Материалдар / Ғылыми зерттеу жұмысы: Педагогикалық әдеп пен педагогикалық шеберлік.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми зерттеу жұмысы: Педагогикалық әдеп пен педагогикалық шеберлік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогика пәнін оқитын барша білімгерлерге және оқытушыларға.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
538
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тараз қаласы

«Астана» көпсалалы колледжі





Тақырыбы:

Педагогикалық әдеп және педагогикалық шеберлік



Орындаған: 4БББ тобының білімгері Нұрпеис Дина Бахытқызы

Ғылыми жетекші: Мадиярбек Жансая Мадиярбекқызы



Аннотация

Білімгер өзінің ғылыми жобасында педагогикалық әдеп пен педагогикалық шеберлік жайлы толық қамтыған. Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен шеберлігін толық зерттеп, деректермен дәлелдеген. Мәліметтерді және деректерді өз жасына лайық таба білген. Білімгер  жобаны жазу барысында  кеңінен дайындалғанын байқатты.

Педагогика және психология пәнінің оқытушысы:

Мадиярбек Жансая Мадиярбекқызы




Аннотация

В своем научном проекте обучающийся подробно рассказал о педагогической этике и педагогическом мастерстве. Педагогическая этика и мастерство учителя были полностью изучены и доказаны в проекте. Студент изучил и находил сведения в силу своего возраста и интеллекта.Нужна отметил, что студент при выполнений проекта был широко подготовлен.


Преподаватель педагогики и психологии:

Мадиярбек Жансая Мадиярбековна




Annotation

In his research project, the student is fully aware of pedagogical ethics and pedagogical skills in detail. He studied the teacher's pedagogical ethics and skills and and it was fully learned and proved with the data. He knew how to find information and datе worthy of his age. The student is noted that in the process of writing this project, he was widely prepared.

Teacher of pedagogy and psychology:

Madiyarbek Zhansaya Madiyarbekovnа




Мазмұны

Кіріспе...............................................................................................

І бөлім.

Педагогикалық әдеп және педагогикалық шеберлік туралы жалпы түсінік............................................................................................

ІІ бөлім.

Болашақ мұғалімдерге педагогикалық әдеп пен шеберлікті қалыптастыру жолдарын ұйымдастыру...............................................................................

III бөлім.

Тәжірибелік зерттеу жұмыстарының қорытындысы.............................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................................................


Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі заман оқу әдістерін меңгеру шеберліктің бір қыры. Екінші бір қыры – шәкіртпен қарым – қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.


Жұмыстың мақсаты: Педагогтың практикалық іс-әрекетіндегі әдеп пен  шеберлік  мәселелері.

Жұмыстың міндеттері: Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылады:

Мұғалімнің қызметтері мен міндеттері туралы жалпы түсінік;

Қазіргі қоғамдағы педагогтың алатын орыны;

Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен этикасы;

Педогикалық әдептің негіздері;

Педагогикалық шеберліктің мазмұны мен компонеттері;

Педагогикалық шеберлікті қалыптастыра отырып жетілдіру.


Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бірнеше мәселеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеудің негізі: оқытудың заманауи әдістері, білім беру үрдісіндегі әрекеттік және құзыреттілік тәсілдерін меңгереді.

Зерттеудің болжамы: Педагогикалық әдеп және педагогикалық шеберлікті қалыптастыруда жаңа әдістер қолданып, педагогикалық әдеп пен шеберлікті тиімді жүзеге асырса, онда мұғалімнің педагогикалық әдебі, өзіндік ойлауы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға деген үлкен мүмкіндік болар еді.


Зерттеу пәні: Педагогика

Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинактау,талдау,зерттеу әдістерін пайдалану.

Зерттеудің объектісі: Педагогикалық әдеп пен педагогикалық шеберлікті қалыптастыра отырып, мұғалімнің болашақ маманға үлгі болуы.

Жобаның ұсыну формасы: Зерттеушілік

Кіріспе

Қазақстан - 2050” стратегиялық бағдарламасында Елбасының “Біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет-деп айтып өткендей, педагог – ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық және психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі.[1]

Шебер,нағыз мамандық иесі деп оқушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан педагогтық шеберліктің қыр-сырын меңгерген ұстазды айтады. Бұл қасиет педагогтың жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді:

1) Білім дәрежесінің жоғарылығынан;

2) Жаңа технология мен әдіс-тәсілдерді жетік меңгеруі;

3) мақсат-бағыттылығы;

4) ғылыми тілмен сөйлеу мәдениеттілігі және өзгені сыйлай отырып,өзінде сыйлата білуі.

Қай заманның тарихын алып қарасақ та, бұрмаланған тұстарына әділ баға беретін, оның кемшілік тұстарын толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ болып табылады. Сондықтан да елімізде болып жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдай отырып, бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп жатқан мұғалімдеріне қойылатын талаптар ауқымы өте үлкен:

-Жеке көзқарастары бар және оны толық қорғай білетін,жан-жақты дамыған тұлға болуы керек.

-Психологиялық-педагогикалық білімдерін жетілдіріп үйрену мен қатар оны өз саласында шебер қолдана білуі тиіс.

-Педагогикалық шеберлік, ұйымдастырушылық, бейімділік, сараптамашылық қабілеттерімен қатар, болып жатқан педагогикалық жағдайларды, құбылыстарды талдай білуі шарт.

Ұстаздың міндеті – осы үрдісті шебер басқара білу, тек ойлау іс-әрекетінің нәтижелерін ғана емес, оның қалыптасу барысында бақылап отыру. Мұғалім – өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде.[2]

Педагогикалық шеберлікті игеру əрбір педагогқа тəжірибені, теориялық білім мен практикалық біліктілікті кіріктіру негізінде тек мақсатты жеке – психологиялық өз



бетінше білім алу жəне өзін-өзі дамыту барысында ғана қол жетімді. Дəл саналы кəсіби қызмет тҧлғаның жалпы мəдениетті, іскерлік қасиеттері мен педагогтың кəсіби құзыреттілігін болжайтын педагогикалық шеберліктің негізі болып табылады. Педагогикалық шеберлік қызмет барысында көрінеді, бірақ онымен шектелмейді. Ол арнайы біліктіліктерді дамытудың жоғары деңгейімен сипатталады, бірақ бҧл да басты емес. Бастысы – педагогтың позициясында, өз оқушыларының қызметін асқан шеберлікпен басқару қабілетінде.



І бөлім. Педагогикалық әдеп және педагогикалық шеберлік туралы жалпы түсінік


Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы 2007 жылы 27 шілде №319

51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

7) Ұстаз педагогтік әдеп нормаларын сақтауға міндетті

Этика - әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым.

Педагогикалық әдеп-этика ғылымының бөлігі болып табылады және педагогикалық адамгершіліктің ерекшеліктерін зерттейді, педагогикалық еңбектегі адамгершіліктің ортақ қағидаларының жүзеге асырылуын қадағалайды, оның негізгі қызметтерін және этикалық категорияларды қарастырады.

Педагогикалық әдеп:

  • тілдесу, қарым-қатынас жасау кезінде

  • сөйлесу икемділігінде

  • оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыра алу икемділігінде

  • өзін-өзі ұстай алу және талап ету икемділігінде

  • ескертужасаған кезде

  • баланың мінез-құлқына баға берген кезде

  • мадақтау және жазалай білу икемділігінде

  • дауыс ырғағында

 Педагогикалық әдептің ерекшеліктері:

1)    ұстаздың кәсіби мінез-құлығындағы, іс-әрекетіндегі өлшем

2)    ықпал етудегі және өзара әрекеттесудегі әдістерді, түрлерді, тәсілдерді таңдау өлшемі

Әдептілік - педагогтың мінез-құлығындағы ерекшелікке айналу керек.

Бəсекеге қабілетті жəне еңбек нарығында талап етілген маманды дайындау ҥлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Отандық педагогиканың классиктері педагогикалық шеберлікті қалыптастыру проблемасын болашақ оқытушыларды оқытудағы ең маңыздылардың бірі деп санаған.

Педагогикалық шеберлік дегеніміз-педагогтың пәнді жетік білуі, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде білуі, педагогтың өмірге деген көзқарасы және педагогикалық әдеп.

  Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері:

-Кәсіптік білім

-Біліктілік

-Дағды


-Кәсіптік қабілет

-Педагогикалық әдеп

-Педагогикалық техника.

Шебер дегеніміз – бұл «өз ісіне ерекше білгір немесе шебер» адам . Ал шебер педагог – бұл жоғарғы мəдениет маманы, өз ісінің шебері, ол оқытатын пəнін, оқыту жəне тəрбиелеу əдісін жетік біледі, психологиялық білімі, сонымен бірге ғылым мен өнердің түрлі салаларында білімі бар адам. Педагогикалық шеберліктің мəні педагогтың өзінің тұлға ретінде осы жұмысты іске асыра отырып, оның табысты болуын қамтамасыз ететін қасиеттерінде.

Педагог – ең алдымен қоғамның рухани байлығын, оның құрамында моральдық сана және этикалық принциптер мен ережелері өзінің бойына сіңіріп, белгілі бір дәрежеде меңгерген адам. Осының салдарынан оқытушының жас өспірімдерге ететін әсері, сайып келгенде, қоғамның, ал дәлірек айтқанда, жеке алынған педагогикалық ұжымның әсері. Бұдан оқытушылық қызметтің қоғамдық мәні айқын көрінеді.

Әрқашан да қоғамдық тұрмыстың күрделілігін, оның қарама-қарсылықтар күресі, қайшылықтардың тартысы арқылы дамитынын көрсету –моральдық тәрбиенің негізгі принципі. Қоғамдық тұрмыстағы қайшылықтарды бүркемелеп, өмірді тек жағымды жағынан ғана көрсетудің пайдасы шамалы. Бала өзінің азды-көпті тәжірибесінде өмірдегі кемшіліктерді, кейбір адамдардың әділетсіздігін, мейірімсіздігін байқап қалады. Оның моральдық тәжірибесіндегі осы сияқты білімдер оқытушының айтқандарымен қайшы келсе, ол өмірге нигилистік тұрғыдан қарауы мүмкін. Сөйтіп, балалар санасында сенбеушілік сияқты ұнамсыз қасиет ұялайды. Осыған байланысты мұғалімнің міндеті өмірде кездесетін қайшылықтарды, олардың арасындағы күресті көрсете білу және осыдан шығатын білімдерді жас буынның рухани байлығына, іс-әрекеттерінің мызғымас берік тірегіне айналдыру. Сонымен қатар балаларды қиыншылықтарды жеңіп шығуға үйрету, олардың ерік күшін қалыптастыру – мұғалімнің ұстаздық парызы. Егер мұғалім өмірдегі қиыншылықтардың мәнін шәкірттеріне дұрыс түсіндіріп, сол қиындықтарды жеңіп шығудың жолын көрсете білсе, бұл жас ұрпақты өзіне-өзі сенімділік рухында тәрбиелей білгені.[3]



ІІ бөлім. Болашақ мұғалімдерге педагогикалық әдеп пен шеберлікті қалыптастыру жолдарын ұйымдастыру


Болашақ мектеп мұғалімі қандай болуы тиіс екенін түсіну үшін, бүгінгі күні орта білім беретін оқу орындарында жас ұрпақты оқытып және тәрбиелеп жүрген педагог бейнесін қайта қарауымыз керек.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі мұғалімдердің атына ата-аналар тарапынан әр түрлі өкпе, реніштер айтылып жатады. Көбіне педагогтардың біліктілігі төмендігі, шәкірттермен арадағы қарым-қатынасы, оқыту әдістерінің көнерген немесе дәстүрлі түрлерінің қолданылуы тілге тиек болады. Осындай кемшіліктер қандай себептерге байланысты орын алып отыр деген заңды сауал туындайды.




Кезінде педагог-ғалымдар М.Скаткин, Э.Костяшкин, В.Сластениннің бастамасымен жалпыодақтық “Мұғалім” бағдарламасы да (1986-1996 жж.) жасалған болатын.Онда үш негізгі аспектіге назар аударылған – мазмұндық, даралық және процессуалдық. Кәсіби даярлаудың бұл үрдісінде маман өз міндеттеріне сәйкес тапсырмаларды шеше білуі тиіс. Сондай-ақ, алған білімдерін кәсіби қызметінде қолданып, дара тұлғалық қасиеттерін танытуы, білім мен біліктерінің түпкі нәтижесін көруі тиіс. Кәсіби даярлықтың осы үш аспектісін өзара байланыстыра бірлікке жеткен мұғалімнің білік-дағдысы өте жоғары болады. Бірақ, өмір көрсетіп отырғандай, әзірге ондай мұғалім жоққа тән. Осыған

байланысты, ғалымдар мұғалімдер даярлау мәселесіне айрықша назар аударып отыр. Бұған дәлел – ондаған ғылыми жұмыстардың (диссертациялар мен

монографиялар) кәсіптік-педагогикалық іс-әрекеттердің модельдерін жасауға арналуы. Қолдағы деректерге сүйенсек, мұғалімге 200-ден астам жұмыс түрлерін орындауға тура келеді екен. Олар мектеп өміріндегі сан алуан шараларға қатыса отырып, әртүрлі адамдармен қарым-қатынасқа түседі және сонымен бірге көптеген педагогикалық құбылыстар мен жағдаяттарға тап болады екен.[4]

Болашақ мұғалім:

- ол өзінің пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық процестегі әр қатысушының орнын көре біліп, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда артта қалушылықты реттеу.
- оқушылардың негізгі құзырлылығын қалыптастыруға дайындығы: құндылық-бағдар, жалпы мәдениет,оқу-танымдық, ақпараттық, әлеуметтік-тұлғалық,.
- білімге ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыру
XXI ғасыр – бәсеке ғасыры, олай болса, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді қастерлейтін, ертеңгі Қазақстанның тізгінін ұстайтын, өмірдің әр түрлі мәселелерінен хабардар, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтарды осы бастан тәрбиелеуіміз керек. Қазіргі өмір талабына сай педагогикалық жоғары оқу орындары білімді ғана емес, әрі тәрбиеші, әрі қоғамшыл, әрі зерттеуші, әрі ұйымдастырушы мұғалім даярлау керек екені бәрімізге белгілі. Әр қырлы оқытушы – тәрбиеші мұғалім даярлау күрделі үрдіс. Ал оған бағыт беруші, жол сілтеуші – білікті, шебер, парасатты ұстаздар.
Мұғалім – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Яғни, балаларды тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Сондықтан жаңашыл мұғалім даярлауға қойылатын талаптар студенттерді – ертеңгі мұғалімдерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Қорыта келгенде, болашақ мұғалімдерді кәсіби әрекетке даярлау аса көкейкесті, кезек күттірмейтін өткір мәселе екендігін айғақтайды. Педагогикалдық әдеп келісімпаздық, оқушыларға деген талап қаталдығын

босаңсыту, олармен қақтығысудан икемдену емес. Талап қоя білмейтін мұғалімніңде, оқушыларға айқайлайтындар және өкпелететіндер сияқты, әдептілігі шамалы болады.

Біздер педагогикалық әдепке әрбір нақты жағдайда оқушыларға әсер етудің тиімді

құралы ретінде педагогикалық тактика деп анықтама бердік. Сөйтіп, егер мен


оқушылардың сеніміне ие болғым, олардың қарсылығын бәсеңсіткім, олардың көңілі мен ой-күйін игергім, өз жағыма тартқым, өз еркіме көндіргім және с.с.әрекет еткім келсе, біріншіден, жеткілікті мөлшерде әр түрлі тактикалық құралдар (тікелей қолданылатынынан жанама қолданылатынына дейін) қорым; екіншіден, оқушылардың қарсылық көрсетулерінің себептерін білуім; үшіншіден, олардың көңіл-күйін бағалай білуім; төртіншіден, менің әрекетіме қарсы әрекетті болжай алуымыз керек. Осыған байланысты мен өзімнің жалпы тактикамды ойластырамын немесе жеке тактикалық жолды таңдап аламын: нақты бір теріс

қылықты белгілі мөлшерде айыптаймын, оған бей-жай қараумен шектелемін, байқамаған боламын, жағымды баға беремін,т.с.с.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!