Халық күйі "Кеңес" 3-класс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Халық күйі "Кеңес" 3-класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының музыкалық білімін жетілдіре отырып, аспапта ойнау шеберлігін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ырғыз балалар өнер мектебі








Ашық сабақ



Халық күйі

« К Е Ң Е С »





Мұғалім: Дәуселбаева Айгүл

Оқушы: Тарғын Дария









2015-2016 оқу жылы

Домбыра класы

Мұғалім: Дәуселбаева Айгүл

Оқушы: Тарғын Дария

Сабақтың тақырыбы: Халық күйі «Кеңес»

Сабақтың мақсаты:

білімділігі: Оқушының музыкалық білімін жетілдіре отырып, аспапта

ойнау шеберлігін арттыру.

дамытушылығы: Оқушының есте сақтау қабілетін, ойлау дағдысын

дамыту.

тәрбиелілігі: музыканы түсінуге баулу, ұлттық өнерді қастерлеуге

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Күй туралы қанатты сөздер, «Сары өзен» тақырыбында сөзжұмбақ, «Ойлан тап» атты музыкалық есептер, гүлдер, шарлар т.б.

Күй ойнайды қазағымның қанында,

Күй ойнайды қазағымның жанында.

Жүрегінің, жүрегінің дүрсілі,

Күмбірлеген домбырасы барында!

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

а) Оқушымен амандасу, сабаққа қажетті құралдарды әзірлеу.

б) аспаптың құлақ күйін келтіріп, оқушыны орындыққа дұрыс отырғызу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Қол жаттықтыру үшін «До мажор» гаммасын әр түрлі ұзақтықта ойнатамын.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Халық күйі «Сары өзен» жатқа ойнау. Оқушымен қосылып ойнау.

Өткен тапсырмаларды қайталау. Орыс халық әні «Тау етегі бүлдірген»

Моцарт «Аллегретто»Күйсандық аспабының сүйемелдеуімиен ойнау.

ІІІ. «Сары өзен» тақырыбында сөзжұмбақ шешу.

С

А

Ы

Р

Ө

Н

Е

З

О

Л

Ь

П

У

З

А

И

Р

Е

П

А

З

Т

Р

А

Л

Ж

Қ

Ы

М

Е

Ш

ЛЗ

Д

И

Е

К

Т

И

А

Т

О














Cөзжұмбақ сұрақтары

1.Бесінші нота?

2.Музыкадағы уақытша тыныс алу белгісі?

3.Қайталау белгісі?

4.Ұзақтығы 2-ге тең нота?

5.Шығармадағы үлес санын санмен жазу не деп аталады?

6.Дыбысты жарты тонға жоғарылататын белгі?

7.Д омбыраның бір бөлшегі?

8.Музыкалық дыбыстардың атауы?


ІҮ. Жаңа сабақ халық күйі «Кеңес»

Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі – өзінің ұлттық музыкасының болуы. Адамзат тарихының даму барысында әлемдік өркениеттен қазақ халқына мұра болып келе жатқан өнеріміз – күй өнері. Күй өнері – шексіз өнер. Күйдің өз тыңдаушысы, оны жанымен ұғып бағалайтын өнер сүйер қауымы баршылық. Және олардың көкжиегі кеңейе түсуде. Қазақ күйлері қазір өз Отанымыз Қазақ елі шеңберінен шығып, Еуропа мен Американың, шырайлы шығыс елдерінің салтанатты сахналарында да естілуде. Қазақ халқы өзінің мыңдаған жылдар бойы тарыхында жасалған баға жетпес мұралық музыкалық мәдениеті мен дәстүрлерін күні бүгінге дейін жалғастырып келеді. Тарихтың ұзақ көшінде қазақ халқы ғана тудыра алатын аса ерекше асқақ есімде дамыған өнердің бірі де бірегейі бұл – күй өнері. Күй өнері – біздің баға жетпес байлығымыз. Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең сырлысы - күй. Күй - негізінен домбыра аспабында орындалатын музыкалық шығарма.

Халық күйлері деп қандай күйлерді атаған?

Халықтың тұрмыс-салт көріністерін, жолын, өмірдегі болмысын суреттеп баяндайтын күй. Күйді шығарған авторларының аты-жөні ұмытылған соң, біздің заманымызға халық күйлері деген атпен мұра болып келеді.

Шығарманы оқушымен бірлесе отырып, нота бойынша талдап, тактымен жұмыс жасаймын.

( Шығарма 2/4 өлшемінде, До мажор тоналисінде жазылған. Шығармада сегіздік нота, он алтылық нота, лига кездеседі.

Оқушыға «Кеңес» күйін шертер аспабымен қосылып ойнап көрсетемін.

Ү. «Ойлан тап» тақырыбында музыкалық есептер шығару.

ҮІ. «Гүлдер – музыка әлемінде...» сұрақтарға жауап беру.

Оқушы гүлдің жапырағына жазылған сұрақтарға жауап береді.

1.Музыкада неше дыбыс бар?

2.Альтерация белгілері дегеніміз не?

3.Паузаның неше түрі бар?

4.Бірінші октаваның си дыбысы қай сызықта жазылады?

5.Екпін дегеніміз не, екпіндер нешеге бөлінеді?

6.Өлшемдер нешеге бөлінеді?

7.Екінші октаваның ми нотасы қай жерде орналасады?

8.Бемоль дегеніміз не?

9.Диез бен бемольдің күшін жоятын белгі не деп аталады?

10.Алтыншы нота?


ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Күй – біздің баға жетпес байлығымыз. Күй – сезім. Сөзбен жеткізе алмағанды күй жеткізе алады. Күй өнері атадан – балаға мұра болып келе жатқан ұлттық өнеріміз. Ендеше, күй өнерін насихаттап, келешек ұрпаққа жеткізу - біздің парызымыз екенін ұмытпайық.


Күй дегенің әсем әуен ән маған,

Күмбірімен сәнге толсын айналаң.

Жасай берсін, жасай берсін, мәңгілік,

Қазағымның күй өнері жайнаған,- деген өлең жолдарымен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.


ҮІІІ. Оқушыны бағалау.

Оқушыны үй тапсырмасын орындауына, сабаққа қатысымына қарай бағалаймын.


ІХ.Үйге тапсырма.

Халық күйі «Кеңес» Өтілген жерге дейін нота бойынша ойнап келу.

Өткен тапсырмаларды үнемі қайталап отыру.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2019
1740
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі