Материалдар / Ғылыми стиль, ерекшеліктері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми стиль, ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2018
8363
11 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақ тіліМұғалімУақыты:Кабинет
Сабақтың атауыҒылыми стиль, ерекшеліктері.Кесте, мәтіндер.
Көрнекілігі

Мақсаты1. Білімділік: Ғылыми мәтінді анықтай білу, оның негізгі ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Ресми іс-қағаздары стилінің ерекшеліктерін таныту; оқушыларды күнделікті өмірде іс-қағаздарын сауатты жазып үйренуге, оқып түсіне алуға тәрбиелеу.2. Дамытушылық: Ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.3. Тәрбиелік: Стиль түрлерін меңгерте отырып, сауаттылыққа баулу.
Топқа бөлуПазл арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруБалалар, Махаббат періштесі беріп жіберген «Ризашылық әнін» айтып көрейік.Ризамын бүгінге,Ризамын бүгінге,Ризамын бүгінге,Ризамын қазірге.Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!– Біз бір-бірімізге, бүгінгі күнге, жақын туыстарымызға, мейірімді сөздерге, ойындарға, әндерге, жалпы әлемге рақмет айтамыз.
Сабақтың барысыМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрауҚызығушылықты оятуСтиль – сөйлеп отырған жанның өз лебізін коммуникативтік талапқа сәйкес, қарым-қатынас мақсатына сай құра білуі.Қазақ әдеби стилі – стильдік-жанрлық тармақтары айқын, ауызша және жазбаша түрде қызмет ететін тіл. Мәдени жұртшылықтың бәріне ортақ нормасы бар.  Қазақ әдеби стилінің 5 түрлі стильдік тармақтары қалыптасқан.1) Білім мен ғылым саласы – ғылыми.2) Басқару мен құқықтық, іскерлік саласындаресми іс-қағаздары.3) Әдебиет пен өнерде – көркем әдебиет.4) Бұқаралық ақпарат саласында – публицистикалық.5) Тұрмыстық қарым-қатынаста – сөйлеу тілі стилі. Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріліп, стиль түрлері жазылған (қағаз)-жолақшамен сәйкестіріледі.
Мағынаны тануҒылыми стильдің белгілері

Ғылыми стильге ғылымының әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектер кіреді. Логикалық жүйелі ой қорытындысы – ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми стиль түрлері: таза ғылыми стиль, ғылыми-оқулық стилі, ғылыми көпшілік стиль. Ғылыми стильдің мазмұндық белгілері: нақтылық, объективтілік, қисындылық. Терминдер – ғылым мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Терминдер салалық, салааралық және жалпы ғылыми болып қарастырылады. Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі – терминдер. Ғылыми стиль — жазба стилінің бір түрі. Бұған казақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын — зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына, сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірақ тілдік тәсілдерді пайдалануда, оның өзінің ерекшелігі болады.  Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналылығы, образды сөздер мұнда аз кездеседі. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Мысалы, тіл білімінде лингвистика, лексика, фразеология, семасиология т.б. физикада анод, вакуум, атом, атомдық салмақ, шама т. б. Сонымен бірге белгілі бір ғылымның саласында қолдану аясына байланысты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады.  Ғылым ылғи алга басып, дамып отыратыны белгілі. Ғылымның дамуымен бірге жаңа ұғымдар туып отырады. Оны белгілейтін жаңа сөз — неологизмдер — туады. Ғылымның белгілі бір саласында қолдану нәтижесінде пайда болған неологизмдердің өмірінің ұзақ, қысқа болуы ғылымның сол саласының өмірде алатын орнына, практикалық мәніне байланысты. №1- Ояққа сондай жақсы атың барып жатса, бұяқта досың артып жатсын!...                                                                                            (М.Әуезов)Ауызекі сөйлеу. №2Қоққақ мұрынды қара сұр жүзі жаратпағанын білдіргендей, Ағыбай бұрынғыдан да сұстана түсіп, шамданып қалды.Көркем әдебиет. №3Қызылы шырайлы келген жап-жас әйел. Сөзі мірдің оғындай. Болыстың бұрынғы хатшысы ұры иттей жылмыңдап, Бекбосынға бәйек болып жүр.Көркем әдебиет. №4- Денсаулығың қалай?- Жаман емес.- Не жаңалықтарың бар? Ауылға барып тұрасың ба?- Жақында өздері келген.(ауызекі сөйлеу стилінде жазылған көркем мәтін). №5- Мылжыңдап барасың, антұрған.- Құдай ақы, рас. Біздің қатыннан құрт сұрап әкетті.                                                                          (Ғ.Мұстафин.Ауызекі сөйлеу. №6Мал аласы артында, адам аласы ішінде.                                                    (Мақал)Көркем әдебиет.  Көркем әдеби стилі - өмірді көркем сөз арқылы өрнектейтін өнердің бір түрі. №7Қонақ үйдегілер дағды бойынша көп жеді... Ділдә келісімен ас жасалып, төр де, шымылдық іші де ас жеді.Көркем әдебиет.  
Ой толғаныс Ресми іс-қағаздары стилі.Дәптермен жұмыс. №1 тапсырма.  ХаттамаҰзынкөл орта мектебінің 9 «а» сыныбының сынып жиналысы.                                                                           Төрағасы:                                                                          Хатшысы:                                                                          Қатысқандар: Күн тәртібі 1. «Адамгершілік-асыл қасиет»- баяндама2. 2 тоқсанның қорытындысы- топ белсендісі 1. «Адамгершілік- асыл қасиет» тақырыбы бойынша сынып жетекшісі баяндама жасады.     Ал, адамгершілік дегеніміз не?  Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек,  асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек.      Адамгершіліктің белгісін жоғарыда айтқандай түрлі әрекет арқылы көрумізге болады.1.Жаман – бұзар, жақсы – түзер.2.Адам болатын бала алысқа қарайды.3.Сыйласаң, сыйымды боларсың.4.Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас.5.Әдепсіз өскен адамнан, тәртіпті өскен тал артық.6.Су ішкен құдығыңа түкірме.7.Тәрбиелі кісі қант қосқан жармадай, тәрбиесіз кісі шаң боратқан арбадай.8.Тәрбиесіз наданнан, үйретілген хайуан артық.9. Ыстықтан ет күйеді, ұяттан бет күйеді.10.Жолдың қамысы болмайды, жаманның намысы болмайды.11.Ақыл – дос, ашу – дұшпан, ақылыңа ақыл қос.12.«Сіз» – сыпайылық, «сен» деген анайылық.     Адамгершіліктің бір парасы – біреудің еңбегін бағалау, тазалықты ұстау. Сондықтан өз еңбегіңді, біреудің еңбегін бағалау қажет?    2. Сынып үлгерімі бойынша топ белсендісі қысқаша мәлімет берді. (қысқаша жазбасы). Шешімі: Төрағасы:     ______________Хатшысы:     ______________ №2 тапсырма. Резюме жазу үлгісіне тоқталу. Толық Т.А.Ә: Сейсенов Сейсен Ахметұлы.Туған жылы: 23.05.1983ж.Мекен-жайы: Ақмола облысы, Астрахан ауданы.Пәтер телефоны:Қалайтын қызметі: компьютерде программа түзеуші.Білімі: 2009 жылы Еуразия Ұлттық университетін бітірген, 2012 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген.Мамандығы: программа түзеуші.Біліктілігі: компьютерлік программаларда еркін жұмыс істейді.Еңбек өтілі: 1 жыл. Еуразия Ұлттық университеті.Икемі: Автокөлік жүргізеді, кеңсе іс-қағаздарын қазақ тілдеріне аударадыбасшылық, ұйымдастырушылық дағдылары бар, ән айтады.Білетін тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.Қосымша мәлімет: (кандидат т.б.) №3 тапсырма. Тест сұрақтары. №4 тапсырма. Ғылыми стиль.   (Әр мамандық, әр салада жазылған шығармалар, ғылыми зерттеу еңбегі, баяндама).    Адамның озық ойлы интеллектуалдық әрекетіне қызмет етеді.Кесте. «Өзіңді-өзің тексер» ойыны.  (Оқушылар шапшаң түрде кестені толтырып, жауаптарымен ауысады).
БағалауБағалау парақшаларын толтыру
Үйге тапсырма«Адамгершілік – асыл қасиет» эссе жазу. (публицистикалық стиль, ережелер).


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!