Материалдар / Халықаралық валюта-несие жүйесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Халықаралық валюта-несие жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
XX ғасырдың орта шеніне бастап халықаралық экономикалық, қаржы – қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта рыноктарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі

«Гуманитарлық пәндер» бөлімшесі

Ф-ӘК-001-09


КЕЛІСІЛДІ

Әдіскер _______Ә.Керімқұл

«____»__________ 2021 ж.

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары

__________ А.Есенқұлова

«____»__________ 2021 ж.



«Елімнің еркіндігі-тәуелсіздігі»

атты айлық іс-шарасы




Халықаралық валюта-несие жүйесі



«Гуманитарлық» пәндік (циклдік)

комиссиясының кеңес мәжілісінде

бекітілген № ____хаттама «___»___2021 ж.

Пәндік (циклдік) бірлестігінің төрайымы:

_________ И.Фазилова

Бөлімше меңгерушісі:

_________ Д.Еркебалаев

«___» ___2021 ж.



Тобы: ДТС-1121-1

Аудитория: 309

Күні: 23.11.2021 ж.

Уақыты: 12:00

Оқытушы: Ж.Нишанбекова




Түркістан

Экономика негіздері пәнінен

«Халықаралық валюта-несие жүйесі » тақырыбынан ашық сабақ


Жоспар

І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау (20 мин)

Тақырыбы: Мемлекеттік бюджет. Фискалдық саясат.

Жоспар:

1.Бюджет-салық саясаты және оның негізгі мақсаттары

2.Дискрециялық бюджет-салық саясатының құралдары

3.Үдемелі салық салу және автоматты тұрақтандырғыштар

2.1. 2.1. «Орнына қой ойыны»

1. Тест тапсырмасы

ІІІ. Жаңа сабақ: (30 мин) Халықаралық валюта-несие жүйесі

Жоспар:

1. Халықаралық валюта жүйесі

2. Несие , несиелік жүйе

3.Валюта бағамдарының халықаралық жүйелері


IV. Бекіту (25 мин)

4.1. «Сәйкесін тап» ойыны(тәжірибелік тапсырмалар әдісі арқылы оқушылардан жаңа тақырыпты меңгергендерін тексеру )

4.2. Бейнесабақ

4.3 «Кім зерек» ойыны.

V. Үйге тапсырма (3 мин)


VI. Бағалау (8 мин)


VII. Пайданылған әдебиеттер (2 мин)











Сабақтың тақырыбы: Халықаралық валюта-несие жүйесі

Уақыты 90

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Ұлтық валюта жүйесінің негізгі элементтерін, ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды үйрету;

2.Дамытушылық:Халықаралық валюта жүйесінің халықаралық экономикалық қатынастарды кеңейтуге немесе керісінше шектеуге әсер ететін ең маңыздыэлементтерін талдап тәжірибелік дағдыларын меңгерту;

3.Тәрбиелік: Оқушыларға несие жүйесінің негізгі элементтерін несие көмегімен фирма, аймақ және сала арасында ақша құралын қайта бөлу кезінде сауатты жұмыс істеуге баулу;

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай презентация, интерактивті тақта, электронды оқулық және қосымша материалдар.


Сабақтың түрі: Теориялық сабақ


Сабақтың әдісі-тәсілдері: Инновациялық технология және интерактивті оқыту технологияларын қолдану. Құрастыр, сосын жауап бер әдістері.


Пәнаралық байланыс: Экономика негіздері, қаржы, салық және т.б.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут):

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, журналға белгі соғу

ә) құрал-жабдықтарды тексеру;

б) сабақта ынтымақтастық атмосферасын орнату (оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.(20 мин):

Тақырыбы: Мемлекеттік бюджет. Фискалдық саясат.

2.1. «Орнына қой ойыны»

1.Экономикалық жүйенің негізгі өзіндік белгілері оның құрылымдық бөліктері тұтастық бірлігіне ие .................. құрайды. (шаруашылық жүйесін)

2. ......................бұл қысқа мерзімді кезеңде экономикадағы циклдік құлдырауды жою мақсатында мемлекеттік шығындарды арттыру, салық салуды төмендету іс-қимылдар ерекшелігі. (Ынталандырушы бюджет салық саясаты)

3. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда ................ өзінің икемділігімен ерекшеленеді. (нарықтық экономика)

4. Бюджет-салық саясатының мән-мағынасын жете түсіну үшін мемлекеттік ............ туралы қарастыруымыз қажет. (бюджет)

5. Әлеуметтік аралас нарықтық экономика териториясының негізін қалаушы герман экономисі, Фрайбург университетінің профессоры .................. болып табылады. (Ойкен Вальтер (1891 – 1950 жж.)

6. Экономика туралы алғашқы түсініктерді біз қай...........................................................ойшылдардың еңбектерінен табамыз. (Ксенофонттың, Платонның, Аристотельдің)

2.2. Тест тапсырмасы

IІІ. Жаңа сабақ:

Жоспар:

1.Халықаралық валюта жүйесінің мәні

2.Халықаралық валюта жүйесі және оның негізгі элементтері

3. Несие , несиелік жүйе

1.XX ғасырдың орта шеніне бастап халықаралық экономикалық, қаржы – қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта рыноктарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.

1.Валюта  ( италиян сөзi , сөзбе — сөз – құн ) – елдiң  ақша бiрлiгi , оның  шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының  каналдары  арқылы  ұлттық  ақшаларды  қолданудың  ерекше  формасы. Валюталық қатынастар дегеніміз-дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысыумен байланысты жүзеге асатын экономикалық, қатынастардың жиынтығы. Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асады.

Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз-мемлекеттік зағдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны формасы болып табылады.

Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

1.Ұлттық валюта бірлігі;

2. Ресми алтын – валюта қорының құрылымы;

3. Ұлттық валютаның курсын қалыптастыратын мехеанизмі;

4.Валютаның айырбасталу мүмкіндігі;

5. Валюталық шектеулердің деңгейі;

6.Мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртібі және т.б.
Халықаралық валюта жүйесі – дүниежүзілік шаруашылық аясындағы валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.

Халықаралық валюта жүйесінің негізгі элементіне мыналар жатады:

  • Ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;

  • Халықаралық өтімді активтердің құрамы мен құрылымы;

  • Валюталық паритеттер мен бағамдардың механизмі;

  • Валюталардың дара айырбастау жағдайлары;

  • Халықаралық есептеулердің нысандары;

  • Халықаралық валюта нарықтары мен дүниежүзілік алтын нарығындағы орныққан тәртіп.

Халықаралық валюта жүйесінің негізгі міндеттеріне тұрақты экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас пен төлем айналымын тепе-теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі халықаралық есептеулер мен валюта нарықтарын реттеу жатады. Халықаралық валюта жүйесі – халықаралық экономикалық қатынастарды кеңейтуге немесе керісінше шектеуге әсер ететін ең маңызды механизмдердің бірі.

Халықаралық валюта қатынастары жүйесіндегі Қазақстанның орны Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсенді түрде қатысуын талап етеді.

Халықаралық Валюта жүйесі-динамикалық, дамушы жүйе. Бұл жүйе Батыс елдері экономикасындағы, дүние жүзілік шаруашылықтағы өзгерістер мен қажеттіліктерге сәйкес бірте-бірте өрістеді.

2. Несие – бұл экономикалық субъектілер арасындағы келісім-шарт, яғни белгілі бір мерзімге процент төлеу және қайтару шартымен несиеге берілетін ақша құралының қозғалысы. Ол негізгі екі функцияны атқарады.

1. Несие көмегімен фирма, аймақ және сала арасында ақша құралын қайта бөлу жүреді. Бұл функцияның іске асуы уақытша бос ақша құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

2. Несие айналымдағы нақты ақшаны несиелік ақшамен және несиелік операциямен ауыстыруға мүмкіндік береді, бұл айналым шығындарын қысқартады.

Shape1


а) беру тәсілі бойынша:

- тұтыну тауарлары;

- шикізаттар;

- ресурстар;

-ақшакапиталы;

  • акция, облигация;

  • вексельдер.

б) беру мерзіміне байланысты:

  • қысқа мерзімді (1жылға дейін);

  • орта мерзімді (1-5 жылға дейін);

  • ұзақ мерзімді (5-10 жылға дейін);

  • арнайы ұзақ мерзімді (20-40 жылға дейін).

в) несиелік кеңістік сипаты бойынша:

  • халықаралық;

  • мемлекеттік;

  • банктік;

  • тұтынушылық;

  • ипотекалық;

  • коммерциялық.

Несиелік жүйе- валюта-қаржылық мекемелердің кешені, бұл кешен айналымдағы ақша санын өзгерту жолымен экономиканы реттейді. Оның алғашқы деңгейі - Орталық банк, ал коммерциялық банктермен ұсынылатын екінші деңгейі тікелей клиенттермен жұмыс істейді. Коммерциялық банктер несие институттары секілді ақша массасын реттеуде басты роль атқарады. Арнайы несие – қаржылық институттармен ұсынылған несие жүйесінің үшінші деңгейі: зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және ипотекалық банктер, қарыз және қор жинау ассоциациялары және т.б. Олар өздеріне көптеген ақша ресурстарын шоғырландырады, сондықтан ақша саясатына үлкен ықпал жасайды.


IV.Бекіту: Жаңа тақырыпты сұрақтар және тірек сызба беру арқылы бекіту

IV. Бекіту (30 мин)

4.1. «Сәйкесін тап» ойыны

Шарты: Сол бағандағы терминдердің анықтамасын оң жақ бағаннан табуы керек. Оқушылардан жаңа тақырыптықаншалықты деңгейде меңгергендігін тексеру



Арнайы несие

Бұл экономикалық субъектілер арасындағы келісім-шарт, яғни белгілі бір мерзімге процент төлеу және қайтару шартымен несиеге берілетін ақша құралының қозғалысы.



Халықаралық Валюта жүйесі

Валюта-қаржылық мекемелердің кешені, бұл кешен айналымдағы ақша санын өзгерту жолымен экономиканы реттейді. Оның алғашқы деңгейі - Орталық банк, ал коммерциялық банктермен ұсынылатын екінші деңгейі тікелей клиенттермен жұмыс істейді.

Несиелік жүйе

Динамикалық, дамушы жүйе. Бұл жүйе Батыс елдері экономикасындағы, дүние жүзілік шаруашылықтағы өзгерістер мен қажеттіліктерге сәйкес бірте-бірте өрістеді.

Несие

Қаржылық институттармен ұсынылған несие жүйесінің үшінші деңгейі: зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және ипотекалық банктер, қарыз және қор жинау


4.2. Бейнесабақ

4.3 «Кім зерек» ойыны.

Материалды жүктеу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!