Материалдар / Ғылыми жұмыс "Оқушылар арасында пайдаланылатын ағылшын тілінен енген кірме сөздер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс "Оқушылар арасында пайдаланылатын ағылшын тілінен енген кірме сөздер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба жұмысы. Тақырыбы:"Оқушылар арасында пайдаланылатын ағылшын тілінен енген кірме сөздер" Оқушы:Қожан Балжан .Жеткешісі:Беркинбаева Жадыра Ерболовна
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2022
1242
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ

Зерттеу тақырыбы: Оқушылар арасында пайдаланатын ағылшын тілінен енген кірме сөздер

Оқушының аты-жөні: Қожан Балжан

Мектеп, сынып: №131 жалпы орта білім беретін мектеп 8 сынып


Ғылыми жетекшісінің аты-жөні: Беркинбаева Жадыра Ерболовна















Мектеп директоры: аты-жөні

Мөрі























Жұмыс мазмұны

Зерттеу әдістері

Ескерту

1

Жобалық жұмыстың теориялық негізін жазу. Кірме сөздер туралы түсінік.

Әдебиеттерді зерттеу

Қосышма дереккөздерден, кітапханадан кірме сөздердің теориялық негізін жинақтадық.

2

Зерттеу жүргізу. Оқушыларға ағылшын тілінен енген кірме сөздер туралы көзқарасын зерттеу.

Сауалнама, бақылау, эксперимент

Оқушыларға сауалнама жүргізіп, нәтижесін өңдедік.

3

Зерттеу нәтижелерін өндеу, мониторингін шығару. Жобалық жұмыстың қорытындысын шығару.

Құжаттар банкін жинақтау

Жобалық жұмыстың қорытындысын жазып, зерттеу нәтижесінің мониторингін шығардық.































Аннотация

Берілген жобаның тақырыбы қазіргі заманның ауқымды мәселесі болып табылады. Жобада ағылшын тілінен енген кірме сөздерді жастардың пайдалануы туралы жазылған. Жобалық жұмыстың мазмұнында автор кірме сөздердің түрері, мағынасы туралы жазып, олардың жастар арасында қандай мақсатта қолданатыны туралы жазылған. Оқушыларға кірме көздерді қолдану бойынша сауалнамалар өткізіп, зерттеу нәтижесін қорытындылап шығарды.




Аннотация

Темой данного проекта является масштабная проблема современности. В проекте рассказывается об использовании молодыми людьми заимствованных слов из английского языка. В содержании проектной работы автор пишет о типах, значении заимствованных слов, о том, для каких целей они используются в молодежной среде. Провели анкетирование учащихся по использованию источников доступа, подвели итоги исследования.



Annotation

The theme of this project is a large-scale problem of our time. The project tells about the use of borrowed words from the English language by young people. In the content of the project work, the author writes about the types and meaning of borrowed words, about the purposes for which they are used in the youth environment. We conducted a survey of students on the use of access sources, summed up the results of the study.








Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі








Бағыты: тіл білімі

Секциясы: гуманитарлық

Тақырыбы: Оқушылар арасында пайдаланатын ағылшын тілінен енген кірме сөздер




Авторы: Қожан Балжан, 8 сынып

131 жалпы орта білім беретін мектеп,Шымкент



Жетекшісі: Беркинбаева Жадыра Ерболовна


131 жалпы орта білім беретін мектеп,Шымкент


Кеңесшісі: Әділбекова Жеңіскүл Қуандыққызы(М.Әуезов атындағы ОҚУ,Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы,ф.ғ.к.,доцент )

2021 жыл

Мазмұны

Кіріспе


І тарау. Теориялық бөлім

1.1. Кірме сөздер деген не?

1.2. Ағылшын тілі сөздерін қарым-қатынас шеңберіне бөлу

ІІ тарау. Зерттеу бөлімі

2.1. Ағылшын тілінің кірме сөздерінің жастар арасында пайда болуының себебі.

2.2. Оқушылар арасындада ағылшын тілінің кірме сөздерін пайдалануы. Ондағы кемшіліктер.


Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер

































Кіріспе

Өзектілігі

Ана тілін қадірлей отырып, өзге тілді білуге ұмтылу – бізге қойып отырған өмірдің талабы. Басқа тілдерден келген кірме сөздер- табиғи және тұрақты үдеріс. Халықтар, елдер, мемлекеттер әрқашан бір-бірімен байланыста болғандықтан басқа тілдерден кірме сөздердің келуі заман талабы. Ақпараттық тасқынның күшейюі-ғаламдық интернет желісінің пайда болуы, дүниежүзілік экономикалық нарықтың дамуы, халықаралық туризм, мәдениет байланыстары , ақпараттық технологиялар, халықаралық олимпиадалар, фестивальдар – осының барлығы ағылшын тілінен енген кірме сөздерінің келуіне себеп болды. Мысалы: ноутбук, сканер, интернет, сайт т.б. Ағылшын тілінен енген кейбір сөздердің аудармасы біздің тілде жоқ. Мысалы: чипсы, видеоклип. Мұндай сөздер ағылшын тілінен енген кірме сөздердің көмегімен түсіндіріледі. Мысалы: [термопот – термо және шәйнек, пиллинг-крем – бетті тазартатын крем] Бұны көп түсіндіру қажет емес, бірақ сөзбен айтылады. Мысалы: клубқа кірер алдындағы тексеріс - face-контроль, имидж – , шоу - қойылым. Бір жағынан ағылшын тілінен енген кірме сөздер сөздік қорын кеңейтеді, екінші жағынан өз тіліміздің әдеби көркемдік мағынасын жояды. Қазіргі жағдай туралы көптеген филологтар мен лингвистардың ойынша, ағылшын тілінен енген кірме сөздердің көптігі сонша, өз тіліміздің қасиеті жойылып барады. Бізді қобалжытатын жағдай, күнделікті өмірде қазіргі жастар ағылшын тілінен енген кірме сөздерің жиі пайдаланады. Жастарға өз ойын, сезімін ағылшын тілінің кірме сөздер арқылы білдіру оңайырақ көрінеді.

Нақтырақ айтатын болсақ, жастардың күнделікті өмірде ағылшын тілінен енген кірме сөздері табиғи тілдік үдеріспен, әлеуметтік-идеологиялық себептерге байланысты.

Аталмыш қайшы сұрақтар ағылшын тілінен енген кірме сөздер тақырыбының өзектілігі бізге осы тақырыпта зерттеу жұмыстар жүргізуге ой салды.

Ағылшын тілінен енген кірме сөздерінің алатын орны.

Қазіргі заманда ағылшын тілі-халықаралық тіл болғандықтан оның мәртебесі әрине жоғары. Кірме сөздерді дұрыс пайдалана отырып, өз тіліміздің де мәртебесін арттыру.

Зерттеудің мақсаты: Қазіргі жастардың сөйлесу мәнерінде ағылшындық қаншалықты қалыптасқаның зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:

1.Тақырыпқа байланысты теориялық материалдарға талдау жасау.

2.Ағылшын тілі пәнінің білімдерін тереңдету, молайту.

3.Кірме сөздерінің келу себептерін анықтау.

4.Кірме сөздерінің пайда болуын қарастыру.

5.Кірме сөздердің жіктерге бөліну шеңбері.

6.Осы тақырыпқа байланысты оқушылар арасында сауалнама өткізу.

7.Оқушылар арасында көп пайдаланатын кірме сөздерінің сөздігін құрастыру.

Зерттеу объектісі: ағылшын тілінен енген кірме сөдер

Зерттеу заты: . ағылшын тілінен енген кірме сөздердің жастар арасында пайдаланылуы

Зерттеу гипотеза: Жастар арасында ағылшын тілінің кірме сөздерін пайдалану көптеп орын алуда.


Зерттеу кезеңдері:

  1. Ақпарат жинақтау.

  2. Зерттеу жүргізу.

  3. Қорытынды шығару.


Зерттеу әдістері:

  1. Ағылшын тілінен енген кірме сөздер туралы ақпаратты жинақтау және қорытындылау;

  2. оқушыларға жадынама құрастыру;

  3. эксперимент;

  4. бақылау;

  5. сауалнама.


Зерттеу жаңалығы.

Ағылшын тілінен енген кірме сөздердің мағынасы талданады.

























І тарау. Теориялық бөлім

1.1. Кірме сөздер деген не?


Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестері, жұрнақтар т. б.). Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер», «варваризмдер», «калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсы бірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - ерте замандарда қытай тілінен ауысқан лексема. [1]
Абай
шығармалары тіліндегі кірме сөздер негізінен екі үлкен топқа бөлінеді: араб-парсы және орыс сөздері. Олардың әрқайсысын ақын өмір сүрген кезеңдегі қалың көпшілікке түсінікті- түсініксіздігіне, актив- пассивтігіне (қолданылуына) қарай іштей екі топқа жіктеуге болады:
1) Араб-парсы сөздері:

а) ар, абырой, амал, адал, арам, әскер, әйел, дәулет, дәурен, зайып, зейін, күмән, қадыр, құрмет, қиял, құдай, Аллаһ, молда, мешіт, шәкірт, хат т. с. с.;

ә) аррахман, батил, жаһил, исбат, интинжа, мағмұр, мағрифат, мағишат, мәслих, латиф, ниһаят, салахият, тақриб, тахмин т. с. с.
2) Орыс сөздері:

а) барқыт, бақалшық, бодан, болыс, закон, зауыт, кір, майыр, мәліш, ләпке, ояз, сияз, сот, старшын, самаурын, сома, партия т. с. с.;

ә) виноват, визит, единица, занимайся, здравомыслящий, гуляйттау, миллион, картечь, номер, ноль, прошение, прямота, трагедия, такт, фабрик, электр, т. с. с. Сондай-ақ Абай шығармаларындағы калька арқылы жасалған балама тіркестерді де (үміттің нұры - «светило надежды», суық ақыл - «рассудок холодный», қараңғы көңіл - «мрачная душа», жабыраңқы жазған сөз - «стих унылый» т. б.) осы топқа жатқызуға болады.

Кірме сөздердің пайда болу себептері.

Бүгінгі күні жер шарынының төрттен бір бөлігі ағылшын тілінде сөйлейді, ал миллиардтаған халық оны оқиды. Жаңа ақпараттық технологиялар халықаралық ғылыми конференцияларда айтылады, барлық баяндамалар ағылшын тілінде оқылады, халықаралық байланыс та ағылшын тілінде жүргізіледі.

Кірме сөздерінің пайда болу жолдары:

1.Заман талабына сай қажет сөздер

[ноутбук, органайзер, сканер]

2. Екі ағылшын тілі сөзінен құрастырылған сөздер, [секонд-хэнд, видео-салон]

3.Біздің тілге келген кірме сөздер нақтылы заттардың аттарымен, жұмыс жүргізу тәртібімен қалыптасқан сөздер.

[фейс-контроль, пиллинг]

4. Тілдің мағынасын көрнекті түсініктермен толықтыру [имидж, прайс-лист ,шоу]

5. Шетел сөздерінің мәртебесін жоғары бағалау [презентация, эксклюзив]

6. Басқа елдін спецификалық ұлттық салтын бейнелейтін сөздер [сендвич-гамбургер, фишбургер, чикенбургер]

Кірме сөздерін бірнеше топқа бөлуге болады:

Тура аударылымдар.

Біздің тілде бұл сөздер өзгертілмей дәл солай айтылады.

Бүл сөздер: уик-энд – демалыс, мани – ақша.

Шата аударымдар. Бұл сөздерге спикер [to speak – сөйлеуші], [busy – беймаза, мазасыз]

Өз қалпында сақталған. Шетел тілінен пайда болған сөздер, бұл сөздердің фонетикалық, графикалық түрі сақталған.

Бұл сөздер меню, пароль, диск, вирус, клуб. [2]

Өзіндік ерекшеліктік.

Ағылшындардың ұлттық салтын бейнелейтін сөздер.

Бұл сөздердің ерекшелігі олардың синонимдері жоқ.

Мысалы: чипсы [chips], хот-дог [hot-dog], чизбургер [cheeseburger]

Шетел тілі туындысының жұрнақтары. Бұл сөздердің лексикалық эквиваленттері бар, бірақ стилистика жағынан ерекшелігі көп.

Мысалы: о’кей [ок], вау [wow]

Құрамдары. Екі ағылшын тілі сөзінен құрастырылған сөздер, мысалы: секонд-хэнд – пайдаланған киімдерді сататын дүкен; видео-салон – фильм көретін бөлме.

Епкінділігі. Бұл сөздерде кейбір дыбыстар өзгертіліп айтылады, .

мысалы: [crazy] –крейзи, есінен адасқан.




1.2. Ағылшын тілі сөздерін қарым-қатынас шеңберіне бөлу


1.Мансап,саясат.

Соңғы жылдары саясат лексикасында кейбір шетел тілі сөздері пайдалануда.

Мысалы: премьер-министр, вице-премьер, спикер, президент.

2.Бұқаралық ақпарат

Бұл сфера ағылшын тілінен енген кірме сөздерімен өте жылдам толықтырылып келеді. Интернет кірме сөздерінін пайдалануының «рекордсмені», әсіресе жарнама, болған жағдайларды мәліметтегенде т.б. Бұл сферада филологиялық білімі бар көп маман жұмыс істесе де, сол адамдар тілдің мәдениетін сақтау керек сияқты. [3]

3. Жарнама.

Ағылшын тілінен енген кірме сөздердің келуінің бір жолы.

Біздің жарнамашылар ағылшын жарнамасының аудармасын көрсетеді: стимер, ростер, триммер, снукер, пул, сквош т.б.

Бірақ практикада керісінше,бұқаралық ақпарат,теледидар осы сөздердің пайда болуына әсерін тигізеді. [ди-джей, фейс-контроль, стилист, лузер, ток-шоу]

4. Интернет. Интернет желісін пайдаланудын күннен күнге өсуі: бит, баит, диск, курсор, флешка, флипчарт, чат т.б.

5.Спорт.

Бұрыннан үйреншікті сөздер де ағылшын тілінен келген екен.

Бұл сөздер спортсмен, футбол, бодибилдинг, рефери, матч, гол, боулинг, дайвинг, скейтборд, сноуборд, байкер, фитнес т.б.

6.Косметика терминдері:

лифтинг, скраб, пиллинг.

7.Техника.

Жаңа технологияларға жаңа ат береді, сөздер ағылшын тілінде айтылады.

Бұл сөздер: компьютер, ноутбук, мобильный, сканер, органайзер, клавиатура, монитор т.б.

Ағылшын тілінен келген тұрмысқа қажет құрал жабдықтар [блендр, принтер, ксерокс, миксер, икс пи, фотошоп]

8. Кино, музыка.

Айтылмыш шеңбер ағылшын тілдің мықты бастауы болып табылады, поп-мәдениет арқылы ағылшын тілінен енген кірме сөздері көбі бөгетсіз кірді.

Қазіргі кезде әнші жұлдыздардың көбі ағылшын тілінде ән айтады,киноларға түседі.Мысалы: А.Шварценеггердің көп айтатын сөзі бар I'll be back; немесе Дима Биланның әні Never-ever let me go), қазір сол сөзді жастар көп айтады.[саундтрек, бойфренд, блокбастер, терминатор, камеди клаб, вестерн, киборг, хит, сингл, ремейк, трек, постер, т.б.]

9. Экономика.

Бұл сфераға келесі сөздер келген инвестиция, маркетинг, дилер, брокер, дефолт, прайс-лист, менеджер, босс, шеф.

Жоғарыда айтылған сөздер бізге ағылшын тілінен енген кірме сөздерінің диаграммасын құрастыруға мүмкіндік берді.[3]

Ана тілін қадірлей отырып, өзге тілді білуге ұмтылу – бізге қойып отырылған міндет. Халықтар, елдер, мемлекеттер әрқашан бір-бірімен байланыста болғандықтан кірме сөздердің келуі заман талабы. Ақпараттық тасқынның күшейюі – ғаламдық интернет желісінің пайда болуы, дүниежүзілік экономикалық нарықтың дамуы, халықаралық туризм, мәдениет байланыстары, ақпараттық технологиялар, халықаралық олимпиадалар, фестивальдар – осының барлығы ағылшын тілінен енген кірме сөздердің келуіне себеп болды.
Кірме сөздер дегеніміз тілімізге басқа тілден енген сөздер. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысып тұруы барлық тілдерге тән құбылыс. Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ десе де болады.
Бүгінгі күні жер шарынының төрттен бір бөлігі ағылшын тілінде сөйлейді, ал миллиардтаған халық оны оқиды. Жаңа ақпараттық технологиялар халықаралық ғылыми конференцияларда айтылады, барлық баяндамалар ағылшын тілінде оқылады,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!