Материалдар / Ғылыми жұмыс. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕҢЕУЛЕРДІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІСІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕҢЕУЛЕРДІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тіліндегі теңеулерді зерттейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2024
112
0 рет жүктелген
8900 ₸
Бүгін алсаңыз
+445 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +445 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕҢЕУЛЕРДІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІСІ



Бағыты: Қазақ тілі мен әдебиеті






Ғылыми жетекшісі:












............................................................................ мектептің ...... сынып оқушысы ......................................«Қазақ тіліндегі теңеулердің лингвомәдени аспектісі» атты ғылым жұмысына

ПІКІР


Теңеу барлық халықтың фольклорында да, жазба әдебиетінде де кеңінен орын алып, әдеби персонаждардың портреттерін жасауда, табиғат көріністерін суреттеуде, кейіпкерлердің мінезқұлқын, іс-әрекеттерін сипаттауда, басқа да толып жатқан жай-жағдаяттарды баяндауда ұтымды стильдік тәсіл ретінде мейлінше мол қолданылады.

Жұмыста тіліміздегі теңеуге қатысты қарастырылған тұрақты теңеу, фразеологиялық теңеу, фразеологиялары жүйеленіп, талданып, маңызы ашылды. Сондай-ақ, қазақ тілдік қорының ішкі формаларында ұлттық-мәдени ерекшеліктері сақталған теңеулерді қарастыра отырып, лингвомәдениеттану және лингвокогнитивтік тұрғысынан зерттелді:

  • қазақ тіліндегі теңеулер алғаш рет лингвомәдениеттану және когнитивтік тұрғысынан салыстыра-салғастыра қаралған;

  • қазақ тіліндегі теңеулер уәжі, этимологиясы, ішкі формасына сүйене отырып, кешенді түрде зерттелген;

  • алғаш рет қазақ халқының ұлттық дүниетанымының теңеулерде көрініс тапқан басты когнитивтік концептілер аймағы, олардың теңеулердегі көрініс-мазмұны айқындалып, лингвомәдени қырлары сарапталған;

  • қазақ тіліндегі теңеулер бойындағы мәдени-танымдық сипат тұңғыш рет когнитивтік әдіс-тәсілдермен анықталды. Олардың мән-мағынасына концептуалдық талдау жасалып, мағыналық құрылымы анықталған;

  • қазақ тіліндегі теңеулердің тілдік көлемі айқындалып, тақырыптық жағынан жүйеленіп, ретке келтірілген.

.......................................... мектептің ......... сынып оқушысы .............................................. «Қазақ тіліндегі теңеулердің лингвомәдени аспектісі» ғылыми жұмысын жоғары бағалай отырып, ............. шығармашылық ізденушілік жолындағы жұмысы жемісін береді деген сенімдемін.





....................................................

мектептің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі ...................................








МАЗМҰНЫ



ТҮЙІН

КІРІСПЕ


5

7

1

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕҢЕУЛЕРДІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІСІ


1.1

Теңеу – лингвистикалық категория

11

1.2

Қазақ тіліндегі теңеулердің мағына қалыптасуының лингвомәдени аспектісі

21

1.3

Қазақ тіліндегі теңеулердің мағыналық-тақырыптық топтары

30



ҚОРЫТЫНДЫ



33


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

36


















Түйін

Белгілі бір ұлттың тарихынан, мәдениетінен, таным болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін тілдік бірліктерге ең алдымен тілдегі фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жатады, себебі бұл тілдік бірліктер белгілі бір ұлттың өзге ұлттардан менталдық айырмашылығын көрсететін, салт-дәстүр ерекшеліктерін білдіретін ұлттық өмір көріністерінің айнасы болып табылады. Осындай көркем де, мазмұны терең, ерекше танымдық мәні бар тұрақты сөз тіркестерінің ішінде теңеулер ерекше орын алады, себебі олар белгілі бір тілдің бейнелеу жүйесін, оның ұлттық нақышын өзінің бүкіл бедерімен, бояуымен айқын көрсетеді. Теңеулер жекелеген өмір құбылысына нақты баға беретін, ғасырлар бойы атадан балаға мұра ретінде беріліп отыратын, әр халықтың өмірінен, дүниетанымынан қызықты деректерді өз бойына жинаған халық мұрасы. Кез келген тілдің фразеологиялық қоры ұлт мәдениетін, менталитетін, ұлттық психологиясын барынша қамтиды. Қазақ тілінің теңеулерін жүйелеп, салыстырмалы-салғастырмалы талдау жүргізіп, баяндау арқылы осы ерекшеліктерді анықтауға деген қызығушылық тудырады. Қазақ тіліндегі теңеулерге талдау жасау қандай да бір мәдениеттану зерттеулері сияқты тарихпен, дәстүрмен, салғастырылып отырған лингвомәдени қауымдастықтардың өмір салтының ерекшелігімен танысуды тереңдету, сонымен қатар мәдениетаралық қарым-қатынас барысында әр ұлттың ерекшелігін, менталитетін, олардың бір-бірін түсінушілік, ізгіниеттілік пен толеранттылыққа болжау мүмкіндігі де зерттеудің өзектілігін айқындай түседі. Тіл мен мәдениет мәселелерін тіл біліміндегі жаңа, озық әдістемелерді қолдана отырып зерттеп, тіл мен мәдениет тұтастығына негізделген осындай зерттеу жұмыстарының өзекті мәселесі екені бүгінгі күні еш күмән келтірмейді.


Аннотация


Чтобы познать природу каждого языка, глубже познать структуру и особенности языковой системы, язык необходимо рассматривать в тесной связи с историей, культурой, духовным богатством, одним словом, с миропознанием народа. Одним из основных направлений языкознания является изучение языковых единиц с учетом человеческого фактора и ценностей. В последние годы большое внимание уделяется проблеме правильного и точного использования языковых единиц носителями языка и пониманию их значения. Особое внимание уделяется культурным источникам, связанным с национальными ценностями. И в настоящее время язык рассматривается не только с точки зрения формы, но также и с точки зрения его смысла, поля и концепции.

КІРІСПЕ


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. XX ғасырдың соңғы жылдары дами бастаған тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үрдісі «адам-тіл-мәдениет» және «адам-тіл-ойлау» үштігіне сүйенетін гуманитарлық зерттеулердің жаңа бағыттарына жол ашты. Тілді, тілдік бірліктерді адами факторлармен, адами құндылықтармен бірлікте қарастыру қазіргі тіл білімінің алға тартып отырған басты бағыттарының бірі. Бүгінгі күні адами факторларға ерекше мән беріп, тіл иесінің тілдік бірліктерді дұрыс, ұтымды қолдану, мән-мағыналарын терең түсіну мәселесі ғылыми еңбектерде жиі көтерілуде. Осындай зерттеу жұмыстарында ұлттық құндылықтарға қатысты мәдени деректерге көп көңіл бөлініп, тіл тек тұлғалық (формалық) жағынан ғана емес, сонымен қатар ол мағыналық, ұғымдық, мәдени-концептілік тұрғыдан жиі қарастырылып, талданатын болды. Тілді ұлттың тарихымен, мәдениетімен, рухани қазынасымен, яғни дүниетанымымен тығыз қарым- қатынаста, бірлікте алып қарастырылған жағдайда ғана ұлттық тілдің табиғатын шынайы танып білуге жол ашылады.

Белгілі бір ұлттың тарихынан, мәдениетінен, таным болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін тілдік бірліктерге ең алдымен тілдегі фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жатады, себебі бұл тілдік бірліктер белгілі бір ұлттың өзге ұлттардан менталдық айырмашылығын көрсететін, салт-дәстүр ерекшеліктерін білдіретін ұлттық өмір көріністерінің айнасы болып табылады. Осындай көркем де, мазмұны терең, ерекше танымдық мәні бар тұрақты сөз тіркестерінің ішінде теңеулер ерекше орын алады, себебі олар белгілі бір тілдің бейнелеу жүйесін, оның ұлттық нақышын өзінің бүкіл бедерімен, бояуымен айқын көрсетеді. Теңеулер жекелеген өмір құбылысына нақты баға беретін, ғасырлар бойы атадан балаға мұра ретінде беріліп отыратын, әр халықтың өмірінен, дүниетанымынан қызықты деректерді өз бойына жинаған халық мұрасы. Сондықтан туыс және туыс емес тілдердегі теңеулерді лингвомәдениеттану тұрғысынан салыстыра зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін, қайталанбас қасиетін танып білуге, олардың мағына қалыптасуындағы, тілдік қолданыстағы ұқсастық пен ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кез келген тілдің фразеологиялық қоры ұлт мәдениетін, менталитетін, ұлттық психологиясын барынша қамтиды. Қазақ тілінің теңеулерін жүйелеп, салыстырмалы-салғастырмалы талдау жүргізіп, баяндау арқылы осы ерекшеліктерді анықтауға деген қызығушылық тудырады. Қазақ тіліндегі теңеулерге талдау жасау қандай да бір мәдениеттану зерттеулері сияқты тарихпен, дәстүрмен, салғастырылып отырған лингвомәдени қауымдастықтардың өмір салтының ерекшелігімен танысуды тереңдету, сонымен қатар мәдениетаралық қарым-қатынас барысында әр ұлттың ерекшелігін, менталитетін, олардың бір-бірін түсінушілік, ізгіниеттілік пен толеранттылыққа болжау мүмкіндігі де зерттеудің өзектілігін айқындай түседі. Тіл мен мәдениет мәселелерін тіл біліміндегі жаңа, озық әдістемелерді қолдана отырып зерттеп, тіл мен мәдениет тұтастығына негізделген осындай зерттеу жұмыстарының өзекті мәселесі екені бүгінгі күні еш күмән келтірмейді.

Зерттеу нысаны қазақ тілдік қорының ішкі формаларында ұлттық-мәдени ерекшеліктері сақталған теңеулер.

Зерттеу пәні қазақ тіліндегі теңеулерді лингвомәдениеттану және лингвокогнитивтік тұрғысынан зерттеу.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Мәдениет пен тілді өзара біртұтас бірлікте қарастыра және ұлттық мәдени деректерге сүйене отырып, қазақ тіліндегі теңеулерге әртүрлі мәдениет негізінде салыстыра-салғастыра лингвомәдени сараптама жасау арқылы олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

  • лингвомәдениеттанудың тіл мен этнос мәдениетінің сабақтастығы негізінде қалыптасқан теориялық негіздері мен әдіснамалық ұстанымдарын сипаттау;

  • лингвомәдениеттанудың, когнитивті лингвистиканың «концепт» ұғымының құрылымын (ойсурет, схема, фрейм, сценарий, логикалық-ұғымдық) ұлттық мәдени реңктегі теңеулерді салыстыра-салғастыра талдап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау;

  • қазақ тілінің теңеулеріндегі теңеу бейнесі негізін құрайтын компоненттерді тауып, оларға лингвомәдени тұрғыдан сараптама жасау;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеудің нәтижесінде мынандай мәселелер ғылыми жаңалық ретінде шешімін тапты:

  • қазақ тіліндегі теңеулер алғаш рет лингвомәдениеттану және когнитивтік тұрғысынан қаралды;

  • қазақ тіліндегі теңеулер уәжі, этимологиясы, ішкі формасына сүйене отырып, кешенді түрде зерттелді;

  • алғаш рет қазақ халқының ұлттық дүниетанымының теңеулерде көрініс тапқан басты когнитивтік концептілер аймағы, олардың теңеулердегі көрініс-мазмұны айқындалып, лингвомәдени қырлары сарапталды.

  • қазақ тіліндегі теңеулер бойындағы мәдени-танымдық сипат тұңғыш рет когнитивтік әдіс-тәсілдермен анықталды. Олардың мән-мағынасына концептуалдық талдау жасалып, мағыналық құрылымы анықталды.

  • қазақ тіліндегі теңеулердің тілдік көлемі айқындалып, тақырыптық жағынан жүйеленіп, ретке келтірілді.

Зерттеудің теориялық құндылығы. Кейінгі кезде тіл білімінің шектес теориялық ғылымдар тоғысуындағы пайда болған бағыттарына орай, теңеулерді лингвомәдениеттану және когнитивтік тұрғыдан сипаттау оны этностық дүниетанымның ажырамас бөлігі мен көрінісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары тіл теориясындағы салыстырмалы-салғастырмалы лингвомәдениеттану және когнитивтік лингвистика теорияларын нақтылай түсуге, мәселелерін айқындауға өз деңгейіне сәйкес үлесін қосады.

Зерттеудің практикалық құндылығы. Зерттеу жұмысының барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдарды этнос тарихын, этникалық дүниетанымды тіл арқылы тануға арналған лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвоелтану, этнолингвистика, мәдениетаралық қарым-қатынас теориясы, салыстырмалы фразеология бойынша арнайы курстарда, семинарларда теориялық және практикалық материал ретінде пайдалануға болады. Зерттеу материалы мен зерттеудің дереккөздері ретінде жалпы іріктеу негізінде жинақталған қазақ тілдеріндегі теңеулер пайдаланылды. Зерттеу жұмысымызға 8 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1974-1986), «Қазақ тілінің сөздігі» (1999), «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (I.Кеңесбаев, 1977), «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі» (1966), «Бір мың әсерлі де бейнелі орам» (Ә.Қайдар, 2003), «Қазақ тілінің тұрақты теңеулері сөздігі» (Т.Қоңыров, 1990) теңеулер жинақталып, талдауға түсті.


1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕҢЕУЛЕРДІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІСІ

1.1 Теңеу – лингвистикалық категория


Жалпы алғанда, теңеулер – танымдық қызметі зор, ең көне әрі қарапайым, тілде жиі қолданылатын логикалық теңестіру тәсілі. Шындық әлемді танудың қисынды құралы бола отырып, теңеу мейлінше көп қырлы, мазмұнды тілдік құбылысты білдіреді. Ол – бір заттың өзіне тән белгілерін өзіне ұқсас басқа затпен салыстырудың нәтижесі. Ойлау өрісі ретінде теңеудің дүниені эмоционалды түрде қабылдауы және ондағы қайсыбір құбылысты салыстыра бағалау тұрғысынан қандай да бір нысанға мән берудегі салмағы ерекше. Философиялық жақтан қарастырғанда, теңеу адамның абстрактілі ойлауын дамытудың көрінісі болса, лингвистикалық тұрғыдан осы ойдың тілдік қолданыста бейнеленуі болып табылады. Сонымен бірге, ол – сипатталушы нысанның бейнелілік, көркемдік, эмоциональды-экспрессивтік сапасын күшейтетін көркемдік әдіс.

З.Ахметов өзінен бұрынғылардың теңеудегі берген анықтамаларын талдай келіп, былай дейді: «Теңеу белгісіз нәрсені белгілі нәрсе арқылы, күрделі нәрсені қарапайым нәрсе арқылы, алысты жақын нәрсе арқылы айқындап көрсету деген пікірді жиі кездестіруге болады, әрі осындай түсіндірулердің бір қарағанда ұтымды көрінуі де мүмкін. Бірақ мұның өзі, әсіресе, әдебиетті, поэзияны сөз еткенде, шындыққа жанасымды болып шықпайды, өйткені көпшілікке білгісіз, түсініксіз нәрсені түсінікті, белгілі нәрсемен салыстырып айту бір басқа да, ал бейнелілік сипаты бар көркем теңеу жасау – бір басқа. Поэзиялық шығармадағы теңеуді алсақ, мұнда мәселе салыстырылып отырған нәрселердің белгісіз немесе белгілігінде емес, сол айтылатын өзгешілік бұлардың бірінен екіншісінде айқынырақ, көрнектілеу екенінде, салыстырудың өзінен көп мағына туатындығында».

Осылайша теңеуге қатысты былай десек болады. Теңеу дегеніміз – ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затпен салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоциональды-экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан таныстыратын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы. Бұл логика-стилистикалық мақсат белгілі бір грамматикалық формасы мен мағыналық структурасы бар теңеулік конструкциясының көмегімен жүзеге асырылады. Теңеуге байланысты маңызды мәселелердің бірі – оның мағыналық құрылымы. Троптың басқа түрлеріндей емес, теңеулік конструкция бірнеше мүшелі болып келеді. Теңеудің бұл қасиеті оны басқа троптардан ерекше бөліп, саралап көрсетіп тұрады. Бұл теңеулердің бүкіл болмысының бейнелілік сипатының, эмоциональды-экспресивтік сапасының, көркемдік ерекшелігінің предметті-логикалық негіздерінің, ассоциациялық мүмкіндіктерінің, стильдік міндеттерінің, поэтикалық табиғатының айқын көрсеткіші болып табылады.

Көрнекті ғалым Т.Қоңыров теңеу табиғатын арнайы зерттей отырып, оның мағыналық структурасын анықтаудың маңызын көрсете отырып теңеудегі белгісіз және белгілі нәрселердің теңеу структурасында алатын орны, олардың теңеу мағынасындағы рөлін ашып көрсетті. Белгілі лингвист ғалым Ә.Қайдар халықтық танымды айқындар құралдар қатарына тұрақты теңеулерді де жатқызады. Зерттеуші тұрақты теңеулерге «...бір затпен екінші бір затты (құбылысты) өзара салыстыру, ұқсату, бір-біріне балау, бағамдау, өлшеу, болжалдау т.б. осы сияқты танымдық мақсатта туындап, тұрақталатын тіркестер» деп анықтама берді. Демек, басқа да тілдік бірліктер секілді тұрақты теңеулер де адамның танымдық мүмкіндігін тілдік қабілетімен сабақтастырудан бастау алатындықтан, басты назар олардың когнитивтік негіздеріне аударылады. Компаративті фразеологизмдер тіркесінде сын есім немесе етістіктер көбіне синтаксистік және фразеологиялық байлаулы элементтер ретінде белгіленеді және теңеу оралымының тұрақтылыққа айналуы синтаксистік шартты элементпен ғана байланысады. Фразеологизмдер мағынасының ерекшелігі фразеологизмдердің түрлерін олардың синтаксистік құрылымына қарай анықтаған жағдайда айқын көрінеді де, «компаративті фразеологизмдер» деген терминдік мәнге ие болады [3,49 б.]. Сонымен теңеулерді басқа фразеологизмдерден олардың құрылымдық және лексика-мағыналық факторларының өзара қатынасы арқылы айырып көрсетуге болады. Н.С.Федосееваның диссертациялық еңбегі теңеудің мағыналық, синтаксистік және коммуникативті біртұтастығын зерттеуге арналған. Теңеудің номинативті, синтаксистік, морфологиялық және сөзжасамдық аспектілері көптеген ғалымдар тарапынан зерттелген десек те, алайда, «отандық және шетелдік зерттеу еңбектерінде тілдік теңеулер бір жақты ғана алынып, оның мәні толық ашылмайды» [1, 3 б.]. Сондықтан автор қазіргі герман тіліндегі теңеу категориясының жүйелі құрылымын гносеологиялық, логикалық және лингвистикалық аспектілерде қарастырады, теңеу құрылысын ономасиологиялық және семасиологиялық жақтан суреттейді. Автордың кейбір тұжырымдары ерекше назар аударады:

Біріншіден, теңеудің гносеологиялық операциясы әмбебап, ол жаңа ұғымдарды қалыптастырудың негізгі әдістерін танытады. Лингвистикалық теңеу заттың белгілерінің анализі мен синтезіне ойлау процесінің қорытындысын жүргізді. Оның логикалық формуласы теңеу актісін іске асыруға арналған нысанының қажетті минимумын қамтиды.

Екіншіден, теңеу негізінде ұқсастық, айырмашылықтың мағыналық категориясы жатыр. Ұқсастық – теңеудің міндетті алғышарты, нәтижесі. Айырмашылық ұқсастықты жоққа шығармайды, ол оны теңеудің шарты ретінде белгілейді.

Үшіншіден, идеялық және қарама-қарсылық – ұқсастық пен айырмашылықтың шектік жағдайы болып табылады. Теңдестіруші теңделуші нысандардың сапалық және сандық қасиеттерінің сәйкестігін көрсетеді. Қарама-қарсылық теңдестірудің антиподы болып табылады.

Қазақ тіліндегі теңеулер табиғатын жан-жақты зерттеген Т.Қоңыров ғалым Н.С.Федосееваның «компаративті фразеологизмдер лингвистикада жалпы жан-жақты қарастырылмаған» - деген пікірін қостай отырып, тілдің теңеу сияқты құбылысына арнайы зерттеулердің болмауы және жалпы теңеу құбылысы туралы зерттеулердің жеткіліксіз екенін айта отырып, қазіргі қазақ тіліндегі теңеу мәселесі туралы ой түйеді. Т.Қоңыровтың еңбегінде қазақ лингвистикасында алғаш рет теңеу табиғаты, оның грамматикалық, лексика- мағыналық және мағына-стилистикалық ерекшеліктері кешенді түрде зерттелген. Автор теңеулерді компаративті фразеологияның нысаны ретінде қарастыра отырып, оның бірнеше белгісін анықтайды. Соның көмегі арқылы теңеулердің жалпы және айырмашылық белгілерін атап көрсетеді. Ғалым қазақ тіліндегі эмоционалды-экспрессивті теңеулер – қазақ теңеулерін мағыналық табиғатынан келіп туатын, әрі мағыналық, әрі стильдік топтарынан ең пәрменділерінің бірі деп тұжырымдайды [118]. Ғалым метафора мен теңеудің мағыналық айырмашылығын былай көрсетеді: «теңеуде бір-бірімен салыстырылған заттар (предмет пен образ) әр уақытта өздерінің тура мағынасында қолданылады да, ал метафорада предмет тура мағынада, образ келтірінді мағынада жұмсалады», - дей отырып, мысалдармен айқындайды.

Зіркілдеп минометтер ақырады,

Бүлқынган бұрқ-сарқ шайнап арыстандай

Арыстан еді-ау Исатай,

Бұл фэнидің жүзінде

Арыстан одан кім өткені [2,14 б.].

Осы ретте теңеулер фразеологизмдердің басқа түрлерінен өзінің логикалық құрылымы, компаративті мағынасы мен стильдік қызметі арқылы ерекшеленеді. Теңеулер – тілдің барлық деңгейлерімен (фразеологиялық, сөзжасамдық, грамматикалық, стилистикалық) байланысты көп деңгейлі лингвистикалық категория. Мысалы: Олжас өткір тілді, орақ ауызды, тұлпар мінезді ақын. Олжас өткір тілді, орақ ауызды, тұлпардай өжет ақын.

Осы жерде келтірілген мысалға талдау жасай кетсек, алғашқы сөйлемдегі «тұлпар мінезді» фразеологизмі екі компоненттен құралған, бір ғана «өжет» мағынасына ие. Оның жеке компоненттері өзінің денотативті (тура) мағынасынан айрылған. Ал екінші сөйлемде «өжет» сөзі өзінің денотативті мағынасын сақтайды, келесі компонент – «тұлпардай» адамның сапалық дәрежесін тұлпармен салыстырып, яғни оның өршілдігін, қайсарлығын атай отырып анықтайды. Т.Қоңыровтың пікіріне сүйене отырып, Э.М.Сәмекбаева қазақ фразеологиясының ішінде фразеологиялық компаративтер тобын ең аз зерттеген салаларының бірі деп есептейді. Ғалым бұл тілдік бірліктерді көркем әдебиет шығармалары негізінде лексика-мағыналық, стилистикалық тұрғыдан қарастырып, төмендегідей анықтама береді: «Фразеологиялық компаративтер – ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстарды салыстыру арқылы кез келген заттың, қимылдың, белгінің сапалық мағынасын беретін төрт мүшелі құрылымнан тұратын тілдік-стилистикалық тәсіл». Зерттеуде теңеулер мағынасына, тақырыбына, стильдік табиғатына қарай топтастырылған. С.К.Сәтенованың еңбегінің нысаны ретінде компаративті құрылымдардың тұрақты түрлерінің бірі таңдалған. Зоолексика негізінде құрастырылған теңеулерді құрылым және шығу төркіні (этимологиялық) жағынан талдай отырып, ғалым құрылымына байланысты бір, екі, үш элементті және сөз тіркесі мен сөйлем құрылымдас бірліктерді ажыратып, теңеулердің пайда болу жолдарын анықтайды. Олар: а) сөз тіркесі компоненттері мағынасының метафоралық немесе метонимиялық өзгеруі (қара қылды қақ жарған – «адал адам» деген мағынада); ә) мақал-мәтелдер; б) тұрақты тіркестер (мойны ыргайдай, биті торғайдай, атының мойны ыргайдай, өзінің биті торғайдай деген тіркестен қысқартылып құрастырылған) деп тұжырымдайды. Сонымен қатар, тілші қос тағанды фразеологизмдердің жасалуына негіз болар образды әлемін «Халықтың ғасырлар бойы көңілге түйіп сұрыптап жеткізген.... тілдік элементтері» деп анықтайды. Демек, «образ, фон, ассоциативтік образды теңеу» – барлығы, автордың сипаттауынша ми мен түйсіктің элементтері логикалық құралдары» болып табылады. Нақтырақ айтқанда, образ дегеніміз – «белгілі бір субъект, зат, құбылыстың адам санасында қалыптасқан бейнелі көрінісі», ал фон – «осы субъектінің негізгі ерекшеліктері...» (айталық, «ай десе аузы бар, күн десе көзі бар...»). Олай болса, тілші қазақ тілінің тұрақты тіркестері алдымен «танымдық әрекеттің», «адамның ойлау қабілетінің», «сана сезімінің» өзгеше үлгісін танытады деген қорытындыға келеді. Жоғарыда айтылған пікірлердің негізгі түйіндері басқа тілдердің теңеулерін зерттеуде, сондай-ақ туыс және туыс емес тілдердің теңеулерін салғастыра зерттеуде маңызды орын алады. Теңеулер субъектінің сапасы мен белгісінің эталоны ретінде сипатталады, осының нәтижесінде теңеу компоненті және барлық сөз тіркестері жалпылаушы мағынаға ие болады. Бұл процесс берілген сөз тіркестерінің теңеу мағынасына жекелей немесе толық айырылуына сүйенеді. Еркін теңеудің салыстырушы компоненті субъектінің сапасы мен белгісінің эталоны ретінде жалпылаушы мәнде көріне алмайды. Автор осы арқылы тұрақты теңеулерден еркін теңеулердің нақты айырмашылығын ашып, француз тілінің тұрақты теңеулерінің грамматикалық және мағыналық құрылымына сипаттама береді. Фразеологияны тұрақты контекстің бірліктері туралы ілім ретінде қарастыра отырып, ғалым тұрақты теңеулерді ерекше топқа жатқызады. Мұнда ол тұрақты теңеулердің компоненттері арасындағы контекстік байланыс пен олардың біртекті сипатын ескереді.

Осы ретте зерттеу нысаны болып отырған теңеудің лингвистикалық мәні – теңеу мағынасы, оның түрлері, берілу құралдарының өзара бірлікте әрекет ету жүйесінде. «Теңеусіз талдау мен өңдеу (синтез), абстрактілеу және жалпылау да мүмкін емес. Теңеу ойлау формаларының қарапайым түрінен оның жоғарғы түріне, тілдің әр деңгейіндегі көптеген бірліктерге лексикалық, сөзжасамдық, сөз тіркесі және сөйлем түріндегі фразеологиялық бірліктеріне дейін қамтиды. Теңеу үнемі олардың мағынасының, грамматикалық мағынасы немесе бейнелеу қызметінің негізінде болады». Бұл категория қызықты, әрі күрделі сипатқа ие, оған дәлел – тіл білімінде осы лингвистикалық құбылыс тудырған пікірталас.

Ұсынылып отырған зерттеулерде атақты ғалымдардың еңбектеріндегі ғылыми теориялық тұжырымдарын негізге ала отырып, когнитивтік лингвистиканың концепт ұғымының негізінде қазақ тіліндегі теңеулердің салыстырмалы-салғастырмалы лингвомәдени сипаттамасы беріледі.


1.2 Қазақ тіліндегі теңеулердің мағына қалыптасуының лингвомәдени аспектісі

Жалпы зерттеу нысаны ретінде алғанда, теңеулер мақал-мәтелдер тәрізді жекелеген өмір құбылысына нақты баға беретін, ғасырлар бойы атадан балаға мұра ретінде беріліп отыратын, әр халықтың өмірінен қызықты деректерді өз бойына жинақтаған халық мұрасына жатады. Теңеулер – кемінде екі компоненттен құралған, ұқсас және ортақ белгілерінің негізінде бір затты екінші бір затпен салыстыру арқылы жасалған тұрақты сөз тіркестері. Теңеулер әртүрлі құбылысты өзара салыстыра, бейнелей сөйлеу мақсатында экспрессивті-эмоционалдық қызметте қолданылатын тілдік құрал. Олар көбіне дүниені бағалауыштық коннотациялар арқылы экспрессивті бейнелеп, тілдік жанама номинациялық құрылымға енеді. Ұлттың рухани айнасы іспетті теңеулердің мазмұнында этностың ойлау жүйесі мен дүниетанымының үлгілері жинақталған.

Жалпы фразеологизмдердің, оның ішінде теңеулердің жасалып, мазмұнының, мағынасының қалыптасуын ашу жолында, яғни фразеологизмдердің ішкі мазмұнын анықтауда оны уәждер аясында қарастырған жөн. Фразеологизмдер, атап айтқанда, теңеулер қай тілде болмасын бірден жасала қоймайды, уақыт өткен сайын біртіндеп қалыптасып, еркін тіркестердің негізінде жасалады. Сондықтан да олар сол дәуірдегі нақты өмір шындығына, тілдік ұжымның ерте кездегі ұғымына, когнитивтік-санасына сай келуі де түсінікті. Қоғамдық факторларға, тілдің ішкі заңдарына байланысты белгілі бір сөз тіркесінің негізгі, номинативті мағынасы мен туынды, коннотативті мағынасы ауысып өзгеріп отырады.

Осы ретте фразеологизмнің жасалу негізі болып табылатын еркін сөз тіркестері мағыналық тұрғыдан жаңа тілдік бірліктердің туындауына арқау болатын тілдік прототиптер рөлін атқарады. Халықтың өзі қоршаған ортаға ерекше мән беріп, заттар мен құбылыстарды танып білуде басты белгілерін салыстыру, ұқсату сияқты қасиеттерін жинақтап, ортақ белгілерінің негізінде жаңа ұғымға атау берген. Бір затқа не құбылысқа ат беру әр халықтың мәдениетіне, тілінің ерекшелігіне, дүниетанымына байланысты қалыптасады. Мысалы, қазақ тілінде әдемі, сұлу деген ұғым айдай әдемі, сүмбідей сұлу, жаңа туған айдай, қырмызыдай ажарлы, кісі жұтып қойғандай т.б. теңеулермен беріледі. Ұғым нәтижесінде зат не құбылыс атауға ие болса, атау адам танымы негізгі деп таныған уәждер аясында қарастырылады.

Фразеологизмдер құрамындағы компоненттердің бірнеше мағыналарының ішіндегі негізгісі деп танылған белгісі халықтың өмірінен, менталитетінен, тыныс-тіршілігінен хабардар ететін теңеулердің қалыптасуына уәж болады. Уәждеме теориясына сүйене отырып, бастапқы еркін тіркестер негізінде жасалған фразеологизмдердің түп төркініне зер салып, уәжін айқындау, сол арқылы тіркестің қалыптасу түп көзін тауып, өзіндік ерекшеліктерін ажырату арқылы олардың мәні мен мазмұнын ашуға болады. Фразеологизмдер компоненттерінің бір-бірімен тізбектелу құбылысы тіл заңдылықтарына негізделіп жүзеге асады. Оларды құраушы компоненттер өздерінің жеке мағыналарынан айрылып, жаңа мағына пайда болған жағдайда, бастапқы мағыналарына сәйкес келмейді. Фразеологизмдердің осы өзіндік қасиетіне олардың уәждемесін анықтауда мән беру керек. Бұл жерде уәждемені фразеологизмдердің ішкі формасынан бөліп алып қарастыруға болмайтынын айта кету керек. Ішкі форма фразеологизмдердің мағыналық құрылымымен тікелей байланысты және көбінесе оның мағыналық дамуына әсер етеді. Фразеологизмдердің ішкі формасы – актуальдық мағына жасай салатын толыққанды (этимологиялық) мағынаға ие. Бұл мағына о бастағы еркін тіркестердің құрамына кіретін, кейіннен метафоралану процесінің негізінде сөздердің лық әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Фразеологиялық мағына – еркін сөз тіркестерінің метафорлануының нәтижесі болып табылады» [143,50 6.].

Осы орайда, фразеологизмдердің фразеологиялық мағынасы олардың ішкі мағыналық құрылымында жатқан бейне арқылы уәждемені пайдалану тиімді. Мысалы, қазақ тілінде: құмырсқадай құжынаған, сүттен ақ, судан таза, егіз қозыдай, қой ішінде серкедей, қасқыр шапқан қойдай, құмға сіңген судай, сүліктей жабысты, түймедейді түйедей қылды т.б., сияқты тіркестердің фразеологиялық мағыналарының ішкі формалары айқын. Бұл фразеологизмдердің фразеологиялық мағыналары олардың ішкі формалары арқылы уәжделіп қалыптасқан. Сонымен қатар, фразеологизмдердің ішкі формаларының тасалануынан олардың мағыналарының күңгірттенуі шығады. Мысалы: қазақ тілінде: түйе шешкендей қылу, айға шауып мерт болған арыстандай, Дәуіттің қоржынындай, жетім қыздың тойындай, жағына пышақ жанығандай, итке теңге таққандай, Күнікейдің күлкісіндей т.б., ағылшын тілінде: ants in one's pants - (сөзбе сөз шалбар киген құмырсқадай) - найза үстінде отырғандай, т.б. фразеологизмдердің сырын, жасалу төркінін тілдің ішкі заңдылықтарынан гөрі экстралингвистикалық факторлардан, қала берді, этимологиядан іздеу қажет.

Мәселен, кәрі қойдың жасындай жасы қалды фразеологизмі үй жануарларының, оның ішінде қой түлігінің тіршілік ету мерзімін бақылаудан туған халықтық метономияға жатады. Қой малы он шақты жылдай ғана өмір сүретіндіктен, басқа малға қарағанда тез қартаяды. Осы жайт ауыс мәнде жасы ұлғайған адамға қатысты айтылатын бейнелі тіркестің туындауына негіз болды, аталмыш бейнелі тіркес дәл жасын атамаса да, адамның кәрілікке жеткендігін білдіреді. Осы жерде, фразеологиялық мағынаға тірек, негіз болатын нәрсе – адамдардың күнделікті тіршіліктерінде көріп жүрген түрлі заттар, құбылыстар, көріністер ықпалы. Олар бастапқы кезде бір затқа немесе құбылысқа байланысты қалыптасса да, дами келе қолданыс аясын кеңейте түсіп, тіпті қатысы жоқ басқа заттар мен құбылыстарға да ауысып, тілдің икемділік қасиетін көрсетіп отырады.

Мәселен, қазақ тіліндегі асау тайдай ойнақтау, ағытқан қойдай жамырау, болдырған түйедей бұралаңдау, ботасы өлген інгендей боздау, бөрі көрген сиырдай мөңіреу, енесін көрген қозыдай емірену сияқты фразеологизмдерде қазақ халқының өмір көрінісінің іздері жатқаны байқалады. Ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халықтың бүкіл тіршілік көзі малмен байланысты. Сондықтан халқымыз олардың тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін терең сырын жақсы түсініп, қасиет тұтып дәріптеп, бүкіл тіршілік болмысын солармен байланыстырып салыстырады.

Зерттеу мәні болып отырған фразеологизмдердің мағынасын зерделеуде оның ішкі мәнін тудыратын бейнелік-аялық негізінің де мәні зор. Фразажасам, яғни фразеологизмнің жасалу мәселесіне байланысты қазіргі тіл білімінде эволюциялық және эволюциялық емес тәрізді екі көзқарас қалыптасқан. Эволюциялық бағыт бойынша, тұрақты тіркес ешқашан да «материалдық» құрамы түзіліп, қолданыла бастауының алғашқы сәтінде бірден пайда болмай, уақыт өте қалыптасады [9]. Тұрақты тіркестің қалыптасуы барысында алдымен еркін тіркес түзіліп, одан кейін тұрақтануы мүмкін окказионалды немесе потенциалды фразеологизм қалыптасады. Ә.Т.Қайдардың пікіріне сүйене отырып, бейнелік-аялық негіз ғылыми атауын қолдануды жөн деп есептейміз. Себебі, уәжділік, уәждеуші негіз, уәж деген тілдік құбылыстарды мотивология (уәждеме теориясы) көлемінде ғана қарастырады да, тек тілдік факторларға жүгінеді. Уәждеме ұғымын фразеологизмдердің ішкі формасы, яғни негізгі мағынасы айқын көрініп тұрғанда пайдалану тиімді. Мысалы: қаз.: құмырсқадай құжынаған, қояндай қорқақ, тайға таңба басқандай;

Қай тілде болмасын аталған теңеулерден басқа мағыналары күңгірттенген, ішкі формаларын теңеулерді құрып тұрған компоненттер мағыналарынан бірден түсінуге болмайтын теңеулер де баршылық. Мысалы: қаз.: түйе шешкендей болу, бес биенің сабасындай, дәу перідей қозғалу, итке теңге таққандай, Меккеден mac көтеріп әкелгендей, ителгідей сүзілу/жүтыну;

Осы жоғарыда аталып өткендей, теңеулердің сырын, жасалу төркінін тілдің ішкі заңдылықтарынан гөрі экстралингвистикалық факторлардан, қала берді этимологиядан іздеу қажет.

Ендігі ретте ит пен мысықтай фразеологиялық теңеуінің пайда болуына келетін болсақ, ертеде бір адам бір қап алтынын жоғалтып алады. Оны иті тауып алып мысыққа береді, ал мысық иесіне жағыну үшін оған қайтарып береді. Содан бері мысық үйде, ит далада тұратын болған және екеуі әрқашан келіспеушілікте, ұрыс-керісте өмір сүрген. Осы аңыз негізінде көптеген халықтар тілінде аталмыш фразеологиялық теңеу қалыптасып, тілде орныққан. Тіл-тілдегі теңеулер халық тұрмысының көпғасырлык тәжірибесінің нәтижесінде қалыптасып, олардың бірқатары басқа тілде кездеспейтін, этнолингвистикалық, лингвомәдени уәжділікке ие болып келеді. Мысалы, am басындай - көлемді, үлкен мағынасындағы фразеологиялық теңеу, заттың көлемін білдіру үшін қолданылады: ат басындай алтын, ат басындай mac шоқпар. Ал am басындай жүрегім деген тіркеуде фразеологиялық теңеу бейнелі - ассоциативті салыстыру ретінде қолданылып, тулаған, шаттық кернеген деген ұғымды білдіреді. Сол сияқты, бие сауымдай уақыт фразеологиялық теңеуі де халық өмірінен, тұрмыс-тіршілігінен мағлұмат берер, дүниенің тілдік бейнесінің жиынтығын құрар тіл бірліктерінің бірі. Биенің күнделікті 5-6 рет сауылатынын ескерсек, әр сауымның арасы шамамен 1-1,5 сағаттай болады екен. Осы қатарға сүт қайнатымдай уақыт, қой өрісіндей жер, am шаптырымдай жер т.б. теңеулерді жатқызуға болады. Осындай тіл бірліктері ертеректегі қазақ өмірінде уақыт, қашықтық өлшем құралдары болмағандықтан, халық оны осылай бейнелей, салыстыра айтылатын тіркестер ақылы көрсететін, анықтайтын болған.

Осы келтірілген мысалдарды негізге ала отырып, кез-келген фразеологиялық теңеудің мазмұны мен мағынасында тіл мен ұлттық мәдениет сүзгісінен өткен халықтың дүниені танудағы, қабылдауындағы ерен ерекшеліктері жатады. Жалпы фразеологизмдердің, оның ішінде теңеулердің ұлттық ерекшелігін анықтау – ұлттық мәдени, рухани құндылықтарынан хабардар болуды талап етеді және фразеологизмдердің табиғаты, заңдылықтары, ерекшеліктері тілдік тарихи-этнографиялық, психолингвистикалық т.б. деректермен ұштастыра қарастырғанда ғана толыққанды айқындала алады.

Тіл арқылы мәдениеттануды, елтануды этнолингвистика және лингвомәдени ұстанымдарын қолдану арқылы зерттеп, зерделеген Қазақстан ғалымдарының айтарлықтай құнды-құнды үлкенді-кішілі еңбектері баршылық.

1.3 Қазақ тіліндегі теңеулердің мағыналық-тақырыптық топтары


Зерттеу нысаны болып отырған қазақ тіліндегі теңеулердің мағынасы адамға, адам ұғымына қатысты екендігі байқалады. Теңеулердің басым көпшілігі «адам» атты мағыналық топқа жатады, олардың мағынасы адам мен оны қоршаған әлемнің өзара әрекетін бейнелейді. Теңеулердің мағыналық топтарын теңеу негізінде адам өмірі мен қызметінің тұстарын бейнелейтініне байланысты ағылшын және қазақ тілдерінде төмендегідей мағыналық-тақырыптық топтары анықталды:

Бірінші топ: Адам мінезі мен ақыл-ой қабілетін сипаттаушы теңеулер: қаз.: Қарабайдай қатыгез, дала бүркітіндей қырағы, арыстандай айбатты, арыстандай құтырды, бес саусақтай білді, бүйідей тиді, қойдай жуас т.б.

Екінші топ: Адамның жағдай-күйіне байланысты Теңеулер: қаз.: сең соққан балықтай, жарасын жалаған иттей, жаралы арыстандай аласұрды, соққыга жығылған қасқырдай т.б.

Екінші топ: Адамның сыртқы келбетін сипаттаушы Теңеулер: қаз.: қырмызыдай алсарлы, ақ маралдай әдемі, айдай сұлу, кісі жұтып қойғандай (әдемі), сүмбілдей сұлу, жаңа туған ай секілді т.б.

Үшінші топ: Адамның өмірі мен қызметін сипаттаушы Теңеулер: қаз.: түлкі қуған тазыдай соңына түсу, ит пен мысықтай өмір сүру, бір ұядан өрген балапандай, итше қашып жүру т.б.

Төртінші топ: Адамның эмоциялық жағдайын сипаттаушы Теңеулер: қаз.: найза үстінде отыргандай, астына шоқ басып алғандай, тышқан алған мысықтай т.б.

Бесінші топ: Адамның басқа бір адамға немесе затқа қатынасын сипаттаушы Теңеулер: қаз.: жыландай жек көру, бұқаша көз аларту, аш бүркіттей көз қадау, құлындай шыңғырту, қойдай бауыздау т.б.

Алтыншы топ: Құбылыстар мен заттардың сапасын сипаттаушы Теңеулер: қаз.: көздің жасындай таза (мөлдір), шөккен нардай үлкен (дәу), жаман түйенің жабуындай (келіссіз).

Жетінші топ: Түсті сипаттаушы Теңеулер: қаз.: ақ бөкеннің таңындай, орман түлкісіндей қызыл, сүттей ақ, шиқандай/инедей қызыл, тac көмірдей қара т.б.

Сегізінші топ: Адамның тамақтану процесін сипаттаушы Теңеулер: қаз.: бурадай қарш-қарш шайнау, егінге түскен сиырдай жайпау, қасқырша ішіп-жеу т.б.

Тоғызыншы топ: Заттар мен құбылыстардың көлемін сипаттаушы Теңеулер: қаз.: қойдың құмалағындай, шөккен нардай, ешкінің асығындай, иненің жасуындай, қол тоқпақтай, иттің қара тұмсығындай т.б.

Оныншы топ: Арақашықтықты сипаттайтын Теңеулер: қаз.: есік пен төрдей, aт шаптырымдай жер, қозы/қой өрісіндей жер, таяқ тастам(дай) жер, қол созым(дай) жер, бие бауындай жер. Ағылшын тілінің теңеулерінің біз жинаған материалдардың ішінде бұл топқа жататындары кездеспеді.

Он бірінші топ: Уақытты сипаттаушы Теңеулер: қаз.: бие сауымдай уақыт, сүт қайнатымдай уақыт, қас қаққандай. Аталмыш топқа да ағылшын тілінің теңеулері біз қарастырған материал арасынан кездеспеді.

Осы ретте келесі бір мәселеге тоқталсақ, теңеу бейнесі қызметін орындаушы лексемалар негізінде ағылшын және қазақ тілдерінде теңеулердің мынадай топтары анықталды:

Бірінші топ: Күнделікті тұтыну заттар атауларынан жасалған Теңеулер: қаз.: сабынша бұзылу, тұздай сору, тозған бөздей ыдырау, жаман түйенің жабуындай, түбі түскен шелектей.

Екінші топ: Үй жануарлары атауларынан жасалған Теңеулер: қаз.: құнан қойдай бой тастау, піштірілген сәуріктей, тағасыз аттай ташанау, қойша көгендеу, егінге түскен сиырдай жайпау, боз інгендей боздау, ботасы өлген түйедей зарлау т.б.

Үшінші топ: Табиғат және қоршаған орта құбылыстарының атауларынан жасалған Теңеулер: қаз.: бұлттай сұрлану, жауар күндей түнеру, желдей есу, атқан таңдай нұр шашу, т.б.

Төртінші топ: Аң атауларынан жасалған Теңеулер: қаз.: қойға тиген қасқырдай, айва шауып мерт болған арыстандай, қасқырша өз күшігін жеу, ақ маралдай керілу, жолбарыстай білекті т.б.

Бесінші топ: Құс атауларынан жасалған Теңеулер: қаз.: торға түскен қырандай, сұңқардай көзі сүзілу, бұлбұлдай сайрау, жүнін жұлған тырнадай, сандуғаштай сайрау; көк тұйғындай ілу, торғайдай тозу т.б.

Алтыншы топ: Жәндік атауларынан жасалған Теңеулер: қаз.: қара құрттай қаптау, тышқанша ін қазу; құмырсқадай құжынаған, шыбындай қырылу, инеліктей қату, aш кенедей жабысу т.б.

Жетінші топ: Өсімдік атауларынан жасалған Теңеулер: қаз.: тікендей қадалу, тал шыбықтай майысу; қызыл гүлдей құлпыру, жел соққан қамыстай жапырылу т.б.

Сегізінші топ: Діни атауларға байланысты жасалған Теңеулер: қаз.: жын ұрғандай жұлқыну, албастыдай басу, көктен түскен періштедей, сайтандай азғыру, иманындай сақтады;

Оныншы топ: Ауру атауларына байланысты жасалған Теңеулер: қаз.: сүзектен тұрғандай;

Он бірінші топ: Балық атауларына байланысты жасалған Теңеулер: қаз.: ақ сазандай бұлқынды, аппақ сазандай, сең соққан балықтай, тұмсығы тасқа тиген бекіредей, шабақтай шүпірлету, желбезегінен тиген сазандай т.б.

Он екінші топ: Тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға байланысты жасалған Теңеулер: қаз.: Абылай аспас асудай, Атымтайдай жомарт, Қарынбайдай сараң, Ләйлі мен Мәжнүндей, Наушаруандай әділ, Нілдей бұзылды т.б.


ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі таңда ғаламдастыру, жаһандандыру саясатының аясында ғылымдардың даму көкжиегін жаңа бағыттармен кеңейту, қайсыбір ғылым саласы болмасын, оны «адами факторлармен, адами құндылықтармен» бірлікте қарастыру –адамзат өркениеті мен замана керуенінің алға тартып отырған кезекті талабы. Әлемдік қолданбалы және теориялық ғылымдардың ішіндегі негізгі қоғамдық, әлеуметтік коммуникацияның жетекші идеяларын жүзеге асыруда мақсат еткен тіл ғылымының қазіргі бағыт-бағдары ғасыр талабына толық жауап бере отырып, «адам-тіл-өркениет» үштігінің аясындағы тың міндеттердің шешілуін көздейді. Теңеулер - кемінде екі компоненттен құралған, ұқсас және ортақ белгілерінің негізінде бір затты екінші бір затпен салыстыру арқылы жасалған тұрақты сөз тіркестері. Теңеулер фразеологизмдердің басқа түрлерінен өзінің логикалық құрылымы, компаративті мағынасы мен стильдік қызметі арқылы ерекшеленеді. Теңеу категориясын айқындайтын басты компонент - салыстыру үшін алынатын образдың сипаты. Образ – символ, образ-эталон – әр халықтың өзіндік дүниетанымдық қабылдау өрісіне байланысты. Шындық әлемді танудың негізгі құралдарының бірі бола отырып, теңеу мейлінше көп қырлы, мазмұнды тілдік құбылысты білдіреді. Теңеу – сипатталушы нысанның бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін көркемдік әдіс. Белгілі бір халықтың материалдық байлығы, күн көрісі рухани мәдениетте, яғни адамдардың өмір сүруі, тіршілік ету барысында сол ұлттың тұрмыс салты, дәстүрмен бірге танылатын таным, білімі, заңы, этикасы, ғылымы, діні, мифологиясы, рухани дүниелері - өнері, өлеңдері, мақал-мәтелдері, фразеологизмдері т.б. көрініс табады. Осыларды көрсететін сөздер мен фразеологизмдер тек атау қызметімен ғана шектелмей, ұлттық мәдениет жайлы құнды хабар танытады. Кез-келген тілдің фразеологиялық құрамы сол халықтың ұлттық сана-сезімін, дүниетанымы мен әлемді қабылдау түйсігін керсетеді. Әр ұлттың ерекшелігін тану, олардың жан дүниесін түсіну тіл арқылы ғана мүмкін нәрсе десек, сол тілдің шұрайлы саласы теңеулері өрнектерін танытатын басты белгі деуге болады. Теңеулердің басым көпшілігі ұлттық негізді арқау ете отырып пайда болған.

Талдау нәтижесінде теңеулердің басқа да тілдік бірліктер сияқты әр тілде өзінің пайда болу тарихы коннотативтік мағыналарының қалыптасуы жолында әртүрлі мағыналық өзгерістерді басынан өткізгені көрсетілді. Фразеологизмдерді, атап айтқанда теңеулерді тек тұлғалық (формалық) жағынан ғана емес, сонымен қатар оларды мағыналық, ұғымдық, концептілік тұрғыдан зерттеу арқылы халықтардың ұлттық болмысын, дүниетанымын, рухани байлығын, мәдениетін айқындап, олардың келер ұрпаққа жетуіне жағдай жасалады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Кеңесбаев I. Қазақ тілінің фразеологизмдері туралы// Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. - Алматы, 1977. - 589-621 бб.

  2. Қайдаров А.Т., Жайсақова Р.Е. Принципы классификации фразеологизмов и их классификационные группы в современном казахском языке// Известия АН КазССР, серия филологическая. 1979.- № 3. - С. 1-11

  3. Исабеков С.Е. Принцип дополнительности в номинативной системе языка.- Алматы: Ғылым, 1992. -203 с.

  4. Сәтенова С.К. Қазақ тіліндегі жануарлар атауымен байланысты фразеологизмдердің сипаттамасы.- Алматы, 1990.

  5. Ахметжанова З.К. Сопоставительное языкознание: казахский и русский языки. - Алматы, 2005. - 398 с,

  6. Карбозова Г. Неміс және қазақ тілдеріндегі теңеулер: ф.ғ.к.... дисс. Алматы, 2004.- 132 б.

  7. Арғынгазина Ш.Б. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің лексика-семантикалық сипаты: филол. г.к. ... автореф — Алматы, 2004.-26 б.

  8. Оспанова Ф.А. Фразеологизмдер уәждемесінің лингвомәдени аспектісі: филол.ғ.к. ... дисс. - Алматы, 2006. -136 б.

  9. Қайдар Ә.Т., Кажыбек Е.З. Развитие казахского языкознание: итоги и перспективы.

  10. Қайдар Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері.-Алматы: Ана тілі. 1998.-304б.

  11. Қайдаров Ә.Т. Қазақ этнолингвистикасы// Қазақ тілінің өзекті мәселелері.-Алматы: Ана тілі. 1998.-8-29 бб.

  12. Қайдаров Ә.Т. Этнолингвистика//Білім және еңбек, 1985.- № 10.-18-22 бб.

  13. Уызбаева Б. Қазақ тіліндегі соматикалық етістік фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты:. филол. г.к ... автореф.-Алматы, 1994.- 27 б.

  14. Сәтенова С.К. Қазақ тіліндегі қостағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты. - Алматы: Ғылым, 1997.-184 б.

  15. Манкеева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдени лексикасы: филол.ғ.док ... автореф. - Алматы, 1997.-51 б.


24


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!