Материалдар / Ғылыми жұмыс "«Сәндік қолданбалы өнер элементтерін көркем қолөнер сабақтарында жүргізу әдісі.»"

Ғылыми жұмыс "«Сәндік қолданбалы өнер элементтерін көркем қолөнер сабақтарында жүргізу әдісі.»"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәндік қолданбалы өнер - кесте тігу элементтері.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2020
1527
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









Ғылыми жұмыс



ТАҚЫРЫБЫ: «Сәндік қолданбалы өнер элементтерін көркем қолөнер сабақтарында жүргізу әдісі.»



Пәннің атауы: Көркем еңбек









Орындаған:























2020ж.

Мазұны




Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1. Сәндік қолданбалы өнер.

1.1.Халық сәндік-қолданбалы өнерінің дамуы.

2. Сәндік қолданбалы өнер саласында кесте тігу өнері. Кестенің тарихы және түрлері.

2.1. Кесте тігу барысында қажетті құрал жабдықтар, қауіпсіздік ережесі.

3. Кесте тігу технологиясы.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.






























1.

Кіріспе


«Шеберлінің қолы алтын» деп дана халқымыз айтқандай қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халық қолөнері бұл күнде қоғамымыздың ортақ әлеуметтік қозғалысы болып отыр. Кешегі ата-баба мұралары қазіргі кезде қолға алынып, жылумен қайта қауышып, жүректерден орын алуда.

Қазақ халқының сәндік өнер бұйымдарына көз жүгіртсек олардың топ тармақшаларына және түрлеріне өте көп талдамдар жасауды қажет етеді. Этникалық материалдық мәдениеттің маңызды бөлігін заттық дүниені эстетикалық меңгерумен байланысты болатын қазақтардың дәстүрлі сәндік-қолданбалы шығармашылығы құрайды. Мұның өзі қазақ этносының өзіндік көркем көрінісінің бір үлгісін танытады. Осы өнер қазақтардың эстетикалық, философиялық түсініктерін қалыптастыруда, қазіргі заманғы мәдениетін дамытуда маңызды бір форма жасаушы рөл атқарып келеді. Қолданбалы өнерге қызығушылық, мүдденің өрлей түсуі, суретшілердің, дизайнерлер мен өнер зерттеушілердің қызмет пен ізденіс өрісін кеңейте түсті. Қолданбалы өнердің даралығын танытуға талпыну, құндылықтарды жасаудың заманға лайық идеясын неғұрлым толық білдіруге ұмтылу және дәстүрлі көркем формаларды қайта жаңғыртуға құлшына түсу, халықтың рухани өткені мен қазіргі кезеңін жаңғырту мұның бәрі халықтың өзіндік ерекшелігін білдіру, өзінің мұрасын жадында тұту мүмкіндігін береді.

Қазіргі таңда біздің басты міндетіміз-халық өнерінің бай мұраларын жинап сұрыптай отырып, оларға заманымызға лайықты сана, түр беру әдісімен ілгере дамыту.

Қазақ қолөнерінің тамаша туындыларын жасаудың қарапайым технологиясын осы күнде тұрмысқа қайта ендіріп, өсіп келе жатқан жасөспірімге қазақ халқының қолөнеріне қызығушылығын арттырып,шеберлігін дамытуға үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде «Сәндік Қолданбалы өнер» бағытында сабақ жүргізіліп келеді. Онда оқушыларды қазақ халқының төл өнерінің тарихымен таныстырып,олардың өзіндік өнеге үлгісін, бейнелеу ісін орындаудың технологиясын, бұйымдарды көркем өңдеу тәсілдері арқылы орындау мәселелері қарастырылады. Осы мұраларды қоғамдық өмірде тиімді пайдалана білу үшін оны тереңірек оқып үйреніп,толық дәрежеде игеру қажет.

Қазіргі кезде біздің елімізде жаппай ұлттық өнерді оқушыларға үйретуге көп көңіл бөлініп отыр. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына енуі, экономика, мәдениет, білім, өнер салаларының дамуы басты мақсатқа қойылып отыр. Ата-бабамыздан сыр шертіп келе жатқан бенелеу өнерінің шығармаларын, қолөнер туындыларын, олардың тарихтарын жас ұрпақтың бойына сіңдіру, қазақ халқының өнерімен таныстыру біздің басты мақсатымыз болып табылады.

2.

Өнердің барлық түрі өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдері мен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер ететіні мәлім.

Бүгінгі оқушы, студент - ертеңгі болашақ маман иелеріне қолөнердің сы-рын, бейнелілік тілін меңгерту және олардың өнер салаларындағы шығармашылық іс-әрскеттерін дамыту арқылы халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған эстетикалық, көркемдік мәдени бай мұраларын игерту, туған халкының өнеріндегі парасатты дәстүрлеріне танымдық көзқарастарын қалыптастыру, колөнерге қызығуларын ояту, қазіргі кезеңдегі мектептен бастап жоғары оқу орындарының, білім беру жүйесінің барлык саласындағы имандылық тәрбиенің негізгі басты міндетгерінің бірі болып табылады.

Қазіргі кезде елімізде ұлттық кұндылыктардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Н.Назарбаевтың "Қазакстанның болашагы коғамның идеялық бірлігінде" еңбегіндегі “Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр "деген сөзі нақты айғақ бола алады.

Адамзат коғамының рухани және мәдени корының кымбат казыналарының бірі - халыктың колөнері мен әдет-ғұрпы, кай халықтың болсын бітім тұлғасы, психологиялық, этникалық жан сезім белгілері оның колөнер мен әдет-ғұрып, салт-санасынан көрінеді. Өткен ел тарихын, тұрмыс-тіршілігін ой елегінен өткізер болсақ, халық өміріңдегі әдет-ғұрып, салт-санасының дамуы тарихи оқиғалардан кейін заманның өзгеруіне байланысты болғаны айқын.

Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата дәстүрі халықтық өнер желісін үзбей, халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды көздерінің қарашағындай сақтап, ілгері дамытып өркендету - өнегелі іс. Адам өміріндегі қоғамдық салт-дәстүр, әдет-ғұрып қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына карай байып, мазмұны тереңдеп келе жаткан тәрбиелік мәні өте зор тағылым. Мұны ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибе белгілсрінен көруге болады.











3.

Негізгі бөлім.

  1. Сәндік қолданбалы өнер.

Сәндік қолданбалы өнер–пайдылы әрі көркемдік функциялары бар көркемөнер туындыларын жасауға бағытталған шығармашылық іс-әрекеттің түрлі салаларын қамтитын өнердің бір тармағы.

Сәндік-қолданбалы өнер туындылары бірқатар сипаттамаларға ие болуы тиіс:

-эстетикалық тұрғыдан сапалы ;

-көркемдік әсерге негізделіп жасалған;

-үй түрмысын, интерьерді безендіруге арналған.

Мұндай туындыларға киім, сәндік маталар, кілем, жиһаз, сәнді шынылар (витраж), зергерлік және басқа да көркем бұйымдар жатады.

Қазақ халқының сәндік–қолданбалы өнері таусылмас бір қазына. Ертеде бабаларымыз бұйымдарды сәнді өрнектеп қана қоймай, зергерлік өнердің әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, алтын, күміс, басқа да небір құнды асыл тастармен әшекейленген.

Ондағы әшекейлердің байланыстары өте күрделі, сонымен қоса мал шаруашылығымен айналысқан бабаларымыз мал өнімдерді: теріден алынған қайыс, жүн, жылқының қылы,сүйекткрін, тағы басқа материалдарды қолданбалы өнерде шебер пайдалана білген.

Қазақ халқының өнерінің түллерін мектеп оқушыларына кеңінен таныстыру, оларға патриотты тәрбие және эстетикалық биік талғамдар беретіні өзінен-өзі түсінікті.

Сәндік-қолданбалы өнері қаншама жылдар бойы жасалып, жетіле түскен аса кәсіби дағдылар мен амал-тәсілдерге негізделген. Олар арқылы карапайым да көркем мәнерлілікке қол жеткізуге болады. Оларды жұлдызша. айшық, ирек сызықтармен бедерленген керамикалык ыдыстардан; ағаштан ойып жасалған бұйымдардан; жіптерді өру, айқастыру, шатыстыру аркылы токыған токыма үлгілерінен; құю, бедерлеу, жапсыру тәсілдерімен, асыл тастарымен, бағалы металдарымен ерекшеленген зергерлік өнер туындыларынан көруге болады. Осы техникалық әдіс-амалдарды үйрену де мектеп оқушыларына тән және бұл олардың шығармашылық қабілеттерінің байқалуына, дамуына кең мүмкіндіктер береді.

Халык өнерінің шығармашылығын игеру мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда сәндік- талғамын тәрбиелеп қана қоймай, олардың саздан бұйымдар жасау, ою-өрнектер түрін кұрастыру, оларды дамыта колдану, ағаш ұксату мен ою жұмыстарын орындау, тоқыма, кестелеу әдістерін меңгеру сиякты шығармашылық тұрғыдағы жұмыстармен жеке айналысуға құштарлығын оятады.

Мектеп оқушылары үшін сәндік-қолданбалы өнердің алуан түрлерін, дәстүрлі техникалық әдістері мен шеберлік дағдыларын жеңіл игереді. Өйткені баланың бастауыш сыныптарында оның бейнелеу өнері сабақтарына қажетті психологиялык-физиологиялық жетілуі аяқталады.

4.

Олардың көркемдік үрдістің техникалык әдістерін үйренуге және орындауга белсенді қызығулары пайда болған.Сонымен мектеп оқушылары сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығымен етене танысуы негізінде қызығушылыққа бөленіп, сұлулық пен әсемдікке тәрбиеленеді, олардың талғампаздығы жетіледі. Сондай-ақ аталған өнер туындыларының мазмұнын жете меңгеруі мен ондағы ою-өрнектердің мәнін ұғынуы аркылы ақыл-ойлары өседі, адами саналары толыса түссді, сол туындыларды өз колдарымен жеке және сынып боп жасауы барысында рухани-адамгершілік сапалары артады, шеберлігі шыңдалады, еңбекке, еңбск адамдарына құрметі калыптасады, өз еңбегін және өзгелер еңбегін бағалай білуге тәрбиеленеді. Осы тұлғалық сапалардың қалыптасуы барысында де шеберлік дағдылары да үлкен мәнге ие болады.

Осыған байланысты қазіргі уақытта әрбір педагог тарихи мәдени мүра-ларды, соның ішінде халықтың сондік-қолданбалы өнерін оқушылардың көркемдік-эстетикалык тәрбиесінде мақсаттылықпен қолдана білуі тиіс. Өйткені сәндік-қолданбалы өнер формасы жағынан да, мазмұны жағынан да оқушылар үшін түсінікті, олардың сұлулық сезімін дамыту күшіне ие. Бұл оқушылар туған және басқа халықтардың ұлттық мәдениетін игеруге, барлық дәуірлердегі шығармашылық еңбекке сұлулық идеалы мен шеберліктің кажеттілігінің қалыптасуына ықпал етеді.

    1. Қазақ Сәндік қолдабалы өнерінің дамуы.

Қазақстан көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер мал бағып, егін салумен шұғылдана жүріп, өзіндік өрнегі мол, өнерін, мәдениетін қалыптастырады.Қазақ халқының қолөнері санау ескі заман тарихымен бірге өсіп. Біте қайнап келе жатқан өте бай қазына.Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады.

Қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар.Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбез-күн тіршілік барысында пайдаланса, әсем бұйымдар жасап өмірде сән салтанат құра білді. Халық шығармашылығының қандай түрі болсада халық өмірі мен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, кәсібімен тығыз байланысты болады.

«Өресі биік, өрісі кең» өнер атаулының қай саласынан болсын жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқыда өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. өнердің түрі көп. Бізді қоршаған өміріміздің барлығы өнер. Ал қандайда болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін халық.

Қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің тамаша үлгілері атадан балаға мұра болып біздің заманымызғада жетті.

5.

Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылармен коллекционерлердің ғана емес, ғалым этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келеді. Дүние жүзінде әр халық ата-баба мұраларын, халық өнерін сақтап қалуы парыз. Атадан балаға мұра болатын қолөнерін жалғастырушы шеберлер әрқашанда халық арасында құрметті.

Қолөнер бұйымдарын дүниеге алып келу көптеген уақытты және еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді.

Қолөнердің қайнар көзі-еңбек екенін М.Горькийдің еңбек туралы, оның адамды ұлы данышпан ететін ұлы күш екенін айтатын аталы сөзін айтуға болады.

Еңбек адамның іскерлігімен ой-өрісін ғана өсіріп қоймай оның адамгершілігін, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, рухани сезімін байытады.

Еңбек-өнер өрісі-өмір жемісің-дегендей еңбек пен өнердің егіз екенін айтқан жөн. Өнердің қай түрі болмасын қажымай, талмай еңбектенуді талап етеді.

Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтарда кіреді. Осыған орай қолөнердің өзі бірнеше түрге бөлінеді, олар: зергерлік-өнер, металды өңдеп өрнектеу (алқа, жүзік т.б. бұйымдар) Ағаш , тас қашау, тоқыма өнері кесте, және көркемдеп тігу, тері өңдеу, өрмек тоқу т.б.

Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады.

Шебер-ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам. Ұста-қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.

Ісмер-ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.

Зергер-алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдарды айтады.Қазақтың ұста, зергерлерікөркем құйма, бедерлеу, соғу, қаптау, күмістеу, темелеу, бұрау, үзбелеу тәсілдерін терең меңгерген. Алтын күміспен әшекейленген алуан түрлі өңір жиектері мен алқалар, асылтастардан көз салынған шолпылармен мен шашбаулар, әдемі құс мұрын жүзіктер мен білезіктер-міне осы дәлелі.

Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже сандық жасап кілем, сырмақ алаша, ши тоқу, түрлі бау-басқұрлар тоқып, кесте тігіп, арқан, жіп есіп, өрім-өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адал бақан, асадал, бесік және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлеп отырды. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою, мүйіз бақылту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданды. Сондықтан қолөнер «ер адамдарға тән іс» және «әйел адамдарға тән іс» деп екіге бөлініп келеді. Мысалы: тастан, балшықтан сүйекпен мүйізден, метал мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты ер адамдар атқарады.


6.


Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, теріден киім тігу сияқты істерді әйел адамдар атқарады.

ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, киіз басу, кілем тоқу, өрмек тоқу кең өріс алды. (өрмек тоқу, кілем тоқу).

Қазақ қол өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі-кестелеу өнері. Сол сәнді қол өнерді жолғалтпай үйреніп, ары қарай дамыту біздің міндетіміз. Ертеде халқымыз тұтынған бұйымдарының бәрін дерелік кестемен әшекейлеп безендірген. Көне заманнан бері, б.з.д. V-VІғасырдан кестелеу өнері жалғасып келеді.

Мысалы:

Қытайда кестені таза жібекке алтын, күміс жіптермен тіккен өте нәзік тігілген Қытай кестесі Жапон кесте тігу өнеріне әсер еткен. Үнді, Иран елдерінің кестелері өсімдік тектес, жан-жануарлар мен бейнелерді тігумен ерекшеленеді. Ал Византия кестесінде таза жібек немесе алтын жіптерді төгіп зерлеген. Бұл кесте тігу өнеріне үлкен жетістіктер енгізді. Сонымен қатар, ХІІІ ғасырдың аяғы мен ХІV ғасырдың басында Франция, Германия, Швеция, Англия, Дания, Норвегия елдерінде ұлттық киімдер үй тұрмыс бұйымдарын әшекейлеуге қолданған. Халық өнері ғасырлар бойы әр түрлі болып өзгеріп, адам өмірі мен олардың тұрмысымен әлі күнге дейін байланысты болып келеді. Кестенің әдемі әшекейлері адамдардың тұрған жеріне, мәдениетіне, саудасына, көршілес елдермен қарым қатынасына байланысты болған. ұрпақтан-ұрпаққа жалғасудың арқасында әрбір елдің шеберлері өздеріне тән ерекшеліктерімен тігудің сантүрлі әдістерін киімге, тұрмыстық бұйымдарға, әшекей заттарға қоса білді.

2. Сәндік қолданбалы өнер саласында кесте тігу өнері. Кестенің тарихы және түрлері.

Қазақ қол өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі-кестелеу өнері.

Кесте- сәндік-қолданбалы өнердің көпғасырлық тарихы бар. Қазіргі уақытта, ғылыми-техникалық даму заманында, кесте өнері ұмытылған жоқ, тіпті бұрыңғыдан да танымал бола түсті. Сол кестелеу өнерді жолғалтпай үйреніп, ары қарай дамыту біздің міндетіміз.Қолмен кестелеу-шыдамдылықты қажет ететін шығармашылық іс, сондықтан оны кез келген игере алмайды. Онда өрнек немесе кескін қолмен (инемен,кейде ілгекпен) немесе кесте машинасымен әртүрлі матаға, теріге, киізге және басқа да кенеп, мақта маталарға жүн, жібек жіптермен (көбіне түрлі түсті);сондай-ақ майда моншақтармен, маржан асыл тастармен, жапсырмалармен, тиындармен кестеленеді.

7.


Кестені киімді, тұрмыстық заттарды әшекейлеу үшін және жеке панно ретінде қолданады. Қазақстандағы кестелеу әртүрлі нұсқалармен: киіз, шұға, теріге жапсырма түсіру; шұғаға, барқырқытқа, жібекке өрнекті кестелеу арқылы ерекшеленеді.

Кесте тігуде жібек, жүн, мақта жіптер, сондай-ақ алтын,күміс жіптер де қолданылады.Кесте тігуде ұсақ бисерлер, маржандар, жылтыр моншақтар пайдаланылады.Шығарманың көркемдік ерекшелігі, пішіні мен ою-өрнектің үйлесуі, кестелеу техникасы сәндік-қолданбалы өнерде әрдайым қолжетімді және жарқын бейнелерді издеуге және қолдануға мәжбүрлейді. Қазақ халқының кестелеу өнерінің негізгі техникасы-ине арқылы орындалатын тамбурлы тігіс (бізкесте). Тамбұрлы тігіс бастырма және шыралжын әдісімен үйлесіп қолданылады. Қазақтар арасында түрлі түспен безендірілген сәндік кестенің рөлі зор.

Қабырғалық тұскиіздер төрдің сәнін келтіреді.Кішігірім кестелі бұйымдар киіз үйдің есікке жақын орналасқан шаруашылық бөлігіне сән береді. Жалпақ етіп кестелген тегеріштер шаңырақты айналдыра көріктендіреді.Неке қию рәсімінде ерекше рөл атқаратын шымылдықтар ұсақ моншақтармен ерекше көркемдеп кестеленеді.Төсек жаймалары, төсекжапқыштар мен жастық қаптар өсімдік сипатты көркем кестелермен безендіріледі. «Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды», «адам өнерімен әсем,аң жүнімен әсем» деген мақалдарда аз емес. Кесте өнері осы айтылғандай нағыз халықтық, алуан әдісті таңдауы көп өнер.Қазақ кестесіндегі түрдің құбылуы, түс ою-өрнектертің қолданылуы мен композицияның үйлесүінде үлкен рөл атқарады.Қазақ шеберлерінің негізгі ерекшелігі түстердің құбылу үйлесімдігін қолдана білуінде. Түстер гаммасы шектелі: қызыл, жасыл, көк, сары, ақ. Көне кестелердің түстері монохромды болып келеді. Басым түс- қызыл-күннің,оттың символы. Қазақтың ою-өрнек топтары (өсімдіктекті, жануартекті, геометриялық және космогониялық) белгілі бір мағынаға ие.Қазақ ою-өрнектерінде бүтінді бөлшекпен алмастыратын зооморфтық мотивтер ең маңызды орын алады. Кейде бір образда әртүрлі жануарладың бөлшектері қатар қолданылады. Басты көркем мотив-мүйіз, қошқар, мүйізінің суреті. Онымен байлық болады, мал көбейеді, қорғайды деген түсінік байланылыстырылды. Мүйізбен текеметтер, сырмақтар, алаша, сонымен қатар сәулеттік құрылыстар безендірілді. Пайданылатын түстер: кірпіш түсті қызыл, сары, көк, жасыл және көк,қоңыр және қара.

Сыңармүйіз.

Қазақ ою-өрнегінің ең көп тараған түрі.Бұл мотивтің ырғақтық құрылымын композиция жиегі көмкереді. Көп тарааған түс-қызыл және қара.

Сынықмүйіз.Халық шеберлері бұл мотивпен кілем, басқұр, алаша, сөмке, шиді әшекейлеген.Оның негізгі түстері: қызыл, жасыл,қоңыр,қара,күрең қызыл.

Тышқаніз. Бұл мотивке композициядағы шеттіктеу, көмкермелеу рөліберілген.

8.

Оған көбіне қызыл,қоңыр, күрең қызыл, қара түстер тән.

Итқұйрық. Қорғау қасиетімен бірге достықты бейнелеп, әртүрлі жақсы тілектердің символы болды. Қорғау міндетіне байланысты онымен киіз бұйымдарын безендірді. Түстер гаммасы:қоңыр, қызыл күрең,көк түстер.

Түйетабан-малды көбейтудің, байлықтың бейнесі, әртүрлі игілік пен күшті тудыруға себепші. Онымен халық қолөнерінің әртүрлі бұйымдарын безендірген.Оны ағаш оюда, ойып безендіруде, кестелеуде, киіз бұйымдарда пайдаланады. Негізгі түстері: қоңыр, қызыл күрең, қара.

Қайнар-өмір бастауы сияқты суаттың символы,жасыл жайлымның, мал шаруашылығының символы. Түстер гаммасы:көгілдір, көк, күлгін.

Жұлдыз. Дәстүрлі түсінікте бұл мотив қазақтарда адам жанымен сәйкестендіріледі. Аспан шырақтары әрқашан да тазарту қуатын аямай берді.

Бұл мотив кілемнің орталық бөлігін безендіреді. Негізгі түстер: қызыл, көк, қызыл күрең.

Ботагөз. Қазақтың түсінігінде ромб құнарлылықты бейнелейді, баланы тіл-көзден қорғайды.

Бұл-қорғандық қасиеті бар айрықша нақыш.Наным-сенімдерге сенсек нақыш тіл-көзден қорғайтын қасиетті күшке ие.Мұндай элемент композияцияның орталық бөлігінде, сонымен қатар бұйым жиегін жиектейтін көмкермелерде де кездеседі. Дәстүрлі түстер гаммасы: қызыл, қоңыр, қара,көк түстер.Қазақ ою-өрнегінде түстер символикасы қызық.Бұйым фонындағы және негізгі суреттегі ақ түс-ақ жлдың, бақыттың, ақиқаттың символы.Қызыл-от, күн энергетикасы, махаббат; қара-күш, айбындылық, құдрет, сонымен қатар мақсат, амандық, саулық. Қазақ ою-өрнегінде қызыл мен көк түстердің үйлесімі-халық бақыт туралы арманы, табиғи байлықты еске түсіру.

Кесте өнері осы айтылғандай нағыз халықтық, алуан әдісті таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері:айқас тігу, айқыш-ұйқыш тігу, басып тігу,қайып тігу,тепшіп шалып тігу және кестелеу өнерінің негізгі техникасы ине арқылы орындалатын тамбурлы тігіс (бізкесте). Қазақтар арасында түрлі түспен безендірілген сәндік кестенің рөлі зор.

Кесте түрлері.

Кесте санап тігіледі, жіпті санап отырып кестелеу және еркін кестелеу: сурет нұсқасы бойынша, санамай,еркінтігу деп екіге кестелеу деп бөлінеді.
Жай тігістер.

Сабақты кесте. Кестенің бұл түрін тігу үшін өрнектің нұсқалары пайдалынады. Оларды тіккен кезде ине кері шаншылады, яғни әрбір жаңа тігіс осылайша түседі. Жіпті бекітіп, инені матаның кесте түсетін бетіне шығарған соң оған 2-4 жіпті іліп алу керек.

9.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ