Халықаралық Астана әуежайы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Халықаралық Астана әуежайы

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сыныптың қазақ тілі пәніне арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Халықаралық Астана әуежайы

Мұғалімнің аты-жөні:Тасимова Мираш

Күні: 10.11.18

СЫНЫП: 6


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі);

6.4.3.1 неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар орындай алады:Эссе тақырыбы мен даму желісін біледі;неологизм,термин сөздер туралы біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырыптан ауытқымай абзац түрлерін жүйелеп жаза алады;неологизм сөздер мен термин сөздерді қолданады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Тақырыпқа байланысты көтерілген мәселеге келісу,келіспеу себептерін айқындап жазады;неологизм сөздер мен термин сөздерді түсініп,ажыратып қолданады.

Тілдік мақсаттар

Неологизм,термин,халықаралық,әуежай,ұшақ

Бағалау критерийі

-келісу не келіспеу эссесін жазады;

-неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қажеттісін

қолданады;

- дәлелді пікірлерді ажыратады;

- мәтіннен мысалдар келтіреді.

Құндылыққа баулу

Туған жерін, елін қорғауға баулу, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

География

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Астана-болашақтың қаласы

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру үшін

Астана Халықаралық әуежайын 2 мин. көрсетемін. Оқушылар өздері көрген әуежайдың әсемдігін талқылайды.

http://go.mail.ru/redir?via_page=1&type=sr&redir=eJzLKCkpKLbS1y8vL9erzC8tKU1K1UvOz9UvTyxJzrAvs_XzD0jz9Ym0dAwpZmAwNDUxNLcwMTc0YPheyHS3_snz8gnBS_YezhTkAACmPRou

Сабақтың ортасы







Мәтінді оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз.

Нұрсұлтан Назарбаев Атындағы Халықаралық Астана Әуежайы Қазақстандағы халықаралық әуежай. Ол Астана орталығынан 14 км қашықта орналасқан Әуежай өз тарихын 1931 жылдан бері бастайды. Сол жылы бірінші әуе алаңы құрылып, 1948 жылдан бастап ауыр ұшақтарды қабылдай алатын болды. 1956 жылдан бастап әуежай тәулік бойы жұмыс істей бастады. Астана қаласының бас жоспары бойынша 2030-жылға дейін күніне 1200 адам жылына 7 миллион жолаушыға қызмет көрсететін жалпы аумағы 1000 шаршы метр тағы бір халықаралық әуежай салынады. Әуежай шамамен қаладан 35 шақырым қашықтықта орналасады. Оның құрылысы Көкшетау тас жолы бойындағы Шортанды не Қарағанды тас жолында орналасқан Аршалы аймағында бой көтереді. Қазіргі әуежай ішкі бағыттармен жұмыс істеуге көшетін болса, жаңа әуежай халықаралық бағыттарға қызмет көрсететін болады.

Астана Халықаралық әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. ҚР Үкіметінің бұл туралы қаулысы "Казахстанская правда" газетінде жарияланды.

Тыңдалым тапсырмасынан,бейнебаяннан кейін «Сөздер банкасы» әдісімен Екі банканың біріне неологиз,біріне термин сөздерді теріп жазады.

Сергіту сәті «Сезімтал жан» тренингі

«Әуежай» атты тақырыпта неологизм мен термин сөздерді қатыстырып шағын эссе жазу.


Сабақтың соңы


Рефлексия:

«Бес жолды өлең» стратегиясы арқылы сабақты қорытып, қағаз бетіне түсіреді.
1. Зат есім

2. Сын есім
3. Етістік
4. Сөйлем
5. Синоним





Қосымша ақпарат

Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма лар бересіз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қабілетті оқушылармен жұмыс: «Төрт сөйлем» әдісі арқылы тапсырма орындау

1.Пікір

2. Дәлел

3. Мысал

4. Қорытынды

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс: Кез келген тапсырмада тиімді кері байланыс ұсыну

Қалыптастырушы бағалау

«Қол сигналдары» арқылы бағалау


Сергіту:

«Сезімтал жан » тренинг жұмысын ұйымдастыру


Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?




Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға байланысты?)

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
2579
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі