Материалдар / Ғылыми жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы Өзін-өзі тану сабағының оқу әдістемелік үдерісті жоспарлау мен ұйымдастыру.Тақырыбы Өзін-өзі тану сабағының оқу әдістемелік үдерісті жоспарлау мен ұйымдастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Сәуір 2022
348
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова»

Управление образования Восточно-Казахстанской области

Положение

СМК ПП-5.3-91-01

Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралыЕреже/

Положение о защите курсовой работы

( проекта)

Издание /басылым

1/2017

Стр/бет.

0 из 16

















ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ САБАҒЫН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮДЕРІСТІ ЖОСПАРЛАУ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ

















Орындаған:Кеңесханова Дидар Рымбекқызы

Тобы:409

Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім»

Біліктілігі: 0111053 «Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі»

Ғылыми жетекшісі:Сарсекова.Г.К

Педагогика пәнінің оқытушысы













Семей, 2022

МАЗМҰНЫ:


КІРІСПЕ.................................................................................................

3

I.

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҮДЕРІСТІ ЖОСПАРЛАУ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖОЛЫ


1.1

Өзін-өзі тану сабағын жоспарлау негіздері.........................................

5

1.2

Өзін-өзі тану сабағында бақылаудың ұйымдастырудың әдістері мен формалары......................................................................................


9


II.


ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ -МАЗМҰНДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ


2.1

Өзін-өзі тану сабағының құрылымдық сипаттамасы........................

12

2.2

Өзін-өзі тану пәнінің әдістемелік тәсілдердің өзіндік ерекшеліктері........................................................................................


14

ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМІ...........................................................................

17

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................

20

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................

21

























КІРІСПЕ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Рухани-адамгершілік білім берудің басты идеясы болашақ ұрпақты ізгілікке бағыттайды.. Өзін-өзі тану сабақтарыныңда негізігі мақсаты рухани-адамгершілікті білімді негізге ала отырып білім беру.Өзін-өзі тану пәнінің ерекшелігі әр алдымызда отырған оқушылардың өзін тануы,ішкі жан дүниесінің құпиясын аша алуы және қоршаған ортаны жетік танып білуі болып табылады.Осы пән арқылы оқушылардың бойынан махаббат,жылулық,сүйіспеншілік,сыйластық сияқты қасиеттерді көре аламыз.

Өзін-өзі тану пәнінің әртүрлі жаңалықтарын игертумен қатар оқушы бойынан рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіріп,тәрбиелеуді талап ету қазіргі қоғамда басты мақсаттардың бірі. Өзін-өзі тану пәні қазіргі қоғамға өте қажет пән.Атынан көрініп тұрғандай,жеке тұлға өзгені танып білместен бұрын,өзің жақсы танып алуы шарт. Өзін-өзі тану пәні адамның рухани жан дүниесінің адами қасиетерге бай болуына,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге осыларды іс-жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Өзін-өзі тану білім мағынасының құндылығын күшейте отырып,жеке тұлғаның риясыз сүю,өзіне және өз күшіне сену,жақсы іс жасау,көп жаңа ақпарат білу,өзін-өзі жетілдіру және шығармашылық қабілеттерін дамуда үйлесімділікке жету қабілетін ашады және дамытады.Біздің негізгі алға қойған бағытымыз осы болмақ.Осы пән арқылы өскелең ұрпақ өмірдің мәнін түсініп,өзіндік орынын табуы үшін көп мүмкіндік ала алады.Осыған орай әрбір сабақ оқушыны өз бетінше ой ойлауға,нақты шешім қабылдай алуына баулиды.

Зерттеу жұмысының болжамы: Егерде,өзін-өзі тану сабағын оқушыларға сабақ жоспары құрылымының мәнін ашу және оқу барысында сабақты ұйымдастыру жолдарының маңыздылығын қалыптастыратын едім.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік дағдыларын жүйелеу арқылы оқытудың тиімділігін қамтамасыз ету

Зерттеу міндеттері:

-Өзін-өзі тану сабағының ұйымдастыру тәсілдерін дамыту

-Оқу-әдістемелік жоспарлаудың мәнін ашу

-Өзін-өзі тану сабағында оқушыларға ерекше әдіс-тәсілдерді үйрету

Зерттеу пәні: Өзін-өзі тану сабағын әдістеме құралы ретінде оқыту үрдісі.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Өзін-өзі тану сабағында зерттеу мақсаттарын шешу барысында теориялық негіздерді негізге ала отырып талқылау,оны тәжірибе барысында қолдану.

Зерттеудің базасы: ШҚО,Семей қаласы,Абай ауданы,Кеңгірбай би ауылы

«Шәкерім атындағы орта мектеп КММ»


Зерттеу кезеңдері:

- Кіріспе

- Негізгі

- Іс-тәжірибелік

- Қорытынды

- Пайдаланған әдебиеттер

- Қосымшалар

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден,екі тараудан,қорытындыдан,пайдаланған әдебиеттер тізімінен,қосымша материалдардан тұрады






































I.ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮДЕРІСТІ ЖОСПАРЛАУ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖОЛЫ

1.1.Өзін-өзі тану пәнің жоспарлау негіздері

Қоғaм дaмуының oсы кeзeңіндe білім бeрудің eкі кeзеңі – зияткeрлік (сыртқы, aқыл-oй үшін білім) жәнe aдaмгeршілік-рухaни (ішкі, жүрeк пeн үшін білім) үйлeсімді дaмыту қaжeт Әл-Фaрaби oқыту мeн тәрбиeлeудің бірлігі турaлы мәсeлeні "Жас ұрпақтың екі қанаты"деп атады. Oл "Тәрбиесіз білім апатқа әкеледі" дeп eскeртті.Өзін – өзі тaну-білім бeрудің жaңa кeзeңі. Шынaйы білім тұлғaғa қoғaмның бір oтбaсы eкeнін түсінугe мүмкіндік бeруі кeрeк.

Өзін-өзі тaну сaбaғындa мінсіз мінeзді тұлғaны қaлыптaстыру жoспaрлaу дaғдылaрын мeңгeргeн рухaни жәнe әдістeмeлік білімгe бaй ұстaздың бaсшылығымeн мүмкін бoлaды.

Г. М. Коджаспированың педагогикалық сөздігінде сабақты жоспарлау нақты оқу уақыты барысында мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесуінің құрылысы ретінде анықталады. Автор жоспарлаудың негізі мұғалімнің оқу-тәрбие іс-әрекетінің мақсаттары, міндеттері, әдістері мен мазмұны және оқу материалының мазмұнын игеру, дамыту және тәрбиелеу, жаңа материалдың толық мәтіні болып табылатындығына сенімді. Жоспар-конспект: тақырып, сабақ тапсырмалары, сабақ кезеңдері, оқушыларға арналған тапсырмалар

В.И. Загвязинский сабақты жоспарлауды "Мұғалімнің сабақ материалы бойынша жұмысты ұйымдастырудың әдістемелік нұсқасы ретінде реферат немесе кеңейтілген сабақ жоспарын құру процесі" деп санайды. Сонымен қатар, ғалым сабақтың сәттілігіне оның жоспарлау сапасына тікелей тәуелді екенін көреді.Екі ғалым да сабақ жоспары сабақтың тақырыбы мен мақсатын мен міндеттері, жабдықтары, сабақ кезеңдерін жұмыс мазмұнын қысқаша түсіндіруді (тексерілетін және жаңа материалдың мазмұны, оның толық мәтіні, оқытудың әдістемелік тәсілдері мен ,өзіндік жұмыс түрлері, үй тапсырмасы) осылардың жүзеге асырылу керек екендігін айтып өткен еді.

Жоспар оқытудың қажетті нәтижелерін, оларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін құралдарды және оқушылардың материалды игерудегі нақты ілгерілеу дәрежесін, олардың жалпы және адамгершілік даму деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін өлшемдерді көрсетуі керек. Сабақтағы оқиғалардың нақты барысы жоспарланғанға сәйкес келмеген жағдайда қосалқы нұсқаларды дайындау қажет. Жоспар тірі қарымқатынасқа кедергі келтірмеуі үшін мұғалім алдағы педагогикалық өзара әрекеттесудің барлық егжей-тегжейін жоспарда көрсетуге тырыспауы керек.Өзін – өзі тану сабағын жоспарлау барысында өзін-өзі тану-бұл өзін-өзі терең және тұтас тану, өзінің физикалық және психикалық табиғатын ғана емес, сонымен қатар оның ең жоғары рухани табиғатын білу екенін ұмытпаған жөн.Өзін-өзі тану процесінде ақпарат жинақтау емес, жеке тұлғаны дамыту сапасы маңызды.Қазіргі қоғамға ашық жүрегі,кең ойы бар, қоғамға аянбай қызмет етуге қабілетті білімді адамдар керек. Қоғамның қажеттіліктері ойдың, сөздің, істің бірлігінде өмір сүретін, мәңгілік адамгершілік-рухани құндылықтарға негізделген мінсіз мінезді адамды қалыптастыруға бағытталған "Өзін-өзі тану" пәнін оқыту мақсаттарында көрінеді. [8,122б]

Өзін-өзі тану сабақтары барлық жалпы білім беру пәндерінен құрылымы мен мазмұны бойынша ерекшеленеді. Өзін – өзі тану сабағы бұл өсіп келе жатқан оқушы мұғалімнің ойларынан, сөздерінен және істерінен нұрға толатын, өзінің шынайы рухани табиғатын ашатын, рухтандыратын және өзінің рух сыйлықтарын әлемге тарататын бірлескен биік өмірдің ерекше көрінісі. Өзін-өзі тану сабағы жүректі ашуға және оқушы мен мұғалімнің дамуына мүмкіндік береді

Болашақ параграфтарда танымның келесі әдістері сипатталған:

  • эмпирикалық таным;

  • рационалды таным;

  • интуитивті таным

Сондықтан өзін-өзі тану сабағын жоспарлау процесінде танымның барлық үш әдісіне сүйену керек. Жеке тұлғаның өзін – өзі дамытуының маңызды көзіне-оның рухани табиғатын интуитивті түсінуге және оны өмірдің барлық деңгейлерінде білдіруге деген ұмтылысқа назар аудару өте маңызды болып келеді.

Сабақты жоспарлау және оның мазмұнын таңдау кезінде өзін-өзі тану мұғалімі "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың келесі кезеңдерін ескеруі қажет:

  • гуманистік бағыт

  • жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау

  • әлеуметтік өзара әрекеттесу

  • ұлттық мұра

  • табиғат сәйкестігі

Жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау кезеңін ескеру өте маңызды, себебі: оған сәйкес "Өзін-өзі тану" пәнінің мазмұны адамның жоғары рухани табиғатының көрінісі ретінде түсінілетін мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі керек. "Өзін-өзі тану" пәнін оқыту процесінде жүзеге асырылатын адамгершілік – рухани білім адамның физикалық, психикалық және рухани-адамгершілік табиғатын бірлікте қарастыратын білім екенін атап өткен дұрыс.

Педагогиканың негізін қалаушы Я. А. Коменский өзінің "Ұлы дидактика" атты еңбегінде "Адамға сырттан ештеңе әкелудің қажеті жоқ, бірақ ол бар нәрсенің мағынасын көрсете отырып, өзіне, бірге туған нәрсені дамыту, анықтау қажет" деп жазады, яғни біз мұғалім сабақты жоспарлауда барынша өзіміздің шығармашылықты қосып, сырттан көп ақпарат әкелмей өзіміз ұйымдастыруға тырысуымыз керек. [8,123б]

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі жоспарлауды бастай отырып, "Өзін-өзі тану" пәнін оқыту процесінде қандай міндеттерді шешу керектігін білуі керек»:

  • оқушыларға қоршаған ортаның бір тұтас отбасы екенін түсінуге, қоғамның біріктіруші күштерін сезінуге көмектесу керек. Адам осы әлем мен қоғамның қарым-қатынасын, егер ол өзінің рухының күшін түсінсе ғана тани алады;

  • оқушыларды ізгілік ізімен жүруге және ой, сөз және іс әрекет бірлігінде өмір сүруге, өзі үшін жауапкершілікті сезінуге, адамгершілік-рухани қасиеттерді дамытуға және қоғамға қызмет етуге белсенді қатысуға деген ұмтылысты дамытуға шабыттандыру;

  • тазарту, сананы кеңейту – ар-ұжданды ояту-жүректің дауысын тыңдау;

  • оқушылардың өзіне деген сенімін, позитивті ойлауын және шығармашылық қабілетін, өзін-өзі тәрбиелеуін дамыту;

  • Оқушыларға ақиқат және жалған арасындағы айырмашылықты үйрету;

  • Оқушыларды өзін-өзі жетілдіруге шақыру;

Енді өзін-өзі тану сабағын практикалық іске асыру мәселелеріне толығырақ тоқталғым келіп тұрӨзін-өзі тану сабағының мақсаты сабақтың тақырыбымен сәйкес жалпыадамзаттық құндылықты көрсетуі керек. Сабақтың міндеттерінде (дамытушылық, тәрбиелік, білімділік) және таңдалған жалпыадамзаттық құндылыққа сәйкес келетін қасиеттер көрсетілуі керек. Сабақтың оқу тапсырмасында бүкіл сабақтың семантикалық негізі болып табылатын сабақтың құндылығына сәйкес келетін тұжырымдаманы анықтау ұсынылады. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін тұжырымдағаннан кейін мұғалім материалды таңдайды. Сабақ үшін материалдың мазмұнын таңдау кезінде келесі ережелерді ескеру қажет:

  • "Өзін-өзі тану" пәні зайырлы сипатқа ие және адамзаттың діни мұрасын мәдени-тарихи тұрғыдан ғана қарастырады;

  • адамның рухани ұстанымы мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде көрінеді, сондықтан өзін-өзі тану сабағының әр құрылымдық компонентінің мазмұны мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген;

  • жалпыадамзаттық құндылықтарды ұлттық мәдениеттің рухани көздері арқылы ашқан жөн;

  • оқушылардың жас, жеке психологиялық ерекшеліктерін және олардың отбасыларының мәртебесін, мысалы, толық емес отбасын ескеру.

Сабақты жоспарлау кезінде мұғалім оқулықтың әлеуетін "Бірге оқимыз", "Оқу"айдарларында ұсынылған мәтіндерді қоспағанда, өз қалауы бойынша пайдаланады. Оқулықта, оқушының дәптерінде ұсынылған тапсырмаларды таңдауға болады. Өзін-өзі тану сабағында мұғалімнің шығармашылық көзқарасы маңызды. Сондықтан мұғалім қалған материалды өз бетінше таңдай алады. Сондай – ақ, оқушыларға осы немесе басқа ұғымды қалай түсіндіруге болатынын, бұл үшін қандай қосымша ресурстар қажет болуы мүмкін екенін (визуализация-суреттер, диаграммалар, бейнелер, иллюстрациялар) қалай түсіндіруге болатындығы туралы ойлану керек. Осыдан кейін ғана мұғалім сабақтың мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды. [3,46б]

Өзін-өзі тану сабағын жоспарлау кезінде тақырып "өзін-өзі тану"пәнінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарына сәйкес келуі керек. Бір тақырып екі сабаққа арналған. Сондықтан мұғалім тақырыптың әр сабағына жеке жоспар дайындауы керек. Мысалы, 5-сыныптағы жоспарға сәйкес, сабақтың тақырыбы "Сенім туралы", бірақ екі сыныпта да мұғалім әртүрлі жолмен тақырыптың мазмұнын ашылуы керек. Сондықтан, бір сабақты адамгершілікке толы адамға деген сенімділік мысалдарымен жасау керек, ал басқа сабақтың мағынасын адам бойындағы сенімді қасиеттердің мәнін аша отырып аша алуымыз керек. Өзін-өзі тану сабағының мақсатты тақырыбы арқылы адамның адамгершілік қасиеттері ретінде көрінетін жалпыадамзаттық құндылықтардың бірін (ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау) анықтау. Сондықтан сабақтың тақырыбын тұжырымдау арқылы жалпыадамзаттық құндылықты көрсетуі керек.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!