инттернатта өлеңі:
Интернат болып үйіміз,
Туысқа күткен бармадық.
Жарасып жастық күйіміз,
Сабақтан бір күн қалмадық. – деп ақын интернаттағы өмірін жырлаған. Ақындық өнері Кәріпжанға 9 жасынан бастап белгілі бола бастаған.Әкесінен 11 жасында айырылған Кәріпжан , «Ленин » совхозында жай жұмысшы қатарында еңбек еткен. 1960 жылы Новотроицк ауыл шаруашылық кәсіптік – техникалық училищесінде оқуға түсіп, қызыл дипломмен бітірді .1965 жылы отбасын құрады.
1972 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін жақсы деген бағаға бітірген.
Кәріпжан Нүсіпұлы еңбек жолын 1960 – 1962 жылдары Қорағаты қой кеншерында механизатор болып бастады.1964 – 1966 жылдары осы кеншерда есепші,Қорағаты мектебі директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары,1966 – 2003 жылдары аудандағы « Коммунистік еңбек»(қазіргі «Құлан таңы») газетінде аудармашы,бөлім меңгерушісі болып қызмет етті.
Белгілі ақын – жазушылардың ой пікірлеріне жүгінсек, Кәріпжан Нүсіп қазақтың қара өлеңінен қол үзбеген талантты ақын.
Ерен еңбегінің арқасында:
-
1970 жылы В.И.Лениннің туған күніне 100 жыл толуына арналған «Естелік» медалімен;
-
1986 жылы ауданымыздың «Еңбек Ері»;
-
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 10 жыл»мерекелік медальдарымен марапатталған.
-
2006 жылы «Ауданның бұқаралық ақпарат саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі мен қоғамдық саяси өмірге белсене араласқаны үшін» аудан Әкімінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.
Кәріпжан Нүсіпұлы 2003 жылы зейнетке шықса да «Құлан таңы» газетінде қызмет жасаған.
Кәріпжан Нүсіпұлы Қазақстан журналистер одағының мүшесі,ауданның Еңбек ері,Құрметті азаматы. «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері»,. Көптеген сазгерлердің 30- дан астам әндеріне сөз жазған. 2002 жылы « Біз екеуміз»деген өлеңіне жергілікті сазгер Д.Бықыбаев ән жазып, ол қазақ радиосының « Ән тыңдайық» бағдарламасында айдың ең үздік әні ретінде танылып,арнайы дипломмен марапатталды. Сондай- ақ, « Ара» журналы мен облыстық «Еңбек туы» газетінің жүлдесіне ие болған.
Кәріпжан Нүсіпұлының « Өмір өрнектері» және балаларға арналған «Балаларға байғазы», «Сырсандық» жыр жинақтары, «Өнер деген өлке бар» прозалық шығармалары жарық көрді.
Кәріпжан Нүсіпүлы бір ұл,үш қыз өсірген ардақты әке де бола білді.
Үлкен ұлы Нұрдаулет Нусипов қазіргі таңда Астана қаласында
2.2. . Тарих тарландарын жырға қосқан Кәріпжан
Белгілі ақын – жазушылардың ой пікірлеріне жүгінсек, Кәріпжан Нүсіп қазақтың қара өлеңінен қол үзбеген талантты ақын.
Құлан – Ұлы Жібек жолы бойындағы киелі қалалардың бірі болғаны белгілі.Ақын осы Құлан өңірінде дүниеге келгендіктен,өзінің атамекеніне жыр арнаған. «Құланнан іздегенің табылады» өлеңінде заманның селдей ағысына төтеп берген,ердің басы мұңға батқан,ҮІІІ ғасырда Құлан қаласы болған мекенді:
Көбейсе де дау – дамай,өскен егес,
Ел – жұртым желдей ауып көшкен емес.
Қиратса да Шыңғысхан әмірі өктем,
Құлан бірақ тарихтан өшкен емес, - деп, Құланның тарих сахнасындағы орнының биіктігін айтады.Сол Құлан өлкесінен түлеп ұшқан спорт майталмандары Ермахан Ибраимов пен Ислам Байрамуковты «Бар әлемге танытты қос қыраным,жиырмасыншы ғасырлық ұлы өткелді» - деп мақтанышпен жырына арқау етеді.
Тарихқа тұнған киелі Құлан жерінен іздегенің табылады дей отырып:
Аумаған мейірлері нұрлы күннен,
Деп білем мұның бәрі бірлігімнен.
Жақсы ниет күте біл жұртым менің,
Айдан анық бүгінгі тірлігімнен, - деп халықты бірлікке,ынтымаққа,жақсы ниетте болуға шақырады.
Түлеп ұшып туған ел даласынан,
Жеңіспен келген Сидней қаласынан.
Айналайын қос бірдей бауырларым,
Ақ алғыс барша қазақ баласынан! – деп басталатын бұл өлеңді ақын Ермахан Ибраимов пен Ислам Байрамуковқа арнаған.Өлең «Бокс пен күрес жұлдыздары» деп аталады. Спорттың күрес және бокс өнерін дамытуға үлес қоса отырып,қазақ халқының мәртебесін асқақтатқан спортшыларды «жұлдыздарға» теңеп,кейінгі ұрпаққа үлгі,өнеге етеді.
Ақынның «Өмір өрнектері» жыр жинағы «Тіліме керек жанашыр» өлеңімен ашылған.Ал, «Сырсандық» жыр жинағы «Ана тілім – қасиеттім,ардағым» өлеңімен ашылады. Бұл өлеңнің ана тіліне деген үлкен құрметін көрсетеді.Өлеңде Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі ана тіліміздің үлкен мәртебеге ие болғандығын мақтанышпен жырлайды.
Жаздай жарқын,күндей нұрлы ғажаппыз,
Алмас жүзді ерікті елміз,азатпыз.
Қуғын – сүргін,аштықтыда жеңе алған,
Құрыш қолды,жаны сірі қазақпыз, - деп, талай жыл бодандықта болған қазақ халқының қиындық көрсе де тілінен,дінінен бас тартпағанын,тәуелсіздікке қолы жеткен қуанышын паш етеді.
Ана тілін ардақтаса ұрпағым,
Әлі талай атар шалқып нұр – таңым,- деп өскелең ұрпақты ана тілінің қадірін ұғынуға,келешекте бағындырар талай белес барын сездіруге үн қосады.
Шын сүйген жақсылыққа құмар елін,
Айбарлы да ақылшы Тұрар едің.
Ақ арманын іздеген бар қазақтың
Ойлы бас,көрер көз бен құлағы едің.- деп Тұрар Рысқұловты да мақтай түскен.Тұрар Рысқұлов (1894 жыл 26 желтоқсан,Жетісу облысы,Верный уезі.Шығыс Талғар облысы- 10 ақпан 1938 ж,Мәскеу) мемлекет қайраткері.
Қазақстан сонау жылдары Ресейдің құрамында болғанда Тұрар Рысқұлов Қазақстанды азат ету үшін аянбай еңбек еткендердің қатарындағы ұлы қайраткер.
Одан кейін Сыпатай мен Ақмолда батырларға жырын арнай отырып:
Сыпатай мен Ақмолда,
Қоқанға қарсы шапқан жер.
Қонысын бермей жат қолға,
Найзасын жаудың қақан жер .- деп Сыпатай мен Ақмолда батырларды да мақтап,мадақтап,жырына арқау етеді.Ұлы тұлғалардың ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі еткісі келеді.Бұл дегеніміз «Ел – бүгіншіл,менікі – ертең үшін» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, ақын өлеңдерінен түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін,ұлттық сана – сезімі қалыптасқан,өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты,терең ойлайтын дара тұлға қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді.
Қорытынды
«Өлді деуге бола ма, артынан өшпес іс қалса»
Құлан топырағы өнер адамдарына бай.Соның бірі - Кәріпжан Нүсіпұлы.
Кәріпжан Нүсіпұлы – ойы ұшқыр,қаламы қарымды публицист.Өзінің саналы ғұмырының жарты ғасырға жуығын баспасөз қызметіне арнаған.Еңбек жолын механизатор болып бастаған алғашқы кезде сағым оранған сайын даланың тылсым тыныштығы мен сұлу табиғаты жүрегінде жыр болып жазылды.Жүрегі тебіренген кезде әр жастың көңіліне әсер ететін сезім пернелері ән болып құйылды.
Шығармашылық жұмыс пен кәсіби қызметті қатар алып жүрген ,орақ тілді өткір мақалаларымен,публицистикалық туындыларымен қоғамымыздың ілгері дамуына сүбелі үлес қосқан –Кәріпжан Нүсіпұлы.
«Бізгі қажетті – жаны да,қаны да қазақы,халықтың тілі мен дінін,тарихы мен салт – дәстүрін бойына сіңірген,туған жерді түлетуді,егемен елдің еңсесін көтеруді, азаматтық парызымыз деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» дейді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.Кәріпжан Нүсіпұлының өлеңдері ел еңсесін көтеруді азаматтық парызымыз деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеуге тұрарлық шығарма деп ойлаймын.Ақын өлеңдерін оқи отырып ,келешек жас ұрпақ елін сүйген,елі үшін қызмет ететін нағыз патриот болатыны анық.
Ақын өлеңдері тәрбиелік ,рухани,патриоттық мағынасы жағынан шеберлікпен,Отанға деген сүйіспеншілікпен суреттелген.Нүсіпұлы Кәріпжан тағылымды сөздері арқылы ұрпақты елін сүюге,жерін қадірлеуге,ұлттық қасиетті бағалауға,сөз қадірін тануға тәрбиелейді.Оның өлеңдері ұлттық дүниетанымы мен көрегендігін,философиялық ой тереңдігімен қоса,елінің жарқын болашағына сенген оптимистік рухын да айқындап түұр.Олай болса,ақын өлеңдерін елімнің ертеңіне баруға лайықты қазынамыздың бірі деп айтуға толық негіз бар.
Ұсыныс:
-
Кәріпжан Нүсіпүлының атына ауданымыздан көше есімі берілсе.
-
Кәріпжан атамызды қазақ әдебиеті сахнасынан өзіндік орнын айқындап көрсету мақсатында аудан көлемінде сол кісінің құрметіне іс – шаралар көптеп ұйымдастырылса.