Материалдар / «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет».
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет».

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты :Аллаға шүкір, ата - бабаларымыз сан ғасырлардан бері аңсаған тәуелсіздігіміздің ақ таңы атып, Қазақстан әлемде өзіндік сара жолы бар мемлекетке айналды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2018
1745
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СҚО Шал ақын ауданыҒ.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебініңбастауыш сынып мұғаліміКуспекова Дильфуза Урисбаевна







Эссе

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет». Ш. Уәлиханов Аллаға шүкір, ата - бабаларымыз сан ғасырлардан бері аңсаған тәуелсіздігіміздің ақ таңы атып, Қазақстан әлемде өзіндік сара жолы бар мемлекетке айналды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білімді ұрпақ тәрбиелеу, мемлекетімізді биік шыңдардан көрсету, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында ұлы қадам бастады. Болашақ ұрпақ білімді болсын десек, сол ұрпаққа өмірде адаспай өз орындарын табуға бағыттайтын ұлағатты ұстаздардың біліктілігін арттырудан бастағанымыз өте орынды деп білемін. Осы бағытта жүзеге асырылған игі шаралардың бірі – еліміздің білім сапасын әлемдік деңгейге жеткізетін мұғалімдер қауымын қайта даярлау курстарының қарқынды жұмысы көңілге қонымды. Курсқа келгенге дейін үздік мұғалім болу үшін ең бастысы – оның білімі деп білдім. Берген біліміңді оқушылардан талап ете білсең, балалар да білімді болады деп санадым. Алайда осы курсқа келгелі, жаттанды, дәстүрлі білім балалардың шығармашылық қабілетін, сыни ойлау тұрғысын тежейтінін, алған білімдерін көп жағдайда, өмір белестерінде қолдана алмайтынын түсіндім. Қазір жеткен жетістігім десем болар, әлде түйгенім, түсінгенім - балаларды қызықтырып, берілетін тақырыбыңды сан түрлі әдіс - тәсілдермен түсіндіру оқушыларыңның білім сапасын ғана емес, сонымен қатар олардың өзіндік терең ұстанымдарын дамытуда үлкен рөл атқаратынын ұғындым.Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!