Материалдар / Ғылыми жұмыс"Су-тіршілік көзі"4сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс"Су-тіршілік көзі"4сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Су- тіршілік көзі" атты жобаны менің оқушым Бақтыбек Бекболат 2 сыныптан бері зерттеп келеді. Біз суды қалай пайдаланамыз деген сұрақ жиі айтылады. Сол сұрақ арқылы мен оқушыма үндеу тастадым,соның арқасында осы ғылыми жұмыс пайда болды.Біздің өзекті мәселелеріміздің бірі су болғандықтан басқа да әріптестеріме бір көмегі тиіп қалар деген оймен жариялап отырмын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
551
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Су - тіршілік көзі» 
Бағыты: Әлеуметтік және экологиялық мәселелер.
Секциясы: Экология
Мазмұны:
І. Кіріспе
1. 1. Су – тіршілік көзі
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Суға сипаттама
2. 2. Судың қасиеттері
2. 3. Минералды және шипалы сулар
2. 4. Суды үнемдеу және қорғау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қосымшалар 
V. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Ата – анам таңертең салқын сумен жуын, ол денсаулыққа пайдалы дейді. Бірақ ол қалай пайдалы? Оны біз ойланбаймыз.
Сұрақтың жауабын табуда маған ой келді.
Неге ерте салқын сумен жуынамыз, неге үлкендер суды төге берме дейді. Осыларды білгім келді. Сондықтан зерттегім келді. Жобаны жазу мақсатым – судың қасиеттерімен, маңызымен, табиғи сулармен, газдалған, шипалы сулармен танысып, лас суларды тазартуды оқу, меңгеру болды.
Адам өмірінде судың орны бөлек. Сусыз өмір жоқ, су – тіршілік көзі. Адам 1 апта су ішпей жүре алады. Су адамның зейінін ашады. Жер бетінің 3тен 2 бөлігін су алып жатыр.
Суға сипаттама берсек:
Судың дәмі, исі, түсі жоқ сұйық. Су – адамның зейінін ашады. Қасиеті – судың аққыштық қасиеті бар, ол көлемін сақтайды, пішінін сақтамайды. Заттың 3 күйінде болады. Мысалы: мұз – қатты, су – сұйық, бу – газ.
22. 03 – су қорларын сақтау күні.
Химиялық формуласы Н2О.
Пайдаланған су шайынды суға айналады. Ол лас су. Қазіргі кезде лас суды тазартатын қондырғылар бар.
Табиғи сулар ащы, тұщы болып 2 - ге бөлінеді.
Ақтаудағы теңіз суын атом қуаты арқылы тазартып қолданады.
Ең таза су жаңбыр суы, дистилденген су. Жерден шығатын суларда бар. Олар минералды сулар, олардың ішуге жарайтыны да жарамайтыны да бар. Мысалы:
Қарақалпақ ауылындағы су ыстық болып,жердің астынан шығады.Ол суды қыста жылытпай-ақ кір жууға т.б қолдануға болады,емдік қасиеті де бар. Мен жазда Сарыағашқа бардым. Сарыағаш суы ем, біз ішіп жүрміз.
Біздің
ауылдың да суы жылы болып жердің астынан шығады.Ауылда «Су қойма» бөлімшесі бар, мен барып көрдім. Тұрбалармен үйлерге таратылған.Су құбырлары жоқ үйлер суды су таситын машиналарға құйғызып ішеді.
Судың адам өміріндегі маңызы зор.
Су тамшылардан құралады.
Облысымыздың ауыз суы лас. Халықты қажетті мөлшерде, сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етіліп тұрады. Судың ластығын білетін жұртшылық алдын алу шараларын жасау керек. Себебі: тазартылмаған судан ішек, асқазан аурулары пайда болады.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Суға жалпы сипаттама
Сусыз тіршілік жоқ, өйткені су бүкіл жер бетінде өтіп жататын барлық құбылыстарда атқаратын рөлі зор. Адамзат тіршілігінде мәні өте зор.
«Сулы жер – нулы жер» дейді халық мақалы.
Су – адамның зейінін ашады.
Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың пайдасы мен қасиеті туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. 
Глобус Жер бетіндегі ең көп тараған зат – су. Глобусқа немесе жарты шарлар картасына қарасақ, онда жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол – су: мұхиттар , теңіздер, өзен - көлдер. 
Судың біразы жер астына шоғырланған. Мұздықтар мен айсбергтер де судың қатты күйі болып табылады. 
Су атмосферада бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде болады. Су біздің айналамызда, ол көп, су сарқылмайтын, бітпейтін зат па деп те ойлап қаласың. 
Бірақ қазіргі уақытта Жер шарында жыл өткен сайын ауыз судың қадірі біліне түсуде деген ақпаратты біздей жас балалар білмейді екен. 
Су - адам тіршілігі үшін маңызды және қажетті зат, оны үнемді қолдана отырып, қамқорлыққа алу әрбір адамның борышы. 
Жұмыстың маңыздылығы мынада деп ойлаймыз: 
Жинақталған материалдармен сыныптастарымды таныстыру арқылы суды үнемдеуге, оны қорғауға өз үлесімізді қосуға жұмылдыру. Сол себепті әр бала өзі суды үйде қанша көлемде жұмсайтынын анықтау мақсатында тәжірибе жасап көруді ұйғардық . Достарыма үйде өздеріне қажет жұмсаған суды есепке алып, алған нәтижелерімен бөлісуді ұсындық. Жолдастарыма бұл қызықты тапсырма ұнады да , олар бізге көмектесуге бірден келісімдерін білдірді. Осы тәжірибе барысында Д деген сыныптасым бір тәулікте - 25 литр су жұмсадым десе, К деген құрбым өзінің 30 литр су жұмсағанын есептепті. Сынып бойынша мынадай орташа көлемде су жұмсағанымызды анықтадық. 
Жұмсалу мақсаты Жұмсалған су мөлшері 
Жуынуға 10 
Тамақ пісіруге 6 
Кір жууға 10 ,
Ыдыс жууға 5л 
Барлығы 31 л 
Осы тәжірибеге сүйене отырып, біз суды үнемдей отырып та жұмсауға болады деген ой түйдік. Біз бірлесе отырып, суды үнемдеу жолдарын іздестіріп, мынадай жолдарын анықтадық: 
• Тісті тазалағанда суды стақанға құйып пайдаланса, 5-10 литр су үнем болады. 
• Душқа түскенде әр адамға 50 литр су жұмсалса, ванна қабылдауға 150 литр су қажет, сонда ваннаға түскенде су 3 есе артық жұмсалады. 
• ыдыс –аяқ жуу кезінде шүмектің астына қойып жуғаннан да, бір ыдысқа суды құйып алып жуған кезде біз судың үнемделетінін білдік. 
• күнделікті шаруашылықта қар, жаңбыр суларын пайдалану арқылы суды үнемдеуге болады. Осы әдісті мен атамнан білдім. Қыста атам түскен қарды бақшадағы үлкен ыдысқа жинап жатқанда , қар көктемде еріп, суға айналады, содан оны біз бау бақша суаруға қолданамыз деп түсіндірді. Ал жазда жаңбыр суы - өсімдіктерге жайқалып өсуіне көп әсер етеді екен. Сондықтан бау бақша ұстайтын аға-апаларға осы әдісті қолдануға ұсынамыз. 
Алдағы уақытта суды үнемдеу жолдарын іздестіруді жалғастырамыз.  
Су біздің байлығымыз, оған қамқорлықпен қарау әр уақытта естен шығармау керек Осы жұмысты жазу барысында судың қаншалықты адам өміріне маңыздылығын білдім. Енді мен де болашақта суды қорғауға өз үлесімді қосу үшін жинаған деректермен ақпарттарды өз достарыммен бөлісіп, оларды тіршілік көзі - суды қорғауға, оны үнемді пайдалана білуге шақырамын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!