Материалдар / Ғылыми жұмыс "Дүние жүзіндегі табиғи ресурстардың орналасуы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс "Дүние жүзіндегі табиғи ресурстардың орналасуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар мен мұғалімдерге арналаған көмекші құрал,табиғи ресурстардың жіктелуі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Тамыз 2018
1398
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы:Дүние жүзіндегі табиғи ресурстардың орналасуы.

География пәнінің мұғалімі: Алтаева Жансая Сеиткасымовна

Жоспар.

I . Кіріспе.

II.Негізгі бөлім:

2.1.Отын-энергетика ресурстары.

2.2.Металды пайдалы қазбалар ресурстары.

2.3.Асыл металдар ресурстары.

2.4.Металсыз пайдалы қазбалар мен тау-кен өндірістік және химиялық

шикізаттар ресурстары.

2.5.Сәндік,көркемдік және бейнелеулік ресурстары.

2.6.Теңіз және мұхит асты жер қойнауындағы пайдалы қазбалар

III.Қорытынды.



I.Кіріспе.

Табиғи ресурстар – бұл табиғи заттар немесе адам мен қоғамның өмір сүруі мен дамуы үшін шаруашылықта қолданылатын энергия көздерінің түрлері.

Табиғи ресурстардың жіктелуі:

1.Түрлі геосфераларда кездесуіне байланысты:литосфера,гидросфера,биосфе-

ра,климаттық ресурстар.

2.Түрлі шаруашылық салаларында қолданылуына байланысты: энергетикалық,металлургиялық,химиялық.

3.Қолдану мүмкіндігінің ұзақтығы мен қарқынына байланысты.

Табиғи ресурстар:

  1. Сарқылатын.

  2. Сарқылмайтын: а) қалпына келетін:су,орман,жер.

б) қалпына келмейтін:минералды ресурстар.

Минералдық ресурстар.

Минералдық ресурстар – жер қойнауынан алынған пайдалы қазбалар.

Пайдалы қазбалар – халық шаруашылығында өнделген және табиғи күйде қолданылатын табиғи минералдық заттар.

Минералдық ресурстардың қолданылу ауқымы үнемі артып келеді.Мысалы:1950 жылмен салыстырғанда пайдалы қазбаларды өндіру үш есеге артқан.Жыл сайын жер қойнауынан 100млрд.тоннадан астам түрлі минералды шикізат пен отын өндіріледі.Минералды ресурстарды қолдану барысында олардың сарқылатын және сарқылмайтын категориялары есепке алынбайтындығын ескеру қажет.Мысалы: дүние жүзіндегі көмірдің жалпы қоры 14,8трлн. Т,ал мұнайдыңкі 400 млрд.т деп есептелінген.

Жер ресурстары.

Жер ресурстары – адамның өмір сүруі үшін,құрылыс және т.б. шаруашылық әрекеті үшін қажетті жерлер.Жер ресурстары туралы жалпы түсініктер,жер қоры ұғымы туралы түсінік береді.Жер қоры шаруашылықтың түрлі салаларында қолданылатын барлық жерлер.Жер ресурстары жер бедері, топырақ қабатына табиғи жағдайларымен сипатталады.Жер шарының жалпы жер қоры 13,5 млрд.га,оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері – 37 пайыз, егістіктер – 11 пайызын құрайды.Сонымен қатар тұрғын үйлер,көлік жолдары мен өнеркәсіптер салынған жерлер және өнделген жерлер үлесінің көп бөлігі шетелдік Еуропаға тиесілі.Жайылымдықтар үлесі Оңтүстік Америкаға,ал өнімі сапасыз жерлер Азияға тиесілі.Өнделетін жерлердің үлесі жоғары елдер: АҚШ,Үндістан,Ресей,Қытай,Австралия,Канада,жыртылған жерлер үлесінің 56-57 пайызы Украина,Данияның үлесіне тиеді.

Жер қорларымен қамтамасыз етуде жер шарының әр тұрғынына 2,1гектар

жерден келеді.

- Австралияда 30 гектардан бір адамға;

- ТМД-да 80 га;

- Оңтүстік Америкада 5,3 га;

- Солтүстік Америкада 4,5 га;

- Африкада 1,25 га;

- Еуропада 0,9 га;

- Азияда 0,8 га жерден келеді.

Жер қорының құрылымы сұранысқа байланысты,жерлердің тозуына, сапасының төмендеуіне байланысты үнемі өзгеріп отырады.

Су ресурстары.

Су ресурстары – халық шаруашылығында қолданылатын өзен,көл,су қоймалары,мқздықтар және жер асты сулары – барлық су ресурстарының жалпы қоры – 2,5пайыз.Жердегі судың басым бөлігі дүние жүзілік мұхиттарда.Жер бетінде тұщы су қорлары әркелкі таралған.

Өзен сулары энергия көздері ретінде қолданылады.Жалпы дүние жүзілік гидроэнергиялық потенциал 10 трлн.кВт/сағ деп бағаланады.Гидроэнергети-

калық потенциалы жоғары елдер: Қытай,Ресей,Заир,Канада және Бразилия.

Орман ресурстары.

Орман - ресурстары қалпына келетін ресурстарға жататын биосфераның негізгі ресурстарының бірі.Орман ресурстарының судың ластануына жол бермеуде,климатты қалыптастыруда,эрозияға қарсы және адамдар денсаулығына әсер етуде маңызы зор.Ормандар құрлықтың 30 пайызын алып жатыр.Негізгі орман алқаптары Азияда,Австралияда,Оңтүстік Америкада орналасқан.

Дүние жүзілік орман ресурстары екі басты көрсеткішімен сипатталады:

  1. Орман аудандарының көлемі бойынша(4,1млрд.га немесе шамамен құрлық аудандарының 27пайызы).

  2. Ағашының қорымен(350млрд.м куб) бұл көрсеткіш шаруашылықта қолданудың өсуінің нәтижесінде жыл сайын 5,5 млрд.м кубқа өсіп отыр.

Ағаш сүрегін өндіруде Азия,Оңтүстік және Солтүстік Америка бірінші дәрежелі маңызға ие.Ал,орман ресурстарына тапшы елдер қатарына Катар, Бахрейн,Ливия елдері жатады.

  1. Ормандардың біршама үлкен қоры Еуразияда сақталған.Бұл шамамен дүние жүзілік орман қорының 40пайызын,жалпы ағаш сүрегінің 42 пайызын, соның ішінде бағалы ағаш түрлерінің 2/3 бөлігін құрайды.

Дүние жүзілік орман ресурстарын шаруашылықта қолданудың артуына байданысты жыл сайын оған қауіп көбейіп барады.200 жылда орман алқабы кем дегенде 2 есеге азаяды,жыл сайын 125 мың шаршы шақырым алқапты

орман құртылады.Орман ресурстарының сарқылуына әсер ететін негізгі

факторлар:адамның шаруашылық әрекеті,табиғи және антропогендік апаттар.

Орман ресурстарына ағаштар,өсімдіктер,бұталар жатады.Дүние жүзі ормандарын зор қашықтыққа созылған екі белдеу – солтүстік және оңтүстік

орман белдеулері құрайды.Солтүстік белдеуде қылқан жапырақты орман,

аралас ормандар да,ал оңтүстікте жалпақ жапырақты ормандар қалыптасқан.

Дүние жүзілік мұхит ресурстары.

Дүние жүзілік мұхиттың негізгі ресурстарына биологиялық,минералдық және энергетикалық ресурстар жатады.

Биологиялық ресурстар – бұл мұхит суында тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.Дүние жүзілік мұхиттың биомассасын 140 мың түр құрайды,л оның жалпы көлемі 35 млрд.тоннаға тең.Дүние жүзілік мұхиттың

биоресурстары өте алуан түрлі болып келеді.Қолданылу ауқымы мен маңызына байланысты олардың ішінде нектон(су бетінде қалқып жүретін жануарлар),балықтар,малюскалар,кит тәрізділер бар.

Минералдық ресурстар.

Дүние жүзілік мұхиттың минералдық ресурстарын мұхиттың өзінде орналасатын және мұхиттан өндірілетін деп бөлуге болады.Дүние жүзінде минералдық ресурстардың көптеген түрі кездеседі.Теңіз түбінен өндірілетін барлық ресурстардың 90 пайызы мұнай мен газ.

Дүние жүзілік мұхиттың энергетикалық ресурстары 1-ден 6 млрд.кВт/сағатқа барады.мұнай мен газдан басқа да пайдалы қазбалар мұхит түбінде кездеседі.

Табиғи рекреациялық ресурстар.

Демалыс,туризм және сауықтыру мақсатында қолданылатын табиғи нысандар:рекреациялық ресурстарға шипажайлар,курорттық орындар, тарихи-сәулет ескерткіштері,мұражайлар жатады.Мысалы: Версаль сарайы, Афины Акропольі,Египет пирамидалары.

Агроклиматтық ресурстар.

Ауаның актив температуралары жиынтығының +10 градустан жоғары көрсеткіштеріне,өсімдіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты.

Ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейі дегеніміз – табиғат ресурстарының шамасы мен пайдаланылу мөлшерінің арақатынасы.Ол жердің геологиялық құрылысына және орналасуына байланысты.

Адамзаттың өмір сүруі пайдалы қазбаларды өндіру мен оларды керектеріне пайдалануына байланысты.Жер қойнауы байлықтары өнімдері 180-нен астам үлкенді-кішілі жеке,дербес мемлекеттер ішінен тек 20

мемлекетке ғана қарасты екендігі анықталып отыр.

Жер қойнауындағы байлық қорының өсуі – кейбір өзгеше жағдайларға байланысты.Мысалы: мыс кені XX ғасырдың орта шенінде күрделі 115 кен

орындарында бар деп есептелінетін.Ал,XXғасырдың аяғында тек 12 күрделі

мыс кен орындарының қалғандығы анықталды.

Екіншіден,кен сілемдерінің геологиялық,техникалық және гидрогеоло-

гиялық қолайсыз жағдайларының үстемдігі,кен қоры мөлшерінің көбеюіне

керісінше ықпал етеді.

Үшіншіден,кен өндіру,байыту,өндеу және пайдалы компоненттерді айырып алу процестерінің біршама қиындыққа ұшырауы да кен қорын аз

мөлшерде пайдалануға мәжбүр етеді.

Төртіншіден,ең терең платформалар тау жыныстары қабаттарында кездесетін пайдалы қазбаларды барлау – тиісінше кен қорын анықтауды қажет етеді.

Бесіншіден,барлау жұмыстары нәтижесінде табылған пайдалы қазбалардың өте алыс аймақтарда орналасуы да әзірге өндіру жұмыстарын біршама кідірте тұруды қажет етеді.

Қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзілік тау-кен өндірісінде Д.И.Менделеевтің химиялық кестесінің барлық элементтері өндіріледі.Тау-кен өндірісінің негізін анықтайтын – темір кені болып есептелінеді.Бұл кен-

нің халық шаруашылығындағы пайдалану көлемі барлық пайдаланылатын металдар көлемінің 68 пайызы деп есептелінеді.

Ал,алюминий,марганец,мыс,мырыш,магний,қорғасын,барий,хром,титан, кремний кендерін пайдалану көлемі – 8,75 пайыз,азот,хлор,күкірт,фтор – 22,6 пайыз,қалған 38 элементтерге тиесілі тек қана – 0,65 пайызды құрайды.

Қазіргі кезде жер қойнауындағы ресурстар қорының күрт азаюы бүкіл дүние жүзі халықтарын алаңдатып отыр.

Минералдар.

Минералдар – физикалық немесе химиялық тұрғыдан дербестелген,яғни физикалық молекулалар құрайтын,жер қойнауларындағы химиялық әрекет өнімдері.Маңызды мәселе.табиғи минералдар мен қатар бүгінгі таңда лабораториялық жағдайларда жасанды минерал кристалдарын «өсіру» тәжірибесі жақсы жолға қойылған,олар іс-тәжірибеде жиі қолданылады.Әсіресе асыл тастарды «өсіру» жақсы жолға қойылған.

Табиғи минералдар екі топқа бөлінеді:органикалық және бейорганикалық минералдар.Органикалық минералдардың жаралу тегі органикалық тіршілікпен байланысты,оларға негізінен көміртегіден және оның қосындыларынан тұратын минералдардың шағын тобы жатады(көмір, графит,шайыр,зәмзәм).Минералдық түзілімдердің басым көпшілігі

бейорганикалық қосындыларға жатады.

Минералдардың қаттылығы – минералдың кристалдық тор

ерекшеліктеріне тікелей байланысты бола отырып,олардың өздерінен

қаттырақ денелер тарапынан тигізілген механикалық әсерге қарсылық көрсету қабілеті.

Минералдың түсі – минералдарды анықтау және сипаттау барысында қолданылатын олардың өте маңызды қасиеттерінің бірі.

Минералдың жалтырлығы – минерал кристалдарының жарық сәулесін сындыру(шағылыстыру) қабілетімен сипатталатын физикалық қасиеті.

Минералдың меншікті салмағы – минерал салмағының сол минералдың

көлеміне қатынасымен өлшенетін шама.

Минералдың мөлдірлігі – оның жарық сәулесін өткізу қабілетімен анықталады.

Табиғи таза элементтерге құрамы бір ғана химиялық элементтен тұратын минералдар жатады.Жер бетінде 30-дан астам табиғи таза

элементтер ұшырасады.Олар жер қыртысында үлес салмағы 0,01 пайызды ғана құрайды.

Металсыз пайдалы қазбалар(металсыз кендер)қатарына көптеген минералдар тобы немесе тау жыныстары жатады.Олар өндірістерде пайдаланылу жағдайларына сәйкес химиялық және агрономиялық шикізат, техникалық немесе индустриялық флюстер мен от-жалынға және қызулыққа төзгіш және құрылыс материалына қажетті шикізаттар болып бөлінеді. Металсыз пайдалы қазбалардың құндылығы – олардың физикалық қасиеттеріне байланысты анықталады.Мысалы:асбестің құндылыңы – оның,яғни минерал талшықтарының ұзындыңына,слюданың жұқа қатпарлы ауданы мөлшеріне және олардың мөлдірлігіне байланысты анықталады.

Металсыз пайдалы қазбалардың бір ерекшелігі – олар өндірістің барлық салаларында қолданылады.Олар бір-бірімен алмастырылып та қолданыла береді.Жалпы металсыз пайдалы қазбалардың жылдық өнімі және жалпы бағасы металды кендерден әлдеқайда асып түседі.

Химиялық және агротехникалық шикізаттар қатарына жататындар:натрий,азот қышқылдары немесе натрий тұзы және калий.

Құрылыс шикізаттары флюстер және от-жалынға,сонымен бірге ыстыққа төзгіш тау жыныстары жер бетінде көптеп тараған минералдар - материалдар.Флюс материалдары металлургия өндірісінде қоқыстар түзуде және оның құрамын реттеуде,яғни бос тау жыныстарын немесе тотықтанған металдарды бір-бірімен байланыстыруда шахтаның құрамына енгізілетін

минерал шикізаттары.Олардың қатарына әктас,қышқылды шақпақ тастар, бейтарапты алюминий тотығы қосылады.

Мұнай және табиғи газ ресурстары.

Мұнай мен газ – маңызды энергия көздері болып есептелінеді.Газдың екі түрі бар – табиғи газ – таза газ орындары және мұнаймен қосарласа жол-

жөнекей өндірілетін газ,яғни мұнай ішінде ерітінді ретіндегі газ,тиісінше 1 т мұнай өндірілгенде 100-150 м куб газ айырып алуға болады.

Мұнай дегеніміз – негізі күңгірт-қоңыр,қара-қоңыр түсті сұйық май тәріздес,өзіне тән өткір иісі бар шикізат.

Оның қызғылт немесе жасылдау бірде қара,қызыл,көк,ақ,тіпті мөлдір су

тәріздес түрі де іс жүзінде кездесе береді.Мысалы: түсі аппақ немесе мөлдір

су тәріздес түрі Бакудің Сурахандағы және бірнеше Алжирдегі мұнайлар. Қайсібір мұнай көздерінде парафин көлемінің өте көптігінен мұнай өте тығыз қоймалжың және қатыңқы болып келеді.Мұнай – жеңіл(тығыздығы

0,9г/см куб) және ауыр болып екіге бөлінеді.Өте ауыр түрі(тығыздығы 1,04 г/см куб) өте сирек кездеседі(Калифорния мұнай аймағы).

Жалпы мұнайдың ақшыл түстісі,оның жеңіл түріне жатады,көбінесе оның құрамында бензин және керосин болса,ал ауыр келетін мұнайдан трактор жанар майы,битум,мазут сияқты түрлі жағар майлар айырып алынады.Жеңіл мұнай насостар немесе фонтан арқылы өндірілетін болса,мұнайдың өте ауыр түрі жерасты арнайы қазбалар арқылы өндіріледі(Коми АССР – Ресей – Ягер

мұнай ауданы).

Мұнайдың барлық түрлерінің тоңазу межесі орташа есеппен +11 градустан -20 градусқа дейін,жеңіл мұнайлар +100 градуста қайнай бастайды.Ал,ауыр мұнайлардың қайнау мөлшері одан жоғарырақ.

Мұнай мен газ жеке күрделі сілем ретінде орналаспаған(пайда болмаған), керісінше олар тау жыныстары(сілемдері) ішкі жіктерінде,қуыстарында, өте ұсақ тастар арасында жинақталған.

Мұнайдың құрамы – көміртегі мен сутегі қоспасы(парафиндер,нафтендер және ароматты көміртегі мен сутегі).Мұнайдың негізгі сорттары 80-87% көміртегі,10-14% сутегі,0-5% күкірт,0-3% оттегі мен 0-2% азоттан құралған.

Мұнай мен газ шөгінді түрде пайда болған,яғни шөгінді тау жыныстарында,үстіңгі жағы төзімді келген жер қойнауы сілемдері – ерте

Замандағы және жас платформалары,олардың тақта тәріздес түрлері – тау бөктерлеріндегі ойпаттарда және шет жақтарындағы (бөктерлеріндегі) ойпандарда пайда болған.

Мұнай мен газ әрдайым қосарлана кездеседі,яғни олардың пайда болу процесі бірдей.

Мұнай шикізат көздері Италияда(Сицилия аралын қоса есептегенде),

Балқан түбегінде,Албанияда белгілі болған.Мұнай өндіру жұмыстары Апшерон түбегінде де жүргізілген.

Орта ғасырда мұнайды құдық қазу арқылы өндіре бастаған.Содан кейін

200-300 метр скважиналар арқылы Солтүстік және Орталық

Италияда,Германияда мұнай өндіру жұмыстары жүргізіле бастаған.

Украинадағы Карпат таулары төңірегінде XVIII ғасырда мұнай өндіріле бастаған.

Мұнайдың ашылған 100 көзінің 99-ы теңіз түбіндегі шөгінді тау жыныстарында орналасқан,су ең төменгі қабатта,мұнай судан жеңіл және суда ерімейтіндіктен оның үстінде(ортадағы қабат),ал газ өзінің жеңілдігі

мен суда өте аз мөлшерде еритіндігіне байланысты ең үстіңгі қабатқа,мұнай үстіңде орналасады.

Өте терең жатқан жер қойнауынан(мантия) жоғары дәрежедегі ыстықтың әсерінен көміртек пен сутектен көміртекті-сутегі радикалы пайда

болады,олар жер бетіне жақын қабаттарға көтеріліп сутегімен қосылып,әр

түрлі мұнай шикізаттары пайда болады.Мысалы: Үнді мұхитының түбінен(астынан) жер қойнауы бұзылыс жүйесінен фумаролдарда және Камчатканың жанартаулары кратерлерінде мұнай көзі табылған.

Аймақтардағы мұнайдың нақтылы қоры есеп бойынша төмендегіше анықталған,млрд т(жақшаның ішінде болжамды ресурс қоры): Таяу және Орта Шығыс мемлекеттері – 54(72),ҚХР,Шығыс Еуропа мемлекеттері – 11(22),Оңтүстік Америка – 12(20),Солтүстік Америка – 5(17),Батыс Еуропа,Африка,Австралия мемлекеттерін қоса есептегенде – 13(39) тең деп ұйғарылған.Егер социалистік қоғам құрған мемлекеттерді қоспай,тек басқа

капиталистік және өркендеу үстіндегі 57 мемлекеттер аймақтарындағы іс жүзінде дәлелденген мұнай қорын есепке алғанда – 110,5 млрд.тоннаны құрайды.Олардың ішінде дәлелденген мұнай қоры,млрд.т есебімен: Сауд Арабиясында – 24,Кувейтте – 11,Мексикада – 8,Иранда – 6,5,Иракта – 6, АҚШ-та – 4,5,Біріккен Араб Әмірлігі мен Венесуэлада – 4/2-тең,Ливияда – 3, Нигерияда – 2-ден артық.Жоғарыда көрсетілген капиталистік мемлекеттерде мұнай қоры көздерінің шоғырлануы 90 пайызды құрап отыр.

Бірегей (өте сирек кездесетін) өз ерекшеліктері бар мұнай көздері: Кувейттің Үлкен Бурган көзі – 8 млрд.тоннадан артық,Сауд Арабиясындағы Гавар көзінде – 4,2млрд т,Иракта Румейл және Солтүстік Румейлде – 3,2 млрд.т мұнай көздері бар екендігі анықталған.Жер шарындағы құрлықтарда келешегі бар болжамды мұнай көздерінің 60 пайыз шамасында орналасқандығы да анықталып отыр.

Жалпы мұнай мен газ жер бетінен 3 км артығырақ тереңдікте

орналасқандығы,100 градус ыстықта және өте жоғары қысымда органикалық

заттардың көміртегі-сутегі түріне айналатыны анықталып отыр.

Енді мәлімет ретінде,Қазақстан Республикасындағы мұнай мен газ шикізаттары зерттеліп,скважиналар бұрғыланып,қоры есептелінген өндіріс саласына енгізілген орындарға тоқтала кеткен жөн:

Орал-Жем мұнай және газ бассейні – 500 мың шаршы шақырым

ауданыды алып жатыр.Оның ішінде Атырау,Батыс Қазақстан,Ақтөбе облыстары кіреді.Солармен қатар шекаралас Астрахань,Волгоград,Саратов

облыстарының және Қалмақ Республикасы аудандары да қосылады.

Жем бассейнінде мұнай мен газдың шоғырлану тереңдігі 50-ден 2417 метрге дейін,негізгі қорлары орташа есеппен 800 м тереңдікте жатыр.Бұл бассейнде 91,3% көлемде мұнай насостар арқылы алынатын болса, 6,7% скважина фонтондары арқылы алынады.

Мақат – Жемдегі ең негізгі ерте іске қосылған мұнай өндірісі.Оның мұнайы жоғары дәрежелі отынның бірнеше түрін және түрлі жағар майлар алуға сапалы екендігі,әлі де мұнай шикізатын өндіру жалғаса беруде.Мақат мұнайына тектес Доссор,Сағыз және т.б.мұнайлы аудандарды атауға болады.

Құлсары – Жем бассейніндегі ең ірі мұнай өндіріс орны.Бұл өндірісте –

40% Жем бассейнінің жылдық мұнай көлемі өндіріледі.Оның ішінде 70%-ы

арзан,әрі өнімді ондаған скважиналардан фонтандау негізінде өндіріледі.

Прорва – Жем бассейніндегі ең ірі мұнай қоры орындары қатарына жатады.Смола тәріздес мұнайдың ең негізгі құрамы – бензин мен әр түрлі майлар фракциясы,21 бұрғыланған скважиналардан фонтандаған мұнай өндіріледі.Мұндағы мұнай көзінің бір ерекшелігі – мұнаймен қосарлана өндірілетін газ құрамында өте жоғары деңгейде,яғни 82%-ке дейін метанның және ең жоғары дәрежедегі көміртектің 12%-шамасында болуы.

Маңғыстау мұнай және газ бассейні - өзен аса ірі мұнай және газ көзі екі қабатта жинақталған:бірінші үстіңгі қабатында газ,төменгі қабатында мұнай.

Жалпы тереңдігі 1100 м шамасында.Мұнай қабатының қалыңдығы – 300 м.

Қарамандыбас мұнай және газ көзімен қоса есептегенде,өнім беретін қабаттар ұзындығы 40 км-ге тең деп анықталған.

Жетібай – аса ірі мұнай және газ көзі.Өзеннен батысқа қарай 85 км жерде ашылған.Мұнай мен газ қалыңдығы бірнеше қабат тереңдікте орналасқан.Олардың үстіңгі қабаттарында газ,төменгі қабаттарында мұнай орналасқан,жер үстінен тереңдігі 1246-2405 м аралығында.

Өзен мен Жетібайдың мұнай қоры мен өндіру қарқынын есепке алғанда, қазірдің өзінде бүтін Әзірбайжан мүнай өндірісіне тепе-тең келетіндігі

дәлелденген.

Соңғы жылдары Оңтүстік Маңғыстау өңірінде Теңге және Тас

мұнай көздері ашылған.Солтүстік және Солтүстік-батысында келешегі мол Каримен,Дөңге,сенек,Қалымбай,Құмды,Жаға мұнай және Оймаш газконденсатты көздері бар.Олардың тереңдіктері орташа есеппен – 3000-3200 м деп есептелуде.

Батыс Қазақстанда жаңадан ірі әш газ көздері табылған.Олар: Жаман

Қоянқұлақ,Жақсы Қоянқұлақ және Шөмішті.

Соңғы жылдары Маңғыстау түбегінен гидрогеологтардың скважиналар

бұрғылау барысында өте көлемді ауыз су мен техникалық суқоры табылған.


II.Негізгі бөлім:

Газдың нақтылы анықталған Дүние жүзілік ресурсы қоры – 103 трлн м кубқа тең деп есептелінген.Ал,жорамал бойынша оның көлемі 250 трлн.м кубтан да артық деп болжануда.Мемлекетаралық үлес көлемі,% есебімен:ТМД елдерінде – 43,Сауд Арабиясы – 3,5,Таяу және Орта Шығыс – 25,оның ішінде Иран – 12,Катар – 4,Оңтүстік және Солтүстік Америка құлықтары – 13,оның ішінде АҚШ – 5,Канада – 3-ке тарта,Батыс Еуропа елдері – 8-ден артық,оның ішінде Норвегия – 3,Африка елдері – 5,5,ал Алжир – 3,қалған Оңтүстік және Батыс Азия,Австралия және Океания мемлекеттері – 5,5.

1987 жылғы есеп бойынша социалистік мемлекеттерді қоспағанда,

капиталистік дамыған және өркендеу жолындағы мемлекеттер үлесіне 59 трлн м куб газ тиетін болса,оның ішінде жартысынан көбі Иран – 14,АҚШ – 5,6,Алжир – 3,Канада – 3,Мексика – 2,2,Норвегия – 2,2 трлн м куб

үлестеріне тиіп отыр.

Сонымен ТМД мемлекеттерінде мұнай мен газдың ең көлемді қорлары орналасқанын көруге болады.ТМД аймақтарында мұнай мен газдың үлкенді-кішілі 2000-нан астам кен орындары белгілі.Жылына 80-90 мұнай мен газ көздері ашылып,мұнай мен газ қнімін көбейте түсуде.ТМД мемлекеттері аймақтарындағы зерттеліп,ашылып,өндіріс саласына қосылған мұнай мен газ көздері Орал мен Еділ аймақтарында – 500-ге тарта,Батыс Сібір аймағында – 300,Солтүстік Кавказ және Әзірбайжан аймағында – 300, Орта

Азия мен Батыс Қазақстан аймағында – 150,Шығыс Сібір,Украинаның 3 аймағында және жеке-жеке облыстар аудандарында – Тюмень – Печора, Припять,Балтық жағалауында,Курил-Колхида,Ангар-Лена,Вилюй(газ) және Сахалин облысында орналасқан.Қазіргі таңда мұнайдың шоғырланған қоры Еділ мен Орал және Батыс Сібір аймақтары,газдың 2/3 бөлігі қоры Батыс

Сібірдің солтүстік жағында,Орта Азия мен Алдыңғы Кавказда орналасқан.

Мұнай мен газдың көп көлемді қоры соңғы ширек ғасырда Батыс Сібір тақтасы мезозой дәуірі шөгіндісінен анықталған.1953 жылы бірінші рет өндірістік газ өндірілген.Осы аймақта 1963 жылы Тюмень облысының солтүстігінде бірегей,өте ерекше келген Тазов газ көзі ашылған.

Біраз уақыттан кейін сол аймақта бірнеше,өте ерекше Уренгой,Ямбург, Заполярное,Медвежье,Губкин газ қоры және Самотлор мұнай көздері,ал 1963 жылы Березов газ,1964 жылы Усть-Балық,Трехозерное және Мегион

мұнай көздері ашылған.Жалпы Батыс Сібір аймағында 450-ден астам мұнай,газ және газоконденсат көздері ашылған.

Еділ – Орал аймағындағы мұнай мен газ көздері (орындары) Орал мен

Еділ аралығындағы Шығыс Еуропа платформасының оңтүстік шығыс бөлігі мен Алдыңғы Орал тауы бөктеріндегі ойпаңда орналасқан.

Орта Азия және Батыс Қазақстан аймақтарында мұнай мен газдың көлемді қорлары,Батыс Сібір аймақтарына ұқсас,негізінде мезозой дәуіріндегі шөгінділер арасында шоғырланған.

Каспий теңізінің арғы жағында 1872 жылы Челекен атты мұнай көзі ашылып,1904 жылы Ферғанадағы Чимпионнан ең алғашқы мұнай

өндірілген.Құм-Даг мұнай және газ көзі 1949 жылы,ал Қотыртөбе(Ленин 1959 жылы),1953 жылы Бұхара маңынан Қаған тобы және Газли газ көздері ашылған.1959 жылы мамыр айында Қарақұм орта жерінен,Дарваз поселкесінің маңынан газ фонтаны атқылап,1962 жылы Маңғыстау түбегінде Жетібай,кейінірек Өзен мұнай көзі ашылған.Мұнайдың ең көлемді қоры – Маңғыстау ауданы мен Батыс Түркменстан жерінде,ал газ – Шығыс Түркменстан жерінде(Шатылық және Газли) шоғырланған.

Тиман – Печора облысы Еділ-Орал аймағының солтүстік жағында орналасқан.Бұл облыстың келешегінің зор екендігі 1962 жылы Буктыль газ кені,Батыс Тэбук және Пашнин мұнай көзі ашылуымен байланыстырылады. Солтүстік Кавказ аймағында мұнай мен газ кендері Құм жағалауында,Батыс Кубань және Тер – Сунжа аудандарында орналасқан.

Әзірбайжан аймағы ең ертеден келе жатқан мұнай мен газ өндірілетін ірі аймақ.Ең негізгі мұнай шоғырланған – Апшерон түбегі мен оның маңындағы Каспий теңізі айдынындағы Мұнайлы Тастар,Жылой,Дарвин Банкесі аралдары қосылады.

Украинада 3 мұнай мен газ аймақтары ашылған.Олар – Днепр – Дон ойпатында(1937 жылы Ромна ойпаты),Карпат және Қырым – Қара теңіз

аудандарында 50-ге тарта мұнай және газ көздері ашылып,олардың өнімі

80% шамасында.Карпат мұнай мен газ аймағына Карпаттың арғы беті,Украинаның Карпат ауданы,Карпат маңының шығыс жағындағы Волынь-Подолль бөлігі аудандары кіреді.

Солтүстік Каспий мезозой дәуірінің шөгінділер аймағы(Кеңқияқ), Сахалин аралдарындағы кайнозой дәуіріндегі үштік кезеңінің неогенді миоцен қабаттарында 35-тен астам мұнай және газ шоғырланған.

Біршама мұнай мен газ қоры Румынияда Мойнешті мұнай,Плоешті және Бальтен облыстарында мұнай және газ,Трансильванда газ,Қытай Халық Республикасында Дацин,Ляохе,Даган,Шанли,Чжунь-Ань аймақтарында мұнай көздері бар.Сонымен жоғарыда айтылғандай,бүкіл дүние жүзінде ең

бірінші бұрғыланған скважина 1848 жылы Бақы(Баку) маңында болатын.Осы жылдан бастап,мұнай өндірісінің өркендеуі деп есептелінеді.

1860 жылы Жер жүзінде 5 мың т мұнай өндірілген болса,1910 жылы тек Ресейдің өзінде 10 млн т шамасында,ал бүгінгі уақытқа дейін 10-12 млрд т,ал бүкіл жер жүзінде одан 7 есе көп өндіріліп отыр.Мұнай өндірудің Дүние

жүзілік қарқыны 1979 жылең жоғары деңгейге жетіп,мұнай көлемі 3,1 млрд тоннаға жеткен.Әрине,соңғы 40 жыл ішінде талай-талай ауытқулар салдарынан мұнай және газоконденсат өндіру қарқыны да әртүрлі нысанаға жеткенін байқауға болады.

Мұнай өндіру мөлшерлері әрбір мемлекетте өзгеше болып келеді.Мысалы: Қытай Халық Республикасында 0,1 млрд тоннадн астам,ТМД-да болса 0,6 млрд тоннаны құрайды.

Мұнай концессионерлерінен құтылып,оны өз игілігіне пайдалануға көшкен Иран,Венесуэла,Кувейт,Сауд Арабиясы,Оман,Бахрейн – мұнай өнді-

рісін өз қолдарына алу мақсатында күрес жүргізуде.Мұнай монополиясынан зардап шекпеу мақсатында жоғарыда келтірілген мемлекеттер «мұнай экспорты» атты мемлекеттер қоғамы (ОПЭК) құрылуының себебі де осында(организация Стран – экспортеров нефти).

Дүние жүзіндегі мұнайдың аса ірі қорын иемденетін елдер:

Сауд Арабиясы – 43,1млрд т; Мексика – 8,5млрд т;

Ирак – 16,7млрд т; Ресей – 6,7млрд т;

БАӘ - 16,2млрд т; Қытай – 4,0млрд т;

Кувейт – 15,7млрд т; АҚШ – 3,8млрд т;

Иран – 14,9 млрд т; Ливия – 3,8млрд т;

Венесуэла – 10,3млрд т; Нигерия – 3,0млрд т;

Норвегия – 1,6млрд т; Алжир – 1,5млрд т.

Дүние жүзіндегі табиғи газдың аса ірі қорын иемденетін елдер:

Ресей – 48,0трлн м куб; Алжир – 3,6трлн м куб;

Иран – 20,7трлн м куб; Венесуэла – 3,6трлн м куб;

Катар – 7,0трлн м куб; Ирак – 3,1трлн м куб;

БАӘ - 5,3трлн м куб; Канада – 2,2трлн м куб;

Сауд Арабиясы – 5,1трлн м куб; Норвегия – 2,0трлн м куб;

АҚШ – 4,5трлн м куб; Мексика – 1,9трлн м куб;

Нигерия – 4,0трлн м куб; Малайзия – 1,9трлн м куб;

Нидерланды – 1,8трлн м куб; Индонезия – 1,8трлн м куб,

Қытай – 1,6трлн м куб; Кувейт – 1,5трлн м куб.

Көмір және жанатын сланец ресурстары.

Көмір қазындысы ерте замандағы өсімдіктер қалдықтарынан пайда болған.Ол өндіріс саласында энергетикалық отын ретінде технологиялық

және химиялық өндірістерде пайдаланылатын біркелкі қатты шикізат.

Бұл анықтама тек қара көмірге ғана емес,ол жанатын сланецтерге қатысы

бар екендігі белгілі.Осыған сәйкес олардың тұтанып толық жанғаннан кейін қалатын күлі көлеміне байланысты ажыратылатындығы іс жүзінде белгіленген.

Қазақстан жерінде ең ірі қоңыр көмір қоры Обаған(Торғай) бассейнінде

Қостанай облысы,Обаған өзені жағасында Қарталы теміржолына жақын жерде ашылып отыр.

Приишим бассейнінде көзге түсетін қоңыр көмір өорлары Былқылдақ, Жаныспай,Қызылтал-Савин,Мхатов және Қарашелек.Бұлар жер бетінен тереңірек орналасқан.

Майкөбе қоңыр көмір бассейні – Павлодар облысының Баянауыл

ауданында Екібастұздың оңтүстік жағында 40 км жерде

орналасқан.Мұндағы көмір жоғары сапалы көмір болып есептелінеді.

Сланец пайда болу орындары көп болғанымен,олардың ішінде ең маңыздысы – Кендірлі кен орны.Республика бойынша сланец ресурсы қоры – 217 млн тоннаны құрайды.

Таскөмір – қоңыр көмірдің антрацитке айналуындағы орта жерінде пайда болған шикізат.

Жалпы жер асты көмір қабаттарынан газ өндіру мақсатында қазір

Ресейдің Кан-Ачин және Кузнецк бассейндерінде,Ангренде тиісті

қондырғылар арқылы тәжірибе жұмыстары жүргізілуде.

Таскөмірдің әлемдік геологиялық ресурсы қоры – 9,4 трлн т деп есептелінген.Оның ішінде ТМД елдерінде - 4,6 трлн т немесе отынның шарттық есебі бойынша 3,9 трлн т ТУТ-қа тең.ТУТ=1 кг шартты көмір отынының 29310 кДж жылу бөлетініне тең.

ТМД елдеріндегі ең негізгі таскөмір бассейндері – Украинада Дон,Қазақстанда Қарағанды,Ресейде Оңтүстік Якут,Минусин,Бурейн.Өте ерекше келетін және келешегі мол ресурсты – Тунгусек,Лена,Таймыр

бассейндері.

Шет мемлекеттердің ішінде ең көлемді анықталған қоры АҚШ-тық Аппалач және Пенсильвания бассейндері,Германияның Рур,Польшаның Жоғарғы Силезия,Чехияның Острав – Карвин(Жоғаоғы Силезияның жалғасы),Қытай Халық Республикасының Шаньси,Ұлы Британияның Оңтүстік Уэль бассейндері.

Жалпы Қарағанды көмірінің жылу бөлу қабілеттілігі Кузбасс және

Донбасс көмірлерінен кем түспейтіндігі іс жүзінде анықталған.

Антрацит – ең көбірек өзгерістер барысында пайда болған отын,яғни көмірдің бір түрі.

Жалпы барлық көмірдің жер қойнауындағы ресурсы қоры – 15трлн т деп

есептелінсе,оның жартысы,яғни 7трлн т қоры ТМД мемлекеттері территориясында шоғырланған.

Бүкіл жер жүзінде 3600-ден астам көмір бассейндері мен көмір пайда болған орындар бар.Олардың барлық қосынды ауданы жер шарының 15% құрлық бөлігінде орналасқан.Бұрынғы КСРО –да 30 көмір бассейні және 450-ден астам жеке көмір қоры орындары анықталып отыр.Гоелогтардың тұжырымдауы бойынша көмір шикізатының пайда болуын,орналасуы мен

шоғырлануын екі дәуірге бөледі:соңғы палеозой(карбон және пермь кезеңдері) және соңғы мезозой(юра мен бор кезеңдері).

Дүние жүзілік көмір ресурстарының ең көп шоғырлануы – Азия,Солтүстік Америка және Еуропа құрлықтарындағы өте күрделі жеті бассейнде орналасқан.Ал,қазір олардың әрқайсысында кем дегенде 0,5трлн т көмір қоры бар екендігі анықталып отыр.

ТМД елдері территорияларындағы көмір қорының орналасуы,геология-

лық барлау жұмыстары нәтижесінде төмендегіше анықталған:ең көп көмір

қоры Еуропалық бөлігінде – 27%,ал 73%-ы Шығыс аймақтар үлесіне тиіп отыр.Дүние жүзіндегі ең ірі 7 көмір бассейндерінің бірі – шығыс аймақтағоның қорлары трлн т: Лена – 2,7,Тунгус – 1,8,Кан-Ачин – 1,2 және Кузнец – 0,6(1 кг көмір отыны 29310 кДж/кг жылу бөледі деп есептеуге болады.

Жер шарында әлі де барланбаған,ашылмаған және зерттелмеген көмір кен орындары бар екендігі жорамалданып отыр.Қалай болғанда да көмір

өндіру қарқыны жыл сайын өсе түсуде.Осыған сәйкес 2020 жылы қарсаңында өндірілген көмір көлемі – 13 млрд тоннаға жетеді деп болжануда.

ТМД елдерінде ең күрделі және алдыңғы қатардағы көмір бассейні Донбасс болып есептеледі.Бұл бассейнде көмір қоры – 96 млрд т,ал көмір өндіру саласында бүкіл ТМД бойынша өнімнің 1/3 бөлігін береді.Донбаста

270 шахта жұмыс істесе,олардың 15-і тереңдігі 1200 метрге түсіп отыр.Жалпы Донбасстағы шахталар тереңдігі орташа есеппен 600 метрді құрайды.Аса зор маңызды көмір өндірістері қатарына жерасты тәсілі арқылы көмір өндіретін Печора,Қарағанды және Кузнецк бассейндерін атауға болады.Печора бассейні – Алдыңғы Орал бөктері ойысында орналасқан. Воркута,Интин,Воргашор және Хальмерюс көмір орындарынан 20 шахты арқылы көмір өндірілуде.Осы аталған шахталардың ішіндегі ең күрделісі – Воргашор шахтасы.Ол жылына 4,5 млн т.көмір өндіріп алады.

Кузбаста жер үсті тәсілімен қоса жер асты көмір өндіру тәсілі де қолданылады.Бассейнде – Антонов,Ильин,Кайзак және т.б. шахталар жоғары

өнімділіктегі шахталар қатарына қосылып отыр.

ТМД бойынша 150 көмір байыту фабрикалары жұмыс істейді.

Көмір өндірісі Дүние жүзінде алдыңғы шептегі өндіріс саласы болып

есептелінеді.60 мемлекетте көмір өндірілсе,олардың 10-ы бүкіл

халықаралық мамандандырылған өндіріс болып есептелінуде.


Уран ресурстары.

Уран U – химиялық элемент ретінде 1789 жылы неміс химигі М.Г.Клапрот ашқан.Оның аты сол кезде анықталған Уран(1781ж.)планетасына сәйкес қойылған.Д.И.Менделеевтың айтуы

бойынша «Басқа элементтерден уранның айырмашылығы оның – атом массасының ең жоғары дәрежедегі салмағы болуы.

Ең бірінше рет АҚШ Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына атом бомбасын жарыпғоның бұрын сонды адам баласы көрмеген қирату процесінің,атом энергиясының соншалықты көп екендігін дәлелдеді.АҚШ монополиясына қарсы КСРО өкіметі 1949 жылы атом,ал 1953 жылы сутегі(водород) бомбасын жасап шығарған.

Дүние жүзіндегі ең бірінші АЭС(атом электр станциясы) қуаты бір жүз мың кВт – тең болса,ал қазіргі Санкт-Петербург(Ленинград) АЭС-ы 4

реактордың әрқайсысынан 1 млн кВт,Курск АЭС – 3 млн кВт,Литва АЭС – 1,5 млн кВт-қа тең электр тогын өндіруде.

Дүние жүзінде ең бірінші болып КСРО-да ядер энергиясын жылы сумен қамтамасыз етуде Чукотка түбегіндегі Билибин АТЭЦ пайдаланылды(атом жылу электр орталығы).

Солай бола тұрса да,АЭС-ын пайдалану барысында қарама-қайшы

пікірлер орын алуда.Әрине,олардың ең негізгісі – АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріндегі АЭС-тердің әлі де болса қауіпті жағдайларының орын алып

отырғаны.Оған кейбір АЭС-тердегі жарылыс процесі себепші болуда.Алайдағмысалы:Франйияда 60% электр тогын өндіру АЭС-ның үлесіне тиіп отыр.Осы тұрғысында қауіп-қатерсіз құрылым және жаңа

технология негіздерінде,АЭС-ын Жер астына орналастыру шаралары іздестірілуде және ұсыныстар жасалынуда.

1945 жылға дейін уран кенін өндіру Чехиядағы «Рудные Горы», АҚШ-

тың Колорадо үстіртінде,Бельгия Конгосында Шинколобведе,Канадада Үлкен аю көлі маңы да ең маңызды аймақтар қатарына кіретін.Ал 1945 жылдан кейін өскелең бағытта жүргізілген барлау жұмыстары нәтижесінде жер шарының түкпір-түкпірінде көптеген уран кеніштері ашылған.Уран кенінің қорының әлемнің 24 мемлекетінде бар екендігі белгілі(ТМД және бұрынңы социалистік мемлекеттерді қоспағанда). МАГАТЭ-нің есебі бойынша,шартты және тиімді уран металы ресурсының қоры – 1,7 млн т деп

есептелуде.1 кг уранның орташа бағасы 80 долларды құрайды.Уран қорының 2/3 бөлігі өркендеген капиталистік мемлекеттерде орналасқан.Ал 5/6 бөлігі тек қана 7 мемлекеттер жерінде орналасқан,млн т есебімен,

Австралияда – 0,46, Оңтүстік Африкада – 0,3, Канадада – 0,15, Нигерияда – 0,18,Бразилияда – 0,16,АҚШ-та – 0,13, Намибияда – 0,1.Ал 1/3 бөлігінен

көбірек уран кен қоры – Африкада болып отыр.Ең негізгі және күрделі уран кен орындары төмендегіше анықталып отыр:Австралияның ең ірі мысты-алтынды-уран кен орындары Олимпик-Дэм(Оңтүстік Австралия) – 0,6 млн т және Джибалук – 0,2 млн т уран қоры бар;Оңтүстік Африканың Витватерсранд палеозой дәуірінің кембрийлік кезеңіне дейінгі алтынды табиғи жағдайда ұсақталған қиыршықты,үлкенді-кішілі тастақты тау жыныстарындағы(конгломерат) уран қоры – 0,3млн т;Канадада Элио-Лайк кенішінде уран қоры – 0,23 млн т,Сигал-Лайкте – 0,1 млн т,Ки-Лейк,Мидуэст,Раббит-Лейк уран кен орындары;АҚШ-тағы Колорадо үстіртіндегі уран қоры – 0,5 млн т,оның ішінде Амброзия-Лейк,Лагуна,Вайоминта аймағындағы,Газ-Хилл;Нигерияда Арлит,Акута, Имурарен кен орындарындағы уран кен орындары;Бразилияда Итатая,Лагоа- Реал кен орындарындағы уран кен орындары;Намибиядағы Россинг кен орнында – 0,3 млн т уран қоры орналасқан.

Жалпы жер жүзіндегі уран қорын триллиондаған тоннаға теңестіруге болады.1 г уранда 2500 млрд атом бар екендігі дәлелденген.

Уран кен орындарының Қазақстан территориясында да бар екендігі мәлім.Солтүстік Қазақстан уран кенді аймағында мезозой дәуіріне дейінгі кезеңдерде пайда болған бірнеше кен орындары бар.Олардың құрамында Ишим,Чистополь,Балқаш,Грачев,Алтыбай,Көксеңгір,Шат және Маныбай кен тораптары.Әр торапта бірнеше кен орындары барланып,олардың

геологиялық,кен сілемдері сипаттамалары анықталған.Бұл аталған кен

орындары аймағында уран кенінің пайда болуы мен шоғырлануы,яғни палеозой дәуірінің соңғы девон мен таскөмірдің бас кезеңдерінде пайда болуы б.з.б.340-360 млн жыл деп есептелінуде.

Мезозой-кайнозой дәуіріндегі депрессионды құрылымдарында уран кен орындарының негізгі орналасқан аудандары – Мыңқұдық,Мойынқұм,Қара-мұрын,Заречный,Қызылкөл,Көлзат,төменгі Іле,Семізбай,Лазарев,Гранитный,

Камишиново,Құмөзек,Кендірлі,Меловый,Томак,Тайбағар,Садырын, Ағаш, Тасмұрын-Ащысай болып саналады.

Сонымен уран кез келген елде болуы мүмкін және оны әр түрлі мақсаттарда да қолдануға болатындығы тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр.

Уранның негізгі көп шоғырланған аймағы әр жерде алуан түрлі.

Металды пайдалы қазбалар ресурстары.

Металды ғасырдың ең негізгі элементтері:

Д.И.менделеевтің 105 элементтері периодтық жүйесінің 85-і химиялық металды элементтер қатарына жатады.Олардың ішінде өте ыстыққа төзгілігі

және балқу температурасы өте жоғары металдар қатарына вольфрам,молибден,ниобий,осмий,тантал,рутений,родий,иридий,платина,т.б.металдар қосылатын болса,өте төменгі ыстықта балқитын сынап,алюминий,литий,магний,қорғасын,мырыш,қалайы,висмут,сурьма, кадмий металдары жатады.

Барлық металдар – қара түсті,түсті-қоспалы,сирек кездесетін және асыл

болып бөлінеді.Қара түсті металдар қатарына:темір,марганец және хром: жалпы түсті металдар қатарына:алюминий,магний,мыс,қорғасын,мырыш, қалайы,висмут,ртуть,сурьма,литий,берилий,ванадий,кальций,кадмий,никель, вольфрам,молибден,кобальт,тантал; асыл металдарға:алтын,күміс,платина; платиналық топқа:палладий,иридий,родий,осмий,рутений,т.б. жатады.

Жоғарыда келтірілген металдардың көптеген белгілі және халық шаруашылығында пайдаланылып келген негізгі түрлеріне қысқаша мәліметтер бере кетсем:

Темір – адам баласы алғашқыда метеорит темірін пайдалануы мүмкін.Жалпы әлем кеңістігінен жыл сайын жер бетіне мыңдаған тонна метеориттер түсетіндігі және олардың құрамы кем дегенде 90% темірден құралатындығы анық.Ең ірі метеорит «Гоба»,салмағы 60т,Африканың

оңтүстік-батысынан табылған.Әрі қарай темір кенін пайдалану,одан темір қорытып алу істері арнайы пештерде бұдан 5000 жыл бұрын басталған.Ол Арарат алқабында Мохрабеур төбешігінде зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында кездескен.Ол мерзімнен кейінірек анықталған мағлұматтар бойынша,Кавказдың сырт жағындағы халықтар бұдан 3500 жыл бұрын темір

кенінен арнайы балқыту пештерінде суық ауамен қоздату арқылы темір қорытқан.Орташа есеппен,бұдан 2400 жыл бұрын Боспор мемлекеті Керчь

түбегінде темір кенін өндіре бастағаны белгілі болып отыр.

Польшаның Свынтокши тауларындағы Лысая гора бөктеріндегі Слупа- Нова ауылының маңында ерте замаңғы металл қорытатын мұржалы пештердің болғандығы анықталған.

Ресейде XVII-XVIIIғ.аралығында темір кенін өндіру және оны қорыту процестері металлургия зауыттарында қарқынды жүргізіліп,олар Орал,Карел,Тула және Кривой-Рог кеніштерінен темір кендерімен қамтамасыз етіліп отырған.Темір ішкі мемлекет қажеттілігін қамтамасыз етумен қатар,шетелдерге де экспортқа(Англия және т.б. елдерге) жіберіліп отырған.

Бүгінгі таңда темір ең көп тараған және көпшілікке белгілі металл.Темір

ресурстарының көптігі соншалық,тек қана құрлықтағы үлес көлемі әрбір жер шары тұрғынына 700 т келетіндігі,яғни оның жалпы ресурсының қоры – 3,5

трлн т шамасында болады.

Жалпы «темір» санскрит сөзінен шығуы ықтимал,яғни «джалька» - «металл»,немесе «кен-руда».Ал латынша «темір – феррум» - «мықты қамал»

дегенді білдіреді.Нағыз таза темір – жұмсақ,ұсталық жұмысқа бейімделген,ақшыл күміс түсті,жалтырауық металл.Жоғары сапалы темірдің балқу температурасы – 1538градус,қайнау температурасы – 2872 градусты құрайды.

Табиғи жағдайда 500-ге жуық темірлі минералдар кездеседі,олардың 300-ден астамы – типтік темір минералдары.

Магнетитті кен ішінде темір мөлшері 50-70% аралығында.Палеозой

дәуірінің кембрийлік кезеңіне дейінгі шөгінді түрде пайда болған магнетит,гематит және мартит кендері шақпақ тастар қуыстарында және саңылауларында қосынды ретінде орналасады.

Металлургия өндірісінде домна пеші және басқа тәсілмен кен қорытылады.Табиғи кен қорыту – технологиялық процестерге сапа жағынан сай келмеуіне байланысты, оларды байыту процестерінен өткізеді.Мартитті кендерде темір мөлшері 55%-тен кем болмаса,оларды мартен тәсілімен қорыту процесі арқылы темір айрып алынады.Осы тектес мартен кендері – Оралдың Магнитогор,Высокогор,КМА(Курдің магниттік аномалиясы), Кривой-Рог,Соколов-Сарыбай кен орындарында кездеседі.

Титан-магнитті кендер құрамалы кендер қатарына қосылады.Құрамында 55%-ке дейін темір,20% титанның екіленген тотығы және ванадий бар.Бұлар байытуға өте жарамды кендер.Барлау жұмыстары барысында Оралда және Карелияда ашылған.

Гематитті және гидрогематитті кендерде темір мөлшері 50-68% аралығында,Олардың негізгі пайда болуы мен шоғырлануы – зоналары шақпақты темір тастардың жел әсерінен бұзылуы,мүжілуі процестеріне байланысты қалыптасқан.Ең негізгі қорлары – Украинаның Кривой-Рог және

Белоозер,КМА-ның Гостищев және т.б. кен орындарында табылған және

орналасқан.

Шақпақ тасты темір кенінің палеозой дәуірінің кембрийлік кезеңіне дейінгі уақытта жер жүзінде пайда болуы мен қалыптасуы жер шарының 3 белдеуін қамтиды: 1.Батыс белдеулік Шығыс Еуропаның Оңтүстігінен Солтүстік бағытын және Солтүстік мұхитты алып жатыр;

2.Солтүстік мұхиттың шығыс жағында Солтүстік және Оңтүстік Америка бағытын алып жатыр;

3.Атлант мұхитының оңтүстік жағы белдеуі.

Бірінші белдеулікте – КМА темір кені қоры орналасқан,яғни Кривой-Рог, Кремнечуг,Кола түбегінің,Бразилияның,Канаданың кен орындары

қосылады.Екінші белдеуде – Еуразияның Шыңыс аймақтарындағы және Бразилияның темір кені түйіні орналасқан.Бұл белдеудегі темір кенінің орындары – Колыма,Уссури өлкесі,Қытай Халық Республикасы,Бирма, Үндістан,Үнді мұхитының шығыс жағы және Батыс Австралия территориялары арқылы созыла орналасқан.Үшінші белдеулік – Еуразияны қиып өтіп,ені тар белдеулік ретінде Переней түбегінен бастап Франция, Шығыс Еуропа тегістігінің орталық және оңтүстік жағын қамтитын,яғни Батыс белдеулікпен қиылысқан жерінен бастап,әрі қарай Қазақстан және Оңтүстік Орал,Алтай өлкесі,Тува,Солтүстік Байкал жағалауы, Оңтүстік

Алдан,Шығыс және Батыс Саян,Станов қырқасы аймақтары арқылы өтіп,темір кені орналасқан.

Қайсібір жанар таулардың лаваларында өте көп мөлшерде темір кездесетіні анық.Сібір платформасындағы табылған темір кендері – жанартаулық екендігі мәлім.Мысалы: Ангара – Илим темір кен орындары

тобы.

Темір кенінің бүгінгі таңдағы ресурс қоры – 242 млрд тоннаны құрайды.Жалпы темір кені қорының 80%-ы 12 капиталистік мемлекеттер территорияларында орналасқан,млрд т есебімен:Бразилияда – 25,4; Үндістанда – 17,5;Оңтүстік Африка Республикасында(ЮАР) – 9,5;Ливияда – 5,6;Перуде – 4,9;Швецияда – 4,7;Францияда – 4;Ұлыбританияда – 3,1.

ТМД бойынша темірдің 87%-ке тарта кен қоры,тиісінше 80 кен орны Украина жерінде орналасқан.

Қытайда ең ірі және көлемді кен қоры – Аньшань және Байюань-Эбо аймақтарында орналасқан.

Бразилияда бай темір кендері – темірлі «төртбұрыш»өңірінде:Минас-Жерайс(Итабир),Серра-дус-Караджас,Моору-ду-Урукун кен орындарында орналасқан.

Үндістанда негізгі кен орындары солтүстік шығыс аймағында шоғырланған: Сингхбхум,ал елдің оңтүстік-батысында темір марганецті

кендері орналасқан.

Канаданың Ньюфаундленд аралының оңтүстік-шығысында оолитті Уобан,жалпы кен қоры 20 млрд т,ірі темір кен орны – Лабрадор түбегінде шақпақ тасты-магнитті және гематитті темір кен орындары орналасқан.

Австралияның Солтүстік-батысында Хамерсли және Пилбара темір кені бассейні орналасқан.

АҚШ-тың 90% шамасы барланған Жоғарғы көлдің батыс жағы маңында

өте сирек кездесетін Месаби-Рейндж,Миномайни-Рейндж темір кен

орындары орналасқан.

Францияда өте сирек кездесетін Лотарингия темір кені бассейні қажетті

көлемде металл өндіру зауыттарын қамтамасыз етіп отыр.

Оңтүстік Африка Республикасында жоғары сапалы гематитті 66% темірлі Трансваль кен орны орналасқан.

Швецияда жер жүзіндегі ең өте сирек кездесетін Кируна(Кирунавара) темір кен орны орналасқан.

Сонымен,темір кен орындары жер шарының барлық құрлықтарында кездеседі.Бүкіл әлемде темір кенін өндіру көлемі 906 млн т болса,оның 300 млн тоннасы бұрыңғы социалистік мемлекеттер үлесіне тиеді.Темір кені 54 елде өндіріледі.

Марганец кенінің негізгі көп шоғырланған орны – Оңтүстік Африка Республикасы,Австралия,Габон,Бразилия,ТМД елдерінде орналасқан.

Хром кенінің негізгі кен орындары – Украина,Куба,Югославия,ОАР, Зимбабва,Финляндия,Үндістан,Филиппин,Бразилия,Канада,Съерра-Леон, Түркия,Қазақстан елдерінде орналасқан.

Титан кен орындары – АҚШ,Үндістан,Австралия,Бразилия,Шри-Ланка,

Украина,Қазақстан,РесейНорвегия,Канада,ОАР елдерінің аймақтарында шоғырланған.

Ванадий – ОАР,АҚШ,Жаңа Зеландия,Австралия,Канада,Венесуэла, Қазақстанда орналасқан.

Никель – Норвегия,ОАР,Куба,Қазақстан,Индонезия,Германия,Чехия, Ресей,Югославия,Филиппин,Индонезия,Бразилия,Австралия,Греция, Гватемала,Үндістан,Колумбия мемлекеттерінде орналасқан.

Алюминий – Дүние жүзі бойынша өндіру көлемі темірден кейінгі екінші орында.Өткен ғасырда алюминий «қанатты металл» деп аталатын.Алюминий – күміс түстес ақ теталл,жеңіл,тығыздығы 2,7 м/г

куб,электр тогын және жылуды жоғары деңгейде өткізеді.Негізгі кен орындары – Ресей,Қазақстан,АҚШ,Германия,Армения,Югославия,Венгрия, Қытай,Румыния,Гвинея,Суринам,Мали,Камерун,Ямайка елдерінің террито-

риясында шоғарланған.

Магний – магнезит кенінің көп 5 млрд т шамасындағы қоры Қытай Халық Республикасында,Корей Халық Демократиялық Республикасындағы Немге және Пекамда,Чехия,Югославия,АҚШ-тың Колумбия өзенінің орта

шенінде Стивене тау округінде және Онтарио көлінің солтүстігіндегі Гавернурде,Канададағы Онтарио көлінің оңтүстігінде,Австралияда,Греция және Үндістандағы кен орындарында көлемді магнезит қорлары орналасқан.

Металды магний – АҚШ,Норвегия,Жапония,Канада,Франция,Италияда

өндіріледі.Оның ішінде Жапония мен АҚШ мемлекеттері магнийді теңіз

суынан айырып алады.

Мыс – АҚШ-тың Жоғарғы көлінде басым бөлігі шоғырланған.Сербия,

Кипр,Түркменстан,Армения,Қазақстан,Ресей,Польша,Югославия,Чили,Замбия,Заир,Перу,Панама,Мексика,Канада,Жаңа Гвинея елдерінде де кездеседі.

Қорғасын – ақ түсті,жұмсақ,химиялық жағынан төзімді,рентгент сәулеле-

рін өткізбейтін және басқа металдармен қорытпалар дайындауға болатын металл.Бұл металлдың негізгі кен орындары – Польша,Германия,Чехия,Вен-

грия,Болгария,Албания,КХДР,ҚХР,АҚШ,Канада,Австралия,Иран,Испания, Ирландия,Мексика,Қазақстан,Перу мемлекеттерінің аумағында орналасқан.

Қалайы – күмістей ақ түсті,өте жұмсақ,суға және оттегіне,органикалық қосындыларға төзімді,тотықтанбайтын металл.Бұл металлдың негізгі кен орындары Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде: Индонезия,Малайзия,Тайланд; сонымен қатар Заир,Боливия,Бразилия,Ұлыбритания,Намибия,Канада мем-

лекеттетінде шоғырланған.Ал Қазақстан жерінде қалайы кен орындары онша көп емес,біркелкі жақсы барланып және зерттелген Кенді Алтайдағы Қалба-Нарым жотасы болып есептелінеді.

Висмут – ақ келген,қызғылт реңке түсті,табиғи таза күйінде жиі кездесетін металл.Негізгі кен орындары – Жапония,АҚШ,Австралия, Боливия,Мексика,Перу,Канада елдерінде,ал Қазақстанның территориясында

висмутты 12 кен орындары Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.

Асыл металдар ресурстары.

Асыл металдарға тоқтала кететін болсам,олар ерте заманнан адамзат

тұрмысында пайдаланылып келген.Ол металдардың негізгілері ретінде

алтын,күміс және платина қосылады.Олардың қатарына 5 сирек кездесетін рутиний,родий,палладий,осьмий,иридий жатады.Химиялық тұрақтылығына байланысты бұл металдар табиғи таза күйінде пайда болған.Басқа металдарға қарағанда ерекшелігі соншалық – химиялық реакцияға қосылмайды,тот баспайды.

Алтын – ең алғашқы алтын өндіру жұмыстарының басталуы көне

Мысырда,яғни Ніл өзені мен Қызыл теңіз арасындағы аумақта басталған. Қазіргі уақытта жылдық алтын қорының 1/5 бөлігінен әшекейлік және зергерлік бұйымдар жасалады.Алтын өте ауыр металл,электр тогын жоғары дәрежеде өткізетін металл.Негізгі кен орындарында,шақпақ тасты кеніштерде алтын кристалдары өте әдемі,қызыл-сары түсті болып келеді.ТМД-да алтынның көп қоры орналасқан,атап айтатын болсам:

Орталық Оралдағы березов,Енисей қырқасындағы Совет,Шығыс Сібірдегі

Вознесен,Успен,Благовещен,Якутиядағы Горняк,Светлый,Оңтүстік Байкал

Сыртындағы Дарасун,Балей,Пыльный,Дмитриев,Колыма,Чукотканың кенді

аудандары.Алтын кен орындары ҚХР және КХДР-да да бар.Сонымен қатар –

ОАР,АҚШ,Бразилия,Канада,Австралия,Зимбабва,Заир,Мексика,Колумбия, Перу,Венесуэла,Гайана,Гвинея,Үндістан,Жаңа Зеландия,Оңтүстік Корея, Тайвань,Украина,Филиппин елдерінде шоғырланған.Ал Қазақстанның территориясында алтын Солтүстік Қазақстан,Шығыс – Қалба,Кенді Алтай аймақтарында өндіріледі.

Күміс – ашық боз түсті,көптеген ауыр металдармен қорытпа құрайды. Негізгі кен орындары АҚШ,Мексика,Канада,Австралия,Перу,Гондурас, Никарагуа,Ресей,Түркия,Қазақстан елдерінде орналасқан.

Платина топтық металдары – ең ауыр металл.Басты кен орындары – Ресей,ОАР,АҚШ,Канада,Австралия,Зимбабва,Қазақстанда орналасқан.

Металсыз пайдалы қазбалар және металл еместер ресурстары.

Металсыз пайдалы қазбалар қатарына көптеген минералдар тобы немесе тау жыныстары жатады.Металсыз пайдалы қазбалардың құндылығы – олардың физикалық қасиеттеріне байланысты анықталады.Металсыз пайдалы қазбалардың бір ерекшелігі – олар өндірістің барлық салаларында қолданылады.Олар бір-бірімен алмастырылып та қолданыла береді.Жалпы металсыз пайдалы қазбалардың жылдық өнімі және жалпы бағасы металды кендерден әлдеқайда асып түседі.

Калий тұзы – хемогенді шөгінді ту жыныстары,калий және калий-магний минералдары түрінде тез еритін шикізат.Калий тұзының 90 пайыздай түрі

ерте заманнан бері тыңайтқыш ретінде пайдаланылып келген.Калий тұзының оннан бір бөлігі улы,күйдіргіш,зәрлі,ащы қоспалар дайындап шығаруда пайдаланылады.Калийлі тыңайтқыштар дайындауда калийдің әр түрлі суда еритін,хлорлы және күкіртті тұздарының қоспалары пайдаланылады.Калий тұзы пайда болған орындар өте сирек кездеседі. Кен орындары – АҚШ-тағы Өлі теңіз бен Серлс көлі,Қазақстандағы Индер көлі, Канада,Германия,Испания,Белорусь,Украина,Түркменстан,Израиль,Йорда-

ния,Франйия,Тайланд,Панама территорияларнда да аздап болса да бар.

Күкірт – морт сынатын,сары түсті кристалл,жылулық пен электр тогын нашар өткізетін,тез жанатын,көбінесе химия өндірісінде,шыны,тоқыма,ауыл шаруашылығында,микротыңайтқыштар дайындауда,пиротехникада бенгал

шашыранды оттарын,күкіртті шырпы дайындауда,химия-фармоцевтикалық

және т.б. өндірістерінде пайдаланылады.Табиғи жағдайда пайда болған таза күкірт шөгінді және жанартау процестері негізінде қабат-қабат,ұя және линза тәріздес болып келеді.Қазіргі таңда Дүние жүзі бойынша алты күкіртті аймақ бар екендігі мәлім.Олардың төртеуі ТМД-да орналасқан.Олар Жерорта

теңізі,Шығыс Еуропа,Орта Азия,Шығыс Азия аймақтары.Олардың

ішіндегі ең байы Жерорта теңізі аймағындағы Карпат тауы маңындағы

күкірт бассейні,күкіртті қабаттар 20-300 м тереңдікте орналасқан.Сондықтан

күкірт кені жер үсті және геотехнологиялық тәсілдер арқылы өндіріліп алынады. Шығыс Еуропа күкіртті аймағында Волга,Алдыңғы Орал,солтүстік Каспий күкіртті Мәтеңқожа тұзды күмбезі,т.б.кен орындары орналасқан.Алдыңғы Оралдағы Пермь және Башқұр кен орындары меридианалды бағытында,жоғары палеозой дәуірінде табиғи күкірт пайда болған.Орта Азиядағы күкіртті аймақта экзогенді жолмен пайда болған мезозой дәуірінің жоғарғы юралық кезеңіндегі Гаурдак,кайнозой дәуіріндегі пайда болған Ферғанадағы Шорсу және Чангырташ,Қарақұм және басқа да күкірт төмпешіктері кен орындары орналасқан.Шығыс Азия күкіртті аймақтағы Куриль аралдары және Камчатка түбегіндегі 30-дан астам жанартау генетикалы кен орындары бар.Күкіртті кен орындары Польша жерінде де пайда болып шоғырланған.Сонымен қатар,ҚХР,Ирак,Чили,АҚШ елдерінде де кездеседі.Ал,барлық Қазақстандағы 11 кен орындарындағы күкірт қоры 63 млн т шамасында.

Бром – қызғылт-қоңыр түсті,сұйық элемент.Бромды сулардың ең көп кездесетін аймақтары:Еділ-Кама,Ангар-Лена,Батыс Түркмен,Амудария ау-

дандарындағы артезиан бассейндері.Бром өндірісі шикізаты негізгі көзі ретінде Евпатория іргесіндегі Сасық-Сиваш көлі және Сиваш шығанағы болып есептелінеді.Ол көлдердегі бром қоры Қара және Азов теңіздері арқылы толықтырылып отырады.Дүние жүзінде бромның барланған қорлары – АҚШ,Ұлыбритания,Израиль,Франция,Жапония,Қазақстанда шоғырланған.

Алмас – тек бір ғана көміртек элементінен құралған.Қышқылдарға,сілті ерітінділерге,қайнаған түрінде де төзімді металл.Алмастың қаттылығы – оның ішкі құрылым бағытына байланысты әр түрлі болып келеді. Негізгі кен орындары – Үнді,Бразилия,Африка жерлерінде кездеседі.Жыл сайын алмас тасы шикізатын өндіру бүкіл әлем бойынша 100 млн караттан артып отыр.Ол өнімнің 60% немесе 48 млн караты Африка мемлекеттерінің үлесінде:жеке-жеке алғанда Заир,ОАР,Ботсван,Ангола,Намибия,Гана елдеріне тиесілі.Сонымен қатар,Австрия және Австралия,Ресей,Индонезия,Бельгия, Израиль,Нидерланды,Франция,Германия мемлекеттерінде аздап болса да кездеседі.Ал,Қазақстанның Солтүстік облысында(Көкшетау маңы) алмаздың кен орны бар.

Сонымен алмаз өте бағалы және сирек кездесетін металлар.

Тау-кен өндірістік және химиялық шикізаттар.

Күкіртті колчедан пирит немесе пирит – алтындай сары түсті,ауыр

минерал.Гректің «пир» - от-жалын деген сөзінен алынған.Минералды

балғамен соққанда,ұшқындар жарқылдап шығуына сәйкес қойылған.

Питир құрамында темір және күкірт бар.Колчеданды кен орындарының

пайда болып шоғырлануы негізгі және сілтілі жанартаулы тау

жыныстарымен байланысты ескі теңіз табандарында орналасқан.Олардың қатарына протерозой дәуірінде пайда болған Карелиядағы,төменгі протерозой дәуірінде пайда болған Буряттағы және Тувадағы,орталық және жоғарғы палеозой дәуірінде пайда болған Орал мен Кавказдағы,мезозой және кайнозой дәуіріндегі Кавказдағы кен орындары;шетелдер территориясында прортерозой дәуірінде пайда болған Канададағы,төменгі палеозой дәуірінде пайда болған Норвегия мен Австралиядағы,орталық және жоғарғы палеозой дәуірінде пайда болған Испания мен Португалиядағы, мезозой дәуірінде пайда болған Югославиядағы,кайнозой дәуірінде пайда болған Жапониядағы,Түркиядағы,Грециядағы және Кубадағы колчедан кен орындары жатады.Ал Қазақстан территориясында 11-ден астам пиритті(күкірт колчеданды) әрі күрделі,әрі сапалы кен қоры орындары орналасқан.

Саздар – түп негізінде шөгінді тау жыныстары сазды минералдардан пайда болған.Негізгі қасиеті – олардың иленгіш және созылмалдығы,яғни олардың сумен араласқанда қамыр тәріздес қоспа пайда болатындығында, қандай қысымдықта болсада,құрғағаннан кейін бұйымдардың керекті тұрпаты сақталып қалатындығы және қыздыру пройесінен кейін саз тастай төзімді болатындығы.Саздың төрт түрі өндіріс саласында көптеп қолданыла-

тын және пайдаланылатын шикізаттар(пайдалы қазбалар) қатарына жатады. Олардың 1-ші түрі – тұрпайы керамикалық саздар,яғни әдеттегі темірлі монтмориллонит.Монтмориллонитті кендердің шоғырланып пайда болған

жерлері:Грузияның Кутаиси маңындағы Гумбури селосының төңірегіндегі Батыс Грузиядағы Махарадзе жанындағы Аскани селосының маңы,Кавказдағы Нальчик,өте ірі Қырымдағы Қара теңіз жағалауындағы, Карпат сыртындағы Горб және Днепр маңындағы Черкас кен орындары.

Шетелдер территориясында көлемді сазды кен орындары АҚШ-тың Флорида,Джорджия,Алабама,Калифорния штаттарында,Францияның Монт-

Мориллон жерінде,Батыс пен Шығыс Германияда және Жапонияда орналасқан.Саздардың 2-ші түрі – монтмориллонит сазының жоғары дәрежеде иленгіш түрі,яғни мұнай өндіруде скважиналар бұрғылау процесінде,металлургия өндірісінде темірлерді біріктіруде,қалыптар жасау қоспасын дайындауда,химия,т.б. өндіріс салаларында қолданылады.Бұл

саздың кендері – Еділ өзені төңірегінде,Украинада,Қырымда,Грузияда,Арме-

нияда,Түркменстанда,Әзірбайжанда,Қазақстанда;шетелдер АҚШ-та,Мекси-

када,Италияда,Румынияда орналасқан.

Саздың 3-ші түрі – от жалынға төзгіш және өте баяу балқитын,әр түрлі

қоспалы каолин негізінде пайда болған саздар.Бұл тектес саздар қабілеттілігі

біріктіргіш,иленгіш,созылғыш,жоғары дәрежеде от-жалынға және ыстыққа

төзімді болып келеді.Кен орындары – Украина,Орал,Ворлонеж,Мәскеу; шетелдерде Ұлыбритания,Чехия,Германия,Қытайда орналасқан.Саздардың 4-ші түрі – каолин-нашар иленгіш және созымталды саз.Пайдаланылатын өндіріс салалары:қағаз,резеңке пластмасса,парфюмерия,керамика,фарфор. Каолиннің түп негізгі кен орындары – Украина мен Оралда,Ұлыбритания, Қытай,Чехия,Германия,АҚШ елдерінде орналасқан.

Доломиттер – бай глиноземді шикізат.Түсі ақшыл-бозғылт,кейбір жағдайда сарылау,қоңырқай және жасылдау реңкелі минерал.Доломит деп француз минерологы Деодат Долломье есіміне сәйкес қойылған.Күрделі келген доломит кен орындары – Альпі таулары бөктерлерінде,Германияда, Орал тауының батыс баурайындағы палеозой дәуірінің пермь кезеңінің Кунгур ярусында пайда болған.Сонымен қатар бірнеше доломит қоры Украинадағы Донбасс тұзды шөгінділер құрамында,Днестр өзені жағалауында және Львов ауданында,Қазақстанның Көкшетау облысындағы Алексеев және Қарабауыр,Қарағанды облысындағы Байқоңыр және Ақ-Өбе кен орындарында орналасқан.

Құрылыс шикізаттары.

Цемент – құрылыста бетондар,ерітінділер дайындауда ең керекті материал болып саналады.Цемент дайындауда қажетті негізгі тау жыныстары қатарына – күйдірілген әк тастар және саздар кіреді.Цементтің сапалылығы оның құрамындағы қосындыларға байланысты.Цемент дайындауда Сібір ауданы,Дон,Воронеж,Орал,Қиыр Шығыс,Брян,Харьков, Еділ өзені төңірегі; шетелдерде АҚШ,Канада,Франция,Германия,Польша,

Қытай,Чехия елдерін;ал Қазақстан территориясында Алматы,Жамбыл,Орал, Шымкент облыстарын атауға болады.

Гипс – жылы суда еритін минерал,құрылыста біріктіргіш материал ретінде,гипсобетон,гипстік материалдар жасауда,ғимарат қабырғаларын жабуда,эмаль мен глазурлар дайындауда,медицинада,оптикада,мүсін жасауда пайдаланылады.Гипстің ең көп көлемде шоғырланған қоры Ресейдің Мәскеу,Перьм,Куйбышев облыстары,Украинаның Донбасс ауданы, Кавказ бен Орта Азия территорияларында орналасқан.Қазақстанда Жамбыл мен Қарағанды облыстарының территорияларында күрделі және көлемді қоры бар гипс кен орындары орналасқан.

Керамзит – жасанды құрылыс материалы.Қазақстанда ірі панельді үйлер мен ғимараттар тұрғызуда керемзитті материалдар көптеп қолданылады,

Алматы,Шымкент,Қостанай қалалары маңында керамзитті саз кен орындары барланып,қоры анықталып,тиісінше құрылыс өндірісіне қажетті сапалы

шикізат екендігі дәлелденген.

Ұлутас – жұқа және кішілеу келген ірілі-ұсақты теңіз жәндіктері

қабыршықтарынан және олардың сынықтарынан құралған шикізат.Негізгі

кен орындары – Молдавия,Қырым,Мамай,Кутур, Багеров,Украинаның

Одесса, Әзірбайжандағы Апшерон түбегінде,Түркменстанда;шетелде Польша,Румынияда;ал Қазақстан бойынша Маңғышлақ облысында орналасқан.

Сәндік,көркемдік және бейнелеулік тау жыныстары

(металсыз пайдалы қазбалар) ресурстары.

Гранит – кремнеземға(шақпақ тасты) өте бай келген магматикалық жер қыртысында ең көп таралған тау жынысы,интрузивті тау жыныстары қатарына қосылады.Гранит тасының көп көлемде пайда болып орналасқан жерлері – Украина,Орал және Карелия территориялары.Ал Қазақстан жерінде Жамбыл облысының Жаңатұрмыс ауылының солтүстік жағында қоры 3 млн м куб,Қордай қызғылт гранитті кен сілемі орналасқан.Сонымен қатар гранит Талдықорған,Балқаш аймақтарында шоғырланған.

Мәрмәр - әк тастың немесе доломиттің екінші қайтара кристалданған түрі.Мәрмәрдің орналасқан негізгі аудандары – Карелия,Украина,Орал,Кав-

каз сырты,Орталық Азия,Сібір және Қиыр Шығыс,Италиядағы Каррар,Грециядағы Парос,сонымен қатар Куба,Франция,Норвегия,АҚШ; ал Қазақстан бойынша Талдықорған,Ақмола облыстарында орналасқан.

Яшма - өте тығыз,майда түйіршікті,негізінде шақпақ тасты ең әдемі,жер жүзінде әр түрлі бұйымдар жасап шығаруға бейімделген тау жынысы,ол полигенді жағдайларда пайда болған.Негізгі яшма – метаморфизданған шақпақ тасты радиолярлы тұнбалардан және шақпақ тасты сазды шөгінді

қоспаларынан пайда болған.Әртүрлі яшманың шоғырланып орналасқан жерлері қатарына Оңтүстік Оралдағы Қалқан,Ор тобы,Ревнев,Гольцев, Алтайдағы Лениногор;шетелдерде АҚШ,Үндістан,Венесуэла елдерінің территорияларында орналасқан.

Теңіз және мұхит асты жер қойнауындағы пайдалы қазбалар

ресурстары.

Теңіз бен мұхит астынан өндірілген мұнай көлемі барлық дүние жүзі өнімінің үштен бір бөлігін құрайды.Парсы және Мексика шығанақтары қайраңдарында,АҚШ-тың Кук қайраңында,Венесуэланың Маракайбо маңында,Австралия мен Батыс Африканың қайраң жағалауларында

скважиналар арқылы көлемді мұнай өндірілуде.Жалпы әлемдік мұхит

астынан 10 теңдесі жоқ,қоры 1 млрд тоннадан астам мұнай көзі бар екендігі белгілі болып отыр.Олардың жетеуі Парсы шығанағында

орналасқан.Олардың ішінде ерекше мұнай көздері Сауд Арабиясы мен Парсы(Иран) шектескен теңіз жағалауларында пайда болған.Мексика

шығанағында 140-тан астам ірі мұнай мен газ көздері табылған.

Африка жағалауларында мұнай мен газ көздерінің шоғырланып пайда болған орындары Гвинея шығанағында,Қызыл теңіз бен Жерорта теңізі

жағалауларында орналасқан.Гвинея шығанағы қайраңындағы Габон,Нигерия,Конго мемлекеттері жағалауында мұнай, ОАР,Мозамбик

бұғазында,Суэц каналында газ көздері шоғырланған.

Австрия құрлығы жағалауы қайраңында мұнай көзі ашылған.

XX ғасырдың 90-шы жылдарында Әзірбайжан Республикасы 90% газдың үштен екі бқлігі мұнайын Каспий қайраңынан толықтырып отырған.

Мықты келген пайдалы қазбаларға келетін болсақ,олрдың бірнеше түрлері теңіз бен мұхит асты жер қойнауынан өндіріліп алынуда.Ньюфандленд аралының шығыс жағалауынан жүргізілген еніс келген шахта оқпан арқылы

1895 жылдан бері темір кенін өндіруде.Сол тектес тәсілмен Францияның Нормандия жағасынан және Финляндияның Аланды аралы жағасынан темір кені өндірілуде.Жапония мен Жаңа Зеландия жағалауларында темірлі және титан-магнетитті құмдардан кен өндірілуде.Мексика шығанағынан 11 км қашықтықтан мұхит асты жер қойнаынан күрделі күкірт кен орны табылып,скважиналар арқылы сілтілеу процесін пайдалану жолымен өндіріліп,капиталистік мемлекеттердегі барлық күкірт өнімінің 1/3 бөлігін қамтамасыз етіп отыр.

Теңіз және мұхит суларындағы минералды ресурстар.

XX ғасырдың 60-жылдарында теңіз бен мұхит суларында 95-ке жуық химиялық элементтер еріген түрлерінде кездесетіндігі анықталғн.Теңіз суларында қаншалықты еріген элементтер,тиісінше пайдалы қазбалар көп болғанымен,қазіргі таңда тек аз ғана бөлшегі өндіріліп алынуда.Қытайда теңіз суының әрбір тоннасынан 35 кг с тұзын өндіріп ала бастаған. Ертедегі тұз қайнату орындары Сиваш көлі жағасында,Ақ теңіздің Соловецк аралында,Карелияда болғандығы белгілі.Қазірдің өзінде әлемдік теңіз бен мұхит суларынан ас тұзын өндіріп алу мөлшері бұкіл әлем бойынша жылына 35 млн т,яғни барлық әлем тұз өнімінің 29 процентін құрайды.Ол мемлекеттер құрамына: АҚШ,Қытай,Жапония,Түркия,Филип-

пин қосылады.ТМД елдеріндегі Сиваш көлінен және Қара-Бұғаз-Гөл шығанағынан ас тұзы өндіріліп алынуда.

Теңіз бен мұхит суларынан АҚШ,Италия,Ұлыбритания,Канада,Бразилия

және Франция,Жапония мемлекеттерін қоса есептегенде,жылына 1000 мың т

бром өндірілуде,яғни әлемдік өнімнің 70 пайызын құрайды.

Мұхит және теңіз суларынан металды магний өндіріліп алынуда.Оның көлемі 100 мың тоннадан астам,яғни әлемдік өнімнің 60 пайызын

құрастырады.Қоспалы магний ТМД,АҚШ-тың Техасы және Жапония

жағалауларынан 700 мың тонна өндіріліп алынады,яғни әлемдік өнімнің 6 пайызын құрайды.

Ұлыбритания,Италия және Жапония теңіз және мұхит суларынан калий тұзын өндіріп алуда.

Қазірдің өзінде теңіз және мұхит суларынан алтын,күміс,мыс өндіріп алу тәсілдері жобаланған.

Пайдалы қазбалар ресурстары мұхит және теңіз түп табандарында

орасан зор көлемді шөгінді түрінде пайда болып орналасқан.АҚШ-тың мұхитқа шектескен батыстағы Калифорниядан Аляскаға дейінгі,шығыстағы Флоридадан Род-Айлендаға дейінгі жағалауларындағы қайраңдарда бай

темір,титан,хромит кендері орналасқан.Осыларға сәйкес қайраң аудандарында пайда болған кен орындары Африка құрлығының жан-жағын алып жатыр, тиісінше ол кен орындарынан Марокко,Сенегал,Код-Дивуар, Мозамбик,Мысыр елдері кен өндіріп алуда.Теңіз жағалауларына шектес орналасқан Еуропа елдері Польша,Германия,Норвегия,Дания,Ұлыбритания, Испания,Португалия және Италия өз жағалауларында кен өндіру процестерін жүргізуде.Азия құрлығының шығысынан оңтүстігіне дейін,яғни Чукот түбегінен Үндіге дейінгі жағалауы ауыр келген негізгі титанды және

темірлі минералдардан басқа ваннадийлі кен орындары орналасқан.Осы жағалауда орналасқан Индонезия,Малайзия,Тайланд және басқа мемлекеттер касситеритті қалайы кенін өндірудің күрделі бөлігі солардың үлесіне тиюде.

Тының мұхиттың қайраң және құм қайраңды шығыс жағалауы,әсіресе Аляска түбегі маңы алтын қорының көптен жинақталған аудандары болса, Калифорния жағалауының ұзына бойына алтын-платиналы кен қоры шоғырланған.Африка құрлығының батыс жағалауындағы құм қайраңдарда ОАР мен Намибия елдері алмас асыл тастарын өндіруде.

Балтық теңізінің Польша,Германиямен шектескен жағалауларында күрделі қоры бар янтарь кен орындары пайда болған.Янтарь Қиыр Шығыс Татар бұғазы жағалауынан,Аляска Жаңа Зеландия,Жерорта теңізі жағалаулары қайраңдарынан табылған.Әлемде янтарь өндіретін бір ғана зауыт – Калининград облысындағы Янтарный поселкесінде жұмыс істеуде.

Конкрециялардың ең көлемді шоғырланған жерлері – Тынық мұхиттың солтүстік-шығыс,батыс,орталық және Перу терең жатқан табан шұңқырларында орналасқан.

ІІІ.Қорытынды.

Судың қаншалықты қажет екендігі адамзаттың,жануарларды,өсімдік-

тердің,кәсіпорындардың,ауа райының,тау жыныстарының пайда болып,олардың өсіп-өркендеуіне,тиісті деңгейде жетілуіне,бір-біріне қарым-

қатынасты ықпалын тигізетіндігінен тіршілік болатындығы белгілі.

Су – сутек тотығы құрамында сутек,оттек түссіз,йісі жоқ,қарапайым химиялық қосынды.Су жер жүзінде кеңінен таралған сұйық шикізат.

Табиғи су құрамында әртүрлі пайда болу жағдайларына байланысты еріген тұздар,газдар және органикалық қалдықтар кездеседі.

Жер шарының гидросфера аумағындағы барлық су қорының,яғни 1454327,2 мың км куб көлемінің тек 2%-тен кемірек қоры тұщы сулар болып есептелінеді.Оның құрамындағы мұз айдындарында суды есептемегенде

пайдалану үлесіне тиетін тұщы су мөлшері 0,3%-ке тең.Тұщы су қатарына

ең негізгі ресурс болып қосылатын - өзен сулары.Су алмасу мерзімі – 11

тәулік.Тұщы ағынды көлдер сулар мен жер асты сулары – пайдалануға

жарамды болып есептелінеді.Жалпы тұщы сулар тұрмыста,жер суландыруда,демалыс және туристік мақсаттарда,балық аулау мен өсіруде, гидроэнергетика мен ішкі жүк тасымалдауда,барлық өндіріс салаларында

пайдаланылады.

Тұщы су көлемінің жылдан жылға азая беруі - өндіріс қалдықтарының, сарқынды сулардың,олардың қаншалықты тазартылу процестерінен өтсе де, араласып кетуі ықпалын тигізуде.Сондай-ақ тұщы суды пайдалану көлемінің өсе түсуі де қазірдің өзінде және келешекте су тапшылығына әкеліп соғатындығы көпшіліктің назарын аударуда.

Қазақстан бойынша жерсты суларының ең ірі аймағы – Оңтүстік Қазақстан болып есептелінеді.Жалпы қоры 400 млрд м кубтен астам деп жорамалданған.Ал,Қызылқұм,Оңтүстік Қаратау,Сарысу-Бетпақдала,Шу-Талас,Арыс-Келес,Іле су өңірлеріндегі тұщы жіне кермек келген сулар қоры

2000 млрд м кубқа тең.Жерасты сулары мен артезиан құдықтары скважиналар арқылы дамыған өнеркәсібі бар Алматы,Жамбыл,Шымкент және Қызылорда қалалары қамтамасыз етілген.

Ішуге жарамды минералды сулар көздері – курорттар бойынша Арзни-Әрмен,Аршан-Бурят,Баталин көздері – Пятигор маңында,Березов минералды

сулары – Харьков,Боржоми – Грузия,Дарасун курорты – Чита облысы,Друскининкай – Литва,Есентуки – Ставрополь өлкесі,Ижев минералды сулары – Татарстан,Истису - Әзірбайжан,Кармодон – Солтүстік Осетия,Крайнка – Тула,Кука – Чита,Лугела – Грузия,Мирогород – Украина, Ямаровка – Чита облысы жерлерінде орналасқан.

Шетелдерде көмір қышқылды минералды су көздері Орталық

Францияның Виши курорты,Германияның Бау-Наухенм,Бау-Эмс,Маршанс-

ке-Лазне,т.б.жерлерде орналасқан.

Жылы және ыстық келген азаотты гидросульфат минералды су көздері

Пиреней түбегінде,Франция мен Испания шекараларында,Чехияның

Теплице курортында,Венгрияның Будапешт,Болгарияның София қалалары маңындағы жерлерде орналасқан.

Қазақстан территориясында да минералды сулар көптеп кездеседі.Олар Алматы,Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында орналасқан.

Жер шарындағы су ресурстары қаншалықты көп болғанымен,тұщы су (ауыз су) тапшылығы жыл сайын өсе түсуде.Ал,қазіргі уақытта тұщы сумен қамтамасыз ету – атом реакторларын қолдану арқылы өндірістік жолға қойылған.Атомды су тұщыландыру күрделі қондырғылары атырау,Красновод,Багдаш(Қара-Бұғаз-Көл),АҚШ,Мексика,Кувейт,Нигерия, т.б.мемлекеттер территорияларында орналасқан.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1.Д.Ж.Қаражанов,Д.Д.Абилдабекова «Су және жер қойнауы ресурстары».

Алматы,2002 ж.

2.Н.Сейітов «Геология негіздері».

Алматы,2000 ж.

3.Көшербаев Қ. «Минералдар әлемінде»

Алматы,1986 ж.

4.Новый Атлас мира,Электронный ресурс».

5.Н.К.Баязит «Кенді жер астында қазу және жобалау»

Алматы,1996 ж.

6.Ә.Нұрмағамбетов,Е.Нүсіпов «Геофизикалық барлау әдістерінің негіздері».

Алматы «Ғылым»,2003 ж.

7.Власова Т.В. «Материктердің физикалық географиясы»

Алматы «Мектеп»,1985 ж.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!