Материалдар / Ғылыми жұмыс: "Қазақ ертегілеріндегі одағай сөздердің қолданылуы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс: "Қазақ ертегілеріндегі одағай сөздердің қолданылуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2018
1178
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы ЖББ №5 орта мектеп







Бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»

Секция: Тілтану

Тақырыбы: «Қазақ ертегілеріндегі одағай сөздердің қолданылуы»









Жазған: Сайлаубек Даниал Қуанышұлы

ЖББ№5 орта мектептің

8 «А» сыныбының оқушысы

Жетекшісі: Ибраева Алтынгул Бакыткалиевна

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі







Қарағанды, 2018 жыл

Мазмұны:

Аңдатпа 2

Ғылыми жетекшінің пікірі 3

Рецензия 4-5

І. Кіріспе 6-7

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қазақ ертегілеріндегі бір мағыналы және көп мәнді одағайлардың

қолданылу ерекшелігі 7-9

2.2. Ертегілердегі көңіл-күй және жекіру одағайларының 9-13

қолданылуы

2.3. Ертегілердегі шақыру одағайларының аз қолданылуы.

Сауалнама, диаграмма 13-16

2.4. Өзім құраған ертегідегі шақыру одағайлары, одағайдың төрт

түлік малмен байланыстылығы 16 -18

2.5. Ұсыныстар 19

ІІІ. Қорытынды 19-20

ІУ.Пайдаланған әдебиеттер 21









Аңдатпа

Ғылыми жұмысты жазу барысында оқушы қазақ халқының ертегілеріндегі одағай сөздердің қолданылуын негізге ала отырып жазған. Даниал ертегілердің түрлерін бар ынта-ықыласымен оқып, оларды өзінен кейінгі қарындасына түсіндіре айтып, өзі ертегі құрауға талпынысы бар екенін көрсетті. Жазу барысында одағай түрлерінің қолданылу ерекшелігін толық қамтыған. Қазіргі заманда ертегілердегі одағай түрлерінің мол қолданылуын дамыту керектігі, өскелең ұрпақтың тілін дамыту үшін маңызы зор екені баса айтылған. Сонымен қатар ертегілердегі кейіпкерлерді қамтып, қазақ халқының тұрмыс тіршілігін сөз етеді.

Оқушы бұл жобаны жазу барысында кеңінен дайындалғанын байқатты.



Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Ибраева А.Б.


Аннотация

В процессе написания научной работы ученик взял за основу использование междометий из казахских народных сказок. Даниал с интересом читая многие виды сказок, пересказывая их своей сестрёнке, пришёл к выводу что и сам может сочинять свои сказки. При написании сказок он полностью использовал особенности междометий. В работе показана важность использования междометий для развития речи подростающего поколения. Ученик всесторонне подошёл к написанию научной работы.





Учитель казахского языка и литературы: Ибраева А.Б.



ЖББ №5 орта мектебінің 8 «А» сыныбының оқушысы Сайлаубек Даниалдың қазақ тілі пәні бойынша жазған «Қазақ ертегілеріндегі одағай сөздердің қолданылуы» атты ғылыми жұмысына

Пікір

Даниалдың ғылыми жоба жұмысына ұсынған «Қазақ ертегілеріндегі одағай сөздердің қолданылуы» атты зерттеу жұмысы талапқа сай орындалған. Ертегінің бала бойындағы кітап оқуға деген қызығушылығын оятып, бала тілін дамытатыны туралы айтылған. Одағай – сөз таптарының ішіндегі адамның көңіл-күйін білдіретін сөздер. Қазақ ертегілеріндегі сөз табының қызықты түрі, одағай түрлерінің қолданылуына толық тоқталған. Сонымен қатар шақыру одағайларының ертегілерде қолданылуы өте аз екендігіне тоқталады. Зерттеу барысында ертегілерді оқуда оқушылардың одағай сөздердің қолданылуына мән беретін, бермейтіндіктері, шақыру одағайларының қолданылуы туралы сауалнамалар алынып, диаграммалық жұмыстар жүргізген. Шақыру одағайларын қатыстырып құраған өзінің ертегісін де жобасына кіргізген. Даниал келешекте тағы да ертегілерді құрау жұмысын жалғастырып, кітапшалар шығарсам деген арманы да бар. Оқушы «Қазақ ертегілеріндегі одағай сөздердің қолданылуы» тақырыбында жүйелі ізденіс жұмыстарын жүргізіп, болашаққа арналған нақты жоспар құрып отыр. Осындай шығармашылық ізденіс жұмыстары арқылы бұл оқушыдан болашақта үлкен үміт күтуге болады.





Ғылыми жоба жетекшісі: Ибраева Алтынгул Бакыткалиевна







ЖББ №5 орта мектебінің 8 «А» сыныбының оқушысы Сайлаубек Даниалдың қазақ тілі пәні бойынша жазған «Қазақ ертегілеріндегі одағай сөздердің қолданылуы» атты ғылыми жұмысына

Рецензия

Ғылыми жұмыс қазақ ертегілеріндегі одағай сөздер түрлерінің қолданылуын зерттеуге және қарастыруына арналған.

Қазіргі таңда төл тарихымыз бен салт-дәстүрімізді қайта рухани жаңғырту бағдарламасының барысында елімізде танымды шаралар жүргізілуде. Ғылыми жұмысының мақсаты: үйде кішкентай баладан бастап мектеп оқушысына қазақ ертегілерін оқып беру арқылы тілдерін дамыта отырып, одағай түрлерінің қолданылуын зерттеу барысында тіл мен халық ауыз әдебиетін ұштастыра байланыстыра білген.

Ертегіні балалар түгілі, үлкендер оқыса да онда қолданылатын одағай түрлеріне назар аудармасы анық. Бұл жұмыс барысында ізденушілік жұмыстары жүргізілді: кітапханаға барып, бірнеше ертегі кітаптарды оқыды. Одағай тақырыбында жазған кітап авторларымен , одағай түрлерімен егжей-тегджей танысты. Сонымен қатар, мектеп оқушыларынан сауалнама алынды. Өкінішке орай, сауалнамаға қатысқан 6,7,8 қазақ сыныбынан 31 оқушының 14-і «Ертегі оқығанда одағай түрлеріне мән бермедім» деп жауап берсе, 17 оқушы «одағай түрлеріне мән бердім» деп жауап берген. 8 оқушы «Шақыру одағайлары кездеседі ме? » деген сұраққа «иә» деп 8-і, «жоқ» деп 23-і жауап берген. 6,7,8 орыс сыныбы бойынша 23 оқушының 9-ы «Ертегі оқығанда одағай түрлеріне мән беремін» деп жауап берсе, 14 оқушы «одағай түрлеріне мән бермедім» деп жауап берген. 8 оқушы «Шақыру одағайлары кездеседі ме? » деген сұраққа «иә» деп 10-ы, «жоқ» деп 17-сі жауап берген. Еңбектің жаңалығы –сауалнамаға қатысқан оқушылар пікірілері зерттеліп, ғылыми жұмыста одағайға байланысты мәліметтер жиналды. Шақыру одағайларының қолданылуы аз екендігі туралы айтылды. Осы орайда өзінің құрап жазған ертегісін де жария етті.

Келесі жылға ғылыми жұмыстың әрі қарай жалғастыруына жоспар жасалып жатыр.



Директордың тәрбие ісі

жұмысы жөніндегі орынбасары: Омаргалиева Мейрамгүл Сапартаевна






























І.Кіріспе

Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы «Қазақ ертегілеріндегі одағай

сөздердің қолданылуы» деп аталады.

Былтырғы оқу жылында біз қазақ тілінен сөз таптарын өткен болатынбыз. Мұғалімнің одағайларды біз күнделікті өмірде, ауызекі тілде қолданып жүргенімізді, бірақ соған көпшілік балалар мән бермейтінімізді, диалог сөздерде де орыс тілін, тағы басқа мағынасы жоқ сөздерді араластырып сөйлейтінімізді айтты. Сол сөз таптарының ішінде маған ұнаған сөз табы-одағай болатын. Өмірде адамның көңіл күйінің өзгеріп тұратыны, бір-бірімен жай сөйлесіп қана қоймай көңіл күйлерін дыбыстық ишараттармен жеткізе білетіні мені қызықтырды. Бірде мұғалім бізе үйге көркем әдебиет үлгілерінен одағайларды тауып келу тапсырмасын берді. Мен бұндай құбылыстарды көрсету үшін көркем әдебиетке, атап айтсам, ертегілерге жүгіндім.

Одағай сөздер өзінің мәніне сәйкес яғни әр түрлі көңіл күйін, жекіру мәндерді білдірумен байланысты диалогта, көркем әдебиетте жиі қолданылады.

Ертегінің өн бойы тұнып тұрған одағай сөздер екен.

Ертегі-баланың ең жақын досы. Мен кішкентай кезімнен әжемнің, ата-анамның ертегілерін тыңдап өстім. Сыныбым жоғарылаған сайын ертегіні оқудан еш жалыққан емеспін. Менің кіші қарындасым ертегі тыңдағанды өте жақсы көреді. Сондықтан мен қарындасыма ертегі оқып беріп отыруды міндетіме алдым. Қарындасымның ұғымтал, зеректігі мені таң қалдырады.

Сөйтіп менің ертегілердегі одағайлардың қолданылуын зерттеуге деген қызығушылығым туды. Сөз таптары, одағай тақырыбы тіл ғылымында мүлдем қарастырылмаған, не зерттелмеген құбылыс деп айта алмаймыз.

Биыл оқушылардың осындай зерттеу жұмысына бірінші рет қатысып отырмын.

Ғылыми жобамның негізгі мақсаты-қазақ ертегілеріндегі одағай сөздердің қолданылу ерекшелігін анықтау, түрлерін зерттеу, мысалдар теріп, талдау. Құрастырған ертегілерімді жинап кітап етіп шығару, ол ертегілерде одағайлардың барлық түрінің, оның ішінде шақыру одағайларының қамтылуын басты назарда ұстану. Қазіргі заманда жазылып шығып жатқан ертегілерде одағай түрлерінің кеңінен қамтылуына өз ұсынысымды білдіре келе, өз ертегілерімдегі шақыру одағайларын өз жаңалығым деп білемін.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1.Қазақ ертегілеріндегі бір мағыналы және көп мәнді одағайлардың қолданылу ерекшелігі.

Одағай –сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған.

Одағайдың ешқандай лексикалық мағынасы болмайды, басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады. Сондықтан сөйлем мүшесі бола алмайды.

Одағайлардың мағыналық ерекшеліктеріне тоқталсам, одағайлар кейде бір-ақ мәнде қолданылса, енді бірқатары екі-үш не одан да көп мәнде жұмсалады.

1)Бір мағыналы одағайлар

Бұл топтағы одағайлар қай жағдаятта, қандай интонациямен айтылмасын үнемі бір-ақ мәнде қолданылады.

Алақай, сөзі тек шаттану, қуану сезімін білдіру үшін жұмсалса, әттең! әттеген-ай! сөздері әр уақытта өкіну мағынасында жұмсалады.

2) Көп мәнді одағайлар

Көп мәнді одағайларға келсем, «Бәлі» одағайы біреудің іс-әрекетіне не сөзіне риза болып, оны қоштап, қолпаштау мақсатымен айтылады,біреудің сөзін жақтырмау мағынасында жұмсалады, таңдану, таңырқау мәнінде де жұмсалады.

Көп мәнді одағайларға келсем, бұл сөз «Бәлем» тұлғасында да қолданылғанда біреуді қорқыту, қоқан-лоқы көрсету мағынасында да жұмсалады.

Төстіктің егеуді іліп алып қаша жөнелгенде кемпір: «Сен бе едің, Төстік, алдаған? Сені ме, Төстік, қап, бәлем !»,-деп, тамағы қырылдап, өкпесі сырылдап, қатты сасып, етегін басып, Төстікті қуа жөнеледі[1]. Балапандардың мойны түгел жұлынған соң, Шойынқұлақтың баласы бесігін шықыр-шықыр еткізіп, бірдеме деп сөйлеп жатады.Төстік құлақ салып тыңдаса:

-Қап, бәлем, Төстік, саған қылмасам, әкем Шойынқұлақтың құнын алмасам!-деп шіреніп-шіреніп қояды[2]. Ыза болған жалбыр жүнді қара аю ақырып:

-Құтылмайсыңдар, бәлемдер! Ал түсіңдер артынан суға жүзіп, алып келіңдер алдыма мыналарды сүйретіп!-деп қасқырларға әмір беріп тұрды .[3] Кейбір одағайлар (әсіресе бір буындылар) диалогтық сөзде екі-үш қана емес, кейде 7-8 мәнде жұмсалады.

Сұрау мағынасында:

Төстік елсізбен жүріп келе жатса, алдынан бір адам көрінеді. «Бұл не қалған адам?»- деп абайласа, әлгі адам ағаштың басында отырған екі сауысқанның құйрығын білдірмей жұлып алады да, білдірмеген бойымен бірінің құйрығын біріне қондырып қояды.

О, неғып жүрген жансың?-деп Төстік қасына жетіп келеді[4]. Бұл жерде «О» одағайы сұрау мағынасымен бірге кездескен адамының іс-әрекетіне қарап таң қалу мағынасында да қолданылып тұр.

Бір буынды одағайлар бір нәрсе есінен шығып кетіп, кейін еске түскендігін немесе бір нәрсені алғашқыда түсінбей қалып, кейін түсінгендігін аңғарту мақсатымен де қолданылады.

1. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл.,«Ер Төстік» 13-бет

2. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл., «Ер Төстік» 27-бет

3. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл., «Қошқар мен теке» 159-бет

4. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл., «Ер Төстік»14-бет

-Е, қайда барасыңдар?-дейді қасқыр түйе мен түлкіге. «Е» одағайы таң қалу мағынасын, сұрау мағынасын беріп тұр.

-Сонда патша тұрып: «Ә, менің адамдарым бұзылған екен ғой»,-деп ойға кетіпті. [1] «Ә» одағайы таң қалу мағынасында қолданылған.

Маса қарлығашты менсінбей, сұрағына жауап қатпай, зулай жөнеледі.

-Ә, ә, түсіндім, түсіндім! Жолың болып, іздегеніңді тапқан екенсің, достым... Азаматсың өзің! Сенің ептілігіғңді, еш нәрседен тайынбайтындай бір беттілігіңді білгемін. Осы қасиетіңді енді барлық қанаттыларға айта жүретін боламыз,-деп қарлығаш масадан сыр тарта, мадақтай сөйлейді. «Ә» одағайы қолпаштау мағынасында қолданылып тұр[2]. Іші біліп, мұртынан күліп, қасқырдың соңынан келе жатқан түлкі:

-Апырай, қасеке-ай, әлгі май құйрықтан тым болмаса бір асам дәм таттырмадыңыз-ау, ә ?!-деп, күңкілдейді. «Апырай», «ә» одағайлары таң қалу мағынасын береді. «Ә» одағайы әрі сұрау мағынасын да қолданылып тұр.

-Е-е... құйрық жейтін батырмысың, жан бергелі жатырмысың?!-деп, түлкі қу сықылықтай кеп күледі. «Е-е» одағайы бұл жерде таң қалу әрі кекету мағынасында қолданылып тұр. [3] «Ә» одағайы біреудің шақырған дауысына жауап беру,үн қату,біреуді өзіне қарату мақсатымен де қолданылады.

«Ә» одағайы біреуді өзіне қарату мақсатымен қолданылатын қаратпа сөз мағынасында да қолданылатынына мысалдар келтіріп кетейін.

Түлкі:

-Мынауың дұрыс екен. Мен де сені өзің айтқандай қылып жейін,-депті де, қазды тістеп, өзі шоқиып отырып, алдыңғы екі аяғын кеудесіне қойып, көзін жұмып: «Ә, құдай...»-дей бергенде, қаз қанатын қағып алып, қаңқылдап ұшып кете беріпті. [4] «Ә» одағайы қаратпа сөз мағынасында қолданылып тұр. Ақыры шыдамы таусылып: «Теке, ә, теке! Мен жаурадым, менде бір білместік болды. Мені жылытпасаң халім нашарлап барады»,-деп жалынды қошқар[5].

1. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл.,«Үш жетім зерек бала» 66-бет

2. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл., Қарлығаштың құйрығы неге айыр? 170,171-бет.

3. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл., «Бұл не қылған батпан құйрық»147-бет.

4. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл., «Түлкіден де өткен қу қаз» 143-бет.

5. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл., «Қошқар мен теке» 153-бет


«Ә» одағайы қаратпа сөз мағынасында қолданылып тұр.

2.2. Ертегілердегі көңіл-күй және жекіру одағайларының қолданылуы

Қазақ тілінде одағайлардың үш түрі бар. 1.Көңіл-күй одағайларының ертегілердегі қолданылу ерекшелігіне тоқталар болсам:

Қуану, ренжу,өкіну,шошыну сияқты мәнді білдереді. Олар: пәлі, ойбай, алақай, бәрекелді, апырым-ай, туу, уҺ, аҺ, өй, ой, қап, әттеген-ай, қап, ау т.б.

Хан мұның адалдығына көзі жетіп:

-Бәрекелді, анаңа рахмет! Сенің күнәң жоқ екен. Ханым өз жазасын өзі тауыпты,-дейді де, көп дүниелер беріп, ат мінгізіп, баланы еліне қайтарып жібереді. [1] «Бәрекелді» одағайы риза болу мағынасында қолданылып тұр. Сонда «келіншек» бұрын дарды есітпеген, көрмеген кісідей болып таңырқап:

-Япырм-ай, мұнымен кісіні қалай асып өлтіреді екен? Мені асып көрсетіңізші?-депті. [2]

«Япырм-ай» таң қалу мағынасын береді. Мысалы: -Қап, бәлем, Төстік, саған қылмасам, әкем Шойынқұлақтың құнын алмасам!-деп шіреніп-шіреніп қояды.[3] Қап-өкіну мағынасында.

Айлардан ай, жылдардан жыл өткеннен кейін бір жуан кісі келіп, құдықтан су ішіп тынығып, суретке көзі түсіп:

«Уһ... Мынау қайдан келген?-дей бергенде, қарауылшы ханға сүйреп алып барады «Уһ» одағайы селт етіп шошу мағынасын берсе, Хан оны өлместей етіп күтетін жерге жібереді. Мұнан кейін енді бір жолдың түйісіне арып-ашып, Ермек келеді. Келісімен су ішіп, мейірі қанған кезде артына айналса, сүйген жарының суреті көзіне түсе кетеді. Көре салып «Уһ!» деп, талып кеткенін өзі де білмей қалады. [4] Мына жерде «Уһ» одағайы қуану мағынасын береді. Әділ патша құлынды екеуінің қайсысына бұйырып берерін біле алмай қайран болып отырғанда, бір жас бала:


1. Қазақ және әлем халықтарының ертегілері.Алматы. «Балауса» баспасы,2009 жыл.«Үш ауыз ақыл сөз», 8-бет

2. Қазақ және әлем халықтарының ертегілері.Алматы. «Балауса» баспасы,2009 жыл «Тазша бала», 12-бет

3. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл., «Ер Төстік» 27-бет

4. Қазақ және әлем халықтарының ертегілері.Алматы. «Балауса» баспасы,2009 жыл «Ермек» ертегісі,21-бет

- Ой, құдай-ай, осынша адам бір құлынның қай биеден туғанын айырып бере алмай отырғанын қарашы! Егерде Алдияр патша болса, бұл істі бағана-ақ шешіп берер еді!-депті.[1] «Ой» одағайы кею, ренжу мағынасында қолданылған. Ойда жоқта алдарынан бір Түлкі шыға келеді.

-Түу, өзің бір аппақ қардай, әдемі лақ екенсің. Ағаң да әдемі. Шаршап қалған шығарсыңдар. Біздің үйге соғып, дәм татып кетіңдер. Менің де өздеріңдей екі балам бар, бірге ойнайсыңдар,-дейді Түлкі.[2] «Түу» одағайы таңдану, таң қалу мағынасында қолданылып тұр. Торғай:

- Қап, бәлем, сені жылқышыға айтпасам ба? [3] «Қап,бәлем» одағайы өкіну мағынасын береді.

«Уһ, уһ, ағам !»-деп, қара тұлпарын ерттеп мініп, ағасының артынан қалаға іздеп кетеді.[4] «Уһ» одағайы сағыну мағынасында. -Ойбай!.. «Енді өлі кемпірдің де, тірі кемпірдің де керегі жоқ!»-деп, қыз берген ауылдың адамдары келіп, қызын тартып алып кетті,-дейді.[5] «Ойбай» одағайы қорқу, шошу мағынасында.

- Ойбай-ай, әке, іс қиынға айналыпты ғой, енді ол құлға қалай өтірік айтқызу керек?- депті қыздары.[6] «Ойбай-ай» одағайы уайымдау мағынасын береді. Оған арыстан мен қасқыр қуанып:

- Ойбай жарайды! Дегені болсын,-дейді.[7] «Ойбай жарайды!» одағайы қорқу мағынасын береді.

Ойбай, қойшым, мені жасыра көр! Қайда тығылам?-деп аю қатты сасады.[8]

«Ойбай» одағайы қорқу мағынасын береді.

Мұны көріп, енді Тоғыз Тоңқылдақ тіпті қатты таңданады. Бәрі Шіңкілдекке келіп: -Ой, сен суға кетіп өлген жоқ па едің? Мына қойды қайдан әкелдің?-дейді.[9]

1. Қазақ және әлем халықтарының ертегілері.Алматы. «Балауса» баспасы,2009 жыл «Бала патша, «Қазақ және әлем халықтарының ертегілері»24-бет».

2. Қазақ және әлем халықтарының ертегілері.Алматы. «Балауса» баспасы,2009 жыл «Екі лақ», «Қазақ және әлем халықтарының ертегілері»101-бет.

3. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл., «Қотыр торғай»131-бет

4. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл., «Жерден шықан Желім батыр» 38-бет

5. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл., «Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек»81-бет

6. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл., «Ат бағушы құл» 110-бет

7. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл., «Түйе,арыстан, қасқыр, түлкі» 136-бет

8. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл., «Түлкі, қойшы, аю» 140-бет

9. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл., «Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек»81-бет

«Ой» одағайы- таң қалу мағынасында. Түлкі ойлаған боп, қипақтап жауап қайырды:

-Апырым-ай, қасеке-ай, бір алаңғасар базарға барған шығар. Арзан бағаға алған шығар. Қанжығасына бос байлап, содан түсіп қалған шығар. [1] «Апырым-ай» одағайы таң қалу мағынасында.

-Ай! Менің қолыма бір тисе. Ім...ім... мына найзалы саусақпен мытыр едім келіп... [2]

« Ай» одағайы өкіну мағынасында қолданылып тұр. ) Жекіру одағайлары

Жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнде жұмсалады. Олар: тәйт, тек, жә т.б.

Түлкі ар жақтағы Қоңырға барып:

-Жә, Қоңыр, қазір жылдам бол, ханға қонаққа барамыз,-дейді.[3] «Жә» одағайы бұйыру, тыйым салу мағынасында.

Жекіру одағайларының қолданылуы сирек болғандықтан тұрмыстық өмірде қолданылатын сөздерді де ертегілерден мысал ретінде көрсеттім.

Ертеңіне «Қош енді, балалар, ел бүлініп, қала бұзылыпты, бар жайларыңды табыңдар»,-деп, үш жетімді уәзірліктен босатып қоя беріпті.[4]

Ол үшеуі де сәлемін қабылдады да: «Қош, жол болсын, қайда барасыздар?»-деп сұрау сұрады.[5] «Қош» сөзі екі сөйлемде де амандық тілеу мағынасында қолданылып тұр.

Одағай сөздер таңырқау, қуану, шаттану, ұнату, ренжу,түңілу, өкіну, шошыну, жекіру, күрсіну сияқты көңіл күйлерін білдіріп қана қоймайды, жан-жануарларды, малды шақыру үшін қолданылады.

2.3.Қазақ ертегілеріндегі шақыру одағайларының аз қолданылуы. Сауалнама, сұхбат алу

Мен қазақ ертегілеріндегі одағай түрлерінің қолданылуы туралы талдап, мысалдар келтірдім. Шақыру одағайларының аз екеніне көз жеткіздім.

1. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл., «Бұл не қылған батпан құйрық» 147-бет

2. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл., «Қошқар мен теке» 158-бет

3. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл., «Қоңыр мерген»61-бет

4. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл., «Үш жетім зерек бала» 66-бет



Енді оқушылардың осы одағай түрлерінің ертегілерде қолданылуына мән беруі, ертегілерде шақыру одағайлары кездесетінін білу мақсатында мектепте

6,7,8 сынып оқушыларымен сұхбаттастым. Сауалнама алдым.

Қазақ сыныптары бойынша :

Сауалнама сұрақтары

6 «А» сынып 14 оқушы

7 «А» сынып 7 оқушы

8 сынып

10 оқушы

Иа

жоқ

Иа

жоқ

иа

Жоқ

1.

Қазақ ертегілеріндегі одағай сөздер түрлерінің қолданылуына мән береміз бе?

8

6

3

4

6

4

2.

Қазақ ертегілерінде шақыру одағайлары кездеседі ме?

Иа

жоқ

Иа

жоқ

иа

Жоқ

4

10


7

4

6


Сауалнама сұрақтары

6 «А» сынып

7 «А» сынып

8 «А» сынып

Иа

Жоқ

Иа

Жоқ

иа

Жоқ

Қазақ ертегілеріндегі одағай сөздер түрлерінің қолданылуына мән береміз бе

52%

48%

49%

51%

60%

40%

Қазақ ертегілерінде шақыру одағайлары кездеседі ме?

30%

70%

0%

100%

40%

60%


Орыс сыныбы бойынша:

Сауалнама сұрақтары

6 «Б» сынып 7 оқушы

7 «Б» сынып 8 оқушы

8 «Б»сынып

8 оқушы

Иа

жоқ

Иа

Жоқ

Иа

Жоқ

1.

Қазақ ертегілерінде одағай сөздер түрлерінің қолданылуына мән береміз бе?

2

5

3

5

4

4

2.

Қазақ ертегілерінде шақыру одағайлары кездеседі ме?

Иа

жоқ

Иа

Жоқ

иа

Жоқ

1

6

2

6

3

5


Сауалнама сұрақтары

6 «Б» сынып

7 «Б» сынып

8 «Б» сынып

Иа

Жоқ

Иа

Жоқ

Иа

Жоқ

Қазақ ертегілерінде одағай сөздер түрлерінің қолданылуына мән береміз бе

20%

50%

30%

50%

40%

40%

Қазақ ертегілерінде шақыру одағайлары кездеседі ме?

30%

70%

0%

100%

40%

60%


2 .4. Одағайдың төрт түлік малмен байланыстылығы, өзім құраған ертегідегі шақыру одағайлары.

Қазақ- ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.

Кең даланы шарлап, көшіп-қонған халықтың бар өмірі осы төрт түлік малмен байланысты болған.

Тiршiлiктiң тұтқасы төрт түлiк малда деп ұққан қазақ малды жанмен бiрдей санаған. Екi қазақ кездесе кетiп амандық сұрасса, “мал-жан аман ба?”— деп сұраған. Терiсi мен жүнiн киiм қып киiп, етi мен сүтiн азық етiп күн көрген, сауса сауын, мiнсе көлiк ретiнде пайдаланған төрт түлiктi (әсiресе, жылқы малын) қадiрлеп, қастерлеу қазақ баласы үшiн өмiр заңы болып есептелген. Өйткенi, малдан айрылу шыбын жаннан айрылумен бiрдей болған.

Төрт түлік елдің салт-санасына, тіпті сезім дүниесі, тіліне де мықты әсер етеді. Оны мал, жан-жануарларды шақыруынан байқаймыз.

Шақыру одағайлары- мал, жан-жануар, хайуанаттарды шақыру, қууға байланысты қолданылатын сөздер. Мысалы: қойды-пұшайт-пұшайт, жылқыны-құрау-құрау, итті кә-кә, түйені көс-көс, сиырды аухау-аухау, тауықты шіп-шіп, мысықты кіс-кіс, итті кә-кә деп шақырамыз. Ал мысыққа «пырс» десек, оны қуғанымыз деп білеміз.

Мен осы жобамда ертегілерді оқып, талдай отырып байқағаным, мәтінде көбіне көңіл күй одағайлары мол ұшырасады. Жекіру одағайлары мен шақыру одағайлары сирек екен. Ертегілерде халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, төрт түлік малы баяндалғанымен, шақыру одағайлары өте аз.

Ертеңінде таң атып, боран басылған соң, кедей бір төбенің басына келіп, былай деп малдарын шақырыпты:

Қой баласы қоңырым,

Ұя бұзбас момыным,

Шопан ата түлігі-

Қошақаным қайдасың?

Пұшайт!

Пұшайт!

Жүнін жұлса бақырған,

Ешкі атасын шақырған,

Өрісте өскен жануар-

Шөкетайым, қайдасың?

Шөре!

Шөре!

Жолға шықсам-көлігім,

Жапанда жүрсем-серігім,

Қамбар ата өсірген,

Құла атым, менің қайдасың?

Құрау!

Құрау![1]

1. Қазіргі қазақ ертегілері.-Алматы. «Балауса» баспасы, 2003 жыл., «Бес ешкі» ертегісі, 150-бет

«Құрау-құрау», «пұшайт-пұшайт» «шөре-шөре» одағайлары төрт түлік малды шақыру мағынасында қолданылған.

Алайда, мен қарындасыма өз ойымнан ертегі құрап беруді де әдетке айналдырдым.

Себебі, қарындасыма малдың атауын, төлін қалай шақыруын үйретіп қана қоймай, оларды біз қалай шақыратынымызды өз ертегілерім арқылы жеткіздім. Дүниеде бәрін білгісі келе беретін-кішкентай балалар. Оны мен өзімнің кішкентай қарындасымнан білемін. «Ол кім?», «Бұл не?», «Қалай?», «Қайда?», «Қашан?» деген сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды.

Өзімнің құраған ертегілерім көп деп айта алмаймын. Соның ішінде мына бір ертегімді жазғым келеді.

Ертегімнің аты «Өнегелі отбасы».

Ертеде бір отбасы өмір сүріпті. Ол отбасында екі ұл, бір қыз бар екен. Әкесі мен шешесі үнемі балаларын асырау үшін, мал асырап күнелтеді екен. Малды асыраудың қыр-сырын, қалай күту керек екенін балаларына, әсіресе

ұлдарына айтып отырады екен.

Бірде әкесі дастархан басында сөз бастап, малды қалай шақыру керек екенін айтыпты.

-Үйір-үйір жылқың болса, қалай шақырар едің?-дейді үлкен ұлына. Үлкен ұлы ойланып қалады.

-“Құрау-құрау!” деп шақырамыз,- дейді кіші ұлы.

-Отар-отар қойың мен ешкілерің болса қалай шақырасыңдар?-дейді әкесі. Балалары ойланып отырып қалады.

Әкесі күліп: -Қойды «пұшайт,пұшайт», ал ешкіні “шөре-шөре” деп шақырамыз,-дейді.

-Ал сиырды қалай шақырамыз,-дейді әкесі. Сол кезде кішкентай қарындастары «аухау-аухау» ,-деп айғай салады. Әкесі қызының маңдайынан сүйіп, риза болады.

Сөйтіп, балалары төрт түлік малды қалай шақыру керектігін үйреніп алыпты. Үлкен болып ер жетіп, үйір-үйір жылқысы, табын-табын сиыры, отар-отар қойы болған екен.

2.5. Ұсыныстар:

Менің ойымша ертегідегі одағай сөздердің қолданылуы барысында мынадай ұсыныстарды естен шығармау керек деп ойлаймын:

1.Балаларға арнап жазылған шығармаларда, әсіресе ертегілерде одағай түрлерінің, оның ішінде шақыру одағайларының молынан кездесуіне жазушы аға-апайларымыз ат салысса деген тілек-ұсынысымды да білдіргім келеді.

2. Мектеп оқушыларына одағай түрлерінің қолданылуына назар аударып, тілдерін дамыту үшін әдеби кітаптарды, оның ішінде ертегілерді көп оқыңыздар деген ұсынысымды да жеткізсем деймін.

3. Шақыру одағайларын қатыстырып құраған өз ертегімді мектепішілік газет, аудандық газет беттеріне жариялап, келешекте кітап етіп шығарылса деген ұсынысым да бар.

ІІІ. Қорытынды

Үлкендер айтқан ертегілер (анаң-әкең, атаң-әжең, аға-әпкең, ұстаз, туысың т.б.) баланың тілін байытып қана қоймай, әр баланың, әр адамның жүрегіне мейірім ұялатады, көңілдерін марқайтады. Ертегі айту-ана мен бала, ата-әже мен бала, әке мен бала, көпшілік арасында қарым-қатынас орнатып қана қоймайды, салтымызды еске салып, қиялымызды ұштайды. Біздің ата-анамыз, ата-әжеміз біздің қасымызда үнемі үндемей отырулары мүмкін емес. Әрдайым ертегілерін айтып, үйретіп отырады. Ал мен сол үйренген, тыңдаған ертегілерімді қарындасыма айтып беремін. Әр баланың мінез-құлқын, бір-бірімен қарым-қатынасын ертегі ғана емес, одағай сөздер де жөнге салып отырады.

Қазіргі заман өзінің жаңалығымен қызықты. Ендеше, ақпараттық технологиялар дамыған осы заманда бар баланың өз ой-қиялын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар. «Ізденген-жетер мұратқа» демекші, мен осы одағайлардың барлық түрінің ертегілерде қамтылуын қалап, келешекте ертегілер құрап жазғым келеді.

Біз де үйде, көшеде, мектепте, автобуста болсын адамдармен сөйлесу барысында, ертегі айтқанда одағай сөздерімізді қолданып, адамдардың көңілінің көтеріңкі болуына септігімізді тигізіп, одағай сөздердің қолданылу аясын кеңейтеміз.

























ІV. Пайдаланған әдебиеттер:


1.«Ол кім? Бұл не?» балалар энциклопедиясы

2.Қазақ тілі оқулығы, 6-сынып,

3.Қазақ тілі.7-сынып. Ермекова Т.Н., «Арман-ПВ» баспасы,2017 жыл.

4.Қазақ тілі.9-сынып. Әмір.Р., Атабаева М. Алматы: «Мектеп» баспасы,2005 жыл.

5.Қазақ тілі, Қалиақбарова Г., Алматы, Мемлекеттік тілді дамыту институты., 2013 жыл.

6. «Тіл білімінің негіздері» .К.Аханов., Алматы., 1973 жыл

7.Қазақ және әлем халықтарының ертегілері., «Балауса» баспасы, 2009 жылы.

8.Қазақ ертегілері. Алматы «Балауса» баспасы., 2003 жыл.

9.Қазақ әдеби тілінің сөздігі І.,ІІІ.,ХІІ том ,Алматы, 2011 жыл.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!