Материалдар / Ғылыми зерттеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми зерттеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба қазақ халқының саны
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2020
395
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК
ЖОСПАРЛАУ МИНИСТРЛІГІ






«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ
БОЛЖАМЫ:
НЕГГІЗГІ ТРЕНДТЕР, СЫН-ҚАТЕРЛЕР, ПРАКТИКАЛЫҚ
ҰСЫНЫСТАР »

тақырыбына

аналитикалық баяндама












Астана, 2014 ж.


Page 2

2

Мазмұны

1. 1. Қазақстан Республикасының қазіргі демографиялық дамуы 3

1.1 Халық саны және жас құрамы өзгеруінің үрдістері мен болашағы 3
1.2 Бала туу, өлім-жітім, халықтың өмір ұзақтығы деңгейінің бағалары 8
1.3 Халықтың көші-қон ағымдарын талдау 18
1.4 Қазақстан Республикасында халықтың қайта жандану үлгісін
айқындау 26

2. Демографиялық болжам 33

2.1 Қазақстан Республикасындағы демографиялық дамудың болжамы 33
2.2 Халықтың экономикалық белсенділігін болжау 47

3. Ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі
демографиялық фактордың ролі (қорытындылар мен ұсынымдар) 52

1-қосымша. Негізгі жас топтары бойынша 2030 жылға дейінгі ҚР халқының
болжамды саны 56
2-қосымша. Негізгі жас топтары бойынша 2030 жылға дейінгі ҚР
еркектерінің болжамды саны 57
3-қосымша. Негізгі жас топтары бойынша 2030 жылға дейінгі ҚР әйелдерінің
болжамды саны 58
4-қосымша. Қалалық елді мекен бойынша 2030 жылға дейінгі ҚР халқының
болжамды саны 59
5-қосымша. Ауылдық елді мекен бойынша 2030 жылға дейінгі ҚР халқының
болжамды саны 60
6-қосымша. Өңірлер бойынша 2030 жылға дейінгі ЭБХ болжамды саны 61
7-қосымша Демографиялық болжамды құру әдістемесі 62





Page 3

3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕМОГРА ФИЯЛЫҚ
БОЛЖАМЫ:
НЕГГІЗГІ ТРЕНДТЕР, СЫН-ҚАТЕРЛЕР, ПРАКТИКАЛЫҚ
ҰСЫНЫСТАР
1. Қазақстан Республикасының қазіргі демографиялық дамуы

1.1 Халық саны және жас құрамы өзгеруінің үрдістері мен болашағы

Қазақстан Республикасы халқының саны 1991 жылдың басында 16,4
млн. адамды құрады, ал 2000 жылдың басында 14,9 млн. адамға дейін кеміді
(1-сурет). 2002 жылдан бастап аталған көрсеткіш тұрақты өсіп, 2012 жылдың
басында 16,9 млн. адамды құрады, ал 2013 жылға қарай 17 млн. адамға жетті.
1990-жылдардағы халық санының елеулі төмендеуі этнос өкілдері бөлігінің
тарихи отанына тұрақты тұруға кетуімен және бала туу деңгейінің
төмендеуімен байланысты. 2003 жылдан бастап мемлекетімізде халық
санының өсуі басталды. Өсудің негізгі көзі табиғи өсім болып табылады.


Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

1-сурет. Қазақстан Республикасы халқы санының динамикасы

2013 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан халқының саны 16909,6 мың адамды
құрады, оның ішінде қалалықтар - 9277,4 мың адам немесе 54,9%,
ауылдықтар саны – 7632,2 мың адам немесе 45,1%. Өткен кезеңмен
салыстырғанда халықтың саны 1,4% өсті, қалалықтар – 1,61%, ауылдықтар
саны –1,1%; 2009 жылғы 01.01 салыстырғанда елдің халқының саны 5,8%-ға
өскен, қалалықтар және ауылдықтардікі сәйкесінше 7,1% және 4,3%
(нақтыланған деректер бойынша). Халықтың санының көпшілігі келесі
өңірлерде шоғырланған: Оңтүстік Қазақстан – 2678,9 мың адам (15,8%),
Алматы – 1946,7 мың адам (11,5%), Шығыс Қазақстан – 1393,6 мың адам
(8,2%), Қарағанды облыстарында – 1362,7 мың адам (8,1%) және Алматы


Page 4

4

қаласында – 1475,4 мың адам немесе 8,7%. Барлығы осы өңірлерде
Қазақстан халқының 50%-нан астамы тұрады. Қалалық халық негізінен
Қарағанды (78,4%), Павлодар (69,2%), Ақтөбе (61,6%), Шығыс Қазақстан
облыстарында орналасқан (58,5%) (1-кесте).

1-кесте. 2009 жылғы 1.01 және 2013 жылғы 1.01 Қазақстан Республикасы халқының
өңірлер бойынша саны
адам

Барлық халық Қала халқы Ауыл халқы
2009 2013 2009 2013 2009 2013
Казақстан
15982370 16909776 8662919 9277529 7319451 7632247
Ақмола
738827 732719 342188 344237 396639 388482
Ақтөбе
756782 795817 460251 490590 296531 305227
Алматы
1804005 1946718 424687 451914 1379318 1494804
Атырау
509123 555217 239034 268192 270089 287025
Батыс Қазақстан
598342 617640 277055 303017 321287 314623
Жамбыл
1020796 1069874 415047 427879 605749 641995
Қарағанды
1341207 1362743 1039005 1068385 302202 294358
Қостанай
886329 879941 439558 450890 446771 429051
Қызылорда
677734 726711 283971 309327 393763 417384
Маңғыстау
482631 567754 262237 287741 220394 280013
Оңтүстік Қазақстан
2462782 2678889 970164 1048405 1492618 1630484
Павлодар
742276 749019 504004 518191 238272 230828
Солтүстік
Қазақстан
597534 579488 237442 239632 360092 339856
Шығыс Қазақстан
1396871 1393619 801145 815502 595726 578117
Астана қ. 605254 778198 605254 778198 0 0
Алматы қ. 1361877 1475429 1361877 1475429 0 0

Халық саны өсімінің ең жоғары төмендеуі (-2,3%) 1995 жылда (2-сурет)
байқалады. 2003 жылдан бастап халық өсімінің оң қарқыны сақталып келеді.
Соңғы жылдары өсім қарқыны 1,4 - 2,9%-ды құрады.


Page 5

5


Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

2-сурет. Халық санының өсу (азаю) қарқыны

2-кесте. Жекелеген жас топтары бойынша Қазақстан Республикасы
халқының саны

жылдар
Халық саны, адам Үлес, %
0-15 жас
16-63 (57)
жас
63 (57) және одан
үлкен
0-15
жас
16-63 (57)
жас
63 (57) және одан
үлкен
2002 4202662 9339931 1316355 28.30 62.89 8.86
2003 4106548 9455220 1347250 27.62 63.60 9.06
2004 4038627 9606004 1368354 27.01 64.25 9.15
2005 3997336 9775472 1374221 26.52 64.85 9.12
2006 3983469 9967766 1356849 26.17 65.49 8.92
2007 3998222 10165045 1320925 25.97 66.02 8.58
2008 4046938 10338303 1288759 25.99 66.39 8.28
2009 4167372 10344218 1581111 25.90 64.28 9.83
2010 4245039 10461037 1615505 26.01 64.09 9.90
2011 4343382 10559499 1653719 26.23 63.78 9.99
2012 4462889 10631298 1697238 26.58 63.31 10.11
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

2-кестеде Қазақстан халқының 2002 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі
жас бөлігіндегі саны көрсетілген. Халықтың негізгі үлесін жұмысқа қабілетті
жастағы азаматтар құрайды, олардың 2002 жылдан 2012 жылға дейінгі
кезеңде жиынтық үлесі халықтың жалпы санында 62 -66%-ды құрады.
Аталған жас санаты 2002 жылы халықтың жалпы санында 62%-ды құрады,
одан кейін 2008 жылы 68%-ды құрап, өзінің үдемелі кезіне жетті, ал 2012
жылы азаматтардың аталған санаты 63%-ды құрады.
0-ден 15 жасқа дейінгі адамдардың жас санаты 2002 жылмен
салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа төмендеп, 2012 жылы халықтың жалпы
санының 26%-ын құрады. Зейнеткерлік жастағы, яғни 63(57) жастан үлкен


Page 6

6

халық 2002 жылмен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа артып, 10%-ды
құрады. Осыған қарамастан, егде жастағы халықтың 2012 жылы күрт өсуін
атап өткен жөн, ол 2011 жылмен салыстырғанда 3 пайыздық тармаққа артты.
0-15 жастағы халықтың үлесінің төмендеуі, 16-62 (57) жастағы
халықтың үлесінің ұлғаюы және 63 (58) жас және одан үлкен жастағы
халықтың үлесінің ұлғаюы байқалады. Аталған үрдістің нәтижесі 2020 жылға
қарай жұмысқа қабілетті жастағы (16-62 (57) жастағы) халықтың азаюы болу
мүмкін, себебі қазіргі жастар жұмысқа қабілетті жасқа жетеді және егде
жастағы халықтың көбеюіне әкеледі, ал қазіргі жұмысқа қабілетті халық
тобы зейнеткерлік жасқа жетеді. Осылайша, бала туудың жоғары деңгейіне
қарамастан, Қазақстанда халықтың қартаю тәуекелі бар. Аталған үрдісті
жынысы бойынша әртүрлі жас топтары бойынша халық санының
өзгерістеріне жасалған талдау растайды (3-кесте).

3-кесте – Жекелеген жас топтары бойынша халықтың жалпы санындағы
еркектер мен әйелдердің үлесі


ЕРЛЕР ӘЙЕЛДЕР
0-15
жастағы
еркектердің
үлесі, %
16-63
жастағы
еркектердің
үлесі, %
63 және одан
үлкен
жастағы
еркектердің
үлесі, %
0-15
жастағы
әйелдердің
үлесі, %
16-57
жастағы
әйелдердің
үлесі, %
57 және одан
үлкен
жастағы
әйелдердің
үлесі, %
2000 31.5 62.3 6.3 28.1 57.0 14.9
2001 30.7 62.7 6.5 27.5 57.9 14.7
2002 30.0 63.3 6.8 26.7 58.9 14.3
2003 29.2 63.9 6.9 26.0 60.0 14.0
2004 28.5 64.6 6.9 25.4 60.9 13.8
2005 28.0 65.1 6.8 24.9 61.4 13.7
2006 27.7 65.7 6.6 24.5 61.7 13.8
2007 27.5 66.2 6.3 24.3 61.8 13.9
2008 27.5 66.5 6.1 24.3 61.6 14.1
2009 27.6 66.6 5.8 24.4 62.1 13.6
2010 27.7 66.5 5.8 24.5 61.8 13.7
2011 27.9 66.2 5.8 24.7 61.5 13.8
2012 28.3 65.8 5.9 25.0 61.0 14.0
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

Төменде 1990 және 2012 жылдарға арналған жыныстық -жас
пирамидасы көрсетілген (3-сурет). Екі жылда да көптеген жас санаттарында
әйелдер үстем. Осыған қарамастан, 2012 жылы пирамиданың теңестірілуі
немесе әр жас санатында әйелдер санының ерлердің санына сәйкес келуі
немесе олардың санына жақындағаны байқалады.
2012 жылы 10-24 жастағы ерлердің де, әйелдердің де күрт азаюы
байқалады, бұл 90-жылдардағы бала туудың төмен деңгейіне байланысты.
2012 жылы 0-4 жастағы халық едәуір көбейді, сондай-ақ аталған жас
санатында ер балалардың көбеюі байқалады.


Page 7

7

Соңғы 15-20 жыл аралығында халықтың жалпы санындағы ерлердің
үлесі 48%-ды, әйелдердің үлесі 52%-ды құрады.


2012 жыл (адамдар жыл басына)

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

3-сурет. Халық санының жас пирамидасы

Халықтың орта жастағы санатының көбеюі байқалады (4-сурет). 2000
жылы халықтың орта жасы 30,7 жасты, ал 2012 жылы 31,5 жасты құрады.
Әйелдердің орта жасы ерлердің орта жасынан 2-3 жылға жоғары.


Page 8

8


Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

4-сурет. Халықтың орта жасы

1.2. Туу, өлім-жітім және халықтың өмір сүру деңгейін бағалаулар

Табиғи өсім
Халықтың табиғи өсімі – бала туу деңгейінің өлім-жітім деңгейінен
артуы, яғни белгіленген уақыт кезеңінде туылғандар мен өлгендер
арасындағы айырым. Халықтың өсу қарқынының жалпы сипаттамасы болып
қызмет етеді, негізінен халықтың табиғи өсімінің бір жылға 1000 адам
шаққандағы коэффицентпен өлшенеді. Халықтың теріс табиғи өсімі
мемлекетте туылғандарға қарағанда өлгендердің көп болғанын білдіреді
(яғни халықтың табиғи кемуі).
Табиғи өсім промилледегі (%) коэффицентпен өлшенеді, ол санның
мыңнан бір үлесіне немесе пайыздың оннан бір үлесіне сәйкес келеді. Яғни
табиғи өсім (кему) коэффиценті – 8,5 % –0,85 %-ға, ал 36,8 %-дағы табиғи
өсім коэффиценті +3,68 %-ға сәйкес келеді.
1991-1998 жылдардағы кезең Қазақстан үшін табиғи өсімнің төмендеу
үрдісімен сипатталады. 1991 жылы 218850 адамды құраған табиғи өсім 1998
жылы 68066 адамға дейін төмендеді. Кейінгі жылдар аралығында өсім үрдісі
осы деңгейде қала берді. 2002 жылдан бастап табиғи өсімнің абсолютті
шамаларының біртіндеп артуы байқалады. 2013 жылы қаңтар-қыркүйек
айында Қазақстанның табиғи өсімі 189884 адамды құрады (5-сурет).


Page 9

9


Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

5-сурет. Халықтың табиғи өсімі, адам

Табиғи өсімнің жеделдеуі немесе табиғи кемудің бәсеңдеуі
туылғандардың артуы және өлгендердің төмендеуі нәтижесінде болады.


Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

6-сурет. Туылған адамдар санының динамикасы және халықтың табиғи өсімі,
адам

Бала туу деңгейі
Бала туу деңгейі – халық өсімінің қарқынын айқындаудың басым
факторы. Табиғи өсімнің жоғары көрсеткіштері 2002 жылдан бастап 2002-
2011 жылдары туылғандардың жоғары санының аясында болды (6-сурет).
Бала туу халықта жаңа мүшелердің пайда болуын сипаттайтын
халықтың ұдайы өндірісінің оң көрсеткіші болып табылады. Бүгінгі күні
өліммен бірге бала туу негізгі демографиялық процес болып табылады. Бала
туу деңгейін өлшеу үшін демографияда көрсеткіштер жүйесі қолданылады.


Page 10

10

олардың ішінде анағұрлым қарапайымы - бала туу коэффиценті, яғни
халықтың орта жылдық санының 1000 адамға шаққандағы күнтізбелік жылда
тірі туылғандардың саны.


Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі
Ескерту: Коэффиценттер жылдық-есептік болып ағымдағы жылдың 1 қазанына немесе
өткен жылғы 1000 туылғандарға келтіріледі.

7-сурет. 1991-2013 жылдардағы туу коэффициенті (1000 адамға)

1991-1999 жылдары туу коэффиценті үштен бірге дейін қысқарды.
Сонымен бірге осы кезең бойына құлдырау ауытқусыз дерлік болды. 2000
жылдан бастап бетбұрысты үрдіс байқалды: туудың жалпы коэффиценттері
арта бастады. 2012 жылы туу коэффиценті 2001 жылмен салыстырғанда
52,3%-ға артып 22,7 құрады.
Туу деңгейі көптеген әлеуметтік-экономикалық факторларға тәуелді,
әрі олар өзара байланыста әрекет етеді, кейде әртүрлі жағдайларда қарама-
қайшы және біркелкісіз әрекет етеді. (1-Сызба).
Туудың тарихи эволюциясы қоғамның әлеуметтік-экономикалық
дамуымен тығыз байланысты. Өндіріс күштері және адамның өзінің дамуын
жетілдіру, оның интеллектуалдық әлеуетін арттыру, әйелдің рөлінің өзгеруі,
оның өнеркәсіптік өндіріске тартылуы, отбасы ролі мен функциясының
өгеруі барысында туудың ең жоғары деңгейінен (50‰ және одан жоғары) ең
төменгі деңгейге дейін (көбінесе кәдімгі ұдайы өсіп-өнуіне тән деңгейден
төмен — 16‰) біртіндеп төмендеуі заңды процесс болды.
Туу деңгейі төмендеуінің ұзақ мерзімді үрдісін өсіп-өнудің заманауи
түріне тарихи ұзақ эволюциялық өтпелі кезеңің меңзеп «туу саласындағы
демографиялық өтпелі үрдіс» деп атайды. Демографтардың көпшілігі
туудың заманауи түріне өту барлық дамушы елдерде қандай да бір формада
міндетті түрде және сөзсіз өтеді деген пікірді қостайды. Алайда,
демографиялық өтпелі кезеңнің себептері бойынша әлі күнге дейін бір мәнді
жауап жоқ. Соынмен бірге, әртүрлі тұжырымдар осы демографиялық
процесті әртүрлі көзқарастан қарастырып, оның детерминанттары


Page 11

11

(биологиялық, мінез-құлықтық, микроэкономикалық, микро және
макродемографиялық) туралы азды-көпті толық түсінікті қамтамасыз етеді
Демографиялық өтпелі кезең тұжырымдамасында әлеуметтік -
экономикалық даму деңгейі мен туудың арасында қайтарымды күшті
тәуелділік бары айтылады. Алайда, туумен экономикалық даму арасындағы
байланыс өте күрделі, желілік емес болып табылады, онда уақыт факторы
маңызды роль атқарады. Бұдан бөлек жеке елдер мен өңірлердің өздерінің
арнайы ерекшеліктері бар.
Туудың, оның кез келген аспектінде ұғынылатын қоғамның дамуы мен
ахуалымен үздіксіз байланыста екендігі күмәнсіз. Сондықтан қоғамдық-саяси
құрылым, экономикалық даму деңгейі мен ерекшеліктері, кластық және
мүліктік бөліну, үстемдік етуші әлеуметтік-мәдени орта және өмір сүрудің
ерекшелігі, этникалық, нәсілдік және халықтың өзіндік биологиялық
сипаттамалары туу динамикасын белгілі бір дәрежеде айқындайды.


Page 12

Бала туудың өзгерістер үрдісін негіздеген кейбір факторлар


















1-сызба. Бала туудың өзгерістер үрдісін негіздеген кейбір факторлар
Экономиканың дамуы, ғылыми-техникалық прогресс,
халықтың әлеуметтік құрылымының өзгеруі
Бала туу өзгерісінің үрдісі
Білім деңгейінің жоғарылауы Денсаулық сақтауды жақсарту
Қалалану
Өмірдің материалдық деңгейінің
өсуі
Діни догмалар мен дәстүрлерден
азат болу
Экономикадағы әйелдердің
жұмыспен қамтылуының өсуі
Жалпы және нәресте өлім-
жітімінің төмендеуі
Балалар отбасының экономикалық
қажеттіліктерін қанағаттандырмайды
Баланың білімі мен тәрбиесіне
жұмсалатын уақыттың өсуі
Балалардың тәрбиесіне арналған
мамандандырылған институттарды құрылуы
Отбасыларда балаларға деген әлеуметтік-
психологиялық қажеттілктің азаюы


Page 13

ТМД елдеріндегі туу деңгейі
2009-2011 жылдары ТМД көптеген елдерінде туудың жалпы
коэффицентінің артуы байқалды. Достастықтың көптеген елдерінде әртүрлі
деңгейде және әртүрлі дәрежеде туудың артуы үрдісі тән.
Дүниежүзілік банктің бағалауына сәйкес, ТМД елдеріндегі туу
коэффицентінің мәні 2009-2011 жылдары Украинада 11-ден Тәжікістанда 33-
ке дейін түрленді. Туудың аса жоғары коэффиценттері Орта Азияда
орналасқан елдерде байқалады. 2009-2011 жылдары Дүниежүзілік банктің
бағалауы бойынша Қазақстанда, Түрікменстанда, Тәжікстанда және
Өзбекістанда туу коэффиценті 27 құрады, Қырғызстанда -33, Тәжікстан мен
Қазақстанда 23-ке жуықты құраған. Туудың аса төмен коэффиценттері
Белоруссия, Ресей мен Украинада байқалады (8-сурет).

Ақпарат көзі: The World Bank

8-сурет. 1991-2011 жылдардағы ТМД елдеріндегі туу коэффициенттері
(1000 адамға).
Өлім-жітім
Өлім-жітім және өмір сүрдің орташа ұзақтығы бағалау өлшемі
ретінде. Өлім-жітім деңгейін өлшеу үшін, туудағыдай көрсеткіштер жүйесі
қолданылады, оның ішіндегі ең қарапайымы – өлімнің жалпы коэффициенті
— күнтізбелік жылда өлгендердің саны халықтың орта жылдық санының
1000 адамына шаққанда есептеледі.


Page 14

14


Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі
Ескерту: Коэффиценттер жылдық-есептік болып ағымдағы жылдың 1 қазанына немесе
өткен жылғы 1000 туылғандарға келтіріледі.

9-сурет. Өлім-жітім коэффициенті (1000 адамға), 1991-2011жж.

1991-1996 жылдары өлім-жітім деңгейі елде едеуір жоғары болды: 1991
жылы 1000 халыққа 8,2 болды, 5 жыл бойы өзінің жоғары деңгейіне
халықтың 1000 10,7 болып 1995-1996 жылдары жетті.
2012 жылы өлім-жітім коэффиценті 2005 жылменен салыстырғанда
18,3% төмендеді. Сонымен бірге 2013 жылы қаңтар-қыркүйек айында өлім-
жітім коэффиценті 8,12 құрап, 2012 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда
0,42-ге төмендеді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары республикада медицинамен
қамтамасыз ету және жалпы медициналық қызмет көрсетудің өзі нашарлады.
Осындай көрініс ТМД елдерінің барлық мемлекеттерінде дерлік байқалды.
Алайда 2012 жылы 2009 жылменен салыстырғанда Қазақстанда нәресте өлімі
26,1% және аналар өлімі 63% жоғары көрсеткіштерге төмендеді (10 сурет).
2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте нәрестелер өлімі коэфиценті 11,34
құрап, 2012 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,5 есеге төмендегенін атап
өту керек.


Page 15

15


Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі
Ескерту: Коэффиценттер жылдық-есептік болып ағымдағы жылдың 1 қазанына немесе
өткен жылғы 1000 туылғандарға шаққанда келтіріледі.

10 - сурет. Нәрестелер өлімі коэффициентінің динамикасы

Балалар (нәрестелер) өлімінің төмендеуіне жоғары мамандаған
медициналық көмектің дамуы үлкен үлес қосты.


Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

11 - сурет. Аналар өлімі коэффициентінің динамикасы

Аналар өлімінің төмендеуіне жоғары мамандаған медициналық
көмектің дамуы үлкен үлес қосты.





Page 16

16

ТМД елдеріндегі өлім-жітім деңгейі

Ақпарат көзі: The World Bank

12-сурет. ТМД елдеріндегі өлім-жітім деңгейі (1000 адамға),
1991-2011 жылдар

Өлім-жітім деңгейі мен өлім-жітім көрсеткіштерінің өзгеру қарқыны
ТМД елдері бойынша едеуір ерекшеленеді. 2005-2011 жылдары Достастық
елдерінде өлім-жітімнің төмендеу үрдісі басым болды.
Өлім-жітімнің жалпы коэффиценті соңғы жылдары орташа
тұрақтылық пен төмендеу үрдісімен ерекшеленеді, дегенмен біршама
елдерде (Украинада, Қазақстанда, Ресейде) едеуір төмендеу атап өтіледі.
Дүниежүзілік банктің бағалауына сәйкес, 2005 жылы оның мәні Өзбекістанда
5.4% Украинада 16,6% дейін, ал 2011 жылы осы елдерде 4,9%-дан 14,5%
дейін түрленді (11-сурет).
ТМД елдері бойынша орта есеппен өлім-жітімнің жалпы коэффиценті
2011 жылы 9,7% -дан 2005 жылы 10,2% қарсы бағаланды.
Туылу кезеңінен күтілетін өмір ұзақтығының едеуір жоғары болуы
бүгінгі күні өлім-жітімнің ерекше өзгешелігі болып табылады.
Халықтың өмір сүру ұзақтығы
Күтілетін (туғандағы) өмір сүру ұзақтығы Денсаулық сақтаудың дүние
жүзілік ұйымының (ДДҰ) бағалау көрсеткіштерінде денсаулық сақтау
жүйесінің негізгі сапа индикаторларының бірі болып табылады. Денсаулық
сақтаудың жалпы шығындар көрсеткішімен тікелей корреляциясы бар.
2012 жылы Қазақстандағы туғанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2008
жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артты. Қазақстан Республикасының
Статистика агенттігі бойынша 2012 жылы Қазақстандағы орташа өмір сүру
ұзақтығы еркектерде 64,8 жасты және әйелдерде 74,3 жасты құрады (13-
сурет).


Page 17

17


Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

13-сурет. Туылған кезде күтілетін өмір сүру ұзақтығы, 1991-2012 жылдар үшін

Қазақстандықтардың денсаулығын жақсартуға, елдің әлеуметтік-
демографиялық дамуын қамтамасыз етуге, медициналық қызмет көрсету
деңгейін жоғарылатуға және негізгі әлеуметтік-маңызды ауруларды емдеуге
бағытталған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге
асыру белгілі үлес қосты.
Қандай-да бір елдің орташа өмір сүру ұзақтығына қарамастан барлық
елдердегі еркектердің орташа өмір сүру ұзақтығы әйелдердікіне қарағанда
төмен. Дегенмен Қазақстанда еркектер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығы
арасында үлкен айырмашылық бар. Бүгінгі күні жыныстар арасындағы өмір
сүру ұзақтығындағы айырмашылық еркектердің пайдасына жатпайтын 9,5
жасты құрайды. Мұндай айырмашылықтарды ғалымдар өмір салтындағы
және жұмыс түріндегі айырмашылықпен байланыстырады (14-сурет).

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

14-сурет. Туылған кезде күтілетін өмір сүру ұзақтығы, 1991-2012 жылдар үшін


Page 18

18

Келесі суреттен көргеніміздей елдің экономикалық даму деңгейі
еркектер мен әйелдер арасындағы өмір сүру ұзақтығының айырмашылығына
әсер етеді. Қарастырылатын елдердің арасында осы көрсеткіштер бойынша
Қазақстан мен Ресей барынша ерекшеленіп тұр (15-сурет).


15-сурет. Әлемдегі елдердегі әйелдер мен еркектердің өмір сүру ұзақтығы
( 2013 жылға бағалау).

1.3. Халықтың көші-қон ағыстарын талдау

Халықтың көші-қон ағыстары еңбек ресурстары санын және елдің
тұрақты халқының санын есептеу кезінде маңызды роль атқарады.

Ішкі көші-қон
Демографиялық процестердің өзгерісі елдегі көші-қон саясатын
анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Қазақстанның
өңірлеріндегі демографиялық ахуал біркелкі емес және бұдан былай
халықтың табиғи өсіп-өнуі мен халықтың көші-қонының қалыптасқан
үрдістерінің әсерімен дамитын болады.
Қалыптасқан демографиялық трендтер ішкі және сыртқы көші-оны
процестерінің бағыттары мен ағыстарына маңызды әсер етеді және жоспарлы
дамуына сәйкес басқарылатын түзетуді қажет етеді.
2000 жылдан бастап Қазақстанда елдің ішіндегі халықтың көші-қон
қозғалысы едеуір артады, халықтың өңіраралық және өңірлік көші-қонының
көлемі өседі.


Page 19

19


Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

16-сурет. Өңіралық және өңірлік көші-қон үлесінің
динамикасы, 2000-2012 жылдар.

Қазақстан Республикасында орта есеппен, 2000-2010 жылы өңіраралық
мигранттар саны 138 747 адамды құрады. 2010 жылдан 2012 жыл бойы бұл
көрсеткіштің мәні 18,8%-ға өсті. Өңірлік көші-қонның жылдық өсімі 3,2%
құрады. Заманауи Қазақстандағы ішкі-көші қонның келесі сипатты белгілері
бар:
1. Көші-қонның негізгі ағысы Астана, Алматы, Шымкент қалаларына
және батыс өңіріне бағытталған;
2. Қолайлы өңірлерге мигранттардың тұрақты ағысы байқалады;
3. Көші-қон ағысында жас тұрғындар негізгі үлесті алады;
4. Білім мен жоғары табыс табу көші-қон ағыстарының маңызды
факторы болып табылады.
Қазақстандағы ішкі көші-қон ауылды жерлер мен экологиялық
жағынан қоласыз өңірлерден экологиялық тұрғыдан белсенді халықтың
экологиялық жағынан қолайлырақ өңірлерге қарқынды көшіп, қабылдайтын
өңірлерде жұмысқа қабілетті халықтың үлесін арттырумен сипатталады.

Сыртқы көші-қон
Соңғы жылдары сыртқы көші-қон ағыстарының қарқындылығы едеуір
төмендеді. Халықтың иммиграция және эмиграция процестерінің тежелуде.
Ауыспалы нарық реформалары кезңінде 1990 жылдан 1999 жыл бойы
елден халықтың 11% кетті. Сыртқы миграцияның теріс балансы Қазақстанда
2003 жылға дейін сақталды. 2004 жылдан ахуал өзгерді және сыртқы көші-
қон айырмасы оң салаға ауысты.


Page 20

20


Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

17-сурет. Сыртқы көші-қон динамикасы (1000 адамға), 1999-2011 жылдар.

Эмиграцияның орташа мәні 2007 жылдан 2011 жыл бойы 1000 адамға
шаққанда 2,3 құрады, иммиграция коэффициентінің бұл көрсеткіші 1000
адамға шаққанда 2,8-ге тең болады, нәтижесінде таза көші-қон коэффициенті
1000 адамға шаққанда 0,5 адамды құрады.
Халықтың таза көші -қон коэффициентінің өсуі Қазақстан
Республикасындағы жалпыэкономикалық тенденциялармен байланысты.
Иммигранттардың негізгі бөлігі – Қазақстан Республикасының
аумағына Өзбекістан, Монғолия, Қытай, Түрікменстаннан келген этникалық
қазақтар.
Сонымен қатар Қазақстаннан тұрақты мекен-жайға кеткендердің
құрамының 43,8% 15-тен 34 жасқа дейінгі жастар құрайтын факті назар
аудартады.

Этникалық көші-қон
Этникалық көші-қон мемлекеттің сипатына маңызды әсер етеді.
Халықтың этникалық құрылымындағы маңызды өзгерістер Қазақстан
Республикасы тәуелсіздік алғаннан соң, мемлекет этникалық қазақтарды
тарихи отанына қайтару саясатын мәлімдегеннен кейін басталды.
1997 жылғы желтоқсанда «Халықтың көші-қоны туралы» заң
қабылдауының нәтижесінде иммиграциялық саясат бірінші кезекте қазақ
этносының мүдделерін қозғады.
1991 жылдан 2013 жылғы 1 маусымға дейін тарихи отанына 924 363
этникалық қазақтар немесе 246 603 отбасы оралды және оралман мәртебесін
алды.
Оралмандардың жалпы санынан көпшілігі – 61,0% Өзбекістаннан
келді, 14,0% Қытайдан, 9,5% - Монғолиядан, 7,0% - Түрікменстан, 4,8% -
Ресейден және 3,7% - басқа елдерден көшіп келді.


Page 21

21

Оралмандардың келген елдері олардың орналасу өңірлерін анықтады.
Оралмандардың басым көпшілігі Алматы – 16,1% (148 980 адам), Оңтүстік
Қазақстан – 21,3% (197168 адам), Маңғыстау 12,6% (116 437 адам) және
Жамбыл облыстарына және 40,6% басқа облыстарға қоныстанды.
Келгендердің жалпы санынан еңбекке жарамды жастағы тұлғалар -
55,2 % , 18 жасқа дейінгі балалар 40,3 % және 4,5% зейнеткерлер құрайды.
Көп жағдайда келген оралмандардың білім мен біліктіліктің жеткілікті
деңгейі жоқ, бұл олардың елдің мәдени және әлеуметтік-экономикалық
өміріне бейімделуіне және интеграциясы дәрежесіне ықпал етеді.
1991 жылдан 2013 жылғы 1 маусымға дейін келген жұмысқа қабілетті
жастағы білім деңгейі бойынша оралмандардың 8,6% жоғары білімі, 20,6% -
арнаулы орта білімі, 70,8% - жалпы орта білім болды немесе тіпті білімі жоқ
болды.
2013 жылғы 1 жартыжылдықта тарихи отанына келіп оралман
мәртебесін 13 780 этникалық қазақ немесе 6 466 отбасы алды.
Оралмандардың келген елдері олардың орналасу өңірлерін анықтады.
Оралмандардың басым көпшлігі Алматы – 33,0% (4 553 адам), Оңтүстік
Қазақстан – 24,3% (3 346 адам), Маңғыстау 14,8% (2 043 адам) және Жамбыл
– 7,4% (1 014 адам) облыстарына және 20,5 басқа облыстарға қоныстанды.
Келгендердің жалпы санынан жұмысқа қабілетті жастағы тұлғалар -
66,2 % , 18 жасқа дейінгі балалар 26,4 % және 6,4 % зейнеткерлер құрайды.
Жұмысқа қабілетті жастағы білім деңгейі бойынша оралмандардың
4,8% жоғары білімі, 16,6% - арнаулы орта білімі, 41,1% - жалпы орта білімі,
37,5% білімі жоқ болды.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасының еңбек ресурстарының
толтырылуы және өсуі біліктілік деңгейі төмен немесе жоқ халықтың
есебінен қамтамасыз етіліп отыр.
Оралмандардың қоныстануы біркелкісіз, өңірлердің әлеуметтік-
экономикалық көрсеткіштерін есепке алмай, шығу елдерімен анықталып
жүргізілді. Оралмандардың басым көпшілігі Алматы 16,1% (148 980 адам),
Оңтүстік Қазақстан – 21,3% (197 168 адам), Маңғыстау – 12,6% (116 437
адам) және Жамбыл областарына – 9,4% (87 302 адам) қоныстанды.
Халықтың басқа этникалық топтары бойынша сыртқы көші-қонды
талдау қалыптасқан трендтердің өзгерістерін анықтады. 1999-2006 жылдары
Қазақстан Республикасынан орыс этносының эмиграциясы 75% төмендеді
(1999 жылы 91 489 адамнан 2006 жылы 22 708 адамға және 2012 жылы
22 046 адамға). Алайда, 2007 жылы орыс этникалық тобының кетуі өсу
жолына оралды. Орыстардың эмиграциясының 2009 жылы қарқындылығы
1000 адамға шаққанда 6,2 құрады, 2011 жылы бұл көрсеткіш 26,9% өсіп,
1000 адамға шаққанда 6,3 құрады. 2012 жылы немістердің арасындағы
эмигранттардың саны сәйкесінше 17,3% и 2,7% төмендеді. Осы этникалық
топтардағы кетудің маңызды қарқындылығы сақталуда.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының аумағында өзбектер мен
ұйғырлар этникалық халықтарының саны өскен. Өзбектердің таза көші-қон


Page 22

22

коэффициенті 2010 жылы 51,3% өсті. 2012 жылы Қазақстан
Республикасының аумағына көшіп келген өзбектердің саны 2011 жылғы
көрсеткіштерге қатысты 3,5% өскен. Ұйғырлардың таза көші-қон
коэффициенті 2011 жылы 29% өсті.

4-кесте. Қазақстан Республикасы халқының этникалық құрылымы
Этникалық топ 2009 жыл
2012 жылғы 01.01.
бойынша
қазақтар 63,1% 64,6%
орыстар 23,7% 22,4%
өзбектер 2,8% 3%
украиндықтар 2,1% 1,9%
ұйғырлар 1,4% 1,4%
татарлар 1,3% 1,2%
немістер 1,1% 1,1%
басқа этностар 4,5% 4,5%

Қазақстан аумағындағы ағымдағы демографиялық және көші-қон
үрдісінде қазақтар, өзбектер, ұйғырлардың этникалық топтары өсуде, бұл
ретте орыстар, украиндықтар, татарлар мен немістердің саны қысқаруда (4-
кесте).

Халықтың, соның ішінде білікті мамандардың эмиграциясы процесі
1990 жылдардағы қарқынды эмиграция адами ресурстарды едеуір
жоғалтуға алып келді: 1992-2011 жж. Республикадан 3,3 млн. адам шығып
кетті, 2,0 млн. адам-қайтпады. 2009 жылдан 2011 жылға дейін кеткен
халықтың ішінде 16-62(57) жастағы еңбекке қабілетті топтар 70,9% құрады.
Сыртқы көші-қон қарқындылығының жалпы баялауына қарамастан,
2009 жылы жоғары және орта арнаулы білімі бар эмигранттар саны жоғары
және орта арнаулы білімі бар иммигранттар санынан 58%, 2010 жылы - 20%,
2011 жылы– 68% артты.
Көші-қон процестерінің нәтижесінде Қазақстан үшін «ғұламалардың
жылыстауы» және жоғары білікті еңбек ресурстарын төменгі біліктілермен
алмасу мәселесі көкейкесті болды.
Оған үш мемлекеттің аумағында (Беларусь Республикасы, Қазақстан
Республикасы және Ресей Федерациясы) Біріңғай Экономикалық Кеңістікке
(бұдан былай БЭК) қатысушы–елдердің азаматтары–жұмыскерлерінің еркін
қозғалысы үшін жасалған жағдайлар да ішінара ықпал етеді.
БЭК шеңберінде еңбекшілер-мигранттардың және олардың


Page 23

23

отбасыларының құқықтық мәртебесі туралы Келісім күшіне енген күннен
бастап, БЭК қатысушы-мемлекеттер арасында еңбек көші-қон ағысының
ұлғаюы байқалады.
БЭК елдерінен Қазақстан аумағына еңбек қызметін жүзеге асыру үшін
2012 жылы 7 249 адам кірсе, Қазақстаннан БЭК елдеріне еңбек қызметін
жүзеге асыру үшін 52 438 адам шығып кетті, бұл БЭК елдерінен келген
еңбек мигранттарының көрсеткішінен 7,2 есеге артып тұр.
Жоғары білікті мамандардың эмиграциясы нәтижесінде Қазақстан
еңбек ресурстарының тапшылығын сезіне бастады. 2013 жылғы 1 қаңтарда
жоғары білікті жұмысшыларда ас үлкен мұқтаждықты өндіріс ұйымдары мен
кәсіпорындары (4,3 мың адам) және құрылыс (2,7 мың адам) сезінді. Жоғары
деңгейлі мамандарға денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласында (1,6
мың адам), өндірісте (0,9 мың адам) және білім саласы (0,9 мың адам)
ұйымдарында аса мұқтаж.
Қазақстанда адами капиталды арттыру мақсатында, сондай-ақ 2050
жылға дейін елдің экономикалық өсуін жеделдету бойынша алға қойылған
мақсаттарға сәйкес кадрлардағы қажеттіліктің күтілетін өсуіне сәйкес,
болашақтағы көші-қон ағыстарын реттеу және олардың сапалық құрылымы
бойынша іс-шаралардың адекваттық кешенін түзу қажет болады.

Шетелдік жұмыс күшін тарту (соның ішінде жақсы жоғары білікті
мамандарды)
Соңғы үш жылда шетелден тартылатын шетелдік жұмыс күші санының
азаю үрдісі байқалады. Мысалы, 2009 жылы -30,9 мың адам, 2010 жылы –
29,2 мың адам, ал 2011 жылы – 27,1 мың адам және 2012 жылы – 21,7 мың
адам тартылды.
2013 жылғы 1 қазандағы ахуал бойынша Қазақстан Республикасының
аумағында жергілікті орындаушы органдардың рұқсаты бойынша елдің
экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,28% құрайтын 25,6 мың
шетелдік азаматтар еңбек қызметін жүзеге асырып жатты.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер Қытай - 6 215 адам (ШЖК
жалпы санынан 24 %), Түркия - 3753 адам (15%) , Үндістан – 1869 адам (7%)
болып табылады.
Ұлыбритания, Италия, Корей Республикасы, АҚШ, Германия,
Нидерланды, Канада, Франция және Жапониядан барлығы 4 347 адам (ШЖК
жалпы санынан 17 %) тартылды.
Шетелдік жұмыс күшінің негізгі үлесі құрылыс -12,2 мың адам (47%),
тау-кен - 3,9 мың адам (16%) және өнеркәсіпті өңдеу салаларына - 1, 6 мың
адам (6,4%) тартылған.
Тартылатын шетелдік жұмыскерлердің негізгі жиынтығы басшылар
мен мамандар болып табылады (ШЖК жалпы санынан 70%).
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкіметі жыл сайын республикаға тартылатын шетелдік мамандарға үлестеме
бекітеді.


Page 24

24

2013 жылы үлестеме республикадағы экономикалық тұрғыдан белсенді
халықтың 1,2 пайызы көлемінде бекітілді, бұл 108,1 мың бірлікті құрайды
(2012 жылы 1,0 % немесе 90,0 мың болды).
Үлестемеден бөлек, кадрлардағы жергілікті құрам бойынша талаптар
шетелдік жұмыс күшінің құрамын реттейтін және шектейтін қосымша
механизмдер болып табылады.
Қолданыстағы құқықтық механизмнің күрделігі және шетелдік жұмыс
күшін тартуға рұқсаттарды рәсімдеу тәртібінің ұзақтығы бөлінген
үлестеменің толықтай пайдаланылмауына алып келеді. Қолданыстағы
заңнаманы аттап өтіп мигранттардың бейресми еңбек қызметі дамып жатыр.

Бейресми еңбек қызметі (көлеңкелі экономиканың өсуі, ресми және
бейресми еңбек миграннттарын әлеуметтік қорғау мәселелері)
Әлемдік тәжірибеде бейресми еңбек көші-қон терминін тіркелмеген
еңбек көші-қонымен теңдестіреді, себебі көпшілік жағдайда еңбек
мигранттары елдің аумағына ресми кіріп, ары қарай өздерінің еңбек
қызметтерін тіркемейді және рәсімдемейді.
Жарияланбаған (жасырын) жұмыспен қамту Қазақстанда осы
онжылдықтың бірінші жартысында 20-30 % құрады. Бейресми еңбек
мигранттары мұнда жеке топ болып табылды.
Қазақстанда жетекші сарапшы топтары сарапшыларының бағалауы
бойынша «маусымдық мигрантт ар» деп аталатын, бірінші кезекте
Өзбекістан, Қырғызстан және Тәжікстаннан бейресми еңбек көші-қонының
өсу үрдісі байқалады,
Бейресми еңбек көші-қоны еңбекақы деңгейі жоғары емес төменгі
білікті жұмыс күшін қажет ететін секторларда – құрылыста, қосалқы
жұмысшылар ретінде базарда, ауылшаруашылық жұмыстарының кейбір
түрлерінде қазақстандықтарды алмастырады. Соңғы жылдары жеке
тұлғаларменен шетелдік жұмыс күшін тартудың өсуі байқалуда. Шетелдік
жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 9,2 мың заңсыз еңбек мигранттары
және олар жұмыс істеген 3,3 мың жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке
тартылды. Нәтижесінде, тіркелмеген еңбек көші-қонына қарсы әрекет үшін
төменгі білікті мигранттар кіру үшін бағдарламаларды құру көкейкесті
болып табылады.
«Еңбек көші-қоны мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
заңды жүзеге асыру еңбек иммигранттарын заңдастыруға, жеке тұлғаларда
еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбек иммигрантына рұқсат беруді
анықтау бөлігі бойынша көші-қон процестерін мемлекеттік реттеуді
жетілдіруге бағытталған.
Бейресми еңбек көші-қонының өсуі және оны реттеудің тиімді
жолдарын іздестіру Қазақстанның көші-қон саясатының аса маңызды
мәселелерінің бірі болып табылады, себебі қандай да бір салаға бақыланбаған


Page 25

25

жұмыс күшінің құйылуы әдетте экономикалық және әлеуметтік мәселелерді
тудырады.

Қазақстан Республикасындағы еңбек көші-қонының экономикалық
салдары
БҰҰ ЭСКАТО деректері бойынша қазақстандық экономика жылына
ЖІӨ 0,57%, немесе $1,1 млрд. еңбек мигранттары есебінен алады.
Елдің сыртына еңбек мигранттарының еңбекпен табылған ақшалай
қаржыларының елдің сыртына алып кетуі қабылдаушы елдерге
иммигранттар ағысының жағымсыз салдары болып табылады. Бұл процестің
қарқындылығының күшеюуін «Еңбекті төлеу» және «Жеке трансферттер»
(үй шаруашылығы резиденттері мен үй шаруашылығы -бейрезиденттері
арасындағы ағымдық трансферттар) бабы бойынша ағымдағы операциялар
шотын талдау арқылы бақылауға болады.
Қазақстан Республикасында 2005 жылдан 2012 жыл бойы еңбек ақыны
төлеу балансы бойынша теріс нетто 2,6 есеге артты және 1 млрд. 928 млн.
АҚШ долларына жетті, ал 2013 жылғы 1 жартыжылдықта 856 млн.АҚШ
долларына жетті.



18-сурет. «Еңбекақы төлемі» шотының балансы бойынша нетто динамикасы
млн. АҚШ доллары.

Халықаралық аударымдар жүйесі арқылы шетелге жіберілген ақшалай
қаржылардың жалпы көлемі 204,1 млрд. тенгені құрады (ЖІӨ 0,7%). Жеке
тұлғаларменен 185,9 млрд. теңге сомасына 1 461,9 мың транзакция
жүргізілді. Халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы жеке тұлғаның
бір ақша аударымының орташа сомасы 109 мың теңгені құрады.
Ақша аударымдары мен төлемдердің негізгі көлемі – аударымның
жалпы көлемінің 47,4% Ресей Федерациясының резиденттерінің пайдасына,


Page 26

26

сәйкесінше Өзбекістанға – 16,3%, Қырғызстанға – 6,2%, Әзірбайжанға –
3,0%, Украинаға – 2,8% және Түркияға – 2,2% жолданды.

5-кесте. Жеке тұлғалармен шет елге жіберілген ақша аударымдары
туралы мәліметтер
Ақшаны алушы
резиденттің елі
Саны (мың.тр.) Сомасы (млн. теңге)
Ресей Федерациясы 738,9 88 184,1
Қытай 26,6 17 128,8
АҚШ 9,9 1 137,3
Түркия 22,2 4 120,7
Германия 7,9 1 022,7
Өзбекістан 287,9 30 332,8
БАЭ 5,0 1 278,3
Латвия 0,9 132,0
Англия 2,3 376,2
Гонконг 0,1 24,3
Украина 45,3 5 191,2
Швейцария 0,6 243,5
Литва 1,5 397,2
Қырғызстан 128,6 11 571,3
Италия 1,0 96,1
Сингапур 0,1 15,4
Беларусь 12,2 1 680,6
Әзірбайжан 29,8 5 538,5
Армения 11,4 2 277,2
Тәжікстан 24,1 2 251,7
Басқа елдер 105,7 12 891,5
Жалпы қорытындысы 1 461,9 185 891,4
Ақпарат көз: ҚР Ұлттық банкі

1.4. Қазақстан Республикасындағы халықтың ұдайы өсу үлгісін анықтау
Қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуындағы болып жатқан
өзгерістер, елдегі көші-қон және демографиялық процесстердің
трансформациясына әсерін тигізуде. Бұл демографиялық және көші-қон
саясатын әрі қарай жетілдіруді талап етеді. Осы саладағы жағдайды
белгілеумен ғана шектелмей, болашақ үрдістердің де ғылыми нақты
болжамы қажет.
Қазақстан Республикасы халқының демографиялық құрылымына
жүргізілген ретроспективті анализ жасау барысында келесі анықталды:
- Қазақстан Республикасы халқының саны 2002 жылдан бастап 2011
жылға дейін аралықта айтарлықтай 1,8 млн. немесе 12,3% өсті;
- Қазақстан туу көрсеткішінің және табиғи өсудің өте жоғары
көрсеткіштерімен ерекшеленеді: Қазақстан туудың және табиғи өсудiң
жоғары көрсеткішімен ерекшеленеді: туудың жалпы коэффициенті ТМД
елдеріне қарағанда орта есеппен алғанда 4,2 пайыздық тармаққа жоғары, ал
табиғи өсім коэффициенті жағымды мөлшерде қалуда;


Page 27

27

- жастық шақтағы (0-15 жас) халықтың үлесі 10 жылдың ішінде орта
есеппен алғанда халықтың жалпы санының 26,5% құрайды, 16-дан бастап 25
жасқа дейінгі халықтың үлесі орта есеппен алғанда 19% құрайды. Халық
санының ең көп бөлігі 26-57 жас аралығындағы халықтың үлесі құрайды,
яғни нағыз жұмысқа қабілетті және экономикалықтұрғыдан белсенді халық,
орта есеппен елдің жалпы халық санының 42% құрайды. Соңғы 10 жылдың
ішінде 57 жастан асқан және одан да жоғары жастағы халық саны 11,6%
құрады;
- соңғы он жылда орта есеппен алғанда халықтың жалпы санындағы
еркектердің үлесі 2002 жылдан бастап 2012 жылға дейін 48,2%, ал әйелдер
51,8% құрады. 0-15 жастағы еркектердің орташа есеппен алғандағы үлесі -
28,2 %, 16-25 жастағы үлесі – 19,9%, 26-63 жастағы үлесі – 45,6% және 63
жас және одан үлкен жастағы үлесі – 6,3% құрады. 0-15 жастағы әйелдердің
орташа есеппен алғандағы үлесі 25% құрады, 16-25 жастағы үлесі – 18,2%,
26-57 жастағы үлесі – 43% және 57 жас және одан үлкен жастағылар – 13,9%
құрады. Осылайша, еркектердің саны жағынан аз болғанына қарамастан,
жұмысқа қабілетті жастағы еркектердің үлесі әйелдерге қарағанда жоғары;
- жыныстық-жастық пирамидаға қарасақ, соңғы он жылда барлық
халықтың орташа жасы 31 жасты құрады, бұл ретте еркектердің орташа жасы
әйелдердің орташа жасына (32 жас) қарағанда 3 жасқа кіші және 29 жасты
құрайды;
- қазіргі уақыттағы жұмысқа қабілетті жастағы халық санының өсуі
болашақта зейнеткерлік жастағы халық санының көбеюіне әкеледі, яғни
халықтың қартаюы тәуекелі бар;
- тез өсетін елдерде (Қытай, Индонезия) өткен он жылдықта
урбанизацияның деңгейі 10-15% өсті. Қазақстанда 2003 жылдан бастап
урбанизацияның деңгейі шамамен 53-55% құрады және 1991 жылғы
көрсеткішіне жеткен жоқ;
- Қазақстанның iшкi көшi-қоны экономикалық тұрғыдан белсенді
халықтың ауылдардан және экологиялық жағдайы нашар аумақтардан
экономикалық жағдайы қолайлы қалаларға қарқынды қоныс аударуымен
сипатталады, бұл инфрақұрылымға нақты жүктемені арттырып,
қабылдаушы өңірлерде әлеуметтiк шиеленістiң өсуiне ықпал етеді;
- соңғы он жылда сыртқы көші -қон ағысының қарқындылығы
төмендеді. Қоныс аудару және халықтың эмиграция процестерi Қазақстан
Республикасы халқының жоғары бiлiктi және еңбекке жарамды бөлiгiнiң
эмиграциялық процестерiнің күшеюі кезінде бәсеңдеді. Қазақстаннан
тұрақты мекен-жайына кететін адамдардың санында 15-тен бастап 34 жасқа
дейінгі жастар орташа есеппен алғанда 43, 8% құрайды;
- көшіп келушілердің негізгі бөлігі – Өзбекстаннан, Монғолиядан,
Қытайдан, Түркменстанннан келген этникалық қазақтар, олар үшін елдің
мәдени және әлеуметтік-экономикалық интеграциясы және бейімделу
мәселесі өзекті;


Page 28

28

- жоғары бiлiктi мамандар үшін қазақстандық еңбек нарығының
тартымдылығын жоғарылату және ресми еңбек көші-қонды ынталандыруды
арттыру мәселесi біршама өзекті болып тұр.
Әлемдік тәжірибеде жастық-жыныстық пирамидалар халықтың
демографиялық құрылымының түрі бойынша үш түрге бөлінеді:
примитивтік (қарапайым), стационарлық (тұрақты) және регрессивті.
Халықтың ұдайы өсуiнiң примитивтік түрi жоғары туумен және өлiм-
жiтiммен сипатталады. Мұндай жастық пирамиданың негізі кең болады, оны
халықтағы балалардың жоғары үлесі құрайды және енсіз түйреуiш сияқты
жоғарысы түбегейi болады, өйткенi ұлғайған шаққа дейiн жететiндердің үлесі
аз. Мұндай пирамиданың бүйiр жақтары ойыс параболалар сияқты болады.
Халықтың ұдайы өсуiнiң стационарлық (тұрақты) түрi туу мен өлiм-
жiтiмнiң деңгейiнің төмендеуiмен және оның салдары ретінде халық
санының өсуi бәсеңдеумен және тiптi оның тоқтатылуымен сипатталады.
Жас бойынша құрылым қоңырау формасында болады.
Регрессивтiк түрі өлiм-жiтiмнiң төмендеуi баяулап немесе
тоқтайтындай ахуалмен сипатталады, бұл уақытта бұл туудың төмендеуi
жалғаса береді. Халықтың депопуляциясы, өлуі басталады. Халық қартаяды,
яғни оның құрамында егде адамдарды үлесі өседі және жастардың үлесі
қысқартады.
Дамушы елдердiң пирамидасы үшін негіздері кең және үстіңгі жағы
тар болуы, ал регрессивтiк түрдегі елдің пирамидасы үшін (балалардың үлесі
аз) енсіз негіз және үстіңгі жағы жеткiлiктi кең (егделердің үлесі жоғары)
болады.

19-сурет. 1989, 1999 және 2009 жылдардағы жыныстық-жастық пирамида
құрылымның сәйкестігі


Page 29

29

Түзетілген пiшiнде Қазақстан халқының жастық-жыныс пирамидасы
демографиялық толқындардың әсерiн бейнелеп көрсетедi. Соңғы жылдары
туылған ұрпақтарға келер болсақ (5 жасқа дейiнгі жастағы халық), олардың
саны 20-24 жастағы халықтың санынан аз болумен ерекшеленедi, 1989 жылы
5 жасқа дейiнгі жастағы балалар санынан 22%-ға аз. Қорыта келгенде,
негіздегі толқын тәрiздiлiк туылғандар санының едеуір өсуіне байланысты
күшейеді.
Қазақстан Республикасының халқы демографиялық құрылымының түрi
бойынша станционарлық (тұрақты) түрдегі елдердiң тобына кiредi:
халықтың жалпы санындағы (0-15 жас) жастардың үлесі 26,5% құрайды,
туудың жиынтық коэффициенті 0,74-ке өсіп, 2012 жылы - 2,62-ні құрады,
халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы - 69,6 жас. Халықтың дамуының
типтік сызбаларына сәйкес, Қазақстанның халқы үшiншi кезеңнен
(салыстырмалы жоғары туу мен төмен өлiм-жiтiм) туудың қарқыны төмен
төртiншi кезеңге (қатысты биiк табынғыштықпен және аласа) өтпелi дәуiрді
өткеруде.
Швед демографы Г.Сунбергтің топтамасына сәйкес, соңғы 10 жылда
Қазақстан Республикасында халықтың ұдайы өсуiнiң заманауи үлгiсiне
ауысуы байқалады, себебі 60 жастан үлкен жас топтағы халықтың өсуі
байқалады (соңғы 10 жылда 60 жастан үлкен жас тобындағы халықтың үлесі
халықтың 12% жақындап, 2012 жылы 10,1% құрады).

Қазақстан халқының ұдайы өсуі үлгісі түрінің идентификациясы
Көрсеткіштер жүйесі
Халықтың ұдайы өсу түрін сипаттайтын көрсеткіштердің шамасы
Дәстүрлі Заманауи
Казақстан
80-ші
жылдары
Казақстан 90-
шы жылдары
Казақстан
2012 жылы
1000 адамға туудың
жалпы коэффициенті
55-30 15-13 24,9 18,07 22,68
Туудың жиынтық
коэффициенті
6-5 бала 2,3 баладан аз 2,9 1,9 2,62
1000 адамға өлім-
жітімнің жалпы
коэффициенті
6-8 10-12 7,9 9,6 8,49
1000 туылғанға
нәрестенің шетінеу
коэффициенті
90-30 20-10 29 26 13,46
Күтілетін өмірдің
ұзақтығы
45-50 жас
70 жастан
жоғары
66,2 64,7 69,6
65 жас және одан
үлкен жастағы
халықтың үлесі
4% кем 7% жоғары 6% 6,20% 6,5%
Оның жалпы
санындағы қала
халқының үлесі
шамамен 10% 50% артық 57,6% 55,90% 54,90%


Page 30

30

Өлім-жітім
себептерінің
құрылымы
Экзогендік
(инфекциялық
аурулар,
туберкулез және
т.б.)
Эндогендік
(жүрек-қан
тамырлары,
онкологиялық
және т.б.)
Эндогендік
(жүрек-қан
тамырлары
және т.б.)
Эндогендік
(жүрек-қан
тамырлары
және т.б.)
Эндогендік
(жүрек-қан
тамырлары
және т.б.)
15 жастан жас балалардың демографиялық жүктеме
коэффициенті
51,2% 44,30% 36,4%
65 жас және одан үлкен егде адамдармен демографиялық
жүктеме коэффициенті
9,0% 10,40% 9,6%
Балалармен және егде адамдармен демографиялық
жүктеме коэффициенті
60,2% 54,70% 46%
Халықтың қартаюы индексі 18 24 29
Демография./Под ред. Д.И.Валентея.-М.: Высшая школа, 1997.С.57

Халықтың ұдайы өсуiнiң қазiргi үлгiсiне ауысу процесі, туудың
жиынтық коэффицентінің 2, 3 және одан төменге дейiн төмендеуімен,
нәрестелiк өлiм-жiтiм коэффицентінің 20-10%-ға дейiн; күтiлетiн өмір сүру
ұзақтығы 70 жас және одан үлкен жасқа дейін өсуімен, 60 жас және одан
үлкен жастағы халықтың үлесінің өсуімен, қалалық халықтың үлесінің 50%-
дан астам өсуімен және өлім-жітімнің эндогендік себептерінің артуымен
(жүрек-қан тамыры, онкология және басқа аурулар) сипатталады.
«Халықтың қартаюы индексі» көрсеткiші мөлшерiне сәйкес, Беларусь,
Украина және Ресей көшбасшы орынға ие болады, сәйкесiнше олар үшiн 96,
84 және 88-шi көрсеткiштері тән. Олардан соң Молдавия, Армения,
Қазақстан және Әзiрбайжан (54, 40, 29, 26) орын алады.
Қазақстан Республикасы үшiн репродуктивтік коэффициенті 2012
жылы (15-тен 49-ға дейiн) репродуктивтік жастағы 1000 әйелге 82,7
құрады. Осы көрсеткiштiң қайта өндiрудiң қазiргi түрi бар дамыған елдерiнде
репродуктивтік жастағы 1000 әйелге 50-60 шегінде болады.
Бұл ретте, Покровский-Пирлдiң өмiршеңдiгiнің көрсеткiші, белгілі
уақыттағы өлгендер санына туылғандар санының қатынасы халықтың
табиғи өсiмi сипатын көрсетедi. Халықтың табиғи өсiмi оң жағдайда
өмiршеңдiктiң индексi бірден артық, терiс жағдайда - бiрден аз болады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!