Материалдар / "Ғылымның дамуы мәселе ретінде" атты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Ғылымның дамуы мәселе ретінде" атты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада ғылымның дамуы кезіндегі көзқарастар мен пайымдар туралы жазылған. Ғылымның дамуы жөнінде ізденіп жүрген тұлғаларға арнлаған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2021
353
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ


Ғылымның тарихи уақыты туралы мəселе бірнеше шешімнің иесі болады. Олардың барлығы үстемді жəне күшсіз болуы мүмкін, себебі, əр ұсынылған болжауда тарихи уақыттың əсерімен ғылым өзгеше сипатталады.

1-і болжау. Кейбір ғалымдар антика ғылым феноменіне назар аударады, яғни, сол кезде теориялық ғылымның негіздері қалыптасты деген пікір (мысалы, Евклид геометриясы). Алғашқы натурфилософтар (Стагириттің анықтамасы бойынша «фисиологтар») көбінесе философтар емес, ғалымдар болған. Бəрімізге мəлім, антика əлемі математиканы қолданып, теориялық деңгейіне дейін əкелді. Антикада ақиқатты тануға, жандандыруға, яғни, логика мен диалектикаға назар аударған. Ойды жалпы рационалдандыру арқылы өзгерістер басталған.

Ойды метафорадан жеңілдетті, сезім бейнелерден анықтамалармен жұмыс жасайтын интеллектке бет бұрды, философияның дəстүрлі мəселелерін жаңа түрде көрсетті. Бүкіл антропоморфтық күштерді ысырып, аңыз поэтикасының орнын логос, табиғат заттары туралы «ақыл сөз» алады. Алғашқы «фисиологтар» немесе натурфилософтар өздерінің алғашқы бастамалары (су, от, жер, ауа) туралы ілімдерімен таныс болды. Сөйтіп, ақырын философиялық жүйелер рационалды түрге келтірілген білімге айналды. Аңыздың тұлғалық-бейнелік түрі философияның тұлғасыз-анықтама түріне ауысады. Кейіптеу абстракциямен ауыстырылады. Көптүрлі адамға тəн құдайлардың орнына бəріне ортақ табиғи - мəңгі жəне көптүрлі табиғат ұсынылды. Мифологияда нақтылықты елестетсе, натурфилософияда оны түсінуге тырысады.

2-і болжауда, антика ғылымынан ежелгі түрі - Мысыр өркениеті туралы айтылады. Б.д.д. ІV мың жылдықта Ежелгі Мысыр өркениеті математика, медицина, география, химия, астрономия салаларында терең біліммен меңгерген.

Ежелгі Мысырдан шыққан құпия, мистикалық ілімдері түбінде Үнді, Парсы, Халдей, Қытай мен Жапон; Ежелгі Грекия мен Римнің біліміне əсері айқын. Айтылған барлық салалар бойынша Мысыр ең ежелгі түрдің иесі. Ежелгі Мысырда 4 мың жылдық нағыз белсенді даму кезеңі болған. Ежелгі Мысырдың шаруашылығының негізі - ирригациялық егіншілік болған. Мемлекеттің табиғи-ауа-райы шарттары, Ніл өзенінің ағылуы түбінде мысырлықтардың көзқарастарының ырғақтылық, циклдік түрін қалыптастырды. Нил ағылымдары топырақпен қосылып қан түсін шығарып, жерді жаратып, өмірді анықтаған. Осы мемлекет өмірінің тұрақтылығын негіздеген. Геродот Мысырды «Нилдің сыйы» деп атаған. Ол Мысыр - Кем мемлекетінің грекше атауы (құпия, жұмбақ). Басқа мəлімет бойынша, Кемет - Қара - Нил жерінің түсі бойынша аталған. Егіншіліктің дамуы жер өлшеу геометрия дамуына əкелді. Кейбір болжаулар бойынша, Мысырдың ғылыми басқа ежелгі өркениеттен алынған білім (Атлантида). Бірақ олар аңыз түрінде ұсынылған.

3-і болжау соңғы ортағасыр мəдениетінде ғылымның пайда болуы туралы. Кейбір мəліметтерде ғылымның шығуын Батыс Еуропада (ХІІ-ХІV ғғ.) соңғы орта ғасыр мəдениетінің өркендеуінде деп санаған. Ағылшын епископ Роберт Гроссетест (1175-1253 жж.) пен ағылшын францискан монах Роджер Бэконның (1214-1292 жж.) қызметінде тəжірибелік білімнің ролі басқаша қарастырылған.

Гроссетесттің «Сəуле туралы» трактатында Құдай туралы ештеңе жоқ, бірақ Аристотельдің «Аспан туралы» шығармасынан үзінділер келтірілген. Ол оның категориялық аппаратын қолданады; Гроссетесті орта ғасыр ғылымның пионері дейді. Оның қаламымен «О тепле Солнца», «О радуге», «О линиях угла и фигурах», «О цвете», «О сфере», «О движении небесных тел», «О кометах» деген шығармалар жазылған. Олардың математикалық дəлелдемесі сан рəмізімен байланысты: «Форма ең қарапайым түрі ретінде, ешқандай мəнге келмейтін онымен бірлікке теңестіріледі; форма арқылы өзгеретін, екі ұштас дүниесін көрсеткен соң екіге тең; форма мен материяның қосындысы сəуле - үш; төрт элементтен тұратын əр аумақ - төрт. Барлық санды қосқанда - 10 болады. Сөйтіп, он - бүкіл əмбебап аумақтарының қосындысы». Гроссетест фактілерді бақылау əдісін резолюция деп атайды; дедукцияға назар аударады; 41 ал екі нəтиженің қосындысын композиция деп атайды.

Қорыта айтқанда, орта ғасырда ақиқаттың өзгеше жəне шешуші өлшемдері қалыптасқан, əсіресе, авторитетке сілтеме жасау, ал орта ғасыр мəдениетіннің шеңберінде ол - Құдай.

4-і болжауды ең дəстүрлі деп санайды. Бұл болжау бойынша Жаңа заман ғылымының бастамасы - жалпы еуропалық тұрғыда (ХVІ-ХVІІ ғғ. басы), Коперниктің көзқарасы, Галилей мен Ньютонға негізделген классикалық механиканың заңдары, дүниенің ғылыми бейнесі.

Польша астрономы Николай Коперник (1473-1543) Краков университетінде оқыған (1491-1496). Содан кейін Италияға астрономия, медицина, философия мен құқық салаларында білім алуға барған; сол жерде грек тілімен бірге ежелгі авторлардың космогониялық идеяларын меңгерген. Өзінің «Əлемнің жаңа механизмі» (1505-1507) атты шығармасында математикалық түрде Аристотель-Птолемейдің теориясының жалғандығын дəлелдейді. Оның өмірінің ең жоғарғы нəтижесі мен мақсаты - «Аспан деңелерінің қозғалысы туралы» шығарма, өлгеннен кейін шықты. Сол шығармасында Коперник гелиоцентрлік жүйе туралы теориясын ұсынды; осыдан бастап телеологиялық-организмиялық дүниеге көзқарасқа қайшы детерменистік-механистикалық дүниеге көзқарас бастамасын алды. Жер басқа планеталар сияқты «қарапайым» екен.

Қорыта айтқанда, осы позиция бойынша, ғылым жас, оның жасы 400 астам жыл. А. Уайтхедтің «Ғылым жəне қазіргі заман» шығармасы бойынша, ХVІ ғ. батыс христиандықтың құлдырауына жəне қазіргі ғылымның шығуына куə болды. Ғылымның дамуы адам санасына жаңа түстер енгізді, ойлау əдістердің жаңа түрлерін жаратты. Ол біздің санамыздың метафизикалық негіздері мен образдық мазмұнын өзгертті. Грек ойшылдары математикаға қызыққан. Олар негізгі ережелерді, дедуктивтік əдіске сүйеніп теоремаларды шығарды. Олардың ойлары жалпылауға тырысқан. Олар анық жəне батылды идеяларға, одан шығатын қатал тұжырымдарға сұраныс берген. Бұл жетілгендіктің белгісі, бұл гениалдылық, идеалды түрде жасаған дайындық жұмыс. Бірақ, осыны əлі таза түрде ғылым деп санауға болмайды».

5-і болжауда ғылымның тарихи жасын анықтау мəселені талдауда классификацияны қолданып екі сатыға бөледі: ғылымға дейін жəне ғылымның өзі деген. Қалыптасқан ғылым көбісінде практикалық тəжірибеге, бақылауға, қарапайым білімге т.б. арқа сүйейді. Нақты заттармен шұғылдану танымның идеалды бағдарламасына, идеалды объектілермен іс-əрекет жасауға негіз болды. Ғылымның өз кезеңінде ғылымдар заттардың бейнесі деп санамайды. Олар өзгеше рəміздік объекттер ретінде. Теориялық мүмкіндіктер эмпириялық практикадан жоғары, ал теориялық постулаттың салдары ретінде эмпириялық фактілер болса - осыны таза ғылымның белгісі дейді. Білім практикалық нəтижелердің қосындысы емес, жалпы мен қажеттіліктен басталатын ісəрекеттің рецепті болған. Білім жəне білім емес арасындағы демаркация ғылыми-теориялық зерттеу əдісін құрастырудың сызығы бойынша өтеді. Ғылым - математика мен экспериментті біріктіретін ғылыми əдістің пайда болуы. Ғылым емес - эмпириялық жағдайларды сипаттау, практикалық нұсқау. Ғылыми зерттеудің эвристикалық жəне болжау компоненттері ғылымның туылуының белгісі.




Аймишева Алия Асылбековна,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1-курс магистранты

Жанатаев Данат Жанатайұлы,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!