Материалдар / Ғылыми жұмыс : Фунционалдық сауаттылық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс : Фунционалдық сауаттылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Функционалдық сауаттылық яғни адамның өмірдің және іс әрекеттің түрлі саласындағы қолданбалы білім негізінде қалыпты тіршілік міндеттерін шешу қабілеті осы процестің өзегі болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2021
1333
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Shape1







Тақырыбы: «Функционалдық сауаттылық»



Дайындаған: Қадирхан Сая Ержігітқызы



Жетекшісі: Сатыбалдиев Азамат Смаилович







Жоспар


Кіріспе


Әдебиеттер


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .3


1-Бөлім.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мәселелерін зерттеу.. ..... ... 4

2-Бөлім.

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен

қарым-қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...------ ... ... ... ... ... ... 5

3-Бөлім.

функционалдық сауаттылықтың түрлерімен ерекше сипаттары... ... ... ... ... 6

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..... ...9


МАЗМҰНЫ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .. ..... ... 10


ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...... 11











КІРІСПЕ

Қазақстан жаңа ғасырға дүниежүзі елдері қатарында терезесі тең ел ретінде келіп отыр.Жаңа ғасырды бастаған ұрпақ келер ұрпаққа қарыздар болып қалмас үшін қолдан келген игіліктерді жасайтыны анық.Қашанда білімі мол,рухани байлығы бар халықтың ұл қыздары ешқашан да жүдемесі анық.Біздің басты байлығымыз-білім.

Қазіргі жас ұрпақтың білімімі мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса,еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ.Сондықтан қоғам талабына сай,қоғамды көркейтетін.дамытатын,Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы істер байланысында мемлекеттің өркениеті үшін еңбек ететін,шетелдермен еркін ғылыми және мәдени қарым-қатынас жасай алатын,оқығанын өмірде қолдана алатын,ана тілін жетік білетін,ұлтжанды азамат дайындау-бүгінгі ұстаз қауымының басты мақсаты.

Білім-теңіз,мектеп-кеме,мұғалім-мектептің жүрегі.Білім нәрімен сусындап,оның құпиясын аша білу –күрделі де қиын іс.Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны-«21ғасырда нені керек жән 21ғасырға оқушыларды қалай дайындайды»?деген мәселе.Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшілігі –оқушылардың алған білімін қолдана білуі,21ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру-білім беру процесінің негізі болып табылады.Қазақстанда кеңістік кезеңінен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалды,онда оқушылардың құзіреттілік біліктерін,алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген.















1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мәселелерін зерттеу

Қоғам дамуының заманауи кезеңінде постиндустриалдық әлемдегі өзгерістерге тез бейімделетін адамдар қажет. Жаңа жағдайларда мектептегі оқыту процесі «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын жүзеге асыруға ықпал ететін құзыреттерді дамытуға бағдарлануы тиіс. Құзыреттілікті дамытудың алғышарты ретінде белгілі бір функционалдық сауаттылық деңгейдің болуын атауға болады.

Білім беру жүйесін жаңғыртудың басты бағыты ретінде оқушылардың өзін дамытуы және қоғам өміріне пайдалы үлес қосуы үшін ақпаратты өздігінен алу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалануын көрсетуге болады. Функционалдық сауаттылық, яғни «адамның өмірдің және іс-әрекеттің түрлі саласында қолданбалы білім негізінде қалыпты тіршілік міндеттерін шешу қабілеті» – осы процестің өзегі болып саналады Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту –Қазақстан дамуының басты бағыты»атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50елдің қатарына кіру процесінде де маңызды болып табылады.Ел үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның ынталылығы,шығармашылықпен ойлауы мен дәстүрлі емес шешім қабылдау қабілеттері,кәсіби жол таңдау білігі,өмір бойы білім алуға даярлығы оның басты функционалдық қасиеттері болып табылады.Аталған фуекционалдық біліктер мектеп және отбасында қалыптасады.Заманауи әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік,мәдени,саяси және экономикалық іс-әрекеттеріне,сол сияқты өмір бойы білім алуға белсенді түрде атсалысуына ықпал ететін базалық факторлардың бірі болып табылады.Функционалдық сауаттылығы дегеніміз –адамдардың әлеуметтік,мәдени,саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы,яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына,жасына қарамай ілесіп отыруы,үнемі білімін жетілдіріп отыру.Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерді Қазақстан Республикасынаң зияткерлік,дене және рухани тұрғысынан дамыған азамат қалыптастыру,оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи түрғыдан өзгергенін,тұлғаға қойылатын талаптарда оқу,жасау,санай білу қабілеттернен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім біліктердің жиынтығын игеру,яғни функционалдық сауаттылыққа жету,қалыптастыру,меңгерту.Қазіргі әлемдегі,еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгнру нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады.Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субъектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалды сауаттылықты» қалыптастыру мақсаты негізге алынып отыр.



2. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен

қарым-қатынасы

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса функционалдық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функцияналдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімді сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Сондай – ақ оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынады. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгерісті керек етеді, яғни дәстүрлі оқулардағы оқытушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт арасындағы серіктестік қарым-қатынасқа ауысады. Өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, сыни ойлай алатын оқушы қалыптастыру. Функционалдық сауаттылыққа бейімделу, оның қалыптаса бастауы бастауыш мектептен бастау алады. Қазірде олар оқитын пән оқулықтарының мазмұны көбіне алғашқы сауатттылықтан басталып, әрмен қарай дамып, жүйелене түседі. Ол үшін функционалдық сауаттылыққа жататын білімдер мен біліктердің, әсіресе жиі қолданылатын іс-әрекет түрлерінің өзара тәуелділігін бірімен бірінің үндестігін оқулықтардағы мазмұнының мәтінімен байланыстыру қажет. Сонымен қоса білім беру деігейлеріндегі оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша біртұтас әдімтемелік әдістемелік жүйенің жасалауын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап оқытудың түпкі нәтижесі не дейінгі арақашықтығы компоненттердің бірлігі арқылы жүзеге асуы тиіс. Функцияналдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын, математикалық сауаттылығын , комьютерлік сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Олай болса шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін тек оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп қана қоймай, кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластыруымыз керек.



3. функционалдық сауаттылықтың түрлерімен ерекше сипаттары

Қазақстан Республикасында оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынандай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география):

Оқу сауаттылығы оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, оқығанын өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруға пайдалану бағаланады.

Математикалық сауаттылық –әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу және математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыра білу үшін қолдана білу қабілеттері. Жаратылыстану ғылыми сауаттылық – жаратылыстану ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін, ғылыми – табиғи мәселелерге қатысты және ғылыми ділелдемелермен негізделген сұрақтарды анықтау. Мектептегі білім беру сапасын бағалау әдістемесінің негізгі проблемалары, біріншіден, бағалау қажеттілігін (оқыту сапасы нәтижелері, білім беру стандарты, оқушылардың білімділік деңгейі, мектеп түлектерін даярлау сапасына қойылатын талаптар проблемалары), және екіншіден, бағалау қалай жүзеге асырылғанын (бағалау кезеңдері, принциптері, түрлері, әдістері, құралдары) айқындаудан тұрады. Соңғы жылдары оқытудың теориясы мен әдісінде білім беру сапасын бағалау проблемасы өзекті сипат алып отыр. Мәселені зерттеу бұл бағытта мектеп түлектерін даярлау сапасын бағалау бойынша білім мазмұнының міндетті минимумы, мектеп түлектерін даярлауға қойылатын талаптар көрсетілген жұмыстар жарияланғанын көрсетті. Білім беру процесі нәтижесінің сапасын бағалау проблемасы жағдайын талдау қорытындысы біздің қоғамның жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайлары, білім берудегі бұрынғы құндылықтар мен басымдықтардың дағдарысы, білім беру жүйесінің пәнді оқыту сапасын бағалаудың озық үлгілері мен технологияларына көшуі оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалаудың заманауи теориялары мен әдістерін құру қажеттілігін көрсетті. Функционалдық сауаттылықтың ерекше сипаттары:

1) тұрмыстық проблемаларды шешуге бағыттылығы; 2) нақты әлеуметтік жағдаяттарда көрінетіндіктен, тұлғаның ахуалдық сипаттамасы болып табылады; 3) стандартты, стереотиптік міндеттерді шешумен байланысты; 4) бұл үнемі дерлік оқу және жазу білігінің кейбір қарапайым (базалық) деңгейі; 5) көп жағдайда халықтың ересек тобының сапасын бағалауда қолданылады;

6) ең бастысы сауатсыздықты жоюдың жеделдетілген тәсілдерін іздеу проблемасымен контексте мағыналы. В. В. Мацкевич, С. А. Крупниктің пікірінше, , мемлекет өткеннің орнын толтыру, жеке жағдайда басқа елдерді басып озу қажет болған кезде ғана сауаттылық проблемасы (функционалдық сауаттылық) өзекті болады. Сонымен, функционалдық сауаттылық – оқу және жазу білігін күнделікті өмірде қолдану «мәтінмен жұмыстың әлеуметтік практикасы». Сол себепті, функционалдық сауаттылық түсінігі қоғам өмірінің сапасын (өзінше мәдени стандарт) түрлі елдердің әлеуметтік - экономикалық тиімділігін салыстырудағы бағалаудың өлшем бірлігі ретінде қолданылады. Басқаша айтқанда, бұл – адамның іс - әрекетін оның басылым сөзін тұрмыста қолдануымен анықтайтын сауаттылық деңгейі. А. А. Леонтьев өзінің бір еңбегінде функционалдық сауаттылыққа өте орынды және терең түсінік берді: «Егер формалды сауаттылық – оқу техникасының дағдылары мен біліктерін меңгеру болса, функционалдық сауаттылық – адамның осы дағдыларды нақты мәтіннен түсіну, қысқарту, тасымалдауға қажет ақпаратты алуда еркін қолдану қабілеті»
















Қорытынды

Қорыта келе оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Осы ретте бастауыш сыныпта сабақты дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Мұғалімнің шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. «Қыран – түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз – шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» - деген даналық сөзіндей, ұстаз қай кезде де мектеп жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан тұлғаны қалыптастыруда Елбасының биылғы «Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз» жолдауын басты ұрандай ұстансақ артық болмас, өйткені болашақ тізгінін ұстайтын ұрпақтың функционалды сауатты болуын біз назарда ұстауымыз керек дегім келеді.

































Пайдаланылған әдебиеттер



  1. https: //martebe/kz/o-ushylardy – funkcionaldy - sauattyly – ynalypptastyry-zaman-talaby/

  2. https://m/alashainasy.kz/bil/104966/

  3. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/D1200000832.

  4. https://zkoipk/kz/ru/2015c1/1104-conf.html.

  5. https://bilimdiler.kz/bastaush/23526-okushyl-ygyn-arttyru-sapaly-bilim-kepili.html.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!