Материалдар

Сайт бөлімдері
×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Халықтың жастық жыныстық құрамы

Автор:Жексембинова Гульназ Биржановна
Бағыты: География
Бөлімі: Сабақ жоспары
Сыныбы: 10 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-07-18

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

сабақ жоспары география пән мұғалімдеріне арналған

Халықтың жастық-жыныстық құрамы. Еңбек ресурстары
10сынып
Сабақтың тақырыбы: Халықтың жастық-жыныстық құрамы. Еңбек ресурстары.Сабақтың мақсаты:
Халықтың жастық-жыныстық құрамының ерекшеліктерін, жастық құрамының үш типін білу.
Халықтың жастық, жыныстық құрамына әсер ететін себептерді түсіну.
Еңбек ресурстары жайлы статистикалық мәліметтерді, жастық-жыныстық пирамиданы талдай алу.
Күтілетін нәтиже:
Барлық оқушылар:
Халықтың жастық-жыныстық құрамының ерекшеліктерін, жастық құрамының үш типін атайды.
Көпшілік оқушылар:
Халықтың жастық, жыныстық құрамына әсер ететін себептерді талқылайды
Кейбір оқушылар:
Еңбек ресурстары жайлы статистикалық мәліметтерді, жастық-жыныстық пирамиданы саралайды.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топпен, жұппен, жеке жұмыс, кластер құру.
Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі: Cыни тұрғыдан ойлау, диалог арқылы оқыту, көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: дүниежүзінің саяси картасы, слайдтар, статистикалық мәліметттер
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың барысыІ.Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосферасын құру шаттық шеңбер – оқушылар бір біріне доп арқылы жақсы тілектер тілейді.
Оқушыларды 3 топқа бөлу: кесінді бөліктерден сөз құрастыру. Бағалау парағы таратылады
Демо-графи-ялық саясат
Халық-тың ұдайы өсуі
Меха-ника-лық өсу
Әр топ осы сөздерге түсініктеме береді.
Оқушылар топ ішінде топ мүшелерінің қызметтерін өзарабөледі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ең алғашқы адамдар қашан, қай жерде пайда болды?
2. Халық санағы не үшін жүргізілді? Қазақстанда халық санағы соңғы рет қашан жүргізілді?
3.Адамның өмір жасының орташа ұзақтығы дегенді қалай түсінесің? Өмір ұзақтығы қандай себептерге байланысты?
4. Халықтың ұдайы өсуінің типтері
5. Қазақстанда демографиялық саясатты қай бағытта жүргізген тиімді?
6. Қазіргі кезде дүниежүзінде қанша адам өмір сүреді, не себептен халық саны артып немесе кеміп отырады?
ІІІ.Жаңа тақырып:
Әр топқа кластер құру тапсырмасы беріледі:
1тапсырма
1топ:
Халықтың жастық құрамы дегеніміз не? Не себепті әр елдерде халықтың жастық құрамы әр түрлі болып келеді?
2топ:
Халықтың жыныстық құрамы дегеніміз не? Қай елдерде ерлер салмағы көп, не себепті деп ойлайсыңдар? Жастық-жыныстық пирамида нені көрсетеді?
3топ:
Еңбек ресурстары, экономикалық белсенді халық дегеніміз не? Неше жастан адам еңбекке жарамды болып табылады?
2тапсырма:
2018 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасын 58-ден 63-ке жеткізу көзделіп отыр. Әйелдер 2027 жылдан бастап, зейнетке 63 жастан шығады. Осы туралы өз пікірлерінді ортаға салыңдар, дұрыс па осы шешім?
3тапсырма:
Халықтың құрамында қай жастық топ көп болғаны тиімді болады деп ойлайсыңдар, неге?
Әр топтан бір оқушы келесі топқа барып, осы сұрақ бойынша өз тобының ойын айтады.
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту:
Ітапсырма: тесттер (әр оқушы өзі орыңдайды)
1. Халықтың жастық құрылымында қарт адамдардың үлесі жоғары, ал балалардың үлесі төмен болып келетін елдер:
А) дамыған В) дамушы2. Ерлердің үлесі басым елдер
А) Ресей мен Иран В)Германия мен Франция
С) Қытай мен Сауд Аравиясы D)Ешбір елде
3. Қай елдерде қарттардың үлесі жоғары?
А) Жапония В)Кения
С) Тунис D)Монғолия4. Экономиканың нақты салаларында жұмыс жасайтын немесе жұмыс іздеп жүрген еңбекке қабілетті адамдар:
А) Еңбек ресурстары В)Экономикалық белсенді халық
5.Халықтың жастық құрамында егде адамдардың үлесі жоғары, ол жастық құрамының қай типіне жатады?
А) Алға басушы В) Кері кетуші С) Тұрақты ІІ тапсырма: Иә,жоқ
1.Дүниежүзінде әйелдер басым
2.Егер барлық халықтың ішінде қарт адамдардың үлесі 5 % асатын болса елдің халқы қарт деп есептеледі
3.Балалардың үлесі Еуропа елдерінде басым
4.Дамушы елдерде халықтың басым бөлігі өнеркәсіпте жұмыс істейді
5.Тұрақты типте балалар үлесі көп болып келеді
Слайдта берілген дұрыс жауаптар арқылы өз жұмыстарын тексеріп, ұпайдарын қояды.
V. Бағалау-әр топ өз жұмысын критерий бойынша бағалайды
VІ. Рефлексия:
VІІ.Үйге тапсырма 23, 156-157 бет.тапсырмалар
Бағалау парағы:
Оқушының
аты-жөні
үй тапсырмасы
(берілген жауабы-1ұпай)
жаңа тақырып
Тесттер
(әр дұрыс жауап-1ұпай)
иә,жоқ
(әр дұрыс жауап-1ұпай)
барлығы



1тап
сырма
2тап
сырма
3тап
сырма




1.









2.









3.









4.









5.








Топ жұмысына белсенді қатысты -5ұпай
Өз идеяларын ұсынды - 5ұпай
Басқаларға қолдау жасады – 5ұпай
Басқаларды тыңдай білді -5ұпай



50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.