Материалдар / ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ АЛДЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ- «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ АЛДЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ- «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
макала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2023
265
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘӨЖ 325.11(574)



Халқымыздың алдындағы ұлттық идея- «Мәңгілік ел» идеясы


Жетекші: Аға оқытушы, тарих магистрі Альдибаева А.Б.

Студент: Қайдар Ернұр

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті


Өткен күн өз еншісінде қалды, ілгері жүрген көш соңында қалу сол өткен күннің еншісінде. Жаңа ғасырдың табалдырығын аттау ілгерідегі көшке жету, болашаққа сеніммен қарау, өткен істің сабағын болашаққа пайдалана білу деген сөз. Ел мен ел, білім мен білім адам мен адам, сана мен сана бәсекеге қабілетті болар шақ таяды. Сол бәсекеге қабілетті бола білу басты міндетіміз. Ал сол бәсекеге қабілетті болмау, ұлт тексіздігінің белгісі. Қанын төгіп, жанын қиған бабалар аманатына қиянат жасау өз ұлтыңа деген қастандығың. Біздің қазақ тектілікті тамырынан ұстаған қазақ. Намыс туын биікке көтеретін қазақ. Басшының сөзін жөн тауып жігер беретін қазақ.

2014 жылы қаңтар айының 17-жұлдызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат—Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті»,- деген жолдармен бастаған еді. Әрмен қарай былайша анықтама береді: «Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел». Зерттеушілер мен сарапшылар құрамы «ұлт» ұғымын екі түрлі мағынада қолданып жүр. Бірі – этникалық қауымдастық, екіншісі – мемлекеттің барша халқы мағынасында. Бұл идея екі ұғымға да тән. Қазақ халқының ұлттық мұраты, сонымен қатар осында тұратын түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіріп, бір мақсат, бір мүдде, бір болашаққа жетелейтін идея.

Бұл орайда елең еткізген жаңалық— тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.

Осы тұста мәңгілік елге айналу жолдары қарастырылады. Бірінші кезекте қолымыздағы бейбіт өмірдің аманаты болып табылады. Тәуелсіздіктің оңайшылықпен келмегені барша халыққа аян. Сонау түркілер дәуірінен алып қарастырғанның өзінде мәңгілік ел болуға ұмтылғандығын байқау қиын емес. Қолға жеткен жәдігерлер Мәңгілік елдің мәңгілік өшпес мөрі десем де артық етпейді. Алдағы борышымыз Тәуелсіздікті сақтап, белін бекем буған мемлекет ретінде танылу.

Мәңгілік ел болу идеясы сонау Түркі дәуіріндегі Тоныкөктің идеясы. Түркі дәуірі деп отырғаным 552-603 жылдары өмір сүрген Ұлы Даланың Қожасына айналған Түрік қағанаты. Мәңгілік ел болу идеясы Төныкөктің идеясы туралы Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел— түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...»— екендігін жазған. Демек осыдан он үш ғасыр бұрын қолға алынған идея «Күлтегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...»— деген жолдар бар. Ал Мырзатай Жолдасбеұлының тәжімасында Күлтегінді жұрт мәңгіге ұмытпасын деген сынды ойлар жиі қайталанады. Тасқа жазылған руникалық жазбалардың өзінде «Мәңгілік ел» болу арман болғаны айқын аңғарылады. Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын тілейді. Мәңгілік ел- бәсекеге қабілетті ірі мемлекет болу. Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы полиция(тұрғақ деп аталған) және оған қоса тұрақты әскер (шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші шеңбер белдеуін түрлі тайпалар қорғап тұрды. Үшінші шеңберде он-оқ Түркештер тұрды. Қырғыздар, Кидандар, Татабилер, Таңғыттар, Басмылдар да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы үш шеңбер тұтас империяны қорғап тұрды. Түріктер осы үш шеңберді орнатып болған соң, «Мәңгілік ел» идеясын нық бекемдейді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Тарихтың алға қойып отырған өктем талабы әрбір түрік еліне әртүрлі салада саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық тәсілдермен бірігу проблемасын шешудің бәріне бірдей тең институттық тетіктерін жаппай-тұрмай іздестіруді міндеттейді», — дей отырып, түрік мемлекеттері интеграциясының тиімді жолдарын іздеу қажеттілігін көрсетті. Сонда «Мәңгілік Ел» идеясы күллі түркі әлеміне тән идея екендігін Елбасы да жоққа шығармайды.

Хандық құру барысында да мәңгілік ел болу арман болды. Керей мен Жәнібек хандар арманды ақиқатқа айналдырғандай. Ел бірігіп бір шаңырақтың астына шоғырланды. Қала берді Алаш азаматтары да тәуелсіз дербес мәңгілік ел құруды мақсат етті. Қаншама жан құрбан болды. Әрине ұлтшылдық көрінісі белен алған желтоқсан оқиғасы да мәңгілік ел болудың бірден бір көрінісі болса керек. Ұлттық идея барысында ұлтжандылық ұғымы да қатар жүрері сөзсіз.

Аңыздарға көз жүгіртсек, мифологияға толы халық ауыз әдебиетінде күй атасы Қорқыттың өлімнен қашып мәңгілік өмірді аңсағаны аян. Егер әрбір жеке адам мәңгілік бітпес ғұмырды аңсаңған болса, жеке мемлекет болуды да, мәңгілік бостандықта өмір сүретін бейбіт мемлекетті де армандағаны сөзсіз. Шығатын түйін қарапайым, алтыншы ғасырда ұсынылған идея бүгінгі таңда өз жалғасын тапқан.

Көрнекті еуразияшыл ғалым, тарихшы-этнолог Л.Н.Гумилев «От Руси к России» атты еңбегінде: «Еуразия құрлығы үш рет біріктірілді. Алғашында оны Ұлы Түркі қағанатын құрған көне түріктер біріктірді. Түріктерден кейін Шыңғыс хан бастаған монғолдар, кейіннен Ресей өз қолына алды» — дейді. Л.Н.Гумилев еуразия құрлығының бірлігі, мәңгілігі туралы ойын көне түріктерден бастайды. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қалыптасып жатқан Еуразиялық идеясының негізінде Ресейлік емес, түріктік ынтымақтастыққа қол жеткізіп, көне түріктердің мәңгілік ел идеясының өміршеңдігін дәлелдеуіміз керек.«Тұтас түрік елі» идеясынан «біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі бабаларымыздың атқарған істері едәуір. Елбасы Түрік бірлігі идеясын тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап көтеруде. Ел азаматтары мен Қазақстан саяси элитасының ұлттық идеология қалыптастыру жолындағы ойларын Елбасы сараптады. «Біртұтас Түркістан идеясы», «Түркістан конфедерациясы», «Еуразиялық одақ идеясы», «Қазақстандық ұлт идеясы», «Жерұйық», «Атамекен», «Қазақ Елі идеясы» сынды ұғымдар арқылы мемлекет құрушы қазақ халқы мен тарихи тағдыр тоғыстырған ұлттарға ортақ боларлық идея, мемлекеттік мәнге ие боларлық идеология қарастырылды. Мәңгілік Ел идеясы —қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады.

«Мәңгілік ел» идеологиясы ұлт алдындағы борышымыз, дәлірек айтсам Отанды Отан ету жолындағы халыққа қызмет ету. Осыдан 13 ғасыр бұрын-ақ жоспарланып бүгінге ұлттық идея болып қалыптасты. «Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар.»-деп прфессорлар анықтама береді. Бұл пікірлерде орынды айтылған деп баға берер едім. Расымен де мәңгілік ел уақытпен шектелмейтін тұмар. Өткен күннен сабақ алып, болашаққа сеніммен қарау мәңгілік елдің мәңгілік жастарының парызы. Отансүйгіштік қасиетіміз мәңгілік Қазақстанның қалыптасуына алып баратын қасиет Жалпы, біз ұлттың бірлігі, толеранттылық және еркіндік пен теңдік туралы халқымыздың сан ғасыр бойғы армандарының орындалуына бағытталған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдауымыз керек. Себебі, Қазақстан атты туған еліміз күннен-күнге көркейіп, гүлденіп келеді. Егер биік белестерді бағындырамыз десек, алдымызға ұлы мұраттар мен асыл мақсаттар қоя білгеніміз жөн. Сонда ғана Қазақстан дүниежүзінде беделді, белгілі, айшықты орынға ие болары сөзсіз. Әрине, дамыған алпауыт елдердің қатарына қосылу үшін әлі де қажырлы еңбек ету қажет. Алайда осы жолда бізге ешқандай кедергі келтірілмегенін ескерген жөн. Бүгінде Қазақстан жастары әлемнің қай елінен білім аламын десе де өз еркі. Тек жиған білімі мен талабы болса болғаны. Сол үшін ел болашағы жалынды жастардың қолында екенін естен шығармаған жөн. Ал жас ұрпақ өз кезегінде сапалы білімнен нәр алып, алға қойған мақсатына жету жолында аянбай тер төгуі қажет.

Әлсіз бөлтіріктен азулы бөрі болу қатал табиғатта тектілік пен айбынды күшті қажет. Текті халықтың туы қолында ендігі мақсат мәңгі сөнбес жарықты жағу, мызғымас бейбітшілігімізді бекем ұстап жаһандық бәсекеге қабілетті болу. Жаңғырулар мен жаңаруларды оңынан қабылдау. Білім шаһарына зерделі, әлемдік бәсекеге қабілетті Мемлекет «Мәңгілік ел» болуға дайын мемлекет.

Мәңгі лаулап жану үшін, үлкен бақыт табу үшін, үлкен болып қалу үшін, үлкен арман болу керек!

Пайдаланған әдебиеттер


1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999

1. Н.Назарбаев «Мәңгілік ел мерейім» Егемен Қазақстан газеті №43 2015 жыл

2. Н.Назарбаев «Ой бөлістім халқыммен» Ақ жол газеті №4 2015 жыл

3.Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар. — Алматы, «Алматыкітап» баспасы, 2005. — 368 бет.

4. Ханкелді Әбжанов, Зардыхан Қинаятұлы, Дихан Қамзабекұлы, Гүлшат Нұрымбетова, Абдулкадыр Ювалы.Түркі әлемінің көшбасшылары: өткені мен бүгіні. I кітап. Ұжымдық монография. — Астана, «Сарыарқа» баспасы, 2011. — 456 бет.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!