Материалдар / Ғылыми жоба:Зияты зақымдалған оқушыларды сауат ашу кезеңіне дайындау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба:Зияты зақымдалған оқушыларды сауат ашу кезеңіне дайындау

Материал туралы қысқаша түсінік
МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ..................................................................................................................5 I. ЖАЛПЫ МЕКТЕПТЕГІ САУАТ АШУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 1.1. Сауат ашудың мақсаты, міндеттері,мазмұны...........................................9 1.2. Сауат ашу кезеңінің әдіс -тәсілдері...........................................................11 1.3. Әліппенің кезеңдері: дайындық, әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезең........................................................................................................................12 II. ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ САУАТТЫЛЫҚҚА ДАЙЫНДАУ КЕЗЕҢІ 2.1. Дайындық сыныпқа келген балаларды алғашқытексеру............................24 2.2.Оқуға ынталандыру.........................................................................................28 2.3 Ауызша сөйлеу тілін анықтау........................................................................29 2.4. Фонематикалық есту және дыбыстық талдау қабілетін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қазан 2023
651
6 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ








ҒЫЛЫМИ ЖОБА


Shape1

Тақырыбы: Зияты зақымдалған оқушыларды сауат ашу кезеңіне дайындау


5В010500 «Дефектология» мамандығы бойынша


Логопед: Құндыз Сәкенқызы









Ақтөбе, 2018ж



РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Зияты зақымдалған оқушыларды сауат ашу кезеңіне дайындау.

Ғылыми жұмыстың көлемі: 60 бет

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 68

Суреттер: 3

Ғылыми жұмыстың мазмұнын сипаттайтын негізгі сөздер – зияты зақымдалған балалар,тіл дамыту, сауат ашу, қабылдау, психикалық ерекшеліктері, фонематикалық қабылдауы, дыбыстық талдау-жинақтау әдісі, дыбыс есту қабілеті, дағдысын қалыптастыру жұмыстары және т.б.

Зерттеу мақсаты: Зияты зақымдалған балаларды сауат ашуға дайындаудың ерекшеліктерін зерттеу, анықтау.

Зерттеу нысаны: Арнайы мектептегі бірінші сыныптардағы оқу үрдісі.

Зерттеу пәні: Зияты зақымдалған оқушыларды сауат ашу кезеңіне дайындау.

Зерттеу міндеттері:

1. Зерттеу тақырыбы бойынша зияты зақымдалған балаларды сауат ашуға дайындау ерекшеліктері туралы арнайы әдебиеттерге шолу.

2. Анықтаушы эксперимент барысында зияты зақымдалған оқушылардың фонематикалық есту қабілетінің ерекшеліктерін зерттеу.

3. Мұғалімдерге әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, арнайы мектеп оқушыларының сауат ашуға дайындаудың ерекшеліктері айқындалса, сол ерекшеліктеріне қарай сауат ашу әдістемесін тәжірибелік жұмыс барысында қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері: Арнайы психологиялық және педагогикалық үрдіс теориясы зияты зақымдалған тұлғаның дамуындағы ақыл-ойы мен іс-әрекетінің бірлігі, сауат ашу кезеңі туралы ілімдер және белгілі ғалым-дефектологтардың, әдіскерлердің, өзекті мұғалімдердің көзқарастары.

Зерттеу әдістері: Жалпы және арнайы педагогикалық, психологиялық, методикалық әдебиеттерге талдау; мұғалімдердің іс-тәжірибесін бақылау; педагогикалық эксперимент жүргізу.

Зерттеуден алынған нәтижелер: Зерттеу нәтижесінде оқушылардың қабілеттерінің ерекшеліктерін ескере отырып, қолданылған әдістемелерді, жасалған тұжырымдарды, арнайы психологтар мен педагогтардың, өзекті мұғалімдердің тәжірибелерін қолдануға болады.

«Зияты зақымдалған оқушыларды сауат ашу кезеңіне дайындау.» атты диплом жұмысын орындаудың



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ..................................................................................................................5


I. ЖАЛПЫ МЕКТЕПТЕГІ САУАТ АШУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

    1. Сауат ашудың мақсаты, міндеттері,мазмұны...........................................9

    2. Сауат ашу кезеңінің әдіс -тәсілдері...........................................................11

    3. Әліппенің кезеңдері: дайындық, әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезең........................................................................................................................12



II. ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ САУАТТЫЛЫҚҚА ДАЙЫНДАУ КЕЗЕҢІ

2.1. Дайындық сыныпқа келген балаларды алғашқытексеру............................24

2.2.Оқуға ынталандыру.........................................................................................28

2.3 Ауызша сөйлеу тілін анықтау........................................................................29

2.4. Фонематикалық есту және дыбыстық талдау қабілетін анықтау..............33

2.5. Артикуляциялық аппараты мен қолдың ұсақ бұлшық ет қимылдарын анықтау...................................................................................................................40

2.6. Көру түйсігі мен кеңістікті бағдарлау қабілетін анықтау..........................42

2.7. Анықтаушы экспериментін ұйымдастыру және зерттеу нәтижесін сипаттап, қорытындылау...................................... ...............................................45


ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................... 51


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................57


















Кіріспе


Зерттеудің өзектілігі: Зияты зақымдалған бірінші сынып оқушыларын әліппеге дейінгі кезеңде оқытудың маңызы зор болып есептеледі. Оның бірнеше себептері бар.

Ең алдымен, бірінші сыныпқа келген балалар құрамы біркелкі болмайды. Олар жастарына типологиялық ерекшеліктеріне психологиялық даярлығына қарай бөлінеді. Арнайы мектеп оған дейін-ақ оқушылардың зияты зақымдалғандығы байқалған, бірақ әр түрлі себептермен арнайы бала-бақшада тәрбиеленіп, дайындықтан өтпей, жалпы бала-бақшаға барған балалар да келеді. Яғни арнайы мектептің бірінші сыныбына балалардың бір бөлігі арнайы бала-бақшадан, үйден келетін болса, ал негізгі құрамы жалпы бала-бақшалардан келеді. Бірінші сыныпқа келген мұндай балаларды оқытудың қиыншылығы әліппені оқу-жазу кезеңінде-ақ байқалады. Кейбір жағдайларда мұндай балаларды оқуда үлгермеуіне байланысты диагнозын қойып, қандай мектептің түріне жіберу керектігін анықтау мақсатымен бірден комиссияға (сарапқа) салады. Кейде олар оқу бағдарламасын меңгере алмаған соң, оқуға ешқандай ықыласы болмаса да жалпы мектепте оқи береді. Мұндай балалар негізінде ешнәрсеге қызықпайтын енжар, солғын немесе керісінше сотқар, алаңғасар, елгезек болады.

Арнайы (түзету) мектепке келген балалардың кейбіреулері оқуға ынталанып, шамалы икемді келеді, ал басқа біреулері мүлде құлықсыз келеді. Бірақ олардың барлығын мектепке даярлықсыз келгендердің қатарына біріктіреді. Қазіргі уақытта баланың мектепке психологиялық даярлығы деп оның, оқушыға қойылатын нақтылы талапты игеруі емес, осы талаптар қалыптасуының алғышартын меңгеруін есептейді.

Кейбір зияты зақымдалған оқушылар мектеп ережесін айтарлықтай сақтайды, өздерін сабақта отырғанда тәртіпті ұстайды, бірақ барлығында да танымдық қызметінің бұзылғандығы байқалады, мұндай кезде танымдық қызметінің даму деңгейі балалардың меңгерген білімінің сапасына байланысты болады.

Көптеген зерттеулер бойынша танымдық қызметтің толық жетіспейтіндігі арнайы мектеп оқушыларына тән қасиет екендігі дәлелденген.

Зияты зақымдалған балалардың түсіну, ұғыну және есінде сақтау, ойлау қабілетінің және сөйлеу тілінің бұзылғандығы оларды ақыл-ойы жетілген балалардан айырып тұрады.

Зияты зақымдалған балаларда сөйлеу тілінің бұзылуы өте көп кездеседі. Импрессивтік (түсіну) және экспрессивтік (белсенді) сөйлеу тілі де бұзылады. Сөйлеу тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жақтарының, сондай-ақ диалогпен байланыстырып сөйлеуінің бұзылатындығы байқалады. [1-2]

Сауатын ашу, яғни оқу мен жазуға алғашқы дағдылану үшін ең алдымен фонематикалық есту қабілетін және сөйлеу тілінің айтылу жағының жеткілікті түрде дамуы қажет екені белгілі. Сөзден дыбысты айырып ала білу, оны ұқсас дыбыспен ажырата білу, сөйлеу тілі дыбыстарының айтылуын анықтау, оның сөздерден орнын таба білу, сөздердің құрамына кіретін дыбыстардың жүйелілігін анықтау оқу мен жазуға үйретудің басты міндетті шарты болып табылады.

Көптеген дефектологтардың деректері бойынша дыбыстардың айтылуындағы кемшіліктер сау балаларға қарағанда зияты зақымдалған балаларда жиірек кездеседі. Көпшілігіндегі мұндай кемшіліктер артикуляциялық аппарат соншалықты бұзылмаса да, фонематикалық есту қабілеті нашар дамығандықтан болады деп түсіндіреді.

Оқу мен жазу дағдыларын қалпына келтіруге фонематикалық, есту қабілеті мен сөйлеу тілінің дамуымен қатар, басқада психофизикалық сыңарлары (компоненті), соның ішінде көру түйсігі мен түсінуінің кемістіктері әріптердің бейнелерін, олардың кеңістікте орналасуын анықтауды қиындатады. Сөйлеу тілі дамуының және жалпы фонематикалық есту қабілетінің, көру және кеңістікті түйсінуінің және түсінуінің, қимылының бұзылуы зияты зақымдалған балалардың барлығында да байқалады. [3]

Зияты зақымдалған балаларды сауат ашуға дайындау, ал келешекте оқу мен жазу дағдысын жетілдіру, ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің грамматикасын меңгеру үшін әліппені оқытуға дейінгі кезеңде шешетін негізгі мәселелер:


  1. Балаларды алғашқы тексеру;

  2. Оқуға ынтасының өсуі;

  3. Қарым-қатынаста сөйлеу дағдысын жетілдіру;

  4. Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру;

  5. Көру және кеңістікті түсінуін (және түйсінуін) қалпына келтіру;

  6. Қол қимылдарын түзету, жазып үйренуге дайындау.

Зерттеу нысаны:Арнайы мектептегі бірінші сыныптағы оқу үрдісі.

Зерттеу пәні: Зияты зақымдалған балаларды сауаттылыққа дайындау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, арнайы мектеп оқушыларының сауат ашуға дайындаудың ерекшеліктері айқындалса, онда ерекшеліктеріне қарай сауат ашу әдістемесін тәжірибелік жұмыс барысында қолдануға болады.

Зерттеу мақсаты: Зияты зақымдалған балаларды сауат ашуға дайындаудың ерекшеліктерін зерттеу, анықтау.

Зерттеу жұмыстарының мақсатына сәйкес мынадай міндеттер қойылды:

1.Зерттеу тақырыбы бойынша зияты зақымдалған балаларды сауат ашуға дайындау ерекшеліктері туралы арнайы әдебиеттерге шолу.

2.Анықтаушы эксперимент барысында зияты зақымдалған оқушылардың фонематикалық есту қабілетінің ерекшеліктерін зерттеу.

3.Мұғалімдерге, логопедтерге және ата - аналарға әдістемелік ұсыныстар беру.


Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері: Арнайы психологиялық және педагогикалық үрдіс теориясы зияты зақымдалған тұлғаның дамуындағы ақыл-ойы мен іс-әрекетінің бірлігі, сауат ашу кезеңі туралы ілімдер және белгілі дефектологтардың, ғалымдардың әдіскерлердің көзқарастары.

Зерттеу әдістері: Жалпы және арнайы педагогикалық, психологиялық, методикалық әдебиеттерге талдау; мұғалімдердің іс-тәжірибесін бақылау; педагогикалық эксперимент жүргізу.

Зерттеудің базасы: Анықтаушы және бақылау эксперимент №7 мектеп-интернатында жүргізілді. Экспериментке(дайындық сыныптағы) 10 оқушы және 1 сыныптағы 12 оқушы қатысты.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеу нәтижесінде оқушылардың қабілеттерінің ерекшеліктерін ескере отырып, қолданылған әдістемелерді,жасалған тұжырымдарды, арнайы психологтар мен педагогтардың, өзекті мұғалімдердің тәжірибелерін қолдануға болады.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2015 жыл; қыркүйек-желтоқсан) зерттеу тақырыбы анықталып және арнайы психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер зерттелініп, талдау жасалынды, ғылыми аппараты анықталды.

Екінші кезеңде (2016 жыл; қаңтар-сәуір) анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент жұмысы жүргізілді. Жүргізілген тәжірибе жұмысының нәтижелері жүйеге келтірілді, алынған деректер есептелініп, кестелер талданылды және де қортындыланды. Димломдық жұмыстың әдебиеттері жүйеленді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе: Зерттеу жұмысының өзектілігі, зерттеу нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы, зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері, әдістері, базасы, практикалық маңыздылығы, жұмыстың құрылымы көрсетілген.

Бірінші тарауда«Жалпы мектептегі сауат ашу және тіл дамыту әдістемесі».

Екінші тарауда«Зияты зақымдалған балаларды сауаттылыққа дайындау кезеңі» бұл кезеңде сауат ашу кезеңдерінің мазмұны мен әдістері және тәсілдері жүйеленіп, эксперимент барысында дәлелденген.

Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесіне сүйене отырып, дефектолог-мұғалімдерге бірінші сыныптың оқушыларына жекелеп және топтап оқытуға байланысты әдістемелік және практикалық ұсыныстар жасалып жүйеленді.






























I. ЖАЛПЫ МЕКТЕПТЕГІ САУАТ АШУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1. Сауат ашудың мақсаты, міндеттері, мазмұны

Мектептегі оқыту процесінің сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – оқу мен жазуды үйрету. Осы сауат ашудан жас ұрпаққа білім негіздерін меңгерту мен адамгершілік тәрбие берудің іргетасы қаланады. Білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын талаптардың аса күрделісі – жеті жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі болып табылады. Себебі, сауат ашу кезінде оқушылардың оқуға, ой еңбегіне бейімділігі, ынтасы қалыптасуы керек. Алғашқы оқу барысында мынадай ерекшеліктер ескеріледі:

  1. оқу жылының бірінші жартысы толығымен сауат ашуға беріледі;

  2. сабақ үстінде әрбір 10-15 минут сайын қимылды ойын түрінде сергіту минуттары өткізіліп отырады;

  3. баланың оқуға деген ынтасы мадақтау, мақтау, көңілдендіру сияқты әдіс-тәсілдер арқылы арттырылады;

  4. үйге тапсырма берілмейді;

  5. апта ортасындағы бір күн жеңілдетілген сабақтарға арналады;

Сауат ашу – аса күрделі де жауапты міндет. Оны ойдағыдай жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстар сан алуан. Олардың негізгілері мыналар:

1. Балаларды мектепке сауат ашуға даярлау;

2. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту арқылы сөздердегі дыбыстарды айқын естіп, анық айтуға үйрету;

3. Оқушылардың жалпы ой-өрісін дамытып, ойлауға, байқағыштыққа тәрбиелеу;

4. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, сөйлемдерді дұрыс, дәл жеткізе білуге үйрету;

5. Сөзді жеке дыбыстардан құрап, ежіктемей, дұрыс буындап түсініп, оқуға, одан әрі сөзді тұтас оқуға дағдыландыру;

6. Дыбыстарды әріппен дұрыс таңбалауды жете меңгерту арқылы жазудың каллиграфикалық талаптарын сақтап, әріптерді үзбей және сөз ішіндегі байланысу тәсілдері бойынша, сөзді тұтастыра жазуға үйрету; жеке сөздерді, сөйлемдерді кқшіріп және естігенін жаза білуді жетілдіру;

7. Сөйлемдегі сөздердің айтылуы мен жазылу ерекшеліктерін меңгерту;

Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының өзгешелігі – оқыту ісі, талдау және жинақтау процесінің бірлігінен тұратындығында.

Сауат ашудың негізгі мақсаты – оқу дағдыларының негізін қалау, тыңдауға, айтуға, жазуға үйрету, балалардың сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінігін қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауыз екі тілін дамыту. [4]

“Әліппеге” дейінгі кезеңде, негізінен, оқушылардың бұрыннан қалыптасқан сөйлеу дағдыларына сүйеніп, оларға мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден дыбысты бөлгізу жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезеңде балалардың тілін дамыту сөздерді байланыстырып сөйлету арқылы іске асырылып, оларға сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы түсінік беріледі.

“Әліппеге” дейінгі кезеңде заттарды тегіне, түріне, т.б. белгілері бойынша балалардың сөздік қоры жүйеленеді. Бұл кезеңдегі басты міндет – оқушыларға байланыстырып сөйлеу дағдысы арқылы оларға сөйлемнің, сөздің, дыбыстың ерекшеліктері туралы ұғым беру.

Даярлық кезеңі – сөйлеммен танысу: сөйлеуді – сөйлемдерге, сөйлемді – сөздерге, сөздерді – буындарға, буынды – дыбыстарға бөлуді үйрету, яғни, талдау-жинақтау әдісі арқылы жүргізіледі.

Дыбыстар, олардың рөлі, дыбыстық құрылысы әр түрлі сөздерді талдау, дауысты және дауыссыз дыбыста, олардың естілуі мен айтылуындағы ерекшеліктер, жуан және жіңішке, дауыссыз дыбыстардың, айтылуымен естілуіндегі ерекшеліктер.

Қолды жазуға дағдыландыру: сурет салу, сызықтарды сызу, ою-өрнек, имек жиектер жасау, ирек сызықтар сызу, кіші өрнектердің элементтерін жазу, жазу техникасының ережелерімен танысу, әріп элементтерін сызық бойымен жазу, жазу кезеңінде дұрыс отыру, дәптер бетін бағдарлау, т.б.

“Әліппені” оқу кезеңінде оқушылардың нақтылы дыбыстарды оқытып, таңбасын жазуға үйретуде, сөздік жұмыс бірінші кезекке шығады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты принципі – оқушылардың лексикалық материалды меңгеріп, оны сөйлеу тілінде қолдана білу. Сөздік жұмысын жүргізудің ұтымды жағы оқушыларға жаңа сөзді меңгертуде сөзді зат есім, сын есім, есімдік формасындағы сөйлемдерден беру. Мысалы: Бұл – үй. Бұл – үлкен үй. Бұл – қызық кітап, т.б. Сөздік жұмысы сабақта арнайы сабақ болып жүргізіледі. Әліппені оқытқан кезде оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді. Бұл кездегі тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жұмысы, сөйлем құрастыру, байланыстарып сөйлеуге үйрету. Сөздік жұмысын жүргізуде екі түрлі мақсат алға қойылады: бірі – оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, сол арқылы оқушыларды саналы оқуға баулып, ойлау қабілетін жетілдіру, екіншісі – жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту. Сөйлем құрастыруға үйрету, оқушыларды өз ойын дұрыс құрылған сөйлемдер мен жүйелі айтып немесе жазып баяндауға даярлайды. [5]

Сабақ барысында сауат ашуға байланысты аса қажетті педагогикалық талаптар мұқият орындалуы тиіс. Ондай талаптардың негізгілері мыналар:

1. Мұғалімнің сөзі, оқу материалдары баланың жас ерекшелігіне сай түсінікті болуы тиіс. Оқу материалдарының бәрі де бала үшін өте жеңіл болу керек. Оқыту барысында – балаға шамасы жетпейтін аса қиын тапсырмаларды ұсынбау.

Сауат ашу кезеңіндегі негізгі оқу материалдары: жеке сөздер, сөз тіркестері, шағын сөйлемдер. Сөз балаға таныс және дыбысталу жағынан жеңіл болса, оны оқуда, жазу да қиын болмайды. Оқушыларға сауат ашу кезеңінде нақты ұғымды білдіретін сөздер ұсынылады.

2.Көрнекілік.Сауат ашу сабақтарында қойылатын негізгі педагогикалық талаптардың бірі – көрнекілік. Бұл – бастауыш мектептің тәжірибесінде бұрыннан қолданылып келе жатқан дәстүрлі әдіс. Бастауыш сыныптарда сабақтардың бірде-біреуі де көрнекіліксіз өткізілмейді. Сауат ашу сабақтарында қолданылатын қима әліппе мен кестелер, схемалар, ойыншықтар, түрлі заттық үлгілер, плакаттар, оқу-техникалық құралдар, түрлі дидактикалық материалдар сабақ сапасын арттырады.

Көрнекі құралдарды тиімді пайдалану – мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылық жұмыс жүргізу дәрежесіне байланысты.

3. Оқу материалдарының білімділік және тәрбиелік мәні. Сауат ашу сабақтарында оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін дамытуға аса қажетті мағлұматтармен тәрбиелейтін оқу материалдары ұсынылады.

Талдауға арналған жеке сөйлемдер мен сөздер білім мен тәрбие беру талаптарына сай болуы керек.

4. Жеке-дара жұмыс. Әрбір оқушымен жеке-дара жұмыс – сауат ашу жұмысына қойылатын басты талаптардың бірі. Мектепке балалар түрлі дайындықпен келеді. Ойыннан мектептегі ой еңбегіне ауысқан балалардың өзіндік ерекшеліктерін мұқият есепке ала отырып, мұғалім әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізеді. Онсыз мектеп бағдарламасының барша балаға бірдей білім беру талабын ойдағыдай орындау қиын болады.


1.2. Бастауыш сыныптарда сауат аштырудың әдіс-тәсілдері

Әліппе” – көп деңгейлі, дамыта оқытылатын, ұлттық ерекшелігі бар, дәстүрлі мектепке арналған төл оқулық.

Тіл пәнінің жаңа мазмұны мен дамытушы қасиеті сауат ашу кезеңінен басталады. Оқу мазмұны мен бағдарламасы дамыта оқыту мақсатын көздейді. Дамыта оқыту оқушылармен шығармашылық түрде жұмыс жасауға үйретеді, әр

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!