Материалдар / Ғылыми жұмыс «Қазақ және ағылшын халықтарының салт-дәстүрлеріндегі лингвомәдени сабақтастық» 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс «Қазақ және ағылшын халықтарының салт-дәстүрлеріндегі лингвомәдени сабақтастық» 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жұмыс «Қазақ және ағылшын халықтарының салт-дәстүрлеріндегі лингвомәдени сабақтастық» 9 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2021
1152
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Оқушылар: Төлеген Мәлік, Қажманова Дильназ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТАРИХ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫ

15 жалпы орта білім беретін мектеп КММ

Ғылыми жетекші: Манапова Мақпал Манапқызы

ағылшын тілі пәні мұғалімі



«Қазақ және ағылшын халықтарының салт-дәстүрлеріндегі лингвомәдени сабақтастық»


Салт-дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы, қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи-әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы – мәдениеттің байлығы [1].

Философ ғалым Н.Сәрсенбаев: «Әдет-ғұрып, дәстүр және қоғамдық өмір» атты еңбегінде: «Дәстүрге әдет-ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым-жоралары, рәсімдер жиынтығы кіреді, қоғамда және белгілі бір ұжымдық ортада қалыптасқан дәстүр өзінің өмір сүру заңдылығына толық ие болғаннан кейін сол ұжымдық ортада, қоғамда жалғасын табады да, тұрақты орын алады. Сондай-ақ, дәстүр көпшілік қауымға ортақ мәдениетті түрде қолданыс табатын әдет-ғұрыптың жинақталған түрлері мен рәсімдерін де қамтиды», – деген ойды білдіреді Бұл ғылыми жұмысымыздың мазмұнында қазақ және ағылшын халық мұрасын зерттеу, ұлттық өзіндік ерекшелікті сақтау, ұмыт бола бастаған дәстүрлерді, тарихи әділдікті, мәдениетті, тіл мен дінді қалпына келтіріп, олардағы педагогикалық жағынан барлық прогресшіл нәрсені анықтау [2].

Ұлттық тәрбие қағидасы бойынша әрбір ұрпақ ең кемінде жеті атасына дейінгі ата тегін білуі міндетті. Егер жеті атасына дейін ата тегін, тарихын білмейтін ұрпақ болса, оны «Жеті атасын білмейтін жетесіз» деп халық кінәлайды, айыптайды. «Шыншыл, әділетті, иманды болу – сонау арғы ата-бабамыздан бері қалыптасып келе жатқан дәстүріміз» дейді де, халық сол игі дәстүрді бұзған ұрпаққа айып тартқызады. «Ат тұяғын тай басар» деп, кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын талап етеді, әулеттік тағылымдар ата дәстүріне айналып, санаға сіңіп, салтқа тірек болады. Сол себепті өз шежіремізді білу үшін де көптеген жұмыстар жүргіздік [3].

Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып-дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық [4].

Қазақ халқы – салт-дәстүрлерге бай ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, үлгілі жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген [4].

Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата – ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге  айналған. «Қасқа қатал, досқа адал болу» - қазақ халқының негізгі мінез – құлқы. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет – ғұрыптар бар.Соларды атап кетсек:қалжа мен шілдехана тойы, бесік тойы, сүндет тойы,қыз ұзату және келін түсіру дәстүрі,Наурыз мейрамы. Ең басты мерекесіне тоқтала кетсек: Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Бұл - тоқшылықтың белгісі. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді .Ұлыс күнi татулық тойы, шаруа, ынтымақ, сенiм, көңiл мерекесi [5].

Ағылшындықтар "Ескі-демек сенімді. Ескі сөзі күмәнсіздікті білдіреді. Жаңа ой - күдікті, жаңа технология - сенімсіз" деп есептейді. Ағылшындардың неше мың  жыл бұрынғы салт-дәстүрлері әлі күнге дейін сақталған. Оның дәлелі ағылшындықтар әлі күнге дейін тойды ескі дәстүр бойынша өткізеді [6].

Ағылшындарға  тән  тағы бір ерекше дәстүр -  өз балаларына өте жақсы, сіңімді білім беру. Ағылшындар балаларын көбінесе ақшалы оқуға, әсіресе қыздарды бір бөлек, ер балаларды  бір бөлек оқытатын мектептерге  беруді жөн санайды (балалардың білімді болғаны дұрыс деп есептейді) [7].

Одан бөлек тағы бір дәстүрі сонау ХІІІ ғасырдан бері келе жатқан монархиялық қайырымдылық шарасы ұйымдастырылады. Бұл көбінесе  ғибадатханаларда, мешіттерде зейнеткерлерге ақша беру, қиыншылықта өмір сүріп жатқан жандарға қол ұшын берумен басталады.   Деректерге сүйенер болсақ,  ХІІІ ғасырдың өзінде король кедей және ауру жандарға киім мен тамақ берген [8].

Ұлыбританияда мейрамдар мен фестивальдар өте көп, әрбір қаланын, ауылдық мекендердің және Ұлыбританияның ауылдық жерлерінің өзінің жеке салт-дәстүрлері бар, бұлар бірнеше айлар бойы мерекелік киімдер мен билерді жоспарлауды қажет етеді [9].

Ұлыбританиядағы негізгі мерекелер:Әулие Валентин күні,қызықты алдаулар күні,Хеллоуин, Рождество немесе Жаңа жыл [10].

Қазақ халқының ырым-тыйымдары өте көп. Және де осы ырым-тыйымдарды зерттеген зерттеушілерде аз емес. Біз осы ғылыми жұмысты жазу барысында қазақтың ырым-тыйымдарын ең көп зерттеген Сейіт Кенжеахметұлы екенін аңғардық [10].

Ағылшындардың ырым-тыйымдары көп зерттелмеген. Оны бір жүйеге келтірілген, топтастырылған күйде табу мүмкін емес. Біз ырым-тыйымдарды қажеттілігіне қарай, қолданылуына қарай топтастырдық [11].

Ырым-тыйымдар көптеген ғасырлар бұрын, тіпті көптеген мыңжылдықтар бұрын пайда болды. Ырым-тыйымның көбінің шындық болмағанына қарамастан адамдар ырым-тыйымдарға сенеді және де бұл солай болу керек. Сауалнама жүргізу барысында адамдардың көбі ырым-тыйымға сенетінін анықтадық. Осыдан қазақ халқының өмірінде ырым-тыйымның орны ерекше екенін айтуға болады. Ағылшын халқы мен қазақ халқының ырым-тыйымдарын зерттей отырып, біз өзімізге көптеген жаңалықтар аштық.Бірақ, бізге осы уақытқа дейін жеткен аз да болса ырым-тыйымдарын қазақ халқының ырым-тыйымдарымен салыстыра отырып, олардың арасындағы көптеген ұқсастықтар бізді қатты таң қалдырды [12].

Салт-дәстүр халықтардың тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарасына байланысты туып қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Оның жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері дамып, жаңа мағнаға ие болады. Мысалы, қазақтар жаугершілік заманда қой сойып, қанына найзасын малып, бір-бірімен анттасып достасқан. Достықты бұзғанды ант атсын деп серттескен. Бертін жаңа қоғамның дамуына байланысты анттасу салты мүлде жойылды [13].

В.Г.Белинский салт-дәстүрдің өміршеңдігі жөнінде: «Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Олар халықтың сыртқы бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет-әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді...» - дейді. Әрине, әр халықтың өзіне тән салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы болады. Олар сол халықтың ерекше белгісі болып сақтала береді [14].

Қазіргі заман талабына тура келмейтін, мән-мағынасы өзгерген, ескерген салт-дәстүрлердің кейбіреулеріне сыни көзімен қарай отырып, тәлімдік мәнін жоймаған әдеп-ғұрыптарды бүгінгі пікірі мен талғамы жоғары жастардың кәдесіне жаратар деп ескердік [15].

Салт-дәстүр сабақтастығы ұлттар арасындағы қарым-қатынаспен тығыз байланысты. «Әр халықтың мәдениеті өзіне тән ерекшелігімен дараланып, көзге шалынады. Алайда басқа халықтардың әсерінсіз дара ұлттық мәдениет тіпті де кездеспейді. Ұлттар мен халықтардың материалдық және рухани байланысы, қарым-қатынасы арқылы олар бір-бірін мәдени байлығы жағынан толықтырады» - дейді С. Артановский [16].

Салт-дәстүр халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, мәдениетінің арқауы. Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан ата дәстүрінің желісін үзбей халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру өркенді де өнегелі іс [17].

Дәстүр, салт қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына қарай байып, мазмұны тереңдеп отырады. Сондықтан бұған осы тұрғыдан қараған дұрыс. Әркім керектісін, көңіліне ұнағанын, көкейіне қонғанын қабылдап, іс жүзінде қолданса, оны ұлтымыздың озық салт-дәстүрлерімен байланыстырып, байытып мазмұндандыра түссе, нұр үстіне – нұр [18].

Бізге осы уақытқа дейін жеткен ағылшын мен қазақ халқының салт-дәстүрлерімен салыстыра отырып, олардың арасындағы көптеген ұқсастықтар бізді қатты таң қалдырды [18].

Қазақ халқы мен ағылшын халықтарының мәдениеттері әр түрлі болғанымен, салт-дәстүрі мен наным-сенімдерінде жақын ұқсастықтар мен айқын ерекшеліктер кездеседі. Ежелден сақ талып келе жатқан наным мен сенімдер өмірге деген көзқарастарына байланысты ұрпақтан - ұрпаққа берілгенде заманға сай ауысып, өзгеріп, жаңарып отырғанымен, ежелгі мазмұнын жоғалтқан жоқ [19].

Ағылшын және қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты ұрпақтан - ұрпаққа берілгенде ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай жаңадан еніп те жатыр [20].

Рухани мұраларымыздың ең көнесі де, ең қажеттісі де салт-дәстүр, әдет-ғұрып екені баршамызға мәлім. Атамыз қазақ қашанда салт-дәстүрді берік ұстанған. Оны өскелең ұрпағына өнегелі мұра етіп қалдырып отырған. Жалпы, дәстүрін сақтаған ел қор болмайды. Себебі дәстүр адамды тәрбиеге, ақылға баулиды. Басқа тілді меңгеру үшін сол елдің салт-дәстүрін білгенде ғана сол тілді терең меңгере алатындықтан, ағылшын халқының салт-дәстүрі мен мейрамын зерттей отырып, қазақ халқының салт-дәстүрімен салыстыруды жөн көрдік [21].

Қорыта келгенде, жүргізілген ғылыми жұмысымыздың барысында ұлттық құндылықтарымызға, мұраларымызға, сал-дәстүрлерімізге халықтың құрметі жоғары екендігіне, ең бастысы, осы сезімді жоғалтып алмасақ, ең үлкен жеңісіміз сол болатындығына көз жеткіздік [22]. 





















ӘДЕБИЕТ

1. Арғынбаев Х. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. –Алматы, 2006.-48б.

2.Арнольд И.В. Лексикология современного английского языка. – М.: Изд-во лит-ры на иностр. язык., 1959. – 351б.

3. Арнольд И.В. Основы лингвистических исследований: учеб.пособие.- М. Высш. шк., 1991.- 140б.

4.Әжіғали С.Е. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары.- Алматы, 2005.-17 б.

5. Беляева Т.М. Практикум по истории английского языка. - СПб: Лань, 1999. - 48 б.

6. Бизақов С. Түбі бір түркілер. –Алматы, 2003.-33 б.

7. Гальперин И.Р. Стилистика английского языка. – М., 1981. – 336 б.

8. Жанпеисов Е.Н. Этнокультурная лексика казахского языка.- А.: Наука, 1989.-282 б.

9. Кенжеахметов С. Қазақтың салт-дәстүрлері.- Алматы, 1994.-28 б.

10.Кенжеахметов С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. - Алматы: Ана тілі, 1994. – 56 б.

11.Кенжеахметов С. Жеті қазына. 1-кітап. - Алматы, 2003.-110 б.

12. Кенжеахметов С. Жеті қазына. 2-кітап. - Алматы, 2002.- 108 б.

13.Кенжеахметов С. Қазақтың тыйым сөздері //Абай. - 2013. - №10.- 48б.

14.Қаралұлы А. Қазақы тыйымдар мен ырымдар. - Алматы: Өнер, 1998.-19б.

15.Мұратхан Қ. Қазақтың көне тарихы. - Алматы, 2007.-19 б.

16.Сайдахметов Б.С. Дәстүр-ұлттық тәрбиенің өзегі//Вестник АГУ.- 2012. - №2. – 29б

17.Сайдахметов Б.С. Ата дәстүрің - асыл қазынаң//Бастауыш мектеп.- 2013. - №12. -15 б.

18.Сайдахметов Б.С. Халық дәстүрлері - тәрбие негізі//Қазақстан кәсіпкері. - 2014. -№1 (56).-78 б.

19. Сайдахметов Б.С. Жеті ата шежіресі - ұлттық тәрбиенің құралы// Білім. - 2013. - №1 (37). -49 б.

20.Саргелтаева К. Халық тағлымы адастырмас сара жол// Этнопедагогика. - 2014. - № 2.-81 б.

21. Қазақ тілінің сөздігі. - Алматы, 1999. -105 б.

22. Encyclopaedia Britannica, 2004. -101 б.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!