Материалдар / Ғылыми жұмыс тақырыбы: "Қазақ әдебиетіндегі этнографиялық шығармалар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс тақырыбы: "Қазақ әдебиетіндегі этнографиялық шығармалар"

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жұмыс оқушылар мен ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2020
820
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

9 сынып оқушысы Мақсұтова Еркетаң

Жетекшісі: Г. М. Бекебаева

Мазмұны


Абстракт........................................................................................................... 3

Кіріспе.............................................................................................................. 4

1. Абай – дана, Абай – дара қазақта

1. 1. Абай өміріне шолу.................................................................................. 5

1. 2. Білім алған жері және шығармашылығы............................................... 5

2. Абай Құнанбаевтың қара сөзіндегі «Адам болу» мәселесі

2. 1. Абайдың қара сөздері............................................................................... 6

2. 2. Қара сөздердегі адамгершілік бастауы................................................... 8

2. 3. Қара сөздердегі тәрбиелік мәселесі........................................................ 12

Қорытынды....................................................................................................... 15

Қолданылған әдебиеттер


Пікір

Қосымша

«Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі ар – ұят және адамгершілік мәселесі» тақырыбы бойынша

9 сынып оқушысы Мақсұтова Еркетаңның ғылыми жұмысына пікір


Мақсұтова Еркетаңның тақырыпты таңдаған өзектілігінің себебі, ол көптеген әдебиеттер, шығармалар оқығанды ұнатады. Оның ішінде, әсіресе Абай Құнанбаевтың шығармаларына көп көңіл бөлген.

Еркетаң - кішіпейіл және көп оқитын оқушы. Оқушыны адамның рухани және адамгершілікке байланысты сұрақтар қызықтырады. Қазіргі жастардың мәселесі толғандырғандықтан, ол газет статьяларына, теледидар бағдарламаларына есеп беріп жүреді. Еркетаң осы сұрақтарға жауапты Абайдың қара сөздерінен табуға болады деп ойлайды. Ол осы жұмысты өзі таңдап алғандықтан өз бетінше ізденді, Абайдың шығармаларын оқып, талдап, саралады. Өткізілген әр зерттеулеріне жауаптылықпен қарады.

Жетекшісі: Г. М. Бекебаева


Абстракт

Осы зерттеу жоба Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі адамгершілік пен ар – ұят мәселесін қазіргі жас ұрпақ бойында қалай қалыптасқанын, оны қалай түсінетіндіктерін, қандай жерлерде қолдану керек екендігін табуға байланысты.

Мақсаты:

Абай Құнанбайұлының айтып өткен ақыл өсиеттерін айта отырып, қазіргі жастардан адамгершілік және ар – ұят мәселесін іздеу.

Міндеттері:

1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау.

2. Ұлы ойшылдың қара сөзіндегі ар – ұят, адамгершілік туралы мәселені ашып көрсету.

3. Ойшылдың ойын жас ұрпаққа насихаттау.

Гипотеза: Егер аға буын және отбасы жас буынның тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса, қазіргі жастардың адамгершілік рухы жоғары болады.

Зерттеу әдістері: сауалнама жүргізу, жағдаяттарды шешу және қорытынды шығару, ар – ұятты суреттеу, ұят туралы ұрпақтар сабақтастығы.

Объектісі: Абайдың отыз алтыншы қара сөзі

Зертеу пәні: Адамгершілік пен ар – ұят

Зерттеу мәселесі: Абай өз заманында жазып қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келес таңымыздағы жастарға ақыл - өсиет, тәлім – тәрбие ретінде сабақ болады.

Менің ойымша осы таңдап алынған тақырыбымның өзектілігі – адамгершілік пен ар – ұят бар жерде шындық пен әділдік болады және тәрбиесі бар жас ұрпақ адамгершілік рухы жоғары болады.

Кіріспе

Қазіргі кездегі елімізді толғандыратын мәселелердің бірі жастарды адамгершілікке, әдептілікке, адалдыққа, имандылыққа баулу. Сондықтан мен осы тақырыпты таңдауға шешім қабылдадым.

Ел жұрттың болашағын ойлап, халықты ауыр тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу – білімге шақырған. Адамның сол кездегі жаман қасиеттірінің бәрін санап, атап көрсетіп, содан арылуға, жақсылықты өн бойына жинауға, яғни тәрбиеге көп көңіл бөлген. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашу сияқты, рулық тартыс, бітпейтін дау - жанжал елдің сиқын бұзөатынын, еш мақсатсыз бос жүрген халықты көріп, қатты қынжылған. Ел ішіне іріткі салатын, өтірікпен мал жиып, байыған би – болыстарды өлеңмен шенеген.


Қазақ даласында қазіргі психология ғылымы тұрғысынан, бірінші болып Абай «адам» деген ұғымға анықтама берген. Адам – ұғымы – педагогика мен психология ғылымында негізгі пәндік ұғым. Абай түсінігіндегі «адам – ақылдылық пен еңбек сүйіспеншіліктің әділдік пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың, адамгершіліктің жиынтығы».

Тек осы қасиеттерді бойына сіңірген кісі ғана – нағыз Адам деп ойлаймын. Орыстың ұлы педагог ғалымы К. Д. Ушинский де өзінің басты еңбегін адамға арнаған. «Адам тәрбие пәні қақында» осы тұрғыдан Абайадың ойлары, пікірлері орыс ғалымдарымен үндес келеді.

Абайдың адамгершілік идеалы, мұраты, принципі – қысқаша ғана «Адам бол!» деген формула, тұжырым. Адам болу – кісіліктің кісісі, шын мәнінде азамат болу, қара бастың қамы, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын ойлайтын, «өзін - өзі зор тұтып», «надандарды менсінбейтін», дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат адам болу. Абай қазақ жастарын желөкпе, әр нәрсеге көрсеқызар болмай, өнерді үйренуге, табиғатты тануға, ғылыми көзқарасқа негізделген тиянақты білім алуға үндеді.

Жастардың мінез – құлық, адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген Абай: «Тез үйреніп, тез жайма,

Жас уақытта көңіл – гүл» деп жазған.

Зерттеу мақсатым Абай Құнанбайұлының айтып өткен ақыл өсиеттерін айта отырып, қазіргі жастардан адамгершілік және ар – ұят мәселесін іздеу.

Оны жүзеге асыру үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым: 1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау. 2. Ұлы ойшылдың қара сөзіндегі ар – ұят, адамгершілік туралы мәселені ашып көрсету. 3. Ойшылдың ойын жас ұрпаққа насихаттау.

Менің ойымша, менің таңдаған тақырыбым қазіргі күн талабына сай, себебі ар – ұят, адамгершілік бар жерде әділдік, бейбітшілік, шыншылдық, ең басты тәрбие орнайды. Мен Абай қара сөздерін оқып, зерттей келе, ар – ұят, адамгершілік, тәрбие барлық жерде керек екеніне көзім жетті.

Ар – ұят пен адамгершілік қай жерде, қандай жағдайда адамның бойында болу керектігін анықтау мақсатында әр түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көптеген кітаптарды оқып, сараладым. Осылай зерттей келе Абайдың отыз алтыншы қара сөзін зерделей келе, ар – ұят, адамгершілік мәселесіне көп көңіл бөлдім.

1. Абай – дана, Абай – дара қазақта


1. 1. Абай өміріне шолу

Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарабұлақ жайлауында дүниеге келген. 1904 жылы Балашақпақ жайлауында қайтыс болған. Бейіті Жидебайда. Ол – ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ақынның арғы бабасы – Олжай батыр. Олжайдан Айдос, Айдостан Ырғызбай, Ырғызбайдан Өскенбай тарайды, Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай дүниеге келеді. Құнанбайдың әйелі Ұлжаннан Абай дүниеге келеді. Абайдың үш әйелі болған. Бәйбішесі Ділдәдән – Ақылбай, Әбдірахман, Күлбәдән, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайыл, Кенже, барлығы жеті ұл, үш қыз сүйген. Әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.

1. 2. Білім алған жері және шығармашылығы

Абай Ескітам қонысында әкесі ашқан медреседе, оқып, ауыл молдасы Ғабитханнан дәріс алған. Әкесі Абайды он жасқа толған соң, Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда үш жыл оқиды. Медресенің үш жылында Абай осы қаладағы «Приходская школаға» да қосымша түсіп, онда үш ай орысша оқиды. Осы жылдары шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Жәми еңбектерін оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А. И. Герцен, И. А. Крылов, Ф. М. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зерттеулер жүргізді. Есейген шағында солардың ішіндегі өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударады. Абай өлең жазуды он жасында бастаған («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абыралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 - 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы – «Қансонарда» 1882ж. жазылған.

Абайдың көркемдік ойлау, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық стилі еркін, икемді, поэзиядағы қалыптасқан дайын үлгілерді қайталамайды.

А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтовтың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты.

1885 жылы мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде Семей облысының генерал – губернаторы Цеклинскидің басқаруымен Семей облысына қарайтын 5 уездің 100 - ден астам би - болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін» әзірлеу тапсырылады. Абай бастаған комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті.

Абай музыка саласында да мол мұра қалдырып, қазақтың музыка өнерін дамытты. Қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген. Абай әндерінің бір саласы тек өз шығармасы ғана тән өлең өлшемдеріне сай, соңы ырғақпен өріс табады.

2. Абай Құнанбаевтың қара сөзіндегі «Адам болу мәселесі»


2. 1. Абайдың қара сөздері

Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері.

Абайдың қара сөздері ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары бар. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма.

Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлермен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық пікірлерімен бірігіп, философиялық тұжырымдамасын құрайды. Абай қара сөздері көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме дүкен құрып отырған болады. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т. б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. «Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек шығарма мағынасын білдіреді. Өлең өнерін қазақ қара сөз демейді. Қара сөз «проза» деген мағынада айтылған. Қара сөз еркін ой білдіру формасы. Ақын өлеңдерінің кейбір күрделі дүниетанымдық мәселелері қара сөздерде түсіндірілген. Абайдың біршама өлеңдерін қара сөздердегі кейбір ойларды түсініп барып қабылдауға мүмкіндік ашылады. Мысалы «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңің түсіну үшін алдымен отыз сегізінші сөзді оқыған жөн. Абай қара сөздерінде Сократ, Платон, Аристотельдерді хакімдер деп атай отырып, өзінің де хакім екендігін дәлелдеп берген, Абай «хакім» деген ұғымды тек қолданып қоймай оны түсіндірген.

Соңғы қара сөздер жөнінде ақын байқалатын бір өзгешелік, Абай өзінің өлең сөздерінің көптен – көбін заманындағы оқушы мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көрінеді. Онысы – анығында солай еді.

Осы жайды ескеріп, Абай енді қара сөзінде сол өлеңдерінде айтылатын ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады. Сондықтан кейбір қара сөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылған ойлар жеңіл, қарапайым, оңай ұғымдар мен қайтадан айтылады. Бұл жөнінде көпшілік оқушы, тыңдаушысымен әңгімелеседі және сол әңгіменің үстінде адамгершілік мәселелерінен; әділет, ақтық, турашылдық, шындықты, сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбектің бағалағыштық сияқты жайларды айтады. Немесе осылардай, адамдық, жалғаншылық, бәлеқұмарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өсекші - өтірікшілік, еріншектік, әр алуан арамтамақтық сияқты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол жайларды тыңдаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағын алдымен ойлайды. Айтпақ сөздерді мен ойларын мысалдармен келтіреді. Кейде өзі көп алдында отырғандай, тыңдаушысына сұрақтар береді. Өзі онымен жауаптасып, әңгімелескен кісі тәрізденіп отырады. Мысалдарды қазақтың Абай заманындағы күнделік болмысынан алады.

Сол мысалдарды кейде күлкіге санап, мысқыл әжуа-хәлдерді әдейі айқындай түседі. Әңгімесі тыңдаушысына пайдалы өсиет болумен бірге, көңілді айтылып, қызықты боп жетсін деген мақсатты ойлайды.

Өзінің адамгершілік, әлеуметшілік, ағартушылық ойларын айтуда Абай педагогикалық жақсы әдіс қолданады. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жарыққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді.

Жалпы алғанда Абайдың осы барлық қара сөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінше бір бөлек, бір алуаны боп саналады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес.

Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді. Бұл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе – жүз кездесудегі мәслихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізденеді.

2. 2. Қара сөзіндегі – адамгершілік бастауы

Ақын қара сөздерінің тілі сырттай, тұтас алып қарағанда бір стильдік үлгіде болғанмен іштей, жіктей оқығанда, осы үлгінің өзінде азды – көпті айырым жайлар байқалады. Ақынның поэзиясындағы талғампаздық, яғни сөз етіп отырған тақырыбына орай өлеңдік үлгі, форма іздену сияқты талғампаздық қара сөздері тілі тұтасында да көрінеді.

Абай тегінде поэзиясы сияқты қара сөздерінің де оқушысы кім болғанын көптен – көп ескеріп отырған болса керек. Сондықтан да бұлар қазақтық мінез, бұқара халыққа сөз болған орайда лексикасында араб, парсы сөздерінің барынша сирек ұшырасатыны сияқты, сөйлем жүйесінде, барынша қарапайымдылық, ауызекі әңгімелесу стиліне дін оңай, жеңіл оралымдар үстеме болып келсе, діни мораль, дін ережелері сөз болған шақта әрі дін иелерімен, ескіше оқығандармен пікір сарабына түсіп кететін реттерде лексикасында араб, парсы сөздері, діни лексика құран аяттары, түркі кітаптарына тән грамматикалық формалар көп енгізілетін сияқты, сөйлем құрылысында да өзгеше бір ерекшелік кездеседі.

Абайдың қара сөздерін мағынасына қарай: ел мінезі жөнінде, оқу ғылым жөнінде, мақал афоризмдері, тәлім – тәрбие жөнінде, адамгершілік жөнінде деп бөлуге болады.

Мысалы: Адамгершілік жөніндегі қара сөздерге 7, 17, 19, 20, 31, 32, 34, 38, 43, 36.

Солардың бірі отыз алтыншы қара сөзі.

Пайғамбарымыз салалаһу һайлайһи уәсәләнің хадис шарифинде айтыпты:

-«Мен лә хаяһү уә лә иманун ләһу» кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ, деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «Ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді, ұят өзі иманның бір мүшесі екен. Олай болғанда, білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе?

Бір ұят бар – надандықтың ұяты: жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдында жазықсыз – ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмаса нәрседен ұялған ұялу – ақымақтық жамандық.

Шын ұят сондай нәрсе: шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абыройлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреу – ондай қылық өзіңнен шақпай – ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі, сол ұят істі қылған адамды есіркегендіктен болады. «Япырмай, мына байғұсқа не болды. Бірнәрсе іштен рақым секілді болып келіп, өзіңді қысып, қызарып кетеді.

Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абыройлы бойға теріс я адамшылыққа кесел қылық, қатеден, яки нәпсіге еріп, ғапылдықтан өз жаза тарттырады. Кірерге жер таба алмай, кісіге бетіне қарамай, бір түрлі қысымға түсесің. Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін - өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігінің ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді.

Көзінің жасын мұрныңның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, еш нәрсені көрмейді. Мұндай қылыққа жетіп, ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки, оның үстіне, тағы аямай, өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ, десе болар.

Осы күнге менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да. «Ол істен мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар? – дейді. Я болмаса, «жә, жә, оған мен – ақ ұятты болайын, сен өзің де сүйтпеп пе едің?» - дейді. Немесе «пәленше де, түгенше де тірі жүр ғой, пәлен қылған, менікі оның қасында несі сөз, пәлендей, түгендей мәнісі бар емеспе еді?» - деп ұялтамын десең, жап – жай отырып дауын сабап отырады. Осыны ұялған кісі дейміз бе, ұялмаған кісі дейміз бе? Ұялған десек, хажис анау, жақсылардан қалған сөз анау. Осындай адамның иманы бар дейміз бе, жоқ дейміз бе?!

Абайдың осы қара сөзінде «ұят болса – иман сонда» деген мәселеге көңіл бөлсек алдымен «иман» сөзіне тоқталайық. Иман – араб тілінен шыққан сену деген сөз.

Иман дегеніміз – иланған көңілімен ықтияр болушылық делінген ислам дінінде. Иман ол сенім, адам сенімсіз, үмітсіз, армансыз өмір сүре малмайды.

Сенім дегеніміз – адамның өмірде өзі ұстанатын принциптері мен мұраттарына терең негізделген нанымы.

Қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың көкірегіне ұялап, қанына сіңген ислам дінінің имандылық қағидаларын адамдар арасындағы ізгілі, қайырымдылық, адалдық, әділдік қарым – қатынас негізіне алып, жас ұрпақты тәрбиелеуге пайдаланудың сыры тым тереңде жатыр. Осыны ескере отырып иман жүзді адамдарда төмендегідей қасиеттер болу керек деп ойлаймын:

Имандылық бастаулары - әдептілік, кішіпейілділік пен қайырымдылық, жомарттық, ар – намыс, ұят – абырой тағы басқа әдеп, имандық.

Ар – ұят, иманды жан ешкімнің ақысын, жеп ала жібін аттамай, өз еңбегімен дүние жинап күн көріп жатқан, кісіге қиянат жасамайтын жан. Бұл адамның ең тамаша қасиеттерінің бірі. Өз бойына осы бір қасиеттерді дарыта білген адам иманды деп танылатыны сөзсіз.

Иман – деген қазақ даласында ар білімінің басты ұғымына айналған. Халқымыздың жақсы адамды иманжүзді дейтіні де содан. Мұсылмандық түсінікте иманды адам ғибратсыз болмайды.

Абай адамның адамгершілік, имандылық, ар - ұят сезімдеріне айрықша мән береді. Осындай сезімдерді бойға дарыту үшін адам жаман мінезден арылып, өзін - өзі тәрбиелеуі керек деп есептеймін.

Пайғамбарымыз с. ғ. с былай дейді:

-«Әрбір діннің мінезі бар. Исламның мінезі ол – ұят».

Тағыда бір хадисте:

«Ұят пен иман бір – бірімен өте тығыз байланысты. Егер біреуін алып тастаса, екіншісі өзі кетіп қалады. Адам бойында иман мен ұят қатар жүруі керек. Мысалы: құс бір қанатсыз ұша алмайды. Құстың бір қанаты иман, екінші қанаты ұят. Сондықтан осы екеуін бойымызда бірдей ұстауымыз керек.

Мұса ғ. с. үмбеті қаталдық мінезімен, Иса ғ. с. үмбеті кешірімділік сипатымен, ал Мұхаммад с. ғ. с үмбеті ұят мінез құлықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан біз Мұхаммад с. ғ. с үмбеті болғандықтан ұят мінезімен ерекшеленуіміз керек. Егер адам баласы ұятын жоғалтқан болса сол уақыттан бастап, жаманнан өте жаманға түседі. Арсыздан өте арсыз әрекетке қарай құлдырайды. Осылайша ең төмен дәрежеге дейін домалап бара береді.

Ұят жүректегі кіршіксіз сенімнің көрінісі. Адам баласын абыройлы ететін қасиет осы мінез.

Ибн Хажар ал Асқаланидің «Мунаббихатында» мынадай нақыл сөз бар; «Төрт нәрсе жақсы, алайда одан жақсы төрт нәрсе бар». Ер кісінің бойында ұяты болуы жақсы, ал ұят әйелде болуы одан да жақсы. Әр адамның әділ болуы жақсы, ал әділдің басшыларда болуы оданда жақсы. Қарт қарияның тәубе еткені жақсы, ал жастар тәубе етсе оданда жақсы, байлардың жомарт болуы жақсы, жомарттық кедейдің бойынан табылуы одан да жақсы» деген екен.

Тағы да иман Термези еңбегінде:

«Арсыздық не нәрсеге жабылса да, әлбетте оның масқарасын шығарады. Ал ұят не нәрседен табылса да оны көркем ете түседі».

Сондықтан ұятты барлық жерде ұстануымыз керек, тек сонда ғана біз көркем бола түсеміз.

Қазіргі жастар өз қылықтарына ұялмақ түгілі қызармайды да. «Ол істеп мен ұятты болдым ғой, енді несі бар» дейді. Я болмаса «жә, оған мен ақ ұялатын болайын, сен өзің де сүйтпеп пе едің» деп көп сылтаулар табады.

Яғни, «Ұят пен иман екеуі егіз». Егер бірі (кісі бойында) кетсе, екіншісі де кетеді.

Адамзат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категоряларға мыналар жатады.: жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс.

Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті, былайша айтсақ, кісілігі. Оның негізгі белгілерінің бірі – адамдық ар – намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, «Өзің үшін еңбек қылсаң, - дейді Абай, - өзі үшін оттанған хайуанның бірі боласың. Досыңа достық – қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол». Ақылды, мейірімді адам кез келген уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш болып келеді. Арлы адам – ардақты. Біздің ортамызға осы сапаларды бойына сіңіріп қана қоймай, өзінің қоршаған ортаға таратушы болуың керек. Осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздар аз емес. Адамгершілігі мол адам - басқаларға қашан да үлгі - өнеге.

Адамның бойында мынадай жеті түрлі қасиет болса, ол нағыз адамгершілігі бар адам болады деп ойлаймын:

2. 3. Қара сөздердегі тәрбиелік мәселе


Абай қара сөздеріндегі тәрбиелік мәселе өте зор.

Ойшылдың отыз алтыншы қара сөзінде шын ұят – шариғатқа теріс, ақылға теріс, абыройлы бойға теріс бар делінген. Сол сияқты бір ұят бар – надандықтың ұяты, жас бала сөз айтуға ұялған секілді жақсы адамның алдында жазықсыз – ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған ұялу – ақымақтық, жамандық.

Осы надандық ұяты адам бойында бар ма, жоқ па екенін көзім жету үшін мен адамдар арасында жағдаят өткіздім.

Жағдаят.

Сіз лауазымды адамдардан өзіңізге бір жұмысқа байланысты көмек сұрап бардыңыз. Сол кезде қандай жағдайда болар едіңіз? Ұялар ма едіңіз?

Қатысты

Ұят деп жауап берді

Ұят емес деп жауап берді

Абай атамыз ұят туралы ХІХ ғ. айтқан сөзі әлі күнге қоғамда өз маңызын жойған жоқ. Мәселен жоғарыда жағдаятқа қатысқан адамдардың барлығының бойында надандық ұят бар. Абай айтқан шын ұят адам бойында болу керек. Бірақ надандық ұяттан аулақ болуымыз қажет.

Имандылық пен ар – ұят арасында байланыс бар екенін және ар – ұят қазіргі заманда керек пе екенін анықтау үшін мектеп оқушылар арасында сауалнама өткіздім.

Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылар ар - ұят пен имандылықтың арасында байланыс бар екенін білді. Қазіргі заманда ар – ұят қажет деп санайды.

Сауалнамада Абайдың қара сөзіндегі «Сендер біреудің жаман іс істеп жатқанын көрсеңдер ұялар ма едіңдер?» деген сұраққа ерекше көңіл бөлдік. Осы сұраққа қатысқан оқушылардың 98 пайызы «иә» деген жауап берді. Сауалнамадан біз мектеп оқушыларының ар – ұят және имандылық туралы түсініктері бар екеніне көз жеткіздік.

Сауалнаманың нәтижесінде біздің жас ұрпақтарымызға ар – ұят керек жерлерді анықтадым.

Ал, бастауыш сыныптар арасында «Сендер ар – ұятты қалай суреттер едіңдер?» деген сұраққа оқушыларға сурет салғыздым. Қатысқан оқушылардың саны 14. Оқушылар көбінесе ар – ұяты бар адам – үлкенді сыйлау, бұзақы жасамау, қоршаған ортаға қиянат жасамау, өтірік айтпау, жаман әдеттен аулақ болу сияқты суреттер салды.

Осы оқушылардың суреттерін саралап, қорытындылай келе мен ар – ұяты жоқ адамдарды анықтадым.

«Осы күнде менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да» - деп Абай атамыздың отыз алтыншы қара сөзінде жазылған.

Абайдың осы сөзінің мәнін ашуға мен жас буын мен үлкен кісілердің арасында «ұялу» түсінігін салыстыру үшін келесі жағдаятты жүргіздім.

Жағдаят.

Сіз көшеде кетіп бара жатып құшақтасып тұрған жігіт пен қызды көрдіңіз. Сіз осыған қалай қарайсыз?

Жоғарыда көрсетілгендей үлкен адамдардың бойында ұят қалыптастқан, ал жас буын ауылды жерде әрине бұл ұят нәрсе, қалада қазіргі заманға сай деп ойлайды.

Менің ойымша, жас ұрпақтың жағдаяттағы жастардың қылығы қазіргі заманға сай екендігі төмендегідей:

1. Бұқаралық ақпарат (ұялы телефон, интернет, теледидар, газет – журналдар)

2. Өкінішке орай, Еуропа елдеріне еліктеу.

3. Отбасындағы тәрбие «ата – аналар тарапынан баларға немқұрайлы қарауы, материалдық мәселелер)

Адамның бойында төрт қасиет: ақыл, дін, ұят ізгі амал, оларды жоятын ашу, көре алмаушылық, дәмету, ғайбат. Осы қасиеттерді бойымыздан жойып алмау үшін оларды жоятын белгілерден аулақ болуымыз керек.

Қорытынды


Абай Құнанбаевтың жазған қара сөздерінің тәрбиелік мәні өте зор. Біз одан үлкен ғибрат аламыз. Әр сөзі терең ойға, өзіңді, ортаңды тануға, жақсы қасиеттерді бойыңа дарытуға, жаманнан аулақ болуға жетелейді.

Абай сол заманғы қазақтың басты проблемасы философиямен көп айналысты. Абай атамыздың әрбір сөзін қайта оқып, тереңірек барлай бастасақ, олардың қыр – сырлары қайта ашыла түседі.

Шындығында Абай тағылымын дәріптеу, оны терең түсіне білу, меңгеру оңай емес. Абайдың шығармаларында даналық толып жатыр.

Өмірде ар – ұят пен иманды қатар ұстау керек. Сонда адам баласы артына жақсы ұ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!