Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жұмыс :Қазақ халқының салт-дәстүріндегі киелі сандар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүріндегі киелі сандар.
Бағыты: Этномәдениеттану
Аннотация
Жоба тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүріндегі киелі сандар
Жобадағы мақсат:
1. Қазақ халқының салт-дәстүріндегі киелі сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу.
2. Қазақ халқының салт-дәстүріндегі киелі сандар туралы қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Баланың әрбір сан арқылы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты ояту.
3. Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінгенін, қасиетті сандарға ерекше тәрбие көзі ретінде пайдаланағанын дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының жоспары:
-
Киелі сандар туралы мәліметтер жинақтау.
-
Мақал- мәтелдердегі киелі сандардың мәнін ашу.
-
7 санына байланысты қазақ аспаптары туралы мәліметтер жинау.
-
Оқушылар арасында сауалнамалар алу.
Аннотация
Тема проекта: Священные цифры
Цель на проекте:
1. Священный цифры, выданные воспитание через традиции сохранить на прежнем уровне.
2. Самые важные цифры-это просто цифры, имеющие отношение к святой теорию, понятно, интересно и обобщение результатов. Каждая цифра переживания мысли ребенка, создание культа знаний и разбудить.
3. Чтобы доказать, что традиции и традиции казахского народа характеризуются уникальными качествами таланта и таланта, их превосходством благодаря своим природным способностям и использованием священных чисел как источника специального образования.
План научно-исследовательской работы:
- Сборник библейских цифр.
- Статья - смысл священных чисел в пословицах.
- Сбор данных по казахским инструментам в зависимости от номера 7.
- Проведение опросов среди школьников.
Аnnotation
Project Theme: Sacred Numbers
The goal of the project:
1. Sacred figures, issued by education through the traditions to keep at the same level.
2. The most important numbers are simply numbers related to the holy theory, of course, interesting and a generalization of the results. Each figure experiences the thoughts of a child, creating a cult of knowledge and waking up.
3. To prove that the traditions and traditions of the Kazakh people are characterized by the unique qualities of talent and talent, their superiority due to their natural abilities and the use of sacred numbers as a source of special education.
Research Plan:
- Collection of biblical figures.
- Article - the meaning of the sacred numbers in proverbs.
- Collection of data on Kazakh instruments, depending on the number 7.
- Conduct surveys among schoolchildren.
Мазмұны
I. Кіріспе
1.1 Киелі сандар сыры
II. Зерттеу бөлімі
2.1 Сандар сөйлейді
2.2. Мақал- мәтелдердегі киелі сандар
2.3. 7 санына байланысты қазақ
аспаптары
2.4. Практикалық кезең
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ү.
Қосымша
І. Кіріспе
1.1 Киелі сандар сыры.
Бұл жоба қазақ халқының бір
санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән
ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр
санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе,
түйсіне білген. Әр санның өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты,
тәрбиелік мәні, саналы орны болған.
Ұлы ғалым Пифогор «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен.
Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде.
Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе
бермеуі мүмкін. Дей тұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір
маңыз иеленетін жоққа шығара алмаспыз.
Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Тіршілік ете бастаған
алғашқы кезеңде адам баласы жазу-сызудан бұрын-ақ санауды үйренгені
хақ.
Қазақ киеге үлкен мән берген
халық. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен
құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген.
Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере
отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар
тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан,
нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге
болады.
ІІ. Зерттеу бөлімі.
2.1. Сандар сөйлейді.
Сандар сыры сан алуан.
Сандарда кие бола ма?
Болады деген екен ата - бабаларымыз. 7.., 13.., 25.., 37.., 49..,
61... мүшел жастың, киелі сандардың тылсым сырының алдында іштей
мойынсұнады.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген
халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті,
шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ
бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне
тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр
санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе,
түйсіне білген.
Мәселен 3, 4, 5, 6, 7
сандарының қадір-қасиетінің қаншалықты екенін білеміз бе? Білсек
айтқанымыз артық болмас, білмесек, құлақ салғанымыз жөн болар.
Мысалы қазақ 3 санының байламдарын былай түйіндеген:
Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ
Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық
Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан
кесепат
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:
Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл,
нағашы
жұртың - сыншыл .
Үш би: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
4 санының қадыр – қасиеттері
Төрт мүлік: бас сандық, тіл
кілт, қол мүлік, аяқ-табақ
Төрт қылыш: Хәм хам, Сәм сам, Зұлпхар, Зулқажа
Төрт періште: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекейіл, Исрафил
Төрт кітап: Тәрат, Зәбур, Інжіл, Құран
Төрт пір: Жарлының пірі – қалтақ ата,
Ұрының пірі – жалтақ ата
Шебердің пірі – тепшен ата
Кәрінің пірі – кекшіл ата
Төрт тұлға: от, су, жел, жер
Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік
Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс
Төрт түлік: Түйе пірі – Ойсылқара
Жылқы пірі – Қамбар ата
Сиыр пірі – Зеңгі баба
Қой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек ата
5 санына байланысты:
Бес парыз: Таң намазы, бесін
намазы, екінді намазы, ашам намазы, жашиық намазы
Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
Бес борыш: Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш, адамның өзіне
байланысты борыш, мемлекет пен халыққа борыш, үй-іші жақындарына
борыш, адамгершілік әлеміне борыш
Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн
Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге
қонба, жарлыдан сый алма
Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз
6 санына байланысты:
Алты игілік: денсаулық, қазына, дос,әйел,білім, бала
Алты алаш: Қазақ, қарақалпақ,
өзбек, түркімен, қырғыз, жайылма
Алты парыз: Адамдардың бір-біріне алты парызы бар:
Бір-біріне сәлем беруге
Шақырса баруға
Кеңес сұраса ақыл қосуға
Сұрағына жауап беруге
Ауырып қалса көңіл сұрауға
Қайтыс болса жерлеуге қатысуға.
7 санының қадыр –қасиеті :
Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,жұма, сенбі,
жексенбі.
Жеті амал: тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдын
тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы
Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық,, ақыл, білім,
жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы.
Жеті дәм: Айран, бидай, ет , арпа, май , су, тұз.
Жеті
жетекші:
1. Адамның басшысы –
ақыл,
2. Жетекшісі –
талап.
3. Жолаушысы –
ой.
4. Жолдасы
–кәсіп.
5. Қорғаны –
сабыр.
6. Қорғаушысы –
мінез.
7. Сынаушысы – халық
.
Жеті ғалам:
1.
Шығыс
2.
Батыс
3.
Оңтүстік
4.
Солтүстік
5. Аспан /жоғары
ғалам/
6. Жер /орта
ғалам/
7. Жер асты /төмендегі
ғалам/
Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ,
жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт
жоқ
Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су,
зілзала
Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат
Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі,
жер орта, жер асты
Жеті жетім: Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім,
Замандасы қалмаса –
Бәрінен де сол жетім.
9 саны туралы
9 тепе - теңдік белгісі, 9 - ға байланысты төмендегідей түсінік
бар.
1. Қазақта қызын ұзатқанда тоғыздан жасау жасайды.
2. Ағайын арасында ірі кикілжің болғанда кінәлі жаққа бірнеше
тоғыздан айып салатын болған.
3. Осы тәрізді ел ішінде ырымдап, тоғыз жолдың торабына садақа
тастайды.
4. Ал ең бастысы 9 санын құрметтеу адамның ана құрсағында 9ай 9күн
қалыптасып дүниеге келуі.
5. 9 санының өзінің мінездемесіне үңілсек, ол үлкен қуаттың, өзге
ортаға әсер етуші үлкен күштің соғыс пен апаттың белгісі.
6. 9 - дың символы – темір немесе қару жасайтын темірлер.
7. 9 санына билік жүргізіп тұрған Марс планетасы.
8. Жалпы сан құдіретіне сенетіндер 9 - ды бақыттылар саны
дейді.
13 саны туралы
Осы жұрт 13 - тен неге шошиды?
Әлемнің көп халқы арасында 13 белгісіз сиқыры бар сәтсіз сан
ретінде саналады. Көпшілігі сол күні жолға шықпауға, үлкен істі
бастамауға тырысады. №13 үйді сатып алудан, 13 нөмірде спорт
ойынына қатысудан, қайда да болсын 13 - ші болудан қашқақтайды.
Қазақта керісінше, 13 - те отау иесі деп, бұл жасқа келген
адамға жауапкершілік жүктеп, құрметпен қарайды.
13 жылда мүшел жас келіп отырады.
40 саны туралы , 40 жасы кемел жас, - деп
есептеледі. Ертегілерде «Қырық уәзір» айтылады, оның үстіне «Ханда
қырық кісінің ақылы бар», «Қырық кісі бір жақ – қыңыр кісі бір
жақ», «Қырқында – қыры кеткен» деген аталы сөздер бар. Жаңа туылған
сәбиді қырықынан шығару дәстүрі бар.Сәбиді қырқынан шығару – ет пен
сүйек біріккеннен кейін барып жасалатын
рәсім.
2.2 Мақал-мәтелдердегі киелі сандар.
Мақал-мәтелдерде қамтылмайтын сала жоқ. Солардың бірі киелі сандар туралы:
Он екі мүшең сау болса,
Жаралымын деме,
Он саусағың сау болса,
Дәулет емес немене, - деп барлық жақсылыққа, үлкен жетістіктерге,
байлыққа, биік шыңдарға тек қана денсаулықтың, адал еңбек етудің
арқасында ғана жетесің. Мұнда денсаулықты күту, еңбек ету,
шаршамау, талмау, іздену керектігі айтылады.
Айла – алтау, ақыл – жетеу.
Адам баласы қанша жерден
айлалы болса да, ақылды болудың басымдылық жасайтынына көңіл
бөлдіртіп, ақылды болуға шақырады. Бұның тәрбиелік мәнінің зор
екендігі аңғарылады.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, - деп ауызбіршілікке
шақырады.
Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз. Сенің білгеніңнен де білмегенің көп,
сондықтан ізден, талаптан, білмегендеріңді білуге тырыс деп жол
нұсқайды.
Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
Қырықтан артық жас жоқ,
Қымыздан артық ас жоқ.
Елу – ердің жасы,
Алпыста ел ағасы
Отызында орда бұзбасаң,
Қырқыңда қыр аспассың.
Қырықта – қылаң, елуде – елес.
Мыңның түсін білгенше,
Бірдің атын біл.
Бір ақымақтан – мыңға зиян,
Мың ақымақтан – он мыңға.
Бірдің кесірі мыңға,
Мыңның кесірі түменге.
Бір жаман адамның кесірі мың адамға тиеді.
Тоқсанымыз жиылып,
Тоқты жыққан батырмыз.
Сексеніміз жабылып,
Серке жыққан батырмыз.
2.3 7 санына байланысты қазақ аспаптары.
Жеті ішекті қазақтың музыкалық
аспаптары- сылдырмақ. Қазақ ерте заманда көшпенді халық
болғандықтан, түрлі музыкалық аспаптарды тұрмыста кеңінен
қолданған. Ағаш, қыш, темір, мүйіз сияқты күнделікті өмірде
пайдаланатын шикізаттан алуан түрлі аспаптарды жасап шығарған.
Алғашында ол шаруашылыққа қажет бұйым болса, кейіннен ырғақты ұстап
тұратын музыкалық аспапқа айналған. Соның бірі сілкімелі аспап –
сылдырмақ. Әрбір ұрып ойнайтын аспаптың өзіндік ерекшеліктері бар.
Олардың сыр-сипаты мен ерекшелігі тембрлік және динамикалық
дыбысталуына қарай айқындалады. Сондай-ақ Орта Азия халықтары мен
латын америкасы елдерінде бір-біріне ұқсас аспаптар көп кездеседі.
Соның бірі - маракас аспабының қазақи формасын музыканттар өзі
ойлап тапқан. Халқымыз төрт түлік малдың етін жеп, көлік ретінде
пайдаланудан бөлек, оның сүйегін де кәдеге жаратқан. Соның бірі -
ат тұяғының дүрсілі сияқты малдың жүрісін білдіретін аспап -
мүйізше. Ол ерте заманда әуенді сүйемелдеуші аспап ретінде
қолданылған. Шеберлер немесе музыканттар аспаптың дыбысталуына
қарай оның санын қасиетті 7 санына дейін жеткізген. Ал оларға
қолданылған шикізатты Қазақстанның әр аймағындағы және әр түрлі
жастағы ірі қараның сүйектерінен жинайтын болған.
Жетіген -қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы
ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ
жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген — жасалуы да, ойналу
әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған
көне Жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар
пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі
жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап
Жетіген аталған.
2.4 Практикалық кезеңде
Өзімнің сыныптастарымды,
достарымды өз жобаммен таныстырдым. Білетін қасиетті сандары
санаулы ғана екен. Өз жобамдағы сыныптастарым білмейтін қасиетті
сандармен таныстырдым, түсінік бердім. Киелі сандар туралы деректер
жинауға құлшыныс білдірді.
Өзім оқитын сыныптан «Киелі сандар» тақырыбында сауалнама алған
едім. Енді осы сауалнама қортындысын
көрсетпекпін.
Сауалнама:
1. Киелі сандар туралы білесің бе?
а) иә ә) жоқ
2. Киелі сандар туралы кімнен
естідің?
а) ата-анадан ә) мұғалімнен
б) аға-әпкелерден
3. Киелі сандар жайында
мәлімет жинар ма едің ?
а) иә ә) жоқ
4. Киелі сандар астарында не
жатқанын білесің бе?
а) иә ә) жоқ
5. Қандай киелі сандар
білесің?
Сауалнама қорытындысы:
1. иә -16 оқушы
2. ата-анадан – 6 оқушы
мұғаліммен – 10 оқушы
3. Иә - 5 оқушы
Жоқ – 11оқушы
4. «7 саны» - 13 оқушы
«3 саны» - 10 оқушы
«9 саны» - 16 оқушы
Сауалнама қорытындысы:
Киелі сандар туралы барлық
оқушылардың білімі бар екен, ал бірақ, ата-аналар киелі сандар
туралы көп айта қоймайтын болып шықты.
Ал балалардың білетін киелі сандары 9,7, 3 сандары екен. Ал басқа
киелі сандарды білмейтін болып шықты. Барлық оқушы киелі сандар
туралы жинауға қарсы еместіктерін қуана
білдірді
ІІІ.
Қорытынды:
Қазақ халқы тілге бай. Әр
сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр
сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы,
тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақта бір санынан
бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән
ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр
санда өзіндік кие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе,
түйсіне білген.
Мен осы ғылыми жобаның нәтижесінде киелі сандардың қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой-түсінігім толығып, білімге деген құштарлығым бұрынғыдан бетер арта түскендей.
Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғыну арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытуымыз керек екенін түсіндім.
Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінгендігін ескерсек, киелі сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу келер ұрпақтың еншісінде екені айдан анық.
Ұсыныс:
Киелі сандар туралы оқушыларға кеңінен түсінік берілсе деген ұсыныс айтамын;
Киелі сандар жайлы ғылыми еңбектер кітап
болып басылып, көпшілікке
ұсынылса;
Сандар жайлы киелі ұғым бар екені баршаға
аян, олай болса олар жайлы жорамал жасау қолға
алынса;
Ұлттық ерекшелігімізге байланысты
қолданылатын сандық ұғымдар құпиясы мектептің тәрбие саласына
арнайы енгізілсе.
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1. Жай сандар туралы
білетіндеріміз бен білмейтіндеріміз. В. Серпинский
2. Киелі сан есімдер әлемі // «Шоқан тағлымы»-8. Халықаралық
ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. -Көкшетау: Ш.
Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттікуниверситеті, 2003. - 28-33-
б.
3. Кеңесбаев І. Жеті, үш, тоғыз, қырықпен байланысты ұғымдар. Қазақ
ССР ҒА хабары. Филология сериясы, 1946, 4/26/ шығарылуы
4.Қырық қазына. Ә. Доспамбетов. Алматы 1987
5. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 7 том. – Алматы: Ғылым, 1983.
- 256 б.
6. Ұлттық дүниетаным Аюбай Құралұлы. Алматы 2002
7. Ұ.Шүленбаева. Мақал-мәтелдердегі киелі сандар.-Алматы,
8.Уәлиев Н. Жұмбақ сандар // Жалын.
1988. 105-108 б
9. Р.Наурызбаева. Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың мәнін ашу
жолдары.//Бастауыш мектепте халықтық тәлім-тәрбие берудің
шығармашылық жолдары. –Алматы, Білім.2006 ж.
36-б
10. Интернет материалдарынан.