Материалдар / ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «Қазақ тілін оқытуда кездесетін проблемалар және оларды шешудің жолдары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «Қазақ тілін оқытуда кездесетін проблемалар және оларды шешудің жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «Қазақ тілін оқытуда кездесетін проблемалар және оларды шешудің жолдары» Қазақ тілін үйреніп, мемлекеттік тілде еркін сөйлей алу - бүгінгі күнде елімізде тұратын барлық тұрғандарға арналған басты талап. Өйткені тіліміздің мәртебесін асқақтатып, қадірін кетірмей, өз деңгейінде ұлықтау - бізге берілген құнды аманат. Ертеде осы тілімізді сақтап қалу үшін жанын беріп, басын бәйгеге тіккен зиялы қауым өкілдерінің аруақтарына деген сыйластығымызды тілімізді құрметтеп, ана тілде сөйлеумен көрсете аламыз. Десе де, қазіргі таңда ана тілімізде өз дәрежесінде сөйлеп, өмір салтымызға енгізе алмай жатырмыз. Қазақстанда жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұрады десек, солардың барлығы дерлік мемлекеттік тілді білуі тиіс. Алайда қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілін қызмет көрсету орындарында қолдану, қазақ тілінде ақпарат алмасып, қызмет көрсету сынды салаларымыз әлі күнге дейін ақсап тұр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2024
819
9 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Горький атындағы жббм


Түркістан облысы , Шардара ауданы













ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

«Қазақ тілін оқытуда кездесетін проблемалар және оларды шешудің жолдары»


Секциясы: қазақ тілі


Оқушының толық аты: Унгалбек Раяна

Сынып:5

Ғылыми жетекшісі: Алдамуратова Мария










2023-2024 ж



АННОТАЦИЯ



Қазақ тілін үйреніп, мемлекеттік тілде еркін сөйлей алу - бүгінгі күнде елімізде тұратын барлық тұрғандарға арналған басты талап. Өйткені тіліміздің мәртебесін асқақтатып, қадірін кетірмей, өз деңгейінде ұлықтау - бізге берілген құнды аманат. Ертеде осы тілімізді сақтап қалу үшін жанын беріп, басын бәйгеге тіккен зиялы қауым өкілдерінің аруақтарына деген сыйластығымызды тілімізді құрметтеп, ана тілде сөйлеумен көрсете аламыз. Десе де, қазіргі таңда ана тілімізде өз дәрежесінде сөйлеп, өмір салтымызға енгізе алмай жатырмыз. Қазақстанда жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұрады десек, солардың барлығы дерлік мемлекеттік тілді білуі тиіс. Алайда қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілін қызмет көрсету орындарында қолдану, қазақ тілінде ақпарат алмасып, қызмет көрсету сынды салаларымыз әлі күнге дейін ақсап тұр.

Тәуелсіздік алғанымызға отыз жылдан астам уақыт болса да, әлі күнге дейін тіл мәселесін түбегейлі шеше алмай отырғанымыз өкінішті. Оның себебі, мектеп бағдарламасында қазақ тілінің дұрыс үйретіліп, баланың тілді қажет етпеуінен, баладан қазақ тілінде сөйлеп, өз бетімен үйрену талап етілмегеннен болып отыр. Осы жобамызда мектепте қазақ тілінің оқытылуында кездесетін проблемалар мен оларды шешу жолдарын көрсететін боламыз. Әр жүрегі “қазақ” деп соққан қазақ елінің азаматы тіл мәселесіне бей-жай қарамауы керек, әрекетті өзімізден бастағанымыз жөн.













АННОТАЦИЯ



Изучение казахского языка и умение свободно говорить на государственном языке – главное требование для каждого, кто сегодня живет в стране. Потому что повышение статуса нашего языка, а не умаление его ценности, прославление его на собственном уровне – это ценное доверие, оказанное нам. Мы можем проявить уважение к призракам интеллектуалов, которые в прошлом пожертвовали своей жизнью ради спасения нашего языка, уважая наш язык и говоря на нашем родном языке. Однако в настоящее время мы не можем говорить на родном языке на своем уровне и внедрить его в свой образ жизни. Если в Казахстане проживают представители более ста тридцати национальностей, почти все они должны знать государственный язык. Однако наши важнейшие области, такие как владение казахским языком, использование казахского языка в местах обслуживания, обмен информацией и предоставление услуг на казахском языке, по-прежнему отстают.

Жаль, что, хотя прошло уже более тридцати лет с момента обретения независимости, мы до сих пор не можем полностью решить языковую проблему. Причина этого в том, что казахский язык правильно преподается в школьной программе, и ребенку этот язык не нужен, и от ребенка не требуется говорить на казахском языке и изучать его самостоятельно. В этом проекте мы покажем проблемы, возникающие при преподавании казахского языка в школе, и пути их решения. Каждый гражданин казахской страны, чье сердце бьется по-казахски, не должен быть равнодушен к языковой проблеме, мы должны начать с себя.









ANNOTATION



Learning the Kazakh language and the ability to speak fluently in the state language is the main requirement for everyone who lives in the country today. Because raising the status of our language, and not belittling its value, glorifying it on our own level is a valuable trust placed in us. We can show respect to the ghosts of intellectuals who sacrificed their lives to save our language in the past by respecting our language and speaking our mother tongue. However, currently we cannot speak our mother tongue at our level and integrate it into our lifestyle. If representatives of more than one hundred and thirty nationalities live in Kazakhstan, almost all of them should know the state language. However, our critical areas such as Kazakh language proficiency, use of Kazakh at points of service, information sharing and service provision in Kazakh are still lagging behind.

It is a pity that, although more than thirty years have passed since independence, we still cannot completely solve the language problem. The reason for this is that the Kazakh language is taught correctly in the school curriculum, and the child does not need this language, and the child is not required to speak Kazakh and learn it on his own. In this project we will show the problems that arise when teaching the Kazakh language at school and ways to solve them. Every citizen of the Kazakh country, whose heart beats in Kazakh, should not be indifferent to the language problem, we must start with ourselves.













ҒЫЛЫМИ ЖОБAНЫҢ МAЗМҰНЫ



І. КІРІСПЕ..........................................................................................................6

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ...........................................................................................8

2.1. Тіл туралы заң және қазақ тілінің қоғамдағы жағдайы.....................8

2.2. Қазақ тілін оқытуда кездесетін проблемалар.....................................11

ІІІ. ПРAКТИКAЛЫҚ БӨЛІМ.......................................................................13

3.1.Сауалнама қорытындысы.......................................................................13

ІҮ. ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................17

ПAЙДAЛAНҒAН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................19





























І. КІРІСПЕ

Кез келген зайырлы, тәуелсіз мемлекеттің өз тілі, діні, салт-дәстүрі мен тарихы болады. Тілі жоқ ұлтты құртып жіберу оңай, тілі қалыптасқан, азаматтары өз тілінде сөйлейтін елді құрдымға жіберу өте қиын. Сондықтан біздің ата-бабамыз өз тәуелсіздігіміз үшін, тіл еркіндігі, сөз еркіндігі үшін күрескен қиын да қилы кезеңдерге назар аударсақ, олардың бәрі бүгінгі ұрпақтың жақсы өмір сүруін, зайырлы елде ешкімге жалтақтамай еркін өмір сүруін аңсап, сол үшін тырысып бақты. Алайда ата-бабаның жанымен, қанымен келген құндылықтарымызды бүгінде біртіндеп уыстан шығарып алып жатырмыз. Бұл жобада да сол асыл мұраның бірі қазақ тілінің бүгінгі жай-күйі жайлы сөз қозғайтын боламыз.

Жобaның мaқсaты: Қазақ тілін мектепте оқыту кезіндегі мәселелерді анықтап, шешу жолдарын көрсету.

Тaңдaлғaн тaқырыптың өзектілігі: Ең алғашқы ҚР Тіл туралы Заңы 1989 жылы жарық көрді, ол кезден бәрі ширек ғасырдан көп уақыт өтті. Десе де, әлі тіл мәселесі қоғамның ең басты проблемасының бірі боп тұр. Мектепте қазақ тілін қазақ тілді емес мектептерде оқыту кезінде де олқылықтар бар екенін жасырмау керек. Себебі, қазақ тілін қазақ тілді қазақтардан басқа ұлт өкілдері керек етпей, қажеттілігін әлі күнге дейін түсінбей келеді. Тақырыптың өзектілігі - осы тіл мәселесінің біржақты шешім тауып, орнығуы.

Зерттеу нысaны: Қазақ тілін оқытудағы кейбір шешімін таппай жатқан мәселелер - жобаның зерттеу нысаны.

Міндеттері:

1. Тіл туралы заңда жазылған дүниені анықтап, соған сай жұмыс қай деңгейде жасалып жатқанын саралау;

2. Қазақ тілін оқытудағы мәселелерді табу;

3. Оқыту кезінде шыққан мәселелерге шешім тауып, шешу жолдарын көрсету;

4. Зерттеу тақырыбына баға бере отырып, қорытынды жасау.

Жұмыстың жаңалығы: Қазақ тілін оқытуда кездесетін мәселелердің шешімі табылады.

Гипотеза: Осы ғылыми жобада қазақ тілін қазақ тілді және қазақ тілді емес сыныптарда оқыту жүйесі салыстырылып, талданады деген болжам бар.

Зерттеу әдістері:

- арнайы әдебиеттерді зерттеп, керегін саралау;

- тaқырыпқа орай ғылыми зерттеулерді талдау әдісі;

- интернеттегі ашық дереккөздерді сараптау;

-тақырыпқа орай энциклопедиялық кітаптардан тың деректер алу.









ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Тіл туралы заң және қазақ тілінің қоғамдағы жағдайы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ал мемлекеттік тіл деп еліміздің барлық аймағында қоғамдық қатынастардың бүкіл саласында мемлекетті басқару, сот ісін жүргізу, заң шығару және іс қағаздарын ұйымдастыру тілін айтамыз [1]. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңында «мемлекеттік тілді меңгеру – әрбір ҚР азаматының парызы» деп жазылған. Десе де сол біздің қазақ тілімізбен қатар Заңда орыс тіліне де басымдық берілген. Оның дәлелі ретінде ҚР Тіл туралы Заңының 5-бабында айтылған мына сөздерге назар аударайық: «мемлекеттік ұйымдар мен органдарда қазақ тілімен қатар орыс тілі де ресми тіл ретінде тең қолданылады».

Қазақ елі тәуелсіздігін алмай тұрып, КСРО құрамында болған уақытта алғаш рет 1989 жылы 22 қыркүйекте Тіл туралы Заң қабылданып, тіліміздің мәртебесі бір асқақтап қалып еді. Бұл құжатта «қазақ тілі – мемлекеттік тіл» десе, ал «орыс тілі – ұлтаралық қатынастар тілі» деген дәрежеге ие болды. Әлі дербес ел болмай, орыстардың боданы болған шақта екі тілдің бұлай қатар тұруы заңды да еді, себебі ол кезде еліміздегі қазақтардың үлесі 39,7% болса, орыстар бүкіл халықтың 37,8%-ын құрайтын еді [2].

Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев әр жолдауында мемлекеттік тіл мәселесін тілге тиек етіп, халықтың 95%-ы 2020 жылға дейін қазақ тілінде еркін сөйлеуін қаласа да, бүгінгі күні тіліміздің мәртебесі артып емес, керісінше төмендеп, ешкім керек етпейтін екінші орындағы тілге айналып бара жатыр. Әрбір жақсылық пен жамандықтың салдары, біріншіден, отбасындағы берілген тәрбиенің сапасынан, екіншіден, мектепте берілген білімнің жағдайынан сұралады. Қазіргі таңда ата-аналардың үйде балаға орысша сөйлеп, мектептен қазақша білім берілуін талап ететіні өтірік емес. Содан бала тілдің құндылығы мен өміріндегі орнын түсінбей, шатасады. Солайша шұбалаңқы сөйлеу, орыс тілін көп қолдану, қазақ тілін керек етпеу, қазақ тілін меңгере алмау сынды проблемалар орын алады. Тіл мамандары қазіргі таңда тілді меңгеруде кездесетін мәселелерді тауып, бөліп көрсетті:

1-мәселе: Тұрақты тіл тәжірибесінің және тілді үйренуге қолайлы ортаның болмауы.

Тіл маманы Жанна Уматова Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастап, тек мемлекеттік тілде 100 пайыз жұмыс істейтін бірде-бір қызмет саласы пайда болған жоқ деп есептейді. Адамдар қазақ тілін терең меңгере бастағанның өзінде сөйлей алуы үшін тілдік орта керек. Қазіргі таңда тек қазақ тілін білетін маманнан гөрі қазақ тілі, орыс тілін еркін меңгерген маманға сұраныс жоғары. Сол себепті тұрғындар қазақ тілімен қоса, орыс тілін де үйренуге мәжбүр.

Тілші тілді үйренуге байланысты өз өмірінен бір-екі мысал айтады. Соның бірі: «Мен сабақ беретін университетте алыс ауылдан келген студенттердің орыс тілін мүлде білмейтініне таң қаламын. Бастапқыда олар орыс тіліне өте шовинистік қарсылық танытады. Бірақ бір қызығы, төртінші курста дәлізде де, фойеде де бәрі орысша сөйлейді. Орысша сөйлейтін орта өз әсерін қалайда тигізеді», - дейді лингвист Уматова.

«Мен өзім бір кездері қазақ тілін білмедім, өйткені мен Кеңес уақытында өстім, мектепте олар қазақтардан қорқатын, орыстардың арасында қазақша сөйлеу қиынға соқты, өйткені айналамдағылар қазақша сөйлесем, мені мазақтай бастайтын. Жоғары оқу орнына түскен кезімде тіл мәртебесі біраз жоғарылап, қазақ тілі талап етіле бастады. Сол кезде қазақ тілін еркін меңгермегенім үшін оқытушылардан біраз сөз естіген едім. Бірақ мұғалімдердің қорлауына, әміршіл үніне қарамастан мен қазақ тілін үйрендім. Бір ауыз қазақша білмейтін мен бір ауыз орысша білмейтін ауыл жігітіне тұрмысқа шықтым. Өз тіліме деген махаббатым мен қызығушылығым осындай жағдайлардың арқасында артты», - деп сөзін қорытындылайды.

2-мәселе: Қоғамда қазақ тіліне қатысты қалыптасқан стереотиптер

Тіл маманы Жанар Ибраева қазақстандықтардың бір бөлігі әлі күнге дейін қатып қалған таптаурындардың (стереотиптер) шырмауында өмір сүріп жатыр деп есептейді.

«Көптеген қазақстандықтар әлі де қазақ тілін сапалы оқытатын дұрыс әдістеме жоқ, қазақ балабақшалары аралас тілді балабақшаға қарағанда нашар деп ойлайды. Сана өзгерген жоқ. Идеология, тіл таңдауы, беделі мәселелері де бар. Бірақ қазақ әлеуметтік лингвистикасына тереңірек үңілсеңіз, қазірдің өзінде қазақ тілінің пайдасына тілдік бетбұрыс бар екенін байқайсыз. Мұны диахрониядан өте анық көруге болады», - деп тіліміздің дамып келе жатқаны жөнінде пікір білдірген екен.

3-мәселе: Үкіметтен тілді үйренудің талап етілмеуі

Жоғарыда айтқанымыздай, мемлекеттік ұйым не органдарда қазақ тілімен қатар орыс тілі міндетті түрде жүреді. Бір мемлекеттік ұйымға құжат тапсырған уақытта орыс тіліндегі аудармасыен қоса тапсыруымыз қажет, олай болмаған жағдайда «құжат толық емес» деп қайта жіберіп жібереді. Заңда «қазақ тілі мәртебесі» жайлы жазылғанымен, іс жүзінде оны мемлекет таратыпан тексеріп, талап етіп, қолданып жатқан ешкімнің жоқтығы өте қатты қынжылтады.

4-мәселе: Тілдің беделінің жоқтығы

Бұл – өте өзекті мәселе. Себебі қазіргі таңда қоғамдық орындарда (сауда үйлері, кинотеатр, қонақүйлер, дәмханалар, мейрамханалар, балалар ойнайтын алаңдары) қызмет көрсету көп жағдайда орыс тілінде жүреді. Қазақ тілінде қызмет алғың келсе де, орыс тілінде жауап қатады. Тілді қолданудағы салғырттықтың кесірінен тіл мәртебесі төмендеп, құрдымға кете беретінін естен шығармауымыз керек.

Бұл қазақ тіліне байланысты мәселелердің көп айтылып жүрген бірнешеуі ғана. Тілді қорғау, тілді құрметтеуді әр адам өзінен бастап, ана тілімізге деген құрметін жүрген жерінде көрсетіп жүруі тиіс.

2.2. Қазақ тілін оқытуда кездесетін проблемалар

Қазақстан Республикасының үштілділік саясаты әрбір мемлекет азаматына қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілін еркін меңгеруді міндеттейді. Соның ішінде қазақ тілін әрбір ел азаматы білуі тиіс. Қазақ тілін сапалы әрі балаға ұғынықты етіп үйрету үшін әртүрлі қазақ тілін оқытуға қолайлы әдістемелерді ойлап тауып, еңбектер жазып қалдырған әдіскер-ғалымдар елімізде өте көп: Қ.Бітібаева, Ф.Оразбаева, С.Жиенбаев, А.Жүнісбеков, И.В.Маманов, К.Сариева, Ш.Сарыбаев, т.б. [3].

Қазақ тілін жақсы оқу мен үйрену – ең алдымен, еліміздің дамуына қосқан үлесіміздің алғышарты деп түсінуіміз керек. Себебі шынайы ұлтжанды, елге, жерге деген махаббаты биік азамат ешбір тосқауылға қарамай тілді жетік меңгеріп алады.

Қазақ сыныбында оқитын оқушылар орыс тілі аптасына екі-ақ рет болса да, орыс тілін оңай меңгеріп алады. Ал орыс сыныбында оқитын оқушылар қазақ тілі аптасына төрт рет болса да, не себепті оңай меңгеріп, еркін сөйлеп кете алмайды?

Оқушыға тілді үйретпес бұрын, алдымен сол тілді үйренудегі оқушының мақсатын анықтап алу қажет, яғни тілді үйренуші оқушының деңгейін, тілді үйренудегі кедергі келтіретін факторларды айқындап алу артық етпейді. Оқушының тілдік деңгейін әртүрлі тест, эссе жаздыру, сұрақ-жауап, т.б. сынды тапсырмалар арқылы байұауға болады. Көп оқушыда қазақ тілін меңгеруде мынадай кедергілер жиі кездеседі:

  • сөздік қордың аздығы;

  • қазақ тіліндегі төл дыбыстарды (ұ, ө, ү, қ, ә) айта алмай, бірінің орнына бірін қойып қою;

  • қазақ тілінің емлесін білмегендіктен, грамматикалық қателер жіберу;

  • айтылуы мен жазылуы қиын сөздерді қолдануда қиналып қалу [4].

Осындай кедергілермен уақытылы жұмыс жасалмаса, салдары қиын болуы мүмкін, себебі оқушы тіл үйренуде кедергіге тап болып, қызығушылығы өшіп қалғаннан кейін, сол тілді менсінбей, үйренгісі келмей кетеді. Сол себепті мұғалімдер баламен жұмыс жасауда тілдің маңыздылығын, құндылығын бірге түсіндіріп отыруы тиіс. Қазақ тілін үйренуге деген баланың қызығушылығын оятып, сапалы жұмыс жасау үшін төмендегі тәсілдерді жасап көру керек:

  • сөздікпен жұмысты үнемі жүргізіп отыру, сөздік алып жүруді әдетке айналдыруға дағдыландыру;

  • тіліміздегі ұқсас көпмағыналы және омоним, синоним сөздерді ажыратып білуге үйрету, үнемі естеріне түсіріп отыру, әрқайсысының мағынасын ашуға көмектесу;

  • қазақ тілінде берілетін сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастырып үйренуді әдетке айналдыру:

  • қазақ тілінде әр сөйлем мүшесінің өз орны бар екенін түсіндіру, көп жағдайда бастауыш сөйлем басында, баяндауыш сөйлем аяғында, қалған сөйлем мүшелері сөйлем ортасында келетінін түсіндіріп, сол бойынша сөйлемдер құрастыру;

  • қазақ тіліндегі жалғау мен жұрнақтың қызметін түсіндіріп, қайсысы қай кезде қолданылатынын үнемі айтып отыру;

  • ең бастысы, тілді үйренген кезде шынайы ниетпен, махаббатпен үйретіп, олар көңілге түйіп алатындай жағдай жасау [5].

2500 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!