Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба."Тәрбиелеуші есептер"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы:
Тәрбиелеуші есептер
Ғылыми жоба мақсаты:
Бұл жоба Қазақ халқының күнделікті өмір тіршілігінен алынған.Қазақ халықының салт-дәстүрінің қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр есепте өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Әр есептің өзіндік қасиеті тұрмыс-салтқа қатысты, тәрбиелік мәні, саналы орны болған.Ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби бұдан мың жылдан аса уақыт бұрын «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы», - деген қағидасын ұстанамын.
Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Тіршілік ете бастаған алғашқы кезеңде адам баласы жазу-сызудан бұрын-ақ санауды үйренгені хақ. Сен сандарды жалықтыратын нәрсе деп ойлайсың ба? Тағы да ойланып көр. Адамдар қалай санай бастаған? Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болар. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған.
Ғылыми Жобаның міндеттері:
– Тәрбиелеуші есептермен танысу.– Тәрбиелеуші есептердің өмірде алатын орнын түсіндіру.
–Мәселе: Білім беруде және тәрбие саласында тәрбиелеуші есептердің алатын орнын зерттеу.Зерттелетін зат: Халықтық педагогика элементтерін кеңінен пайдалану, ұрпақ бойында адамгершілік қасиетін дамытуда пайдасы бар екенін зерттеу.
1.Қойшының бірінші есебі
Биылғыдай ендігі жылы да қойдың бәрі төлдеп,оның жартысы биылғыдай егіз қозыдан берсе,қой басын 100-ге жеткізер едім. Олай болса,былтыр менде қанша қой болған?
Бұндай есептерді дұрыс шығару үшін,алдымен ондағы әрбір сөзге көңіл бөліп,шартын мұқият оқып шығу керек. Әдетте ,мәселе есептерде теңдеу құру керек болғанда,ізделінеді өлщемдібелгісіз айналымы ретінде белгілейді де,сол айналымға қатысты теңдеу құрады. Олай болса,былтырғы қой санын х-деп белгілеудің мағынасы бар.Есеп шартына сүйене отырып,биылғы қой санын да осы айналымала көмегімен өрнектеуге болад:2*Х+Х/2.
Келесі жылы да қой бағасының екі жарым есе көбеюін(2*Х+Х/2*2+(2*Х+Х/2)*1/2 өрнегімен жазуға болады.
Соңғы өрнекті 100-ге теңестіріп,Х-ке қатыстытеңдеуді шешетін болсақ,есеп жауабын аламыз. 16 қой
Есеп мазмұны мен есептеу әдісінің стандарттылығы оқушының неғұрлым көп есептерді шығарып үлгеруін көздей отырып,есептің оқытушылық саапсын кемітеді.Көбінесе есептің жауабын табу көзделіп,есепті шығару процесі оқушының көңілінен тыс қалып жүреді.Келешекте өмірілік қажетіне керегі шамалы «білімдерді» қалыптастыруға бағытталған есептер де аз емес.
Есеп шартының қандай түрде берілуіне,оның қандай «текстік сүйемелдеуімен»құрастырылғанына байланысты,есептің оқушыға тигізер әсері мен берер пайдасы туралы айтуға болады. Осыған орай,келесі есепті қарасырып көрелік.
Қойшының екінші есебі
Мендегі қойдың бәрі төлдеп,жартысы егіз қозыдан әкелсе,келесі жылы алты киіз басуға болар еді.Бесеуі ғана егіз қозы тапса –бес киіз ғана баса аламын.
Менде қанша қой бар және бір киізге қанша қойдың күзем жүні керек?
Шешімі:Барлық қойдың саны Х болсын
Сонда,есеп шарты бойынша 6 киізгеХ+(Х+Х/2)қойдың,ал 5 киізге Х+)Х+5) қойдың күзем жүні керек. Енді жаңа параметр енгізуге болады. Айталық,бір киіз басу үшін t-қойдың күзем жүні қажет болсын.Олай болса,6t және 5t дегеніміз алты және бес киіз басуға қажет қойлардың саны.Сонымен мынадай теңдеулер жүйесін құра аламыз:
2Х+(Х/2)=6t және2Х+5=5t
Жүйенің бірінші теңдеуінен екіншісін шегерсек, t -параметрін Х айнымалысы арқылы өрнектеген боламыз:
t=(Х/2)-5
Жүйені Х айнымалысына қатысты шешетін болсақ, Х=60болатынын көреміз.
Жауабы:60 қой,25 қозы.
Қойшының үшінші есебі
«Қой жасындағы»ұлымның жасы «қозы жасындағы «ұлымдікінен екі есе үлкен,ал олардың жастарының айырымы да,қосындысы да мүшелден бір жылға кем болса,ұлдарымның әрқайсысы нешеде?
ШЕШІМӘ\І: Қазақта он жасқа келген ұлды қозы бағуға салады,осыдан 10 мен 15 жастың арасы «қозы жасы» деп ,ал 15 пен 25 жас арасы «қой жасы»делінеді.Ұлының кішісі 10 жаста болса,онда ағасы 20-да,інісі 11 жаста болса,ағасы 22 жаста және інісі 12 жаста болса,ағасы 24 жаста болуы керек.Кіші ұлы 13 жаста бола алмайды,өйткені бұл жағдайда ағсы 26 жаста,яғни «жылқы жасында»болуы керек.Аталған жұптардың ішінде айырымы да,қосындысы да мүшелден 1-ге кем ол-24 пен 12.
Жауабы: 12 және 24 жаста.
Жеті ата
Қазақта әр бала әкесінен бастап,7 атасын білетін болған.»Ассалаумағалейкум»,-деп екі қолын созып амандасқан ауылдың жасөспірімдеріне ауыл қарттары немесе көрші ауыл ақсақалдары «уағалейкумассалам»,-деп жауап-сәлем қайтарып,алдымен «айналайын»,кімнің баласысың?,-деп сұрайтын.
Әкесінің есімі таныс болмай қалса, «ол қайсы,әлгі кімнің баласы ма?»,-деп немесе «әлгінің немересі ма?»,-депбаладан аталарының есімін сұрай бастайтын.Жеті атасың сол жерде мүлт етпей атап шыққан бала неғұрлым жас болса,қарттар соғырлұм риза болатын-ды.
Ел дәстүрін қадірлеп сыйлайтын ,аталарын он екінші бабаға дейін білетін Әділбек деген кісі,бұл мұраны балаларына жеткіземін деп әрекеттенген екен.
Бірде ол үйінде отырғанда,балаларының даусын естіп, «неге шуылдасып жатқандарын білейін деп»,-сыртқа шығады. Бірі беске,екіншісі-алтыға қараған екі ұлы аталарын әлі біле қоймаған болуы керек,екеуінің сөздерінде кішкене келіспеушілік байқалады:
Бүркітбайдың ұлы Сәрсекбай-ол Жаманбайдың шөбересі,-дейді үлкені.
-Жоқ,-дейді кішісі,-ол Шақшақтың немересі.
Мұны естіп Әділбек:
-Ұрыспаңдар ұлдарым,екеуіндікі де дұрыс,одан да Сәрсекейдің ұлы Асқар Жаманбайдың кімі болады,соны айтыңдаршы,-деп оларды ойландырып кетті.
Бізде ойланып көрейік?..
Шешімі:
Аталар тізімін «үлкеннен кішіге қарай орналастыралық:
Бүркітбай Сәрсекейдің әкесі,яғни Б,С.
Сәрсекей Жаманбайдың шөбересіғяғни олардың арсында екі ата бар (оның бірі Бүркітбай),орналасуы Ж,Х,Б,С.
Сәрсекей-Шақшақтың немересі,яғни Шақшақ-Бүркітбайдың әкесі.Олай болса орналасуы Ж.Ш.Б.С.
Асқар-Сәрсекейдің ұлы.яғни орналасуыЖ.Ш.Б.С.А.
Асқар мен Жаманбайдың арасында үш ата бар,оның бірі-Жаманбайдың ұлы,екіншісі-немересі,үшіншісі-шөбересі.Олай болса,Асөар-Жаманбайдың шөпшегі.
Тобық туралы
Қасым мен Сырым деген екі құрдас бір тойда тобыққа бәстесіп,ойын мерзімін бір жылға дейін ұзартуға келіседі.Көктемде,ауыл жайлауға көшерде Қасым тобығын жоғалтып алады...
Қыстау мен жайлау арасы екі көш жер болатын.Көш әрекетімен жүрген Қасым мойнына іліп жүрген тобықтың жолад түсіп қалғанын жайлауға келгенде ғана байқайды.Оның сасқалақтап,тобығын іздей бастағанын көріп,інісі Есім:
-Көке ,мынау ма сенің іздененін?-деп тобығын қолына ұстатады.
-Айналайын бауырым,бір тоқты менен болсын,мұны қайдан таптың,-деген Қасымның сөзіне Есім:
-Бүгін жолдың үштен біріне жеткенде,арбаңның өткен ізінің дәл жанында жатқанын көріп,ешкімге көрсетпей,қалтама салып алғанмын,-деп жауап береді.
-Соңғы бес шақырым бойы тобықсыз жүргенім ба сонда,-деп Қасым ойлана түседі.
-Жоқ.Сырым досың сенен тобықты сқұрап қалар деп,мен бес емес-он шақырым бойы оның басын айналдырып келдім,-дейді інісі.
Содан бері қыстау мен жайдаудың арасын Қасым өзінің бес саусағындай білетін болған деседі.
Ал сізше?
Шешімі:
Қыстау мен жайлаудың арасы «екі көш жер»,сондықтан тобық екінші күні жоғалған.Екінші күнгі жолдың үштен бір бөлігі 10 шақырым болса, «бес көш жердің»15 шақырымға тең болатынын есептеу керек.
Жауабы:30 шақырым.
Ғылыми Жобаның қорытындысы:
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі мен мәдениетін ескертетін әдістемелік жүйені қалыптастыру керек. Әр елдің даму тарихы,мәдениеті,түрмысыныңәрқилығы ескерілмей,көп жылдар бойы өмірінде «қатер»,дегенді білмеген көшпелі халықтың өз пайымдауларынша құрағн есептері арқылы, біз ата-бабамыздың нағыз математик болғанын көріп отырмыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Сәрсекеев Әбіш Сапарұлының «Тәрбиелеуші есептер туралы» кітабынан Баспасы:АИПП «Жаңа-Арқа»1996жыл
-
Бәрі де сандар туралы, Алматы кітап 2008жыл