Материалдар / Ғылыми жұмыс Бастауыш сынып оқушыларының эмоция және сезім қабілеттерін зерттеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс Бастауыш сынып оқушыларының эмоция және сезім қабілеттерін зерттеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мамандар және ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2021
527
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып оқушыларының эмоционалды және сезім күйлерінің ерекшеліктері.

Түйіндеме

Мақалада Бастауыш сынып оқушыларының эмоцианалдық ерекшеліктерін қарастыра отырып, оқушылардың сезім күйлерін зерттеу.Психологиялық зардап шекен бастауыш сынып оқушыларының психологиялық күйін реттеу.Балалардың өз ара қарым-қатынас жүйесін анықтау үшін сыныптан тыс психологиялық тренинг өткізу.Ата-анларымен 1 аптада 1-рет психологиялық тест жүргізу.

Түйін сөздер;эмонцианалдық ерекшеліктер,сезім күйлері,зардап шекен,психологиялық күйі,қарым-қатынас,тренинг өткізу,психологиялық тест.



Особенности эмоционально-чувственных состояний младших школьников.

Резюме

Исследование состояний чувств учащихся с рассмотрением эмоциональных особенностей младших школьников в статье.Регуляция психологического состояния младших школьников с психологическими страданиями. Проведение внеурочного психологического тренинга по определению системы взаимоотношений детей.Проведение психологического тестирования с родителями 1 раз в 1 неделю.

Ключевые слова; эмонцианальные особенности, чувственные состояния, страдание, психологическое состояние, общение, проведение тренингов, психологический тест.




Features of emotional and emotional states of Primary School students.

Summary

Research of the States of feelings of students with consideration of the emotional characteristics of younger students in the article.Regulation of the psychological state of primary school children with psychological suffering.Conducting extracurricular psychological training to determine the system of relationships between children.Conducting psychological testing with parents 1 time in 1 week.

Keywords; emonzian features, sensory States, suffering, psychological state, communication, training, psychological test.





Өзінің танып білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін сезім немесе эмоция деп атайды.

Сезім барлық психикалық процестермен тығыз байланысты, көптеген жағдайларда сол процестер сезімді туғызады,ал сезім оларға өз тарапынан ықпал жасайды.

Сезім көзі өзі қабылдайтын айналадағы заттар мен құбылыстарының сапалары туғызатын қажеттіліктер, талап тілектер болып табылады. Біздің істейтін әрекетіміз,оның жетістігі мен кемшіліктері де сезім туғызады..

Сезімнің көз -түйсік, ал түйсіктің өзі біздің әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады. Көңіл күйіне қарай адам бір затты әр түрлі қабылддайды. Эмоция адам есімен тығыз байланысты. Біздің алған барлық әсерлеріміздің, яғни белгілі бір сезіммен қабылдап,есімізде қалса, онда өткендерді еске алудың өзі бізде қандай да болсын бір сезім туғызады.[1, 250 б ]

Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты. Жұмыс жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің шығапмашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым, өнертапқыштардың жұмыс процестеріндегі көтеріңкі көңілі, шабыты сезіммен тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным процестеріне үлкен рөл атқарады.

Оқу тәрбие жұмысында сезімнің қаншалықты мағызды екендігі педагогтің есінде болуы қажет.

Мектеп оқушылары немқұрайдылық туғызатын сабақтан гөрі,күшті жағымды эмоция туғызылатын білімді тез де баянды игерді. Саббақа үлгерімі және тәртібі үшін мақтау алудан балада әдетте жақсы сезім пайда болады,ол оқуын одан әрі күшейте түсуге жақсы ықпал жасайды.Құптамау,ұрысу,жазалаудан ідетте оқушыларда жағымсыз эмоциялық жағдай туғызады,осындай ренішті істі қайталамауға итермелейді.Тәжірибелі мұғалім тиісті әдетті сақттай отырып, балалардың жағымсыз эмоциясында пайдаланады.. [2, 251 б]

Сондықтан сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне,өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан фомаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады .Демек,адамның өмірі қоғамға байланысты,оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. [3, 252 б]

Олай болса сезімнің ерекшелігін қарастырсақ. Сезімдердің бірінші ерекшелігі, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып табылып табылады, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгіліеп отырады. Сезімдері эмоциялардан айыра білу қажет. Сезімдер мен эмоциялардан бірнеше сапалық ерекшеліктерінің бірін қарама-қарсы полярлық сапалықтар деп атайды. Мысалы сүйсіну-сүйсінбеу,көңілдену -қажу,шаттық-уайым. Осы секілді сапалар өзара полюске ажырап,бір-біріне қарама-қарсы мағынада болады.

Сезімдердің екінші ерекшелігі олардың актив және пассив болып бөлінеунен көрінеді. Адамға күш беріп,әрекетке ұмытыдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияналдарды -стеникалық грек сөзінен алғанда қазақша күшті деген мағынаны білдіреді,деп атайды.

Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі-жігірлену және көрнеуден босану немесе шешілу. Бұл да -сезімнің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналасатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады.

Ал келесі эмоцияға келер болсақ, эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас,оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады.

Эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар-белсенді әрекетке азды көпті нұсқан келтіретән тұрпайы сезімдер. Мұндай эмоцияға қорқныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену жатады.

Шамадан тыс күшті тітіркендігіштер адмда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып,берекесі кетеді Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс ағылшынан алынған сөз қазақша мағынасы шамадан тыс зорлану деген мағынаны білдіреді деген терминмен белгілейді. Мұндай қолайсыз жағдай жүйке жүйесінің жұмысын да, дене күшіне де нұсқан кедтіретіндііктен адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап,реттеп отыруы қажет.

Күрделі эмоциялар-адамның мінез-құлқын ерекше сезім сарынына бөлеп, азды көпті ұзаққа созылатын,өте берік әсерлер туғызады. Кейде сезім кенеттен айда болып, қарқынды өтеді, бірақ біршама тез басылады. Осы ұзаққа созылатын қысқа әсерлерді психикалық не эмоциялық жағдайлар деп атайды. Олардың қатарына көңіл-күй, аффект, құмарлық жағдайлар жатады.

Күрделі эмоциялар-адамның бірі-көңіл.Кейпіне қарап адамдарды шат ,жайдары,жылы жүзді,ызалы түсі суық деп ажыратады. Адамның көңілінне айналасындағы қоршаған дүние ісер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса,отбасы жағдайы жарасымды болса ,көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы жарасымды болса,көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы жарасымды болса,көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы ,жүйке жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із қалдырады.[253]Мәсселен адамның көптен айналасып жүрген ісі оңға басса, бір нәрсеге қолы жетсе ол шат -шадыман күйге түседі.

Көңіл - күй деп дәршама бәсең, бірақ әжептәуір ұзағырақ,психикалық процесестер мен адамның барлық мінез құлқында көрінетін жалпы эмоциялық жағдайларды айтады. Кім-кімнің де көңілі күйі нашар болса, ешбір негізсіз көңілі жабырқап,не болса соған абыржып қалады. Кей кездерде адам ешбір себепсіз-ақ шаттық жағдайда болады. Осы кезеңдерде оған барлығы тамаша болып көрінеді.Басқа көңіл күйде болса көңілін бөлмейтін нәрсеге ол қуанады.

Эмоцияның бір түрі - аффектер. Аффектер-қысқа уақытқа созылса да бұрқ етіп, қатты көрінетін эмоцияның бір түрі.

Аффектілік жағдайдың тууы ми қыртысында күшті қозу бөлігінің болуымен байланысты. Осының салдарынан тежелу процесі бәсеңдейді және ми қыртысында төменгі бөліміндегі орталықтарынан келіп жататын импульстер тасқынын бақылап, басып отыру мүмкіншілігін үлкен ми сыңарлары қыртысы айырлады.

Сөйтіп,ми қыртысы мен ми қыртысының төменгі бөлімінің аралық қажеті іс-әрекеттінің тепе-теңдігі бұзылады, мұндай эмоциялық қозулармен әрбір адам күресе алады. Аффект жағдайына келген мұғалімнің оқушыларға бірден жаза беруіне болмайды,өйткені дәл сол уақытта педагог жазаны әділетсіз шешуі мүмкін,ал берілген жазаны бұзу қиынға түсетін мәлімет.

Алайда,бұл бастауыш мектеп жасындағы балаларда көбіне жақсы көретін мұғалімнің көрсеткен жылы шырайы, бағаны түзету үшін келесіде сабақ сұраймын деген уәдесі баланы жұбатады, сөйтіп аффектлік жағдайдан құтылады.

Ал құмарлық - адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, түрақты эмоция деп айтуға болады. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүниеқұмарлық, баққұмарлық, ойынқұмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз. Құмарлық кісіге жүк артады, міндеттілік туғызады, міндет борышты етеді, бұлар еңбекке жүктейді,еңбек ғылым мен өнерге ашылған жол -деп Абай адамға қажетті құмарлықтың психологиялық табиғатын жақсы көрсеткен.

Егер сіздің екі өміріңіз болса, сізге бұл да жетпеген болар еді. Ғылым адамнан аянбай және асқан құмарлықпен жұмыс істеуді талап етеді. Өз жұмысыңыз бен ізденістеріңізде мұндай іске құмар болыңыздар-дейді

Жоғарғы сезімдер адамдарға ғана тән. Осы топқа адамгершілік,эстетикалық, интеллектік, деп аталатын сезімдер кіреді.

Адамгершілік сезімдердің тобына;достық,жолдастық,адалдық,ар-намыс,ар намыс,борыш,жауапкершілік,ұят,т.б, жатады.

Интелліктік сезімдерге; тану процесестерімен, ақыл ой әрекетімен байланысты білуге құмарлық,күдіктену, сенімділік,жаңыашылдық, болжау жатады.

Эстетикалық сезімдерге-адамның шындықтағы қандай бір сұлулықты сезіну жатады.[ 254] Адамгершілік немесе моральдық сезімдердің мазмұны да, сұлулықты сезінуі жатады. Борыш сезімі-қоғам,ұжым, жанұя алдындағы міндеттердің санадан туған әсерлері.Бұл сезім адамды өз борышын орындауға шақырады.Мұны орындауға ар-ұят ерекше көмектеседі. Адам борыш сезім білдіріп тұрғанды орындамай тастап, армандық жасап, лайықсыз іс істесе,қоғамның моральдық нормаларын бұзатын әрекет жасаса,оның ар-намысына тиеді және опық жегізеді. Сезімтал адамдар мұндай жағдайлардың қасіретін тартады және осылардың салдарынан өз мінез-құлқын жақсылық жағына өзгертеді.

Сүйіспеншілік сезім достық сезімге жақынырақ.Шынайы сүйіспеншілік -адамды шаттандыратын тамаша сезім ,ол парасаттылықты арттыруға септігін тигізеді, адады тек сүйікті адамы үшін ғана емес, сондайақ басқа адамдар бақытты болуы үшін ерлік жасауға шақырады.Сондықтан да бір-бірін шын сүйген адамдар бұдан да жақсы боолуға талпынады.

Жоғарғы сезімдердің екінші бір түрі-эстетикалық сезімдер.Эстетикалық сезім дегеніміз-адамның шындықтағы қандай да бір сұлулықты сезінуі .

Жоғарғы сезімдердің тағы бір түрі-интеліктік сезімдер. Интелліктік сезімдер адамның тану процестерімен, ақыл-ой әрекетімен тығыз байланысып жатады. Интелліктік сезімінің түрлеріне;таңсықтау,білімге құмарлық, күдіктену,сенімділік,интуация,болжау, т.б сезәмдер жатады.

Мұғалімнің басты міндетінің бірі-оқушылар санасына интеллектік сезімдерді қалыптастыру. Интелліктік сезімдер адамның санасына орын алса, шындықты аша түсуге құмары арта түседі,мұнандай ол асыл мұрат үшін күреске белді бекем байлайды.[255] Кез-келген шығармашылық жұмыс интеллектік сезімдермен байланысты. Сезім және адамның жеке басы Адамның ой еркімен қатар, сезім де-адамды сипаттайтын маңызды психикалық процесс.

Сезімнің бағытталғандығы ,принципілігі,сондай әсерілігі адам баласын ісі мен сөзі бір жерден шығатын біртұтас тұлғаға айландырады.Ал көп ойлап әсірлейтін,бірақ өз сезіміне үйлесімді ешбір әркет жасамай, керенау қала беретіндерді сентименталды адамдар деп атайды.

Жеке адамды адамгершілік сезімдерді жақсы сипаттайды.Егер адамгершілік сезімдері адамды жақсы іс-әрекет жасауға бағыттаса, ол жеке адамның моралдық дәрежесінің жоғарғы екендігінің айғағы болмақ. Қарама-қарсы сезімдер -адамдарды жек көру, тіпті өшпенділік,эмоциялық,салқындық адамды қайырымсыз, жаны ашымайтые, парықсыз, менмешіл етеді. Мұндай адамдарды тәрбиелеу қажет,олар ұжымдағы тату-тәтті тіршілікке кесірін тигізеді.

Егер адам өшпенділік сезімді Отанымызыдың жауларына, қанаушыларға, жатыпішерлерге,біздің қоғамымызға зиян тигізушілердің барлығына көрсетсе,онда мәселе басқаша. Осындай өшпенділік сезім еңбекшілерге қамқорлық жасаудан туған жақсы сапа болып табылады. Адам өмірінде өз эмоциясын басқара білудің үлкен маңызы бар. Өз сезімін жақсы басқаратын жеке адамдар ұсақ,жаман,еңсесін түсіретін әсерлерден жоғары тұрады, сөйтіп нағыз бақытқа бөлінеді.

Балада эмоциялар мен сезімдердің дамуы Мектеп жасына дейінгі балалар эмоцияларының басты ерекшелігі -тұрақсыз,тұрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келет індігі. Мектепке түсу-бала сезімдерін жүйелі,жоспарлы түрде тәрбиеуледің негізгі жолы. Төменгі сынып оқушыларф да аса сезімтал.эмоциялы келеді. Бұл балалар сергек,жайдары,ақкөңіл,сеңгіш,аңқау,әділ,болып келеді. Олар кез келген нәрелердің бәрін қабылдап қызықтап таңырқайды және өзінің қатынасын белсенділікпен білдіріп отырады. Бала сабақ үстінде бірқалыпты отыра алмайды,өйткені өзіне ие бола алмайтын балалар. Сыныбы жоғарлап,есейген сайын сайын оқушы мұндай қылықтарынан арыла бастайды.Осы жастағыларда бірінің істегенін екіншісі де қайталағысы келетін бір қасет бар. Мектепке баланың жоғары сезімдердің негізгі мектепке дейінгі тәрбиеде қаланады. Осы кезде бала біреуді жақсы көреді.Бала жақсы адамдардай болады болғысы келеді. 3-4 сынып оқушыларының сезімдері бірте-бірте күрделеніп түседі,олар көңіл-күйін бірқалыпты етіп ұстауға үйренеді.

Мұғалім осы жайды әр кез есіне қатты ұстануы қажет. Сабақ үстінде,сабақтан тыс жерлерде оқушылардың эстетикалық сезімдерін тәрбиелеп отырудың да қаншама маңызды нәрсе екендігі белгілі. Оқу кітаптарының бетіндегі түрлі суреттер мен иллюстрациялар,мұражайларға,саяхатқа апару т.б-сынып оқушыларының эстетикалық сезімдердін тәрбиеуледе болмайды. Мүмкіндігінше бұл сезімдерді бала өз басынан кешіру керек. Олардың өмірінде іс-әрекеттінде шынайы жақсы сезімдер орын тепсе,балаға да үлгі-өнеге болатын табиғи нәрсе.Бала еліктеуге жарарлық үлгі-өнеге көрмесе оның сезімдері де дұрыс дамымайтын болады. Ұжым балаларда борыш, жауапкершілік,ар-ұят сезімдерінің қалыптасуына жақсы әсер етеді. Жеке мүддені ұжым мүддерісіне бағындыра алу-ең тамаша қасиет.

Балалардың осындай борыштық, жауапкершілік сезімін баулу-мұғалімнің басты міндетті. Бастауыш сынып оқушыларында ұялу сезімдері де одан әрі жетіле түседі. Ұялу-баланы жағымсыз іс-әрекеттен тоқтатып отыратын күшті моралдық сезім. Баланы орынсыз ұялта беру де тұрыс емес. Бұл баланың өз күші мен қабілетіне сенімін жоғалтып,онда ұялшақтық пен тұйықтықтың дамуына жағдай жасайды.

Бастауыш сынып оқушыларының достық,жолдастық, сезімдерінің нышанын байқауға болады.Бұларды шын мәніндегі тұрақты дос деп айтуда қиын. Бірінші,екінші сыныптағылар үшін оған ұнаған баланың бәрі дос болып көрінеді. Өйткені не үшін дос болатындарын аңғара алмайды. Осы кезде олар достарын жиі алмастырып отырады,бүгін бір баламен дос болса, ертең екінші бір баламен достасады.

Төменгі сынып-оқушыларында интеллектік сезімдер де байқалады. Алғашқы кезде сезімдер оқу процесінің мазмұнынан оқшауырақ тұрады. Бірақ бала біртіндеп өзінің оқудағы міндетін түсіне, оның нәтежесін көре бастаған кезде ,оқуға қызығушылық пайда бола бастайды, Бір сабақты басқасынан жақсы көріп, көбірек қызығып оқиды да,мұндағы өзінің табысына рахаттанады. Бұл-ондағы интеллектік сезімнің нышаны.

Баланың эстетикалық сезімдерін дамытуда табиғаттану сабақтарының алатын орны ор,бала табиғат құбылыстарын өнер туындылармен танысу кезінде байқайтын болса,оның танымы кеңейе түседі.Мәселен,музыка тыңдау,сурет галлериясына бару,көркем әңгіме мен өлең оқып,осыдан кейін табиғатқа саяхат жасаса,бұл баланың сезімін барлық жағынан дамыта түседі.

Баланың эстетикалық сезімдерін дамытуда сурет сабағына бөлінген сағаттарды тиімді пайдаланған дұрыс.Бала құбылыстар мен заттардың өзіне тән типтік белгілерін:пішінін,көлемін,түсіну,,нендей материалдан жасалғанын білу арқылы өмір әсемдігін көре біледі.

Біздің эмоцияларымыз сезімдеріміз бірнеше қызмет атқарады. Ол реттегіштік қызмет атқарады.Ол көңіл-күй тұрақтылығы мен мінез-құлығымызға бағыт беріп отыырады. Эмоцияның реттегіштік механизімдері эмоциялық қозуды бәсеңдетеді.Мысалы;сағыныш,торығу, қайғы адамның жай күйзелетін,олар тек психологияның күйініш туғызып ғана қоймай,жүйке ауруына душар етуі мүмкін. Сол сияқты қатты қуану,шаттану, бұлшық ет қимылдары,күлкі саз арқылы сыртқа шығып босаңсымаса қауіпті болады.Эмоция шегіне жеткен кезде оның күші көз жаса,бет,тыныс жолдары бұлшық еттің жиырылуы тірізді залалсыз процестер арқылы әлсірейді.

Эмоция мен сезімнің қорғағыштық қызметі; адмда шынайы немесе жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты. « Қорқыныш адам үшін қолайсыз жәйттерден сақтандыраы. Қорықпайтын адам-ақымақ» деп Б.Момышұлы бекер айтпаған. Эмоция мен сезімдердің ынталандырушы қызметі. Адамның өз бойындағы табиғи күштері жинақтап,болмасын әрекетті орындауға,кедергілерді жеңуге бағытталатын рухани батылдықты туғызады.

Эмоцияның сигналдық қызметі. .Адамның не жануардың басқа бір жанды нысанға ықпал әсер етуімен байланысты. Мысалы адамдардың сөйлеуі,айқайлауы.түртуі,басын изеуі, көзін қысуы. Миммика және пантомимимка,дене бұлшық еттерінің қимылы, иығын керуі, қолын сермеуі т.б

Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар ол; Қарама-қарсы полярлық сапалықтар деп аталады.Мысалы;сүйсіну-сүйсінбеу,көңілдену қожу,шаттық-уайым,осы сапалариекі полюске ажыраған,Біріне-бірі қарама -қарсы мағынада қолданылады. Екінші ерекшелігі олар актив және пассив болып бөлінеді.Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын көрнекті сезімдер мен эмоцияларды стеникалық ал бұлардың баяу солғын түрлерін астеникалық деп айтты.Біріншісі жауапкершілік, жолдастық,достық т.б екіншісіне уайым, енжарлық, көңілсіздік т.б сезімдер жатады.

Эмоциялардың үшінші бір ерекшелігі жігерлену және кернеуден босану немесе шешіну. Мысалы;студенттің емтиханнан өтуі, спортпен айналасатын адамның мәреге жетуі,шешілу кезеңдері болып табылады. Мәреге тақағанда адам бардық күш жігерін жұмсайды. Осы кез өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану дейді.Эмоциялық сезімдір мәселесәне теориялық тұрғыдан шолу.[ 129] Адам өмірінде эмоциялар мен сезімдердің орны аса маңызды. Психологияда эмоцияларды өзгерткге,отбасында,өрнеде, педагогтарда,клиника, шығапмашылықта яғни, адамдардың барлық іс-әркетіне қатысады деп есептейді. [130] Эмоцияның зерттелу У Джемстің 1884 жылы жарияланған «Эмоция деген не?» атты мақаласынан басталады. В.К.Вильнюс эмоцияларды жеке процестер ретінде емес, тұлғаны бүртіндей қызмет етуінің көрінуі ретінде қарастырады. Эмоциялардың теориялық мәселеріне Л.С.Выготский көп көңіл байланысының ішкі психологиялық механизімі ретінде қарастырады. Олар организмді белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен өзара қатынаысын ояады және реттейді дейді. А.Н.Леонтьев, Б.И.Божович эмоциялардың дамуы мінез-құлық мотивтерінің дамуымен, баланың жаңа қажеттіліктермен қызығушылықтарынң пайда болуымен тыңыз байланысты екенін көрсетеді. Я.Рейковский эмоциялар адамның әрекетін реттейді деп есептейді. Яғни эмоцияларды процестердің дұрыс жүрмеуі психиканың ауытқуларының бастамасы болып табылады.

О.К Тихомирова ойлау іс-әрекетін дәл эмоциялар реттейді деп есептеген. Яғни эмоцияларды процестердің дұрыс жүрмеуі психиканың ауытқуларның бастамасы болып табылады.

О.К.Тихомирова ойлау іс-әрекетін дәл эмоциялар реттейді деп есептеген.Ол лабораториялық үлгілерді ойлау тапсырмаларын шешу барысында пайда болатын эмоциялардың пайда болу жағдайы және қызметерін шешуді ұсынған. Соңғы жылдардың эмоцияны әлеуметтік психологияның өкілдері эмоцияларды вебралды емес қарым-қатынас рөлінде зерттейді.

Тұлға психологиясы эмоциялармен сезімдерді басқа мотивациялы құрылымдарын байланысына алатын жолдарны көрсетіп, аффектімен күйлердің тұлғаның қызмет етуімен байланысы жайлы білімдерімізді толықтыра түседі. Сонымен бұл мәселе психологияда кеңінен жан-жақты қаралап жатыр деуге болады.Бірақ қазіргі кезде біздің қоғамызда әлеуметтік,саяси және экономикалық, нарықтық жағдайларға байланысты эмоция мен сезімдер мәселесін кең тұрғыда зерттелудің қажеттілігі талап етілуде. [131] Сезімнің түрлері. Сезімдер;адамгершілік, эстетикалық, интеллектуалдық болып бөлінеді.

Адамгершілік сезімдерге;достық,жолдастық, адалдық,ар-намыс,борыш, жауапкершілі,ұят т.б жатады. Ар намысы қорғау адамға аса жарасымды, сипатталады. Сезімнің осы түрі көбінесе қайсар,өжет,табыанды әрі көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдар байқалады.Ар-ұятты қастерлеу,намысқа тырысушылық екінің бірінде кездесе бермейтін қасиет. Мұның әр адам психологиясына әсер етіп,терең із қалдыратыны сонша кісі кеуде кірерге жер таппай,кісі бетін алмай, ұйқыдан,тамақтан қалатын болады. Абай ұяттың 2-түрі бар деді. «1»надандықтан туатын,ұғымна ұялмас нәрседен ұялу. Бұл надандық,ынжықтық,қайрат жігердің осалдығы,білім мен тәжірибесінің саздығы. «2»дұрыс емес қылықтан ұялу.

Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықты қандай болмасын бір рсұлулықты сезіну.Бұл сұлу сымбатты,өмірге үйрену,әдемі көріністерді тамашалау,табиғаттағы,көркемөнердегі шынайы әсем нәрселреден ләззат алу.Эстетикалық сезім дене сұлулығын қабылдауда ғана тумайды. Моральдық сұлулықта та эстетикалық сезім тудырады. Моральдық сұлулықта та эстетикалық сезім тудырады.Өзінің мүддесін қоғам игілігі үшін тежеп ұстайтын жоғары моральды адамдарды көріп куә боламыз.Мұндай адамдар өзіне деген құрмет сезімін туғызады.Біз оларды «моральдық жағынан мұншама тамаша адам болады екен-ау дейміз. Сұлулық сезімдері адамның дұрыс,сұлу нәрсеге сүйініп керексіз нәрседен жеркенуге,жақсылыққа ұмытылып,жауыздықтан тиылуына көп көмек көрсетеді деген болатын. Интеллектуалдық сезімдер адамның тану процесімен адамдардың ақыл ой әрекетімен тығыз байланысты.Оған әуестік,білуге құмарлық,іздемпаз танырқау,сенімдік,интуация,ықтималдың жорамалдың,болжау т.б. Сезімдері жатады. Сезімінің осы түрлері оқу процесінде,ғылыми-зерттеу жұмыстарда,адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болад Эмоцияның түрлері. Эмоция күрделі және қарапайым болып бөлінеді.Эмоция адамның сыртқы келбет әжімі,қимылы,даусы арқылы айқын көрініп тұрады. Енді қарапайым эмоцияларға тоқталсақ.Олар;ашулану,қуану,ренжу, тобалу, қорқу,жек көру т,б.

Қорқу эмоциясы қауіптің пайда болуымен туындайды. Олда адамның бет-әлпетінен,қимыл-қозғалысынан жақсы байқалады. Мұндайда адамның көзімен аузы ашылып,қасы көтеріледі,беттің бұлшық еттері тартылып,идем алуы өзгереді.Даусы арлығып кейде шықпай қалады. Ашулану мұндайда адам қысылады,көзі жалт-жұлт етіп, дем алысы жиілейді.Адамның тануы ербиіп, бұлшық еттері қатайып жауына немесе жек көретін затына тап беруге дайын тұрады.Еркін,қатты,қысып,тісін,тістеп, қасын керіп,қабағынан қар жауғандай болады.Ашулану барлық адамдарда бірдей болмайды. Оның күшті және әлсіз болуы мінезіне тәлім-тәрбиесіне байланысты. Ашу қысып әсіресе оның, соңғы қуаттырақ кезеңі болғанда адам өз мінез-құлқын бақылауды жоғалтып алады .Бұны кезінде Рим ақыны Гораций айтқандай;қызба ашу өте шығатын ақылсызыдық. Ашуды бастапқыда тоқтату керек, сол себепті ашулы күйге келгенін сезінген адам өзін-өзі ақылмен алып жүру,өз сезімне ие болу,жүгенсіз эмоцияға берілмеу деген сияқты бұйрық беруі тиіс. Біздіңше бұның басқа жолын Гуливердің басынан кешкендері атты кітаптың авторы Джонатон Свифтің пікірін басшылыққа алу тиімдірек сияқты; Ашуға берілу көбінесе басқаның кінәсі үшін өзіңдң-өзің жазалаумен бірдей. Өте дұрыс айтылған.

Табалау ыза мен жағымсыз эмоциялардың біп түрі. Кейде адамдар туралы;қызғаныш екен,басқаның жолы болып,бақытқа ие болғанда, ол қатты күйзеледі деді. Бұндай күйзеліс жағдайында Монтеськенің ескертуі орынды; қызғаншақ өзіне-өзі жау,өйткені ол өзі тудырған жауыздықтан сорлайды.Кім өзін-өзі қызғаншақтық кең тараған. Мысалы;сәнге ден қойған адам менде анау,не мынау жоқ,немесе өз ойынша өзінен қабілеттсіз әрі абыройы төмен адам менде анау,не мына қызметте отыр деген күйзеліске ұшырайды.Соншалықты ыңғайсыз сезім.Бұл тек қызғаншақтық және еліктеуге ұмтылыс екенін біліп жеке басының ерекшелігн жағалтқанын сезіне отырып ыңғайсыз эмоциядан арылуға болады.Бұл кезеңде жеткіншек ағзасында физиологиялық өзгерістерге (жыныстық жетілуі) байланысты мінезінде, эмоциялық қозуында, ерекшеліктер байқалады. Жеткіншектерде басқа кезеңдегі балаларға қарағанда қыңырлықты, мінезіндегі ерекшеліктерді аңғарута болады. Балалар мен жеткіншектердің эмоциялық көңіл-күйі үлкендер сияқты даралық ерекшеліктері болады. Алғашқы балалық және мектепке дейінгі кезеңде сезімдер негізінен темпераментпен байланысты, сонымен қатар мектепке дейінгі кезеңде сезімдер қалыптасып келе жатқан мінез, қызығулардың көрінісі болып табылады.



Пайдаланған әдебиеттер

1. Жұмасова.К;Психология оқулық 2-басылым -Астана;Фолиант,2006,-292б.lSBN 9965-35-088-4.

2.Егенисова А.Қ Психология:Оқу құралы Ақтау 2010.-185б.-lSBN 978-601-226-068-7

3.Тәжібаев Т. Жалпы психология:Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университетінің баспасы,1993,-240бет.

4.Бап-Баба С.Б. Жалпы психология (жантану негіздері)-Алматы 2007-268бет. -lSBN 9965-620-29-6.
































Бастауыш сынып оқушыларының эмоционалды және сезім күйлерінің ерекшеліктері.


Түйіндеме


Мақалада Бастауыш сынып оқушыларының эмоцианалдық ерекшеліктерін қарастыра отырып, оқушылардың сезім күйлерін зерттеу.Психологиялық зардап шекен бастауыш сынып оқушыларының психологиялық күйін реттеу.Балалардың өз ара қарым-қатынас жүйесін анықтау үшін сыныптан тыс психологиялық тренинг өткізу.Ата-анларымен 1 аптада 1-рет психологиялық тест жүргізу.


Түйін сөздер;эмонцианалдық ерекшеліктер,сезім күйлері,зардап шекен,психологиялық күйі,қарым-қатынас,тренинг өткізу,психологиялық тест.





Особенности эмоционально-чувственных состояний младших школьников.


Резюме


Исследование состояний чувств учащи

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!