Материалдар / Ғылыми жұмыс: "Наурыз көже"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс: "Наурыз көже"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, оқушыларға көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2019
2771
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №16 мектебі»




Тақырыбы:

«Қазақтың ұлттық тағамы – наурыз көжеге салынатын 7 түрлі тағамның өзіндік ерекшеліктері»






Секция: этнотолеранттық

Оқушы: Алматова Алина 4 «В» сынып

Ғылыми жетекшісі:қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Бутагарина А.И.










2018



Мазмұны



Кіріспе.............................................................................................. 1

1. Наурыз көже туралы мәлімет.................................................2 -3

2. Наурыз көже әзірлеудің тәсілдері..........................................................4

3. Наурыз көже – Ұлы тойдың төл тағамы .............................................. 5

4. Наурыз көжеге салынатын 7 түрлі тағамның өзіндік ерекшеліктері

адам ағзасына пайдасы және ........................................................6 -8

5. Қорытынды ....................................... ....................................................... 9

6.Пайдаланылған әдебиеттер......................................................... 10





















Аннотация

Наурыз көже Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, күріш, құрт, арпа стяқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттықтағылымы өте зор.Ол барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.





















Кіріспе

«Ас – адамның арқауы» дейді қазақ халқында.Қазақ халқы адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Мысалы «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен», «асты қорлама құстырар» деген мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер, ескертпелер осған дәлел бола алады.Менің бүгінгі зерттеп, танып білуге алып отырған тақырыбым –Ұлыстың Ұлы күні Наурызнамада дайындалатын  – Наурыз көже. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деген сеніммен,бұл күні көже мол жасалады. Наурыз көжені «көп көже», «тоқ көже» деп те атайды. Тіпті алаңсыз тойғанынша ішсін деген ниетпен әркімнің өзі құйып алу еркі де болған. Мұның бәрі наурыз мерекесінің теңдік күні, еріктілік, имандылық мерекесі деген түсініктен туса керек.

Тоқтық пен молшылықтың, ауызбіршіліктің  белгісі болып саналатын наурыз көженің адамға рухани жағынан ғана емес физикалық тұрғыдан да тигізер пайдасы зор.Наурыз көженің басқа тағамдарға қарағанда алатын орны ерекше.Себебі, сүт және сүттен жасалатын тағамдар денсаулыққа өте пайдалы. 

Зерттеу мақсатымыз: Қазақтың ұлттық тағамы – наурызкөжеге салынатын 7 түрлі тағамдар туралы материалдар жинақтап дайындау бағытында танысу,тәжірибелік зерттеулер арқылы өзіндік ерекшеліктерін білу.Наурыз көженің тарихын, дайындалу мәзірін, адам ағзасына пайдасын таныту мақсатында осы тақырыпты зерттеп отырмыз.

Зерттеу міндеттері: әр тағамның ерекшілігін айқындап, құрамын талдау, мәнін ашу ,пайдасын білу, пісіру тәсілдерін білу және көжені дайындап үйрену.









1



1. Наурыз көже туралы мәлімет

Наурызкөже —Ұлыстың Ұлы күнінде, қасиетті жеті санымен жеті түрлі тағам салынып, аса баптап әзірленетін, өзіндік сыр-сипатқа ие ұлттық тағам.Наурыз көжесіз Наурыз мейрамын елестету мүмкiн емес. Бұл ғажайып көже Ұлыстың Ұлы мерекесі Наурыз дастарханында бiрiншi кезекте берiледi. Ол туралы өлеңдерде,мақал-мәтелдерде айтылады, әйел адамның қабiлетiн ең алдымен оның көжені әзiрлеуiне қарап бағалаған. Ыдыс түбiнде iшiлмей қалған көжені төгiп тастау күнә болған. Ыдысқа құйылып берілген көжені тауысып ішу, алдағы жылдың тоқшылықпен, ақ ниетпен өтуіне деген сеніммен қарастырылған. Көженің сапасы ең алдымен оның дұрыс дайындалып, баппен әзірленуінен  басталады.

«Ауруға ем, сауға қуат дәрі көже»,— дейді аналарымыз тостаған толы көжені ұсына отырып . Көже қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі наурыз дастарханына ұсынылатын ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол жеті түрлі тағам салынып әзірленеді.

Наурыз көже дертке шипа, денеге күш. Көже ерекше дәмді, кұнарлы, жан сарайыңды ашып, адамның зауқын келтіретін және өте сіңімді сусын.

Көженің атам заманнан бергі өзіне тән ыдысының бірі — қазақтың қара қазаны . Аяулы ақ әжелеріміз үлкен ошаққа қойылған қара қазанға баптап пісірген Наурыз көженің дәмі де, сапасы да ерекше. Наурыз көжеге салынатын жеті түрлі ас өте бағалы өнімдер. Олай дейтініміз, организмге оның құрамдас бөлігінің 95-98 пайызы сіңеді. Сонымен бірге, амин қышқылдарының, микроэлементтердің, витаминдердің таптырмайтын көзі. Сүттің қасиеті – түрлі азық - түлікпен үндесіп, адамға қажетті тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Өйткені сүт организмге түсетін қоректік заттардың көлемін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге май, ақзат, углевод, минералды тұздар, тағы басқалармен бірлесе отырып, қоректік заттардың организмге сіңімділігін жақсартады. Наурыз көжеге белгілі бір дәмді ғана салу керек деген арнайы нұсқау жоқ. Жеті түрлі дәм салынады әрі «тек мына дәм салыну керек» деп шектеу қоймаған. Әркім қолындағы бар азық-түлігіне қарайды. Тек міндетті түрде дәм саны жетеу болған. Сөйтіп, Наурыз күні қазандар көжеге толады. Әр үйден құйып әкелген көжені өз үйінің қазанында қалған көжеге қосқан.



2

Жеті түрлі тағамның салыну себебі жайында қазақтың ауыз әдебиетінде мынадай мәлімет бар екен:

Ұлыстың Ұлы күні келгенде бір әжеміз үйдегі мерекенің сәнін келтірейін деп дастархан әзірлейін десе, қоймасында қыстан аз-аздап азық қалған дейді. Қыстан қалған азғантай ет, арпа, күріш, құрт ақ әженің мерекесін бұзбапты.






























3


Наурыз көже әзірлеудің тәсілдері

Наурыз көжеге жеті түрлі дәм салынатынын білеміз. Бірақ міндетті түрде  «мынадай дәм салынсын» деген арнайы нұсқау жоқ. Әркім қолындағы барына қарайды. Әйтеуір, дәмнің саны жетеу болсын.  Әйтеуір, Наурыз күндері үйдегі қара қазан көжеге лық толсын.

Дегенмен көженің дәмі тіл үйірсін десек, әжелеріміз үйреткен тәсілден ауыт­қымауға тырысатынымыз анық. Әлбетте, қара қазанды толтыру үшін біраз тер төгуге тура келеді.

Көже әзірлеудің тәсілі көп болғанымен,  негізінен, күрделі және қарапайым екі түрі кең таралған. Жұмысымды зерттеу барысында көже пісірудің екі тәсілін зерттедім:

Бірінші тәсіл:

Қазанға су құйып, ет салып қайнатады. Кейбіреулердің қазы қосатыны бар. Қай­наған соң көбігін алады. Піскен соң етті сүзіп алады. . Сосын арпа мен күрішті салады. Тұз қо­сылады . Дәндер пісіп болды - ау дегенде оттан түсіріп, салқын жерге қояды. Әлгінде піскен етті ұсақтап турайды, сорпаға қосады. Суыған соң сүт құяды.

Кей­бі­реу­лер құрт езіп қосады.
Екінші тәсіл:

Ең алдымен қазан толы сүтті қайнатып, сүт піскеннен кейін оның бетіндегі қаймақ қалқып алынады. Сүт әбден пісуге тақаған кезде, қыс бойы сақтаған піскен сүр салынып, 15 минуттай беті жабық тұрады. Уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа пісіріп алған бидай, жүгері, тары, асбұршақ, күріш тәрізді қоректік заттардың жеті түрі сүт пен етке араластырып, тағы бір қайнатылады. Егер наурыз көже қоймалжың болып кетсе, оған су қосуға болмайды. Тек айран қосып сұйытылады. Кейбіреулер сүр етті мұздай суға салып, 1,5 сағат қайнатады. Ішіне 1 кесе жарма салып, тағы 30 минут отқа қояды. Кейін 1 кесе күріш салынады да, 1 кесе тары қосып тағы 5-10 минут қайнатады. Ет орта есеппен 2,5 сағат қайнап шығуы қажет. Сосын етті сүзіп алады да, майдалап турайды. Көже кем дегенде 3 сағат мұздай жерде тұруы керек. Ең соңында туралған ет пен айран немесе құрттан жасалған қатық қосып, қонаққа ұсынуға болады.


4


Наурыз көже – Ұлы тойдың төл тағамы

Наурыз мерекесі табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болады. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады. Халық наурыз мерекесіне алдын ала дайындалады. Қысқы соғымның әбден сүрленген қадірлі мүшелерін осы күні қазанға саламын деп сақтаған. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылады. «Бұлақ көрсең, көзін аш!», «Бір тал кессең, он тал ек!», деген сөз осыдан шыққан болу керек.

Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы - наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. «Нау­рыз ­көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқ­шы­лық болады!» деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің бата­сын алады. Ақсақалдар: «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!» - деп бата береді. Отта қазанның қайнап тұ­руы, айналаның тазалануы, адамдардың құшақтасып көрісуі, аста-төк дастарқан жасалуы, ақ тілектердің айтылуы Ұлыстың ұлы күні­нің басты белгілері ретінде айшықталады. Қонақ­жай­лық үрдісін берік ұстанған халқымыз бұл күні әдетте­гі­ден ерекше көңіл-күймен, ыстық ықыласпен мейман­дарын күтеді.Наурыз мерекесі жа­қын­даған сайын әрбір отба­сы наурызкөже жасауды міндетім деп санайды. Оны жасауды білмейтін жас келіншектер үлкендерден ақыл-кеңес сұрап, наурызкөжеге не қосу керектігін саралап жатады. Осы тұрғыда біз әжелерімізден наурызкөжені қалай жасау керектігін сұрап білдік. Байқағанымыз, бұл тағамды жасаудың бірнеше түрі бар. Оны жасаудың тәсілдері сан түрлі болғанымен, тағамға дәндер мен ағарған қосу бұлжымас қағида болып саналады. Бұл алдағы жыл ақты, дәнді болсын деген тілектен туған.





5


Наурыз көжеге салынатын жеті түрлі тағамның өзіндік ерекшеліктері, адам ағзасына пайдасы :

1.Су

Су – тіршілік көзі. Судың адам өмірінде алатын орны ерекше

Судың адам ағзасына пайдасына тоқталатын болсақ:

1.Су дене температурасын тұрақтандырады.
2. Азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды.
3. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалайды.
4. Дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді.
5. Денені жарақаттанудан қорғайды.
6. Жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді.
7. Тері жасушаларын ылғалдандырады және сауықтырады.

2.Тұз

«Доссыз өмір-тұзсыз ас, достық кілтін байқап аш» деген мақал тұздың тағамда қаншылықты орны бар екенін ұғындыра отырып, достықтың киесін де көрсетеді. Тұз – тағамның дәмін келтіреді. Тұзсыз тағамның дәмі де, мәні де болмайды. Адам ағзасына күніне алты грам тұз керек екен.









6


3.Сүт

Наурыз көжеге сүт немесе ақ құйғаны – сүттей ұйып отырайық, ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын дегені. «Ағы бардың - бағы бар» деп түсінетін қазақ халқы сүт тағамын бақыт , молшылық несібесі деп есептегені. Сүт сүйекке пайдалы.

4.Құрт

Наурыз көжеге құрт қосудың себебі – құрт күшті ас. Әр түрлі тамаққа пайдаланады. Әсіресе жазғытұрым пайдасы мол. Әлсіз, аурушаң адам денсаулығына қуат береді.

Құрттың адам ағзасына пайдасына тоқталатын болсақ:

Сүзбеде ақуыз мөлшері 14,5-18,6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай – 52,6%. , құрттан 370,1 қуат алуға болады.

5.Ет

Наурыз көже ет қосылады. Ет – қазақтың төл асы. Қазан толсын, асар мол болсын деген мақсат пен «ұзынсарыға» сақталған сүрі етті тұтастай Наурыз көжеге салып қайнатады.

Еттің адам ағзасына пайдасына тоқталатын болсақ:

Ет құрамы Н, РР, В витаминдеріне бай, сондай-ақ витамин тәріздес холин, минералды заттар, калий, магний, фосфор, темір, мыс, мырыш, тағы басқа да қажеттер жас мал етте баршылық. 

7

6.Арпа

Арпаның адам ағзасына пайдасына тоқталатын болсақ:

Арпаны ағза үшін аса қажет микроэлементтер қоймасы санауға әбден болады, оның құрамынан калий, кальций, темір, мырыш, йод табылған. Ол, әсіресе, фосфорға бай. Арпаның құрамында фосфор мөлшері басқа дәнді дақылдардан екі есе көп. Ал фосфор ағзадағы зат алмасуына, жүрек пен бүйрек жұмысын реттеуге, ми қызметіне қатысады.

7.Күріш

Наурыз көжеге дәнді дақыл пайдаланатыны – бір тамырдан өсіп-өнген күріштей ұрпағымыз көп болсын десе керек.

Күріштің адам ағзасына пайдасына тоқталар болсақ:

Наурыз көжеге қосылатын тағы бір дән – күріш. Күріш денсаулыққа шипа, ішкі құрылысты тазартатын табиғи элементтерге бай дәнді дақыл. Күріш кебегі ағзаны В1 дәруменімен қамтамасыз етеді.










8

Қорытынды

Наурыз пайдалы да құтты, ырысты болсын, өскін мол болсын деген қазақ тілегінің, ырымының басты көзі Наурыз көже болса керек. Дәнді-дақыл пайдалы, сабағынан дәні мәуелеп, төгіліп тұратын құтты, ырысты өсімдік. Наурыз көженің – құрамындағы заттар өте бағалы өнімдер. Олай дейтініміз, организмге оның құрамдас бөлігінің 95-98 пайыз сіңеді. Сондай-ақ, амин қышқылдарының,микроэлементтердің, витаминдердің таптырмайтын көзі. Сүттің тағы бір қасиеті – түрлі азық-түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Өйткені сүт организмге түсетін қоректік заттардың көлемін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге май, ақзат, минералды тұздар, тағы басқалармен бірлесе, үндесе отырып, әлгі коректік заттардың организмге сіңімділігін жақсартады.  Наурыз көжеге белгілі бір дәмді ғана салу керек деген арнайы нұсқау жоқ. Жеті түрлі дәм салынады әрі «тек мына дәм салыну керек» деп шектеу қоймаған. Әркім қолындағы бар азық-түлігіне қарайды. Тек міндетті түрде дәм саны жетеу болған. Сөйтіп, Наурыз күні қазандар көжеге толады. Ауыл ақсақалдар бастаған кісілер үйлерге кезегімен кіріп, қонақ болады. Әдетте әйелдер ыдыс ала жүреді. Әр үйден құйып әкелген көжені өз үйінің қазанында қалған көжеге қосқан. Бұл дәм-тұзымыз араласып, ынтымақ-бірлігіміз нығайсын, көже секілді мидай араласып, көжедей дәмді қатынаста болайық, біріміздің ырысымыз бірімізге жұғысты болсын деген үлкен ұғымды білдіреді. Көжені ыдысқа толтырып құяды, бұл – «жаңа келген жылдың несібесі ортаймасын» дегендік. Әрі сол құйылған көжені тауысып ішу керек, әйтпесе ырзығы кем болады дейді.Қазір неше қазан көже пісірсең де, өз еркің. Оған азық-түлік те жеткілікті. Бағасы да қолжетімді. Әркімнің дайындау тәсілі әртүрлі болғанымен, міндетті түрде жеті тағамның қосылатыны бәрімізге белгілі. Наурыз көженің – адам ағзасына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар.  Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін біле бермейді. Оларға наурыз көженің адам ағзасына пайдасы бар екендігін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасым да, құрбыларым да осыған көз жеткізді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!