Материалдар / Ғылыми жұмыс қазалы жауһары Ақтан батыр
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс қазалы жауһары Ақтан батыр

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жұмыс Қазалы жауһары ақтан батыр туралы ақпараттар ғылыми жоба ретінде қарастырылған. Өмірбаянынан ақпараттар береді. Қолдануларыңызға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2022
484
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«...................................... облысы № ...... ЖББОМ» КММ













Бағыты: Қазақстан тарихи ескерткіштері және перспективалық туристік маршруттары

Секциясы: Этномәдениет

Тақырыбы: Қазалы жауһары – Ақтан батыр



Жобаны дайындаған:

... «..» сынып оқушысы: ..............................

Жоба жетекшісі: ...................................









2020-2021 оқу жылы

Аннотация

Бұл ғылыми жобада оқушы «Қазалы жауһары – Ақтан батыр» туралы жазған. Ақтан батырдың қайталанбас бейнесі, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін жаудан қорғап, еліне қорған, қамқор бола білген, ханына қалқан болған батыр бабамыздың талай жауға тойтарыс беріп, ашық айқаста қаруын асынып, қасқая қарсы тұрып, қазақ елінің ұлы даласын жау қолына бермей ұлтарақтай жерін қорғағаны, ашық айқаста аянбай жаудың алқымын сыққан, керемет дара тұлға екендігін тереңнен зерттеп жаза білген. Бұлты бар Ақтан батыр атануының себебін айқындап, өз зерттеу жұмысында Ақтан батырдың ақыл, күш қайратын, өздеріне ұлы тұлға ретінде санайды. Өзі өлседе, артында өшпестей болып тарихта аты мәңгі жазылып қалған Ақтан батыр бабамызды Қазалы жауһар атауының өзі, қазақ елінің бейбіт, тәуелсіз мемлекет болуына қосқан үлесі ұшан теңіз. Тұғырлы тәуелсіздігіміз ата – бабамыздың қанымен жуылып, қан майдан қырғынмен келгені, шыққан тегімізді, тарихымызды ұмытпау, болашақ жастар біздердің санамызға сіңіру, құрметпен қарау, ұмытылып бара жатқан тарихымызды дәріптеу болып табылады. Тәуелсіз елімізді қорғар патриоты болып, халқымыздың басына қандай да күн туса, батыр бабамыздай Отанымызды қорғайтын, өркендетуге ат салысатын, елімізге қызмет ететін нар тұлғалы жігіт боламыз деп дәлелдеп жаза білген.

Аннотации

В этом исследовательском проекте студент написал о «Казалы Жаухары - Актан батыр». Уникальный образ Актана батыра, защищавшего свою страну от врага силой белой руки и острием белого копья, был щитом для хана. Он умел изучать и подробно писать, что он великий человек, который защищал свою землю, сражался в открытых боях и разгромил врага. Определяя причину, по которой назывался Актан батыр с облаками, в своей исследовательской работе он рассматривает Актан батыра как человека интеллекта, силы и величия. Несмотря на то, что он умер, имя нашего предка Актана Батыра, имя которого навсегда останется в истории, - Казалы Жаухар, его вклад в создание мирного и независимого государства Казахстан. Наша фундаментальная независимость должна быть омыта кровью наших предков, помнить о происхождении и истории наших предков, внушать нам уважение и прославлять нашу забытую историю. Он смог доказать, что он будет патриотом, который будет защищать нашу независимую страну, что он будет героем, который будет защищать нашу Родину, способствовать ее процветанию и служить нашей стране.

Annotation

In this research project, a student wrote about "Kazaly Zhauhary - Aktan Batyr". The unique image of Aktan Batyr, who defended his country from the enemy with the strength of his white hand and the tip of his white spear. He was able to study in depth that he was a great individual who defended his land, fought in open battles and crushed the enemy. Determining the reason for being called Aktan Batyr with clouds, in his research work he considers Aktan Batyr as a man of intellect, strength and greatness. Even though he died, the name of our ancestor Aktan Batyr, whose name will forever be engraved in history, is Kazaly Zhauhar, his contribution to the establishment of a peaceful and independent Kazakh state. Our fundamental independence is to be washed in the blood of our ancestors, to remember the origins and history of our ancestors, to inculcate in our minds, respect and glorify our forgotten history. He was able to prove that he would be a patriot who would defend our independent country, that he would be a hero who would defend our Motherland, contribute to its prosperity and serve our country.







................... облысы № ... ЖББОМ» КММ

..... «........» сынып оқушысы: ..........................

«Қазалы жауһары – Ақтан батыр»

тақырыбына жазған

ПІКІР

«Қазалы жауһары – Ақтан батыр» тақырыбында оқушы зерттеу жұмысын жүргізген. Ақтан батыр бейнесін тереңнен зерттеп, көшбасшылық дара қабілетін, ұлтарақтай жерін жау қолына бермей, Отан үшін, азаттық үшін еліміздің тәуелсіз мемлекет болуына, қытай мен жоңғарларға қарсы жасаған жорықтары туралы көптеген мәліметтерді жинақтаған. Ақтан батыр тарихи тұлға екендігін, дара қабілетін, өте сергек, алғыр, сезімтал жан екендігін, туып өскен жері мен балалық шағын, өмірбаянын жазып, қазақ даласында алғаш сауда жасаудың негізін қалаған нар тұлғалы бейнесі жайлы тереңнен зерттеу жасаған.

Оқушы ізденімпаз, бастаған ісін аяғына дейін толық орындай білетін, алғыр, зерек, шығармашыл оқушы. Болашақта өз мамандығын таңдап, Отан қорғар әскери адам боламын деген асқақ арманы бар. Арманын орындап болашақта елінің болуға, Отанына, халқына, еліне қызмет ететін азамат болуға талпынып, өз ойын көркем сөздермен, еркін түрде айта отырып, арманының орындалуына жол аша білді.





Пікір жазған: ....................................



Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

ІІ.1. Ақтан батырдың өмірбаяны

ІІ.2. Батыр бабаның жауға шапқан ерлігі

ІІ.3.Басында бұлты бар Ақтан батыр атануы

ІІІ.Зерттеу бөлімі

ІІІ.1. Қас батырдың Қазақ елінің азаттығы үшін жасаған күресі

ІІІ.2. Батырдың жауға шапқан ерлігі мен керемет қасиеттері

ІІІ.3.Ақтан батырдың ұрпақтары

ІҮ.Қорытынды

Ү. Қолданылған әдебиеттер





















Тақырыбы: Қазалы жауһары – Ақтан батыр

Мақсаты: Қазалы жауһары – Ақтан батыр екенін дәлелдей отырып, Ақтан батыр бейнесін, өмірбаяны мен жауларға қарсы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қан майданда ашық айқасқа шығып, ұлтарақтай жері үшін қанын төккені туралы мәлімет жинақтау, зерттеу.

Міндеті: Ақтан батырдың өмірбаяны мен батыр бейнесін зерттеу;

Жауларға қарсы шайқасқа түскен, Ақтан батырдың басында бұлты бар, Қазалы жауһар атануын, ерен ерлігі туралы ақпараттар жинап, болашақта батыр бабамыздай ержүрек болуды басшылыққа ала отырып, достарыма дәріптеу.

Жаңашылдығы: Ғылыми еңбегімнің ерекшелігі атақты Ақтан батырдың өз заманында елінің азаттығы үшін күрескен ерліктері әлі де болса беймәлім екендігі белгілі. Сол замандарда атағы жер жарған батырдың ерліктері күні бүгінге дейін аталмай келуі мен үшін таңқаларлық дүние болды. Осы орайда ғылыми жұмысымның маңыздылығын аша түсу үшін жетекшіммен бірге Ақтан батыр туралы бір жаңалық ашуға тырыстық. Бәрі ойымыздағыдай болмағанымен, басында бұлты бар Ақтан батыр деп аталуы ізденісімізге шабыт қосты.

Зерттеу әдістері: Ақтан батыр туралы мәліметтерді жинақтау, Ақтан батыр бейнесін, жаулармен шайқасқанын, ерен ерлігін зерттеу, сұрақ – жауап, талдау, зерттеу, қорытынды жасау.

Болжам: Ақтан батыр бейнесін, өмірбаяны мен жауларға қарсы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қан майданда ашық айқасқа шығып, ұлтарақтай жері үшін қанын төккені туралы зерттей отырып, болашақ жастардың жүрегіне отандық патриотизм сезімін ұялату жолында сыныптастарыма дәріптейтін боламын.

Зерттеу нәтижесі

1.Басында бұлты бар Ақтан батырдың шығу тегін оқып білдім.

2.Ақтан батырдың көзсіз батыр, атақты қол мерген, дана әулие кісі екеніне көзім жетті.

3.Ақтан батыр ұрпағының болашағы үшін қан төккені зерттеу барысын да дәлелденді.

4.Зерттеу барысында басында бұлты бар Ақтан батыр деп аталуын біліп, тегін адам емес екендігінің мағынасын аштық.

5.Батыр бабамыздың мекен еткен жерлері мәлім болды

6.Ақтан батыр туралы ел аузында жүрген аңыз-әңгімелер жинақталды.

Күтілетін нәтиже:

Ақтан батыр бейнесін, өмірбаяны мен жауларға қарсы күресін, қан майданда ашық айқасқа шығып, ұлтарақтай жері үшін күрескені туралы тереңнен зерттеп, болашақ жастардың жүрегіне отандық патриотизм сезімін ұялату, өз болашағымызда мамандық таңдауымызға жол ашамыз. Ақтан батыр бабамыздың сара жолын жалғар, елінің қамын ойлайтын патриотты азамат боламыз.



























І.Кіріспе

Ер есімі мен ер тарихы егіз ұғым екені айдан анық. Ер елін жақтаса, елі ерін мақтайды. Демек ер есімі, қалың жұртшылықтың жадында мәңгілік сақталады. Басында бұлты бар, Қазалы жауһары - Ақтан батыр бабамыз ұлтарақтай жері үшін қарсы шапқан жауларды қаңбақша ұшырып, жайпап отырды. Қазалы жауһары атанған Ақтан батыр бабамыздың тағдыр-талайы тарихтың айтуы бойынша қандай қиын болған. Оның өмір жолын, ерлік дастанын кейінгі ұрпақ біле бермейді. Мұнымен қоса, бүгінгі таңда батырдың өліміне қатысты таласты дүниелер көп. ..... Жазылғанына біраз уақыт өтсе де, бұл еңбек классикалық дүниелер қатарына енеді. Бірақ қысым-қыспақтың кесірінен талантты жазушы атамыз туралы көп мәліметті оқырманға бере алмағаны белгілі. Басты мақсат – Ақтан батыр бабамызды әр қырынан байыпты зерделеп, тарихи тұлға екендігін нақты деректермен көрсете отырып, халыққа барынша насихаттау. Елімізге тәуелсіздік таңын тудыруға септігін тигізген батыр бабамыздың әрбір іс-оқиғасын өмір сүрген кезеңімен байланыстыра, батыр бабамызға жазылған естелік көне заманнан бері көнермей келе жатқан ел есіндегі есті сөзді жинақтап, ақ-қарасын айырып, байыптау, тырнақалды ғылыми зерттеу жұмысын жазу маған оңайға түскен жоқтығын айтпасқа болмайды. Себебі, бабамыздың көзін көргендер өмірден өтіп кетті. Әлі де болса тарихтағы орыны көмескі, аты толық аталмай жүрген, бабамыз туралы білсем деген алаңдығы жоқ, бала оймен зейін қоя зерттеу жүргізіп, ол кісі туралы мол дүниенің бір шетінің құпиясын, кейінгі зерттеушілер болса солар үшін кілтін тауып, құлпын аштым ғой деп ойлаймын.

«Ел емес пе ек, батыр – ортақ дейтұғын» - демекші, елінің азаттығын, ұрпағының қызығын көре алмай кеткен батыр бабамыздың атында ешқандай ауыл, елді-мекен немесе мектеп жоқ. Осы мәселені билік басында отырған ағаларымызға құлақ қағыс қылу маңызды мақсатымның бірі.



ІІ.Негізгі бөлім

ІІ.1. Ақтан батырдың өмірбаяны

Мен бұл жобаны таңдаған себебім, Елбасының жолдауында 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялаған. Жастар қазақ елінің болашағы. Сол себепті мен болашақта Ақтан батыр бабамыздай елінің басына күн туса қорған болатындай жаужүрек, батыл болу. Ақтан батырдың ерлік жолын баяндамас бұрын оның шыққан тегіне тоқталып өтелік. Ол – Кіші жүздегі алты ата Әлім деп аталатын тайпалар бірлестігіндегі Қаракесек тайпасының өкілі болып табылады. Бұл тайпа өз ішінде Есіл және Тобыл (Қазантебер деп те аталады) атты екі қанатқа бөлінеді. Ақтан батыр Есіл атты тайпалық қанаттан өрбиді. Одан әрі шежіреге сүйенсек, Есілден – Үңгіт, Жолай атты бөлімдер таралады да, Үңгіт өз ішінде Табаншы, Естек және Жақау деген үш тайпалық бөлімшеге жіктеліп кетеді. Тайпалық бөлімшеге түпата болған Жақау батыр – Ақтан батырдың төртінші атасы болып келеді. Шежірелік материалдар мен ел арасында кең тараған тарихи аңыз-әңгімелер Жақауды қарақыпшақ Қобыланды батырдың қарындасынан туған жиені және өз заманында әрі би, әрі батыр болған атақты тұлға деседі. Тіпті кейбір шежірелерде оны хан деп те атайды. Бұл жерде Жақау батырдың «хан» титулын иеленуіне байланысты қысқаша түсініктеме беруді жөн көріп отырмыз. Хандық кезеңде хандар ірі шайқастарда көзге түскен, ұрыста шешуші рөл атқарған қолбасшыларға, батырларға сый-сыйапаттар беріп отырған. Қазіргі түсініктер бойынша ол марапаттау болып саналады. Сондай марапаттаудың ең жоғары түріне – хандардың өз тағына көзге түскен батырларды бір мезетке отырғызуы жатқан. Кейіннен сол батырлардың ұрпақтары мақтанышпен өз аталарын хан деп атауды дәстүрге айналдырған. Жақау батырдың да хан болуын осындай жағдайға байланысты туған деп есептейміз. Жақау батырдың бес әйелінен Тыныбек, Жақсылық, Ноғай, Шоңай, Аман, Түмен, Қасаболат, Шой және Малайсары атты тоғыз ұл туып, олар сегіз руға түпата болып саналады. Жақау батырдың үлкені Тыныбектен – Тілес, одан Ақай, Абылай, Атан, Батыр, Сатым және Шөкір есімді аталар тарайды. Ал Ақайдан – Ақтан батыр мен Шортай туылады. Қазақтың батырлық жырларында болашақ батырлардың дүниеге келетінін белгілі бір әулиелер, көріпкелдер немесе арқалы адамдар алдын ала болжап айтатыны белгілі. Ақтан батырдың да дүниеге келерінің алдында есімі бүкіл Қаракесек тайпасының ұранына айналған Ақпан әулие болжай білген екен. Бұл туралы ел аузында мынадай тарихи әңгіме бар: «Ақайдың бәйбішесі – Ақтанның шешесінің төбесінде шырақ жанып жүргенін көрген әруақты Ақпан батыр: «Мына іштегі тегін бала емес. Киелі бала екен, Әулиелік кереметі бір бөлек. Бүкіл Әлімнің намысын қорғайтын батыр болар. Бірақ, мен бұл баланы көре алмаспын. Әруақ қолдасын, менің жолымды берген», – деп батасын берген болатын қартайған шағында. Сөйтіп, мінген атының ерінің үстіндегі боз көпшігін: «Балаға табыс етесіңдер», – деп қалдырған екен. Ақай атамыз осы бала дүниеге келгенде «атасының батасы дарысын» дегенмен азан шақыртып Ақтан деп ат қойыпты. …Сонымен есімі бүкіл Қаракесекке ұран болған әулие Ақпан батырдың батасы дарыған Ақтанға қысылғанда ойнақшып шыға келетін киелі бұлты осы атасынан қоныпты». Ақтан батырдың туған жылына келсек, ол жөнінде екі түрлі пікір бар. Арал, Қазалы өңіріндегі шежірешілер мен қариялардың айтуынша ол 1770 жылы қазіргі Қызылорда облысы Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылына қарасты «Тілес» арығы бойындағы «Түлкіқашқан» деген жерде дүниеге келіпті. Бұл қазіргі кезде кең тараған пікірге жатады. Ал Ақтөбелік өлкетанушылар мен шежірешілер батырды 1785 жылы туылған деседі. Бұл пікірді қолдаушылар сан жағынан аз болса да, онда біршама шындыққа сәйкес келетін тұстары бар. Ақтан батырдың туған інісі Шортайдың ұрпағы Жолдасбай Қошқарұлының дерегі бойынша батыр 1785 жылы дүниеге келген. Және де Ш.Айтуғанұлы Ақтан батырдың басындағы құлпытаста өлген жылы деп «1876» жылдың көрсетілгенін айтады. «Ақтан батыр» дастанында 1830-40-шы жылдардағы оқиғаларға қатысты мынадай жолдар айтылады:

«Тұлғалы адам екен Ақтан батыр,
Қылышы қынабы мен қапталда тұр.
Жетіпті ер жасына осы биыл,

Елудің есігінен аттап жатыр»

Тағы бір деректе 1860 жылдан кейін Жанқожа батырдың кегін қайтарған Төртқара Байқазақ батыр орыс абақтысына қамалғанда Ақтан батыр оны құтқарып алған екен. Райымбаев К.Кіші жүз Алшын Әлім Ұланақтан осы жоғарыда келтірген ауызша дерек мәліметтері Ақтан батыр 1785 жылы туыл­ған деген пікірдің шындықтың ауылына бір табан жақын екендігін дәлелдей түседі. Де­генменде, шындық әлі де болса ақи­қат емес. Сол себепті де Ақтан батыр жө­нінде болашақта жазылатын зерттеулерде бұл мәселе арнайы қарастырылып, оң шеші­мін табады деген ойдамыз.

ІІ.2. Батыр бабаның жауға шапқан ерлігі

XIX ғасырдың бірінші жартысында Әлім тайпаларымен бірге Қаракесек тайпасының рулары да жаз айларында Ор, Торғай, Ырғыз өзендері алқаптарында, Мұғаджар тауы маңында жайлап, қысты Сыр бойында өткізген. Алты Алаштың анасына айналған Сыр бойы қай ру-тайпаға болмасын қорған мен пана болғаны белгілі. Сыр бойындағы әрбір қыстаулар мен жайылымдарды рулар иемденіп, белгілі бір тәртіп пен жүйе бойынша ұзақ жылдар бойы қоныстанып отырған. Қаракесектердің қыстаулары Сыр мен Қуанның төменгі ағысы бойында болғанын жазба да, ауызша да дерек мәліметтері дәлелдейді. Хиуа хандығының езгісі мен бектерінің озбырлықтарын осы өңірді қыстайтын Кіші жүздің барлық рулары мен тайпалары бірдей көреді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Хиуа хандығының үстемдігі Сырдың төменгі бойына XIX ғасырдың 20-шы жылдарына дейін орнап болса, одан кейінгі жылдары ол күшейе түседі. Сонымен бірге қазақ ру-тайпалары арасында бірлікке жол бермеу үшін Хиуа ханы әр руды басқарып отырған төре тұқымдарын бір-бірімен, ру-тайпа билерін де бір-бірімен шағыстырып оты­рады. Жекелеген ру-тайпа билерін өз жағына тартып, қанау мен езгінің қолшоқпарына айналдырады. Осындай кезеңде әр ру батыры ғана өз елімен бірге болып, елінің, жұртының намысын бірлесіп қорғағаны байқалады. Оны біз Жанқожа батыр бастаған, Ақтан батыр, сондай-ақ тағы басқа ру батырлары қостаған төменгі Сыр бойы қазақтарының Хиуа хандығының езгісіне қарсы күресінен көре аламыз. Ел аузында сақталған ауызша мәліметтерге қарағанда күрестің ең шырқау шегіне көтерілісшілердің төменгі Сыр бойындағы Хиуа бекінісін талқандап, ондағы хиуалық наместник Бабажанды өлтіруі мен Хиуа ханының сол өңірге тағайындаған ханы Жанғазы төрені тұтқындауы жатады. Ақтан батыр осы оқиғаларда басты рөлдердің бірін атқарғандықтан, оған тереңірек тоқталып өтелік.
Хиуа ханының алым-салығынан басқа жергілікті жердегі хан өкілдері Жанғазы төренің, Бабажан сарттың озбырлықтары шектен шығып, батырлардың ашу-ызасын туғызады. Халықтың сол тұстағы ауыр күндері тарихи жырда былайша суреттеледі:

«…Қайыптың ұлы Жанғазы,
Хан болыпты дәріпті.
Сырдың бойын сағалап,
Көп қаланы салыпты.
Әкім қылып осы елге
Бабажан деген бір сарттың
Қолына берді жарлықты.
Біздің Алаш баласы
Бабажан сартқа қанықты.
Бабажанның қорлығы
Қазақтарды налытты.
Налытқаны емей немене,
Ақтылы қошқар, саулықты,
Үй басына салыпты.
Еріксіз қара қозыдан,
Бабажан алды салықты.
Елде жақсы мал болса,
Елде сұлу жар болса,
Елде жақсы қыз болса,
Бабажан алып сарықты.
Бастан кетіп ықтияр,

Тамам қазақ тарықты…»

Міне, осы жырдағы қысқаша ғана үзінді Хиуа хандығының езгісіне қарсы Сыр бойы қазақтары көтерілісінің себептерін көрсетіп отыр. Ал көтеріліске түрткі болған оқиғаға Жанқожа батырдың ағасы Ақмырзаны Бабажанның азаптап, сонан кейін мойнына тас байлатып өзенге батырып жіберуі жатады. Бұл кезде Жанқожа батыр қырда жайлауда болса керек. Болған оқиғаның анық-қанығына көз жеткізген атақты батыр өзінің қарулас серігі, әрі үзеңгілес досы Қаракесек Ақтан батырға, басқа да ру-тайпа батырларына хабар жіберіп, күзге қарай Бабажанның бекінісін талқандауды, өзін өлтіруді жоспарлайды.
ІІ.3.Басында бұлты бар Ақтан батыр атануы

1842 жылдың күз айларының бірінде Ақтан батыр өзінің 2000-дай жасағымен уәделескен жерге келеді. Бір күн ерте келген батыр Жанқожа батырдың жігіттерін күтетін болса, Бабажанның қарулы әскері қамал бекіністерін нығайтып алатынын сезіп, қарсыласына ес жиғызбай бірден ұрысқа түседі. Қамалда бекініс әскерінен басқа көмекке келген хиуалықтардың 200-ден аса мылтықпен қаруланған сарбазы болған екен. Шамасы алғашқы шабуылға хиуалықтар мылтықпен оқты қарша боратып төтеп берген сияқты. Сол кезде Ақтан батыр қаһарына мініп ашуланғанда шайдай ашық аспанды кенеттен қара бұлт жабады да, нөсерлетіп жаңбыр құйып береді. Қамал ішіндегі хиуалық әскерлердің білтелі мылтықтары ылғалданып атылмай қояды. Бозтайлақ атты атымен Ақтан батыр қамал сыртындағы ордан қарғып өтіп, бекіністің ішіне енеді. Батырдың жасақтары да «Ақпан» ұранымен арқаланып, қамалдың ішінде ұрыс салады. Көп ұзамай-ақ жау әскерлері мардымды қарсылық көрсете алмай, жеңіліс табады. Бабажан болса баласын артына мінгестіріп алып, қашуға тырысады, бірақ мінген аты орға құлап, қазақтардың қолына түседі. Осылайша, Хиуа ханының төменгі Сыр бойындағы әскери бекінісі, әрі тірегі болған қамал алынып қиратылады. Қаракесек жасақтары ұрыс барысында жауынның жаууын батырдың керемет қасиетінен деп, ол жөнінде кейінгі ұрпаққа небір әңгімелерді жеткізеді. Бекініс ішінде өзін хан санап жүрген Жанғазы төре қолға түсіріледі. Осыған байланысты ел арасына кең тарап кеткен мынадай жыр жолдары бар:

«Әлімде бір батыр бар аты Ақтан,

Ол Ақтан Сыр мен Қырға болған мақтан.

Жауына Жанқожамен қатар шауып,

Ұшырған төрелерді алтын тақтан».

Келесі күні Жанқожа батыр келгенде шайқас бітіп, қамал алынып болған болатын. Досына әбден риза болған Жанқожа:
– Ақтан келді қасыма,

Ақ күн туды басыма – деген өзінің жиі айтатын сөзін қайталапты дейді.
Бұл оқиға Ақтан батырдың батырлық қасиеттерін көрсететін бір ғана дәлел. Бұдан кейінгі Жанқожа, Ақтан батырлар бастаған көтерілісшілер Қуандария бойындағы келесі бір хиуалық бекіністің тас-талқанын шығарады. 1845 жылы Хиуа ханы Төменгі Сыр бойындағы көтерілісті басу үшін және қиратылған бекіністерін қалпына келтіру үшін мұздай қаруланған 2000 әскерін аттандырады. Ақтан батыр өз жасағымен Жанқожа батырдың басшылығы арқасында хиуалықтарға тойтарыс береді. Жеңіліске ұшыраған жау мақсаттарына жете алмай кейін оралады.
Ақтан батыр тек Хиуа ханына қарсы емес, сонымен бірге Кенесарының шақыруына үн қосқан Жанқожа батырмен бірге тізе қосып, Сырдың орта ағысы бойындағы Қоқан бекіністерін де қиратуға атсалысады. 1844 -1847 жылдары осы өңірдегі Жаңақорған, Күмісқорған, Шымқорған, Қосқорған секілді қоқандық бекіністерге жасалған шабуыл­дарға өз жасағын басқарып қатынасады. Бұл деректердің бәрі Ақтан батырды қолбасшылық қасиеттерімен бірге, XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Сыр өңірі қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі деңгейіне көтереді деп нық сеніммен айтуға болады.






































ІІІ.Зерттеу бөлімі

ІІІ.1. Қас батырдың Қазақ елінің азаттығы үшін жасаған күресі

Ақтан батыр өмір сүрген XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың ортасы аралығы – қазақ тарихындағы ең бір ауыр кезеңге жатады. Жоңғарларға қарсы күресте қазақ халқы өзінің ұлт ретіндегі тұтастығын, бостандығын сақтап қалса да, ішкі бірлігі мен саяси тұтастығын әлсіретіп алады. Мұндай жағдайды Ресей жақсы пайдаланып қазақ билеуші топтары арасындағы алауыздықтардың отын одан әрі өршіте түседі. Соның нәтижесінде Тәуке хан тұсындағы қазақ мемлекеттілігі өзінің бір орталықтан басқарылатын жүйесінен айырылып, бір-біріне бағынбайтын дербес хандары бар бірнеше саяси құрылымдарға бөлініп кетеді. XVIII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың ортасына дейінгі Ресейдің саяси, әскери, экономикалық отарлау бағыттарындағы жүргізген саясатының алғашқы кезеңінде Кіші жүз бен Орта жүздегі әлсіз саяси құрылымдар одан әрі бөлшектенеді де, отарлаудың күшеюіне байланысты хандық билік біржолата жойылып жіберіледі, қазақ жерлерін қоршай әскери шептер мен бекіністер салынады, қазақ ру-тайпаларының ең жақсы жерлері тартып алынады және қазақ халқының басына әртүрлі көлемдегі алым-салықтар салынады. «Бірлігі жоқ елдің тірлігі болмайды» дегендей қазақ халқының басындағы осы бір ауыртпалық кезеңді ортаазиялық хандықтар да пайдаланып қалуға тырысады. Қоқан хандығы да осы кезеңде Жетісу өңірін, Шу, Талас өзендері бойын, Сырдың жоғарғы және орта ағысы бойындағы жерлерді бағындырып, ол өңірлерде өз бекіністері мен қамалдарын салады да, жергілікті халықты қанауға кіріседі. Ал Хиуа хандығы болса Сырдың төменгі ағысы бойындағы жерлерге, Арал теңізі бойына және Маңғыстау өңіріне үстемдік жүргізеді. Хиуа ханы да Ресей, Қоқан билеушілері секілді бұл өңірлерде өз бекіністері мен қамалдарын салып, оларда әскери күштерін орналастырады. Өзінің тағайындаған өкілі арқылы жергілікті халықты басып-жаншып ұстап отырады. Сол жылдары осы өңірлердегі қазақ ру-тайпалары қанау мен езгінің ең бір сұмдық түрлерін бастарынан өткереді. Ақтан батырдың туып-өскен өңіріндегі халықтың жағдайы XIX ғасырдың бірінші жартысында осындай болатын.
Енді сөзіміз дәлелді болуы үшін бірнеше дерек мәліметтеріне жүгінелік.
1812 жылы қыс айында Хиуа ханы Мұхаммедрақым (1806-1825 жж. хан болған) өзі бастап Сырдария мен Қуандария өзендерінің бойында қыстап жатқан бейбіт елге шабуыл жасайды. Бұл өңірдегі Кіші жүздің шөмекей рулары талан-таражға түсіріліп, 100 мың қойдан, 40 мың түйеден айырылады, 500-дей қыз-келіншек тұтқынға әкетіледі. 1815 жылы Мұхаммедрақым 5000 әскерін тағы да Сырдың төменгі ағысы бойындағы қазақ руларын тонауға аттандырады. Бұл жолы Кіші жүздің шекті рулары жапа шегеді. Хиуа әскері мол олжамен кері оралады. 1816 жылы хиуалықтардың келесі жорығы тағы да осы өңірге бағытталады. Бұл жорықта тек қазақтар жағынан өлгендер саны 2000-нан асады. Міне, осындай шапқыншылықтардан кейін Сыр бойы қазақтарының бір бөлігі Хиуа ханының билігін амалсыздан мойындауға мәжбүр болады.
Хиуа ханы жергілікті халықты басқару үшін қазақ хандары әулетінің кейбір өкілдерін өз жағына тартады да, оларм

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!