Материалдар / ғылыми жұмыс Қоқыс 7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ғылыми жұмыс Қоқыс 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоқыс-ғалам мәселесі тақырыбында ғылыми жұмыс. Қоқыс адамзат тарихына үлкен зиян келтіруде. Осы мәселенің алдын алу шаралары туралы айтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2022
1078
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Атырау облысы, Индер ауданы

Қ.Есқалиев атындағы орта мектебі





Ахметова Мөлдір

8-сынып


«Қоқыстар – ғалам мәселесі»


Ғылыми бағыты: «Таза табиғи орта Қазақстан – 2050 стратегиясын іске асырудың негізі»



Секциясы: «Химия»









Жетекшісі: химия пәнінің зертханашысы Н.Б.Айғалиева













Атырау - 2019

Қ.Есқалиев атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы

«Қоқыстар – ғалам мәселесі» тақырыбында ғылыми

жобалар байқауына қатысушы Ахметова Мөлдірдің

жұмысына жетекшісінің




Пікірі


Жұмыс қоқыстар туралы, оның қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері және қоқыстарды қайта өңдеу жұмыстарын танып білуге арналған.


Орындаушының мақсаты:

Қоқыстарды зерттей отырып, оның әсері жайлы білу және қоршаған орта, тірі организмдер өміріндегі оның зияны туралы мәлімет беріп, бүкіл адамзатты табиғатты таза ұстауға дәріптеу.


Жұмыс орындаушы:

Қоқыстарды толыққанды зерттей отырып, оны қоршаған ортаны тазарту және қоқыстарды қайта өңдеу жайлы толық мәлімет бере білген.







Пікір жазған: химия пәнінің зертханашысы Н.Б.Айғалиева


















Мазмұны:

I.Кіріспе бөлім...................................................................................................8-б.

1.1.Қоқыстар және олардың түрлері......................................................8 – б.

II.Негізгі бөлім.................................................................................................9 – б.

2.1. Қоқыстардың қоршаған ортаға әсері .............................................9-б.

2.2. Тұрмыстық қоқыстарды қайта өңдеу..............................................10-б.

2.3. Қоршаған орта экологиясы..............................................................11-б.

III.Қорытынды................................................................................................13-б.

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................15-б.




































Жоспары:

I.Кіріспе бөлім:

1.Қоқыстар туралы жалпы мәлімет

2. Қоқыстардың түрлері

II.Негізгі бөлім:

  1. Қоқыстардың қоршаған ортаға әсері

  2. Қоқыстарды өңдеу

  3. Ауылымыздың экологиясы

III. Қорытынды.





Ғылыми жұмыстың мақсаты:

Қоқыстарды зерттей отырып, оның әсері жайлы білу және қоршаған орта, тірі организмдер өміріндегі оның зияны туралы мәлімет беріп, бүкіл адамзатты табиғатты таза ұстауға дәріптеу.




Ғылыми жұмыстың міндеттері:


  • Қоқыстармен танысу;

  • Қоқыстардың тірі организмдер өміріне тигізетін әсерін дәріптеу;

  • Қоқыстарды өңдеу жолдарын көрсету.



















Аңдау хат

Зерттеу мақсаты: Қоршаған ортаны қоқыстардан таза ұстау.

Гипотеза: Қоқыстардың зиянды тұстары, оның қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері туралы зерттелген.

Зерттеу кезеңдері: Тақырыпты зерттеу барысында орындаушы тиісті әдебиеттермен танысып, оған қажетті материалдар жинақтаған.

Зерттеу әдістемесі: Қоқыстарды дұрыс сұрыптау және олардан жаңа зат шығару жолдары қарастырылған.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Қоқыстармен танысу;

  • Қоқыстардың тірі организмдер өміріне тигізетін әсерін дәріптеу;

  • Қоқыстарды өңдеу жолдары көрсету.

Зерттеу жаңалығы: Қоқыстардың күнделікті шығарылатын мөлшері есептелген.

Зерттеу нәтижесі: Теориялық жолмен алынған білім сарамандық жолмен зерттеліп, қоқыстарды өңдеу арқылы жаңа зат алуға болатындығы жайлы қарастырылған. Өзіндік ой-пікір жасау, зерттеу дағдысы шәкірт ойына қалыптаса бастаған.



























Abstact

Objective: to clean the environment from garbage.

Hypothesis: the hazardous Waste about its harmful effects on the environment are studied.

The stages of the study: to review literature on relevant Topics the contractor in the course of the study, the necessary materials to him for a couple.

Research methodology: the subject of issuance of new Waste sorting and correct them.

Tasks of research:

- Familiarization with the garbage;

- Promotion of waste impact on the lives of living organisms;

- Ways of waste disposal.

The novelty of the research: assessed the Waste produced daily.

The results of the research: Theoretical practical knowledge obtained by criminal means, criminal means, then obtaining a new substance by recycling garbage. Own opinion, create, students, research skills and formation in the head.





























Аннотация

Цель исследования: содержание в чистоте окружающей среды от мусора.

Гипотеза: вредных отходов моменты, о его вредных эффектов на окружающую среду изучены.

Этапы исследования: ознакомиться с литературой соответствующей Тематики исполнитель в ходе исследования, необходимые материалы к нему на пару.

Методика исследования: предмет выпуска новых сортировка мусора от них и правильно.

Задачи исследовательской работы:

- Ознакомление с мусором;

- Популяризация мусора влияния на жизнь живых организмов;

- Пути утилизации мусора.

Новизна исследования: размер начисленных выпускаемой мусора ежедневно.

Результаты исследования: Теоретических практических знаний, полученных преступным путем, преступным путем, то получение нового вещества путем переработки мусора, о том. Собственного мнения, создание, учащихся, исследовательские навыки и становления в голову.


























I.Кіріспе бөлім

1.1.Қоқыстар және олардың түрлері.

Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атау­лының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасай­тын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, сана­лы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделік­ті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып бара­ды. Қа­сиет­ті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ дала­сын­да бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаң­дарына төгілгені. Ұлы даламыз­дағы күл-қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер-жерінде есепке алынбаған тау-тау күл-қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл-қоқыстың 97 пайызын арнау­лы күл-қоқыс алаңдарына төгу­мен ғана айналысады. Табиғат-бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».

Табиғат – адамның бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол- ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі,қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.

Қоқыстарды зерттейтін сала-Гарбология деп аталады.

Гарбология ағылшын тілінен аударғанда «қоқыс» деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 жылы Уильям Рэджи ашты.Ол экология ғылымынан бөлінген жеке бір сала. Егер де бір жыл ішінде жиналған қоқысты жоймай немесе қайта өңдемей, бір жерге төге берсе Европадағы ең биік шың-Эльбрустей тау пайда болады. Қоқыстың түрлері екіге бөлінеді:

ҚShape2 Shape1 оқыс


Зиянды Зиянсыз

(химиялық, биологиялық) (пластмасса, қағаз, т.б.)





II.Негізгі бөлім.

2.1.Қоқыстардың қоршаған ортаға әсері.

Қоқыс- еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы. Еліміздің қоқысын тазаламайынша біз дамыған мемлекеттер қатарына қосыла алмаймыз.

Ауруын жасырған өледі. Ақиқатын айтсақ, қасиетті қазақ дала­сының алып күл-қоқыс алаңына айналып бара жатқандығы ащы шындық. 40 жыл бойы көкірегін қарс айырған атом бомбасының 500-ден астам ядролық сынақтарынан сызат алған, жарты ғасырдан бері Байқоңырдан үздіксіз ұшырылатын ғарыштық зымырандар зіркілінен зәрезап болған, айдыны тартылып, топырағы эрозияға ұшыраған ұлы дала енді тұрмыстық, химиялық, техногендік, ядролық қалдықтар қоймасына айналу қасіретін көтере алмайды. Ендеше, шұғыл түрде қасиетті жерімізді ҚТҚ мен күл-қоқыстан тазарту шараларын қолға алу керек. Найқалатын уақыт жоқ. Дала тұншығып, жер жарасы жарылғалы тұр.

Ғасырлар бойы төл перзентін қойнауынан алынған игілікпен қамтамасыз етіп келе жатқан қайран дала қажыды, тума табиғатымыз тақырланды. Ұлы даламызды ғасыр тажалы атанған ядролық сынақтар 40 жыл қақыратса, қолдан жасалған қырсықтың кесірінен қос тамыры тартылып, ақ айдын Аралдың суалғанына да ширек ғасырдан асты. Баянауылдың басынан бағы тайды, тау мен тасы тесілген Қарқаралыны бұлт торлады, жер жәннаты Жетісудың бұлағы сарқылып, көк майсасы жұтаңданды. Көлі құрғап, көңілі ортайған көгілдір Көкшетаудың да әрбір күні күрсінумен өтіп жатыр. Байқоңырдан ғарыш кемесін ұшырып, ырысты да күрішті Сыр бойын тусыраттық. Ұлы дала енді туған перзенттерінен жанашырлық күтеді. «Алмақтың да салмағы бар». Енді «бұлақ көрсең, көзін аш» деген баба­лардың қасиетті қағидасына адалдық танытып, жомарт даламызды күл-қоқыстан тазартып, тынысын ашуымыз қажет-ақ.

Ұрпақ мүддесін, жер қадірін ойлайды-ау деген билік басын­дағылардан көңіл қалды. Жақын­да жаңадан тағайындалған Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков теледидардан Алматы маңында болған алапат дауылдан құлап қалған ағаштарды жинап, тазартылған жерлерге қайтадан ағаш өскіндерін өсіру туралы бастамаға «Құлаған ағаштарды жинаудың қажеті жоқ. Қоршаған ортада қалыптасқан жағдай бойынша дауылдан құлаған ағаштар табиғи үдеріс бойынша сол жерде жылдар бойы жатып, өз-өзінен шіриді. Бұл сол жердің топырағын тыңайтуға ерекше қолайлы жағдай жасайды» деп салды. Ұланғайыр даламыздың тағдыры тапсырылған министрдің пайымы осылай болса, басқаларға не жорық!




2.2. Тұрмыстық қоқыстарды қайта өңдеу.

Адам баласының кез - келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе - теңдікке қауіп - қатер тудырады. Көң үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп - шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, олардың нақты жиналған көлемін азайтпайды. Олар үнемі арамызда болғандықтан тұрғындардың денсаулығы мен өміріне едәуір қауіп төндіреді. Елді мекендерде тұрмыстық қалдықтар үшін сынақ алаңдарының жоқтығы немесе олардың экологиялық, санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сай болмауынан барлық жерде кездейсоқ қоқыстардың пайда болуына әкелуде.

«Қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу қаланың өзектi проблемасының бiрi болып қалып отыр. Әлемдегi жетекшi елдердiң тәжiрибесi көрсеткендей, бұл проблеманы оңтайлы шешуге толық мүмкiндiк бар. Мәселен, Швейцарияда әрбiр тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге мiндеттi: шыныны шыныға, металды металға, қағазды қағазға. Соның нәтижесiнде, шыны сауыттардың 90 пайызы, қағаз өнiмдерiнiң үштен бiрi қайта өңдеуге пайдаланылады. Осыдан келiп, Швейцария мен Сингапур сияқты елдер әлемдегi экологиялық ең таза мемлекеттердiң қатарында есептеледi. Ал, бiзде Алматыдағы қоқыс өңдейтiн жалғыз кешен бiр жылдан берi жұмыс iстемей тұр…».

Қағазды қайта өндіргенде 1 тонна өндірілген қағаздан - 1 тонна дәретханалық қағаз жасауға болады.1 тонна өндірілген қағаз 17 ағашты құтқарады. Қоқыс қағаздарын қайта өндіргенде судың-60%, энергияның-40%, ауаның ластануына -74%, судың ластануын – 35% үнемдейді екенбіз.

Орташа алғанда, қалыптасқан ТҚҚ көлеміндегі екінші мәрте пайдалануға жарамды материалдық ресурстар жыл сайын 500 мың тонна қағаз бен картон, 300 мың тонна шыны, 200 мың тонна металл, 500 мың тонна пластмассаны құрайды екен. Яғни, бұл қайта өңдеуге жарамды материалдық ресурстарды екінші рет пайдалануда үлкен әлеуеттің барын көрсетеді. Осы ретте министрліктің көздеп отырған мақсаттары – тұрмыстық қалдықтарды қамтуды 2020 жылға қарай 90 пайызға дейін, 2035 жылға қарай 100 пайызға жеткізу болып отыр. Сондай-ақ 2020 жылы санитарлық полигондарме

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!