Материалдар / Ғылыми жұмыс "Агроөнеркәсіптік кешен"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс "Агроөнеркәсіптік кешен"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар мен мұғалімдерге көмекші, агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Тамыз 2018
1314
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Агроөнеркәсіптік кешеннің құрылымы.

География пәнінің мұғалімі: Алтаева Жансая Сеиткасымовна.

Жоспар.

І.Кіріспе.

Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы мен маңызы.


ІІ.Негізгі бөлім:

2.1. Қазақстанның аграрлық саласы.

2.2.Ауыл шаруашылығын әртараптандыру – бәсекелестіктің басты шарты.

2.3.Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекет

саясатының рөлі және оны іске асыру әдістері.

2.4.Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әлемдік нарықтағы

Қазақстанның мүмкіндіктері.

2.5.Ауыл шаруашылығын дамыту үшін молекулярлық биотехнологияға және

гендік инженерияға көңіл бөлуіміз керек.


ІІІ.Қорытынды.

Экологиялық аудит – табиғи байлықтарды пайдалануды басқарудың экономикалық құралы.



І. Кіріспе.

Агроөнеркәсіп кешені:күрделі құрылым. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдың өзі жеткіліксіз,оны сақтап,сапалы түрде өндегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек.Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды.Сондықтан,оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп,өнімдерін өндейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан.Басқаша айтқанда,агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.

Агроөнеркәсіп кешені халықты азық-түлікпен,ал өнеркәсіпті халық тұтынатын тауарлар жасап шығаруға қажетті шикізатпен қамтамасыз етуді негізгі мақсат ететін көптеген салаларды біріктіреді.

АӨК құрамында үш негізгі буын бар: І буын АӨК –ге қызмет көрсететін,

оны техникамен,тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды.

ІІ буын – бұл ауыл шаруашылығы, ал ІІІ буын – тамақ және жеңіл өнеркәсіптері.Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады.

Жұмыскерлердің саны жөнінен(2,4 млн.адам)АӨК аса ірі салааралық кешен болып табылады.Ол елдегі жалпы ішкі өнімнің 1/10 бөлігін береді.

АӨК өнімдері барлық тауар саудасының 50 пайыздан артығын құрайтындықтан,халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпалын тигізеді.Соны-

мен бірге өнімдері шет елдерге сатылады:Мысалы:бидай Қазақстанның маңызы жөнінен бесінші экспорттық тауары.

І буынның салалары АӨК-ге ауыл шаруашылық машиналарын,құрал-жабдық жеткізе отырып,оның жалпы деңгейін анықтайды.Тұтас кешеннің жетістіктері оның дамуымен тығыз байланысты.Әзірге бұл буынның салалары АӨК-ді қажетті өніммен толық қамтамасыз ете алмай келеді.

АӨК-нің қалыпты жұмыс істеуі үшін техника мен құрал-жабдықтардың 4000-дай түрі қажет.Біздің елімізде олардың 400-дей түрі ғана шығарылады.

Көптеген маңызды өндірістер дамымаған немесе енді пайда болып келеді.

Сондықтан әлі де ескі техника пайдаланылады,қол еңбегінің үлесі жоғары,

ауыл шаруашылық дақылдары мен малдардың өнімділігі төмен.Өндірілген өнімнің аз ғана үлесі өнделеді,АӨК-де жұмыскерлер саны көп болғанымен, еліміз шет елдерден азық-түлікті көп мөлшерде сатып алады.

1-мысал:Қазақстанда өндірілген еттің 16 пайызы,Еуропа елдерінде – 96пайыз

Сүттің 13,жеміс-жидектің 0,5,көкөністің 0,2 пайызы ғана өнеркәсіптік өндеуден өтеді.Тамақ өнеркәсібінде 5000 кәсіпорынның 13-і ғана жеміс-жидек консервілерін шығарады.

2-мысал:Республика пайдаланылатын азық-түліктің 20,оның ішінде ет консервілерінің 44,шұжықтың 30,қойытылған сүттің 89,жеміс консервілері-

нің 91,сары майдың 42 пайызын импортқа алады.БҰҰ-ның есептеулері бойынша,елдің азық-түлік қауіпсіздігі импорт тұтыну мөлшерінің 17 пайызы-

нан аспағанда ғана қамтамасыз етіледі.

Ауыл шаруашылығы – АӨК-нің ІІ буыны.Ауыл шаруашылығы – АӨК-нің орталық тізбегі болып табылатын,»ең кәрі»,ел экономикасының дәстүрлік саласы.Оның өнеркәсіптен үш негізгі айырмашылығы бар:

1)Ауыл шаруашылығында жер – негізгі зат,әрі еңбек құралы болып сана-

лады.Сондықтан,жерді дұрыс пайдалану,құнарлылығын сақтау – қоғамның маңызды міндеті болып саналады.

2)Ауыл шаруашылығы – экономиканың маусымдық саласы.

Көктемде егістікті уақытында жыртып,топырақта ылғал сақталу үшін өндеп,барлық дақылдарды себу керек.Жазда өсімдіктерді тыңайтқыштармен қоректендіру,суару,түптеу,арам шөптермен және зиянкестермен күрес жұмыстары жүргізіледі.Күз - өнімді жинап,егістікті күздік себуге дайындай-

тын мезгіл.Қыс – техника жөндеп,малды күтіп-бағатын,тұқымды себуге даяр-

лайтын уақыт.

3)Ауыл шаруашылық өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді,олар біздің әр түрлі және күрделі.

Жиі болатын құрғақшылық,қатты аяздар,қар басуы,көк тайғақ ауыл еңбеккерлеріне егін өнімі мен мал басын сақтап қалу үшін қажырлы күрес жүргізуге мәжбүр етеді.Осыған байланысты,еліміздің аумағын «тәуекелді егін және мал шаруашылығы зонасы» деп атауға болады.

Ауыл шаруашылығымен 190 мыңдай әр түрлі кәсіпорындар – фермерлік шаруашылықтар,акционерлік қоғамдар,серіктестіктер,кооперативтер мен

тұрғындар шаруашылықтары айналысады.Олардың арасында 10-15 мың га егістік жерді өндейтін ірі шаруашылықтар және жері 5-10 га ғана болатын ұсақтары да бар.

Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің рөлі өзгереді,ол енді ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен айналыспайды – тек ол үшін қажетті жағдай жасайды. Мемлекет ауыл тұрғындарының тіршілігі мен еңбек жағдайын жақсартып,шаруашылықтарға техника мен жанар-жағар май алуға көмектеседі,сонымен бірге ауыл шаруашылығы ғылыми мекемелері мен тәжірибе стансаларын қаржыландырады. Мемлекеттік азық-түлік корпора-

циясы ауыл тұрғындарынан өсірген өнімнің бір бөлігін сатып алады.

Қазақстан жер аумағы үлкен – 272 млн га,оның көп бөлігін ауыл шаруашылығына жарамды жерлер құрайды.Бұлар – ауыл шаруашылық жерлері;олардың негізгі түрлері – егістік жерлер,жайылымдықтар мен шал-

ғындықтар,сонымен бірге көп жылдық алқаптар(бақтар мен жүзімдіктер).

Егістік жерлердің жекелеген бөліктері көп уақыт бойы өнделмей,тыңайған жер есебінде қалдырылады.

Ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымындағы ең бағалы жерлерінің – егістіктердің үлесі көп емес – 11 пайыз.Бірақ,оның жан басына есептегендегі щамасы әлемдегі ең жоғарғыларының бірі болып саналады.Ең көп аумақты – жайылымдық жерлер алып жатыр. Мамандардың есептеулеріне қарағанда,

олар 100 миллиондай мал басын азықпен қамтамасыз ете алады.

Ауыл шаруашылық жерлеріне қолайсыз факторлар – құрғақшылық,жел және су эрозиясы,топырақтың тұздануы мен батпақтануы әсер етеді.Сондық-

тан,жерді мелиорациялау(жақсарту) шараларының егістік жерлерді суарудың және ағаш отырғызудың,құмдарды бекітудің,жер бетін тегістеудің,қышқыл топырақтарды әктаспен өндеудің маңызы зор.Бірнеше мелиоративтің шараларды бір уақытта қатар жүргізуге де болады,оны кешенді мелиорация деп атайды.Бұл шаралар тұрақты өнім алу мен жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.

Біздің елімізде ауыл шаруашылық жұмыстары орасан үлкен аумақтарда қысқа мерзім ішінде жүргізіледі.Ол үшін әр түрлі қазіргі заманға сай техни-

каның көп мөлшері қажет.Ол бірақ,әзірге жеткіліксіз.

Біздің елімізде сүт сауу 1 сиырға есептегенде жылына 2 т.құрайды.Еуропа елдерінде болса 6-7 т.сүт сауу әлдеқашан төмен көрсеткіш болып есептеледі.

Ауыл шаруашылығы бір-бірімен байланысты екі саланы - өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді.Олар тиісінше ауыл шаруашылық өнімдерінің 56 және 44 пайызын құрайды.

Өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығының негізі.Адамзатқа азық-түліктің көп бөлігі мен жеңіл өнеркәсіп үшін қажетті шикізатты өсімдік шаруашылығы береді.Біздің елімізде бұл ауыл шаруашылығының басты саласы.Өсімдік шаруашылығы немесе егін шаруашылығы егіншіліктен,бақша шарашылығы мен жүзім өсіруден тұрады.

Егіншілік дақылдар түріне қарай – астық шаруашылығы,техникалық,

азықтық,көкөніс-бақша дақылдары мен картоп өсіруге бөлінеді.

Егін шаруашылығы географиясына табиғи факторлар,яғни топырақ пен агроклиматтық жағдайлар(жылу,жарық,ылғал) тікелей әсер етеді.

Елімізде 50-ден астам ауыл шаруашылық өсімдіктері өсіріледі.Егіншілік-

тің басты саласы – дәнді дақыл өсіру(астық шаруашылығы).Олар егістік жерлердің 2\3 бөлігін қамтиды.Ең алдымен бұл – бидай,одан кейін – арпа,жүгері,күріш,сұлы,қарақұмық,тары және қара бидай.Олардан – нан,жар-

ма,үй жануарларына жем алынады.

Бидай – жылуды жақсы көретін дақыл,ол үшін ең қажетті топырақ түрлері – қара және қара қоңыр топырақтар.Қысы қатал әрі қар аз түсетін Қазақстанның солтүстігіне көктемде себілетін жаздық бидай өсіріледі.Мұнда орманды дала және дала зонасының қара және қара қоңыр топырақты кең алқабы Тобылдан Ертіске дейін созылып жатыр.Аты аңызға айналған еліміздің бидайлы белдеуі – Қостанай,Ақмола және Солтүстік Қазақстанды құрайды.Олар республикадағы астықтың 5\4-ін береді.Бидайлы белдеуде нан мен макарон өнімдерінің еі жоғарғы сорттарын алатын бағалы бидай түрлері өсіріледі.

Қазақстанның жылы оңтүстік аймағында күзде,қысқа қарай себілетін күздік бидай өсіріледі.Ол ерте,маусым айында пісіп,көктемгі және күзгі жауын-шашаынды пайдаланғандықтан,тұрақты өнім береді.

Жылу және ылғал сүйгіш тропиктік өсімдік – күріш.Бұл су жайылған егістік жерлерде – атызда(чек) өсетін біздің еліміздегі бірден-бір дақыл.Оны Оңтүстіктің суармалы жерлерінде,Сырдарияның(Қызылорда обл.),Іле мен Қараталдың (Алматы обл.) аңғарларында өсіреді.Бұл өзендерден күріш егістіктеріне ирригациялық(суландыру) каналдардың тармақтары бағытталған.

Арпа мен сұлы – негізінен азықтық өсімдіктер.Олардан алынатын өнімнің бір бөлігі азық-түлік алу үшін,мысалы,арпа мен сұлы жармасын алуға жұмсалады.Арпа – тез пісетін,ең төзімді өсімдік болғандықтан,барлық

жерде таралған дәнді дақыл.Бірақ,оның негізгі өнімі Бидайлы белдеуде жиналады.Сұлы – ыстыққа төзімсіз,ылғал сүйгіш өсімдік,оның негізгі өсірілетін аудандары – Солтүстік пен Шығыс.

Жылу мен жарықты сүйетін – жүгеріні Қазақстанның Оңтүстігіндегі суармалы жерлерде,жылуды көп қажет етпейтін күздік бидайды елдің Шығысында,құрғақшылыққа төзімді тарыны – Батыс пен Слотүстікте өсіреді.

Техникалық дақылдар – тамақ және жеңіл өнеркәптеріне шикізат береді. Олардың қалдықтары малға жем ретінде пайдаланылады.Біздің еліміздегі негізгі техникалық дақылдар – мақта,қант қызылшасы,күнбағыс.

Мақтадан – бағалы талшық,тұқымынан май алынатындықтан,оны «ақ алтын» деп атайды.Мақта – тропиктік өсімдік.Оған әсіресе,көп мөлшерде жылу,жарық,әрі мол су қажет.Ол үшін ең қолайлы топырақ – сұр топырақ.

Елімізде мақта өсірумен тек жалғыз Оңтүстік Қазақстан облысы ғана айналысады.

Қант қызылшасы – қоңыржай белдеудегі бірден-бір қант алынатын шикізат.Ол жылуды,ылғалдылықты,құнарлы топырақты,сонымен қатар көп еңбекті қажет ететін дақыл.Сондықтан оны халық көп қоныстанған суармалы жерлерде өсіреді.Біздің елімізде ондай жерлер – Алматы және Жамбыл облыстары.

Күнбағыс – ең көнбіс техникалық дақыл,негізі одан өсімдік майы алынады.Ол құрғақшылыққа төзімді,жылуы,жарығы мол,топырағы құнарлы жерлерде жақсы өседі.Оны Қазақстанның барлық облыстарында дерлік өсіреді.Бірақ,егістік пен жинаудың 2\3-сі Шығыс Қазақстан облысының үлесіне тиеді.

Картоп – бір уақытта азық-түлік,мал азығы,әрі техникалық дақыл болып табылады.Халық арасында оны «екінші нан» деп атайды.Картоп құнарлы,ыл-

ғалды топырақта жақсы өседі,жазы салқын жылдарда мол өнім береді.

Оны егін шаруашылығы мүмкін жерлердің бәріне өсіреді.Өнімнің 3\4 бөлігі Солтүстік және Оңтүстік аудандардың үлесіне тиеді,ал еліміздің негізгі картоп жүйегі болып бұрыннан бері Алматы облысы саналады,ол Қазақстанның барлық аудандарын ерте пісетін картоппен қамтамасыз етеді.

Алуан түрлі көкөністер – негізгі әрі арзан дәрумендер көзі болып табылады.Көкөніс дақылдарының көпшілігі(қызанақ,қияр,баклажан,бұрыш)

жылуды,жарықты,ылғалды,құнарлы топырақты сүйеді.

Бақша дақылдарының – (қарбыз,қауын,асқабақ,кәді)құрғақшылыққа төзімділігі,олар борпылдақ,құмды топырақта жақсы өседі.Оларды өсіру үшін ең қолайлы аймақ – Оңтүстік Қазақстан.Көкөністің 2\3-сін,қауын-қарбыздың 90 пайызын беретін – Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл,Алматы облыстарын еліміздің «дәрумен цехы» деп атайды. Бірақ Оңтүстік – ең негізгі «Қазақстан бағы» емес,өйткені бақтардың 3\5-і және жүзімдіктердің 9\10-ы Іле,Талас Алатауларының етегінде орналасқан.Мұнда жүзімнің 30-дай түрі,еліміздегі алма(апорт) мен алмұрттың(орман аруы) еі жоғарғы сорттары өсіріледі.

Мал шаруашылығы: жас және ежелгі сала.Бұл сала ірі қара(мүйізді ірі

қара малын өсіру),жылқы,түйе,қой,шошұа,құс өсіру шаруашылықтарына бөлінеді.Мал шаруашылығының құрамына,сонымен қатар марал(марал мен теңбіл бұғы өсіру),аң,ара шаруашылықтары,жібек құртын өсіру мен балық шаруашылығы да кіреді.

Өсімдік шаруашылығындағы орналастырудың негізгі факторлары – агроклиматтық жағдайлары болса,мал шаруашылығында бұл – жем-шөп базасы.Оны жайылымдықтар,шабындықтар,азықтық дақылдар,егістіктер құрайды.Малдарға азық ретінде көп мөлшерде азықтық дәнді дақылдар мен техникалық дақылдарды өндеуден түскен қалдықтар пайдаланылады.

Шабындық жерлермен еліміздің Батысы мен Шығысы жақсы қамтамасыз етілген.Шабындықтары аз Солтүстік пен Оңтүстікте азықтық шөптер өсіріледі.Бірақ бәрі бір мал шаруашылығының негізі жайылымдық жері болып табылады.Еліміздегі жайылымдықтар әр түрлі:Қазақстанның солтүстік,орталық бөлігі мен биік тауларының етегіндегі көктемгі,жазғы,күз-

гі жайылымдықтар алып жатыр.Орманды дала мен дала зонасында төрт түліктің барлығы,ал шөлейт және шөл зоналарында қой,жылқы,түйе малдары жайылады.Орта және биік таулардағы субальпілік және альпілік шалғындар – еліміздегі ең құнарлы жазғы жайылымдар(жайлаулар).Еліміздің Оңтүстігі мен Батысындағы қар қабаты жұқа болып келетін құмды жерлер – жыл бойы (негізінен,қыста) қой және жылқы өсіруге пайдаланылатын жайылымдықтар.

Қазақстанның барлық бөліктерінде мал шаруашылығымен айналысады, бірақ мал басының 3\5 бөлігі еліміздің Солтүстігі мен Оңтүстігінде өсіріледі. Негізгі өнімдер болып саналатын ет пен сүт ара қатынасына байланысты онда бағытты ажыратады.Солтүстікте,шығыста және оңтүстікте сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы дамыған.Оған құнарлы азық қоры қажет.Оны жоғары өнімді жайылымдықтар мен азықтық дақылдардың егістігі қамтамасыз етеді,ал Оңтүстікте одан басқа қызылша шаруашылығының қалдықтары да пайдаланылады.

Жайылымдықтарында құнарлы өсімдіктері жоқ құрғақ далаларда,шөлейт-

тер мен шөлдерде ет бағытындағы мал шаруашылығы дамыған.Етті тұқымды малдар ішіндегі ең көп таралғаны – қазақтың ақбас сиыры.Қазақстан селекционерлері шығарған бұл тұқым жоғары өнімділігімен және төзімділігі-

мен ерекшеленеді.Біздің елімізден басқа ол Ресей мен Монғолияда өсіріледі.

Қой шаруашылығының негізгі өнімдері – ет,май,жүн,тері,қаракөл.Оның екі негізгі бағыты – биязы жүнді және қылшық жүнді қой шаруашылығы бар. Биязы жүнді қойлар(меринос) ең сапалы жүн маталарын алуға болатын ұзын, жіңішке біртекті жүн береді.Бұл жануарларға жақсы жайылымдар мен қысқы азық қажет.Ондай жағдайлар елдің солтүстік,шығыс,оңтүстік бөліктерінің бәрінде кездеседі.Мұнда биязы жүнді қойлардың мал басы ең көп болып саналады.

Қылшық жүнді қой өсіру – азық қоры біршама аз,ұзақ жайылымдарға

(500 км-ге дейін) тән болып келеді.Бұл бағытта Қазақстандық селекция кереметі деп аталатын еділбай қойларын ерекше бөліп қарауға болады. Еділбай қойлары төзімді,көнбіс,жергілікті климат жағдайына жақсы бейімделген болып келеді.Олардың терілері – дубленка,қысқа тон және тон

тігу үшін ең жақсы материал,жүнін пима,киіз басуда қолданады.Олар бағалы азық-түлік ет пен май береді,сондықтан оларды құйрықты қойлар деп атайды.

Қазақстанда өсірілетін қойлардың ішінде – қаракөл қойлары ерекше орын алады.Оның негізгі өнімі – аса жоғары бағаланатын қаракөл терілері.Қаракөл қойларын өсірумен шұғылданатын негізгі аудан – Оңтүстік Қазақстан.

Еліміздегі халықтың дәстүрлі кәсібі – жылқы шаруашылығы.ХХ ғ. Басында Қазақстанда 4 млн-нан астам жылқы болған.Ежелгі уақыттан бері жылқы – қазақтардың иесіне адал берілген,қасиетті де сүйікті жануары.Ат – ер қанаты,ал жауынгер мен егінші,малшы үшін сенімді серігі әрі көмекшісі.

Жылқылар қазір де жүк таситын,салып мінілетін,жұмыс және бәйге аттары ретінде кеңінен пайдаланылады.Оларды,сонымен қатар бағалы азық-түлік өнімдері – жылқы етін,қымыз алу үшін де өсіреді.Біздің елімізде жылқы малын өсіру барлық жерде таралған сала.Бірақ,жылқылардың негізгі бөлігі Оңтүстік пен Солтүстікте өсіріледі.Жылқыны қоспен үйірлеп жаю – шөлді – далалы және таулы далалы аймақтарда жыл бойы табиғи жайылымды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Шөлді және шөлейтті зонада түйе шаруашылығының маңызы зор.Түйе – ең ірі,жүк тасуға бейім,азық талғамайтын,ыстық,шөлге шыдамды жануар. Түйе шаруашылығының негізгі өнімдері – ет,сүт,шұбат және жүні.Бұл малдардың саны бойынша Қазақстанның Батысы мен Оңтүстігін,әсіресе, Маңғыстау,Атырау және Қызылорда облыстарын ерекше атауға болады.

Шошқа шаруашылығы – жылдам салмақ қосып,тез көбейетін әрі жайылымды қажет етпейтін,ауыл шаруашылығы үшін тиімді.Шошқа өсіруде егін шаруашылығынан алынатын жем,сонымен қатар тамақ қалдықтары пайдаланылады.Ол біздің елімізде астық шаруашылығы мен картоп өсіру дамыған зонада кең таралған.Шошқа өсірудің негізгі ауданы – Солтүстік(мал басының жартысынан астамы),ал екінші аудан – Оңтүстік(15пайыз).

Жұмыртқа мен құс етін(тауық,қаз,үйрек,күрке тауық) алу үшін құс шаруашылығы дамыған.Ол өндірістің өнеркәсіптік технологияларымен жұмыс істейтін фабрикалар ауыл шаруашылығының алғашқы саласы.Құс фабрикаларында үй құстарының жартысынан көбі шоғырланған.Оларға жем ретінде азықтық дәнді-дақылдар пайдаланылады.Сондықтан,құс шаруашы-

лығы бір жағынан,ірі астық шаруашылығы аудандарына,ал екінші жағынан оның өнімдерін пайдаланатын ірі қалаларға таяу орналасады.Әсіресе,үлкен қалалар орналасқан Оңтүстік пен астық шаруашылығының негізгі орталығы – Солтүстік ерекшеленеді.

Пантылық марал шаруашылығы – Алтайда,Бұқтырма өзенінің аңғарында ХVІІІ ғасырдың өзінде пайда болған.Бұл аудан қазір де марал мен теңбіл бұғы өсірудің негізгі ауданы болып саналады.Марал шаруашылығының негізгі өнімі – пантокрин алу үшін қолданылатын панты (бұғының жас мүйізі).

Елдің ең құрғақшылықты аудандарынан басқа жерлерде – бал,балауыз, прополис алынатан – ара шаруашылықтары дамыған.Бұл салада – Шығыс Қазақстан алда келеді.Алтай балы дәмі мен емдік қасиеті жөнінен ең жоғары

сапалы болып саналады.Оңтүстік Қазақстан облысының жағдайы жібек құртын – піллә өсіруге аса қолайлы.

БҰҰ-ның бағалауынша Қазақстан 120 млн.адамға азық-түлік шығара алады.2005 жылы біздің елімізде 12 млн.т.астық,ал соңғы 5 жылда орта есеппен алғанда 14,2 млн.т. жиналды;Қазақстан астық жинаудан дүние жүзінде – 28-орында.Қазақстанға 8,5млн.т.астық қажет;2004 жылы еліміз 5,8млн.т.астық пен 0,6млн.т.ұнды экспортқа шығарды.3,4млн.т.астық ТМД елдеріне(оның ішінде 2,3млн.т. Украина мен Ресейге) және 2,4млн.т.басқа елдерге шығарылған.Алыс шет елдерден біздің астығымызды сатып алушы елдер – Иордания,Түркия,Сауд Арабиясы,Италия мен Франция болып табылады.Бидай біздің еліміздің аумағында б.э.д.ІІмыңыншы жылдардан бері белгілі.2004 жылы әлемде 624млн.т.бидай жиналса,оның 9,9млн.т.Қазақстан-ның үлесіне тиген(дүние жүзінде 12-орында).

2004 жылы Қызылорда облысында 69,5га.күріш егістігінің әр гектарынан 44,5 центнерден өнім жиналған.Тәжірибелік атызда күрішті шығыс технологиясымен,яғни көшет арқылы отырғызады.Италиядағыдай күрішті көктеген тұқыммен отырғызу оның өнімділігін 1\3-ге көбейтеді.

Біздің елімізде майлы дақылдардан – рапс,соя,зығыр,мақсары(сафлор) өсіріледі.Мақсары(күрделі гүлділер тұқымдасынан) ыстыққа,құрғақшылыққа төзімді,топырақ талғамайды.Дәнінде 25-57пайыз май болады.Майы тамақ пісіруге(күнбағыс майынан кем емес),сабын,бояу,эмаль,линолеум пайдала-

нылады.

Тамақ және жеңіл өнеркәсіптері – АӨК-нің ІІІ буыны.

Тамақ өнеркәсібі – «азық-түлік өнімдерінің индустриясы».Бұл өнеркәсіп машина жасаумен,саудамен,көлікпен тығыз байланысты.Бірақ,ол ең алдымен ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды:оның шикізаттарын өндеп,мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз етеді(арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.1-мысал: Ақтөбеде «Туркуаз» ЖШС-ның майын шығаратын зауыты пайда болғаннан кейін облыстың көптеген шаруашылықтары өздерінде бұрын болмаған саламен – күнбағыс өсірумен айналыса бастайды. 2000-шы жылдан 2005-ші жылға дейін оның егістік жері 8,5есеге ұлғайды.

Көптеген «тамақ фабрикалары» көлемі үлкен,қымбат құрал-жабдықтар пайдаланады.Кейбір тауарларды алу технологиясы күрделілігі жағынан ауыр өнеркәсіптен қалыспайды.Сонымен қатар кішігірім зауыттар(май шайқайтын, шұжық шығаратын цехтар) кәдімгі 2-3 бөлмеге сыйып кетеді.Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан,оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады.

Тамақ өнеркәсібі орналасу сипаты жағынан «барлық жерде кездесетін» сала болып табылады.Оның кәсіпорындары күнделікті қажетті азық-түлік шығаратындықтан,адамдар тұрақты мекендейтін жерлердің бәрінде бар.Кез келген жерде оған қажетті шикізат – астық,картоп,көкөністер,жемістер,сүт,

т.б.міндетті түрде табылады.

Тамақ өнеркәсібі – тұтас салалар кешені.Оның орналасуына шешуші әсерін тигізетіндер – шикізат және тұтыну факторлары.Тамақ өнеркәсібінің жалпы алғанда барлық жерде орналасуына қарамастан,кейбір салаларының

өзіндік орналасу ерекшеліктері бар.Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шығыны үлкен.Мысалы: 1т.күнбағыс майын алуға 2-3т.күнбағыс дәні,ал май алуға – 5-5,5т.мақта дәне қажет.Ондай кәсіпорындарды көбіне шикізат өндіретін аудандарда орналастырады.

Шикізат факторының әсерін көрсететін нақты мысалға – қант өнеркәсібі гоерафиясын жатқызуға болады.Біздің елімізде «тәтті өнімді» дәстүрлі түрде қант қызылшасынан өндіреді.Қызылша алысқа тасымалдауға келмейді(қант-

тылығы жойылады);оның 1т.өнім алуға кететін шығыны 7т.құрайды.Өндіріс көп энергия жұмсалуымен ерекшеленеді(көп энергия,бу қажет),сонда да олар шикізат базаларына таяу орналасады.Қант дайындау технологиясы көптеген операциялардан тұрады.Қызылшаны зауытта топырақтан тазартып,қабығын аршиды да жұқа(0,5-1мм) етіп кеседі,кесілген қызылшаны бірнеше рет қайталап ыстық сумен жуу арқылы қанты алынады,алынған қант шырынын әк ерітіндісімен қоспалардан тазартып,күкіртті газбен түссіздендіреді,тазар-

тылған шырынды буландырады,алынған тосапты сірне мен қантқа бөледі, қантты жуып,қайтадан буға ұстағаннан кейін,ақ қант алынады.Онда әлі де қоспалар қалады,оларды толық жою үшін қантты рафинадтап қайнатады да, қалыптарға құяды,құйма қанттардың үлкен кесектерін ұсақ бөліктерге бөліп шақпақ қант жасайды.

Біздің елімізде – 8 қант зауыты бар.Олар қызылша өсіретін облыстарда орналасқан,күмшекер шығарады.Таразда шақпақ қант өндірісі бар.Бұл саладағы «бірінші скрипканы» «Қант орталығы» компаниясы ойнайды.

Қант шығару маусымдық сала болып есептеледі,өйткені қызылшаны ұзақ сақтауға болмайды.Отандық шикізат аздық етеді,барлық зауыттар жұмыла іске кіріскенде ол 20-30 күнге ғана жетеді.Қымбат бағалы құрал-жабдықтар тұрып қалмас үшін,Бразилия және басқа елдерден қант қамысы шикізатын сатып алады.Одан Қазаұстан қантының 9\10-ы алынады.

Шикізат базаларына май айыру өндірісі,яғни өсімдік майын алу бағытталып орналасады.Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін(Өскемен),мата мен мақсары өсірілетін(Шымкент) аймақтарда орналасқан.Алматы мен Ақтөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды рафинадтайды.Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген.

Жеміс-көкөніс өнеркәсібі – тез бұзылатын өнімдер – көкөніс,жеміс өндеумен айналысады.Ол толығымен дерлік Қазақстанның оңтүстігінде, әсіресе,Алматы облысында орналасқан.Бұрынғы кәсіпорындар мен қатар жаңадан салынған зауыттар,мысалы:Жаңа Алексеевка селосындағы(Алматы облысы) және Қордайдағы(Жамбыл облысы) зауыттар,олардың өнімдері – көкөніс консервілері,шырын,қызанақ пастасы.

Шикізат көзіне бағытталатын салалардың ішінде – балық өнеркәсібі ауыл шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан,ерекше сипатқа ие.Ол ірі көлдердің,су қоймалар мен өзендердің балық қорларын пайдаланады. Балық аулаудан Каспий теңізі(Жайық өзенімен бірге) алда келеді,сонымен қатар Балқаш,Алакөл көлдері және Бұқтырма су қоймасын да атауға болады.

Еліміздегі балық аулаудың негізгі ауданы – Атырау облысы(ауланған балықтың 3\5-і);ол бағалы бекіре тұқымдас балықтар түрін – бекіре,қорытпа, қызыл балық береді;саланың басты кәсіпорны – «Атырау балық» АҚ(Балықшы с.).Осы кәсіпорын ғана бекіре балықтарының уылдырығын өндейді.Балқаштағы ескі кәсіпорын Балқаш балық ЖШС(Шашубай).

Тұтыну орындарына өндірістік өндеуден өткен шикізатты пайдаланатын салалар таяу орналасады.Олардың өнімдері нашар сақталатын(торт,пирож-

ный,басқа да кондитерлік өнімдер,нан) немесе жасалған шикізатынан тасымалдануы қиын болып келеді.Мысалы:60 тонналық темір жол вагонына 55 т.ұн,ал макаронның 20 тоннасы ғана сияды.

Нан пісіру көптеген елді мекендерде бар,оның географиясы халықтың орналасуымен сәйкес келеді.Шағын наубайханалар көп,бірақ ірі қалаларда үлкен нан зауыттары да жұмыс істейді.Кондитер өндірісінің де кеңістікте таралу «бейнесі» осыған ұқсайды.Қарапайым өнімдерді қалалар мен ірі селоларда шығарады.Технологиясы күрделірек болып келетін кәмпит,әсіресе, шоколад кәмпиттерін шығару 5-6 орталықта ғана шоғырланған.Сала ғнімінің 90 пайызға жуығын 5 компания – «Рахат»(Алматы), «Баян Сұлу»(Қостанай), «Ақтөбе кондитер фабрикасы»(Ақтөбе), «Қарағанды кәмпиттері» мен «Хамле»(Қаскелең) шығарады.

Макарон өнімдерін шығаратын кәсіпорындар тұтынушыларға бағытталып орналасады.Бірақ кейде басқаша да болады.Жоғары сапалы шикізат(«макарондық») бидай өсірілетін ауданда орналасқан «Сұлтан»АҚ (Петропавл) ұн тарту макарон комбинаты еліміздегі ең таңдаулы өнім шығарады.Елдегі жалғыз Алматы шай фабрикасы Үндістан мен Шри-Ланкадан(цейлон шайы) әкелінетін шикізатты өндеумен айналысады.

Тамақ индустриясының бір қатар салалары шикізатқа да,тұтынушыға да бағытталып жұмыс істейді.Ұн тартатын өнеркәсіптер астық өндеумен айналысады.Ұнға қарағанда астықты тасымалдау жеңілірек;соған байланысты,ұн тартатын кәсіпорындар тұтыну орталықтары ірі қалаларда да, бидай өсіретін жерлерде де орналасқан.

Сүт өнеркәсібінің бастапқы сатылары(пастерленген сүт,қаймақ,кілегей, айран шығару) тұтынушыға таяу орналасады.Оның соңғы сатылары,мысалы: май шайқау(мал майы және сары май дайындау) мен ірімшік жасау көп сүт алынатын жерлерде көбірек дамыған.Еліміздің ең «сүтті» аудандары – Солтүстік пен Оңтүстік(барлық сүттің 70 пайызын береді).Бұл салалар бойынша олар өзара бірінші және екінші орындарды бөліседі.Егер Қазақстандағы негізгі «май шайқау» Оңтүстікте(әсіресе,Алматы облысы) болса, «негізгі сыр жасаушы» Солтүстік(Солтүстік Қазақстан облысы).

Ет өнеркәсібінің орналасуы екі жақты болып келеді.Ет өнімдерін даярлау(шұжық,жіңішке шұжық(сосиска),орама,сүрленген шошқа еті,т.б.) өнімді пайдаланатын орталықтарға «бекітілсе»,ал ет консервілерін(бұқты-

рылған ет) өндірісі – шикізат көзіне таяу орналасады.Бірақ,көбінесе бұл өндірістер бір кәсіпорындарға – комбинаттарға біріктіріледі.Тұрғындарды қазіргі уақытта жас етпен қалалық және ауылдық(«колхоз», «жасыл ел») базарлар қамтамасыз етеді.

Жеңіл өнеркәсіп: «киім мен аяқ киім» шеберханасы.Бұл саланың мақсаты – тұрғындарды әдемі,әр алуан,ең бастысы «тиімді – жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету.Ондай тауарлар өсімдік(мақта және жібек) және тауарлар(тері,былғары) өнімдерінен алынады.Біздің еліміз үшін бұның маңызы зор,өйткені,адамдар суық қыс пен ыстық жазда жасанды теріден гөрі мақтадан тігілген киімдер мен былғары аяқ киімдерін киюді артық көреді.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар:мақта,

жүн,табиғи былғары мол.Дегенмен,ол зкономикадағы ең бір «шешімін таппаған» сала болып есептеледі.Ел көбінесе Қазақстан шикізатынан жасалған шет елдің киімі мен аяқ киімін киеді.

Бұл сала жоспарлы зкономикада негізгілердің қатарына жатқызылған жоқ.1990 жылдардың басында оның құрал-жабдықтарының 70 пайызы 10 жыл бұрынғы ескі болатын.Экономикалық дағдарыс жылдарында ол мүлдем іс-әрекетсіз жағдайда қалған.Арзан(көбінесе сапасыз) шет елдік тауарлар «толқыны» Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін жайпап кеткен.Жұмыскер саны мен өнім өндіру 10 есе,ал аяқ киім тігу 1000 есеге қысқарған.Қазіргі кездегі елдің өнеркәсібіндегі оның «үлесі» бар болғаны 1 пайызды құрайды(1990 ж. – 15 пайыз).Кәсіпорындардың бір бөлігі үкіметтің армия мен полицияға аяқ киім мен формаға тапсырыс беруі арқасында ғана «аман қалған».

Қазіргі кезде жеңіл өнеркәсіпте «оң» өзгерістер байқалады.Бірақ,оған Қазақстан индустриясындағы алдынғы қатарлылардың бірі болуы үшін көп нәрсе жасауы керек.

Жеңіл өнеркәсіптің 13 саласы бар.Оның негізгілері – тоқыма,тігін,мақта-мата,былғары,тері илеу салары.Ол басқа салалармен және салааралық кешендермен тығыз байланысқан.

Жеңіл өнеркәсіп(кей жағдайда болмаса) – материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін,экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы.Өнеркәсіптің өнімі және өнделген шикізаты тасымалдауға қолайлы,әрі ұзақ сақталады.Бұл оның салаларының таралып орналасу «бейнесін» көрсетеді.Оның дамуы ауыр өнеркәсіпті аудандарда еңбек қорларын толығырақ пайдалануға, айтарлықтай минералдық және басқа табиғи қорлары жоқ жерлерде кәсіпорындар ашуға мүмкіндік береді.

Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала – тоқыма өнеркәсібі.Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып,ол мақта,жүн,зығыр,жібек маталары мен тоқыма өнімдерін,киіз шығарады.Оларды өсімдік(мақта,зығыр немесе жануарлар – жүн,жібек) қнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.

Мата шығару өндеудің 4 сатысынан өтеді:Бірінші сатысы – металлургиядағы кен байыту сияқты,мақтаны,жүнді өндеу болып табылады.Ол мақта тазалайтын зауыттар мен жүн жуатын фабрикаларда атқарылады.Мақтаны дәнінен,қорапшасының қалдықтарынан,жапырағынан, сабағынан,ал жүнді кір мен майдан,басқа да лас заттардан тазартады. Тазаланған талшықтардан қатаң мата тоқылатын жіп иіріледі.Алынған қатаң матаны бояп,бетіне өрнек салады(әрлеу).

1т.жуылған жүн алу үшін 2т.жуылмаған жүн,ал 1т.мақта талшығын алу үшін 3т-дан астам мақта шикізаты қажет.Сондықтан,бастапқы өңдеу кәсіпорындары шикізат көздеріне жақын орналастырылады.

Әрбір келесі сатыны жекелеген жіп иіру,тоқыма немесе әрлеу фабрикаларында атқаруға болады.Бірақ,ол көлік шығынын көбейтіп,дайын өнімнің бағасын қымбаттатып жібереді.Мақта-мата өндірісінің негізгі сатыларын бір комбинатта жинақтау тиімдірек болады.

Мақта-мата өнеркәсіптері – Оңтүстікте шоғырланған.Барлық мақта тазалау зауыттары(олар 30-дай) Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Жіпті Алматы мен Шымкентте иіреді.Матаны ең көп шығаратын – «Мата тоқу компаниясы»АҚ(бұрынғы Алматы мақта-мата комбинаты),ол негізінен қатаң мата түрін шығаруға маманданған.Мақта кешені(кластер)Оңтүстік Қазақстан облысында құрылуда.Кластер орталығы Шымкент қаласында жіп иіру фабрикалары салынып,төсек-орын,түкті джинси маталарын шығаратын тоқыма өндірісі қайта жасақталған.

Жүн өнеркәсібі мардымсыз дамыған.Жүнді бастапқы өндеу фабрикалары Оңтүстікте(Таразда,Шымкентте,Алматыда) және Шығыста(Семейде),ал мата тоқитын фабрикалар Фабричный кентінде(Алматы маңында),Қостанай мен Семейде орналасқан.Өскеменде жасанды талшықтардан мата тоқылады. Тоқыма өнеркәсібінде Алматы ерекше орын алады.

Былғары,аяқ киім және тері өндеу - өндеу өнеркәсіптері бір-бірімен тығыз байланысты.Тері өндеу(табиғи былғары алу) шикізат көзіне,су мен электр энергиясына жақын орналасады.Еліміздегі тері өндеу өнеркәсібінің 4 негізгі орталығы – Петропавл,Тараз,Рудный мен Семейдегі зауыттар. Қостанайда,Алматыда,Таразда,Ақтауда аяқ киім фабрикалары жұмыс істейді.

Семейдің «Тері-былғары» комбинаты елімізде қой терісін өндеу арқылы өнім шығаратын(тон,ішек,бас киім)ірі кәсіпорын болса,Шымкенттегі «Қазақиталқаракөл» - қаракөл терісін өндейтін бірден-бір кәсіпорын болып табылады.

Киізден жасалатын аяқ киімнің(пима) 70 пайызы Қостанай облысында шығарылады.

Жеңіл өнеркәсіптің «кез келген жерде» орналаса беретін саласы – тігін өнеркәсібі.Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады.Өнімнің негізгі бөлігін шағын тігін шеберханалары шығарады.Бірақ,Шымкенттегі «Восход» сияқты ірі фабрикалар да бар.

АӨК-нің аумақтық орналасуы. АӨК географиясы табиғи,еңбек және экономикалық факторлары арқылы қалыптасады.Табиғи жағдайлар әр ауданның ауыл шаруашылық мамандануын анықтайды.Ол өз кезегінде ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен тамақ өнеркәсібіне әсерін тигізеді. Ауыл шаруашылық мамандануы еңбек қорларына байланысты.Олар тығыз орналасқан жерлерде еңбекті көп қажет ететін,ал аз қоныстанған жерлерде көп жұмыс күшін қажет етпейтін салаларды орналастыруға болады.АӨК жұмысында халықтың тарихи қалыптасқан дағдысы да үлкен рөл атқарады.

Ауыл шаруашылығы жеңіл және тамақ өнеркәсібімен тығыз байланысты,ал оның өнімін негізгі тұтынушылар – қалалар.Сондықтан,АӨК орналасуының негізгі ұстанымы – шикізат өндіріп,оны өндейтін және дайын өнімді тұтынатын аудандарды жақындастыру.

Елдің әр бөліктерінің табиғи және экономикалық жағдайлары әр түрлі маманданған АӨК-ң пайда болуына ықпал етеді(астық,мал шаруашылығы, мақта шаруашылығы,қой шаруашылығы және т.б.):ең бастысы – олар табиғи зоналармен сәйкес келеді.Бірақ,бұл сәйкестік үнемі толық емес.

Тарихқа көз жүгіртсек:Алматы кондитер фабрикасы «Рахат»АҚ 1942 жылы Мәскеу мен Харьковтан(Украина) эвакуациялық жолмен көшіріліп әкелінген құрао-жабдықтар негізінде жұмыс істей бастаған.Қарағанды фабрикасы 1941 жылы Астрахань қаласынан көшіріліп әкелінген цехтардан құрылады,ал «Баян сұлу»(Қостанай) және Ақтөбе фабрикалары 1970-1980ж. салынған.Олардың әрқайсысы жылына 25-35 мың тонна тәтті өнім шығарған.

Еліміздің кондитер өнеркәсібіндегі алғашқы шет елдік компания – «Хамле» ЖШС(түрік және ағылшын фирмалары құрған). «Хамле»өзінің зауытын 1996жылы Алматы жанындағы Қаскелең қаласында бастап салды.Зауыт 80-нен астам әр түрлі өнім шығарады,олар – печенье,вафли,бисквит орамалары,шоколад өнімдері,сағыз,т.б.Өнімдерінің 30 пайызы – Ресейге,Белоруссияға,Қырғызстан,Украинаға шығарылады.

Қазақстанның сүт өнеркәсібіндегі ірі кәсіпорындардың бірі – Қостанайдағы «Космис» зауыты,әлемде ұзақ мерзімге сақтауға болатын өнім ретінде белгілі «Нестле» және «Мис» сауда белгілерімен шығарылатын ультарпастерленген сүт өндіруге маманданған.Зауытта «Тетра Пак» швед компаниясының жабдықтары орнатылған. «Космис» Қазақстанның сүтке қажеттілігінің 30 пайызын өтей отырып, жылына 6000 тоннадан астам сүт сатады.Зауыт Қазақстан шикізатымен жұмыс істейді,елдің солтүстік-батысы мен Ресейдің шекаралас облыстарын сүтпен қамтамасыз етеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында мақта кластерін құру – республика жеңіл өнеркәсібіндегі ең ірі жоба.Мұнда «Қазақ-орыс текстилі», «Ютекс», «Меланж» фабрикалары қарқынды жұмыс істейді.

ІІ.Негізгі бөлім:

2.1.Ауыл шаруашылық мәселесін жан-жақты зерттеп,талдап,оны шеше білу үшін аграрлық ғылымның іргетасы өзінше мықты қалыптасуы керек.Сапалы аграрлық білім,білікті агроном даярлау сұрағы біз үшін сырттан келген мәселе емес.Тәжірибе көрсетіп отырғандай,аграрлық ғылым саласында жүргізіліп жатқан зерттеулердің инновациялық деңгейінің төмендігін,ғылы-

ми зерттеулердің өндіріс мұқтаждығына сәйкестендірілмеуін,инновацияны коммерциялауға бағытталған механизмдердің жоқтығын атап өткен жөн.Әлемдік қауымдастықтың елімізді нарықтық мемлекет деп мойындауына қарамастан,қазіргі күнге дейін ғылыми өнім нарығы жоқ. Аграрлық ғылымның дамуына тәжірибелік базаның жоқтығы,ғалымдардың тәжірибелері мен сынақтарын өткізетін арнайы зертханалар мен технопарктер желісінің жоқтығы да кері әсерін тигізеді.

Жағдайды өзгерту мақсатында Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген бағыттарды ескере отырып,экономиканың аграрлық саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру,аграрлық ғылыми

мекемелер жұмысын басқару және қаржыландыру істерін үйлестіру, ғалымдардың жалақысын көтеріп,өзінің ғылыми идеяларын таратуға, зерттеулерінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға ынталандыру мәселелері жан-жақты ойластырылуы қажет.Білім,ғылым және өндірісті интеграциялау жұмыстары да жетілдіру жетілдіру керектігін айғақтайды. Интеграция демекші,Қазақстан мүше ретінде Халықаралық аграрлық білім академиясы (ХАБА) қызмет етеді.Академия қызметі ауыл шаруашылық білімі туралы ғылымды дамытуға бағытталған.Мұнда Ресей Федерациясы,Польша,Германия,Грузия,Белорусь Республикалары етене ынтымақтасады.Негізгі міндеттерінің бірі ХХІ ғасырдағы агроөнеркәсіп кешені үшін кадрларды даярлау мен қайта даярлау мәселесін талдау, сараптау және болжау.Сондай-ақ,аграрлық білімді дамыту стратегиясын жүзеге асыру,жасақтау,халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын дамыта түсу.

Соңғы технологияларды енгізу және жасақтау,оның ішінде шетелдік технологиялар қазақстандық өнімдердің әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етеді.Мұндай технологияларды енгізу – сөзсіз,бірақ, сұрақтарды да туғызады.Ауыл шаруашылық өнімдерін шығару,сақтау,қайта өндеу,жеткізу және өткізу – бұл үдерістердің көпщілігі халықаралық стандартқа сай жаңа технологиялардың жүргізілгенін талап етеді.

ЖаҺандану үрдісі ауыл шаруашылығын да айналып өтпеді.Қазіргі мақсат – «Made in Kazahstan” маркасымен сапалы әрі бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқы нарыққа шығару.Дегенмен,бірқатар мәселелердің де бар екені жасырын емес.Бүгінде Бүкілдүниежүзілік банкінің бағалауы бойынша,Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі Шығыс Еуропа елдерімен салыстырғанда – 5 есе төмен.

Бүгінгі таңда Аргентина аграрлық технологиялар Ұлттық институты әзірлеген Қазақстанның ауыл шаруашылық кешенін тиімді дамыту жөніндегі бағдарлама жүзеге асырылуда.Дәл осы Аргентина ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттау мен осы саланы дамыту бойынша ғылыми-техникалық агроөнеркәсіп кешенінің жан-жақты жасақталуына қол жеткізген. Мемлекеттің бұл саладағы технологиялық саясатын жүзеге асыруда мұндай құралдар қажеттілігі орасан.

Ал қазір Қазақстанда «Нөлдік технология» деген тәжірибе жүзеге асуда. Бұл жаңа технология техниканың қолданысы мен шығынды азайтып,өнімді арттырады.Соңғы жылдары астық та көптеп игерілуі осының нәтижесі дейді мамандар.

Соңғы жылдары қазіргі заманғы технологияларды қолданудың арқасында дәнді-дақылдарды жинау күрт артқан.2004 жылдан бастап егінді міндетті сақтандыруды енгізу фермерлерге құрғақшылық жылдарының өзінде кепілді кіріс алуына мүмкіндік берген.Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығындағы тауар айналымының төрт есеге жуық жалпы өсіміне оң ықпал етсе,ол 4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінен асып түсті.

Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуын,оның салалары өнімділігінің өсуі мен кірістілігі негізінде қамтамасыз ету,отандық

өнімнің бәсекелік артықшылығын дамыту көзделіп отыр.Бұл тұрғыда мемлекет өз алдына бірқатар міндеттерді анықтап та үлгерді.Мәселен,агро-

өнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру,аграрлық өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз ету және оның инфрақұрылымын дамыту,қазақстандық тауарлардың экспорттық нарықтаға жылжуы үшін негізгі бағыттарды анықтау,агроөнеркәсіптік кешен саласындағы нақты «серпінді» жобаларды іске асыру,қазіргі заманғы прогрессивтік энергия,ылғал және ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу негізінде техникалық және технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз ету,аграрлық ғылым мен инновациялардың рөлін арттыру және т.б.Сондықтан,осы міндеттерді және жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыстарды тиянақты атқару үшін аграрлық білім мен аграрлық ғылым мәселесі сыртта қалмау керек дегенді көрсетеді.

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылық саласында қызмет ететін бірталай маман біліктілігін арттыруға зәру болып отыр.Мәселен,Бельгия,Германия,Израиль, Қытай,Канада,Мексика,Нидерланды,АҚШ,Жапония елдерінде көптеген бағыттарда тәжірибе алмасып,біліктілік арттыруға болады екен.Нақтырақ тоқталсақ,Израильда өсімдік шаруашылығы бойынша,Сирияда мал шаруашылығы бойынша,Өзбекстанда мақта шаруашылығы бойынша игерілетін тұстар көп.Сапалы әрі білікті кадр жеңістің 50 пайызы демекші, енді Қазақстан осы салаға аса үлкен назар аударуда.

Жалпы ауыл шаруашылық кешенінің бәсекеге қабілеттілігі көліктік, қызмет көрсету және ақпараттық инфрақұрылыммен айқындалады.Жан-жақты мағлұмат беруде,жаңа технологияларды игеруде мықты мамандар өте қажет.Ауыл шаруашылық мәселелерін түбегейлі зерттеп,экономикалық тұжырым жасап,нақты пікірлерін жеткізетін үздік экономист-ғалымдар керек.Сондықтан,бұл саладағы мықты мамандар тапшылығы өз шешімін күтуде.Агрономия,зоотехника,балық;аң шаруашылығы және агроинженерия, топырақтану және агрохимия,су ресурстары және суды қолдану, орман шаруашылығы ісі жәнет.б.мамандықтар бүгінде басымдылыққа ие.Ендігі кезекте білікті мамандар даярлап шығару қолға алынуда.

Бірінші кезекте бізге ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған Голландия, Норвегия,Канада,АҚШ,Германия,Австралия сияқты елдермен тәжірибе алмасуды кеңейте түсу қажет.

Аграрлық сектордың дамуы тек жаңа технологиялардың енгізілуіне ғана емес,бұл сол технологияны игере алатын білікті мамандарға да байланысты. Сондықтан,бұл бағытта дәріс оқитын ұстаздар жоғары кәсіби шеберлікпен қатар,осы салада белгілі тәжірибе жинақтауы тиіс.Мысалға:Еуропа елдерінде аграрлық оқу орындарындағы ұстаздар қауымы жеке аграрлық,фермерлік шаруашылық иеленеді немесе осы салада белгілі тәжірибе жинақтаған мамандар.Сонымен қатар қазіргі аграрлық сектор басқа да салалар сияқты үнемі дамып отыруы қажет.Бұл секторда қызмет ететін жұмысшылардың біліктілігін арттыру бойынша экотуризм,фермерлік шаруашылыққа көптеп назар аударылуы керек.

2.2. Ел экономикасын әртараптандыру мақсатында агроөнеркәсіп кеше-

нін өркендетудің негізгі үш бағыты көрсетілген:Біріншіден;бұл салада еңбек өнімділігін арттыру өшін ауылшаруашылық өнімдерін өндеуді күрт арттырып,жаңа технологиялар мен дүние жүзі жетістіктерін өндіріске ендіру қажет.Екіншіден;еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын өнімдердің 2014 жылы 80 пайызы өзімізде өндірілуі қажет. Үшіншіден;олардың экспорттық мүмкіндігін арттыру.Осы мақсаттарды іске асыру нәтижесінде бірнеше түйіткілдер бірден шешілмек. Ең бастылары – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономиканы әртараптандыру.Кеден одағы жағдайында бәсекеге төтеп бере алатындай, нарықтық экономиканың талабына сай өнім өндіру ауылшаруашылық өндірісінің алдындағы басты міндет болып отыр.Бұл орайда Үкімет орасан зор қолдау көрсетуде.Егер 2002 жылы ауыл шаруашылығы саласына жұмсалған инвестиция – 17,3млрд.теңге болса,2007 жылы оның мөлшері – 55,9млрд.2009 жылы - 96,3млрд.теңге болды,ал 2010 жылы одан да асып түскен.

Мал өнімдерінің ішінде адамзаттың күнделікті тұрмысы үшін ең қажеттісі – ет пен сүт.Біріншісімен еліміз толық қамтамасыз етіп,тіптен алыс жақын шетелдерге шығаруға мүмкіндік бар.

Алматы қаласы тұрғындарын шұбатпен қамтамасыз етуде Алматы облысының ірі түйе шаруашылықтары және жеке қожалықтармен қатар, шалғайда жатқан Қызылорда облысы да біраз үлес қосады екен.Шұбат сусын керек болса сусын,тағам керек болса тағам;құрамында адам ағзасына қажет амин қышқылдары мен минералды заттар көп.Оны кептіріп,түйіршіктелген ұнтақтарын бірнеше ауруларға ем болатын дәрі-дәрмек ретінде шетелдерге шығарса,оның 1тоннасы мыңдаған тонна мұнайдың құнына пара-пар болатыны да айтылып жүр.

Жылқы малына ауылдық жерде көп көңіл бөлінуде.Оның еті мен қазы-қартасы мен қымызы емдік қасиеті жоғары,сіңімді,диеталық тұрғыдан аса тиімді ұлттық тағамдар екені белгілі.Осындай ұлттық тағамдарды ,барлық санитарлық-гигиеналық талаптарға сай өндіріп,әшекейленген ыдыстарға құйып,ағылып келіп жатқан туристерге ұсынсақ,шетелдерге,әсіресе,мұндай тағамдарға сұраныс бар араб елдеріне шығарсақ,ауыл тұрғындарына бұл да үлкен табыс көзі болар еді және экономикамыздың алға басуына мол септігін тигізер еді.

Сүт өнімдерімен еліміздің сұранысын қамтамасыз ету бағытында соңғы жылдары біраз оң өзгерістер байқалуда.Мысалы:осыдан үш жыл бұрын Канададан сиырдың «Голштинофриз» тұқымының 760 тайыншалары Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы «Зенченко и К» шаруашылығына әкелініп,олар голланд технологиясы бойынша бағылуда. Күніне бір сауын сиыр 38-45 литрге дейін,ал жылына 600-800 литр сүт береді екен.Осындай ірі мамандандырылған шаруашылықтың бірі Астанаға жақын орналасқан И.В.Сауэр басқаратын «Родина» ЖШС.Әрине,сонау Канададан ұшақпен асыл тұқымды сиыр әкеліп,оны голланд технологиясымен күтіп-баптау кез келген жеке шаруаның қолынан келе бермейді.Сондықтан осы мал тұқымын әрі қарай өзімізде көбейту қажет. Қуанатын бір жағдай,сүт беретін

қараала сиыр тұқымының 300 басы Ақмола облысынан Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы «Гамбург» ЖШС-ге әкелініпті,олар 2-3 есе жоғары сүт береді деп күтілуде.Осы шаруашылықтың сүт фермасында жергілікті «Әулиеата» тұқымы да бар екен,бұзауымен жалпы саны 940 басқа жетіпті.Бұл өндірілетін өнімнің сапасын көтеріп,өзіндік құнын төмендетудің, бәсекеге қабілетті болуының басты кепілі.

Табиғаты әр алуан республика аумағында субтропикалық жемістерден басқа күнделікті қажет ететін жеміс-жидек пен бау-бақша,көкөніс және картоп дақылдары жақсы өседі.Олардың өнімін барлық тұрғындарды,әсіресе, Астана,Алматы,Қарағанды сияқты ірі қалалардың сұранысын толық қамтамасыз етуге болады.Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының ауа райы өте қолайлы,жеміс және көкөніс дақылдарынан көп шығын жұмсамай,жоғары өнім алуға болады.Бұл халық тығыз орналасқан осы өңірдің тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп және өнімнің өзіндік құнын төмен деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

Елдің ұлттық қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі - өндірілетін астық.Дамыған елдерде жан басына шаққандағы оның мөлшері 1тоннаға жуық.Қазақстанда 2007 жылы бұл көрсеткіш 1058 кило болып,астықты экспортқа шығару мүмкіндігі бойынша республика 7-орынға шыққан.2008 жылы ұн экспорттау 2000 жылмен салыстырғанда 20,4 есе ұлғайып,сатылған өнімнің құны 849 млн.долларды құрап,дүние жүзі бойынша еліміз бірінші орынға шыққан.Астық өнімдеріне деген сұраныс дүние жүзі бойынша арта бермек.2009 жылы Астанада өткен халықаралық конференцияда АҚШ ғалымы Раттан Лал ХХІ ғасырдың басында ауыл шаруашылығы үлкен тұйыққа тіреліп отырғанын,оның басты себебі жер шарындағы халық саны 6,7млрд-тан 2050 жылдары 9,2 миллиардқа жететінін,осыған байланысты астық өндіруді екі есеге арттыру қажеттігіне тоқталған еді.Ескеретін жағдай егіс көлемін арттыра беру мүмкін емес,керісінше,жан басына шаққанда оның көлемі төмендей бермек.Көптеген аймақтарда су тапшылығынан суармалы жерлер біртіндеп қысқаруда.Сондықтан да өндірілетін өнімді көбейтудің сара жолы егістік алқаптарды тиімді пайдаланатын агротехнологияларды жетілдіріп,оларды кеңінен өндіріске ендіру.

А.Н.Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒЗИ-ның көпжылдық зерттеулері минимальды және нөлдік технологияларды қолданғанда танапта жинақталатын өсімдік қалдықтары топырақтағы қара шірінді қорын толықтырып,оның құрамын қалпына келтіруде үлкен рөл атқаратынын және көміртегінің табиғаттағы айналымына оң әсер ететінін көрсеткен.Ауыспалы егіс танаптарында топырақты күзде қопсытуды 3-4 жылда бір рет қана қайталап тұруға болады,сонда жанар-жағармайға кететін шығын да азаяды екен.

Академик М.Сүлейменов атмосферада көміртегі мөлшерінің үздіксіз артуы,осының салдарынан ауа температурасы көтеріліп,экологиялық зардаптарды ушықтыруы – егін шаруашылығына тікелей байланысты екендігін айтқан.Ғалымның пікірінше,ресурс үнемдейтін технология тиімді болу үшін міндетті түрде дақылдардың алмасуы,мүмкіндігінше өсімдік қал-

дықтары көбірек сақталынып,топырақ өнделмеуі немесе сирек өнделуі қажет.

Нарықтық экономика жағдайында өндірілетін және экспортқа шығарылатын ауыл шаруашылық өнімдерінің мөлшері мен құны оған сұранысқа тікелей байланысты келеді.Соңғы жылдары бидай өніміне сұраныс артып,баға біраз шарықтаған.Бағаның құлдырауына болса,өнім сапасының төмендігі,сақтай-

тын қоймасының болмауы және экспорттық мүмкіндігінің шектеулігі сияқты факторлар әсер етеді.

Осыған орай егін шаруашылығын әртараптандырудың маңызы зор.А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ-ның көпжылдық тәжірибелеріне қарағанда:республиканың солтүстік аймағында егін шаруашылығын әртараптандыру үшін бұршақ пен ноқат,күнбағыс пен зығыр, сұлы мен арпа дақылдарына көп көңіл бөлу қажет.Республиканың оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде жүргізген зерттеу топырақты бірнеше жыл жыртпай,күздік бидайды және басқа дақылдарды тұрақты жалдап егу арқылы оның құнарлығын сақтап,жер мен су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік болатынын көрсеткен.Негізгі дақыл жинақталғаннан кейін оған қарақұмық,рапс,жүгері,бұршақ дақылдарын егіп,екінше өнім алуға болатындығы дәлелденген.

Соңғы жылдары елімізде құс өсіретін ірі кешендер қайтадан жанданып,құрама жем дайындау үшін жүгері дәніне сұраныс артуда.Оларға құрама жем дайындау үшін 2006-2010 жылдары Ресей мен Украина және алыс шетелден 15-20 мың тонна жүгері дәні тасымалданды.Осыған байланысты Алматы және Жамбыл облысының суармалы жерлерінде жүгерінің үлесі артуда.Күздік бидайға қарағанда бұл дақылдардың түсімділігі 2 еседей жоғары,сондықтан экономикалық тұрғыдан да тиімді.

Қорыта келгенде,егін шаруашылығын әртараптандыруда шаруа қожалықтары негізгі өнімге бағаның күрт ауытқуынан қорғауды қамтамасыз ететін шара ретінде де қарастырған жөн.Сонымен қатар,бұл егін шаруашылығын ғылыми негізде жүргізудің сара жолы.

2.3.Кез келген республиканың ауыл шаруашылық секторы қашанда табиғи-климаттық факторға тәуелді.Сондықтан да кез келген мемлекет ауыл шаруашылық саланы белгілі бір мөлшер мен шектерде реттейді,ал реттеудің өзі мемлекеттік қолдау түрінде жүзеге асады.Агроөнеркәсіптік кешен Қазақстан Республикасы халық шаруашылығының ірі саласы,бүгінде ауылды жерлерде республика халқының 47 пайызы тұратындықтан елдегі экономикалық және әлеуметтік жағдай көбінесе осы саладағы ахуалға қатысты болап келеді.

Мемлекеттік реттеу нарықтық экономика жағдайында өз табиғатында болу үшін оның нақты теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау керек. Нарықтық экономика шарттары тұрғысынан қарастыратын болсақ,экономи-

каны мемлекеттік реттеудің өзіндік айқын қажеттіліктері байқалады.Олар,өз кезегінде төмендегідей нарықтық кемшіліктері арқылы көрінеді:

1.Нарық банкроттықтан сақтандыра алмайды;

2.Нарық көптеген кәсіпорындардың,жер иеленушілердің,сатушылардың қызметін үйлестіре алмайды,оның үйлестіруші қызметін мемлекет өзіне қал-

дырады;

3.Нарық әрқашан монополиялануға ұмтылады;

4.Нарықтық механизм сыртқы әсерлер деп аталатын мәселелерді шеше алмайды.

Агроөнеркәсіптік кешеннің сұраныс пен ұсыныстың төмен бағалық икемділігі жағдайында мемлекеттік қолдаусыз өзіндік реттеудің нарықтық механизмдері арқылы ғана тұрақты дамуға қол жеткізуі мүмкін емес.

Отандық ғалым – А.Кайгородцев агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеуді «ауыл шаруашылығы өнімін және шикізат пен азық-түлікті өндіру,өндеу мен өткізуге мемлекеттік экономикалық,әкімшілік және заңнамалық әсер ету жүйесі деп түсіну керек» деген пікір айтқан.

Мемлекеттің реттеуі мен қолдауынсыз аграрлық сектордың дамуы мүмкін емес.Осы орайда академик Я.Ә.Әубәкіров: «...мемлекет әсері ауыл шаруашылығының барлық секторларының әлеуметтік бағытта болуын,халықты еңбекпен қамтамасыз етуді,ауыл шаруашылығы салаларына жоғары технологияны енгізуді,халықаралық еңбек бөлінісінде,отандық ауыл шаруашылығы өндірісінің енуін қамтамасыз етеді» - деп санайды.

Қоғамдық мүдде тұрғысынан зкономиканың аса маңызды секторы – ауыл шаруашылығы кешенінің дамуын мемлекеттік реттеудің әр түрлі әдістерін – инвестиция,салықтар,несиелер және әр түрлі жеңілдіктерді пайдалану арқылы қамтамасыз ете аламыз.АӨК-нің қосалқы салаларының,әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымының дамуы үшін салықтық жеңілдіктер берудің маңызы үлкен.

Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің нарықтық жағдайлары келесідей:

А) сыртқы және ішкі экономикалық қатынастарда аграрлық саладағы белгілі бір жеңілдіктерді белгілеуді жоспарлау;

Ә) елдің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау,өйткені елдің экономикалық қуатының бір атрибуты оның азық-түлік қауіпсіздігі болып табылады;

Б) импортты шектеу және экспортты қолдау,демек,мемлекет сырттан келетін импорт ағындарын бақылау керек және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өз тауарларын сыртқа шығаруға жәрдемдесуі қажет;

В)бұл ең бастысы,яғни аграрлық секторды тұтас экономиканың маңызды салаларының бірі ретінде дамыту.

АӨК-нің басымды дамуы аграрлық сектордың экономиканың маңызды салаларының бірі ретінде халықты азық-түлікпен,ал өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етуінде жатыр.Мұнда әрбір адамның және тұтас мемлекеттің мүдделері тоғысып жатыр.

Аграрлық секторды мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру үшін ел экономикасының осы саладағы мемлекеттік реттеуші органдардың құзіреттілігі мен құрылымын тұрақты жетілдіріп отыруы қажет.Сонымен,аграрлық секторды мемлекеттік қолдаудың келесідей бағыттарын ұсынуға болады:

1.Шаруа-фермерлерге,әсіресе,жұмысын жаңа бастаған фермерлерге қаржылық қолдау көрсету;

2.Табиғи-климаттық жағдайы қолайсыз аудандарда аграрлық сектордың дамуы үшін қаржылық қолдау көрсету;

3.Аграрлық секторды көтеру үшін облыстарға субвенция бөлудің құқықтық негіздерін қарастыру;

4.Аграрлық секторда жеңілдікті салық салудың арнайы режимін анықтау.

Қазіргі жаһандық қаржылық дағдарыс кезінде экономикаға мемлекеттің әсері тіпті күшейе түсуде.Алайда,аграрлық саладағы мемлекеттік саясат бұдан бұрын да күшті болған.АӨК өз дамуында әрқашан да мемлекеттің қатысуын талап етеді.Халқының жартысына жуығы ауылды жерде тұратын және олардың көпшілігі ауыл шаруашылығында қызмет ететін Қазақстан үшін саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды экономикалық және құқықтық реттеу мемлекет саясатының басым бағыты болып қала бермек.

2.4.Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндіру секторлары арқылы экономика қарқынды дамып,нарықты сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдермен толтыруда.Халық санының артуымен байланысты оған деген қажеттілік те тұрақты артуда.Соңғы жарты ғасырда азық-түлік қажеттілігі төрт есеге артқан.

Соңғы жылдары аграрлық салада мақсатты бағытталған әрекеттердің арқасында,инвестициялар көлемі артып,кәсіпорындардың модернизациясы мәселесінде сапалы өзгерістер жасалған.Жедел қарқынмен бұрынғы өндірістер қалпына келтіріліп,сұранысқа ие тауарлар шығарылуда.Бұл өз кезегінде сыртқы сауда динамикасына,экспорттың артуымен оның ассортиментінің кеңейтілуіне әсерін тигізуде.Бұның барлығы жоғары бәсекелестік жағдайда орын алып отыр.

Жаһандану жағдайындағы әлемдік сауда халықаралық еңбек бөлінісінің құрылымын өзгертуде,аймақтардың мамандануын,көптеген елдердің,оның ішінде Қазақстанның да сыртқы саудаға бағытталған аграрлық саясатының дамуына ықпал жасайды.Нағыз бәсекелестік жаңа тенденциялардың терең зерттелуін,белгілі уақыт аралығында қауіптерге ұтқыр жауап қайтаруды талап етіп отыр.Заманауи әлемде кез-келген елдің экономикасы тек тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарығымен өзара байланыста ғана тиімді дами алады.Қазақстан қазіргі таңда аграрлық тауарлардың саудасына қарқынды қатысып,әлемнің барлық континенттеріндегі елдер үшін тартымды болып отыр.Сонымен қатар,Қазақстан БҰҰ-ның түйе сүтінің нарықтық әлеуетін арттыруға бағытталған,құны 10 млрд.долларға бағаланатын жобасына тікелей қатысуы қажет,ол Монғолиядан бастап Эфиопияға дейінгі территорияны қамтиды.Қазіргі уақытта еліміздің ауыл шаруашылығы саласында жүргізіліп отырған саясат нәтижесінде әрбір аймақтың өз алдына жеке экономикалық шешімдерді қабылдауы артып келеді және әрқайсысы өз аймақтарын азық-түлікпен және ауыл шаруашылық шикізаттарымен қамтамасыз етуге тырысуда.

2010 жылдың қаңтарынан жұмысын бастаған Қазақстанның,Ресейдің және Белоруссияның Кедендік Одағына еліміз үлкен үміт артып отыр.Өйткені,еліміздің ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттау мүмкіндіктері артады деп болжам жасалуда.Ет өнімдерін экспорттау бойын-

ша Ресей нарығына шығу мүмкіндігін жіберіп алмау қажет.Сондай-ақ,жоғары кедендік салықтың есебінен импорттың үлесі төмендейді деп күтіліп отыр.Шетел(әсіресе,Қытай) тауарларымен толыққан ішкі нарықта өз тауарларымыздың орын алуына жағдай орнайды.Бірақ,бұл мүмкіндік уақытша екендігін ұмытпаған жөн.Сондықтан да біздің тауар өндірушілер осы кезеңді тиімді паудалануға тырысулары қажет.

Жалпы,ауылшаруашылығының және тамақ өнеркәсібінің экспорты негізінен бидай мен ұн арқылы көрсетіледі.Соңғы он жыл көлемінде агобизнестің шешілмеген мәселелерінің артуына байланысты – қант,өсімдік майы,тауық еті,көкөніс және жемістердің импорты артып келеді.Мысалы: Өзбекстаннан шырын мен өсімдік майы;Қырғызстаннан сүт өнімдері,қант, өнделген тамақ өнімдері;Тәжікстаннан жеміс пен көкөністің импорты артып отыр.Біз білеміз азық-түлік импортының қауіпсіз деңгейі тұтыну деңгейінің – 17 пайызынан аспауы қажет,2008 жылы ауылшаруашылығында экспорт импорттан артып,еліміз «оң сальдоға» ие болған.

Британия ғалымдарының пайымдауынша,Украина,Польша және Аргентина елдері сияқты Қазақстан әлеуеті жақын болашақта әлемдік азық-түлік дағдарысы мәселесін шеше алатын басты мемлекеттердің бірі болады. Егер біз жаһандану мүмкіндіктерін пайдаланғымыз келсе,жоғары сапалы өнім өндіруге ұмтылуымыз қажет.Соңғы уақытта әлемдік нарықта ұннан және дәнді-дақылдардан жасалған дайын өнімдерге сұраныс өсіп отыр.Осы нарықтарды зерттеу арқылы және өз өнімдерінің сапасын халықаралық стандартқа сәйкестендіру арқылы Қазақстан сыртқы рынокта өз орнын нақты бекіте алады.

Сонымен,Қазақстанның ауылшаруашылық тауарлары бойынша экспорттық әлеуетін көтеруге мемлекет тарапынан қолдау қажет.Сондай-ақ, еліміздің аграрлық ғылымына мақсатты бағытталған мемлекет және корпаративті құрылымдар тарапынан қолдау көрсетілсе,АӨК дамуын жеделдетуге,импортқа тәуелділікті төмендетуге,экспорттың кеңеюіне,жоғары білімді мамандарды дайындауға қол жеткізуге болады.

2.5.Әр саланың өзіндік ерекшелігі мен технологиясы бар.Соған сәйкес кейінгі 3-4 жылда мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп,дотация беріліп жатыр.Элиталық тұқым шаруашылықтарына да қаржы бөлінді.Бірақ бізге осы көмектің әлі де көбейіп,үкімет қолдауының бүгінгіден де артқаны керек.Мал шаруашылығы саласында сапаны жақсарту үшін – асыл тұқымды мал басын көбейтудің бірден-бір жолы – мол өнім беретін бұқаларды дұрыс пайдалану.Малды қолдан ұрықтандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлген дұрыс.Қазір республика бойынша ірі қараның 30-ақ пайызы қолдан ұрықтандырылады.Қалған 70 пайызы әлсіз,тексіз малдармен ұрықтандыры-

лып,жылдан-жылға одан алатын нәсіл де нашарлап барады.Соған сәйкес одан алатын өнім де аз болады.Мысалы.Қазақстан бойынша бір сиырдан жылына екі жарым мың литрге жетер жетпес сүт алынады.Ал Ресейдің өзінде орта есеппен бір сиырдан 5-6 мың литр сүт алынса,Канада мен Израильде 15-20 мыңдай сүт алынады.Қандай мүмкіндікті пайдаланбай отырмыз – асыл тұқымды малды көбейтіп,оның жем-шөбін дұрыстауымыз керек.

«Эмбрион» тәсілімен малды жалпылама көбейтуге болмайды.Бұл – тек тұқымы асыл малдың жатырында дамып келе жатқан ұрықты қарапайым сиырдың жатырына енгізіп,сол арқылы төл алу амалы.Мұндай тәсілді жалпы қолдана алмаймыз.Тұқымы жақсы бұқаның ұрығымен қашырылған сүтті сиырдың бойына бірнеше эмбрион бітуі мүмкін.Сондай кезде ғана оның біреуін жатырда қалдырып,қалғанын бір-біреуден басқа сиырға енгізуге болады. Эмбрио деген – ұрықтанған деген сөз.Тегі жақсы малдан ұрықтанған болашақ төлдің тегі де жақсы болады.Ал жатырына енгізілген сиыр,яғни өгей шешесі тұқымы асыл сиырдың эмбрионын бойында жетілдіріп туады.Төлдің тегіне өгей шешесінің ешқандай қатысы болмайды.Тек соның жатырында жатып жетіледі.Мұның сыры осында.Ірі қарадан басқа мал бұл тәсілмен ұрықтандырыла бермейді.

Бізге шетелден әкелінетін еттің сапасы өзіміздікіндей жақсы емес.Себебі, олардың малы қолда бағылады.Әсіресе,Еуропада солай.Біздің малдардың көбі жайылымға шығады.Демек,бәсекелесуге болады.Әсіресе,біздің жылқының еті тапытрмайтын дүние.Қазақтың жылқысының етіндей ет еш жерде жоқ.Қазақтың қазы-қартасын шетелдік қонақтар тамсанып жейді,ауыздарынан дәмі кетпейтінін айтады.Жылқы – көп ауырмайтын мал, басқа малға жұғатын аура жылқыға жоламайды,ол да оның биологиялық ерекшелігі.тек маңқа деген ауруынан басқа,ауруы жоқ;себебі,жылқы көбіне далада,таза ауада жүреді.Жылқының ең басты қасиеті – шалшық суды ішпейді,тәбеті тартпаған шөпті жемейді.Өте киелі мал.Сондықтан жылқыны бордақылайтын орталықтар ашылып,экспортқа шығарсақ,экономикамыздың алға басуының алғы шарттары болмақ.

Жылқыны ауыл арасында баға алмайсың,ол үшін ауылдан алыс отыру керек.Бұған көбісі бара бермейді,ауыл жастарының барлығы қазір қалаға қашады,бұрыңғыдай емес,тәжірибелі малшылар азайып барады.Жылқы бағудың пайдасы да көп,бірақ оның азабы да жетеді.Оны үйір-үйір етіп,қадағалап отыру қажет,әсіресе,қыстың күні қиын,малға жыл 12 ай,күніне 24 сағат қарау керек.Осындай шаруаларды жүзеге асыратын кешендер құратын бизнесмендердің жобалары мемлекет тарапынан қаржыландырылып ауыл шаруашылығына пайызы аз несие берілуі керек.Ауыл шаруашылығына несие кемінде 10 жылға берілгені және пайыздық үстемесі аз болғаны дұрыс.Ол үшін «Алрарлық несие корпорациясына» бөлінетін қаржының көлемін көбейтіп,сол арқылы несие мөлшерін арттыруға болады.Ауыл шаруашылығын дамыту үшін арнайы банк ашылса да көптік етпейді.сол кезде малшылардың жағдайы да жөнделіп қалар еді.

Ғылымды дамыту үшін ғылыми жобалары бар мамандарды көптеп тарту керек.Оларды жабдықтармен қамтамасыз етіп,жағдай жасаған жөн.Заман талабына роай біз енді молекулярлық биотехнологияға,гендік инженерияға көбірек көңіл бөлуіміз керек.Мысалы:трансгендік мол өнім беретін өсімдік және мал тұқымдарын шығарғанымыз жөн.тіпті,клондар шығаруға да бетбұрыс жасаған артық болмас еді.Біз де әлемдік деңгейден қалмай осындай жұмыстар жүргізуіміз керек,жастарды соған үйретіп қана қоймай бейімдеуіміз қажет.

ІІІ.Қорытынды

Табиғатты қорғауға байланысты мәселелердің жекеленуіне экономикалық өсудің экономикалық қиындықтары,жұмыс күшін қалаптастырумен байланысты табиғи жағдайдың төмендеуі себеркер.Оның мәні біріншіден,өндірісте қолданылатын табиғи ортаның элементтерін алуға кеткен жиынтық еңбектердің шығынының өсуі;екіншіден, табиғи ортаның элементтерін,оның ішінде шикізат,материалдар мен отынды тиімді пайдаланбағандықтан,қоғамдық еңбектің көп бөлігін жоғалтуына әкеп соқтырады;үшіншіден,өндірісте табиғи ортаға байланысты туындаған негативті салдарды жоюға жиынтық еңбектің біраз маңызды бөлігін бөлуге қажеттілік туындайды;төртіншіден,өндірістің табиғи жағдайының тапшылы-

ғының өсуі.

Соңғы он жылдықта әлемдік тәжірибеде аймақтың болашақтағы экологиялық тұрақты экономикалық дамуына негізделген экожүйе мен табиғи ресурстарды қорғау мәселесін шешуге бағытталған оң тенденциялар қабылданды.Бұндай қадамның институциолизациясын анықтаушы фактор ретінде,социалды саяси преференция негізінде жаңа экологиялық ойлау болып есептелінеді.олардың табысты,тәжірибелі шешілуіне жаңа инструменттер мен элементтерді енгізу мен өндеу негізінде экономикалық табиғатты қорғау механизмін кеңейту керек,оның ішінде табиғатты қорғауды басқарып отыру қажеттілігі.Нарықтық экономиканың құрылуы кезіндегі зкологиялық-экономикалық бақылаудың ең тиімді құралы – экологиялық аудит болуы керек.

Қазіргі жағдайда экологиялық мәселелердің асқынуы нарық рационалды шаруашылықты тудырып,экологиялық мәселелерді шешуге бизнесті араластырып отыр.

Экологиялық реттеудің механизмі – шаруашылық субъектілерінің арасындағы және олардан жоғары тұрған органдар арасындағы қатынастың күрделі көп деңгейлі жүйесі.Қоршаған ортаны қорғаудың қоғамдық-экономикалық факторының құралы болып келетін экологиялық аудит – осы қатынастарды байланстырушы болуы керек.Ол табиғи қорғау құрылысының қолайлы үлгісін таңдауға,табиғи қорғау техникасының эксплуатациялық деңгейі мен жағдайына ақпараттық-аналитикалық бақылауға,жобаланған және технологиялық жетілдірулерге экономикалық баға беруге мүмкіндік береді.Экологиялық аудиттің мақсаты:табиғатты қорғаудағы іс-шараларды құқық органдары мен нормативтік актілердің талаптарына сай жүргізу, табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайландыру,энергия тұтынуды төмендету мен бірқалыпты реттеу,қалдықтарды азайту,техногендік апаттар мен авариялық төгінділерді болдырмау.Сонымен қатар,кәсіпорынның шаруашылық қабілетінің барлық аспектілерінің зерттеулері туралы сөз болғандықтан,экологиялық аудит – қазіргі таңда өмір сүріп жатқан аудит түрлерінің,яғни өндірістік,қаржылық қабілеттілік пен салалас аудит түрлерінің бағдарламасы мен әдістерін біріктіріп,оларды кеңейтуі қажет.

Экоаудитордың қорытындысы келесі ақпараттарды қамтиды:

  1. табиғатты қорғау мен өндірістік іс-шараларды жүргізудің заңнамасы мен нормативтік актілерге сәйкестендіріліп жүргізу туралы тұжырым;

2) қоршаған ортаны қорғау шараларына бөлінген капиталдың тиімді пайдаланылуы,ағымдағы экологиялық төлемдердің уақытылы төленілуі туралы және қаржылық экономикалық есептің жағдайы туралы қорытынды;

3) аудиттелетін кәсіпорынның қоршаған ортаға әсерін бағалау,өндірістік нерсоналдың денсаулығы,аумақтаға экология жағдайын қарастыру,бүлінген заттар мен олардың жойылғандары туралы мәліметтер,мемлекеттің халықаралық міндеттемелеріне сай тыйым салынған немесе көлемі шектелген өнімнің шығарылуы;

4) өнім өндірудің өсу қарқынының нәтижесі мен жойылған немесе лақтырылған бүлінген заттардың саны,энергетикалық және материалдық ресурстардың қолдану мөлшері;

5) апатты жағдайдың пайда болуы кезіндегі аудиттелетін кәсіпорынның потенциалды қауіпті бағасы,шоғырланған апаттар ликвидациясы өнделген жұмыс жоспарының тиімділігі,нақты қолда бар материалды техникалық құралдардың қажеттілігі;

6) кәсіпорындағы табиғатты қорғау қызметінің жұмысшыларының кәсіби біліктілігі туралы қорытындысы мен олардың ластануды қадағалап отыруға негізделген жаңа технологиялық құралдармен қамтамасыз етілуі;

7) өнімді өндірушілер мен кәсіпорын басшыларының кәсіпорындарының қоршаған ортаның ластануына қандау көлемде әсер ететіні жөніндегі ақпараттан хабардар болулары,шығарылған өнімнің энергетикалық және материалдық көлемінің ластану деңгейінің төмендеуіне материалдық негізінде пайдаланылуы.

Әлемдегі экологиялық аудиттің дамуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі,ол – бағдарламаны әске асыру процедурасы.

Объективті зерттеулер жүргізу кәсіпорынның өндірістік персоналы мен әкімшілік арасындағы тығыз әріптестіксіз мүмкін еместігін көрсетеді,яғни экологиялық аудитті жүргізудің барлық сатысында ескерілетін аргументация мен пікірге байланысты олардың арасында бақылаушылық арқылы емес,тең құқылы әріптестерге айналуы керек.

Экологиялық аудит жағдайлар тек компания басшылығын қобалжыта-

тындықтан,кейбір негативті жағдайларды шегіне жеткенге дейін жасыратындығын,осы жасыруларды жабу мүмкіндігі болмайтындығын ескертеді.

Шаруашылық субъект бұндай қадамдарды орындау үшін тек маркетингтік және менеджменттік қызмет негізінде ғана емес,сонымен қатар экологиялық аудит қызмет негізіндегі өндіріс жоспарланған тиімді шараларды жүзеге асыруы қажет.

Қорыта келгенде: Қазірде барынша аграрлық ғылымға,білімге мән беру керек.Қазақстанның аграрлық өндіріс кешенінде бастапқы біліммен 270,0 мың маман қызмет етіп жүр.Шетелдік сапалы білімі бар азаматтардың аграрлық секторда еңбек етуі өте сирек.Қазақстандық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымын да халықаралық талаптарға сәйкестендіру қажет.Жыл сайын жас ғалымдарға шетелде ғылыми тағылымдамалардан өту мүмкіндігін кеңейте түссек,бірнеше мәселелер өз шешеімін табар еді.

Менің ойымша,Қазақстандағы ауыл шаруашылық деңгейін көтеру үшін бірқатар сұрақтарды шешу керек.Біріншіден,әлеуметтік сұрақ.Мұны екі жақтан қарастыру қажет.Алдымен,кедейліктен шығу жағдайы,себебі ауылдың 1\3 бөлігі орташадан төмен кіріс табады.Осыдан ауылдағы кадр және төмен біліктілік мөселесі шығады.Холдингтер бүкіл ел бойынша,сондай-ақ шетелден білікті мамандарды жұмысқа шақырып жатыр.Техникалық қамсыздандыру жағы да жаңа шешімдерді қабылдау мәселесін алға тарту қажет.Мәселен,АҚШ-та 1 фермада 7 адамнан жұмыс істейді,бұл тек өсу немесе инвестиция мәселесі емес,мұнда ауыл шаруашылығының дамуы үшін мемлекет қорын үйлестіріп,жағдай жасай білу қажет.Қазақстан шетелден мамандарды жұмысқа шақыруын қысқартып, өз мамандарын даярлауды жедел қолға алу арқылы ауыл шаруашылығын дамыту жолдарын қарастырып,нарықтық экономикада бәсекелестікке қабілетті елдер қатарына қосылып қана қоймай,ауыл шаруашылығы бойынша алдыңғы қатарлы ел атануы шарт;Өйткені біздің еліміздің бұл тұрғыда зор мүмкіндіктері бар.Сонымен қатар еліміз әрі өндеуші,әрі өндіруші мемлекетке айналуы қажет,халқымыз өзіміздің отандық тауарлар мен сол тауарды өндіруші кәсіпкерлерді қолдауы,яғни нағыз өз елінің «патриоты» бола білуі шарт.Сол өндіруші кәсіпорындар,фермалар және т.б. зауыттар мен кішкене ғана өндіруші мекемелер болса да,оларға мемлекет тарапынан айтарлықтай кең көлемде барлық жағынан «экологиялық және экономикалық» ережелерді сақтай отырып,кедергі жасамай көмек көрсетілуі тиіс.Жас мамандар мен ғалымдар,осы салада қызмет етіп жүрген халық үшін жағдай жасалынуы,яғни олардың еңбек ақысын көтеру қажет,олардың ғылыми,теориялық,экономикалық жаңалықтарына мейлінше қолдау көрсетіп,одан әрі шындалуына барлық жағынан,материалдық тұрғыдан мемлекет көмек көрсетіп,қолдауы керек,халық арасында отандық өнімді көптеп жарнамалауы қажет,сөйтіп ұсыныс пен сұраныс деңгейін теңестіру қажет.Бұл айтылғандардың барлығы ауыл шаруашылығымен қатар,халықтың әл-ауқатын,тұрмыс-тіршілігін,экономикасын,әлеуметтік жағдайын жақсарту-

дың алғы шарттары болмақ.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік географиясы. 9сынып,ІІтом.

2. «Болашақ» журналы,2008 ж.№2.

3. «Егемен Қазақстан» газеті,2010 ж. 15-қазан.

4. «Егемен Қазақстан» газеті,2009 ж.16-қазан.

5. «Айғақ» газеті, 2009 ж.29-шілде.

6. «Егемен Қазақстан» газеті,2010 ж.11-маусым.

7. « Айқын» .2008 ж.1-ақпан.

8. «Зерттеуші» .2008 ж. № 11-12.

9. «Хабаршы-Вестник» .№1, №3, №5, №4, №2.Алматы,2010 ж.

10. «Қазақстанның ғылыми әлемі» 2008,№2.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!